Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 624.092: 331. 762 4
Қолжазба құқығында

КОПТАЕВА ГУЛЬЖАМАЛ ПЕРНЕЕВНА

Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің ұтымды
жолдары
(Оңтүстік Қазақстан облысы тоқыма кәсіпорындары мысалында)

08.00.05. – экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесiн алу үшiн дайындалған
диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркiстан, 2010

Диссертациялық жұмыс Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк
университетiнде орындалды

Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының докторы, профессор
Джуманов А.М.

Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының докторы
Ертаев Қ.Е.
экономика
ғылымдарының кандидаты

Тулеметова А.С.

Жетекшi ұйым: Қазақстан Республикасы
Білім және
ғылым
министрлігінің Экономика
институты

Қорғау 2010 жылы 19 маусымда сағат 11-00 Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрiк университетiндегі докторлық диссертациялар қорғау құқығына ие
Д 14.61.15 диссертациялық Кеңесiнде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Түркiстан қаласы, университет қалашығы.

Диссертациямен Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің
кiтапханасында танысуға болады.

Автореферат 17 мамыр 2010 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестiң
Ғалым хатшысы
э.ғ.д., профессор
Ж.С. Райымбеков
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Нарықтық дамудың күрделілігі мен алуан
түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі
кәсіпорындардан жүктелген қызметтері деңгейінде мүмкіндіктерді барынша
пайдаланылуын талап етеді.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты атты Жолдауындағы Бүгінгі әлемдік конъюнктура
нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің,
даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму
стратегияларын белсенді етуге тиіспіз-деп атауының мәні үлкен.
Қазіргі экономикалық даму жағдайында шаруашылық жүргізу нысандарының
экономикалық стратегияларының жүргізілуі мен нәтижелерін мемлекеттің
экономикалық саясатындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде қарау керек.
Нарықтық құрылымдардың дамуы кезінде экономикалық қатынастарда туындайтын
мәселелер экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибедегі ең өзектісі болып
саналады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық
құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі
анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында
экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу
үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі
ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа
мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде
білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың
жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды.
Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың
құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық
тетіктерін белгілеуге себепші болады.
Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын
және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін
еңбектер пайда бола бастады. Қазіргі даму кезеңінде кәсіпорындардың
тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны
қолдану өте маңызды.
Экономикалық стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі
буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық
стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді
қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Бизнеске байланысты экономикалық
стратегияның қазіргі уақыттағы түсініктемесі шетелдік экономистер:
П.Дракердің, О.Моргенштерннің, И.Ансоффтың, А. Чендлердің және т.б.
еңбектерінде берілген.
Сонымен қатар, ТМД елдерінің ғалымдары: К.Т. Бясов, Е.В. Быкова, С.А.
Бурцева, Р.И. Дронов, Е.М. Бунина, Н.А. Пантелеева және
Л.И. Андрианованың еңбектерінен кәсіпорынның даму стратегиясы мәселелерінің
талдамасын көре аламыз. Экономикалық стратегияларды белгілеу саласындағы
күрделі зерттеулерге О.Сабден, А.А.Сатыбалдин, Н.К.Мамыров, А.К.Сағадиев,
А.К.Қошанов, С.С.Еспаев, Т.А.Есіркепов, Г.А.Қалиев, С.Д. Тәжібаев, Р.С.
Каренов, Нұрымбетов Т.Ж, Шалболова У.Ж, Раимбеков Ж.С, Отаров А.К., Ертаев
Қ.Е. және т.б. сияқты қазақстандық ғалымдар да өз еңбектерін арнады.
Дегенмен, қаржы-экономикалық құралдар мен әдістерді қолдану негізінде
экономикалық стратегияны қалыптастырудың мәселелері осы уақытқа дейін
қазақстан ғылымында аз дәрежеде қаралған.
Сондықтан кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жетілдіру мәселелерін
зерттеп білу өзекті болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты – кәсіпорынның басқару жүйесіндегі
экономикалық стратегиясының ұйымдастырылуының экономикалық жақтарын зерттей
отырып, оны жүргізудің ұтымды жолдарын анықтауда әдістемелік нұсқаулар
дайындап, нақты тәжірибелік ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның басқаруындағы экономикалық стратегияның мәніне талдау
жасап, басқа да қызметтік стратегиялардың арасындағы орнын негіздеу;
- кәсіпорынның басқарылуындағы экономикалық стратегияны қалыптастырудағы
тиімді бағыттарды және кәсіпорынның даму стратегиясына ықпал етуші
факторларды анықтау;
- кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны қалыптастыру
мен оның бәсекелестік мүмкіншіліктерін арттыру бойынша іс-шараларды
жетілдіру;
- кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің
әдістемесін жасау;
- кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің
ұтымды жолдарын дайындау бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу пәні ретінде кәсіпорынның экономикалық стратегиясын
қалыптастыру мен іске асыру және ұтымды жүргізу мәселелері таңдалды.
Зерттеу нысаны болып экономиканың тоқыма саласында шаруашылық жүргізуші
кәсіпорындар қызметі табылады.
Зерттеудің теориялық негізі. Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі
экономикалық стратегияның жан-жақты зерттелуіне үлес қосқан шетелдік және
отандық ғалымдардың еңбектері теориялық негіз болды.
Зерттеудің ақпараттық негізіне отандық және шетелдік авторлардың ғылыми
- әдістемелік басылымдары және ақпараттық, талдамалық, статистикалық,
анықтамалық дереккөздер, сондай-ақ зерттелетін кәсіпорындардың қаржы
есептері алынды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- кәсіпорын қызметіндегі экономикалық стратегияның өзіндік
ерекшеліктерін анықтай келе оны қалыптастырудағы теориялық түсініктер
тиянақталды;
- кәсіпорынның экономикалық стратегиясының бәсекелестік артықшылықтарын
анықтаудың теориясы негізделді;
- экономикалық стратегияны ұтымды жүргізу мен кәсіпорынның бәсекелестік
мүмкіншіліктерін арттыру мақсатында кластерлік үлгіні енгізу қажеттігі
негізделді;
- кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру және басқару жүйесін жетілдіру
бойынша ұтымды стратегиялық іс-шаралар әдістемесі жасалды;
- экономикалық стратегияны жетілдірудің экономикалық және математикалық
үлгілері ұсынылды.
Зерттеу жұмысының қорғалуға ұсынылған негізгі тұжырымдары:
- бәсекелестік дамудағы кәсіпорын стратегиясын қалыптастырудың
теориялық әдістемесі;
- кәсіпорынның жалпы стратегиясындағы экономикалық стратегияның өзіндік
ерекшеліктерін анықтаудың теориялық негіздері;
- кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізудің әдістемесі;
- кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жетілдірудің кластерлік үлгісі;
- Оңтүстік Қазақстан облысы деңгейінде кәсіпорынның экономикалық
стратегиясын жүргізудің тиімді бағыттары.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы зерттеудің ғылыми жаңалығын құрайтын ғылыми
ойлар, теориялық ережелер мен тұжырымдар кәсіпорынның экономикалық
стратегиясын қалыптастыру бойынша автордың нақты ұсыныстарында айқын
көрсетілгендігінен тұрады.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі. Диссертациялық жұмыстың
негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми -
тәжірибелік конференцияларда баяндалған: ХХІ ғасырдағы ғылым мен техника,
білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері (Шымкент,
2006 ж.), Актуальные проблемы политико-правовых и общественно-
гуманитарных наук в условиях модернизации казахстанского общества
(Шымкент, 2007 ж.), Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы тетігін
дамытуды жетілдіру – бәсекелестікке қабілеттіліктің айғағы (Шымкент, 2007
ж.), Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті
мәселелері (Шымкент, 2007ж.), Аймақтық экономиканы индустриалды-
инновациялық дамыту мәселелері (Шымкент, 2009ж.).
Зерттеу нәтижелері ЖШС Альянс Русско – Казахский текстиль тоқыма
кәсіпорны қызметіне, сондай-ақ Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқу үрдісінде
Менеджмент, Экономика мамандықтарын дайындауда Кәсіпорын стратегиясы
пәнін оқытуда қолданылды.
Жарияланған жұмыстар. Зерттеу тақырыбы бойынша 8,1 баспа табақтан
тұратын 17 мақала жарық көрді. Оның ішінде 10 мақала Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық
басылымдарда жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық зерттеудің
құрылымы жұмыстың мақсаты мен міндеттерімен анықталып кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, сонымен
бірге 33 кесте, 16 сурет, қосымшалар келтірілген.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны
қалыптастыру мен реттеудің теориялық-әдістемелік негіздері тарауында
кәсіпорынның дамуындағы стратегиялық басқарудың ықпалы мен орны анықталып,
басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияның даму ерекшеліктерін
сипаттайтын көрсеткіштер және оны реттеудің әдістемелік негіздері
зерттелді.
Экономика дамуының көптеген салаларында, яғни сауда, қаржы және басқа
да бөлімдерінде жетекші орынды өндіріспен немесе қызмет көрсетумен
айналысатын кәсіпорындар алады. Олардың қызметі ұлттық нарықтармен ғана
емес, дүниежүзілік нарықтармен де байланысты болып отыр.
Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясын жүргізудің ұтымды
жолдарын қарастыруда, іздену жұмысымызды: стратегия – кәсіпорын –
кәсіпорынның экономикалық стратегиясы тізбегінде жүргіздік.
Стратегия терминіне анықтама беруші ғылыми еңбектерді зерделей
отырып, стратегияны - ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыру және оларға
жету жолдарын таңдау үрдісі деп бағалаймыз.
Ал кәсіпорынды – пайда табу мақсатымен ақша қаражаттарын және
мүліктерін бірлестіруге шешім қабылдаушы тұлғалар арасындағы келісім
негізінде құрылған нысан деп қарастыруға болады.
Теориялық және тәжірибелік тұрғыдан, барлық бөлімдер мен салалардағы
кәсіпорындар қызметінің нәтижелері экономикалық стратегияның нысанына, яғни
оның қызмет ету қағидаларына, дамудың заңдылығына, шарттары мен факторларын
білуге негізделетін ақпараттық мәліметтер көмегімен бағаланады.
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының теориялық және тәжірибелік
жақтарын зерттеумен айналысқан экономист-ғалымдардың көзқарастарын жалпылай
келе, біздің пікірімізше: Экономикалық стратегия – кәсіпорынның
экономикалық мақсаттарын, саясатын және іс-әрекеттерін үйлестіретін үлгі
немесе жоспар - деп тұжырымдауға болады.
Кәсіпорынды басқарудың әр түрлі деңгейлеріндегі экономикалық стратегия
өз мақсаттары бойынша алуан түрлі болады. Олар басқару деңгейлерінің әр
түрлі стратегиялық бағыттарымен, сондай-ақ экономикалық категориялардың
бірі-бірінен өзгеше қызметтерімен ерекшелінеді (сурет 1).

ИнвестициялыӨндірістік Маркетингт Бәсекелестік Инновациялық
қ ік

Ескерту: зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

Сурет 1 - Кәсіпорынның жалпы стратегиясындағы экономикалық стратегияның
ролі мен орны

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының дұрыс жүргізілуі көптеген
факторларға тәуелді болып келеді. Зерттеу жұмысымызда экономикалық
стратегияға ықпал етуші факторларды былай топтастырамыз: сыртқы және ішкі
факторлар.
Сыртқы факторларға жатқызуға болатындар: нарықтағы жағдайлар,
инфляция және бағаларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясат.
Ішкі факторларға жататындар: шығарылатын өнімнің өзіндік құны,
оның сапасы, бәсекелестік қабілеттілігі және бағалар саясаты.
Ықпал етуші факторларды ескере отырып, кәсіпорынның экономикалық
мәселелерін шешудің ең дұрыс жолы - ұйымдастыру құрылымдарын
орталықсыздандыру мен жаңа дербес құрылымдарын құрудың қажетті екендігіне
көз жеткізуге болады.
Ол үшін бәсекелестердің нарықтағы алар орынына мән берудің рөлі үлкен.
Зерттеу барысында, бәсекелестіктің теориялық негіздерін зерттей отырып,
кәсіпорын стратегиясының бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру үрдісін
бірнеше кезеңге бөлдік:
- саладағы (салалық нарықтағы) бәсекелестік ортаны талдау;
- бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын бағалау;
- кәсіпорынның өзінің (оның нақты жағдайы мен мүмкіндіктерінің
тұрғысынан) бәсекелестік қабілеттілігін талдау;
- кәсіпорынның бәсекелестіктегі тұрақты орнының деңгейі туралы
қорытындыларды дайындау;
- кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарына жету бойынша іс-
әрекеттердің (құралдардың, іске асыру нысандарын) бағдарламаларын дайындау;
- мақсатты (бәсекелестік артықшылықтарға жетуді), құралдар мен
әдістерді (іс-әрекеттер бағдарламаларын), және басқа да мүмкіндіктерді
(ресурстық әлеуетті) анықтау.

Экономикалық стратегиялардың экономикалық міндеті (бағдары, бағыты)
нақты бағдарламаларда көрсетілген көмекші экономикалық міндеттердің
кешенімен қамтамасыз етіледі.
Әлемдік тәжірибеде экономикалық стратегияны жетілдірудің көптеген
әдістері мен жолдары бар, бірақ оларды Қазақстанның экономикалық дамуына
толық қолдану мүмкін емес. Сондықтан, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене
отырып, іздену жұмысымызда экономикалық дамудың деңгейіне сәйкес келетін
кәсіпорынның экономикалық стратегиясын реттеудің жолдарын қарастырдық.
Ең жетілген стратегия уақыттың өтуіне қарай өзгерістер мен түзетулерді
талап етеді, сондықтан бұрын қабылданған және өзгермейтін түрде әрекет
ететін стратегияны басшылыққа алып, жемісті жұмыс істейтін кәсіпорынды
кездестіру қиын. Нарықтың қиын жорамалданатын дамуы кәсіпорындарды өз
стратегияларын түрлендіруге мәжбүрлейді. Сол үшін, оларды дайындау мен іске
асыру үрдістері еш уақытта тоқтамайтын, ұласпалы сипатта болуы тиіс.
Әдістемелік тәсілмен сәйкес кәсіпорын стратегиясының теориясы болып
танылған мәліметтерді зерттеп білу - кәсіпорынның экономикалық
стратегиясының теориялық тұрғыдан негізделген үлгісін (сурет 2) ұсынуға
мүмкіндік береді.

КЭС
құралдары:
- қаржы саясаты;
- ақпараттық қамтамасыз ету;
- диверсификация;
- бағдарламалар мен жобалар;

- жаһандандыру;
- қаржылық қайта құрылым;
- заң тактикасы;
- қаржылық қамтамасыз ету.

Іске асыру әдістері:
стратегиялық экономикалық жоспарлау; -
экономикалық талдау;
экономикалық үлгілеу;
- болжамдау.
қаржы нарықтарын сараптау;

КЭС өндірістік және экономикалық
әсері:
- сатып алу қабілеті;
- пайдалылық;
- жетістік (бәсекелестік ұтымдар, өнім өкізудің
саласын кеңейту).

Ескерту: зерттеу мәліметтері негізінде автор құрастырған

Сурет 2 - Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының үлгісі

Бұл үлгінің артықшылығы, мұнда экономикалық стратегияны жүргізудегі
құралдар, стратегияны іске асыру әдістері және экономикалық стратегияның
өндіріс пен экономикалық дамуға әсері жан-жақты қамтылған.
Сонымен, экономикалық стратегия нарықтық экономиканың кез келген
құрылымдары үшін өзінің өзектілігін жоғалтпайтынын айтуымыз керек.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, Қазақстанның жағдайларында
кәсіпорын стратегияларын қолданудың құндылығын, кемшіліктерін және
мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін және үлгілерін кешендік
шолу, қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық стратегияларын қалыптастыру
мен реттеудің талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік беретіндігін атап
өтуге болады.
Оңтүстік Қазақстан облысы тоқыма кәсіпорындарының басқару жүйесіндегі
экономикалық стратегияны жүргізудің қазіргі жағдайы тарауында тоқыма
кәсіпорындарында экономикалық стратегияны жүргізудің қазіргі жағдайына
талдау жасалынып, оны дамытудағы негізгі бағыттарға сипаттама берілді.
Қазақстандағы тоқыма және тігін өнеркәсібінде 1990 жылдан 1998 жылға
дейін өндіріс көлемдерінің төмендеуі байқалды. 2006-2008 жылдар
аралығындағы кезеңде тоқыма және тігін өнеркәсіптерінің тауарларын
шығаратын кәсіпорындардың қызметі жеделдетілгенін, оның елеулі өсуін, жыл
сайынғы артуын, тоқыма және тігін өнімін өндіру бойынша бір қатар өнім
түрлерінің өсу тенденциясын байқауға болады (кесте 1).

Кесте 1 - Қазақстан бойынша тоқыма және тігін өнім өндірісінің көлемі

Бұйымдардың аталуы жылдар
2002 200320042005200620072008 2002-20
08 жж.
салысты
ру,%
Кардо – және талданған 1373613261400156216161600161 2011,7
мақта талшығы, 4 38 70 70 0 0
тонна
Кардо – және талданған жүн289 367 269 350 380 378 379 131,1
иірілген жіп,
ұсақ сауда үшін өлшеп
оралмаған, тонна
Талданған және талданбаған2452 375942198717892088808885 4 есе
талшықтар-
дан жасалған мақта-матадан
иірілген жіп,
ұсақ сауда үшін өлшеп
оралмаған, тонна
Маталар, мың ш.м. 1916325592030355335563525353 50184,5
3 2 0 0 0
Арнайы маталардан басқа 1420419971640304430603064305 002 есе
мақта-маталар, 9 1 1 0 0
мың ш.м.
Синтетикалық және кешенді 2868 491713643754397439903929 136,9
түрдегі жа-
санды жіптерден тоқылған
маталар, мың
ш.м.
Машинамен немесе қолда 3008 253525601935242023202410 80,12
тоқылған
трикотаж шұлықтар, мың жұп
Свитерлер, джемперлер, 56 70 158 162 164 163 165 3 есе
полуверлер,
кардигандар, көкірекшелер
мен соларға
ұқсас машинамен немесе қолда
тоқылған
трикотаж бұйымдар, мың дана
Ескерту: ҚР статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған

2008 жылдан бастап тоқыма және тігін өнеркәсіптерінің кәсіпорындарымен
32,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді. 2007 жылмен салыстырғанда нақты көлемнің
индексі 135,7%-ды құрады. Мақта талшығы, мақта-маталық иірілген жіп,
маталар, шляпалар мен бас киімдер, төсек-орын тысы және т.б. өндірістері
кеңейді.
Республикадағы мақта-матаның ең ірі өндірушісі Тоқыма Кәсіпорыны ААҚ-
ы болып табылады. Кәсіпорында өндірілген өнімнің жартысынан көбі Италия,
Югославия, Ұлыбритания, Испания, Чехия, Польша, Грекия, Оңтүстік Корея, АҚШ
және Канадаға экспортқа шығарылады. Тоқыма өндірісінде трикотаж түріндегі
мақтадан жасалатын иірілген жіптің жалғыз өндірушісі және тоқыма-
галантереялық, шұлық және қолғап өнеркәсібіндегі онан әрі өңдеу үшін
шикізат ретінде оның өнімі пайдаланылатын Ақ жіп ААҚ атты Алматы мақта-
мата фабрикасы болып табылады. Бүгін бұл кәсіпорынның шикізатын трикотаж
кәсіпорындардың көпшілігі, оның ішінде Гел ЖШС-і (Қарағанды қ.), Алматы
кілем АҚ-ы (Алматы қ.), Көкшетау галантерея фабрикасы, Қарғалы шұға
комбинаты және т.б. пайдаланады.
Қазіргі уақытта республикада, оның ішінде негізгі мақта өндіруші аймақ
ретінде Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаның ішкі нарығындағы жағдайын
жақсартудың негізі бола алатын мақта-тоқыма кластерін дамыту бойынша
жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оны қалыптастырудың басты мақсаты шитті мақта
экспорттаудан иірілген жіп және дайын тауарлар шығаруға көшу болып
белгіленген.

Кесте 2 – Оңтүстік Қазақстан облысы тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуы
көрсеткіштерінің динамикасы

Жылдар Тоқыма Саланың Тарақтап Жүннен Мақта –Трикотаж
және өнеркәсіптжәне кардты дайындалғамата шұлық
тігін ік өнімдериірілген н тоқыма иірілгебұйымдары
өнеркәсіпөндірісінімақта талшықтар,н мың пар
өндірісінң жалпы талшықтары, тонна жіптер,
ің көлемікөлеміндегтонна тонна
(млн. і үлес
тенге) салмағы, %
1 2 3 4 5 6 7
2000 11888 13,8 95463 149 730 364,6
2001 13850 13,1 112741 268 936 796,8
2002 17091 16 137364 719 1166 773,1
2003 23454 18,9 132638 706 1986 264,3
2004 22886 15,9 140070 403 1902 101,5
2005 21690 15,4 156270 145 6433 150,1
2006 21320 15,3 158930 154 6524 151,2
2007 21400 15,5 159254 155 6611 151,9
2008 22344 15,6 159312 183 6687 152,5
2000-2008жж. 187,9 113,0 166,9 122,8 9 есе 41,8
салыстыру, %
Ескерту: облыстық статистика бойынша Басқармасының мәліметтері негізінде
автор құрастырған

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша тоқыма және тігін өнеркәсібінің
негiзгi көрсеткiштерiн қайта қалыпқа келтіру мақтаның ішкі нарығын едәуір
кеңейтеді, аймақтағы мақта өндірісінің әлемдік нарықтың коъюнктурасынан
тәуелділігін азайтады, қосымша жұмыс орындарын құрайды.
Облыстағы тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуында трикотаж өнімдерінен
басқа өнім түрлерінен оң өзгерістерді байқауға болады (кесте 2).
Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны тиімді
жүргізу үшін, кәсіпорынның экономикалық жағдайын түбегейлі талдау қажет.
Ол, өз кезегінде экономикалық стратегияның тиімді жүргізу бағыттарын
анықтауға, мақсаттары мен міндеттерін белгілеуге мүмкіндіктер береді.
Басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияның жағдайын талдау Альянс
Казахско-Русский текстиль ЖШС-і негізінде жүргізілді.
Талдау жүргізілген кезеңдерде кәсіпорын айналымындағы тартылған
қаржылардың жоғары үлесімен түсіндірілетін өндірістің жалпы өтімділігінің
едәуір төмендеуі көрінеді.
Мерзімді өтімділік те, сол себепті, 4,62 ден 0,10 - ға дейін төмендеп
кетті. Бес еседен артыққа абсолютті өтімділіктің төмендеуі (1,5 нан 0,22
дейін] байқалады. Кәсіпорын алынатын табыстың бөлігін кредиторлық қарыз бен
банктік несиені жабуға жұмсауға мәжбүр болғандықтан, таза айналымдағы
капиталдың көлемі қысқарды.
Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС-і үшін өтімділік
коэффициенттерінің есебін келтіреміз (кесте 3).

Кесте 3 – Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС-інің өтімділік
коэффициенттері

Өтімділік Есеп формуласы 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж.
көрсеткіші
Ағымдағы Айналымдағы қаржылар 4,9 0,69 0,14
(жалпы қысқа мерзім-
өтімділік) ді міндеттемелер
Мерзімді (Ақша қаражаттары + қысқа4,62 0,49 0,10
өтімділік мерзімді
қаржылық салымдар +
дебиторлық
қарыздар) қысқа мерзімді
міндеттеме-
лер
Абсолютті Ақша қаражаттары қысқа 1,5 0,33 0,22
өтімділік мерзімді
міндеттемелер
Таза Айналымдағы қаржылар – -3101059 -4104926 -4903669
айналымдағы қарыз қаржы-
капитал лар
Ескерту: Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС-нің мәліметтері
негізінде автор құрастырған

Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффициенттер кәсіпорынның қаншалықты
өз қаржыларын тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді.
Қаражаттарды айналым жылдамдығы, олардың ақшалай нысанға айналуы төлем
қабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді (кесте 4).
Кестеден көрініп тұрғандай, Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС-і
кәсіпорынында қаржы айналымы мен қалыптасу көздері бойынша туындап отырған
мәселелер жетерлік.
Қаржылық қамтамасыз ету мәселесінің пайдалы шешімі мүдделі инвесторды,
немесе резидентті тарту болады. Сұранысы бар өнімді өндірудің көлемін
пайдалы жоспарлауға жағдай жасайтындықтан, нарық пен сұранысты зерттеп
білуге кеткен шығындар өздерін толық ақтайды, өйткені тоқыма өніміне деген
нарықтағы сұраныстың өзгеру бағыттары тым тұрақсыз.
Өздерінің жұмысшылары үшін меншікті акциялар шығару кәсіпорынға ең
арзан қаржы ресурстарын тартуға және сол мезгілде жұмысшылардың өндірістегі
тиімділік пен сапасына мүдделілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кесте 4 – Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС-і қаржылық тұрақтылығының
үлгісін анықтау үшін көрсеткіштер және олардың есептік шамалары (2008 ж.)

Көрсеткіштер Көрсеткіштің
шамасы, мың.тг
1. Капиталдар мен резервтер 863 421
2. Айналымнан тыс активтер 3 859 203
3. Меншікті айналымдағы қаржылардың қолда бар болуы 42 365
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 3 600
5. Перманентті айналымдағы қаржылардың қолда бар болуы 863 421
6. Қысқа мерзімді қарыздар мен несиелер 3 857 276
7. Қорларды қалыптастыру көздерінің жалпы шамасы 276 678
8. Қорлар мен қосымша құн салығы 367 161
9. Меншікті айналымдағы қаржылардың артығы (+) кемі (-)-324 796
(3 жол – 8 жол)
10. Перманентті айналымдағы қаржылардың артығы (+) кемі496 260
(-) (5 жол – 8 жол)
11. Қаржыландыру көздерінің жалпы шамасы. артығы (+) -90 783
кемі (-) (7 жол – 8 жол)
Ескерту: Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС-нің мәліметтері негізінде
автор құрастырған.

Соңында кәсіпорынның экономикалық стратегиясының нәтижелілігін, яғни
оның қызметінің тиімділік деңгейін анықтаймыз. Оны жоспарланған кезең
ішіндегі пайданың динамикасы мен нарықтағы табыс бойынша анықтауға болады.
Бір рет даярланған кәсіпорынның қаржылық үлгісі барлық уақытта және
барлық жағдайларда тиімді жұмыс істейді деп сендіруге болмайды. Сыртқы
нарықтағы өзгерістер, кәсіпорынның өсуі, табыстардың артуы мен басқа
өлшемдердің өзгерістері міндетті түрде экономикалық стратегиялардың сол
немесе басқа кезеңдерін қайта қарау, алдын қабылданған қаржылық стратегия
үлгісінің де толық өзгертуін талап етеді.
Жетекші болып саналатын қолда бар стратегиялық баламаларды қараған соң,
одан әрі нақты стратегия таңдалады. Мақсат ұйымның ұзақ мерзімді
тиімділігін ең жоғары дәрежеге арттыратын стратегиялық баламаны таңдау
болып табылады.
Тиімді стратегиялық таңдау жасау үшін, жоғарғы буын жетекшілерінің
кәсіпорынның бағыты мен болашағын қуаттайтын анық тұжырымдамасы болуы тиіс.
Стратегиялық талдау қайда қарап қозғалуды шешуден бұрын, кәсіпорын
дамуының қайсы кезеңінде тұрғанын жетекшілік тарапынан түсінуін талап
етеді. Ол үшін бұрынғы, қазіргі және алдағы уақыттағы жағдайларды
талдаудағы мәліметтерді қамтамасыз ететін тиімді ақпараттық жүйе қажет.
Кәсіпорын қызметінің күшті және әлсіз жақтарының сараптамасы, оның
ресурстары мен мүмкіндіктерінің дұрыс бағаларын береді, сондай-ақ стратегия
даярлауының бастапқы нүктесі болып табылады.
Кәсіпорынның жоғарғы жетекшілігі қазіргі нарықтық жағдайларда
стратегиялық шешімдерді даярлау үшін сарапшыларды тартуы тиіс, өйткені
стратегиялық талдаусыз қабылданған шешім кездейсоқ әрі тиімсіз болып, күшті
бәсекелестік жағдайларда дағдарысқа алып келуі мүмкін.
Кәсіпорынның басқару жүйесі қаржылық операцияларды жүргізу жөнінен
бақылауды қамтамасыз ету мен алда тұрған ұйымдастыру міндеттерін орындауды
көздесе, өзінің басқарушылық қызметіне баға беру шамасында болуы тиіс.
Сонымен, кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияның
даму ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштерін және оны реттеудің
әдістемелік негіздерін зерделей отырып, экономикалық стратегияны ұтымды
жүргізу бағыттарын айқындау және тетіктерін белгілеу үлкен зерттеулік
жұмыстарды қажет ететін күрделі үрдіс екеніне көз жеткізуге болады.
Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі экономикалық стратегияны жүргізудің
ұтымды бағыттары тарауында экономикалық-математикалық әдістердің көмегімен
тоқыма және тігін өндірісінің болашақта дамуына болжау жасалып,
экономикалық стратегияны жүргізудің тетігі ретінде кәсіпорындарды
кластерлеу жүйесі қарастырылды.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі ұтымды жасалған экономикалық
стратегияны әлеуметтік және экономикалық дамудың ұзақ мерзімді
бағдарламаларын басқару құралы ретінде сәтті қолдануға болатынын көрсетті.
Ал, экономикалық стратегияның ұтымды жасалуы мен жүргізілуіне кластер
құрудың қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Ескерту: автор құрастырған

Сурет 3 – Оңтүстік Қазақстан облысы мақта кластерінің үлгісі

Қазіргі уақытта мақтаның өндіру мен өңдеуін дамыту бойынша іс-шаралар
даярланған. Негізгі ұйымдастыру шараларына Мақта саласын дамыту туралы
Қазақстан Республикасы Заңының дайындалып қойылған жобасын атауға болады.
Одан басқа, қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақта жұмыс істейтін,
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластерін ұйымдастыру бойынша үлгі
даярланған (сурет 3)
Экономикалық стратегияларды қалыптастыру үшін ұсынылып отырған мақта
кластерінің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру және ең
алдымен, Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС -ін дағдарысты халден
шығару.

Кесте 5 – Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС-інің экономикалық
стратегиясын тиімді жүргізу бойынша ұсыныстар

Экономикалық Ұсыныстар Баланс
стратегияны Экономикалық бөлімд
жүргізудің стратегияның еріне
тиімді құрамдас әсерін
бағыттары элементтері тигізу
і
Сандық
Ұсыныстардың аталулары бағала
у, мың
тг.
1.Табыстар мен1.1 Негізгі және 1.1.1 Кем қолданылатын 385 -
түсімдерді айнал- негізгі құрал- 880
аттыру ымдағы құралдардыдардың бөлігін сату
пай-
далы қолдану
1.1.2 Аяқталмаған 7 425 +
өндірістегі шығын-
дарды қысқарту (өндірістік
кезеңді азай-
ту есебінен)
1.1.3 Өнім өндіруге 507 +
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирманың міндеттері мен мақсаттары
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Айналым құралдары
Қаржылық стратегияның түрлері
Корпорацияны дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Мақсатты нарықтарды іріктеу
Басқару ғылымы
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
Пәндер