Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІ. Мемлекеттік қызметкер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Мемлекеттік қызмет кең мағынасында мемлекеттік органдардағы, кәсіпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы кез келген қызметкердің қызметін білдіреді. Өйткені, ол тұтасымен мемлекеттік міндетті шешуге, оның функцияларын атқаруға бағытталған. Алайда, әкімшілік-құқықтық мағынада мемлекеттік қызметті тікелей материалдық құндылықтар жасаушы жұмысшының функциясынан айыра білу керек. Тар мағынасында – бұл қызметшілердің өз міндеттерін органдарда орындаулары.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың аппаратында немесе мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде белгілі лауазымды иеленіп, жұмыстар атқарады. Бірақ та олар материалдық құндылықтар өндіруші жұмысшылардың қызметі үшін жағдайды қамтамасыз еткенімен тікелей материалдық игіліктерді өздері жасамайды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ.
Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006

2. Қасабеков А.,Ақынжанов А. Социология-Алматы: «Білім», 2005

3. Қарабаев Ш.Қ, Әлеуметтану негіздері – Алматы, 2007

4. Икенов А.И., Жүсіпов А.Д. Әлеуметтану негіздері – Алматы, 2004

5. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 2006

6. «Мемлекет және құқық теориясы» авторы Жоламан Қ.Д. Алматы,2005ж.

7. Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2008ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
қызмет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4
ІІ. Мемлекеттік
қызметкер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 10

КІРІСПЕ

Мемлекеттік қызмет кең мағынасында мемлекеттік органдардағы,
кәсіпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы кез келген қызметкердің
қызметін білдіреді. Өйткені, ол тұтасымен мемлекеттік міндетті шешуге, оның
функцияларын атқаруға бағытталған. Алайда, әкімшілік-құқықтық мағынада
мемлекеттік қызметті тікелей материалдық құндылықтар жасаушы жұмысшының
функциясынан айыра білу керек. Тар мағынасында – бұл қызметшілердің өз
міндеттерін органдарда орындаулары.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың аппаратында
немесе мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде белгілі лауазымды иеленіп,
жұмыстар атқарады. Бірақ та олар материалдық құндылықтар өндіруші
жұмысшылардың қызметі үшін жағдайды қамтамасыз еткенімен тікелей
материалдық игіліктерді өздері жасамайды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы
мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық
патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар
құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол
жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік
қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған
тағы басқа принциптері. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына
мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау
негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық
негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай
талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-
ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және
т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының
24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін
еркін таңдауына құқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз
қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді
білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін
азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке
соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол
беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету
қолданылуы мүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам
қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы
мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамат қайда
жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке
меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін.
Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен
айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б.
айналысуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада,
адам сауда жасауға заңда тыйым салынған заттарды сата алмайды, адамдарды
заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен
айналысу және т.б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін
еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған “Азаматтық құқық” тарауындағы
азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті –
қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек
шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы
керек.
Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде
әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі
мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету
мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды.
Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда
қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің
тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін.
Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі.
Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа
да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар “Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер
әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы
құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және
қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді
Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан
артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған
міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс. Қызметкердің толық
қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға
мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі
болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың
табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету
және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының
нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар.
Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен жіктелуі
Мемлекеттік қызметкер:
▪ өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол
мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
▪ қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар
алуға;
▪ мемлекеттік қызметіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға;
▪ біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал
атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
▪ орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге;
▪ еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға;
әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
▪ мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
▪ зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
▪ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік
қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
▪ Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
▪ Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік
қызметкер антын беруге;
▪ азаматтар мен заңды тұлғалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Жеке табыс салығы және төлем көзінен салық салынатын табыстар
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Пәндер