Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Бөлім. Кедейлік әлеуметтік проблема ретінде

1. 1 Кедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары

1. 2 Кедейлік және оның өлшемі

1. 3 Қазақстанда кедейліктің пайда болу себептері мен алғышарттары

2 Бөлім. Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы

2. 1 Кедейлік пен теңсіздік

2. 2 Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы

2. 3 Қазақстандағы кедейліктің аймақтық айырмашылықтары

3 Бөлім. Кедейлік проблемаларын шешу жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

3

5

5

10

14

17

17

27

29

34

36

37

Кіріспе

Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік - адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, экономикалық жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көрсетеді. Кедей адамдар мемлекет алдында экономикалық тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз әлеуметтік топ.

Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік күш экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар тұрмысы нашар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне де бағытталып отыр.

Кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді; оны болдырмау үшін кедейліктің ең негізгі шығу себептеріне көңіл аудары керек. Әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан бас тарту сияқты қоғамдағы болып отырған көптеген мәселелер осы кедейшіліктің әсерінен туындап отыр.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда халықты кедей тобына жатқызатын нақты бір қабылданған критериялар жоқ, сонымен қатар елдегі кедейшіліктің масштабын анықтауда халықтың орта деңгейдегі табысы туралы ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады. Кедейліктің негізін анықтаудың қажеттілігі ол елдегі бай адамдар мен кедей адамдар арасында айырмашылықты анықтауға және кедейлікті жою мақсатында қолданылып отырған күш қай аймаққа бағытталуы керектігін көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселені шешу жолында елдегі кедейшілік деңгейін төмендету басымдықтарын таңдауда анықтау қажет. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары белсенді түрде қызмет ету керек. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан басқа да елдер сияқты әлеуметтік саясаттың негізгі шараларын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолданып келді. Республикада әлеуметтік кепілдік беру жүйесіне бағытталған заңдар қабылданды. Бірақ та бұл жағдайлар нәтижелі шешім бермеді, керісінше кедейлік проблемасы Қазақстанда да көптеген басқа да КСРО елдеріндегідей одан әрі күрделене түсті.

Елдегі бұрыннан қалыптасқан халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саясаты, нарықтық экономикаға қажетті әлеуметтік қорғау жүйесімен бүгінгі күні әлі жеткілікті түрде ауыстырылған жоқ, сондықтан қазіргі кезде қарттардың, жұмыс істемейтін мүгедектердің және жалғыз басты аналардың әсіресе ауылдық аймақтарда әлеуметтік жағдайлары өте нашар. Маңызды мәселе осы мемлекеттің осал топтарына жалпы бірдей әлеуметтік деңгейді қамтамасыз етуді қажет етіп отыр.

Мемлекет тарапынан кедейшіліктің аймақтық ерекшеліктеріне, оның осы мәселенің одан әрі күрделене түсуіне үлкен орын алатынына немқұрайлы қарайды, себебі бұл мәселемен күресу шаралары өте баяу жұмыс істеуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бір үндеуінде елдің күрделі мәселелерін шешуде саясат пен бизнестің атқаратын қызметі бірдей делінген. Ал бүгінде іскер адамдардың елдегі жұмыс істей алмайтын адамдарға қамқорлық көрсетудің орнына, олардан зардап шегушілерді жиі кездестіреміз.

Қазақстанда кедейшілік деңгейі әдетте күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы - тіршілікті демеу үшін қажетті болып саналатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстар мен шығыстардың объективті белгіленген деңгейі.

Зерттелу деңгейі : Жалпы кедейшіліктің зерттелу тарихы екі жүз жылдан астам уақыттан тұрады. АҚШ пен Батыс Еуропада бұл мәселе ертеден қарастырылып келеді. Ал Қазақстанда кедейшілік мәселесі қайта құру кезеңінен бастап зерттеле бастады. Осы өзекті мәселенің қоғамда зерттелу кезеңдерін 18 ғасырдан бастап 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін бөлуге болады. А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, Г. Спенсер, Ж. Прудон, Э. Реклю, К. Маркс, Ч. Бут және С. Раунтри және қазіргі кездегі кедейлікті зерттеу 20 ғасырдан бері Ф. А. Хайек, П. Таусенд және басқа ғалымдарды атауға болады.

Ал бүгінгі күні біздің елде жүргізіліп отырған зерттеулер М. С. Аженов, М. С. Садырова, К. С. Мұхтарова, Ю. К. Шокаманова сияқты әлеуметтанушылардың бастауымен болып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты : кедейлікпен күресудегі мемлекеттік қабылданған стратегияларды қарастырып олардың халыққа тигізіп отырған әсерін көрсету. Сонымен бірге елдегі аймақтық деңгейдегі кедей халықтардың бүгінгі күнгі жағдайына жалпылама сипаттама беру.

Зерттеу жұмысының міндеті :

  • кедейлікке және оның шығу себептеріне жалпы теориялық сипаттама беру;
  • Қазақстандағы экономикалық өсудың кедейлікке тигізетін әсерін қарастыру;
  • қоғамдағы кедейліктің аймақтық ерекшеліктерінің өзектілігін жан-жақты қарастыру.

Зерттеу жұмысының объектісі : Қазақстан Республикасының аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бүгінгі күні ахуалы, сонымен бірге халықтың материалдық қамсыздану деңгейі.

Зерттеу жұмысының пәні : Қазақстандағы кедейліктің шығу мәселелері, ауыл және қала кедейшілік проблемалары, халықтардың табыстарындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы халықтың әл-ауқатын жақсарту стратегиялары.

  1. БӨлім. Кедейлік Әлеуметтік проблема ретіндеКедейлік түсінігі және оны зерттеу бағыттары

Кедейшілік қай қоғамның болмасын экономикалық дамуының нәтижесінде қалыптасатын жағдай. Кедейшілік ол өте күрделі, көпфакторлы, тарихи қалыптасқан түсінік. Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық және т. б. ) қоғамнан тысқары қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж. т. б. ) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейлік - адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда, кедейлік адамның не әлеуметтік топтың қоғамдағы белгілі бір құндылықтарға қол жеткізе алмауынан, ресми және бейресми сипаттағы шектеулерден көрінеді. Кедейлік сонымен қатар, адамның интеллектуалдық, мәдени дамуымен, оның кедейлік туралы субъективтік түсініктерімен анықталады.

Қазіргі кездегі әдебиеттерден кедейшіліктің алуан түрлі анықтамасын кездестіреміз. Олардың алуан түрлілігі оның әр қайсысы осы кедейшілік жағдайының шығу себептерін анықтауда түрлі аргументтерге сүйене отырып беріледі. Яғни, қазіргі кезде кедейшілік туралы анықты бір қалыптасқан анықтама жоқ. Түрлі себептерге байланысты кедейшілік туралы түсініктер бар. Солардың кейбіреулеріне тоқталатын болсақ.

Кедейшілік - бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруда қиыншылықтарға тап болған және Конституцияда қабылданған өмір сүруге деген құқықпен бостандықты толық қолдана алу мүмкіндігінен айырылған белгілі бір халық тобы [1] .

Кедейшілік - бұл адамның қажеттілігі оны қанағаттандыру мүмкіншілігінен жоғары болуы [2] .

Кедейшілік - тұрғындардың немесе отбасылардың белгілі бір бөлігі ең төменгі деңгейдегі ақшалай мүліктік және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілуінің, дәлірек айтқанда өзінің жаратылыстану - физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруының ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік экономикалық жағдайы [3] .

Кедейшілік - индивидтің қажетті құндылықтарын қанағаттандыра алмайтын экономикалық жағдайы.

Жалпы кедейшілікті бірнеше әдістер арқылы қарастырып көрсетуге болады. Біз түрлі осы зерттеу мәселесімен айналысатын философия, экономика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, статистика, саясаттану білім салаларының талқылауларын қоса отырып, кедейшілікке анықтама беріп көрейік.

Философиялық тұрғыдан кедейшілік ол үнемі белгілі бір қиыншлықтарды жеңу үшін әрекет етуші стимул ретінде көрінеді. Бірінші кедейлік мәселесі Англияда 19 ғасырдың соңында Ч. Бут және С. Ровентри кедейліктің деңгейін тамақ, киім және баспанаған мұқтаждығы арқылы қарастырады.

Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ кедейшілік материалдық жетістіктерге толық қарама-қарсы, яғни өте төмен деңгейде өмір сүру және материалдық, рухани қажеттіліктері толық қамсыздандырылмаған.

Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда кедейлікті әлеуметтік индикатор ретінде қарастырады. Қоғамның жағдайы нашар халықтарына мемлекет тарапынан атаулы көмек көрсету, мемлекеттік түрлі жеңілдіктер беру секілді жағдайлармен көрінеді.

Бүгінгі қоғамда халықтың басым бөлігі материалдық жағдайларынан тыс заңды құқыққа ие, кедейлікте осы саяси құқықтық өмірде белгілі бір рөлге ие болады. Кедейлер көптеген елдерде соның ішінде біздің елде де - билікке түрлі саясатты қолдана отырып жететін халықтың басым бөлігі. Сонымен кедейлік көпмағыналы және бәсекелі түсінік, бұл тек материалдық мысалы, тамақ, азаматтық өмір сапасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ғана емес, бастауыш білім алуы, сауаттылық деңгейі, бала өлімі осының барлығы кедейшіліктің көлемін, оның етек алуын көрсетеді. Жоғарыдағы айтылғандарға қарай отырып кедейшілік туралы мынадай тұжырым шығаруға болады. Кедейшілік - бұл төмен немесе өте төмен табыс деңгейі, осы қоғамға сай адам өзінің бірінші ретті физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы. Ғылыми әдебиеттерде сонымен қатар кедейшіліктің түрлері туралы түрлі талқылауларды кездестіруге болады. Е. Н. Холостованың кедейшілікке берген анықтамасын қарастырайық:

Холостованың кедейшілік туралы түсіндірмесі кең көлемде көрсетілген. әр бір берілген кедейшілік түрлеріне тоқталып өтейік.

Абсолюттік кедейшілік - индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға, киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. Абсолюттік кедейшілік сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып есептеледі.

Салыстырмалы кедейшілік - басқа адамдарға қарағанда қаншалықты кедей адам екенін көрстеді. Бұл жерде екі түрлі мағына беріледі: біріншіден, салыстырмалы кедейшілік, ол қоғамдағы сол топтағы адамның басқа кедей саналмайтын топтағы адамдардың жетістіктерімен салыстырғанда қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Екіншіден, салыстырмалы кедейшілік адамның қоғамдағы өмір сүру стандарттарынан қаншалықты кедей екенін көрсетеді. Салыстырмалы кедейшілік - бұл адамның өзінің материалдық және әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы. Сонымен бірге Холостова абсолютті және салыстырмалы кедейшіліктің шекаралары сай келмейтінін көрсетеді. Қоғамда абсолютті кедейшілік жойылуы мүмкін бірақ салыстармалы кедейшілік міндетті түрде сақталынып қалады. Кедейшіліктің бұл түрі адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады. Салыстармалы кедейшілік - нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір сүру стандартын не қалпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін болмауы.

Жоқшылық - бұл жерде шектен тыс кедейшілік көрсетіледі. Бұндай кедейлер тобына қайыр сұраушылар, күнкөріс минимумынан төмен табасы бар адамдар кіреді. Әлеуметтік мағынада бұл кедейшлілік түріне өзінің тек физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді. Адамрдар тамаққа деген қажеттліктерін салыстырмалы түрде деңгейін есептейді. Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болса да, демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ бұл қажеттіліктердің барлығы өте төмен деңгейде өтеледі.

Депривация - бұл әлеуметтік түсінік, қоғамдағы күнделікті адамдық құқығынан айырылған, сонымен қатар толық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын халықтық тобына қолданылады. Әдетте олар мүмкіндігі жоқ балалар, мүгедектер, жұмыссыздар, зейнеткерлер және кедейлердің басқа категориялары. Депривация ол қарапайым өмір сүруге жағдайдың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі.

Шетқалушылық - кедейліктің бір түрі ретінде қарастырылады. Кедейліктің бұл түрі адамның денсаулығына, көпбалалығына, маскүнемдігіне және тағы басқа себептеріне байланысты материалдық және мәдени байлықтарға қолы жетпеуден пайда болады. Әлеуметтік шетқалушылық түсінігі қарапайым адам құқықтарына байланысты шектеулерге тап болып отырған және толық өмір салтын жүргізе алмайтын тұрғындардың тобына қолданылады. Мысалы, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және тағы басқа категориядағы адамдар кіреді.

Қуып жететін кедейшілік - бұл құбылыс адамдардың престижді материалдық және басқа да құндылықтарды тұтынуымен сипатталады. Бүгінгі қоғамда бәрімізге белгілі үлкен кісілерге қарағанда жастарымыз жақсы киінуге, басқалардан артта қалмауға тырысады. Қымбат киім, тағы басқадай заттар өздерінің жоғары қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Кейбір ауқатты ата-аналар басқа қалталары көтермейтн отбасылардың балалары бағытталған өмір сүру стандарттарын қалыптастырады.

Бірден бір осы кедейшіліктің адамға әсері ол (мысалы, депривация оның түрлері) кедейлер жоғарғы мәдени құндылықтарды дұрыс нақты қабылдай алмайды; оларда қоршаған ортадағы шынайылықты дұрыс қабылдау сапасы жеткіліксіз қалыптасқан. Осыған орай, кедей топтар шынайы нақтылықты кері бағалауға, пессимизмге және түңілуге бейім. Шет қалу мен депривация кедейлердің ерекшелігін көрсетеді. Денсаулыққа көпбалалылыққа, маскүнемдікке, нашақорлыққа байланысты материалдық және мәдени құндылықтарға қол жетпеуі адамдарды шет қалуға алып келеді. Қалыпты өмір сүруге қажетті жағдайлардың жетіспеуі адамның күнделікті құқықтарының шектелуіне және қалыпты өмір салтын сақтай алмауына алып келеді. Нәтижесінде олар отбасында қалыпты қарым-қатынас құра алмайды және олар қоғамдағы ауытқымалы мінез-құлыққа бейімдеу келеді. Сонымен қатар, бұндай адамдардың экономикалық дұрыс қалыптаспағаны олардың балаларының мектептегі сабақ үлгерімінен де көруге болады. Ата-аналар өздері сауатсыз, әрине балаларының сабақтарына көмектесе алмайды және бұндай отбасыларының ішінде білімнің беделі болмайды және жоғарғы құндылық ретінде саналмайды.

Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі өзінің сандық ақпарат беруінде де және әлеуметтік-экономикалық саясатында кедейшілік концепциясының негізгілері түріне көп жүгінді [4] .

Осы екі кедейшілік концепциясымен келісе отырып, абсолютті кедейшілік ол салыстармалы кедейшілікке қарағанда, ертеректе қалыптасқан тарихи болып келеді. Салысмтырмалы кедейшілік түсінігі соғыстан кейінгі уақытта белең ала бастады. Оған жататындар: сол қоғамның орта деңгейдегі жағдайынан төмен табысы бар отбасылар болды.

Осы жоғарыда көрсетілген кедейліктің классификациясына қоса, тағын экономикалық жағынан дамыған шет елдерде (мысалы, АҚШ, Франция, Ұлыбритания ж. т. б. ) кедейліктің психологиялық жағына былай айтқанда «субъективтік» аспектілеріне көп назарын аударады

Психологиялық әдіс тек кедейліктің қанша екенін анықтап қана қоймай сонымен қатар адамның қоғамнан қаншалықты алшақтап кеткенін және оның ішкі позициясын, жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Кедейшіліктің зерттеудің бұл түрі біздің елде әсіресе, қазіргі демократиялыққа өту кезеңінде өте тиімді деп санаймын. Келесі бір шетелдік ғалымдар жоғарыда айтылып кеткен кедейліктің түрлерінен басқадай түрлерін көрсетеді. Олар кедейлікті екіге бөліп көрсетеді: алғашқы және екінші кезектегі кедейшілік. Алғашқы кездегі кедейлік өздерінде бар қор мен күшті максималды керегіне қарай үнемдеп пайдаланатын және тиімді өмір салтын ұйымдастырғанның өзінде кедейліктің шегінде қалып отырған отбасыларында орын алады. Екінші кезектегі кедейлік қорларын тиімсіз пайдалануына байланысты негізгі өмірлік қажеттерін өтей алмайтын отбасыларын сипаттайды.

Ресей ғалымдары кедейліктің екі түрін ұсынады «тұрақты» және «жүзудегі» . Е. Бреев пен Н. Римашевскаяның айтуынша, кедейліктің тұрақты түрі кедейлікті қайта жаңғыртады. Адамның материалдық қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі денсаулықтың төмендеуіне, мамандық деңгейінің біртіндеп төмендеуіне, жетіспеуіне, ең соңында адамдық қалыптан ауытқуына алып келеді. Кедей ата-ананың балалары да потенциалды кедейлер, яғни болашақта кедейлер тобын толтырады. Кедейлердің аз бөлігі ғана өзінің ортасын тастап, жаңа жағдайға бейімделуге күш-жігерін жұмсайды, жаңа бұрынғыға қарағанда сапалы өмір салтына ие болады. Л. А. Гордон әлеуметтік және экономикалық кедейлікті бөліп көрстеді. Біріншісі - әлсіз, екіншісі күшті жұмыскерлерге қатысты қолданылады. Әлсіздердің кедейлігі бұл жұмысты істеуге қабілетсіз және жұмыс істеу қабілеті төмен, ауру, физикалық және психологиялық тұрақсыз адамдардың, сонымен қатар шамадан тыс салмақты көтеруге мәжбүр жұмыскерлердің кедейлігі.

Күштілердің кедейлігі - төтенше жағдайларда, яғни жұмыс істеуге қабелітті адамдардың өзінің еңбегімен қазіргі өмірге сәйкес өмір сүруге жеткілікті табыс таба алмайтындай болуының нәтижесінде қалыптасатын кедейлік. Күштілердің кедейлігін экономикалық кедейлік ретінде қарастырамыз.

Кедейлердің өмір сүру еңгейіне, табысы мен шығынына және басқа да критерилеріне қарай әр түрлі қабаттар мен топтарға бөлінеді. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген топқа жататын кедейлер, кедейлердің ең төменгі тобы тағы бар. Бұл топқа қайыршылар мен өте мұқтаждық көруші адамдар жатады. Бұл топты андертапқа жатқызуға болады.

Андертап - қоғамдағы азғындаған кедей адамдар. Олардың көпшілігі маскүнемдер, нашақорлар, жезөкшелер сияқты адамдық кейіптен айырылған топтарды құрайтын әлеуметтік топтар иерархиясының ең төменінен орын алған тап. Андертап тұрғындардың кедей бөлігі және оның қоғамда пайда болуы әлеуметтік құрылымның дамуына, тұрғындардың әлеуметтік-адамгершілік жағдайына кері әсер етеді. Қазақстанда андертапқа жатқызуға болатын бомждар тобы бар.

Бомждар - олар баспанасы жоқ, өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей табыс көзі мүлде жоқ және қылмысқа жақын адам. Бомж ол кедейліктің ең түбіне жеткен адам болып саналады. Бомж олар тек баспанасыз ғана емес сонымен қатар жай қарапайым элементарлық өмірлік жағдайларсыз қалған топ яғни, медициналық көмекке қолы жетпейді, пропискасы жоқ, жұмысы жоқ тағы басқа себептері бар.

  1. Кедейлік және оның өлшемі

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық ж. т. б. ) қоғамнан «тысқары» қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж. т. б. ) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан обсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Кедейшлік пен экономикалық теңсіздікке сан және сана жөнінен баға берудің мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін үлкен маңызы бар.

Табыс кіріс бойынша кедейшілікті өлшеу үшін пайдалыналтын ең көп тараан көрсеткіштер - елегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі. Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі - табысы мен тұтынуы әдетте күнкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген табалдырық белгісінен (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар. Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қаысты ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды [11] . Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі «күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен» анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар ммен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, қазақстанда «азық-түлік» кедейшілігінің деңгейі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау/жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің кедейліктің деңгейіне ықпалы
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Кедейшілікпен күрестің теориялық негіздері
Бірінші кедейлік мәселесі
Халықтың кедейшілік деңгейімен күресудегі мемлекеттік реттеу әдістері
Аз қамсыздандырылған топтармен әлеуметтік жұмыс
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКТІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ТУРАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz