Шаруашылық серіктестіктің түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағының Сауда - экономикалық колледжі

Азаматтық құқық пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Заңды тұлға – шаруашылық серіктестік

Тапсырылған күні: Жетекші: Набиева
Ф.Н.
___________________ Орындаған: 32 қ
тобының
Корғалған күні: студенті Базар
Е.Б.
___________________
Бағасы:
__________________

Астана 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Шаруашылық серіктестіктің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 -8
    
ІІ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚҰРЫЛУ НЫСАНДАРЫ
2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің түсінігі және
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9 -15
2.2 Толық серіктестіктің түсіні мен оның
сипаттамасы ... ... ... ... ... 16-2 0
2.3 Сенім (коммандиттiк) серiктестiгi мен қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-23
Шаруашылық серіктестіктің
статистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Заңды тұлға-шаруашылық
серіктестік. Мен курстық жұмысымды екі тарау бойынша қарастырдым. Бірінші
тарауда шаруашылық серіктестіктің ұғымы және олардың түсінігі. Ал екінші
тарауда шаруашылық серіктестіктің құрылу нысандары.
Курстық жұмыстың мақсаты шаруашылық серіктестіктің заңды тұлға
тұсынан ашып қарастыру болып табылады.
Мақсаттан туындаған мынадай міндеттер қалыптасты:
- шаруашылық серіктестіктің түсінігін сипаттау;    
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің түсінігі және сипаттамасын
ашу;
- толық серіктестіктің түсіні мен оның сипаттамасын қарастыру;
- сенім (коммандиттiк) серiктестiгi мен қосымша жауапкершілігі бар
серіктестікті сипаттау.
Мен мына сұрақтарға өзімнің курстық жұмысымның барысында жауап беретін
боламын.
Занды тұлға дегеніміз не ?
Заңды тұлғаны қалай құруға болады ?
Заңды тұлғалардың түрлері ?
Шаруашылық серіктестіктің түсінігі мен ұғымы ?
Осы курстық жұмысымның барысында нақты және дұрыс мәлімет жеткіземін деп
ойлаймын.

І. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Шаруашылық серіктестіктің түсінігі
    
   Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабына сәйкес
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар
және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 34- бабына сәйкес заңды
тұлғалар өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және
алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым)
ұйым заңды тұлға бола алады.     Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам,
өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет
нәтижесi құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк (Қазақстан Республикасының
секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек
қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)
шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе
мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi
бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының
шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма
мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның
бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.
      Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының
салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не
аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн. [1]
Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген
кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым
бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.
      Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн
жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық
мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.
      Салымдарды мүлiктiк емес жеке құқық және өзге де материалдық емес
игiлiк түрiнде, сондай-ақ қатысушылардың серiктестiкке қойған талаптарын
есептеу жолымен енгiзуге жол берiлмейдi.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы
барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық
серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық
капиталдағы салымдарына барабар болады.
      Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн,
егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып
қоюға және сатуға құқылы.
Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ
жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн
жауапкершiлiк заң құжаттарында және (немесе) құрылтай құжаттарында
белгiленедi.
      Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық
несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда
серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн
орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
      Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды
азайту мүдделi адамдардың арызы бойынша сот шешiмiмен серiктестiктi
таратуға негiз болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктiң жоғары органы оның қатысушыларының жалпы
жиналысы болып табылады.
  Толық серiктестiктен және сенiм серiктестiгiнен басқа, бiр тұлға
құрған шаруашылық серiктестiктерде жалпы жиналыстың өкiлеттiгi оның бiрден
бiр қатысушысына тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiкте оның қызметiне күнделiктi басшылық жасайтын
және оның қатысушыларының жалпы жиналысына есеп берiп отыратын атқарушы
орган (алқалық және (немесе) жеке-дара құрылады). Жеке-дара басқару органы
оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.
     Серiктестiктiң алқалы органдары ретiнде:
1) басқарма (дирекция);
2) байқаушы кеңес;
3) заң актiлерiнде немесе шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының
жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы
мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiктiң органдарының құзыретi, оларды сайлау
(тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi осы
Кодекске, заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi.
      Шаруашылық серiктестiгi қаржы есептерiнiң дұрыстығын тексеру және
растату үшiн серiктестiкпен немесе оның қатысушыларымен мүлiктiк мүдделер
жөнiнен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тарта алады (сыртқы аудит).
Шаруашылық серiктестiгiн аудиторлық тексеру серiктестiк бiр немесе бiрнеше
қатысушысының талап етуi бойынша соның (солардың) есебiнен кез келген
уақытта жүргiзiлуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгiнiң қызметiне аудиторлық тексерудi жүргiзу
тәртiбi заңдармен және серiктестiктiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
     Шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың:
1) құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен шаруашылық
серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысуға;
2) шаруашылық серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға және
құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен оның құжаттамаларымен танысуға;

      3) таза табысты бөлiсуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының
бiр немесе бiрнеше қатысушыны пайданы бөлiсуге қатысудан шеттетудi
көздейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады;
4) шаруашылық серiктестiк таратылған жағдайда несие берушiлермен есеп
айырысқаннан кейiн қалған серiктестiк мүлкiндегi өздерiнiң үлесiне сәйкес
мүлiктiң бiр бөлiгiн немесе оның құнын алуға.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай
құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Шаруашылық серiктестiкке қатысушылар:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
      2) салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртiп, мөлшер,
әдiстер және мерзiмдер бойынша салып отыруға;
3) шаруашылық серiктестiк коммерциялық құпия деп жариялаған
мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
Шаруашылық серiктестiктiң қатысушылары Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да
мiндеттердi атқаруы мүмкiн.
Шаруашылық серiктестiктер заң құжаттарында белгiленген реттер мен
тәртiп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешiмiмен шаруашылық
серiктестiктiң бiр түрiнен екiншi түрi не акционерлік қоғамдар немесе
өндiрiстiк кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкiн.
      Толық серiктестiк немесе сенiм серiктестiгi акционерлiк қоғам,
жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк болып
қайта құрылған жағдайда акционерлiк қоғамның, жауапкершiлiгi шектеулi
немесе қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң қатысушысы болған әрбiр
толық серiктес толық серiктестiктен немесе сенiм серiктестiгiнен
акционерлiк қоғамға, жауапкершiлiгi шектеулi немесе қосымша жауапкершiлiгi
бар серiктестiкке көшкен мiндеттемелер бойынша екi жыл бойы өзiнiң барлық
мүлкiмен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серiктестiң өзiне
тиесiлi акцияларды (үлестердi) иелiктен шығаруы оны мұндай жауапкершiлiктен
босатпайды.

 ІІ. ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚҰРЫЛУ НЫСАНДАРЫ

2.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің түсінігі және сипаттамасы

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік
жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының
құны шегінде тәуекел етеді.
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге
немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып
есептеледі. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. 
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша
өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. [2]
Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап
бермейді.    Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген
қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген
бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. 
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға
қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда
өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша
мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
деп танылады.  Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда
көзделеді. 
      Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі
бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай
құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған
қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді. 
Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып
көрсетілуі мүмкін. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның
тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. 
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін
ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне
қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін
жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша
заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға
міндетті. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады,
азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым
салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне
байланысты міндеттерді атқарады.  Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия
негізінде ғана айналыса алады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 43-бабына сәйкес филиалдар
құрып, өкілдіктер ашуға құқылы.  Серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуді
жүзеге асырған органға өз филиалдарын құрғаны және өкілдіктерін ашқаны
туралы, сондай-ақ олардың орналасқан жері туралы хабарлауға міндетті. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін
ашу туралы шешімді, егер серіктестік жарғысында мұндай шешімдерді оның
қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайтыны көзделмесе, серіктестіктің
атқарушы органы қабылдайды. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол
құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар оның
қатысушылары болып табылады.       Мекемелер, егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, меншік иесінің рұқсатымен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктерге қатысушы бола алады.[3]
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір
адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. 
      Бір қатысушыдан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестікте
қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жататын шешімдерді жалғыз
қатысушы жеке-дара қабылдайды және олар жазбаша ресімделеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар: 
      1) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін
басқаруға қатысуға; 
2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі
туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен
танысуға; 
      3) серіктестік қызметінен, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және
оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға; 
      4) серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп
айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе 
серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір
бөлігін заттай алуға;
5) өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
      6) олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне
сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың және құрылтай
құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:
1) құрылтай шартының талаптарын орындауға;
2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде
серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
      3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария
етпеуге;
      4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда
мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге
жазбаша хабарлауға міндетті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің
құрылтай құжаттарында, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде
көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай
шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік
тіркеуден өткізумен аяқталады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға
дейін: 
      1) бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе,
осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті
мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда; 
      2) серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тәртібімен
белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым
қабылданбаған жағдайда тоқтатылады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға
дейін тоқтатылған жағдайда: 
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар,
соның ішінде санаткерлік қызмет нәтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық
және өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу
қайтаруды талап етуге құқылы; 
2) жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында
өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген
мүлік қайтарылуға тиіс. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рәсімі ол аяқталғанға дейін
тоқтатылған жағдайда егер құрылтайшылар жаңа құрылтай шартын жасасса,
серіктестікті құруға болады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуден бас тартуға
себеп болған мән-жайлар ескерілуге тиіс. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде
құрылады.     Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында
мыналар болуға тиіс: 
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және
орналасқан жері; 
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік
реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын
жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке
тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі; 
      3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты
құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді
құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған
адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын
серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың
өкілеттігін анықтау; 
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері; 
5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша
салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не
мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы
мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы
шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына
салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары; 
      6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау;
серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі; 
7) серіктестік жарғысын бекіту; 
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі. 
Құрылтайшылардың шешімі бойынша құрылтай шартына серіктестікті құруға
және оның қызметіне қатысты осы Заңға және басқа да заң актілеріне қайшы
келмейтін өзге де ережелер енгізілуі мүмкін. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның
қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін. [4]
Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар
құрамына кіреді, мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ
үшінші жаққа серіктестік органдарының шешімімен ғана не заң актілерінде
белгіленген жағдайларда ұсынылуға тиіс. 
Мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық серіктестіктің статистикасы
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
Шаруашылық серіктестіктегі қатынастардың ерекшеліктері
Шаруашылық серіктестік түрлері
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Коммерциялық ұйымдар
ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Пәндер