Қытай мектептері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Қытай философиясының негізгі бағыттары мен мектептері
ЖОСПАР
- Қытай философиясы
- Қытай мектептері
- Ин және Ян мектебі
- Дао ағымы
Қытай философиясы .
Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII-VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б. ж. с. д. 207ж. -б. д. 220 ж. ) . Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б. ж. с. д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:
- 1 Инь және Ян мектебі
- 2 Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер
- 3 Моистер мектебі
- 4 Атаулар мектебі
- 5 Заңгерлер мектебі
- 6 Дао ағымы
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б. ж. с. д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.
Инь және Ян белгісі және Багуа Нанниң қаласы сыртында салынған сурет, Қытай.
Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.
Дао ағымыКонфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б. ж. с. д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б. ж. с. д. 604 жылы туған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т. т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы.
Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б. ж. с. д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар - тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz