Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Көне Қытай философиясының қалыптасуындағы Өзгеріс
кітабының мағынасы

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері
И цзын, Ши цзын, Шу цзын кітаптары
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері
Көне Қытай философиясының негізгі үғымдары
Көне Қытай философиясының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қытай философиясы. Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII -- VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы деп атаған. Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді. Мысалы, тірілердін өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда түрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары Бес кітап (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын өр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық және жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бүл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа -- мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Біз бұл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері -- конфуцийшылдық, даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.

Ежелгі Қытай философиясының ескерткіштері
И цзын, Ши цзын, Шу цзын кітаптары

"И цзин" -"Өзгерістер кітабы", "Щи цзин" - "Өлеңдер кітабы", "Шу цзин" - "Тарих кітабы".
"И цзин" - "Өзгерістер кітабы" - бүкіл Қытай мәдениетінің қалыптасуына зор өсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен, Інжіл, Қүранмен бір деңгейге қояды. Ғалымдардың пікірінше, "И цзин" ежелден келе жатқан бал ашу практикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. Философиялық ескерткіштердің арасындағы ең көнесі болмаса да, бұл кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге болады, бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмұны әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. "И цзин" 64 гексаграммалардан тұрады, олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүниенің 64 күйі мен құрылымынан тұратын, Көк - Жер - Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі. Шығармада Қытай филосо-фиясының негізгі категориялары қалыптасқан, олар арқылы адамның өзін қоршаған ортаға деген қатыңасы, кеңістік, уақыт, табиғи қүбылыстар, әлеуметтік өзгерістер туралы түсініктері бейнеленіп, Қытай қоғамының дәстүрлі көзқарастарьның теориялық негізі қаланған деуге болады.
"Ши цзин" - "Өлеңдер кітабы" 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дәл басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бүл өлендер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI -VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өндеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады. "Ши цзинді" басқа философиялық мектептер де зерттеді. "Өлеңдер кітабында" Көне Қытай қоғамындағы ван, дафу, чжухоу топтарының өмірі, адамгершілік келбеті, әлеуметтік қызметі жырланады.
"Шу цзин" - "Тарих кітабы" немесе "Қүжаттар кітабы". Кітапты алғаш рет Конфуций қүрастырды, кейіннен әр түрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді (олардың кейбіреулері кітапқа өз мәтіндерін де қосып, араластырып жіберген), кейбір бөліктері біздің дәуірімізге дейінгі 213 жылы кітаптар өртелген кезде отқа жағылды деген пікірлер бар. Атынан көрініп тұрғандай, кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (әсіресе, Конфуций мектебіне тән) кеп кездеседі. Мәтіндердің басым бөлігінің мазмүны кітаптың өте ерте, көрнекті Қытай философтары дүниеге келместен бұрын пайда болғанын дөлелдейді. Қазір "Шу цзиннің" 55 тарауы бар, олардың арасында 33 тарауының нақты "Шу цзин"кітабының алғашқы нұсқасына жататыны анықталған. Кітапта қарастырылатын негізгі мәселелер: адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік, ата-баба салттары, Көктің адам мен қоғамға айқындаушы әсері және т.б.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа -- мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Олардың арасындағы бастысы - Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады. Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д. 551 -- 479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, Әңгімелер мен пікірлер (Лунь юй) деген конфуцийшылдық ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған. Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш -- Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы -- ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз, -- деуінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі -- адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл беледі: тең орта, адамгершілік және өзара сүйіспеншілік. Осы үш үғым бірігіп, дао (дүрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет. Тең орта -- адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мүндай ортаны ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді. Ал адамгершіліктің негізі -- жэнь -- ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау, жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кім де кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас -- конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімінің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда, озің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын текті адамдар (цзюнь-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы текті адамдарға қарапайым адамдарды қарсы қояды. Текті адам -- заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды; текті адамға үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; текті адам басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, озінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады, т.б. Текті адам тек қана этикалық үғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі -- басшының оз басының әдептілік қасиеттерін озінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар дао жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан билеуші -- билеуші, шенеунік -- шенеунік, әке -- әке, ал бала -- бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада ез қалпьша келуі керек. Билеуші -- әке, халқы -- оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, білу дегеніміз -- табиғатты емес, адамдарды танып-білу деп есептейді. Кейбір адамдарға туа біткен білім тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғаңдар түрады. Оқу, білу тандамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз -- тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі.
Мэн-цзы (б.д.д. 372 -- 289 жж.) -- Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, Аспан (Көк) -- объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспаннның еркі адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек деген тұжырым жасайды. Сюнь-цзы (б.д.д. 313 ж. -- белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойыңдаса да, тағдырды Аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, Аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан горі керекті заттарды көбейтіп, Аспанның өзін бағындырған дұрыс. Әлем өзінің табиғи заңдылықтырымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқсаң, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы, адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс философиясы
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Конфуций мектебі
Қытай. Үнді
Антика дәуріндегі философия аясында жеке ғылымдардың бастауларының пайда болуы Көне Үнді және Көне Қытай философиясы
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері
Ежелгі Шығыс: Үнді және Қытай философиясын зерттеу тәжірибесі
Қaзіргі зaмaнғы Қaзaқстaнның үшінші модернизaциясын жүзеге aсырудaғы философияның рөлі қaндaй
Көне Қытай философиясы
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Пәндер