Педагогикалық технологияны талдау сызбасы


ЖӘҢГІР ХАН атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОК 378. 14 Қолжазба құқығында
АЙГҮЛ СЕРАЛЫ
Жоғары оқу орнында жалпы білім беру информатика курсын оқыту үдерісін жобалауды автоматтандыруды іске асыру
13. 00. 02- Оқу мен тәрбие теориясы мен әдістемесі
(информатика, білім жүйесін ақпараттандыру)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшілері:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Кариев С. К.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының "Бiлiм" туралы Заңындағы қажеттi реформаның мiндеттерiнде болашақ мамандар кәсiпқой, өмiр және экономикалық үдерістердi талдай бiлетiн, алған бiлiмдердi одан әрi дамытып материалдық, рухани байлықтарды жасай алатын мамандарға қажеттiлiктер туындала бастағанын алғы шарт етiп қою қажеттілігінде айтылған [1] . Яғни, еліміздің дамыған елдердің қатарына кіруге мақсат қойған қоғамымызда әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер сол заман талабына сай білім беру саласын жетілдіруге жаңа талаптар қойып, жаңаша міндеттер жүктеп отырғанын айтуымызға болады.
Қазіргі заманғы білім жүйесіндегі жаңа технологиялар оның жаңа ортада, яғни ақпараттық қоғамда дамуына тікелей байланысты. Білім туралы заңның негізгі ұстанымының бірі - білімді ақпараттандыру болып табылады [ 2 ] .
Білімді компьютерлендіру мәселесіне әдіснамалық, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мінездеме беру, оны кешенді түрде қарастыруды ресейлік ғалымдар- А. П. Ершов [3], В. М. Монахов [4], Б. С. Гершунский [5], А. А. Кузнецов [6], Е. И. Машбиц [7], В. В. Давыдов [8], В. В. Рубцов [9], А. И. Яковлев [10] т. б. алғашқылардың бірі болып ұсына бастады. Осы ғылыми еңбектер бұл мәселемен айналысатын зерттеушілерге теоретикалық тұрғыдан басшылыққа алынуда.
Өз кезегінде қазақстандық білім жүйесін ақпараттандыруға еліміздің ғалымдары да өз үлестерін қосуда. Ақпараттық технологиямен оқытудағы үдерістер, білімді ақпараттандырудың педагогикалық шарттары, оқу үдерісін автоматтандыру Т. О. Балықбаев [11], Е. Ы. Бидайбеков [12], Е. Медеуов [13], Ж. А. Қараев [14], С. Кариев [15], С. М. Кенесбаев [16], Ж. Нұрбекова [17], С. Г. Григорьев [18], В. В. Гриншкун [19], Г. К. Ізтілеуова [20] және т. б. ғылыми жұмыстарында жеткілікті деңгейде сипатталған. Ақпараттық технология ортасына бейімделгіш - қашықтан оқыту технологиясы (Г. К. Нұрғалиева [21] ) зерттеу жұмыстарында жоғары деңгейде орын алған. Бұл көрсетілген зерттеулердің тартымдылығы оның ұлттық білімді ақпараттандыруға бейімделуінде, іс-тәжірибелердің сол ортада жасалынуында болып саналады
Осыған сәйкес жалпы білім парадигмасы болашақ информатика мұғалімдерін жоғары оқу орындарында жаңаша технологиямен оқыту негізінен жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, кәсіби үйренуде алға қойған мақсатына жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, өз өмір әрекеттерінде берілген әртүрлі бағыттағы материалдарды жедел әрі сапалы меңгеруге бағытталайды.
Педагогикалық ғылымда білімдегі оқыту жүйесін автоматтандырудың әртүрлі аспектісіне мен мәселелеріне шетел зерттеушілері П. И. Пидкасистый [22], Ю. К. Бабанский [23], Е. И. Мащбиц [24], В. М. Монахов [25], Н. Ф. Талызина [26], В. П. Беспалько [27], М. В. Кларин [28] т. б., және отандық зерттеушілер Б. Ә. Әбдікәрімов [29], Г. К. Нұртаева [30], М. С. Мәлібекова [31], Ә. Е. Әбуов [32] т. б. өздерінің көптеген зерттеулерін арнап, ғылыми негізделген ұсыныстар жасаған.
Оған нақты анықтама беруде авторлардың зерттеу пәніне байланысты әртүрлі келулер мен көқарастарын байқауға болады. Мысалы, қазақстандық ғалымдар еңбектерінде “инновация”, “педагогикалық (білімдік) инновация”, “технологиялық инновация” түсініктеріне толықтырып жүйелік анықтамалар берілген [33] . Бұл автоматтандыру үдерісінің қазақстандық шартында қалыптасқан анықтама.
Қазіргі кездегі жоғары оқу орнының білім бағдарламасына сәйкес информатика курсын оқытуда бұл әрекеттерді басқару мәселелері, оларға қазіргі заман технологиясы мен құралдарын пайдалану үдерістері студенттермен жұмыс істеуде өз шешімін толық таппаған мәселе болып саналады.
Информатика пәнінің мазмұнын анықтау, оны оқытуда қазіргі заман технологиясын таңдау және бұл технологияны оқу үдерісіне пайдаланып, іс жүзіне асыру мәселесі де осы уақытқа дейін толық қарастырылып анықталмаған. Өйткені, информатиканы жоғары оқу орындарында оқитын болашақ мамандар өзі қалаған мамандықтарына бейімдеп өтілетін оқу материалдарының көлемі толық және айқын көрсетілмеген және де олар оқу әдістемелік құралдармен де қамтамасыз ету деңгейі әлі де болса төмен болып отыр.
Біздің жағдайымыздағы бұл үдерісті жобалау мәселесі, оны іске асыруды болашақ информатика мамандықтарға білім беруге қатысты болмақ. Негізінен бұл сала әлі толық шешімін таппағанмен, бұған, тікелей әсер ететін еліміздегі жаңа өзгерістер инновациялық енгізулердің болашағынан зор үміті бар екенін айта кету керек, сондықтан ол сенімді үдеріс ретінде үміт күттірдеі.
Білім мазмұнын қалыптастыруды белгілі ғалымдар В. В. Краевский [34], М. В. Кларин [35], В. М. Монахов [36], Қ. Қабдықайыров [37], Н. В. Апатова [38] Л. Оразбекова [39] және т. б. ) көптен бері зерттеп, жоғары мектептегі әр саладағы білім мазмұнын анықтап, жасалынған әдістемелік жүйелерін оқу үдерісіне енгізу жұмыстарын жасаған.
Сондықтан біздің тұжырымдамамызда да осы технологияны болашақ информатика мұғалімдерін даярлауда информатиканы оқыту үдерісіне пайдалану қажеттігін бүгінгі күннің талабы деп есептейміз. Өйткені, жаңа технологияны пайдалану оларға: 1) сапалы білім алуына нақтылай жағдай жасайды, өйткені теориялық материалдар мен практикалық қосымшалар оның қолында тұрақты болады; 2) теориялық және практикалық сабақтағы уақытын тиімді пайдаланады, оңайлы ұйымдастырады, өз білімін бағалаудың жолын біліп отырады; 3) көп жағдайда оқытушының көмегінсіз өз бетінше тапсырмаларды орындап, болашақ мамандығына пайдалана білетін болады. Ал, оқытушыға өз тәжірбиелерін үнемі жаңалап, толықтырып, сапасын арттырып, өздері жасаған технологиялық материалдармен тәжірибе алмасып, оны басқа дәрежеде дайындай алады. Бұл басқа салалардағы ғылыми еңбек пен тәжірибелердің нәтижесі.
Бұл технологияны информатиканы оқыту үдерісіне қолдану жағдайына байланысты көптеген ғылыми теоретикалық талдаулар жасадық, педагогикалық психологиялық және де дидактикалық жұмыстарға саралаудан өткіздік. Еліміздің жоғары оқу орындарындағы информатиканы оқытудың қазіргі заманғы жағдайы, оқу үдерісі, оқу - ғылыми әдебиеттертерәмен қамтамасыз етуді қарастырғанымызда, болашақ информатика мұғалімдерін жаңаша технологиямен даярлауды дамыту мәселесі толық зерттелмегенін байқадық.
Информатика мамандарының білімін жетілдіру жолдарыy іздестіру, оларға білім технологиясының информатика курсын оқытуда кәсіби бағыт беруде енгізу, соның нәтижесінде олардың білім деңгейін көтеру, жаңа оқыту жүйесі шартында бұл мәселенің тәжірибелік және теоретикалық маңыздылығының жасалмағаны біздің ғылыми зерттеуіміздің тақырыбын « Жоғары оқу орнында жалпы білім беру информатика курсын оқыту үдерісін жобалауды автоматтандыруды іске асыру » деп алуымызға негіз болды.
Еліміздегі жоғары оқу орнында болашақ информатика маманын даярлауда осы көрсетілген технологиямен оқытуда осы кезге дейін өз шешімін толық таппаған мәселелер баршылық. Солардың бірі - информатикадан арнайы курстарды жаңаша технологиямен оқытуды жобалау жүйесін жасап, осы ортаға бейімдеу, әсіресе, бұл мәселе елімізде толық енгізілген кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты осы оқыту жүйесі мен ортасында жасап, зерттеулер мен тәжірибелерден өткізіп, алынған ғылыми нәтижелерін қайта қарастырып, жаңаша шартта оқыту үдерісіне енгізуге тура келеді. Сондықтан бір жағынан, жоғары оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа әлемдік деңгейде дайындауға сұраныс, ал екінші жағынан, осы мамандарды дайындаудағы жоғары мектептерде білім берудегі көрсетілген, орын алған мәселелер мен жаңаша шарттағы зерттелмеген мәселелелер жұмысымыздың қарама-қайшылығын айқындап отыр.
Еліміздің жоғары оқу орындарында айқындалған информатикадан білім мазмұнына байланысты, оқу саласы мен бағытына қарай бір деңгейлі білімді анықтап алу қажет. Мысалы, осы оқу орындарында кредиттік жүйемен оқыту шартында студенттерді мемлекеттік стандарт бойынша болашақ информатика мұғалімдеріне сапалы білім беру деңгейі курс мазмұны бойынша қазіргі кезде біркелкі болып отыр деп санауға болмайды. Осы курсқа әсер ететін факторлардың көптігіне байланысты ол объективті себептер болып саналады. Осы нормативтік құжаттардан болашақ информатика мұғалімдерінің білім мазмұнының қандай дәрежеде болатынын онда нақты көрсетілмеген соң айту қиындау. Сондықтан, жаңа жүйедегі білім технологиясын оның ерекшеліктерін ескеріп пайдаланып оқыту үдерісін жобалау, оны іске асырудың әдістемелері мен құралдарын жасау, жаңаша ортада осы кезге дейін толық зерттелмеген жағдай. Біздің ғылыми зерттеуіміздің көкейкестілігі осында.
Зерттеудің мақсаты - жоғары оқу орындарындағы информатиканы білім стандартына сәйкес жобалау үдерісін автоматтандыруды іске асыру, оның тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны педагогикалық эксперимент арқылы дәйектендіру.
Зерттеудің нысаны - жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісі.
Зерттеудің пәні - жоғары оқу орындарындағы информатика пәнін оқытуды жобалауда педагогикалық технологияның құралдарын жасау мен іске асыру әдістемелері .
Зерттеудің ғылыми болжамы - жоғары оқу орындарындағы информатиканы оқыту үдерісінің тиімділігінің, сапасын арттыруын оны жобалауда білім технологиясын пайдаланып, оны іске асырудың әдістемелер жүйесі жасалынатын болса, онда білім берудің оқу үдерісінің сапасы артып, болашақ информатика мамандарының білім деңгейі көтеріледі, өйткені әлемдік деңгейде сапалық сараптамадан өткен жаңаша оқыту жүйесін автоматтандыру оқу үдерісін жетілдіреді.
Зерттеудің міндеттері:
- жоғары оқу орындарындағы информатиканы оқытудың, онда пайдаланылатын білім технологиясының, жоғары оқу орындарындағы информатика мұғалімдерін даярлаудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- жоғары оқу орындарындағы оқытуды жобалаудағы технологияға бейімделген құралдарының жүйесін жасаудың теориялық негізін нақтылау;
- педагогикалық технология тәсілімен құрылымдық жобалаудың құралдарын анықтау;
- жоғары оқу орындарында информатика курсын технологиялық картаның негізінде жобалаудың мазмұны мен құрылымы айқындау;
- технологиялық картаны автоматтандыруды іске асыру негізінде технология жобасын жасау;
- информатика курсын оқытуда технологиялық картаны пайдаланудың әдістемесін жасау және ұсынылған жаңа әдістеменің тиімділігін педагогикалык эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орындарында болашақ информатика мұғалімдерін даярлау үдерісін жаңаша технологиямен қамтамасыз ету, студенттердің тұлғалық дамуы және оқытушылардың әрекетіндегі жаңашылдықты қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз етеді.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Болашақ информатика мұғалімдерін жаңаша технологиямен оқытудың тиімді құралының бірі ретінде ғылыми негізделіп жасалынған тапсырмалар жинағының мазмұны мен құрылымы ұсынылды; философтардың, психологтардың, педагогтардың, әлеуметтанушылардың тұлғаны қалыптастыру теориясы мен соңғы жетістіктері; кәсіби білім беру саласындағы болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктілігін қалыптастыру мен оқу үдерісіне жаңашыл технологияны пайдалауға байланысты әртүрлі ғылыми-теориялық еңбектер құрайды.
Зерттеудің көздері. Тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік орын туралы ілім, оның дамуындағы әрекеттер мен қатынастың ролі, еліміздің әлеуметтік экономикалық түрлендірулер концепциясы негіздері, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы, “Білімді ақпараттандыру” бағдарламасы, жұмыстың әдіснамалық-теориялық негіздерінің авторлары, білімді қамтамасыз ететін ресми құжаттар, оқу-әдістемелік кешендер, оқулықтар мен оқу бағдарламалары, автордың педагогикалық тәжірибесі мен зерттеушілік әрекеттері.
Зерттеудің әдістері . Ғылыми-теорилық әдебиеттер мен бағдарламаларға, ресми құжаттарға теоретикалық-әдіснамалық талдаулар жасау; теориялық моделдеу жұмыстары; болжамдау әдістемелері (сауалнамалар, бақылау және тестілеу әдістері) ; тәжірибелік әдіснамалар, педагогикалық эксперимент, нәтижелерді статистикалық әдіспен өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жоғары оқу орындарындағы информатиканы оқытуда пайдаланылатын технологиялық картаны автоматтандырудың қажеттілігі көрсетілді;
- жоғары оқу орындарында информатика курсын технологиялық картаның негізінде жобалаудың мазмұны мен құрылымы айқындалды;
- технологиялық картаны автоматтандыруды іске асыру арқылы технология жобасы жасалынды;
- автоматтандырылған педагогикалық технологиялық картаны пайдаланып оқытудың әдістемесі ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: болашақ информатика мұғалімін дайындауды жетілдіру үшін қолдануға болады. Зерттеу жұмысында жасалған технологиялық картаны, тапсырмалар жүйесін білімнің әртүрлі қадамдарында, мұғалімнің біліктілігін жетілдіру жүйесінде, информатика оқытушыларының іс-тәжірибесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- жоғары оқу орындарындағы информатиканы оқытуда пайдаланылатын технологиялық картаны автоматтандырудың қажеттілігі;
- жоғары оқу орындарында информатика курсын технологиялық картаның негізінде жобалаудың мазмұны мен құрылымы;
- автоматтандырылған технологиялық картаны іске асыру арқылы технология жобасы;
- автоматтандырылған педагогикалық технологиялық картаны пайдаланып оқытудың әдістемесі.
Зерттеудің нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі : зерттеу нысанындағы негізгі бағыттардың әдіснамалық тұрғыда дәйекті дәлелденуімен, теориялық және тәжірибелік материалдардың талдануымен, экперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің дәлелді қорытындылануымен, олардың тиімділігінің жоғары оқу орындарындағы информатика мұғалімдерін дайындау үдерісінде тексерілуіменен қамтамасыз етілген.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу. Жоғары оқу орнындағы болашақ информатика мұғалімдерін даярлауды автоматтандыруды енгізу мақсатында “информатика (Паскаль тілі) ” курсынан технологиялық карталар жүйесі қалыптасып, оны оқыту үдерісінде іске асырудың әдістемелік құралы жасалынып, іс-тәжірибеге енгізілді.
Зерттеудің негізгі қағидалары: «Информатика пәнінен технологиялық карта және оған бейімделген тапсырмалар жүйесін жасаудың теориялық негізі»(«Білім», 2008 ж., №12. Алматы қаласы. ) ., «Информатиканы инновациялық технологиялық құралмен оқытудың ғылыми-теориялық негізін талдау»(«Бастауыш мектеп», 2009 ж., №1 Алматы қаласы. ) ., «Информационная технология-как средство обучение»(«Поиск», 2008 ж., №12. Алматы қаласы. ) ., «Информационная технология обучения в современном мире». (Международная научно-практическая конференция «Теоретические и методико-биологические проблемы современной ФК и спорта» г. Бишкек Кыргызская Республика., «Методы и организационные формы преподавания информационных технологий»(Международная конференция «Актуальные проблемы развития инновационной деятельности». г. Ташкент Республика Узбекистан) ., «Школьная информатика: психолого-педагогические аспекты использования компьютера в начальной школе». (Всероссийская международная конферения «Интернети и современное общество». г. Санкт-Петербург Российская Федерация) баяндалды, жарық көрген мақалалар мен әдістемелік құралдардан көрініс тапты.
Зерттеудің базасы. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінің «Машина жасау», «Политехникалық» факультеттерінде “Информатика ” пәнінің оқу үдерісінде жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1-ші кезеңде (2005-2007 жж. ) теориялық тұрғыдан зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды, еліміздегі жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде осы мәселеге байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен тәжірбелердің қазіргі жағдайы анықталды, оқу үдерісін жобалауға педагогикалық технологияны пайдалану мүмкіндіктері айқындалды, ғылыми аппарат айқындалып, зерттеуге байланысты материалдар жинастырылды.
2-кезеңде (2007-2008 жж. ) зерттеу тақырыбының мақсатына сәйкес жоғары оқу орындарындағы информатика мұғалімдерін жаңа оқу технологиясы шартында білім берудегі жаңаша құралдар мен олардың мазмұны мен құрылымы анықталып, оқу үдерісіне енгізуге негіз болатын жағдайлар жасалынды. Педагогикалық технология бойынша оқу үдерісі жобаланып, технологиялық базасы жасалынды, тәжірибелік сабақтар өткізуге мүмкіндік туды. Дидактикалқ оқу құралдары қалыптастырылып, айұындаушы және қалыптастыру эксперименттері жүргізіліп, нәтижелері талдаудан өтіліп отырылды.
3-ші кезеңде (2008-2009 жж. ) Зерттеу жұмыстарымыздың теориялық негізінде тәжірибелік педагогикалық жұмыстар жүргізіліп отырылды. Білім стандартына сай технологиялық картаға бейімделген оқу материалдарының мазмұны қалыптасып, информатиканы оқыту үдерісін автоматтандыру бейімделді. Жасаған технологиялық базаның және әдістеменің негізінде бақылау және эксперименттік топтарға қалыптастыру эксперименттерң жүргізілді. Жиналған материалдарды талдау, өңдеп жүйеге келтіру жұмыстары жасалынды; эксперименттік жұмыс қорытындысы мен іс-тәжірибелік әрекеттердің теориялық және практикалық нәтижелері қорытылып, басылымдарға жариялануға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымдық мазмұны. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, суреттерден, кестелерден, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, зерттелу дәрежесі, ғылыми аппараттары (мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы) беріледі, практикалық маңыздылығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
«Жоғары оқу орындарында информатика курсын оқыту үдерісін автоматтандырудың ғылыми-теориялық негіздері» а тты бірінші тарауда зерттеудің проблемасына байланысты жоғары оқу орнында информатика болашақ пәні мұғалімдерін даярлаудың қазіргі заманғы жағдайы, жаңаша білім технологиясымен оқытудағы мәселелер, информатиканы оқыту үдерісін жобалаудағы ғылыми-теориялық негізіне талдаулар жасалынып, осы пәннен технологиялық құралдар жүйесін жасаудың теориялық негізі көрсетіледі. Жасалынған құралдарды білім стандартына сәйкес информатиканы оқыту үдерісінде студенттердің білім деңгейің оқытуды автоматтандыру негізінде асыруда осы саладағы ғалым зерттеушілердің (В. М. Монахов, Н. Ф. Талызина және т. б. ) педагогикалық технологиясының мәні мен автоматтандыру үдерістеріндегі жұмыстары қарастырылды.
«Жоғары оқу орындарында информатика курсын оқыту үдерісін автоматтандыруды іске асыру» атты екінші тарауда білім сапасын арттыруға мақсатталған информатика курсының құрылымдық жобасы қарастырылыған, зерттеудің мақсатын жүзеге асыруда технологияның негізгі базалық құрауыштары - технологиялық карталар мен сабақтың ақпараттық картасы жиынтығын жасаудың әдістемесі, информатикадан тапсырмалар жүйесін осы құралдарға бейімдеу үдерісі мен оны іске асыру жолдары сипатталып, ұсынылады. Педагогикалык эксперимент жұмыстары және оның нәтижелері беріледі.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада зерттеу материалдары (эксперимент шартындағы оқытуға байланысты технологиялық карталар мен карталар бойынша жасалынған информатика сабағының ақпараттық карталары ) беріледі.
1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН АВТОМАТТАНДЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жоғары оқу орнында болашақ информатика пәні мұғалімдерін даярлаудың қазіргі заманғы жағдайы
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі негізгі қағидалары «Білім туралы» ҚР заңы [1], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы [40] және т. б. ресми құжаттардағы мемлекеттік білім саясаты арқылы нақтыланған. Бұл құжаттарды еліміздің білім жүйесін реформалаудың басты міндеттері болып білімнің барлық деңгейін ақпараттандырудың мен оқытудың жаңа технологиясын енгізу болып саналады.
Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық үдерістердің тез дамуы, ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың көлемiнiң үдей түсуiне байланысты бiлiмнiң тез алмасуы және де жаңаруы шартында жоғарғы мектепте жоғары жалпыбiлiмдiлiк пен кәсiби дайындығы бар, өздiгiнен шығармашылық жұмысқа бейiмдi, өндiрiстiк үдеріске жаңаша және де прогрессивтiк нәтижелердi енгiзе алатын мамандарды дайындаудың мәнi аса жоғары болып отыр.
Бәрімізге белгілі, қазір ақпараттандыру үдерісі арқылы жаңа қоғамдық құрылым - ақпараттық қоғам түсінігі пайда болды. Оның барлығы білімнің ақпараттық қоғамдағы өмір сүру орталығына тікелей байланысты. Бұл қоғамның дамуы білімнің мақсаты мен мазмұнына көп әсер етеді, ол оқытудың әдістемесі мен ұйымдастыру пішінін өзгертуге алып келеді.
Бұл түсінікке И. В. Роберт мынадай сипаттама береді: « Қоғамды ақпараттандыру - бұл әрекеттің түрі ақпаратты өңдеу, сақтау, тасымалдау және оны қолдану болып табылатын, жаңа есептеу техникаларының құралдарымен және ақпаратты алмасу құралдарымен іске асырылатын ауқымды әлеуметтік үдеріс» [41] .
Казақстан білімде ақпараттық технологияны пайдаланудан әлемде тұрақты дамып келе жатқан және ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатардағы орындардың біріне шықты деп айтуға болады. Жоғары оқу орындарында мамандар дайындауға қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу және материалдық базасы жеткілікті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz