Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы - экономикалық негіздері


Мазмұны
Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз . . . Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады», деген болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін, экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас - олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.
Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару - заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi;
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының екі ерекшелігіне тоқталсам деймін. Біріншіден, онда халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесі нақтылы цифрлармен дәйектелген. Әсіресе, ана мен баланы әлеуметтік жағынан қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Екіншіден, Жолдауда жергілікті өкілетті органдардың жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына ризашылық сезімімізді білдіреміз. Бұл өзі еліміздегі саяси реформаны жүзеге асырудың заңды жалғасы деп білеміз. “Мәскеу бірден орнаған жоқ” деген қанатты сөз бар ғой. Сол секілді саяси реформаны жүзеге асыру әсіре науқаншылдықты, асығып, аптығуды көтермейді. Ол үшін, ең алдымен, тәжірибе жинақтауымыз керек. Мәселен, өткен жылы аудандық, қалалық деңгейдегі әкімдерді депутаттар корпусы арқылы сайлау басталды. Әкімдердің мәслихатта, депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті бюджетті бекітіп, оны қадағалап отыру мәслихаттың құзырында. Міне, енді жергілікті мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларға сүйене отырып, еліміздегі жергілікті басқару деңгейіе зерттеу, сонымен қатар жергілікті халықтың демократиялық жағдайын қарастыратын шараларды ұйымдастырушы билік органдарының қызметін жетілдіру шараларын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Тақырып өзектілігі зерттеу барысында статистикалық мәліметтер мен нақты аналитикалық шолулармен ашылады. Курстық жұмыс үлкен үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқарудың теориялық негіздемелері және шетелдердегі жергілікті басқару модельдері салыстырмалы түрде баяндалған.
Екінші бөлімде Жамбыл облысы Жуалы аудандық маслихаты тәжірибесіне сүйене отырып, жергілікті басқару деңгейі, жергілікті бюджет шығындары және ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы жан-жақты көрсетілген. Осы бөлімнің өзектілігі ретінде қазіргі жергілікті басқару органдарын дамытудағы кедергі болып отырған мәселелер мен олардың мүмкін шешілу жолдары алынған.
Үшінші бөлім барлығын қорытындылай келе, нақты өзекті мәселелердің шешілу жолдары мен жетілдіру этаптарын, сонымен қатар демократиялану принциптері мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының тиімді қызметі үшін жағдай жасау амалдары қарастырылған.
Жалпы алғанда жергілікті мемлекеттік басқару - заң актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет.
1 Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен теориялық негіздері
1. 1 Жергілікті мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару: мәні мен маңызы
Жергілікті әкімшілік-аумақтық бөліктерде биліктің екі түрі қатар жүзеге асуы мүмкін. Бұлар: жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз, жергілікті әкімшілік-аумактық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе деңгейі жоғары тұрған әкімшіліктің атынан жүргізілетін биліктің түрі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды (мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімім тағанындау облыс әкімінің қолында) .
Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, сол аумақта тұратын тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың кызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Еуропа Хартиясынан» үзінді келтіре отырып, жоғарыдағы мағынаны толықтыра түсейік: Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті өзін-өзі басқару деп тусінеміз. Еуропалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен ЖӨӨБ аралас жүреді, екеуі біріге отырып, бір жүйені құрайды. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрлі нұсқасы бар. Әсіресе, жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әртүрлі міндет қойылады.
«Қазақстан-2030» Стратегиясында мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру шешуші міндеттердің бірі ретінде көрсетілді. Бұл мемлекеттік басқарудың әрбір деңгейі үшін өкілеттіктер, міндеттер мен функциялар, қаржыландыру көздері нақты айқындалуы тиіс екендігін білдіреді [1, 37 б. ] .
90-жылдардың аяғында басталған әкімшілік-бюджеттік реформа шеңберінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың республикалық және облыстық деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара-жігі бөлінді. Мемлекетке тән емес функциялардың бір бөлігі жеке секторға берілді, мемлекеттік секторға қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар шешетін мәселелер тобы нақтыланды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының қабылдануымен әрбір билік деңгейі үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды ретке келтіру жөніндегі өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бекіту мәселелері реттелді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінің базалық негіздерін жасау аяқталды.
Қабылданған Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару - заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады.
Ұсынылып отырған жергілікті өзін-өзі басқаруды құрудың схемасы қарапайым. Мәселен, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды тәжірибе ретінде қалай өткізгенімізді жұртшылық ұмыта қоймаған болулары керек. Олар екі кезеңде өткізілді. Әуелі азаматтар басқосуында әр ауылдан таңдаушылар сайланды. Содан кейін таңдаушылар әкімді сайлады. Сайлау комиссияларында сол таңдаушыларды сайлаудың схемасы да, тәртібі де, тіпті аты-жөндері де сақтаулы. Міне, таңдаушылардың осы институты, менің көзқарасымша, болашақ жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органының тамаша үлгісі болып табылады. Ал ол кеңес, әлде басқаша атала ма, мәселе онда емес. Содан кейін осы өкілетті орган әкімді сайлайды [7, 6 б. ] .
Сондай-ақ әкімді сайлаудың схемасы да әртүрлі болуы мүмкін. Оның кандидатурасын жоғары тұрған әкім де ұсына алатын болуы ықтимал. Бірақ, мұны таңдаушылар ұсынуымен немесе ұжымдық ұсыну арқылы, сонымен бірге, өзін-өзі ұсыну жолымен де жасауға болады.
Алайда бастысы мынада: кез келген жағдайда сайланған әкім (немесе төраға) “екі әміршінің қызметшісі” болып шығады. Яғни, ол бір жағынан өзін сайлаған кеңеске, екінші жағынан мемлекеттік функциясына сәйкес өзінен жоғары тұрған әкімге бағынуға міндетті болады. Демек, бұл схема республика Конституциясына қайшы келеді. Өйткені, Негізгі Заңымызда жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқарудан нақты бөлінген деп көрсетілген.
Жергілікті өзін-өзі басқару туралы бір ғана заң жобасы үшін мемлекеттің Негізгі Заңын өзгерту шарт емес қой деп ойлаймын. Дегенмен, оны өзгертуге алғышарттар қалайда пісіп-жетілетін болса, онда жергілікті өзін-өзі басқару туралы бапқа өзгерісті де міндетті түрде естен шығармау керек. Атап айтқанда, «мемлекеттік басқарудың жекелеген функциялары жергілікті өзін-өзі басқаруға беріле алады» деген тезисті бекіту қажет. Сонда жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңның ұсынылып отырған нұсқасы заңды күшіне ие болады.
Ал заң жобасының үкіметтік нұсқасына қатысты айтатын болсам, оны осы схемаға иліктірудің еш қиындығы жоқ. Тек заң жобасының жергілікті өзін-өзі басқаруды құру деңгейіне қатысы бар бірнеше бабын ғана өзгертсе жетіп жатыр. Атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару ауылдарда, кенттерде, аудандық маңыздағы қалаларда, сонымен қатар, ауылдық округтерде құрылатыны анықталуы тиіс. Осылайша өкілетті және атқарушы органдарды құрудың тәртібі біршама өзгеріп, жергілікті өзін-өзі басқарудың функциялары мен өкілеттіктерін бүге-шігесіне дейін көрсетудің қажеттілігі түсіп қалады. Егер осы нұсқа қабылданатын болса, онда ең басты проблеманы - қаржымен қамтамасыз ету проблемасын оңай шешуге болады. Бұл үшін әуелі әкімшілері кеңес таңдаған әкімдер болатын тәжірибелік схема арқылы бюджеттік бағдарламаларды бекітіп алу қажет. Кейін жергілікті өзін-өзі басқаруды өзінің жеке бюджетімен қамтамасыз етуге әбден болады.
Бірақ жергілікті өзін-өзі басқаруды құру үшін қандай схема таңдап алынғанына қарамастан, бұл алдағы ауқымды заңшығарушылық қызметтегі тек алғашқы тырнақалды қадам ғана болады деуіміз керек. Өйткені, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылданғаннан кейін аталған институттың құқықтық қызмет алаңын қамтамасыз ету үшін басқа заңнамалық актілерге шамамен отыз шақты тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұған қоса, жаңа заңнамалық актілердің тұтас бір шоғырын қабылдау қажеттігі туындайды. Олар «Муниципалды қызмет туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негіздері туралы», «Жергілікті референдум туралы», «Муниципалды меншік туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды облыстық, республикалық маңыздағы қалалар мен ел астанасында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы», басқа да бірқатар заңдар. Бірақ мұның барлығы ең басты мәселе қалай шешілетініне, яғни ел Конституциясын, атап айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты бапты өзгерту қажет пе деген мәселе қалай шешілетініне байланысты болмақ.
1. 2 Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы-экономикалық негіздері
Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару, оның өкілді және атқарушы органдарының құзыреттері, ұйымдастырылу тәртібі мен қызмет бағыттары, сондай-ақ қызметтерінің экономикалық және қаржылық негіздері Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңның тиісті баптарында айқындалып, белгіленген. Сонымен, жергілікті мемлекетті басқару деп аумақтардың әлеметтік-экономикалық инфрақұрылымдарын жаңаша ұйымдастырып, қалыптастыруға және мемлекеттік саясат пен әкімшілік-аумақтық бөліністерді дамыту бағдарламаларында көзделген мүдделер мен міндет-мақсаттарды қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғылықты халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шараларды өздеріне белгіленген құзыреттері шегінде жүзеге асыруға атсалысатын тиісті мәслихаттар мен әкімдіктердің басқарушы-атқарушы ықпал ету сипатындағы қызметтерін айтамыз.
Мәслихат - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тұрғылықты халқы сайлайтын, халықтың еркі мен тынысын білдіретін және олардың мүдделерін тиісті заңдар негізінде қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар белгілейтін, сондай-ақ олардың тиісінше жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілетті орган болып табылады [8, 4 б. ] . Мәслихат құзыретіне:
- тиісті аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) ауданды, кентті, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округті ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту;
- тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
- өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұйымның шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
- әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;
- атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау және т. б.
Әкімдіктер - облыстың, республикалық маңызы бар каланың әкімі басқаратын, өз құызыреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық құрылыс ауқымында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы органды айтамыз.
Әкім Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті деңгейде мемлекетті басқару өкілеттілігі берілген, орталық атқарушы органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуіне және сол аумақтарда тиісті мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өз уәкілеттілік берген мемлекеттік мекемеге басшылық ететін және аумақтың әлеуметтік-экономикалық тиісінше дамуын қамтамасыз етуге жауап беретін Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің өкілі болып табылады. Жергілікті атқарушы органның және қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемеге әкімнің аппараты жауапты [9] .
Атқарушы органдар өздеріне тән мына келесі белгілермен айрықшаланады: олар жоғары тұрған уәкілетті органдар арқылы құрылады және осы органдарға есеп беруге міндетті болады; оларға айтарлықтай дербестілік берілгенімен, жоғары тұрған атқарушы билік органдарының бақылауында болады; олардың тұрақты штаттары болады және атқарушы билік қызметін жүзеге асырады; олардың құрылымы мен қызмет бағыттары әкімшілік құқықтық нормалармен белгіленеді.
Атқарушы органдар қызметтері мыналар: болжауда, қолда бар ақпараттардың, оның ішінде ғылыми ақпараттардың негізінде қандай да болмасын оқиғалардың немесе процестердің дамуында болатын өзгерістерге көз жеткізу; жоспарлау-басқару қызметінің күткен нәтижелерін, міндеттері мен мақсаттарын, бағыттарын, нақты сандық және сапалық көрсеткішін анықтау; жүйеге сай басқарушы мен басқарылушыны ұйымдастыру т. б.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында мүліктік және қаржы-бюджеттік құқықтармен қамтамасыз етіледі.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұндай құқықтардың ресурстық қамтамасыз етілуі жергілікті қаржылар болып табылады. Оған жергілікті бюджеттер мен территориялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары кіреді. Жергілікті қаржылар халықты коммуналды-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетумен байланысты кең ауқымды шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етеді. Сонымен, жергілікті қаржылар - муниципалды құрылымдардың экономикалық және әлеуметтік дамуына жұмсалатын ақша құралдарының қорларын, ұлттық табысты бөлетін және қайта бөлетін экономикалық қарым-қатынастар жүйесі.
Жергілікті қаржылар арқылы мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді жүргізеді. Жергілікті билік органдарын бюджет құралдарымен қамтасыз ете отырып, білім беруді, денсаулық сақтауды, халыққа коммуналды қызмет көрсетуді, құрылыс пен жолдарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Жергілікті қаржылар көмегі арқылы мемлекет территорияның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерін теңдестіруді жүзеге асыруы мүмкін. Теңдестіруді жүзеге асыру үшін аймақтық бағдарламалар дайындалуы керек. Аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру құралдары әкімшілік-территориялық бірліктерге сәйкес бюджет табыстары мен салықтары көздерінен қалыптасады. Муниципалды бюджетке аймақтық салықтық есептеулер, сондай-ақ субвенциялар, яғни денсаулық сақтауды дамытуға, жол құрылысына, коммуналды объектілерге бюджеттен берілетін қаржылық ресурстар бөлінеді [10] .
Жергілікті қаржыларды қолданудың басты бағыты әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды қаржылық қамтамасыз ету болып табылады. Жергілікті қаржыландыру көзі бюджеттік қаржы бөлу және шаруашылық жүргізуші субъектілер құралдары болып табылады.
Жергілікті қаржылардың негізгі құрамдас бөлігі жергілікті бюджеттер болып табылады. Жергілікті бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті әкімшілік-аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюджеттер республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және облыс, республика маңындағы қала, астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін құрайды. Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша биліктің жергілікті органдары өз функцияларын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.
Жергілікті бюджетердің кірістері мен шығыстарының құрылымы республикалық бюджеттікіндей Бюджеттік кодекс ережелерімен анықталған, бірақ әлдебір ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктері әрбір мемлекеттік басқару деңгейі бойынша өздерінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатта тұрақты кірістік қайнар көздерді бекіту мен билік құрылымдардың өкілеттіктерін шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге сәйкес бюджеттер деңгейлері арасында шығындарды бөлумен шарттасады. Шығындық өкілеттікті бөлудің жүйелігін қамтамасыз ету мақсатта басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың белгілі функциялар орындау құзіреттері анықталып оларға шығындық өкілеттік бекітіледі.
Жергілікті қаржылардың бір бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілер құралдары болып табылады. Оларға келесілер кіреді:
- біріншіден, муниципалды меншіктегі кәсіпорындардың қаржылық ресурстары. Көбінесе бұл коммуналдық кәсіпорындар;
- екіншіден, әлеуметтік-мәдени және тұрғын-коммуналдық объектілерді қаржылардыруға жұмсалатын кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың қаржылық ресурстары.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында үйлер, пәтерлер, мектепке дейінгі мекемелер, әдістемелік мекемелер, демалыс объектілерін салады және сатып алады. Көп жағдайда кәсіпорын қаржысы әлеуметтік дамуға бағытталған. Тұрғылықты жерлерді дамыту, қаржылық және ондағы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды қамтамасыз етудің басты бөлігі өндірістік және шаруашылық ұйымдар қаражаттары болып табылады.
Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымға арналған кәсіпорын қаржыларының қалыптасу көзі - оның пайдасы. Кәсіпорында қалатын пайдадан мақсатты қорлар қалыптасады. Осы қорлар есебінен кәсіпорындар ұйымның тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық қызметтердегі қажеттіліктерін қанағаттандыра алады [11, 19б. ] .
Муниципалды меншік. Муниципалды меншіктің қалыптасу процесі 13 қаңтар 1992 жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңының қабылдануымен басталды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес муниципалды құрылым меншігіндегі мүлік екіге бөлінеді. Бір бөлігі шаруашылық жүргізу және оперативті басқару құқығы негізінде муниципалды кәсіпорындар мен ұйымдарға беріледі. Екінші бөлігі, яғни жергілікті бюджет құралдары мен басқа да муниципалды мүлік Азаматтық кодексіне сәйкес муниципалды құрылымның қазынасын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz