Жергілікті бюджетті жетілдіру жолдары


жоспар
Кіріспе
1 Жергілікті бюджеттің қаржылық негіздері мен қалыптасу проблемалары
- Жергілікті қаржының экономикалық рөлі және жергілікті бюджеттің маңызы мен мәні
1. 2 Жергілікті бюджеттің құрамы мен құрылымы
1. 3 Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау және бекiту тәртібі
1. 4 Арнайы экономикалық аймақтардың қаржысы
2 жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі
2. 1 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні
2. 2 2010 жылғы бюджеттің кірістері мен шығыстарын талдау
2. 3 Қостанай қаласы бойынша 2010 жылғы бюджеттің орындалуының жалпы көрсеткіштерін талдау
2. 4 Қостанай қаласының 2010 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жағдайын талдау
3. Жергілікті бюджетті жетілдіру жолдары
3. 1 Жергілікті бюджетті жетілдірудегі шет елдер тәжірибесі
3. 2 Жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру және оның әлеуетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
3. 3 Бюджеттің түсім бөлімін ұлғайтуды аймақ экономикасының дамуы мен байланыстыру әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3
6
6
11
14
18
22
22
24
32
36
43
43
46
55
62
65
Кіріспе
Әлемде нарықтық қатынастардың бұлжымастығын шайқалтқан қаржы дағдарысы олардың даму стратегиясына жаңаша ой жүгіртуге, мемлекеттік басқару тетіктерін қайта қарауға және нарық қатынастарына сай зер салуға мәжбүр етті.
Қазіргі күні әлемдік экономикалық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үстіміздегі жылдың 6 наурызындағы кезекті Жолдауы осының негізін қалады. Мұнда Мемлекет басшысы экономикалық құлдыраудың, одан әрі дамудың негізін айқындап береді [1] .
2009-2011 жылға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Елбасы Жолдауының тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шығыстарды жалпы сомасы 297, 4 миллиард теңгеге арттыру көзделуде [2] .
Мемлекет басшысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл бойы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін нысаналы трансферттер түрінде толығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюджеттің өз ішішнен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шығыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды.
Диплом жұмысының өзектілігі сол, мұнда қаржылық дағдарыс жағдайындағы жергілікті бюджеттерге берілетін субвенциялардың мөлшерін бекітілген көлемде сақтап қалу, тұрақты бюджетаралық қатынастарды қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерге неғұрлым тұрақты көздерді қарастыру мәселелерін қарастырады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы - бұл үш жылдық бюджет жүйесін енгізу кезіндегі жергілікті бюджеттердің кірісін қамтамасыз ету жағдайын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің нысаналы трансферттерін қысқарту механизмін жүзеге асыру жолдарының қарастырылуы.
Жұмыста қазіргі мынадай ғылыми мәселелерді шешу көзделген, яғни бұл жұмыста жергілікті және республикалық бюджет арасындағы салық, алымдар және басқа да төлемдерді бөлу механизмі, жергілікті бюджетке түсетін салықтарға тұрақты нормативтер орындау, бюджетаралық қатынастардың тиімді тәсілін түрлендірудің, жергілікті бюджетті жоспарлаудың әр қилы жолдары талданады.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Халқына «Қазақстан - 2030» Жолдауында: «Көркею, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайының жақсаруы мемлекетіміздің ең маңызды мәселелерінің бірі, қазіргі заманға сай нәтижелі мемлекеттік қызмет орнын және мемлекеттік басқарма құрылымын құру» деп көрсеткен. [3, 4б] .
Тақырып бойынша қазіргі ахуалды бағаласақ , облыстық, аудандық (қалалық) және ауыл деңгейіндегі билік қызметтерін бөлу, бүгінгі күні облыстық деңгейге берілді және орталықтандырылған басқарма жүйесін түгелдей қабылдайды. Алайда орталықтан берілген үстемдік облыстық деңгейде қалды, ал ол өткізілген реформа идеологиясымен толық мөлшерде сәйкеспейді.
Аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейі жергілікті мағынадағы мәселені шешуде жауапкершілікті болуы тиіс, олардың құқығы, міндеті және жауапкершілігі заңдылық акт деңгейінде реттелгені жөн.
Мемлекеттік қызметті орындау мемлекеттік материалдың және еңбек ресурстарын нәтижелі пайдалануды және бюджеттік құралды дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен тұрғындарға максимальды түрде жақын болуы керек.
Бюджет, олармен өз қызметін мемлекеттік саясаттық шараны іске асыруының орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттің негізгі құралы болып табылады.
Сондықтан да, тұрақтылыққа негізделген, оларға салынған қызметтің іске асуына және қарым-қатынастың адалдығына, сондай-ақ бюджеттік саясаттың жүзеге асуына ықпалын тигізу үшін және мемлекеттік басқарма деңгейінің барлығын жеткілікті қаржылық құрал мен қамтамасыз ету үшін бюджетаралық қатынастың оңтайлы моделін түрлендіру талап етілуде.
Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастарды орнату жағдайда, жергілікті органдардың қызмет шеңбері кеңеюде, әрі олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, көші-қондық мәселелерді өздері шешу мүмкіндіктері тууда.
Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру, халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру сияқты маңызды мәселелер жүктеліп отыр. Бұл жұмыста жергілікті қаражаттардың бір ғана тетігі-жергілікті бюджеттер, жан-жақты қаралып отыр.
Еліміздің іс-әрекеті бюджеттік шығындармен тура байланысты. Бюджеттік шығындар - ол экономикалық қатынастарға қаржы құралдарының бөлінуі.
Жергілікті бюджет шығындары жергілікті өкімет органдарымен және маслихатпен басқарылады және қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының «Бюджеттік кодексі» заңымен қатар «ҚР жергілікті өкілетті және орындаушы органдары туралы» заңымен де реттеледі. Қазақстан Республикаында жүйелік бағытына ие ұзақ мерзімді стратегия және даму басымдылығы анықталған.
Бюджетті жоспарлауда бюджетті әзірлеу бағдарламасының және мемлекеттік шығындарды жоспарлаудың үлкен маңызы бар.
Коммерциялық емес қызметтерді қаржыландыру ерекшелігі, жеке меншік қаламайтын немесе қамтамасыз ете алмайтын, мекеме немесе ұйымның қарастырылған шығындары жарғымен немесе басқа да бекітілген құжатпен іске асырылады.
Бюджет мемлекеттік саяси шараларды іске асыруда, өзінің қызметтерін атқаруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі құралы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің бүгінгі күнгі маңызы мен оны басқару жүйесінің басым бағыттарын анықтап, оның одан әрі жетілдіру жолдарын табу және зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;
- жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау және бекiту тәртібін қарастыру;
- жергілікті бюджеттердің жоспарлануы мен орындалуын талдау;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджеттік қатынастардың шетел тәжірибесін енгізу мәселелерімен мен тәжірибені талдау;
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті бюджетті жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттелу объектісі - Қостанай қалалық бюджеті.
Тақырыптың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды. Диплом жұмысына А. Манап, Ә. Байысова, С. Мақыш, О. Сәбден, Г. Сейітқасымов, К. Шаяхметова, Г. Әбдірайымова, Ә. Шелекбай, Н. Әлмерекеов, Л. Шматько, Э. Тихонова, Г. Папирян, Н. Кабушкин, Г. Бондаренко, А. Чудновский, А. Романов, О. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды, сондай-ақ, Ел басының жыл сайынғы халыққа Жолдаулары, сондай-ақ, ағымдық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен статистикалық мәліметтер қолданылды.
Диплом жұмысының жазылуының практикалық базасы Қостанай қаласының 2010 жылғы бюджеті болып табылады.
Тәжірибеде көрсетілгендей бюджеттік ұйымдар алдында, шаруашылық субъект тұрғындар және қаржы институттары алдында мемлекет міндеттерінің орындалмаған әр теңгесі бюджетке үш-төрт теңге кірісіне кері әсерін тигізеді. Бюджет жүйесінде кірісі және шығысы бойынша қайта түрлендіруді іске асыру керек. Бұған байланыста жергілікті және Республикалық шығындарды түрлендіру, соның ішінде, шығындарды қаржыландыру және бағдарламаны түрлендіру, бюджеттің кірістік қамтамасыз етілуімен байланысты.
Жұмыс құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Тәжірибеде көрсетілгендей бюджеттік ұйымдар алдында, шаруашылық субъект тұрғындар және қаржы институттары алдында мемлекет міндеттерінің орындалмаған әр теңгесі бюджетке үш-төрт теңге кірісіне кері әсерін тигізеді. Жұмысты жазу барысында келесі экономикалық-статистикалық зерттеу әдістері қолданылды: монографиялық, талдау, конструктивтік-есептік, сызбалық және т. б.
1. Жергілікті бюджеттің қаржылық негіздері мен қалып-тасу проблемалары
- Жергілікті қаржының экономикалық рөлі және жер-гілікті бюджеттің маңызы мен мәні
Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салалааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды [4] .
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Егер заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетiн ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелерi қолданылады [4] .
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негiзге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Жергілікті басқару органдарының жүктелген функцияларына сәйкес экономикалық қатынас арқылы қоғамдық өнімнің бөлігін ақша нысанында жұмылдыруын, бөлуін және пайдалануын жергілікті қаржы деп атайды. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесіндегі маңызды құрылымы болып табылады. Оған жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс арнайы қор және жергілікті басқару органдарының жекеменшігіндегі шаруашылық жүргізетін субъектілердің қаржысы кіреді.
Жергілікті қаржының құрылымы мен бағыты жергілікті үкімет және басқару органдары - мәслихаттар (депутаттар жиналысы), жергілікті әкімдік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларымен белгіленеді.
Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастарды орнату жағдайда, жергілікті органдардың қызмет шеңбері кеңеюде, әрі олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, көші-қондық мәселелерді өздері шешу мүмкіндіктері тууда.
Жергілікті басқару органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру, халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру сияқты маңызды мәселелер жүктеліп отыр.
Осы тарауда жергілікті қаражаттардың бір ғана тетігі- жергілікті бюджеттер, жан-жақты қаралып отыр. Себебі қалған екі звено - шаруашылық жүргізетін субъектілердің қаржысы мен бюджеттен тыс қорлар белгілері мен қасиеттері ұқсас болып келетін түбегейлі бір типтес ұғымдар болғандықтан оған тоқталу қажетсіз болып отыр.
Әлеуметтік-тұрмыстық инфраструктуралардың салалары халыққа қызметті көбіне бюджет қаражатынан құралатын қорлар есебінен көрсетеді.
Жергілікті қаражаттың маңызды рөлін жергілікті үкімет және басқару органдарының көп салалы қызметінің қаржылық базасы болып келетін жергілікті бюджет атқарады.
Қазақстанда жергілікті бюджеттер (облыстардың, қалалардың, аудандардың) кірістер және шығыстар бойынша, мемлекеттік бюджет қаражаты көлемінің шамамен 50 %-ын алады. [5, 1б. ]
Қаржылық қатынастарды ұйымдастыруда екі тенденция қатарлас болып келеді:
1) дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқарудағы орталықтандыру бастамаларын дамытудың жалпы процессін айқындайтын қаржы ресурстарының қозғалысымен басқару нысандары мен тәсілдері жүйесін орталықтандыру;
2) қаржы қорларын құру және пайдаланудағы жергілікті үкімет пен басқару органдары функцияларын күшейтіп, қаржыларды орталықсыздандыру.
Екінші тенденция жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жақын болуына және олардың өз аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуына көп көңіл бөлуіне негізделеді. [6, 58б. ]
Қаржылық қатынастарды әкімшіліктеу принципі қаржыларды бақылау функцияларын жүзеге асыру болып табылады: белгілі қаржылық қатынас неғұрлым аз бақыланса, соғырлұм оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған жөн, және, керісінше, жақсы бақылауға алынатынды - орталықтандырылған реттеуге жатқызу керек.
Әлемдік қаржылық теория мен тәжрибе көрсетуінше, жергілікті (локалдық) бюджеттер бюджет жүйесінің өзіндік еркін бөлігі болып қызмет етеді. Бюджеттің өзіндік еркіндігі дегеніміз өңірлік басқару органы бекітілген кіріс базасы негізінде бюджет көлемін, нақты құрамын және баптар бойынша кіріс пен шығыс көлемдерін өзі белгілейтіндігі. Оның атқарылуы өңірлік басқару органдардың құқығын белгілейтін республикалық заңнама негізінде жүзеге асырылады.
Алайда, басқа жағынан қарағанда өңірлер белгілі бір байланыстағы бір шаруашылық кешеннің бөліктері болып келеді де, және ол жеке дара бола алмайды. Өңірлік өндірудің мазмұны барлық қоғамдық өндірудің негізгі даму жолдарымен белгіленеді.
Сондықтан да өндірістің нақты жағдайы шеңберінде басқарудың орталықтандырылуының қажеттілігі туындайды. Өңірлердің экономикалық өзіндік еркіндігі абсолюттік бола алмайды. Ол ұдайы салыстырмалы, және де өңір неғұрлым кішкентай болса, еркіндіктің де мөлшері шамалы келеді, яғни, орталықтан тәуелсіз болып келетін шешімдерді қабылдау мүмкіндігі аз болады. Әрі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі деңгейі, қалыптасқан бюджеттік қарым-қатынастар, рыноктық экономикаға ауысудың қиын-қыспағы республиканың көптеген жергілікті бюджеттерінің нағыз еркіндігі туралы айтуға әлі ерте.
Сондықтан да әлеуметтік игіліктердің кепілді минимумынмен халықты қамтамасыздандыратын әлеуметтік инфраструктураны қаржыландыру үшін арналған қаражаттың жеткілікті болуы принципі жүзеге асырылып отыруы керек. Әр әкімшілік-шаруашылық бірліктің еркіндігі өңірдің экономикалық жоспарларын барынша жүзеге асыра алатын оңтайлы деңгейде болуы керек.
Өңірлердің экономикалық еркіндігінің тағы бір маңызды жәйттерінің бірі болып өңірлік ресурстарды өндіру, табиғатты қорғау бойынша шараларды қаржыландыруға қажет болатын кепілді қаржы көздерін құру саналады.
Өңірдің экономикасын басқарудағы орталық пен жергіліктінің оңтайлы байланысының жалпы принципі былайша тұжырымдалады: экономикалық дамуда стратегияның анықталуын орталықтандыру, оны жүзеге асыруда еркіндік.
Оперативтік-шаруашылық еркіндік жергілікті звенода 50 % кем емес шығыстарды жабатын, ерекше, бекітілген кіріс жүйесін құруды, ұзақ мерзімге бюджетке кірістерді қатаң бекітуді талап етеді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бюджет арқылы ұлттық кірістіқайта бөлу «фискальды федерализм» теориясы негізінде жасалады.
Сонымен, жергілікті өзіндік басқару - демократиялық қатардың міндетті компоненті. Ол тұрғындардың өздерімен еркін тағайындалған өкілетті органмен іске асырылады.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органға қатарланған қызметті атқару үшін, олар белгілі мүліктік және қаржылық - бюджеттік құқықпен үлестелінеді. Жергілікті билік органының қаржылық базасы олардың бюджеті болып табылады. Осы органдарға берілген бюджеттік және мүліктік құқық, оларға өз бюджетін құрастыру, қарастыруға бекітуге мүмкіндік береді.
Бюджет - жалпы ішкі өнімнің жартысынан көбін қамтитын қаржылық-несиелік жүйенің орталықтандырылған бөлігі. Қазақстан Республикасының қаржылық-несиелік жүйесі.
Жергілікті бюджет - ол жеке муниципальды пайда болудың қаржылық ресурстарының орталықтандырылған қоры. Тұрғындарға өндірістің соңғы нәтижесін жеткізетін басты жолдардың бірі. Солар арқылы қоғамдық тұтыну қоры жеке тұрғын топтары арасында бөлінеді. Осы бюджеттерден өндірістік аумақтағы салалардың дамуы қаржыландырылады, бірінші кезекте жергілікті тағам өндірісі, коммуналдық шаруашылық, тұрғындардың өмір сүруіне қажетті компонент болып табылатын өнім және қызмет көрсету көлемі [7] .
«Бюджет» ұғымы экономикалық және құқықтық категория ретінде қолданылады.
Құқықтық категория ретінде бюджет - мемлекеттік билік органдары қазметін іске асыруға, ақша құралдарын шығындандыру және қалыптастыру, заңмен бекітілген түрі.
Жергілікті бюджетті жеке даралық экономикалық категория ретінде қарастыруға болады. Оның өзіндік ерекшеліктері бар:
- Жергілікті бюджет қайта бөлушілік қатынаста негізгі экономикалық түр болып табылады. Ұлттық кірісті жергілікті өзіндік басқару органы қолындағы және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен оны қолдану;
- Жергілікті бюджет көмегімен ұлттық кірісті ұлттық шаруашылық, территориямен, қоғамды қызмет аумағы саласымен қайта бөлу іске асады.
- Жергілікті бюджетті қайта бөлу пропорциясының құны қайта өндірістің қажеттілігімен анықталады, мәселесімен, әр тарихи этапта қоғамның алдында тұрады [7] .
Жергілікті бюджет маңызы экономикалық категория ретіндей бөлінушілік және бақылаушылық қызмет арқылы іске асады.
Бөлушілік қызметтің мағынасы ол оның арқасында жергілікті өзіндік ьасқару органы қолында ақша құралдарының концентрациясы іске асады және олардың идара территориясының әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен оларды қолдану. Содан басқа, осы қызметтің көмегімен жергілікті өзіндік басқаруға қаржы ресурстары қаншалықты уақытымен және толықтай түсінетінін анықтауға болады және жергілікті бюджет пропорция құрымы қалай құрылатынын көруге болады.
Қызмет құрамы қоғамдағы өндірістік әртүрлі бөлімдердің арасындағы қаржылық ресурстардың қайта бөлушілік процесімен анықталады. Басқа қаржылық жүйенің құрамдас бөлігінің бірде біреуі осындай әр түрлі қайта бөлушілік қаржылық ресурстарды (сала аралық, территория аралық, көп деңгейлі қайта бөлушілік қаржылық ресурстардың, сол сияқты бюджеттік саясаттың әр түрлі деңгейімен) іске асырмайды.
Осы қызметтің іс-әрекеттік аумағы, заңды тұлғалардай жек тұлғаларда (ведомствалық территориядағы), қоғамдық өндірістің барлық қатысушылары жергілікті бюджетпен қатынасқа кіруімен анықталады.
Бақылау қызметінің қорытындысы, жергілікті өзіндік басқару ақша құралдарын қолдану және түрлендіруі арқылы экономикалық муниципалды құрастыру экономикасының процесін көрсетеді.
Осы қызметтің арқасында жергілікті өзіндік басқару органының құзырына, әр түрлі шаруашылық субъектіден қаржылық ресурстардың қалай түсетінін көруге болады, сондай-ақ муниципалды құрылу қажеттілігіне орталықтандырылған ресурстардың мөлшері сәйкес келедіме екенін көруге болады. Осы қызметтің негізін, жергілікті бюджеттік түсімдер мен шығындық бағыттардың сәйкестік көрсеткішін тауып көрсететін жергілікті бюджет ресурстарының қозғалысы құрастырады.
Жергілікті бюджет қызметі осы категорияның өзі сияқты объективті болып келеді.
Жергілікті бюджет экономиканы және әлеуметтік аумақтың дамуында маңызды құрал әрекеті болып табылады. Оның көмегімен мемлекет қоғамдық өнімнің құрылымын өзгерте алады, шаруашылықтың нәтижесіне әсерін тигізе алады, әлеуметтік қайта құрушылықты іске асыра алады [7] .
Жергілікті өзіндік басқару органы, орындалуы заңмен бекітілгенминимальды мемлекеттік әлеуметтік стандарт деңгейінен төмен емес муниципалдық құрылымға қатынасты саласында, тұрғындардың өміршендік қажеттілігін қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz