Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 Білім беруде мультимедиалық технологияларды пайдалану туралы жалпы түсінк . . .

1. 2 Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері . . .

1. 3 Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды енгізу . . .

2 ОҚЫТУДЫҢ ОРТА КЕЗЕҢІНДЕ ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ САБАҒЫНДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ПАЙДАЛА НУ . . .

2. 1 Мультимедиялық презентациялар көмегімен шет тілін тез үйрену қабілетін қалыптастыру . . .

2. 2 Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық дискілерді қолдану тиімділігі . . .

2. 3 Оқытудың орта кезеңінде шетел тілдері сабағында мультимедиялық компьютерлік бағдарламаларды пайдалану мүмкіндіктерін модернизациялау . . .

3 ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ САБАҒЫНДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ . . .

3. 1 Шетел тілін оқытудағы мультимедиялық құралдардың орны . . .

3. 2 Мультимедиялық компьютерлік бағдарламаларды пайдалану тиімділігі тәжірибе жүзінде . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

4

7

7

12

19

25

25

32

39

46

46

51

58

61

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Соңғы онжылдықта инновациялық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа инновациялық технологиялар болып табылады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың инновациялық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында [1], Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» [2] стратегиясында, Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында ерекше атап көрсетілген.

Ағылшын тілін оқыту үдерісініңде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа инновациялық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесінің заманауи технологиялар мен интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер мультимедиялық презентация, видеофильм, электрондық пошта, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Шетел тілдік ортада болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің басты мақсатының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шетел тілін оқыту барысында компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. XXI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп бекерге атамаған. Компьютер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта әлеуметтік өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық жағдайы, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік, дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі оның ақпараттық технологиялық даму дәрежесіне байланысты болатыны белгілі. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды үдерісі жүріп жатыр. Жалпы білім сапасын жақсарту жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде. Дегенмен, оқыту үдерісінде компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар мен оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процесінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған.

Жалпы оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу мен компьютерлендіру мәселесіне С. А. Бешенков, Б. С. Гершунский, А. П. Ершов, М. П. Лапчик, В. В. Лукин, Б. А. Досжанов, Ұ. Т. Нұрманалиева, С. Т. Сиргебаева, Б. Т. Абыканова, Г. Б. Таутаева, Ж. А. Қараев және т. б. еңбектері арналған.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді зерттеулер жүргізілуде:

- профессор С. С. Құнанбаеваның мектебі шет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпаратандыру мәселелерін зерттейді: мәдениетаралық-қатынастық біліктілігін қалыптастыру Ә. Т. Чакликова, елтанымдық біліктілігін қалыптастыру Ж. А. Түселбаева; студенттерді АҚТ-ды пайдалануға әдістемелік даярлау Д. Е. Сағымбаева; шетел тілін оқытуда телекоммуникациялық технологияларды пайдалану А. Б. Нұрова, ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесі Ұ. Т. Нұрманалиева;

- профессор Б. Б. Баймұхановтың мектебі оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселелерін, әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді Б. Д. Сыдықов, Р. С. Шуақбаева, І. Ж. Есенғабылов, Г. А. Мадьярова және т. б;

- профессор Ж. А. Қараев және М. Б. Есбосынов, С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мұхамбетжанова, Б. К. Төлбасова, Б. Абыканова, О. К. Ахметова және т. б ғалымдар ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үдерісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолдану мәселесін қарастырған.

Дипломдық жұмыстың нысаны: мультимедиялық компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы шетел тілін оқыту әдісі.

Дипломдық жұмыстың пәні : мультимедиалық құралдарды пайдаланудың маңызы.

Оқытудың орта кезеңінде шетел тілдері сабағын мультимедиялық компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы ұйымдастыру жолдарын қарастыру дипломдық жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- шетел тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді тәсілдерін айқындау;

- шетел тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламалар мен презентацияларды қолданудың тиімділігін көрсету;

- шетел тілі сабағында Интернет ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың көздері. Білім беру саласындағы ресми материалдар мен құжаттар, зерттеу проблемасы бойынша педагог, психолог ғалымдардың еңбектері; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы; Жаңа шет тілдік білім беру тұжырымдамасына басқа да білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік құжаттар, оқу әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқу құралдары және т. б. ) ; жеке ғалымдар диссертациялары.

Дипломдық жұмыста қолданылған әдістері: қарастырылып отырған тақырып жөніндегі ақпараттық, ғылыми және әдістемелік әдебиетті талдау, теориялық талдау, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, жинақтап қорытындылау, оқу үдерісінде Интернет ресурстарды пайдалану кезіндегі оқушылардың әрекетін сырттан бақылау, мұғалімдердің сабақта мультимедиалық құралдарды пайдалану тәжірибесін зерттеп білу, педагогикалық тәжірибе жасау.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары мультимедиалық құралдардың көмегімен шетел тілін оқытудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ой қосуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың практикалық мәні. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мультимедиалық құралдарды мектептердегі шетел тілі сабақтарында, тіл үйрету курстарында оқуды ақпараттандыру мақсатында қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, эксперимент нәтижелері мен қорытындыларын электронды оқулықтар мен Интернет ресурстарды қолданып өтетін дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ барысында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Білім беруде мультимедиалық технологияларды пайдалану туралы жалпы түсінк

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең қолдануды қажет етеді. Еліміздегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму - білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектептегі оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында компьютерді пайдалану - заман талабына болып табылады. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: білім беру сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау. Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция бола алады. Компьтердің оқу үдерісіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласында енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып табылады. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының пайда болуына себеп болды. Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады [3, 314] .

Кез-келген педагогикалық технология - ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технолгияны пайдалану қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы, есептегіш техника құралдардың оқу үрдісіндегі рөлі мен орнын, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады [4, 262] .

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі жаңа оқыту құралдары, яғни компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы зор.

Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды қең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері, сонымен қатар білім беру үдерістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:

- оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру;

- ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

- ақпаратты беру, өндеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыны үйрету;

- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру [5, 30] .

Ю. К. Бабанскийдің теориясын қолданушылар оқытудың тиімділігін көтеруге келесі тәсілдермен жетуге болады деп есептейді:

- оқыту мен оқушылардың еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру формасын жетілдіру жолымен;

- оқытудың интенсивтендіру тәсілін қолдану арқылы;

- оқытудың қазіргі заманғы технологиялық құралдарын жасап, қолдану арқылы [6, 25] .

Ал, мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып бірге отырып қорғау) ізденуге итереді, оқытудың жеке оқушыға бағытталған қызықты түрлерін енгізуге қөмектеседі. Біз компьютерді кең көлемде ақпарат құралы ғана емес, сонымен қатар адамның қоғамда өзін-өзі басқаруына, өзіндік танымына жаңа жол ашатын және қуатын жаңа жағдайға жаңаша көзқараспен пайдалануға мүмкіндік беретін қуатты құрал деп есептейтін философтардың пікіріне біз де қосыламыз.

Ақпараттық құралдарды қолдану барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекетінде компьютерлік даярлықтары байқалдық. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шетел тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шетел тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғардық [7, 162] . Бұл кездегі ұсынылған формалар, құралдар, политра, дизайн, лингвистикалық, көркемдік және т. б. шешімдердің үйлесім табуы шетел тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушының барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілетін арттырып, аналитикалық ойлауы мен бейнелік қабылдауының, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдауына және тануына негіз салатындығын байқадық.

Мультимедиа оқушылардың оқу ақпаратын қабылдаудағы көру және есту бейнелерін өзара үйлестіреді. Мультимедиалық бағдарламалар оқушының ақпарат алмасу жағдайында мультимедиалық жүйемен интерактивті диалог орнату сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқыту үдерісінде компьютер, мультимедиа, мультимедиялық оқу бағдарламаларын қолдану ағылшын тілін оқытудағы сән салтанат көрінісі емес, өткен материалдарды қайталану мен жаңа ақпараттарды қабылдаудың аса қажетті құралы болып табылады. Шетел тілін менгеруде оқушының танымдық, әдеби-көркем және әлеуметтік ақпараттарды игеруінде компьютер, мультимедиа мен интернеттің рөлі артып, оқу материалы және қосымша тақырыптық материалдарды мәнерлеп, көрнекілеп беруде иллюстративті құрал ретіндегі маңызы ұлғайды. Мультимедиа, презентациялар, видеофильмдер сонымен қатар оқушының оқу мазмұнын анықтап, жақсы меңгеру үшін, шетел тіліндегі экстралингвистикалық ақпаратты игеруге көмегін тигізеді. Бұл ақпарат шетел тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер мен лингвистикалық ақпараттарды айқын да дәл қабылдауға ықпал етеді. Грамматикалық категориялар кеңестік дәуірдегі оқыту әрекетінде басты назарда, оқушылар грамматикалық ережелер мен сөз жаттады. Ақпараттық технологиялар арқылы сабақта табиғи орта жасалатын, сөйлесудің үлгілері беріліп, оқушыларға сөйлеу дағдысының пайда болғаны тәжірибе барысында байқалды. Оқу-танымдық ақпараттардың формалары (суреттер, слайдтар, сызбалар), көрсету формаларының дизайны (анимация, түрлі эффектілер), сөз және дыбыспен сүйемелдеу формалары жобаның басты мақсатына сай келіп, ең түйінді мәселеден оқшауланбауы керек. Оқытушы өз кезегінде бақылап, кеңес беріп, іс-әрекетін оқушының да бақылауына мүмкіндік жасайды. Ол қажетті технологиялардың функциялары мен жұмыстарына сәйкес тактиканы түсініп, видеофильмдер немесе презентациялар элементтерін жобалау және безендіру мәселелерінде дұрыс бағыт ұстанып жобаның әдістемелік сипатын жасайды. Бұл оқушының мультимедиялық жоба барысындағы орнын ығыстырмайды, олар жобаның өздеріне тиісті бағыттарын орындауды жоспарлауды үйреніп, даярлық шаралары, тақырыптық және кескіндемелік ақпарат нәтижелері болып табылатын презентациялар, видеофильмдер, тақырыптық нәтиже және дыбыстық сүйемелдеуде белсенді бола алады. Жұмыста ақпараттық ортамен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, оған шын беріліп, бастапқы үйрену зерттеу пәні - тіл және оның лингвистикалық түрлерін оқып үйренуге айтарлықтай қызығушылықтарын көрсетеді [8, 79] .

Ж. А. Қараевтың пікірінше "компьютерлік оқыту технологиясы өзіндік танымдық іс-әрекетті дамытуға арналған методологиялық, психо-лингвистикалық, бағдарламалы-техникалық, ұйымдастырушылық құралдардың жиынтығы" болып табылады [3, 320] .

Оқытудың компьютерлік технологиясы оқытушы мен оқушының арасындағы қатынас формасын өзгертеді. Бұл өз кезегінде оқу мотивациясын күшейтеді, оқытудың қарқындылығын арттырады. Оқу мотивациясы дегеніміз - танып білуге ұмтылдыратын қозғаушы күштерді дамытудың әдістері, құралдары мен тәсілдері.

Оқытудың ақпараттық технологиялары - компьютерлік техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструментальды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы [9, 71] .

Ал, мультимедиаға зерттеушілер түрліше анықтама береді:

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.

Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру [10, 144] .

Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені [11, 92] .

Шетел тілі сабағында білім беру траекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдардың бірі - интернет болып табылады. Интернет технологиясы жағдайында білім алудың дамуы, шетел тілін оқыту үдерісі мазмұнына да елеулі өзгерістер енгізді. Интернет мүмкіндіктерін тіл үйренуде пайдала білу, интернет арқылы құнды және ақпараттарды тиімді іздеп, таба білу аса маңызды. Сонымен қатар ғаламдық гипермәтінді ақпараттық жүйе (www), электронды кітапханалар, телеконференциялар, журналдардың электронды версиялары, виртуалды музейлер, электронды хабарландыру тақталары, электронды пошта жүйесінің шетел тілін үйренудегі ықпалы мен орны ерекше.

Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиа, гипермәтіндер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушыларды оқу үдерісінде белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үдерісін басқаруды да жүзеге асырады.

Қазіргі таңда мұғалімдердің алдында заманауи технологияларды пайдалану негізінде, оқу мазмұнын одан әрі жетілдіру үшін Әлемдік желіні қолдану мәселесі туындап отыр. Ғаламтор шетел тілін үйренуде бұрын белгісіз болған жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Оларға: сабақ мазмұнына желідегі материалдарды енгізу; жоба жұмысы бойынша оқушылардың жеке ізденістерін жүргізуге көмектесу; әр түрлі деңгейдегі желі материалдарын пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген икемділіктерін дамыту және жетілдіру; өзара хат алмасу нәтижесінде білім алушылардың жазу дағдысын дамыту; шет тілінің заманауи сөздіктерімен сөз қорын қалыптастыру; желі арқылы басқа елдердің мәдениеті, әлеметтік және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер табу, оларды талдауды үйрену және т. б. жатады.

Оған қоса, ақпараттық жүйе ретінде Ғаламтор өз пайдаланушыларына басқа да ресурстарды ұсынады:

1) электронды пошта (e - mail) ;

2) телеконференциялар (usenet) ;

3) видеоконференциялар;

4) өз мәліметтерін енгізу мүмкіндігі, өзінің жеке бетін қалыптастыру (homepage) және оны Web - серверде орналастыру;

5) ақпараттық ресурстарға қолжетімділік;

6) анықтамалық каталогтар (Yahoo!, InfoSeek/UltraSmart, LookSmart, Galaxy) ;

7) ізденіс жүйелері (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler, Excite) ;

8) желіде сөйлесу (Chat) [12, 209] .

Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық пошта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған.

Электрондық пошта - мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Элетрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үдерісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушының оқушымен кері байланыс қамтамассыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы "диалог" шектеулі болады. Алайда оқушылар модельдік және телефондық каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электорондық почта консультацияның интенсивті үдерісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір нәнді игеруде кітапхаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Шетел тілін оқытуға әртүрлі жолмен жетуге болады. Әрбір амал өзінің пікірлесі мен қарсыластарын табады. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі осы электрондық оқулықтар болып табылады. Электронды оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстары мен тестерді, яғни бір мезгілде білім беру мен баққылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады.

Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және басқа да электрондық кітапханаларымен толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үдерісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясы
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Озат педагогикалық тәжірибе және инновация
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Биологияны оқытуда педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz