Математиканы оқытудың арнаулы әдістемесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. 1 Математиканы оқыту және ұлттық дүниетаным . . . 7
1. 2 Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері . . . 12
1. 3 Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың маңызы . . . 28
1. 4 Математиканы оқытудағы ғылыми таным әдістері . . . 30
1. 5 Математиканы оқыту процесіндегі пәнаралық байланыс . . . 42
ІІ. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 50
2. 1 Математикалық білімді ұйымдастыру . . . 54
2. 2 Математиканы тереңдете оқыту мәселелері . . . 65
2. 3 Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдірудегі есептің маңызы . . . 72
2. 4 Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану . . . 84
2. 5 Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық . . .
қабілетін қалыптастыру . . . 89
2. 6 Мұғалімнің әдістемелік білігі . . . 92
ҚОРЫТЫНДЫ… . . . 95
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 98
КІРІСПЕ
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын, мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал- тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.
«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында» былай делінген:
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз. Барлық деңгейдегі технологиялық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт»- деп «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты президент жолдауында атап көрсетілгендей бүгінгі күн мектептегі білім бері бағытында жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педогогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беріу қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше. Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекесестікке қабілетті болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми - педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы математика пәнің оқытуда жатыр.
Математика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.
Математиканы оқушыларға қалай түсіндіру керектігін, оның әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды дұрыс меңгеруін қадағалайтын осы- математиканы оқыту әдістемесі пәні.
Математиканы оқыту әдстемесі соңғы жылдары қарқынды дамып, мазмұны жағынан да, кемелденіп, әр алуан методикалық әдебиеттер совет-шетел методистерінің, әсіресе Ф. В. Шаталовтың, П. М. Эрдниевтің және т. б. озат тәжірибелерімен қорлана түсті.
Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұның, әдіс-тәсілдерін, методикалық
зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын, оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану методикасын, оқушыларды оқу ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педогогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде -ақ игеруі тиіс.
Бүгінгі студент ертеңгі мұғалімнің педогогикалық білімі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыруда «Математиканы оқыту әдістемесі» ерекше орын алады. Бұл пәннің басты міндеттерінің бірі - оларды ағартушылық қызметке тағайындау және педогогикалық іскерлігін шыңдау.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей математиканы оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерге арналған, яғни жоғарғы оқу орындарында оқытылады. Бұл дегеніміз математиканы оқыту әдістемесінің алдында тұрған басты мақсат елімізге саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеп беретін мұғалімдерді дайындау. Сонда біз математиканы оқыту әдістемесі пәнің оқи отырып, болашаққа қажетті мәліметтер ала аламыз. Олар :
Математиканы оқыту әдістері:
- Математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері;
- Эвристикалық әдіс;
- Оқытудың дәстүрлі әдістері;
- Бағдарламалық оқыту әдістері;
- Практикалық және зертханалық жұмыстар;
- Проблемалап оқыту;
- Оқушылардың өздік жұмыстары.
Математиканы оқыту әдстемесінің ғылыми таным әдістері:
- Бақылау және эксперимент;
- Салыстыру;
- Анализ және синтез;
- Жалпылау және нақтылау;
- Аналогия және модельдеу;
- Индукция және дедукция;
- Абстракциялау.
Елбасы Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінін терең білгірі болу емес, тарихи танымдык, педагогикалық-психологиялық сауаттылық саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет- бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.
Математика сабағында жаңа педогогикалық технологияларды қолдану:
- Проблемалық оқыту әдісі;
- Шадриковтың жеке оқыту әдісі;
- Шадриковтың тірек - сызба, нұсқа және өзара байланыстыру әдісі.
а) сыныпқа тақтаға сызылған сызба нұсқа арқылы сабақ
түсіндіру;
б) сурет немесе плакат арқылы түсіндіру;
4. Қараевтың деңгейлік әдісі :
а) Оқушының деңгейі;
б) Алгоритмдік деңгей;
в) Эвристикалық деңгей;
г) Шығармашылық деңгей.
5. Дьяченконың жұптап оқыту әдісі. Баланы бір-біріне
үйрету, бірінің білім деңгейін біріне бағалату.
6. Саралап оқыту - жаңа педагогика технологияның өзін-өзі ақтаған
жаңа әдістерінің бірі .
7. Жаңа педагогика технологияның XX ғ 60ж пайда болған
модельдік блокпен оқыту.
8. Дифференциялды оқыту түрі. Материялды блок түрінде
жеткізу.
9. Ойын элементтері. Сабақ үстінде оқушының өзін еркін
ұстауы, ойын еркін жеткізу, өз бетімен жұмыс істеу.
Математиканы оқыту әдістемесі мына сұрақтарға жауап беретіні белгілі:
- Оқыту мақсаты - не үшін оқытамыз?
- Оқыту объектісі - кімді оқытамыз?
- Оқыту мазмұны - нені оқытамыз?
- Оқыту әдістері - қалай оқытамыз?
Осы сұрақтарға дұрыс жауап бере келе біз болашақта елімізге еңбек сіңірер білімді де саналы ұрпақ аларымыз анық.
Тақырыптың өзектілігі:
Математиканы оқыту әдістемесін толық қарастыру арқылы математиканы оқытудың өзекті мәселелерін, тереңдете оқыту мәселелерін, оқыту әдістерін, жаңа технологияны меңгеру әдістерін нақты ашып көрсету.
Практикалық маңыздылығы: Оқушыларға математиканы оқыта отырып, оларға математиканы оқыту әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны меңгеру жолдарын, сабақта көрнекі құрал жабдықтарды қолдану тәсілдерін меңгерту.
Қазіргі ахуалы: Қазіргі таңда Жоғарғы оқу орындарында, мектептерде осы математиканы оқыту әдістемесін оқыту басты мәселелердің бірі болып отыр, өйткені тек осы пәнді оқи отырып қана біз болашақта жақсы ұстаз ала аламыз. Бұл пәннің негізі міндеттерінің бірі оқушыларға математиканы оқыту әдсітерін, жаңа технологияны меңгеру жолдарын, көрнекіліктерді қолдану тиәсілдерін үйрету болып табылады. Осы пәнді дұрыстап оқыта отырып қана біз білімді де саналы ұрпақ ала аламыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселерімен таныстыру (Математиканы оқытудың әдістері, ғылыми таным әдістері, математиканың оқыту әдістемесінің маңызы, міндеттері және мақсаты, пәнаралық байланыс) .
- Математиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерімен таныстыру (Жаңа технологиялардың қолдану мүмкіндігі, тереңдетіп оқыту мәселелері, математиканы оқытуда есептің рөлі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту) .
Дипломдық жұмыстың міндеті:
- Әлемдік білім теңсіздігіне шығуда техникалық бағыттағы ғылым салаларын дамыту, әсіресе математиканың оқыту сапасын көтеру кезек күттірмейтін міндет болып табылады;
- Математиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін
қалыптастырып, ізденпаздыққа баулу.
- Математиканы оқытуда оқушыларды жан-жақты дамыту тұрғысынан
қалыптастыру.
- Математиканы оқыту әдістерін айқындау.
- Математика сабағында жаңа технологияларды меңгеру жолдарын
көрсету .
- Оқушылардың инновациялық технологияларды қолдануы;
- Сабақ уақытын тиімді пайдалану;
- Мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.
Зерттеу обьектісі: Математиканы оқыту әдістемесінің шығу тарихы, өзекті мәселелері, тереңдете оқыту мәселелері, қолданатын әдістер.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, І-бөлім: Математиканы оқытудың маңызы мен міндеттері, ІІ-Бөлім: Математиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер.
Практикалық базасы: Қалалық кітапхана мен АрқМПИ кітапханасының тақырыпқа қатысты кітапшалары, оқулықтары, баспасөз материалдары мен мақалалар жинағы.
І. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
- МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
Қазіргі кездегі қоғамның даму сатысы ғылыми-техникалық прогресс дәуірі деп сипатталады. Бұл дәуірде өндіргіш күштерді дамытуда сапалы өзгерістер болып, ғылым өндірістің жетекші күшіне айналады, ғылыми прогрестің ішкі күштері ұлғайып, ғылыми жаңалықтардың өндірісте қолданылуы жеделдетіледі. Мұндай күрделі және қарқынды прогрестерде күннен күнге маңыздылығы артып отырған математика ғылымы жетекші орын алады.
Математика ғылым мен техниканың тілі, таным әдісі. Оның көмегімен өмірде болып жатқан көптеген құбылыстар мен процестердің математикалық модельдері жасалынып зерттеледі, алдын-ала болжаулар айтылады. Ғылыми техникалық прогрестің негізін құрайтын компьютерлендіру процессі - электронды есептеуіш машиналардың пайда болып, оның одан әрі дамуына байланысты адамдар қызметінің көптеген саласының, өндірістің автоматтандырылуы - математикасыз жүзеге асырылмайды.
Осыған орай ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің бірден-бір негізгі мәселесі болып табылады.
Математиканың ғылым ретінде дамуы, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай, жеке дәуірлерге бөлінеді. Академик А. Н. Колмогоров математика ғылымының дамуын төрт кезеңге бөліп берді:
- Көне дәуірден басталып біздің дәуірімізге дейінгі IV-V ғасырларға
созылған математиканың туу кезеңі. Бұл кезеңде математика адамзат практикасы мен тәжірибесіне тікелей тәуелді, солардан қорланған ережелер жинағынан тұрды.
- Математика өз алдына ғылым болып бөлініп шыққан, біздің
дәуірімізге дейінгі IV-V ғасырлардан бастап, біздің дәуіріміздің XVII ғасырына дейін созылған элементар математика кезеңі. Бұл кезеңнің өзіне тән сипаты - тұрақты шамалардың зерттелуі.
- Аналитикалық геометрияға айнымалы шамаларды Р. Декарттың
(1596-1650) енгізуімен және И. Н ь ю т о н (1642-1727) мен Г. Лейбниц (1646-1716) жасаған дифференциалдық және интегралдық есептеулерден басталатын айнымалы шамалар математикасын жасау кезеңі. Кезеңнің ақыры математикада маңызды өзгерістер пайда болған. XIX ғ. орта шеніне дейін созылды. Қауырт та жемісті дамудың бұл кезеңінде осы кезде жоғары мектепте, оның ішінде университеттерде, қазіргі математиканың классикалық негіздері ретінде оқытылатын барлық негізгі ғылыми пәндер шықты.
- Математика пәні мен оның қолданылу ауқымыныың едәуір
кемелденген, көптеген жаңа математикалық теориялардың ашылуымен сипатталатын айнымалы қатынастар кезеңі, яғни XIX ғасырдың ортасынан басталатын қазіргі математика кезеңі. Қазір математика ондаған әр түрлі салалардан тұрады, олардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, өз әдіс-тәсілі және қолданылу аумағы бар. (13, 240б)
Ф. Энгельс өз заманының математика ғылымын: «Таза математиканың объектісі - шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары, демек, мұның өзі - өте реалдық материал» деп, аса дәлдікпен анықтап берді.
Математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті. Сөйтіп, кеңістік формаларымен сандық қатынастардан басқа болмыс жайында материалдық негізде адамзат ақылымен құрылған анағұрлым жоғары абстракцияларды қамтиды.
Математика пәні, басқа ғылымдар сияқты, өзіне тән төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
- Математика заттардың абстракцияланған қасиеттерін - сандарды
(заттардың жиынтығы емес) және геометриялық фигураларды (нақты денелерді емес) зерттейді. Зерттеу кезінде математика өзінің абстракцияларын абсолюттендіреді: абстракцияларды даму барысында пайда болған математикалық ұғымдар одан әрі баяндандырылып, берілген мәлімет ретінде қарастырылады. Мәселен, қазір белгілі болса да, нақтылы кеңістіктің қасиеттері Евклид ұйғарған кеңістіктен өзгеше, ол жасаған геометрия, өз мәнін нақты кеңістіктің мүмкін модельдерінің бірі ретінде ғана сақтап қалды.
- Математикалық нәтижелерді алудың негізгі әдісі - логикалық
қорытынды. Логикалық қорытынды эксперименттік тексеруге сүйенбейді.
- Логикалық қорытындылардың салдары ретінде математикалық
қорытындылардың ақиқаттығы даусыз. Егер алғашқы сілтемелер қабылданса, онда математикалық жолмен одан алынған нәтижелер де ақиқат болмақ. Ал, алынған нәтижелер тәжірибеден алшақ болса, онда қабылданған сілтемені зерттеу керек.
- Математикадан пайда болатын абстракциялар нақтылы заттардың
қасиеттерін тікелей жалпылайтын абстракциялардың топологиялық кеңістік, алгоритмдер, жалпы алгебралық жүйелер және т. б. сияқты неғұрлым жоғары деңгейдегі абстракцияларға қарай сатылап дамиды.
- 5) Математиканың бір ерекшелігі - оның қолданымының
әмбебаптығы. Математикалық моделін жасауға болатын ғылымның кез-келген саласында, қалаған дәлдікте нәтиже алуга болады. Мұнда зерттеуде қолданылатын ұғымдар мен әдістер мазмұннан алшақтаған сайын, осы әдістердің қолдану шеңбері кеңейе түседі. Алайда математиканың әмбебаптығы абсолютгі емес. Математикалық әдістерді қолдану мүмкіндігінің өзі - ғылымның абстрактылық дәрежесін көрсетеді.
- Ғылымдар жүйесінде, математика айрықша орын алады. Себебі,
математика материалды дүниенің мазмұнынан бөлініп алынған кеңістіктік формалары мен сандық қатынастарын зерттейді. Ал табиғаттану ғылымдары (физика, химия, биология және т. б. ) материя қозғалысының түрлерін немесе информацияны беру (информатика, автоматтар теориясы және т. б. ) түрлерін зерттейді. Ал математика материяның ешқандай қозғалысының түрлерін зерттемейді, демек, математика гуманитарлық ғылымдарға да, табиғаттану ғылымдарына да жатпайды. Ол барлық ғылымдарда қолданылатын ұғымдардың негізін қалайды. Мысалы «жиын», «құрылым» «жүйе»,
«изоморфизм» сияқты математикалық ұғымдар, басқа ғылымдарда да кең қолданылады.
Демек математиканы оқып үйрену адамның ақыл-ойының дамуына да үлкен әсер етеді. Оқушы математиканы оқып білу барысында ғылыми таным әдістерін (индукция мен дедукция, жалпылау мен нақтылау, анализ бен синтез, классификациялау мен жүйелеу, абстракциялау мен аналогия) игеру негізінде логикалық ой қорытуға, өзінің ойын дәлелдеп жеткізуге жеке берілген ереже бойынша әрекет етуге, өз жұмысын жоспарлауға, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіруге үйренеді. Математикалық ой қорытулардын әсемдігі мен сұлулығын байқайды және түрлі геометриялық формалар мен симметрия идеяларын қабылдауға үйренеді.
Ал математиканың абстракциялы ұғымдары адамдардың практикалық қажеттілігінен пайда болғаны, математика ғылымының бізді қоршаған дүниені танып білуде және оны меңгеруде, ғылымдар жүйесінде атқаратын рөлі мен алатын орны, ғылыми танымдығы және практикадағы рөлі оқушыларда ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, тәрбиелеуге бірден-бір негіз болып табылады.
Жалпы білім беретін орта мектептерде математиканы оқытудың негізгі мақсаттарын былай тұжырымдауға болады:
- қоғамның әрбір мүшесіне күнделікті өмірде және еңбек ету әрекетіне қажет болатын, мектептегі басқа пәндерді игеруге, үзіліссіз оқып білу жүйесінде өзінің білімін одан әрі жалғастыруеа, математикалық тілді меңгеруге жеткілікті болатын математикалық білім мен іскерлікті оқушылардың игеруін қамтамасыз ету;
- математикалық идеялар мен әдіс -тәсілдер туралы және олардың қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды зерттеп танудағы мақыздылыгы туралы түсінік қалыптастырып, оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды өздігінен орнату іскерліктерін қалыптастыру және шыңдау, олардың нақтылы шындықты математикалық әдіс-термен меңгеруіне көмектесу;
- оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікте елестету қабілетін, дуниеге гылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты ғылыми жағынан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелей алуға үйрету.
Қазіргі таңда қазақ мектептерінде математиканы оқытудың мақсаттарын жүзеге асыруда ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін ескеру өмір талабы болып отыр. Өйткені түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т. б. халықтық рухани сезімін, адамгершілік қасиетін, міңез-құлқын қалыптастырып қоймай дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер, соның ішінде математикалық білім, негізінен мағлұмат береді. Мысалы, табиғаттағы құбылыстар арасындағы қатынастардың сандық сипаты мен нәрсенің табиғи-физикалық кескіні болып табылатын геометриялық формалар қазақ халқының дүниетанымында ұлттық өзіндік сипатқа ие болып, өмірлік тәжірибеде кең қолданыс табуының ғылыми негізін құраған. Жалпы қазақ халқының танымдық мұрасы өте мол. Сол мұраның кейбіреулері «тылсым дүние» сериясынан шыққан «Қазақтардың дүниетанымы» атты кітапта ерекше бір қырынан баяндалған. Қазақ халқының тарихындағы әлі белгісіз немесе ұмытылған рухани мұраларды ашатын және оларды әртүрлі қырларынан көрсететін, жүйелейтін зерттеулер мен ғылыми-көпшілік әдебиеттер қажетгігі қанағаттандырылатын сәт те алыс болмаса керек.
Олай болса математиканы қазақ мектептерінде оқытуда және оның көмегімен тәрбиелеуде халықтың өзінің даму барысында жинақтаған адамгершілік пен мәдениеттің, білім мен іскерліктін, ең құнды және де күнделікті өмірге қажетті элементтерін жас ұрпақтың бойына дарыту қажетгілігі мектептегі білім беру мақсатын нақтылауды талап етеді.
Математикадан білім беру мен тәрбиелеуді ұлттық салт-санамен, дәстүрмен сабақтастыру төмендегі екі мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек:
- оқушыларға математикадан білімді игертумен сәйкес іскерлікті, дағдыны
қалыптастыру негізінде оларды қазақ ұлтының танымдық мол мұрасымен таныстыру;
- қазақ халқының ерекше тәрбиелік және танымдық мәні бар баға жетпес
асыл қазынасын (әдет-ғұрып, өлең-жырлар, ұлттық ойындар т. б. ) математикалық білімді оқушыларға саналы игерту мен соған сәйкес іскерлікті, дағдыны қалыптастыруда тиімді пайдалану;
Атап айтсақ: бірінші жағдайда - оқу мазмұньның ерекшелігі математикалық зандылықтардың, фактілердің, сандық қатынастардың, кеңістік формаларының қазақ халқының дүниетанымында қолданыс табуын ашып беруге бағытталуы тиіс. Яғни, бұл жағдайда математикалық білім таным әдісі ретінде пайдаланылатыны көрсетіледі. Ал, екінші жағдайда-қазақ халқының ұлттық мұрасын математикалық білімді игерудің тиімді формасы ретінде пайдалануы көзделеді.
Қазіргі кезде мектептерде математиканы оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізуде (математика сабақтары және математикадан кластан тыс жұмыстарды) ұлттың дәстүрмен сабақтастыру мәселелері қарастылып ал кейбіреулері баспаларда жарияланып жүр. Мұндай жұмыстар мектепте математикадан оқу-тәрбие жұмыстарын жаңаша құру (оқьпу процесін оқу мен тәрбиенің бірлігі ретінде қарастыру негізінде), сонымен қатар, оқушылар білімінің сапасын арттыру да оқытудың тиімді-әдіс тәсілдері мен формаларын айқындау бағыттарында жүргізіліп жатқан тәжірибелік сипаттағы шығармашылық жұмыстар. Дегенмен бұл аталған жұмыстарда сабақ мақсатын айқындау кезінде жоғарыда аталған екі бағыт нақтыланбаған. Ал оқыту процесінде математиканы оқыту мақсаттарын нақты айқындау (соның ішінде көрсетіліп отырған мәселеге байланысты мақсаттық бағыттарды нақты айқындау) математикадан оқу-тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға, сабақтың мақсаты, мазмұны және формалар арасындағы сәйкестікті күшейтуге негіз болады.
Жалпы алғанда пәндер бойынша сабақтың немесе сабақтан тыс жұмыстардың мақсатын айқындау көпсатылы болуы мұғалімдер, соның ішінде жас мамандар үшін үлкен қиындықтар тудырады. Дидактикада және дербес методикада оқытудың мақсатын (жалпы және нақты) айқындау мен нақтылау бағытында біраз шаралар жасалған. Сол себептен математиканы мектепте оқыту мақсатын айқындау технологиясы жөніндегі мәселе ерекше тоқталатын мәселе болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz