Жібек жолының пайда болуы
Мазмұны.
Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3
1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы.
1.1 Ұлы Жібек жолы Қазақстан
жерінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Ұлы Жібек жолының тармақтары мен бағыттары ... ... ... ... 8
1.3 Сауда мен
тауарлары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..12
2. Мәдениеттердің өзара ықпалы.
2.1.Орта ғасырдағы Азиядағы әлем
патшалықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 15
2.2 Ұлы жібек жолы арқылы таралған діндер ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.3 VI ғ. мен IX ғ. бірінші жартысындағы қалалар мен
мекендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .28
2.4 IX ғ. Екінші жартысы мен XIII ғ. бас кезіндегі қалалар мен

... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 36
Кіріспе
Курстық жұмстың: өзектілігі: Жібек Жолы географиясы Еуропадан
басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия,
Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Java-Индонезия, және Вьетнам елдері арқылы,
ақыры Қытай келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті
жолдары көк түспен көрсетілген .Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол
Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан
патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп,
Орталық Азиядағыелдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана,
Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл
жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған.
Осыған орай саудагерлер де Жібек жолында ат ізін суытпаған.Жаң Чян батыс
өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге
қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты
алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс
өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған
жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін
анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс
пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара
тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі
патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.Жібек жолы іс жүзінде
өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ
тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан)
басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны,
Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізініңшығыс жағалауына дейін барады,
жалпы ұзындығы 7000 км асады.Ерте кездегі Жібек жолы Шинжәңнан 3 айрыққа
бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары,
Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке
жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан
(Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары
жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін
созылады.
Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды,
Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы
саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып,
қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына
тұтасатын жол, бұл кейінірек солтүстік жол деп аталды. Тұрпаннан шығып,
Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді
басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері Орта
жол деп аталды. Оңтүстік жол бұрынғысымен ұқсас.7 ғасыр кейін, теңіз
қатынас-тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы біртіндеп екінші орынға түсті,
бірақ 13 ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып
келді. 19 ғасыр басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда
керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп
жазады:”Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты...
Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.”Қытайдың торғын-торқасы осы
жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен
тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан
шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың
темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш,
дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді.Орта Азияның, Батыс
Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті
заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм
діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс
арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық
мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы
мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек
жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып,
адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс
Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы
мәліметтер дәлелдейді.Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп,
одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-
Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған
өлкесінде – Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан
Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X
ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы
жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді
мекендеріне жолға шыққан.Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген
аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында
жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс
Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын
байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып,
солтүстік-батыста – Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа
әкелетін.Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан
солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба – Ата, Созаққа барады. Одан әрі
Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына
шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей,
Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып
отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Ұлы Жібек жолы көп
халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін
анықтауда тарихи қызмет атқарды.Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген
халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау
өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз
әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы – Есік және Аралтөбе
қорымдарынан табылған Алтын киімді адам ескерткіштері, Шығыс
Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба
әдебиетінің орхон ескерткіштері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігіндегі
тарихи орындарға өзге елдердің туристерін шақырып халықаралық туризмді
дамыту (Көне Хан Ордасы – Сарайшық мысалында) жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер
алынып отыр:
– Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау;
– Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы
ықтимал Ұлы Жібек жолының, оның ішіндегі “Хан Ордалы Сарайшықтың” қыр-
сырын жан-жақты зерттеп, жағымды факторларын анықтау;
– Хан Ордалы Сарайшық обьектісін экономикалық позициядан қарастыру және
оның тиімділігін, Қазақстан Республикасы мен Атырау облысына тигізетін
септігін анықтау;
– Орталық-Азия аймағына Ұлы Жібек жолы бойынша туризм шеңберінде еліміздің
туристік беделін қалыптастыру және дамыту жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңашылығы: жаңа деректер мен оқу құралдарын
пайдалана отырып Ұлы Жібек жолының тарихына толық зерттеу жүргізуге тырысу.
Курстық жұмыстың теориялық және методикалық негіздері.Курстық жұмысты жазу
барысында жан-жақты,нақтылық және шынайы обекътілік принциптері басшылыққа
алынады.Курстық жұмыс барысында материалдарды жинақтауда және оларды
жүйелеуде басқада дәлелдермен салыстыруда салыстырмалы әдіс басшылыққа
алынады.
Мәселені зерттеу барысында бірқатар ғалымдардың теориялық тұжырымдарын
қолданылып олар өзара салыстырылады.Сондай-ақ жалпы ғылыми
(талдау,синтездеу,жалпылаужәне т.б.)және жеке ғылыми зерттеу әдістері
пайдаланылады.
Курстық жұмыс тақырыбының практикалық маңызы.Жалпы білім беретін мектептің
Қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне қажетті дерек ретінде пайдаланып,осы
курстық жұмыс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Курстық жұмыстың құрылымы;кіріспеден,2 тараудан,қорытынды,
пайдаланылған әдебиет.
1. Жібек жолының пайда болуы.
1.1.Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде.
“Ұлы жібек жолы”-бұл аса маңызды керуен жолы адамзат тарихында
материалды жағынан байланыстырып қоймай рухани және мәдени жағынан дамуына
көп септігін тигізген.Ұлы жібек жолы арқылы әр аймақтан тауарлар ғане емес
діни наным сенімдер де алмасып отырған.
Бұл жол Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен
жолдарының тоғысқан тоқсан торабы,ал сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы
осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса
маңызды қатынас жолы.
Ежелгі заманнан бері әр аймақтың адамдары бір-бірімен сауда байланыс
жүргізген.Ең алгашында күнделікті тұрмысқа керек заттармен айырбас ретінде
жүзеге асып отырган.Мысалга келтіретін болсак оларға асыл
тастар,алтын,күміс,тұз,шипалы өсімдіктер мен иіс сулар,мал
сүйектері,сәйгүлік аттар,аң терілері,қола мен темірден жасалған
заттар,мата, азык-түлік тауарлары жатады.Кейіннен акшага сауда- саттық
басталып,көптеген елдер мен калаларды байланыстырған –базар, жәрменке,
сауда жолдары ашылды.Жолдар бір-бірімен ұласып,шығыс пен батысты, солтүстік
пен оңтүстікті байланыстырып,көптеген аймақтарды қосты.Осылай б.з.б. II
ғасырдың ортасында Европа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда
болды. Оған “лазурит”, “нефрит” және “құндыз” жолдары кірді . “Лазурит”
жолы- Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне лазурит (ляпис-лазурь) тасы
тасымалданаты жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары
бағаланған.“Нефрит жолымен “ қытай патшалары мен бай шонжарларына арналып
жасалатын зергерлі әшекей бұйымдарына қажетті асыл да әдемі гауһар тас,
нефрит тасымалданған. Ал “құндыз жолымен “ бағалы аң терілері әр тараптағы
елдердеге тараған.Біздің дәуірімізге дейін І мыңжылдықтың орта кезінен
(Дала жолы) деген жол болғаны белгілі.Егер тарихтың атасы Герадоттың
жазбаларына жүгінсек,бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын
байқаймыз;Қара теңіз жағалауынан Дон жағалауына дейін, одан әрі совраматтар
мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен
Зайсан көлін мекендеген агриппилер еліне қарай созылады.Бұ жолмен
Былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар
кең таралып жатты.Ұлы Жібек жолы ежелгі атау емес, ол 1877 жылы пайда
болған. Оны қолданысқа енгізген белгілі неміс географы Фердинанд фон
Рихтгофен. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын
жібек мата себеп болды.Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі
күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейін І мыңжылдық саналып
келеді.Алайда Чжецзян провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын
жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек
маталар,белдіктер мен жібек жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің
дәуірімізге дейін 2750-100ж.Оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде-
ақ ,яғни бұдан бес мың жыл бұрындерлік,жібек жасап шығару кәсібі қарапайым
әдістер кезеңін бастан кешіп үлгергенін көрсетіп берді.Біздің дәуірімізге
дейінгі VI-IV ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге,оның ішінде Батысқа да
шығарыла басталды.Алтайдағы Пазырықтың (патша) қорғандарының бірінен біздің
дәуірге дейінгі V ғасырды көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген
жібек ат жамылғысы табылды.Сонда-ақ,Оңтүстік және Батыс Европа аудандарынан
біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларға жататын қабірлерден жүннен жасалған
бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған.Б. з. дейінгі І-
мыңжыддықтын, орта кезіндс Қара теңіз еңірінен Дон бойына, содан Оңтұстік
Орал өңіріндегі савроматтарга, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы
Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген агрипейлер еліне кететін Дала жолы
жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран
кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып
жататын.Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуга сақтар мен скифтердің көшпелі
тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін
тансық болған бул тауар Орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жеткен.
Б. з. дейінгі II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың
тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.Б. з. II—V ғг. егер Шығыстан
жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу
маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннің солтүстік
сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен. Яшма
қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-
Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы
Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін;
ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуга, сосын Бсдел асуы арқылы Ыссық
көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды
басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл
Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан
әрі Самарқанд, Бүқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға баратын.XI—XII ғғ.
Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін
жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай дамуын бірнеше себептермен
түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда
жолдарьн бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана
арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалған еді,
үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы кісілер,
теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса көп тұтынатындар қатарына
саналатын.VII—XIV ғғ. елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен
жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырган, оның бір аймағы
айрықша маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір аймағы жабылып, ондағы
қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалған. Мәселен, VI—VIII ғғ.
негізгі күре жол Сирия— Иран — Орта Азия — Оңтүстік Қазақстан — Талас
алқабы — Шу алқабы — Ыстық көл шұңқыры — Шығыс Түркістан болған. Осынау
жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты Византиядан шығып,
Дербент арқылы Каспий өңіріне — Маңғыстау, Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік
Қазақстанға жеткен. Бұл жол Сасанилар Иранынан қарсы, Батыс түрік
қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды
айналып өтетін болған. IX—XII ғғ. жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу
шығыс арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға
қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал XIII—XIV ғг. қайтадан жанданады.
Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-
серуенде жүрген кісілердің қай жолды таңдап алатынын анықтап
отырған.Сақтар, үйсіндер мен қаңлылар мемлекеттері өмір сүріп жатқан
дәуірде, б. з. дейінгі II ғ. және б. з. І-мыңжылдығында, Жібек жолы
қарақүрым жолшыдан тыныс ала алмай жатқан кездері, Казақстанға рим әйнегі
мен теңгелері, қытай жібегі, айнасы мен лактелген ыдыс-аяқтары, еуропалық
фибул-қапсырмалар, Сасанилер Иранынан асыл тастар жеткізіліп тұрған. Осынау
кезеңде Шу мсн Талас, Сырдария алқаптарында қала орталықтары бой түзеп,
құрыла бастайды, соның алдында ғана бұл аймақтарда айналасы мұнаралы
бекініс-қамалдармен қоршалған егіншілік қоныстар пайда болған еді.VI ғ.
екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан Каратеңізге дсйін
созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына енеді.
VI ғ. соңғы ксзінде Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазакстанды қамтитын
учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың қалалық мәдениетін өркендетуге көп
көмегін тигізеді. Жетісуда ол бірқатар қалалық орталықтардың тууына әсер
етсе, Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың тез көркеюіне себепші болады.
Орта Азия арқылы Оңтүстік Казақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы XIV ғ.
дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып-
тоздырғанға дейін, Кытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың
жұлдызы сөнгенге дейін жүмыс істеді.
1.2Ұлы Жібек жолының бағыттары мен
тармақтары.
Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның
Қазақстандағы аймағы Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Испиджабқа,
Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың аты осы күнге дейін сақталған.
Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында
Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық
қала жүртының қалдығы сақталған. Испиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-
жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб жене Будухкент
қалалары арқылы Таразға барады екен.
Қазақстаннық аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568
ж. түрік қағаны Дизабүл Византия императоры Юстинианнын, стратег Земарх
бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны
көпестер қаласы деп атаған. Мұның үстіне ол түргештердің, содан кейін
қарлұқтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған.
Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрган, ол да VI ғ. хатқа түскен.
Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас
өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның
ұйінділерін кәзір Қостөбе деп атайды.Керуендер Талас алқабына Алқаптың
жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның түбінде осы араны ықпалында
ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам
жерде, Талас бойымен төмен, теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде
Атакет пен Дех Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлегінде сол
сияқты Шелжі, Сүс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Олар күміс
кендеріне жақын жерден қоныс тепкенді.Фсргана аймағынан Шатқал қыратындағы
Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура асуы арқылы да өтіп келетін.
Жолдың осы бөлегі Жібек жолының Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын
біріктіретін.Тараздан шыққан жол шығысқа, Кұлан қаласына қарай асатын еді.
Тараз бен Құлан аралығындағы территория қарлуқтарға жататын. Кұланға бара
жатқанда жол Касрибас, Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Қүланнан
әрірек шығыста бір-бірінен төрт фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары
барды. Сосын сауда керуендсрі Нұзкент, Харраджуан, Жол қалаларына соғып
өтетін. Жолдан кейін ол Сарығ, түрік қағанының қыстағына, Кырмырауға
баратын.Кырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудң ең ірі қалаларының бірі —
Науакснтке (Қытайша Синчэн) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп
аударылады. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы
болған.Жол Науакенттен шыққан соң Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудың
аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түргештер, қарлықтар
астанасы) Суябқа келеді. Бұл қала туралы қытай, араб саяхатшылары X ғ.
дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның
ертеректегі аты Беклиг немессе Семекна болса керек. Баласағүн
қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін
XIII ғ. бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ
XIV ғ. тағы да ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бұл калалардың тұрған
жері кәзіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі
екі ескерткішіне — Ақбешім мен Боран қалажұртына сәйкес келеді.
Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымен жүріп,
Ыстық көлдің жағалауына шығады. Оңтүстік жақпен жүрген керуендер Жоғарғы
Барысхан деген үлкен қаланы басып өтеді, ал жолдың солтүстіқ тармағында
шағын керуен сарайлар орны кездеседі, олардың аттары бізге дейін жетпеген.
Сосын осынау екі айрық жол Бедел асуында бір-бірімен қосылады да, не осы
асу арқылы, не Ташрабат арқылы Жібек жолы Кашғар мен Ақсудан барып
шығады.Ал керуен жолы Ыссық көл қазан шұңқырынан Санташ асуы арқылы Қарқара
жайлауына барып, төмендеп Іле алқабына түседі де, өзеннің оң жағалауын
бойлап отырып, Үсек, пен Хоргос алқаптарынан өтіп, Алмалық қаласына барады,
ал сосын Такла-Макан шөлінің солтүстік жиегін айналып, Хами мен Тұрфан
көгал аймақтарын басып, Дунхуан мен Кытайга жететін болған.X—XII ғғ. Жібек
жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп,
солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Науакенттен басталып,
Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына
әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған. Бұл арадағы
танымал белгі қасиетті ұрын-Арж тауы екен. Жол Іле Алатауының баурайындағы,
кәзіргі Қастек, Каскелең мен Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылы
Талғар қаласының теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз (Толхира) қаласына
жеткен. Осы арада Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау баурайында орта
ғасырдың аса ірі қала жұртының ойран болған орны жатыр. Тәлхиз транзитті
сауданың үлкен орталығы болған.Іле алқабына басқа жолмен де келе береді
екен: Құлан мен Аспарадан немесе Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі
ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу — Іле
тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей
бетіндегі қалаларды қуалай жүрген.Тәлхизден Жібек жолы екіге айрылады:
оңтүстік желісі Есік пен Түрген, Шелек үстімен жүріп, Іленің Борохудзир
маңындағы өткелінен өтіп, оның оң жағалауын қуалап, Хорғос арқылы Алмалыққа
жетеді де, осындағы ЬІстық көл жақтан келген жол тармағымен қосылады.
Жолдың осы бөлегінен археологтар Есік, Түрген, Лауар сияқты кішкене
қалалардың, үлкен қала Шелектің төбешіктеніп қалған орындарын тапты, Іленің
оң жағымен жол кәзіргі заман қыстағы Көктал мен Жаркент арқылы өтеді.
Көктал маңында Ілебалық қаласының орны бар.Тәлхизден басталатын теріскей
жолы Талғар өзенің қуалай жүріп, Іленің Қапшағай шатқалы маңындағы өткеліне
дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді үстімен Алтын Емел белесінен асып,
Көксу алқабына түседі де, Екіоғыз қаласына жетеді. Ол кәзіргі Дунгановка
селосының орнында болған. Вильгельм Рубрук бұл қаланы Эквиус деп атаған.
Іле алқабының ең үлкен қала жұртының бірі тап осы жерден табылган. Онда
1253 ж. болған В. Рубрук осынау қалада сарациндер (иран көпестері) тұрушы
еді—деп жазады.
Жол Екіоғыздан шығып, қарлұқтар жабғысының астанасы Қаялыққа (Койлақ)
барады екен. Бұл шаһардың хан базарларымен аты шыққан. Онда мұсылмандармен
бірге, өздерінің шіркеуі бар христиандар да тұрған. Ол жөнінде моңгол ханы
Мөңкеге бара жатып, осы қалаға соғып кеткенЛюдовик IX— елшісі, монах-сопы
В. Рубрук хабарлайды. Каялық — қарлықтар орталығы болған, IX ғ. —XIII ғ.
бас кезінде Іле алқабының солтүстік-шығыс бөлегі қарлұқтар қоластына
қараған. Каялық Қаратал өзені алқабында кәзіргі Антонов селосының шет
жағында тұрған. Рубруктың жаз-баларына қарағанда, Каялыққа жақын-жуық жерде
христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы өткен. Содан әрі қарай жол
Тентек алқабымен жүріп, Алакөлді айналып өтіп, Жоңгар қақпасын басып Шихо
алқабына жетеді, сосын Бесбалықты басып, Дунхуанға барады да, Ішкі Қытай
жаққа шығандап кстеді екен.Алакөлдің оңтүстік-батыс шетінде бір қала
болған, оны XIII ғ. саяхатшылары Облыстың астанасы деп атаған.Испиджаб
қаласынан шығатын керуен жолы Арыс бойындағы Арсубаникетке, содан Отрар-
Фарабқа иек артып, Сырдария бойымен жүріп, Арал өңіріне барған.Сырдария
бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-Фараб
пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып қүятын жеріне
жақын орналасқан, аса үлкен қала жұртының атында сақталып, осы күнге дейін
жеткен.Отырар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы
Шавгарға, екінші тармағы Сырдария өткелінен өтіп, Васиджа қаласына баратын
болған. Одан Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып,
Шашқа, ал төмен қарай — Жентке кеткен. Ал Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм
мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойы мен Кавказға асып
кететін болған. Жібек жолының осы бөлегі XIII ғ. өзгеше жанданып кетеді
және Жент, Сарайшық, Сарай-Бату, Каффу сияқты шулы-дулы шаһарлар үстімен
жүретін болады.Шавғар VIII ғ. деректерінен белгілі боған әйгілі, Түркістан
төңірегінде орналасқан Щүйтөбе қала жүрты сәйкес келетін секілді. Кәзіргі
Түркістан тұрган жерде, Шавғармен қатар X—XIII ғг. Яссы шаһары ірге тебеді,
атақты ақын, сопы Ахмст Яссауи сол шаһарда тұрып, уағыз-насихатын
жүргізеді.Шавғардан шыға жол оғыздар астанасы — Янгикентке қарай тартатын.
Осы арадан Кызылқұмды басып, тағы бір жол Хорезмге баратын.Әуелі,
Шавғардан, кейінірек Яссыдан басталған жол Тұрлан асуы арқылы Қаратаудың
солтүстік жоталарына шығып, Сырдарияны қуалап кететін жолмен жарыса
(паралелль) жүретін. Ол жолда Созақ, Ұрысоған, Құмкент, Сүгүлкент қалалары
бар еді. Бұл жол не Таластың төменгі жағынан шығып, содан жоғары өрлеп,
Таразға баратын, не Билікөлдің батыс жағасымен жүріп, Берукет-Паркет,
Хутукчин қалалары арқылы бұл да Таразга жететін.
Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан
жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан
аудандарына, кейін Сарыарқа атымен мәлім болған Дешті-Қьпшаққа, Ертіс
жағалауы мен Алтайға, Моңғолияға асып кетеді екен. Осы арамен атты
көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге,
металға бай Орталық Казақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның
ішінде халықаралық жүйегс тартылып, көптегсн керуен сүрлеулері арқылы Жібск
жолы торабымсн тоғысады.Жолдың Отрардан таралған бір желісі Арсубаникеттен
өтіп, Арыстанды, Шаян алқаптарына, сосын Каратаудың жатаған белесінен асып;
ал Шавғар мен Яссыдан шыққан желісі Тұрлан асуынан асып, Сауран мен Сығанақ
тармағы, Янгикент тармағы — бәр-бәрі тұс-тұстан Орталық Қазақстан жазығына
шығып, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл бойларына баратын болған. Сол
аймақтан орта ғасырдың: Болған-ата, Жаманқорған, Нөгербек-Дарасы, Домбауыл,
Милы-қүдық, Ормамбет сияқты қалажұрттарының қалдықтары табылған. Әсілі,
орта ғасыр бастаухаттарында айтылатын Жұбын, Конгликет, Ортау мен Қейтау
сияқты жайлауларды, Гарбиан мен Бақырлытау сияқты кен орындарын осы
маңайдан іздеген жөн.Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-
Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына, Кимектер қағанының сарайына барып,
одан әрі асып, Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болган.Іле алқабы
Орталық Қазақстанмен Шу — Іле тауының теріскей жоталарымен жүріп Шуға
шығады да, сосын оның бойын қуалап барып, Сарысу өзені жағалауына
шыққан.Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып,
Көктал мен Бояулы керуен сарайлар арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іледен
тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадагы Ақтам кала жүртының орнын басып,
көлдің түскейінен 8 шақырым бұғаз арқылы теріскейіне шыгады. Керуендер
бүғазды кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен
дағы, ; оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына қарай кетеді.
Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан ай-налып етіп,
Тарбағатай арқылы Ертіске, қимектер мемлекетінің жеріне жеткен.
Тарбағатайда, Ертіс жағалауында Қимектың Банджар, Ханауыш, Астұр, Сисан
секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қалалары
темірмен қүрсалған орасан зор қала — қағандар астанасы орналасқан еді.
Қимектың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңголиядағы
үйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның көгалды аймақтарымен байланысып
отырған.
1.3. Сауда мен тауарлары.
Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш
рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға
шыққан. Ал бұған жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта
теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы
елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы
Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен
мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті
құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла
бастаған. Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің
ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері
сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың
Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп
отырған. Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар
бұрыштары сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге
тараған.Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін Қытай
өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны Қытайдан
жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек құртын
адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының арасына
тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия,
Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыды жібек өндірудің
дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен,
кытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары болған. Ал Жібек жолының
Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар
болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды
тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде,
Кавказ жерінде жандана бастайды. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы
сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа
да шаруашылық түрлері дами бастайды.Жібек жолы әуелгі кездс кытай жібегін
шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен
Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен
Русьтен осынау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон
мен мусқат жаңғағы, жень-шень мен питонның өті, кілемдер мен маталар,
бояулар мен минералдық шикізат, гауһар мен яшма, янтар мен кораллдар, піл
сүйегі мен балық сояулары, құйма күміс пен алтын, ұлпандар мен теңгелер,
садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі
тасылып жатқан. Жібек жолымен саудаға салу үшін Ферғананың атақты тері қан
боп шығатын сәйгүліктері мен араб арғымақтарын, түйелер мен пілдерін,
мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен
тауықтарды, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.Жібек жолы арқылы
жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкөніс пен
жемістер, әртүрлі көктер әлемге таратылған.
Дегенмен сауданың ең басты жиһазы жібек болған. Алтынмен бірге ол
халықаралық валюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы
әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.Керуен
жолымен тасылатын жібек пен басқа да тауарлардың, бір бөлегі қазақ
даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар — соның айқын
айғағы2.Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса
қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады. Ол өзінің құрамы
жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шартараптан
жиналыпты Оның ішінде: Шығыс Түркістандағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда
әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан — Қырымның, 'кішіазиялықтан — Сиваси,
Кония, Тебриздің, Қазақстаннаң — Жент теңге сарайларының өнімдері бар.
Теңгелерді шекіген кез —XIII ғ. 60-жж. екінші жартысының шамасы. Көмбеде
Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың, өзіндік карточкалары бар.
Жібек жолымен тек бүйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль сәнді киімдер
таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар
белгілі бір этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген жерге тап бола
қалса, кеңінен тарап кетеді екен.
2.Мәдениеттердің өзара ықпалы.
2.1.Орта ғасырдағы Орта Азиядағы әлем патшалықтары.
Орта ғасырлардың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен
елдердің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалдығының концепциясы етек алып
жайылған еді. Осынау әлем патшалығының әрқайсысы замандастарының көз
алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589—618 жж.)
мен Тан әулеті (618—907 жж.) өкіметтерінің қоластында біріккен Қытай, Үнді
билеушілерінің патшалықтары, Тынық Мүхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі
Түрік бірлестігі, Персия мсн Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт
тұсында орналасқан әлсмдік төрт монархияның негізі деп саналады: оңтүстікте
— пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста — бағалы тастар патшасы
(Иран мен Византия). солтүстікте — сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты),
Шығыста — адамдар патшасы (Кытай). Осы идея сосын мұсылман авторларына да
ауысып келеді.Самарқанд маңындағы Кушания қыстағы үйлерінің
қабырғаларындағы суреттер осы концепцияның айқын көрінісі болып табылады,
онда бір қабырғада — қытай императорлары, екінші қабырғада — түрік хандары,
мен үнді брахмандары, үшіншісінде — парсы патшалары мен рим императорлары
бейнеленген еді.
Сол бір алыс оқиғалар замандастары тек өз мемлекеттерінің табыстары туралы
ғана емес, басқа мәденисттері құндылықтарын да игеру туралы жазған, бүкіл
әлемдік мәдениеттің шынайы бір түрінің негізгі мәні, міне, осында
болатын.Тауарларды, қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға
живописінің мәдени үлгілері мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен
Батыс елдеріне саз бен би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таратылып
отырған.Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер қүрамына енгізілген.
Мәселен, Сазман патша Сюань Изунь 30 мың сазгер үстаған.Түрік қағанынын,
Суяб төңірегіндегі ордасында елшілерді қалай қабылдағаны жөніндегі
сипаттама сақталып қалған. Қаған, — деп жазады сол сияпатты көзімен
көрген будда сопысы Сюань Цзянь, — шарап әкеліп, саз ойнауға әмір етті...
сосын бір үзілмей, металл сыңғырымен сүйемелденген жатжерлік саз әуезі
тамылжып төгілді I де тұрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен,
тыңдаушылардың қүлақ құрышын қандырып, жаны,мен ойын жадыратып отырды. Тан
әулеті Кытайында ең көп жайылған саз Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән-
күйлсрі болған. Құш пен Қашғардың, Бүқар мен Самарқанд — Үндістанның
сазгерлік дәстүрі, Сарайдың ресми қамқорлығы арқасында қытайдың саздық
дәстүрімен ұласып, табысып кетеді.
Иран, соғды мен түрік актерлері
Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көптеген жаңалықтар енгізеді. Мәселен,
Константинопольде Шығыс артистері жиі-жиі өнер көрсетіп түрады. Византия
императоры әйелінің орыстың кінәз әйелі Ольганың құрметіне берген түскі
қабылдауы кезінде шығыс масқарапаздары мен эквилибристері жиналғандардый,
көңлін көтеріп, рахатқа бөлейді, ал Мануил І-нің салжық сүлтан Арыстан ІІ-
нің құрметіне жасаган мереке-тойында түрік акробаты алмағайып сальтоны
орындаған. Сол сияқты өнерпаздар маска киіп ойын көрсеткен деседі.
Мұндай дәстүрлер кейінгі уақыттарға дейін мұсылман елдерінде сақталады.
Наурыз мейрамы кезінде Бағдатта аскерлер маска киіп, халиф алдында
өнерлерін паш еткен.
Жібек жолы бойынан
әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазган кездері мәдениеттердің дамуын және
өзара бірін бірі байытуын дәлелдейтін көптеген материалдық дәйектер
табылған: бишілер мен биші әйелдерді. маскалы актерлерді, түйе үстіне
жайғасып отырган музыкалык ансамбльдсрді бейнелейтін Тан дәуірінін терракот
коллекциясы — осының айғағы. Мұндагы көптсген артиетердің бет бейнесінен
Орта Азия халықтары өкілдері екені көрініп түрады. Пенджикенттің, Варахша
мен Топырақ қаланың және Шығыс Түркістанның қалаларындағы салтанат
залдарында сақталып қалған қабырғалардагы суреттерде сазшылар мен актерлер
бейнеленген. Биші әйелдің ағаштан қашалған таңғажайып мүсіні Пенджикенттен
табылды. Сырдария бойындағы Кедер қаласында қазба жүргізген кезде X—XI ғғ.
артистің қыш маскасы кездесті. Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-
бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы
ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар
өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас
шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты
Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан
табылған. Осындай құыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек.
Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары
Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан
көптеп табылған. Яғни жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға
маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын
көреміз.
Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше
байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар мүсіндері
жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір
сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының
бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни
нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Қала
тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ
мәдени үлгілері тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ
өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.
2.2. Ұлы жібек жолымен таралған діндер.
Жібек жолымен діни идеялар да кең таратылып отырған, ал
миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан.
Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Кытайға буддизм келген,
Сирия мен Ираннан, Аравиядан — христиан діні, сосын барып ислам
жеткен.Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Қытайға буддизм Индиядан Орта
Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б. з. Бұрынғы I ғ. басталған.
Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен
миссионерлер, әсіресе соғдылар, парффяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген.
Б. з. II—III ғг. буддизм белсенді түрде таратылған, тегі, бұл Кушан
империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болганға ұқсайды.Ерте
ортағасырларда буддизмнің негізгі миссионсрлсрі қызметін соғдылар өз
міндетіне алган. Будда дінін Орталық Азияда тарату ісінде тек солар ғана
маңызды рөл атқарады. Шығыс Түркістандағы түріктердің будда текстеріндегі
терминдерді талдап тексергенде, олардың соғдының көмегімен алынғаны
анықталды. Ұлы жібек жолы үстіндегі бірқатар қалалардан будда ескерткіштері
табылды.Түріктер VI ғ. бастап буддизмнің қатты ықпалын өз басынан өткерген
. Сюань-Цзян Батыс түрік қағанының будда дініне ықылас білдіргенін жазады.
Зерттеушілер пікіріне иісек, VII ғ. бірінші жартысында батыс түріктерінің
кейбір билеушілері будданы болған немесе буддизмге қамқорлық жасаған. Бұл
жәйт олардың отырықшылыққа және қала өміріне өтуімен тығыз байланысты
болған.Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең
тараган. Ең әуелі бұл осы өлкеден буддалық қүрылыстардың табылуынан
көрінеді. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен,
Новопокровск, Новопавловск секиді қалажұрттарынан кездесті: олар
ғимараттар, әдарияттар (монастырлар), шіркеулер, сол сияқты будда
кейіпкерлері мен көріністері бейнеленген мүсіншелер мен стеллалар.Кездейсоқ
табылған археологаялық олжалар ішінде Үндия импорты да көп кездеседі:
буддалар мен буддашылардың қола мен күмістен қүйылып, алтынмен апталып,
асыл тастармен әшекейленген мүсіншелері, қола қаптырмалар мен пластиндер.
уақ-түйек зат тәрізденіп жасалған тас бедерлер, біркездері будда
ғимараттары мен әдарияттарына қойылған әулие-онбиелердің тас бейнслері,
сирек мүліктері болган будда иконографиясы сюжеттері бар стеллалар квңш
аударады.Археологтардын. соңгы ашқан жаңалықтары қатарына орта ғасырдың
белгілі қаласы Исфиджаб-Сайрам үйінділеріне таяу жерден табылган жер асты
әдарияты жатады.Жібек жолы бойымен, Батыстан Шығысқа қарай жылжып отырып,
буддизмнен қалмай христиан діні де тараған. V ғ. бірінші жартысында Шығыс
Рим империясында священник Несторий үмбеттерінін. дінсіздік мазһабы пайда
болады. Несторий ізбасарларын Мария бикеш құдайды емес, адамды туды,
Христос тек күдайдың шапағаты түскен, оның рухының иесі ғана деп
үйретеді.Оның пікірі бойынша, Мария бикені тәңірия демей, Христосты туушы
деген дұрыс. Атап айтқанда оның осы жаңалығы қалың көпті әбігер етіп,
береке-құтын қашырды. Бұл 325 ж. Никей соборында қабылданған дін бейнесіне
қарама-қайшы келеді, ол қағида бойынша, Христос бөлуге болмайтын ипостастың
— адамдық және қүдайлық киелі қасиеттің иесі болып есептелетін, сол себепті
де оның құдай-әкемен біртамырлас екенін жоққа шығаруды ресми шіркеу , барып
тұрган дінсіздік деп таниды. Несторийдің ілімі 431 ж. Эфес, соборында
айыпталып, несториандар рақымсыз каталдықпен қудалана бастайды. Осындай
қуғын-сүргіннің салдарынан олар шарасыздықтан Иранға қашады. Несторийдің
жақтастары , Персиядагы Нисибин қаласында мектеп ұйымдастырады да,
Византияға қарсы саяси оппозицияның бәрінің басын біріктіреді, Сирияның
бай көпестері мен қолөнершілері Константинопольдегі базардан айрылғаннан
кейін, Шығысқа қарай жылжиды. Олардың отарлары мен сауда факторилері
Жерорта теңізінен Аспан империясына дейін созылып жатады. Осынау жолдың
ұзына бойынан сирия жазуы мен сирия христиандыгының белгілері кездесіп
жатады, ал онда христиан дінінің таралуы өте ерте кезде басталған.
Сириялықтардың сан ғасырға созылған экономикалық байланысы нәтижесінде,
Аравия түбегі мен Үндістанға, Орта Азия елдеріне олардың мәдени ықпалы
арта түседі. Соңгысында иран мен түрік тілдері сирия тілінің
ықпалынатүседі.
VII—VIII гғ. несториандық ағым Оңтүстік Казақстан мен Жетісу Iқалаларында
кеңінен тарайды. Көптеген қалаларда христиан шіркеулері болады, Патриарх
Тимофей кезінде (780—819 жж.) христиан дінін түрік патшасы — әсілі
қарлықтар жабғысы болса керек — қабылдайды. IX—X ғг. шамасында айрықша
қарлық метрополиясы құрылады, Тараз бен Меркеде христиан шіркеулері жұмыс
істейді; христиан Сырдария қалаларында да тарап жатады.
Қаялықта өздерінің шіркеуі, сол сияқты оқшау селосы болған
Іле бойының христиандары женінде Вильгельм Рубрик мәлімет қалдырған. XIV
ғ. Ыссықкөлдің жағалауында бір христиан әдарияты болған, онда әулие
Матфейдін, сүйегі сақталған.
Жамұқат пен Науакет қалаларының мазарларын казған кезде олардан күміс және
қола крестері бар христиандар қойылғаны анықталды. Қызылөзек қала жұртынан
нефрит крестінің кездей-соқ табылғаны да елге мәлім. Шымкент музейінде
Төрткөлтөбе қалажұртынан табылған, бүйірінде христиандықтың белгісі — крест
пен көгершін салынган келі қойылған. Таразды қазған кезде VI—VIII ғғ.
кабатынан сирия жазуымен Петр мен Гавриил деген жазуы бар қыш саптыаяқ
кездесті.Осынау өлкелерде христиандардын келген кезеңінен XIV ғ. аяғына
дейін жасалған ұлттары түрік, Орта Азия христиандарының, діни өнері мен
діни символикасының аса көрнекті туындылары қатарына, бетінде несториандық
жазу мен символикасы бар кайрақ тастар жатады.
Жетісуда христиан қауымының болғаны туралы деректі құлпытастардағы сирия
жазуларынан ғана емес, қыш ыдыстардағы, үлкен хүмдардың мойындарындагы
соғды жазуларынан да байқаймыз. Олардың бірінде: Бұл хұм Иарық-Тегін
ұстазға (арналған). Ісмер Пастун. Лайымда ол (хүм) толып тұрғай, әумин,
әумин! — деп жазылган. Мұндағы ұстаз сөзі түрік-соғды эпитафиясындағы
мұғалім-ұстаз терминімен мағналас. Ал, ондағы әумин сөзі Иарық-Тегіннің
христиан қауымынын, жетекшісі болғанына күмән келтірмейді.Сөйтіп,
археологиялық және эпиграфикалық олжалар, ортаға-сырлық деректерімен қосыла
келе, христиан дінінің тараған жолдарын анық көрсетеді.Жібек жолымен III ғ.
Иранда пайда болған манихейлік діні де тараған, ол аз уақыт ішінде
жеделдетіп Италиядан Кытайга дейін жайылады. Тұтас алғанда ол зороастризм
мен христиан дінінің қорытылуынан туған. Христиан дінінен ол мсссиандық
идеясын, ал зороастризмнен — жақсылық пен жамандықтың, жарық пен қараңғының
күресі идеясын алады. Соғдылар манихейлікті таратуда да жетекші рөл
атқарады. VIII ғ. бас ксзінде манихейлердің жоғарғы басшысының Самарқандта
сарайы болған. Манихейлік дін Орта Азияда ұзақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz