Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар
ӘОЖ 796.015.865.2:796.8
Қолжазба құқығында
ХУДИЯРОВ ҒАЛЫМЖАН БАТЫРХАНҰЛЫ
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жаттығушылардың спорт
түрлеріне бейімділігін анықтау
(спорттық күрес түрлері бойынша)
13.00.04 – Дене тәрбиесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімдеу дене
тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақтың спорт және туризм академиясында орындалған
Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты,
профессор Е.Ә. Әлімханов
Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы,
профессор С.І. Қасымбекова
педагогика ғылымдарының кандидаты,
профессор Ж. Бозтаев
Жетекші ұйым М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті
Қорғау 2010 жылы 30 қазан сағат 16.00 Қазақтың спорт және туризм
академиясының жанындағы Д 14.41.03 диссертацияляқ кеңесінде өтеді. Мекен
жайы: 050022, Алматы қаласы, Абай данғылы. 8385, факс: 87272926805
Диссертациямен Қазақтың спорт және туризм академиясының кітапханасында
танысуға болады
Автореферат 2010 жылы қыркүйекте таратылды
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы,
педагогика ғылымдарының
докторы, доцент
Ө.Е. Бектұрғанов
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан
орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі
болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл
ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және
спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу
мақсаттары қойылған.
Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және халықаралық
жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы
дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп,
болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кездегі Республикадағы
барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі мінденттердің бірі болып
саналады.
Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт
мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы
дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір
жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан
бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Қазіргі спорт мектептеріндегі тәжірибе көрсеткендей бастапқы дайындық
тобындағы болашақ спортшылардың құрамы осы үш жыл ішінде 50-70 пайызға
дейін өзгеріске ұшырайтыны белгілі болды.
Осы жағдайды анықтай келе топтағы жаттығушы балалардың құрамының
өзгеруіне себеп болатын бірнеше факторлар белгілі болады оларға:
жергілікті жердегі спорт мектептеріндегі спорт түрлері санының шектеулі
болуы; жаттықтырушы мамандардың аз болуы; жаттықтырушы маманның өз спорт
түріне іріктеу кезінде өте көп балаларды жарамсыз деп тануы; балалардың
басқа спорт түрлеріне жиі ауысуы.
Спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар тек қана болашақта спорттық
көрсеткішке жете алады деген балаларды іріктеп алып басқа балаларды
спорттық мектептен шығарыуға мәжбүр, себебі жаттықтырушылардың
еңбектерінің бағалануы бастапқы дайындық тобынан бастап баланың спорттық
жарыстарда алған орындарының көрсеткіштеріне байланысты болуы.
Балалардың жиі спорт түрін ауыстыруының немесе спорттан мүлдем
кетулерінің тағы бір себебі қазіргі кездегі балаларға арналған жарыстардың
үлкендерге арналған тәртіппен өтуі.
Жоғарыда көрсетілген проблемаларды ғылыми түрде зерттеу және спорт
мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жеке бастарының
ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін
анықтау осы жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Зерттеу мәселесі: спорт түрлерінің қайсысы болмасын өз қатарларында ең
мықты, ең шебер спортшылардың болуын қалайды. Ал болашақта ең үлкен
спорттық жарыстарда жеңіске жете алатын ізбасарды іздеу спорттық
мектептердегі бастапқы дайындық тобынан басталады. Осы іріктеу мәселесіне
байланысты, оның сапалы болуына арналған ғылыми ізденістер мен жасалған
тәжірибелерді шартты түрде төмендегідей бағыттарға бөлуге болады, оларға:
акселерациялық өсудің ықпалы; антропометриялық көрсеткіштердің әсері;
паспорттық және биологиялық жас әсері; спортқа ерте келу мәселесі; жаттығу
жұмыстарын жоспрлау мен жаттығу жүктемелерінің орны; спорттағы қазіргі
техника мен технологияны қолданылу; допинг мәселесі.
Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы
балалар.
Зерттеу пәні - спорттық мектептегі оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны.
Зерттеу мақсаты - спортшы ізбасарлар дайындау мақсатында спорт
мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты жүргізу әдістемесін
өзгерте отырып балалардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
болып табылады.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық
топтарына келген жас балалар өздерінің қай спорт түріне бейімі бар
екендігін білмей келеді. Осы жағдайды зерттеу болашақта балалардың спорт
түрлеріне бейімділігін ерте кезден анықтауға көмектесіп жаттықтырушыларға
балалардың денсаулығын сақтауларына, спортқа дарынды балаларды ерте кезден
анықтауға және отандық спорттың сапалы сатыға көтерілуіне көмектеседі.
Зерттеу міндеттері:
- Қазақстан спорт мектептеріндегі спортшы ізбасарлар даярлаудағы
қазіргі проблемаларды анықтау;
- спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу
жұмыстарының мазмұны мен міндетін зерттеу;
- спортшы балалардың дене қабілеттері мен физиологиялық өсу
ерекшелігін анықтай отырып спорт түрлеріне балалардың
бейімділігін анықтауға жол ашу;
- болашақ спортшы ізбасарларды үлкен дене–күш жүктемелеріне
дайындықтарын арыттыру арқылы спорттық шеберлікке жетудің тиімді
жолдарын көрсету;
- спортшы ізбасарларды іріктеу мақсатында спорт мектептеріндегі оқу-
жаттығу бағдарламаларын жетілдіру.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау барысында мынадай әдістер іке
асырылды: ғылыми-зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу, анкета-сұхбат
жүргізу, тесттік-сынақтар алу, педагогикалық тәжірибе жүргізу,
статистикалық-математикалық талдау жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ спортшының өз мүмкіндігін толық
ашуына жағдай жасау, бала денсаулығын сақтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- спортқа дарынды балаларды іріктеу, табудың жаңа әдістемесі
ұсынылады;
- оқу-жаттығу сабағын ұйымдастырудың жаңа әдістемесі ұсынылады;
- баланың қай спорт түріне бейімі бар екендігі туралы ақпарат алу
жолдары көрсетіледі;
- жаттықтырушыларға спорт түрлері арасындағы өзара байланысты
күшейту арқылы баланың спорт түріне бейімділігі арттырылады;
- спорт мектептеріндегі қазіргі қабылданған нормативтік ұсыныстарға
өзгеріс енгізу ұсынылады;
- спорттық жарыстарды өткізудің жаңа әдістемесі ұсынылды;
- бастапқы дайындық топтарындағы спортшы балалардың денсаулығын
жетілдіру жолдары ұсынылды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
- спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында
жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтауды енгізу
теориялық жағынан негізделеді;
- спорт мектептерінде жасөспірім балдардың жеке басы ерекшеліктерін
ескере отырып бастапқы дайындық кезеңінде денсаулығын нығайтуға
және спорт түрлеріне қажетті дене-күш қабілеттерін арттыру,
бірнеше спорт түрлеріне бейімдеу арқылы неғұрлым баланың өз
икемін толық көрсетулеріне мүмкіндік тудырады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: диссертацияда ұсынылған
тұжырымдарды спортшы дайындау жұмыстарында басшылыққа алуға болады:
- спортшы ізбасарларды іріктеуде, мамандандыруда пайдалануға
болады;
- жоғарғы оқу орындарында маман дайындау ісінде, арнайы курстарда
зерттеу нәтежиелерін пайдалануға ұсынамыз;
- жылдық цикл кезеңінде жас балуандардың дайындық деңгейін тестілеу-
бағалау;
- жылдық цикл кезеңінде жас балуандардың жаттығу процестерін
реттеу, ұйымдастыру;
- балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері үшін оқу-жаттығу
бағдарламалар жасау;
- спорт мектептері үшін әдістемелік нұсқаулар жазу.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
1. Спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-
жаттығу жұмысының мазмұны.
2. Спортқа дарынды балаларды іріктеу және мамандандырудың жаңа
жолы.
3. Бастапқы дайындық топтарында өткізілетін жарыстардың мазмұны.
4. Жас балуандардың арнайы дене-күш дайындығы мен жалпы дайындығы
мазмұны.
5. Педагогикалық сынақ-тестілердің әдістемелік және
экспериментальдық түрлері, бақылау нормативтерін қолданудың
тиімділігі.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Әлемдік спорттық көрсеткіштердің
өсуін зерттей отырып, Егемен Қазақстанның қазіргі жағдайында спорттық
жетістіктерге жетуді ғылыми негіздемелі зерттелуге бағытталған жұмыстарды
саралай отырып, балалар спорты оның ішінде спортқа дарынды балаларды табу,
іріктеуге арналған отандық және шет елдік зерттеушілердің оның ішінде Б.Қ.
Қаражанов [1985], Е.А. Алимханов [2004], Д.Б. Тұрлыхановтың [2002], Х.М.
Юсупов, Г.А. Шориннің [1978], Т.Х. Сикуттың [1984], Т.М. Мелихова [1988],
О.П. Юшков [1982], Ю.Г. Коджаспиров [1991], К.К. Платонов [1984], В.В.
Находкин [2007], В.Н. Попков А.С. Захаров С.П. Малютин Е.А. Фурманов
[2001]. т.б ғылыми ізденістер осы жұмыстың теориялық-әдістеме негізі болды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. 1-ші кезең. 2006 жылы болашақ
диссертацияның тақырыбы анықталып Қазақтың спорт және туризм академиясының
Спорттық күрес кафедрасында тақырып талқыланып академияның Ғылыми
Кеңесінде бекітілді. 2007-2008 жылдары тақырыпқа байланысты ғылыми
педагогикалық тарихи еңбектер мен құжаттар жинақтау, және осы саладағы
мамандар мен жаттықтырушылардан сауалнама, сұхбаттасу жұмыстары атқарылды.
2-ші кезең. 2008-2009 жылы бақылау және тәжірибелік топтары құрылып, спорт
мектептері анықталып, сынақ-тест жұмыстар атқарылды. Қазақстан
Республикасының Дене шынықтыру және спорт заңына сәйкес қабылданған
нормативтік құжаттарды сараптау жұмыстары атқарылды. 3-ші кезең. 2010 жылы
зерттеу жұмыстарының қорытындылары шығарылды. Диссертациялық жұмыс
аяқталып корытындысы шығарылды.
Зерттеу базасы. Зерттеу мерзімі ішінде тақырыптың жоспарына және
мақсатына байланысты сұрақ–жауап жүргізу барысы Алматы қаласындағы жас
сұңқар спорт мектебінде және Қазақтың спорт және туризм академиясының күрес
кафедрасында, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің
дене шынықтыру және спорт кафедрасында және Алматы қаласы №13 балалар және
жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері арасында сауалнама жүргізілді.
Сауалнама 8 cұрақтан тұрады.
Біз бұл сауалнаманы жүргізудегі мақсатымыз, спорттық күрес түрлері
бапкерлерінің Бастапқы дайындық топтарындағы жасөспірімдерді, спорттық
күрес түрлеріне бөлмей өткізудегі ойын білу болып табылады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлділігі мен негізділігі. Зерттеу қорытындысы
бойынша анықталған теориялық, тәжрибелік нәтежиелер мен ұсыныстар,
әдістемелік бағыттар, көтерілген мәселені талдау жолдары Қазақстан
жастарының денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спортты насихаттау,
спортшыларды дайындауда сапасын көтеруге үлесін қосады. Зерттеу нәтежиелері
бойынша жасалған ұсыныстар спорттық мектептерінің оқу-жаттығу жұмыстарына
енгізілді.
Автордың жеке үлесі: зерттеу нәтижелері балуандарды дайындау жүйесіне
жаңалықтарды енгізді: спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы
спорт түріне маманданудың педагогикалық негізіне өзгертулер енгізілді;
спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу сабақтарының мазмұны мен міндеттері
өзгерді; жаттықтырушылардың жұмысты ұйымдастыру принциптері өзгерді;
балалардың өз еріктерімен спорт түрлерін таңдауына мүмкіндіктері ашылды;
жаттықтырушыларға спортқа дарынды балаларды табудың мүмкіндігі көбейеді;
балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар көбейеді; спорттық
жарыстарды ұйымдастыру, өткізу түрлері өзгереді.
Зерттеу нәтежиелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы.
Тәжірибелік–педагогикалық жұмыстар Кентау қаласының Б. Саттарханов
атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Түркістан қаласындағы
Ә. Нұрмаханов атындағы олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Түркістан қаласының жекпе-
жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебтерінде жүргізіліп,
ол спорт мектептерінде жүзеге асырылып енгізу актілері мен расталды.
Диссертация тақырыбы бойынша 12 ғылыми еңбек, соның ішінде 8 Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті ұсынған басылымдарда, сондай–ақ 3 халықаралық
ғылыми–практикалық конференция мен 1 республикалық ғылыми–практикалық
конференция материалдарында жарық көрген.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, төрт
бөлімнен, қорытындыдан, тұжырымдамадан, ғылыми–практикалық ұсыныстар мен
қосымшадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 135, олар орыс, қазақ
және шетел тілдерінде берілген. Диссертацияда 28 кесте, 2 сурет, 3
өндірістік енгізу актісі мен қосымшалар берілген.
Кіріспеде тақырыптың таңдалуы, оның өзектілігі негізделді, жұмыс
болжамы тұжырымдалды, зерттеудің мақсаты, нысаны мен тақырыбы анықталды.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы, жұмыстың теориялық және практикалық
маңыздылығы көрсетілді, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар баяндалды,
зерттеудің апробациядан өтуі туралы ақпараттар ұсынылды. Бірінші Спорт
мектептерінде спортшы ізбасарларды дайындаудың ғылыми-педагогикалық
негіздері бөлімінде спортшы ізбасарларды дайындау саласындағы қазіргі
проблемаларды талдау, спорт мектептерінің мақсаттары мен міндеттері,
бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу жұмыстарының мазмұны, спортшыны
дайындаудың көп жылдық жоспарының маңызды бөлігі ретінде, дене
қабілеттерінің түрлері, дене қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері және
физиологиялық өсу ерекшеліктерін анықтайтын алғы шарттары көрсетілген.
Екінші Зерттеудің міндеттері мен әдістері және ұйымдастырылуы бөлімінде
жұмыс барысында қойылған зерттеудің мақсаты, міндеті, ұйымдастырылуы,
әдістемелері, педагогикалық тәжірибе жүргізу, математикалық-статистикалық
талдау, зерттеу нәтижелері мен зерттеу жұмыстарын қорытындылау және осы
зерттеудің негізгі ұйымдастырылуы баяндалған. Үшінші Спорт мектептеріндегі
бастапқы дайындық топтарында болашақ спорт түрлеріне бейімділікті
анықтаудың маңыздылығы бөлімінде спорт түрлеріне бейімділіктің ғылыми
тұрғыдан қарастырылып зерттелуі, бастапқы дайындық топтарындағы
эксперементтік оқу-жаттығу сабағын ұйымдастыруды жоспарлау және мазмұны,
балалардың дене дайындығы дамуын зерттеу, оның сәйкестілігін анықтау,
балалардың бастапқы дайындық кезіндегі дене дайындығын арыттыруда
қолданылатын мамандандырылған қимыл-қозғалыс ойындары, бастауыш дайындық
тобына арналған арнайы ойындар, спортшы ізбасарларды іріктеу және
спорттық бағдарламаны жетілдіру көрсеткіштері ұсынылды. Төртінші
Педагогикалық эксперимент қорытындыларын талқылау бөлімінде оқу-жаттығу
сабақтарын өткізу, баланың спортқа бейімділігін анықтау жолдары, дене
дайындығы көрсеткіштерін жетілдіру, спорттық күреске қажетті арнайы дене
дайындық және жарыс түрлері, спорт түрлеріне қабілеттері бойынша ұсыныстар
жасалды. Соңында қорытынды, тұжырымдамалар, ғылыми-практикалық ұсыныстар,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Спорт мектептерінде спортшы ізбасарларды дайындаудың ғылыми-
педагогикалық негіздері атты бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы
дене шынықтыру және жоғары жетiстiктер спортының жай-күйi, әлемдiк спорт
дамуының қазiргi заманғы үрдiстерi, Қазақстандық спортшылардың әлемдiк
аренадағы көрсеткiштерi көрсетiле-келе спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу
жұмыстарына сараптама жасалынды.
Халықаралық стандарттардан қалуымыздың себебi ең алдымен әлемдiк биiк
талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы спорт базаларының республика
аймақтарында аздығы және спортшы даярлаудың жаңа ғылыми-әдістемелерінің
әлсіз дамуы болып табылады. Осы жағдай туралы Қ. Закирияновтың., Е.
Алимханов [2009] Қазақстан республикасындағы спорттық мектептердегі алға
қойылған негізгі міндеттердің ішінде спортшы ізбасарларды дайындауды жаңаша
жолға қою керектігін көрсетеді.
Қазiргi заманғы спорт өзiнiң даму сатысында спорттық нәтижелердiң өсуiн
ғылыми және инженерлiк жетiстiктерге негiзделген жаңа көзқарастарға маңызды
рөл бередi. Жаңа спорт ареналары, жаттығулар мен жарыстар үшiн арнайы
жағдайлар жасау iсiндегi жаңа жетiстiктер, арнайы киiм, құрал-сайманмен
жарақтандыруды қолдану және құрастыру әлемнiң мықты спортшыларының
көрсеткiштерiн күрт жақсартуға жеткiздi және ХХI ғасырға спорттың қандай
негiзгi бағыттарда қарыштап енетiнiн көрсетіп отыр.
Осы жұмыстардың ішінде ең тиімді және қажеттісі балалармен жұмыс
жасаудың жаңа әдістемелері мен бағдарламалары екендіктерін көрсетеді.
Қазіргі жағдайды тұтас алғанда, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт
жұмысының жай-күйi бұқаралық спортты одан әрi дамыту, халықтың арасында
дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын жандандыру, спорт резерві мен халықаралық
дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде кiдiрiссiз, нақты шешiмдер
қабылдауды талап етіп отыр.
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы оқу-жаттығу
жұмыстарының мазмұны, спортшыны дайындаудың көп жылдық жоспарының маңызды
бөлігі ретінде, спорттық даярлықты әрі қарай жетілдіру жас спортшының
барлық қабілеттерін жан-жақты дамыту әсіресе жаттықтырудың көпжылдық барысы
кезеңдерінде тиімді ақыл-парасаттылықпен жасалуы қажет. Спорттық резервті
даярлаудың өнімділігі спорт мектептерінде жаңа оқу бағдарламасын түзу
сапасына байланыстылығы маңызды роль атқарады.
В.В.Находкин [2007] әр оқушының даму қабілетін қамтамасыз ете отырып,
өзіндік мүмкіндіктерін және талантын ашу спорт метептеріндегі бастапқы
дайындық топтарында жүзеге асу керектігін көрсетеді.
Спортшы ізбасарларды іріктеу жүйесі көпжылдық даярлықпен ұласады. Ол
ерте мектеп жасынан басталып, құрлықтар біріншілігіне, Әлем
чемпионаттарына, Азиялық және Олимпиялық ойындарға, халықаралық жарыстарға
қатысу үшін ел құрама командасына іріктелуімен аяқталады.
Дене қабілеттері түрлері, дене қимыл-қозғалыстарының даму
ерекшеліктері, спорттық шынықтыру дегеніміз таңдап алынған спорт түрінде
жоғары нәтижелерге жетуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық
үдеріс.
Т.Х.Сиккут [1984] спорт мектептерінде бастапқы оқыту-дамыту кезеңінде
балалармен жұмыс жасау барысында неғұрлым әсер беретін оқу жүйесін таңдап,
балалардың физиологиялық даму жасына сәйкес жүргізуді алға кояды.
Спорттық шынықтыру дене жаттығуларын жүйелі қолдану шеңберінде
ұйымдастырылады, бұл бір жағынан, тынығумен және ағзаны қалпына келтірудің
құралдарымен, үйлесімділігімен жүргізіледі, екінші жағынан, ол
шыныққандықтың жоспарлы түрде өсуін қамтамасыз етеді. Шыныққан-ағзаны нақты
бір жұмыс түріне, шынықтыруға қатысу жолы арқылы бейімделуі. Ол жұмысқа
қабілеттіліктің арытуымен және спорттық жетістіктердің өсуімен айқындалады.
Алғашықы мақсаттар бала денесінің, ағзасының жетіліп өсуіне дене-күш
дайындықтарының әрбір өсу сатысындағы негізгі бағыттарды анықтайды.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спортына деген көзқарас
түбірімен өзгеруде оларға ең жақсы деген спорттық базалар жасалып,
жаттықтырушыларды материалдық жағынан қамтамасыз етуі жақсаруда.
Сонымен қатар спортқа деген дарынды балаларды табудың қиындап отырғаны
байқалады оған себеп Қазақстан халқының демографиялық санының аздығы, және
осы кезеңге дейін спорт мектептерінің Кеңес Одағы кезіндегі қабылданған
нормативтік құжаттармен жұмыс жасауы.
Осы жағдайдың салдарынан спорт мектептерінде балаларды ерте жастан
спорт түрлеріне мамандандару орын алуда, ал бұл жағдай өз тарапынан бала
ағзасына ерте бастан үлкен жаттығу жұмыстарын атқарып денсаулығына кері
әсерін тигізуде және спортқа ерте бастан маманданған жастардың спорттан
ерте кетуін статистика дәлелдеп отыр.
Ғалымдар мен жаттықтырушылар жас балуандарды жаттықтырудың теориялық
негіздері кенжелеп қалғандығын көрсетеді.
Көптеген ғалымдар балаларды 8-10 жастан күреске баулуға болады деп
санағандықтарымен оқу-жаттығу жұмыстары мазмұнына бала жасына сәйкестенген,
бала денсаулығының нығаюына қажетті жаттығуларды мол енгізуге көп көңіл
бөлу керектігін айтады.
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы балаларды спорт
түрлеріне бейімділіктерін анықтау қазіргі спорттық ізбасарларды дайындау
мәселесінде өте өзекті мәселе екендігі анықталды.
Республика бойынша спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы
жаттығушы балалардың болашақта үлкен спорттық жетістікке жетулері үшін осы
бағытта арнайы ғылыми ізденістер жүргізіп оны Қазақстан Республикасы
жағдайына негіздеу керектігі айқындалды. Осы өзекті мәселе бойынша спорт
мамандары арасында жүргізілген сұрақ-анкеталық жауаптар қортындысы, спортшы
ізбасарлар даярлау ісінде жаңа теориялық және әдістемелік ғылыми ұсыныстар
керек екендігін дәлелдеп отыр.
Зерттеудің міндеттері мен әдістері және ұйымдастырылуы атты екінші
бөлімінде зерттеу жұмысы барысында төмендегідей міндеттер қойылды: спортшы
ізбасарларды дайындаудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтаудың
қажеттілігі; спортшы ізбасарларды даярлау жұмыстарына байланысты ғылыми-
педагогикалық ізденіс жұмыстарын сараптау; қазіргі спорт мектептеріндегі
бастапқы дайындық топтарында жаттығу үрдіс ерекшелігін зерттеу; бастапқы
дайындық топтарында жаттығушы балаларға арналған тестілік-сынақтар түрлерін
сараптау; жаттығушылардың спорт түрлеріне бейімділігін анықтау жолдарына
байланысты жаттығу әдістемелерін дайындау оны тәжрибелік негіздеуге болады.
Қойылған міндеттерді орындау үшін келесі зерттеу әдістемелері
қолданылды: ғылыми-әдістемелік педагогикалық әдебиеттерді талдау;
педагогикалық бақылау; педагогикалық эксперимент; психологиялық зерттеу;
анкета-сұрақ жауап ұйымдастыру; дене–күш көрсеткіштерін анықтау; бақылау
сынағы; математикалық–статистикалық әдістемелері.
Сонымен қатар, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау қарастырылады.
Бұл әдісті қолдану зерттеу жұмысының негізгі буыны болып табылады. Осы
уақытқа дейінгі отандық және шет елдік зерттеушілерінің спортшы
ізбасарларды дайындау жұмысындағы қолданылған теориялық және тәжрибелік
әдістемелердің бағытын анықтау, оның Қазақстан жағдайына бейімделуі оқу-
жаттығу сабақтарын ұйымдастыру түрлері, жаттығу жұмыстарының түрлеріне
берілетін жүктемелердің мөлшері сияқты қажетті ақпараттарды сараптау арқылы
өз жұмысымызға қажетті теориялық негіз және жұмысымыздың бағытын анықтауға
мүмкіндік берді.
Спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында болашақ спорт
түрлеріне бейімділікті анықтаудың маңыздылығы атты үшінші бөлімінде спорт
түрлеріне бейімділіктің ғылыми тұрғыдан қарастырылып зерттелуі, спорттық
жетістіктердің жоғарғы деңгейге өсуі спорттық ұйымдарға үлкен мақсат қойып,
спортшыларды жаңаша дайындауға мүмкіндік береді. Көп жылдық спорттық
дайындық–спортшылар даярлығының ұйымдық сипатын, тәсілдерді, амалдарының,
міндеттерінің алмасып отыруын қамтамасыз етіп отыратын тұтас педагогикалық
жүйе.
Өз кезегінде спортшыларды даярлау дене сапасын тәрбиелеу мен қимыл
біліктілігін, машық пен дайындықты қалыптастырудың оқыту үрдісінде тиімді
үйлесуіне жалпы дене дайындығы (ЖДД) мен арнайы дене дайындығы (АДД)
құралдарының өсуіне жүктемелерді бірте-бірте артыру үрдісін қатаң сақтауға,
дене сапаларының дамуын жас ерекшеліктеріне қолайлы болатын кезеңдерде
дамытуды тиімді қолдана білуге негізделген. Спорттық ізбасарларды даярлау
жүйесінің ұйымдық құрылысы спорттық оқу орындарының қызметіне негізделген.
Спорттық ізбасарларды даярлау жүйесінің негізгі компоненті болып спорттық
бағытта білім беру мекемелері оларға: балалар мен жасөспірімдер спорттық
мектептері; мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорттық мектептері;
жоғарғы спорттық мектептері; орта арнаулы оқу орындары; олимпияда резервін
дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері
болып табылады.
Спорттық іріктеу мен бағыттау мәселесі әлдеқашан өз алдына ғылым болып
саналады. Бала мен жасөспірімдердің мүмкіндіктерін болжай келе бапкер
алдына талантты тұлғаларды іздестіру міндетін қояды. Спорттық болжауды
жетілдіру мәселесі қазіргі таңда өз еліміздің де шетелдердің де мамандары
тарапынан үлкен проблемалар ретінде қарастырылып отыр.
Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының
көпшілігі орта жаста, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ.
Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінде 25 %-ның
дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт
мектептерінің оқытушылық құрамының 30 % - ның арнаулы білімдері болмауы,
жұмыстың сапалы болуына кері әсер етуде.
Республикада дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 24,1
пайызға өстi, бұқаралық дене шынықтыру 17 пайызға арытты. Балалар мен
жасөспiрiмдер спорт мектептерiн қысқарту тоқтатылды. Қазiргi уақытта,
республикада 425 спорт мектебi жұмыс iстейдi, оларда 404421 мың балалар мен
жасөспiрiмдер шұғылданады.
Барлық спорттық күрес түрлерінің ҚР спортшыларының арасындағы орташа
пайыздық көрсеткіші 6,5 % тең, ал жаттықтырушы бапкерлер көрсеткіші 6,4 %
тең екендігі белгілі болды (1 кесте).
1 кесте – Қазақстан республикасындағы дамыған спорт түрлері арасындағы
спорттық күреспен шұғылданушылардың арасалмағы (% көрсеткіші)
ҚР барлық спорт саны Спорт Жаттығушы % Жаттық-тыру%
түрлеріспортшылар-ды шы-лардың
нің ң жалпы саны жалпы саны
саны
Олимпиадалық Ойындарға 49 179630 100 6706 100
кіретін спорт түрлері
Олимпиада Ойындарына 64 224791 100 8667 100
кірмейтін спорт түрлері
Спорттық күрес түрлері
бойынша:
a) грек-рим күресі 10121 5,6 390 5,8
ә) еркін күресі 19257 10,7 721 10,7
б) дзюдо 15642 8,7 555 8,2
в) самбо 4243 1,8 160 1,8
г) қазақ күресі 12901 5,7 475 5,4
Республика бойынша спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтар
(дзюдо, самбо және қазақ күресі түрлері) бойынша 1495 сандық көрсеткіштер
көрсетіледі (1 сурет).
1 сурет – Қазақстан Республикасының обылыстары бойынша спорт мектептерінің
бастапқы дайындық топтар саны (2009 жыл)
Республика бойынша бастапқы дайындық топтарындағы (дзюдо, самбо және
қазақ күресі) шұғылданатын балалар 20115 сандық көрсеткіштер көрсетіледі (2
сурет).
2 сурет – Қазақстан Республикасының обылыстары бойынша спорт
мектептерінің бастапқы дайындық тобында балалар саны (2009 жыл)
Спорттағы дарынды балаларға арналған жаңадан 6 мектеп-интернат ашылды,
соның нәтижесiнде, мектеп-интернат оқушыларының саны 942-ден 2385-ке жеттi.
Спорт резервiн даярлаудың облыстық орталықтарын құру жөнiнде жұмыс
басталды. Халықтың дене дайындығының президенттiк сынақтары әзiрленiп, ол
табысты енгiзiлуде. Республикада кәсiптiк спорт клубтарын, тұрғылықты жерi
бойынша клубтарды және отбасылық спорт клубтарын құру басталды, салауатты
өмiр салты қағидаттарын дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы
насихаттау жөнiндегi жұмыс жанданды. Сонымен қатар спорт мектептеріндегі
бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс жүргізу әдістемесі қазіргі топтар
бойынша жұмыс жасауды қажет етеді.
Спорттық іріктеу–бұл спорттық қызметтің қандайда бір түріне баланың
(дарыны) бейімділігінің жоғары деңгейін анықтауға мүмкіншілік беретін
кешенді іс-шара.
Спорттық іріктеу–ұзақ уақытты қажет ететін көпсатылы жұмыс, яғни
спортшыны көпжылдық дайындау кезеңдерінде, оның жеке басын бағалауда
кешенді әдістермен қамтамасыз етуде, зерттеудің түрлі әдістерін пайдаланған
кезде ғана (педагогикалық, дәрігерлік-биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік және басқа) тиімді болмақ.
Спорттық жүйе қызметіне тарту үшін белгілі бір шарттар қажет. Олардың
ішіндегі өзгелеріне қарағанда ең маңыздыларына жататындары, оған жеке
бейімділігі, талап, қызығушылық. Оларды анықтау, қалыптастыру мен дамыту
табиғи және әлеуметтік факторлардың әсер етуімен болады.
Спорттық бейімділікті байқау, сонымен бірге қазіргі спорттық жедел
дамуы және халықаралық спорттық аренадағы бәсекелестің қатты асқынуы,
спорттық іріктеудің кейбір өзекті мәселелерін, оның зерттеу және
ұйымдастыру тәжірибелік аспектілерін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Спорттың жақсы дамыған бірқатар елдерінде спорттық іріктеу тәжірибесі кең
бұтақ жайған.
Спорттық іріктеу ұғымы әзірге толығымен түсіндірме алған жоқ. Көптеген
мамандар қандай да бір спорт түрінен жетістікке жету үшін жеке білімділікті
(қабілеттілік, дарындылық) алдынала байқаумен байланыстырады.
Спорттық бейімділікпен бағытты анықтау үшін спортқа тарту барысында
гуманистік, жалпы адами ұстанымы болуы керек. Спорттық мамандану болашағы
яғни жеке қажеттілікпен жеке қызығушылыққа толығымен сәйкес келуі керек. Ең
маңыздысы спорттық қызмет бағдарының мейлінше мақсаттылығы нақты қандай
бағытта екенін анықтау, яғни оның жеке қабілетін жетілдіруге ықпал
жасаудың тиімді болуы, тұлғаның қажетттілігі мен қызығушылығын
қанағаттандыру және қалыптастыру басты болуы қажет.
Іріктеу, сұрыптау деген әңгіме болмауы керек, әсіресе спортқа тарту
кезеңінде (егер, әрине денсаулығында кінарат болмаса) қалыпты әлеуметтік
жағдайда барлығына өздерінің спорттық қызығушылығын қанағаттандыру үшін
теңдей мүмкіншілік берілуі қажет.
Спортқа бейімділікті анықтау жолында мамандар мыныдай тұжырымға келіп
отыр, спорттық жеттістікке жеке бейімділікті дұрыс анықтауға бір реттік
бақылау, тестілеу және т.б. жүргізу жолмен аз уақыттың ішінде анықтау
мүмкін емес екендігі, бізде осы пікірді қолдаймыз, және өз тараптарымыздан
осы мәселені шешу жолдарын ұсынамыз.
Спорттық бейімділікті анықтау кезінде негізгі екі себепті ескеру қажет
деп білеміз, оларға:
1. Спорттық бейімділік–жеке сипаттық күрделі кешен (биофизикалық және
жеке-психикалық) бір уақытта пайда болып пісіп жетілмейді, яғни әртүрлі
кезеңде жетіледі, ол спорттық қызметпен жас ерекшелігіне тәуелділігін
ескеру.
2. Спорттық жетістікке жетудегі жеке мүмкіншілік және жеке бағдарды
іске асырудың көрсеткіші жеке жетілудің табиғи ерекшелігі өмірдегі
әлеуметтік жағдайдың әсерінен өзгеруі мүмкін екендігін әрқашан еске алу
қажет. Осыдан барып жеке спорттық бейімділіктің анықтамасын бір жолғы іс-
шара ретінде емес, кезең-кезеңімен жаңарып отыратын үрдіс ретінде жүзеге
асыру керектігі туындайды.
Көпжылдық спорттық дайындықты шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады,
оның әрқайсысы адамның жеке өмірінің бірқатар жылдарын қамтиды, оларға:
бастапқы базалық дайындау кезеңі, спорттық – жетістікті жүзеге асыру
кезеңі және спорттағы өміршеңдік кезеңі деп бөлуге болады. Бірінші кезең
және оның ішкі кезеңдері уақыт аралығында бірыңғай емес, ол спортпен
шұғылдануды бастаған уақыттағы жеке жас ерекшелігіне байланысты, спорттық
жаттығуларды, жарыс қызметінің сипатын, спортшыны дамытудың жеке
ерекшеліктерін басқа да факторлар мен жағдайларды дұрыс қоя білуде яғни
жүйелі спорттық қызметті балалық және жеткіншектік жаста бастағанда көп
жағдайда екі-үш жылда, бастапқы спорттық маманданудың мақсатты бағытын
анықтау керек және осы кезде спорттық болашағын болжауға болады.
Іріктеу міндеті–адам қабілетін, өз уақытысында және дұрыс айқындауға,
жаңадан келгендердің дарыны мен мүмкіншілігіне қандай спорт түріне сәйкес
келуіне бағытталады.
Спорттық дарын–спорт түріне тумасынан сәйкес келуі, сонымен бірге дене
және психикалық қабілеті сәйкес, сондай-ақ спортшының қабілеті спорттық
жаттығу барысында жылдам және тиімді жетілуі. Спорттық дарын ұғымына тамаша
денсаулық пен ағзаның анатомо-физологиялық ерекшелігі де кіреді.
Жоғарыда көрсетілгендер ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты және
бірін-бірі толықтырып отырады.
Спорттық дарындылықты құрайтын ерекшеліктер әр қайсысының алғашқы
белгілері жаңадан келгендердің бойында анықталуы мүмкін, іріктеу өнері
осы белгілерді дер кезінде анықтаудан тұрады.
Іріктеудің құрамдық жүйесі, бір жағынан спорттық топтарды мейлінше
қабілеттеріне қарай дұрыс жинақтауға мүмкіншілік берсе, екінші жағынан-
жаңадан келгендерді спорттың қай түріне қабілетті екенін табуына
көмектеседі, осыдан жаттығушы өзінің мүмкіншілігін толығымен көрсете
алады.
Спорттық бағдар мен іріктеу–дене тәрбиесі мен спорттың жалпы ілімнің
негізгісі болып табылатындығын ескере келіп, спорттық бағдар, дарындылықты
және адам қабілетін, спорттың қай түрімен шұғылдану керектігін ұсынатын
немесе спорт түрі бойынша мамандануды оқытатын жеке пән ретінде спорт
мектептерінде қарастырылуы қажет.
Спорттық іріктеу–белгілі бір спорт түрімен айналыса алатын адамдарды
іздеу, ал сонан соң олардың ішінен мейлінше дарындыларын, таланттыларын ең
жоғары шеберлікке жетуге қабілеттілерін арттыру жұмыстары атқарылады.
Спорттың бағдар мен іріктеуі бір бүтін ұғым болуы керек және ол спортқа
жарамды және спорттық болашақ деген екі түсінікті береді.
Спорттық болашақ–таңдаған спорт түрінде анықталатын қабілеттер және
жарыс кезінде пайда болатын талаптарға адам қабілетінің жоғары дәрежеде
сәйкес келуінен тұрады.
Спорттық іріктеу–бұл негізінен педогогикалық және ұйымдастыру іс-
шаралар кешені, спорт түріне қажетті мақсат пен міндеттен туындаған
мазмұндар мен формалар түрлерінің қосындысынан тұрады.
Осыған байланысты жеке қабілеттілік пен дарын мәселесі физиологиялық,
биологиялық зерттеу мен спорттық шеберліктің өсуі бойынша педагогикалық
терең бақылау жолымен анықталады олар алтау:
- денсаулығы;
- дене жетілуі және дене бітімінің ерекшелігі;
- жалпы және жеке дене дайындығы;
- психофизиологиялық ерекшелігі;
- әдіс–тәсілдік дайындығы және шеберлігі;
- психикалық және мінез-құлықтық ерекшелігі.
Осы істерді атқару мақсатында біздің ізденістің міндеттеріне сай спорт
мектептерінде жан-жақты дайындықты бақылау тест-сынамасының көмегімен және
балалардың мінез-құлығын бақылаудың арқасында қабілеттілік туралы көріністі
нақты анықтай алуға мүмкіндік туды және олардың дене дамуын, шеберлігінің
өсуін болжай алатын жағдайға жеттік. Осы сынақтардың арқасында баланың
спорттық күреспен арықарай шұғылдануына шешім қабылданады, ал спорттық
күреске бейімі аз деп табылған балалар үшін басқа спорт түрлеріне
икемділіктері ескеріліп оларға басқа спорт түрлеріне ауысуына көмек
беріледі, сонымен бірге қажет болған жағдайда ата-аналарға баласының басқа
спорт түрімен шұғылдануы керек екендігі жөнінде ұсыныс беріледі.
Жыл бойы өткізілген сынақ-тестілердің көрсеткіштері, өткізілген
жарыстардың қорытындылары және педагогикалық бақылау мен дәрігерлік
бақылаудың негізінде бастапқы дайындық топтарындағы оқушылардың спорт
түрлеріне бейімділігімен дене-күш қабілеттері көрсеткіштері бойынша
балаларды спорт түрлеріне бейімділігіне қарай қорытынды шығаруға мүмкіндік
туады. Осы қорытындылар нәтижесі бойынша ұсыныс жұмысымызда (24 кестеде)
көрсетілген спорт түрлерін негізгі 5 топқа бөлген нұсқа бойынша балаларға
ұсыныс жасауға мүмкіндік туды.
Педагогикалық эксперимент қорытындыларын талқылау атты төртінші
бөлімінде балалардың түрлі жас кезеңдерінде дене қасиеттері бір мезгілде
қалыптаспайтындығы белгілі болды. Әр қасиеттің дамуы үшін өсудің шыңына
жететін кезеңдер бар, дамудың жеке бағдарламаларын генетикалық анықтайтын
ерекшеліктері болады.
Спорттық күрес спорттың ситуациялық түрі болып табылады және әдістер,
байланыстар, ауыстырулар күрделі әдіс-тәсілдік әрекеттері мен кешендердің
жиынтығын құрайды. Олардың әрбірі нақты міндетпен, күштік, уақыттық және
кеңістіктік өлшемдермен, координациялық күрделілікпен т.б. сипатталады.
Баланың 10-12 жас аралығы қозғалыс ептілігінің жоғары өсу қарқынына
қолайлы кезең болып табылады. Оған орталық жүйке жүйесінің жоғары
бейімделгіштігі мен қозғалыстардың кеңістік-уақыттық сипаттамаларының
жетілуінен көрінетін қозғалыс апаратының белсенді дамуы септігін тигізеді.
Арнайы бағыттағы жасалған ойын мен тапсырмалар кешендеріне қажетті дене
қасиеттерін иелену мен жаттығуды жүргізу әрекеттерін игеруге мүмкіндік
берді. Олардың орындалуы барысында координациялық қабілеттердің дамуына
үлкен назар бөлініп, реттіліктің дидактикалық қағидасы іске асып, қозғалыс
әрекеттерін игеру жағдайлары қамтамасыз етілді. Ең бастысы баланың дене
қабілеттерін толық айқындау мақсатында біз спорттық мектептерде қазіргі
қолданылып жүрген сынақ-тестілерін бір рет емес үш рет қатарынан тапсыруға
мүмкіндік бердік. Осылай жасау баланың өз мүмкіндігін толық көрсетуге жол
ашты.
Арнайы ойындар дене қасиеттерін дамыту үшін бағытталған жаттығуларды
жетілдіретін имитациялық жаттығуларға негізделді. Имитациялық жаттығулар
әртүрлі жастағы болашақ спортшыларды қимыл әрекеттерге үйрету мен жетілдіру
мақсатында пайдаланылды. Олар спорттық жаттығуды дұрыс қалыптастыруға, оны
игеру үрдісін жеңілдетуге, қызметтік мүмкіндікті тиімді іске асыруды
жоғарылатып, қозғалыс қызметтері арасында тиімді координацияны қамтамасыз
етті және жарыс кезінде қажетті координациялық құрылымын орындауға септігін
тигізді.
Жас балуандарды оқытудың әдістемесінде арнайы координациялық бағыттағы
ойындар мен тапсырмалар кешенінің үлкен көлемін пайдалану (жалпы оқыту-
жаттығу уақытының жартысынан көбі) бастапқы және кейінгі кезеңдерде
әдіс–айла әрекеттердің игерілуін жылдамдатуға мүмкіндік береді деп
корытындылай келе әдіс-айла әрекеттердің сыртқы биомеханикалық құрылымын
және негізгі жарыс қозғалыстарының жалпы құрылымын сақтайтын, жаттығулар
мен ойын тапсырмаларын қолдана отырып дидактикалық қағидаларын жүзеге асыра
отырып, қозғалыс әрекеттерін игеруді жеңілдететін, жағдайларды жасау
керектігін және жас балуандардың жалпы және арнайы дене дайындығының
деңгейін арттыруға, тәсілдік ойды жақсартуға, сайыстың қиын жағдайларына
бейімдеуге және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz