Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік ілімі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы:Конфуцийдің әлеуметтік-адамгершілік ілімі

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Конфуцийдің әлеуметтік-адамгершілік ілімі
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Конфуций шин тәжірибе -- ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастар болып саналады. Дана адамның бойындағы ең басты қасиеттер -- халықтан алшақтамауында, халық қалай өмір сүрсе, дәл солай тіршілік жасауында, қоғамдық салт- дәстүрлерді сақтай отырып, өмірден моральдық жағынан қанағат алуды басты орынға қоюында. Қытай қоғамында салт- дәстүрлер, салт-жоралар өмір сүрудің басты шарттары болып саналады. Демек, Конфуций үшін де салт-жоралар адам тіршілігінің, оның қоғамдық қызметінің негізі, адамгершілік қасиеттердің басты өлшемі, адамның белгілі бір ортада өзін-өзі үстай білуі жөнінде Әңгімелер мен ой толғаулары атты еңбегінде мынандай ақыл-кеңестер береді: Қай ортада отырсаң да өзіңді құрметті қонақтарды қабылдап отырғандай ұстауға дағдылан. Қызмет бабында да өзіңді салтанатты құрбандықтарға басшылық жасап отырған адамдай сезін. Өзің қаламаған нәрсені басқаларға жасаудан сақтан. Осы айтылған өмірлік қағидаларды мүлтіксіз орындағанда отбасына ғана емес, сонымен ъъ мемлекет мүддесіне ешқандай нұқсан келтірмейсің.Конфуций ілімі бойынша, салт-жораларды қатаң сақтаушы адамдар өзін қоршаған барлық адамдармен де татулық қарым-қатынаста өмір сүреді. Салт-жораларды сақтауда, әсіресе адам бойындағы ұстамдылық қасиетке айрықша мән-мағына берілді, өйткені ұлы ойшылдың пайымдауынша, ұстамдылық -- өмір сүрудің негізгі шарты болып саналады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттер аясында саналылық пен ақылдылық және парыз бен қарызға да ерекше мән берілді. Осы сияқты адамгершілік қасиеттерді аяққа таптаған адамдарды қытайша сөйлейтін жануар деп атаған. Демек, Конфуций үшін адамгершілік -- адамның мәдениеттілігінің ғана емес, сонымен бірге адам бойындағы бүкіл ізгілік қасиеттердің басты өлшемі болып саналады. Адамгершілік -- адамның өз-өзіне жол табуы, ал ол жолды әрбір адам өзі таңдауы қажет. Ұлы данадан Даналық дегеніміз не? деп сұрағанда ол даналық дегеніміз -- халықтың болашағы мен игілігі үшін аянбай қызмет ету және рухтарды қастерлей білу деп жауап берген екен. Ал құдайлар мен ата-бабалар рухына қалай қызмет ету керек? деген сұраққа Сен адамға қалай қызмет етуді білмей тұрып, рухтарға қалай қызмет жасамақсың деген жауап алынған екен. Рухтардың бар екендігін мойындай отырып, Конфуций салт-жоралардың тәрбиелік және адамгершілік жақтарына баса назар аударады. Ендеше, оған діннен гөрі этиканың өте жақын болғандығы даусыз. Осы орайда: Ұлы дана дінге деген көзқарасын айқындап, неге белгілемеген? деген орынды сұрақ туады. Оның сыры -- Конфуций ілімінің бүркенші дін болуында, бұл адамның өмірлік принциптерін діни тұрғыдан қарастырады, сол арқылы адамгершілік және моральдық құндылықтарды қалыптастыра- ды. Конфуций іліміндегі адамның моральдық қасиеттері мәдениет түрінде көрініс тапқан. Өзін қоршаған ортаның қаталдығы мен зұлымдықтары жағдайыңда, басына қаншама тауқымет түсіп қиналса да ұлы уағызгер ешбір мойымаған, тіпті өмірінің сын сағаттарында да өзін-өзі стай білген. Ол мұндай сәттерде Көк тәңірінің құдіретіне қатты сеніп: Көк менің қазаға ұшырауыма жол беруі мүмкін емес деп қайталауды жақсы көрген. Адамгершілік, Конфуцийдың пікірінше, қарапайымдылықпен, марттылықпен және адамдарға деген шексіз махаббатпен шексіз астасып жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз -- адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі мол ауыр жүгі. Кіршіксіз адам адал және мінсіз, ақкөңіл және ақжарқын әрі өзінің сөйлеген сөзі мен істеген ісіне мығым көзі қарақты болуы тиіс. Конфуцийдің ұғымынша, мемлекет басшысына тек Кіршіксіз адам ылайық. Адамгершілік Конфуцийды толғандырған мәселелердің бірәі болып табылады:

Адамгершілік деген не?

Адамдарға махаббат.

Білім деген не?

Ол адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерлен биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың.;

Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болу керек:

Кісіге шын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфуций ілімі Қытай халқы үшін
Конфуций іліміндегі этикалық ойлар
Қытай халқы мәдениеті
Конфуцийлік-Даостық мәдениет
Конфуцийдің пікірінше, адамгершілік туа біткен қасиет
САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ҚОҒАМЫНА ЫҚПАЛЫ
Көне Қытай ойшылы Конфуцийдің пікірлерін философиялық тұрғыдан талдау
Конфуцийлік-даосистік мәдениет
Қытай философиясының тарихы
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі
Пәндер