Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тұран-Астана университеті

Қорғауға жіберілді
Экономикалық пәндер кафедрасы
меңгерушісі ___________ С.К. Тажикенова
____ ______________ 2011ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан экономикасын
дамытудағы қаржының рөлі

050509- Қаржы мамандығы бойынша

Орындаған
Саттыбаев А.

Ғылыми жетекшісі
э.ғ.д., профессор Омирбаев
С.М.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

1 ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Қаржы жүйесінің құрамы мен 6
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Мемлекеттік қаржылар мен шаруашылық жүргізуді субъектілердің
қаржылары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..8
... ... ...
1.3 Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары мен қаржы
жүйесінің 13
қағидаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.1 Қаржы нарығын қалыптастыруда қаржы полициясының орыны 15
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының дамуының негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..24
... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайындағы Ұлттық банктің қызмет
етуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..27
... ... ... ... ... ... ... ... .
3 КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТЕТІГІ РЕТІНДЕ ... ... .. 33
3.1 Кәсіпорын қаржыларының мәні мен оны талдау мақсаттары және
талдаудың ақпараттық 33
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
3.2 Ақша қаржылық жағдайын талдау 50
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3.3. Ақша қаражаттарының жағдайын 55
экспресс-талдау ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..63
... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..66

КІРІСПЕ

Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік
дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем
тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық
бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық.
Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі
догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет.
Экономиканы дүниежүзілік тәжірибеде пысықталған классикалық
теорияларға сүйенетін мақсатты қаржы саясатын жүргізумен реттеу
экономикалық өзгерістер барысында белгіленген оң өзгерістерге қол жеткізуге
жекелеген салалардағы өндірістік құлдырауын тоқтатуға, инфляциялық болжауды
төмендетуге, қайта қаржыландыру мөлшерін оң шамаға шығаруға, қаржы және
қаржы-бюджет жүйелерінің қызметін тұрақтандыруға, бюджет тапшылығының
ауқымын ауыздықтауға мүмкіндік берді.

Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, еңбекке қабілетті халықтың
көпшілігі жұмыспен қамтылмаған, шығарылған өнімнің басым көпшілігі бәсекеге
қабілетсіз, халық шаруашылығы салаларының импорт жеткізілімдерінен едәуір
тәуелділігі және т.б. орын алған жағдайда ұлттық валютаның белгіленген
бағамы экономиканы қазынашылық және ақша -несие жағынан реттеу үшін ұлттық
ақшаның дүниежүзілік нарықтағы нақты құнын көрсетпеуінен қолайсыз болады.
Үкімет көпшілікті жұмыспен қамтуға және экономикалық өсуге бағытталған
тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізуге мүмкіндігі болмайды.
Төлем балансының тапшылығы ұзақ уақыт сақталған жағдайда, Үкімет қаржы
қорларын жоғалтуы мүмкін. Тіркелген ұлттық валюта бағамы баланстағы
туындайтын үйлесімсіздіктерді пайдалануы, ықтимал ірі алтын-валюта
резервтерінің болуын талап етеді.. Қазақстан экономикасы өз валютасының
тұрақтылығын қолдау үшін алтын-валюта қорларының едәуір мөлшерін жоғалтты.
Қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар
туғызу міндеті арнайы орган Қаржылық қадағалау агенттігіне жүктелгеннен
бері Ұлттық Банктің басты мақсаты – инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұру
болып табылады. Осы орайда сонымен қатар Қаржы полициясының да елімізде
қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі барлық өкілеттік берілді. Ақша-кредит
саясаты және қаржы секторын дамыту саласында Үкіметтің және Қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш-жігері
инфляциялық үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын
дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік
белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге
қол жеткізу қажет, яғни ақша-кредит саясатын елдің экономикалық өсімімен
байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті
саясатын жүргізуі тиіс. Бұл мақсатта ақша-кредит саясатының трансмиссиялық
механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі
арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең
төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімдік құнды қағаздар шығару
көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т.б. Бірақ бұл трансмиссиялық
механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар
деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да
нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай
реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк
ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы
арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принциптеріне өтуге
дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол
механизм ақша-кредит саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс.
Төлем жүйелері саласында төлем жүйелерінің тиімділігін және
қауіпсіздігін арттыру,  тәуекелдерді басқару және төлем жүйелерін 
қадағалаудың тиімді жүйесін құру бойынша  одан әрі шаралар қабылдануда.
Төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау мақсатында Ұлттық төлем
карточкалары жүйесін дамытуға және төлем жүйелеріне арналған жаңа Резервтік
орталық құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Президент Н.Ә. Назарбаев: Үкіметте экономиканы осы жағдайдан неғұрлым
жетілген және күшті шығаруға зор мүмкіндік бар. Біз дағдарысты кезеңнің
өзінде де экономика үшін пайда алуға үйренуіміз тиіс. Бұл экономикалық
дамудың сапасын арттыруды болжайды... Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру
Қазақстан үшін – бұл Үкіметтің 2009 – 2010 жылдарға арналған жұмысының
негізгі күн тәртібі.
Ел Президенті берген тапсырмаларды орындау үшін үкімет ҚҚА-мен
бірлесіп, Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен
іс-қимыл жоспарын әзірледі.
Оның мақсаты – Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға жаһандық
дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақтағы сапалы экономикалық
өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету.
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларының кешені мемлекеттің белсенді
рөлін болжайды. Іс жүзінде қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайда Үкімет
дамудың алдын алатын ішкі ресурстарды жұмылдыру саясатына көшеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан экономикасын қалыптастыруда
қаржының мағыздылығы - қаржы нарығында жүзеге асыратын операциялары шешуші
роль атқарады, өйткені олар экономиканың қаржы тұрақтылығын камтамасыз ету
мақсатында ақша айналысын реттеуге бағытталған. Осы орайда дипломдық
жұмыстың зерттеу объектісі ретінде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі еш
дау тудырмайды.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан экономикасын дамытудағы қаржының
рөлі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының қаржылық
қатынастары болып табылады. Осы жұмыстың нысанасы қаржы саясаты дамуының
банктің іскерлік белсендігімен өзара байланысы болып табылады.
Жұмыста жұмыс жазылған сәттегі қаржы саясатының қолданылатын нақты
нормалары мен нормативтері келтірілген.
Қаржы саясаты жүйесін қалыптастыру мен жұмыс істеу мәселелері Қазақстан
Республикасында қолданылатын заңдармен тығыз байланыстырып қаралған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 ҚАРЖЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Қаржы жүйесінің құрамы мен сипаттамасы

Қаржы жүйесі ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және
пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды
ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің
қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.
Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік
сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі,
оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес
қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы
экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды
функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.
Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа қаржы
жүйесін звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік беретін қаржы субъектілерінің
нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып
келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді
элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне
интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы
болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие
болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты
орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген
мемлекеттік қаржылар.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржыларықаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны
болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы
ресурсының негізгі көзін құрайды.
Өндірістік емес саладағы қржыныңқаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның
ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада
қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің
буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық
буындарымен пайда болады.
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық
өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және меншіктің
барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы
шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
Каржы саясаты - мемллекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге
асыруы үшін қаржыны ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі шараларының
жиынтығы. Қаржы қорларын жұмылдыру нысандары мен әдістері жүйесінде, оларды
халықтың әлеум. топтары, қызмет сала¬лары арасында бөлуде, қаржы
зандарында, шығыс пен кіріс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясатына
мемлекеттік бюджет қызмет көрсетеді және ол экономикалық саясаттың құрамдас
бөлігі болып табылады, сондықтан ел экономикасы өркендеуінің басым
бағыттарына байланысты түрде де, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы
және құрылым құрайтын мәні бар басқа да салалардағы, сондай-ақ, ауыл
шаруашылғындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық
мүдделерді басшылыққа ала отырып та қалыптастырады. Қаржы саясаты іргелі
ғылымды, білім беру мен өнерді, денсаулық сақтау ісін, спортты дамытуға,
ұлттық қорғанысты қолдау мен дамытуға, мемлекет борышқа, халықаралық
қызметке, сондай -ақ, құқық қорғау қызметіне қызмет көрсетуге, мемлекеттің
ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржы саясатының аясында
елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпал ететін әлеум. саясаттағы
басым бағыттар қарастырылады. Қаржы саясатының нысаналы мақсатқа бағытталуы
мемл. бюджеттің құралу көздерін айқындайды. Тікелей және жанама салықтар,
кеден баждары, бюджеттен тыс мемл. қорларға жарналар сияқты дәстүрлі
көздермен қатар, салыққа жатпайтын түсімдер - мемл. меншіктен,
экономикадағы ішкі және сыртқы саудадағы мемл. сектордан түсетін табыстар
пайдаланылады. Мемлекет бюджеттің шығысы кірісінен асып түскен жағдайда
қаржы саясаты тапшылықты реттеу тәсілдерін қарастырады. Нарықтық
экономикада мемлекет борышты қаржыландыру үшін қаржы саясат шенберінде
сырттан қарыз алумен қатар отандық және шетелдік кәсіпкерлердің, халықтың
капиталын тарту кұралы ретінде мемлекет бағалы қағаздар шығаруды көздейді.
Экономиканың маңызды салаларын мемл. каржыландырумен қатар қаржы саясаты
шеңберінде отандық және шетелдік жеке адамдардың капиталдарын, сондай-ақ,
халықаралық валюта-несие және қаржы ұйымдарының несиелерін тарту шаралары
межеленеді. Қаржы саясаты несие-ақша саясатымен өзара тығыз байланыста және
тәуекелдік (қатер) пен табыстылық денгейі бойынша сараланған ұлттық қаржы
рыногінің дамуына, әлемдік қаржы рыноктарымен байланыс орнатуына
жәрдемдесетін тиімділігі жоғары қаржы құралдарын әзірлеп, пайдалануды
көздейді [1].
Қаржы механизмі, қаржы тетігі -шаруашылық тетігінің құрамдас бөлігі,
қаржы қатынастарын ұйымдастыру түрлері мен нысандарының, қаржы қорларын
қалыптастыруда, ақшалай қорлардың құралуы мен нысаналы мақсатқа
пайдаланылуында қолданылатын есептеу шарттары мен әдістерінің жиынтығы.
Қаржы механизмі мемлекеттің, аймақтардың, жергілікті құрылымдардың,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономика мен әлеуметтік аяға ықпал
етуі, бірыңғай қаржы саясатын жүргізуі үшін пайдаланылады. Қаржы
механизмінің экономикаға және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жағынан, қаржы
механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешуге
және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқылы, екінші жағынан,
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қарамағында құралатын және
қоғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы
қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қатынастарын ұйымдастыру түрлері мен
нысандарының алуан түрлілігіне байланысты қаржы механизмінің құры-лымы өте
күрделі болып келеді. Ол қаржының экономикалық мазмұнын көрсететін үш топқа
бөлінеді, бұл топтарға мемл. және жергілікті (муниципалдық) қаржы тетігі,
кәсіпорынның қаржы тетігі, сақтандыру тетігі жатады. Бұл топтардың одан әрі
бөлінуі жалпы ішкі өнімнің құнын және ұлттық табыстың бір бөлігін бөлу мен
қайта бөлу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мұның өзі ақшалай
қорлану нысандарына, бюджетке төленетін төлемнін түрлеріне, бюджеттен
қаржыландырудың бағыты мен нысандарына, қаржы сақтық қорларының құралуына,
т.б. ықпал етеді. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, мемл. қаржы
механизмінің түрлі бөліктерінін қоғамдық өндіріс пен оның нақты салаларына
ықпалын күшейтеді не бәсеңдетеді. Сонымен қатар қаржы механизмінің
құрылымында атқарымдық буындар да болады, олар: қаржы қорларын жұмылдыру,
қаржыландыру, ынталандыру, т.б. Қаржы механизмін ұйымдық-басқарушылық
топтарға бөлу де қолданылады, оларға қаржыны жоспарлау мен топшылау,
оңтайлы басқару, қаржы бақылауы жатады. Қаржы механизмінің жұмыс істеуі
нақты мақсаттарға арналып бөлінетін қаржы қорларының сомасына, қаржы
қорларының құралу тәсілдеріне, сондай-ақ, ақшалай қаражат қаңдай нысаңдарда
және қаңдай арналармен қозғалатынына, қандай шарттармен бөлініп,
пайдаланылатынына байланысты. Қаржы механизмі қаржы саясатына және қаржы
заңдарында көрініс тапқан қаржы құқығының нормативтеріне сәйкес құрылады.

1.2 Мемлекеттік қаржылар мен шаруашылық жүргізуді субъектілердің
қаржылары

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс
істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық
банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен
байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік
бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1.Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің
ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет
пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге
қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2.Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың
ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру
және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік
береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы
резерві ролін атқарады [2].
3.Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы
ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына
уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды
қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген
ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы
шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін
залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның
қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке
сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді
негізгі звенолары бар ерекше сала.
Шаруашылық жүргізді субъектілердің қаржысы.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржылық жүйенің саласы
ретінде қоғам экономикасының негізін құрайды, себебі мұнда материалдық және
материалдық емес игіліктер қалыптасады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларының шеңберінде
материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының көп бөлігі шоғырланады, сол
арқылы қоғамдағы ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісі қамтамасыз етіледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамына мыналар кіреді:
1) Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық есеп негізінде жұмыс
жүргізетін материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және өндірістік емес
саладағы кәсіпорындардың бір бөлігі. Коммерциялық есеп рентабельді деңгейде
шаруашылықты одан әрі жүргізуге жеткілікті, минималды шығындардан
максималды табыс алу басты мақсаты болып табылаты шаруашылық жүргізудің
әдісі.
Коммерциялық есептің ерекшеліктері:
- шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық тәуелсіздікке ие;
- қаржылық қатынастар мемлекет тарапындағы ұсақ бекітулерден тәуелсіз;
- қаржы қатынастарының субъектілері жұмыстың нақты нәтижелері мен
міндеттемелері өз уақытында орындалуы үшін экономикалық жауапкершілікке ие;
- коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті
банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және мемлекетпен әр түрлі қатынаста
болады.
2) Коммерциялы емес салдағы қаржылар. Коммерциялық емес қызмет
белгілі бір табыс алуды көздемейді.
Қаржыландыруға төмендегідей ресурстар пайдаланылады:
- бюджеттік қаражаттар;
- бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар;
- халықың қаражаттары;
- әр түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары;
- келісім-шартқа сәйкес орындалған қызмет пен жұмысқа төленген
қаражаттар;
- өнімді өткізуден түскен табыс, мәдени шараларға билеттерді сатудан
түскен табыс;
- мүлікті жалға беруден түскен табыс;
- мамандарды дайындаудан (қайта даярдаудан, біліктілігін көтеруден,
т.б.) түскен табыс.
Өндірістік емес салаға, сондай-ақ, мыналар кіреді:
а) қоғамдық қаржылар, оның ішінде кәсіподақ ұйымдарының қаржылары;
ә) саяси және қоғамдық қозғалыстар қаржылары;
б) арнайы мақсатты қорлардың қаржылары;
в) қайырымдылық қорлардың қаржылары.
Қоғамдық бірлестіктер – мүдделерінің ортақтығы негізінде азаматтардың
ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған бірлестіктер.
Қоғамдық ұйымдар қаржыларының экономикалық мазмұны ақшалай
қатынастардың төмендегідей топтары мен түрлеріне ие:
- әр түрлі жарналарды төлеу, материалдық көмек көрсетуге байланысты
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;
- қоғамдық ұйымдар қорларына жіберілетін ерікті жарналарға байланысты
қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы ақша қатынасы;
- мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану бойынша қоғамдық
ұйымдардың ақшалай қатынасы;
- қоғамдық ұйымдардың төменгі және жоғарғы құрылымдар арсындағы
ақшалай қатынастары;
- қоғамдық ұйымдар және өндірістік шаруашылық құрылымдар арасындағы
ақшалай қатынастар.
Коммерциялық емес мекемелердір қаржы шаруашылақ қызметі қаржылық
реурстарды пайдананудың үш тәсілін үйлетіреді: өзін-өзі ақтау, сметалық
қаржыландыру және шаруашылық есеп әдісі [3].
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және
оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге
байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының
біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
- мемлекеттің бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік несие;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
- халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және
микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып
табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы
бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-
ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық
бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
- мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын
жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде
мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша
көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде
көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен
мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі
мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет
қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу
бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де,
сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады [4].
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар
бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша
қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк
қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді:
коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес
ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының
өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық
бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар
(ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік,
құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет
қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру,
мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге
асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың
түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты –
фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды
қанағаттандыруды тиіс:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша
қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып
табылатын қаржыға ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте
объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік
сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі.
Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған
басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық
жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті
әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін
алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық
жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп
беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және
оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің
құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын
қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды
мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді:
оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді
орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың
әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың
талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.
Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары
құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі
[5]. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты
бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда
олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.

1.3 Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары мен қаржы жүйесінің
қағидаттары

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер
бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің
рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде
көрінеді.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін
элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы,
бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы
қатынастар жүйесінің элемені болып келеді, екінші жағынан, өзінің
функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын
жүйе болып табылады.қаржыларда функционалдық қосалқы жүйелер ретінде
мыналарды атауға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы
жоспарларының, қаржылық бақылаудың заңнамалық қамтамасыз етілуінің және
басқа қосалқы жүйелері.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы
мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып
отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық
және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы
ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың
қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін
қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы
жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде
жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің
нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының
қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді.
Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің
ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың
Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге
асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті
аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және
үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар
(министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер)
деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.)
деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз
етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен,
аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды
басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.
Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта
құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді
күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық
буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен
маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді
жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және
оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика
кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың
көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану
мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру
жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл
шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы
әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-
техникалық прогресті тездету.
Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен
тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының
ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын
шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін
қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты
болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында
қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ҚАРЖЫНЫҢ РӨЛІН ТАЛДАУ

2.1 Қаржы нарығын қалыптастыруда қаржы полициясының орыны

Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық
субьектілерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларын заңды,
тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты
Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке
салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау
үшін бірнеше нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.
Соған байланысты осы қызметтерді жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан
Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi - қаржы полициясы
органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру
қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы
экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында
адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық
және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға,
жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметiн жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттiк органдар болып табылады.
Қаржы полициясы органдарының мiндеттерi мыналар:
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн,
кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары
мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық
бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;
3) экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес
iсiнде мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
4) қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан
Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы
полициясы органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын
нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа
мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен
өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.
Қаржы саласындағы теориялық ережелерді қарастырғанда, қаржы саясатының
құралдары жүйеленді:
1- кесте
Қаржы саясатының құралдарын талдау

Қаржы Ықпал ету құралы Қолдану мақсаты
саясатының
құрамдастары
Ақша саясаты Ашық нарықтағы Ақша массасының мөлшерін
операциялар реттеу: артық болғанда
Валюталық басқыншылық кеміту, ол инфляция
3. Ұлттық банктің несие қарқының өсуіне әкеп
саясаты соқтырады; тапшылық
4. Міндетті резевтерінің кезінде кеңейту, ол ЖІӨ
мөлшері төмендеуіне, экономиканың
5. Пруденциалдық шаралар демонетизациясын
салықтардан бұлтаруға,
көлеңкелі экономикаға әкеп
соқтырады
Несие саясаты Ұлттық банкінің операцияларыАқша массасының депозиттік
бойынша пайыздық бөлігіне әсер ету
мөлшерлемелер мақсатында несиелік
ресурстарға сұраныспен
Пруденциалдық шаралар ұсынысты реттеу
Валюталық Валюталық басқыншылық Ұлттық валютаның бағамын
саясат реттеу, валюталық режимді
либерализациялау

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың
тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық
жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы
әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі
салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта
құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.
Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит ревизиялық – бақылау
органдарының мамандарын даярлауды жақсарту туралы және INTOSOL, IFAC,
ЮСАЙД, ТАСИС халықаралық ұйымдарының ұсыныстары мен талаптарын ескере
отырып, әзірленген. Ұсынылған кітаптың тиісті бөлімдерінде АҚШ,
Ұлыбритания, Германия, Франция, Австрия, апония, Финляндия, Швеция, Италия,
Канада тәрізді дамыған елдердің бюджеттік – қаржылық бақылауының ілгершіл
тәжірибелері пайдаланылған.
Нарықты экономикасының нақтылығында жүйелі сараптама негізінде
қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудиттің қажеттілігі мен оның белгіленуі
негізгі екені анықталды. Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық,
мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне,
түрлене жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары,
обьектілері,функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай
үлгілері берілген.
Онда әр түрлі жекеменшік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің
қаржылық есептемелері мен бухгалтерлік есептерінің ішкі жағдайларына
қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит жүргізудің әдістемелік негіздері
мен тәртіптері қаралған.
Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субьектілерге ықпалды қаржылық
бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келеді, осы
себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық
бақылау мен мемлекеттік сатып алу,Кендік бақылау және басқа да тексерістік
бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының
қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді.
Аталған оқу құралы қаржылық- несиелік, инвестициялық,тексеру –
бақылау, мемлекеттік құқықты қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік
құрылымдарға мамандар даярлауды жүзеге асыратын заң және экономикалық
жоғары оқу органдары мен колледждерге, бизнес-мектептерге арналған.
Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру,
бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.
Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды
жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге
бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты
бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның
ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша
қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу
үдерістері танылады.
Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың
талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және
қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік
бақылау);шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің,
қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы
мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық
бақылау.
Қаржылық бақылаудың міндеттері:
-ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен
қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;
-мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы
орындалуын қамтамасыз ету;
-қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және
өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;
-кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары
мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ
бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;
-қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр
түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша
сақталуын қамтамасыз ету;
-кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық
операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету,т.б.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру( алынған соманың шығындарға
сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін);
2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық
әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;
3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.
Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады.
Қаржылық бақылаудың жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар
қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады.
Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша
мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік
дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын
шығындардың мақсаттылығы , заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды
пайдалану бақыланады.
1.Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды:
1) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық
органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;
2) мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік
кәсіпорындардың , мемлекеттік меншіктің жекешелендіру жұмысын;
3) арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;
4) қоғамдық ұйымдардың, партияларды қоса алғанда, жарғылық мақсатқа
сәйкес алынған кіріс көздерінің пайдалануын.
2) Мемлекеттік қаржылық бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы
министірлігіне бағынатын қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан
Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің
органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен
қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті-мемлекеттік қаржылық бақылауды
жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.
- мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді тексеруді
құжаттайды;
-Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыспен
күресу шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы басты мәселе-қаржылық
бақылаудағы заңнамалық база.
3) Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары. Мемлекеттік
комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар
қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.
4) Қаржы министрлігі басқаратын қаржы органдары бюджет қорындағы
қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін бақылайды.
Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің
максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал
етеді . Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржы-өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.
Мөлшерлемені төмендету елден шетелдік содан кейін ұлттық капиталдың да
кетуін ынталандырады, тиісінше, шетелдік валютаның ұсынысы қысқарады. Екі
жағдайда да ұлттық валютаның бағамы өзгереді. Өнеркәсіптік өнімнің мөлшері
экономика жағдайының көрсеткіші болып табылады. Экономика өндіріс
мөлшерінің және баға өзгерістерінің түсу серпінінің салдарын болып
табылады. Соңғы төрт жылда өткен кезеңмен салыстырғанда ЖІӨ өнеркәсіптік
өндірістің үлесінің өсуі байқалады. Ақша жиынының серпіні инфляциялық
процестерге; ұлттық өндіріске; сыртқы экономикалық байланыстарға және
дамудың барлық процесіне ықпал етеді. Ақша жиыны бойынша өнеркәсіптік
өндіріс икемділігі коэффициентіне есептелген серпіні келесі суретте
көрсетілген:

Сурет 1 - Ақша жиыныны бойынша өндіру өнеркәсібінің икемділік коэффициент
динамикасы
Ескерту:
1. Кесте икемділік коэффициенттерінің негізінде есептелген;
2. ОХ сызығы бойынша -икемділік коэффициенті, ОУ сызығы бойынша-
талданатын жылдар көрсетілген;
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік кәсіп- орындардың қызметін
қаржыландырудың екі тәсілі бар. Біріншіден, бұл акционерлік капиталды
тарту, яғни, тікелей қаржыландыру. Нашар дамыған қаржы қоры жағдайында
Қазақстан Республикасы шектеулі қаржыландыру көзі болып табылады. Және
екіншіден, қаржыларды банк жүйесі арқылы тарту бұл жанама қаржыландыру
болып табылады. Қызмет ерекшілігін негізге ала отырып, қаржы-несие
мекемелері экономикада бар ақшалай қаржыларды шоғырландырып, қайта бөліп
емес, ақшалай қаржылардың қайталама эмиссиясын жүзеге асыруы мүмкін [8].
Банктер шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарыз ақшаға деген
қажетін қанағаттаныдруы мүмкін, ал қамтамасыз ету ниеті өнеркәсіптік
кәсіпорындардың несиелеу мүмкіндігі мен төлем қабілетіне және толықтай
макроэкономикалық жағдайларға байланысты.
Келесі суретте несие салымдарының және қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
ара-қатынасын көруге болады:
Сурет 2 - Экономикаға несие салымдарының және қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінің икемділік коэффициент динамикасы

Ескерту:
1.Кесте икемділік коэффициентінің негізінде есептелген;
2.ОХ сызығы бойынша- икемділік коэффициенті, ОУ сызығы бойынша-талданатын
жылдар көрсетілген.
Несие салымдары мен қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің өзара
байланысын алып қарасақ: қайта қаржылдандыру мөлшерлемесі бойынша несие
салымдарының икемділік коэффициентінің өзара байланысы тұрақсыз. 2010 жылы
қайта қаржыландыру мөлшерлемесі өсіп, сонымен бірге несие ресурстарына
сұранысты азайтпады. Бұл дүниежүзілік және Ресей қаржы дағдарысының
әсерінен тұрақсыздықтың шиеленісуімен түсіндіріледі. Экономиканы жағымсыз
сыртқы факторлардан қорғау үшін монетарлық органдар бірқатар заласыздандыру
шараларын жүргізеді. Мысалы, инфляцияның қарқынын азайту үшін қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің мөлшерін қысқартты. Алайда, қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін арттыру да ақша сұранысы кемісе де несие ресурстарына
сұранысты азайтпады.
Инфляция қарқынымен салыстырғанда несие құны төмен болса, кәсіпорындар
қарыз алған қаржыларды негізгі капиталға инвестициялар үшін емес
инфляциядан қорғану үшін материалдық құндылықтар жинау пайдалы. Қаржы-несие
қысқамерзімді несиелерді мекемелері ұзақ мерзімді қарыздарға қарағанда
запас жинақтауға жылдам береді. Ақшалай қаржылардың осылай мақсатын
ауыстыруы өндірістік капитал салымдарына арналған ресурстардың жетіспеуін
одан әрі шиеленістіреді [9].
Ресми пайыздық мөлшерлемелерді арттыру мемлекеттік қарызға және
күрделі инфляциялық салдары болуы мүмкін мемлекеттік бюджеттің тапшылығына
қызмет көрсетуге арналған шығындарды арттырады. Егер осы саясат тиісті
бюджет шараларымен қатар жүргізілмесе, мемлекеттік қазынаның түсімдері
артпаса, онда бүкіл мемлекеттік бағдарламаның пәрменділігі едәуір
төмендеуі мүмкін.
Ақша жиынының мөлшері инфляцияның жағдайына әсер етуші индикатор
болып табылады. Келесі суретте инфляцияның икемділік коэффициентінің ақша
жиынына қатынасын көре аламыз;
Сурет 3 - Инфляцияның ақша жиынының қатынасы бойынша икемділік коэффициент
динамикасы
Ескерту:
1. Кесте икемділік коэффициентінің негізінде есептелген;
2.ОХ сызығы бойынша –икемділік коэффициенті, ОУ сызығы бойынша-талданатын
жылдар көрсетілген;
1999 жылы инфляция 98,2% төмендеп ақша жиыны 16,6% артуы тұрақты
үрдіс ретінде қарауға болмайды, өйткені ақша жиынының өсу қарқыны орташа
қалыпта болса да инфляцияның деңгейі күрт өсуімен алмасты. 2002 жылы қаржы
секторының кейбір қысымы 2003 жылы қазақстандық шикізатқа сұраныстың
кемуімен, басқа елдермен сауда жағдайларының нашарлауымен, айырбастау
бағамы саясатының өзгеруіне байланысты шетел валютасына сұраныстың артуымен
шиеленісті.
Қазақстандық экономикада ақша жиыны мен инфляция деңгейі арасында
тығыз байланыс байқалмайды. Бұл болжам инфляцияның деңгейіне энергия
тасымалдағыштарды бағаларының өзгеруі, өндіріс мөлшерінің науқандық ауытқуы
сияқты барлық монетарлық емес факторлардың ықпалымен негізделеді. Жасалған
талдау қаржы саласы мен макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара
байланыс тұрақсыз екенін көрсетеді. Макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал
еткенде қаржы саясатының құралдарын кешенді пайдалану қажет [10].
Қазақстанның экономикасы үшін маңызды долларландыру проблемасын
қарайық:
Долларландыру мынадай жағымсыз салдарға әкеп соқтырады:
- Ұлттық банктің қаржы және валюталық реттеу тетігінің тиімділігін
кемітеді;
- елдің қаржы жүйесінің іштей қорғалуын нашарлатады;
- айырбастау бағамы мен инфляцияның өзгеруін арттырады;
- қаржы қызметінің тәуекелдерін ұлғайтады;
- экономиканың нақты секторындағы тәуекелдерді ұлғайтады;
- эмитент елдер пайдасына эмиссиялық кіріс бөлігін жоғалтады;
Ақша жиынының және экономиканың долларландыруы келесі суретте бейнеленген:
Сурет 4 - Ақша жиынының және экономиканың долларландыру деңгейінің жұптық
регрессиясының моделі
Ескерту:
1. ОХ осі бойынша- ақша жиынының және экономиканың долларландыру деңгейі;
2. Экономиканың долларландырылуы қыркүйек айының 2006 жылына арналған;
2009 жылы долларландыру деңгейінің төмендеуіне қарамастан, елдегі
долларландыру деңгейі ақша жиынының 35% астамды құрайды, дүниежүзілік
өлшемдер бойынша бұл өте жоғары болып саналады.
Ұлттық валютаның төлем құралы ретінде нығайту 2002 жылдың қараша
айынан бастап теңгенің кірісі азайғанда аталған мемлекеттік құнды
қағаздарға орналастыру болып табылады. Ішкі қаржы нарығын тұрақтандыру
Ұлттық банкке 2002 жылдың екінші жартысынан бастап валюталық ноталар
шығаруды тоқтатуға және жыл соңында оларды толық өтеуге мүмкіндік берді.
Қаржы министрлігі болса, 2008 жылдың сәуір айынан бастап тек қана теңгелік
құнды қағаздар шығарылып, олардың табыстылығы төмендеп, орналастыру мерзімі
ұзартылады.
Ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді (1жылдан астам) салымдарды
ынталандыру мақсатында, заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы банк
депозиттері бойынша табыс салығын кеміту қажет.
Төмен инфляция қарқынымен, ұлттық валюта бағамының жетклікті
тұрақтылығымен, ЖІӨ және алтын-валюта резервтерімен артуымен, банктердің
депозиттік базасының өсуімен, жедел депозиттердің өзіндік салмағының
артуымен сипатталатын Қазақстанның экономикалық дамуындағы оңды
өзгерістерге қарамастан инвестицялық саладағы жағдай шиеліністі болып
қалуда.
Осы жағдай банк жүйесінің капиталының төмен деңгейімен, ақша жиынының
долларландыруымен, қысқа мерзімді несилеудің басымдылығымен сипатталады.
Банктердің инвестициялық қызметі тұрғысынан дүниежүзілік стандарттар
бойынша олардың капиталдарының мөлшері ЖІӨ-нің 6-7% құрауға тиіс.
Қазақстанда 2009 жылы екінші деңгейлі банктердің жиынтық капиталы ЖІӨ-нің
3,7% ғана құрады.
Қазіргі кезеңдегі қазақстандық экономиканың дамуын талдау нақты сектормен
салыстырғанда қаржы секторының жедел дамуын дәлелдейді.
Қаржы нарықтарының қазіргі бар капиталдардың қаржы нарықтарынан
экономиканың нақты секторына қайта бағыттылауы байқалады. 2007 жылы қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер 2006 жылмен салыстырғанда 52% дан
26,3% дейін, ал 2010 жылы 62,3% дейін артып 608,350 миллиард теңгені
құрады, бұған жедел депозиттер мөлшерінің артуы мен оларды тарту мерзімінің
бірте-бірте ұзартылуы себеп болды.
Экономика салалары бойынша өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, көлік пен
саудаға несиелер басқа секторға несиелер қарқынынан едәуір артуда. Алайда,
банк несиелерінің көп бөлігі (52,1%) қарыз алушылар айналым капиталын
толтыру үшін алады, негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық бақылаудың түсінігі
Қаржылық бақылау жайлы
Жергілікті атқарушы билік органдары
Салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның ішкі аудиті
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың тиімділігі
Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызды тиімді басқаруды жетілдіру жолдары
Аткарушы билік органдарының түрлері
Пәндер