Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
------------------3
1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау теориясы----4
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы -----------------------4
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты -----------------8
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері--------------------------- -----------
------11
2 Хималайя Драг компаниясының қаржылық жағдайын талдау ----16
2.1 Кәсіпорынның бизнес – жоспарын құру этаптары ---------------------------
16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер----------19
2.3 Хималайя Драг компаниясының қаржылық жағдайын талдау-----------22
3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің даму жолдары---32
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
------------35
Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ------------------
-------36
Кіріспе
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне
асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы
керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі
ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп,
айтарлықтай кеңейеді.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қа-
жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргіз-
бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептер-
ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен
артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік
-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-
қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-
мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-
руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-
ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады.Кәсіпорынның қаржы
тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық
жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның
қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту
немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған
басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономика-лық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді1.
Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және
оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-
териалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және
оларды жою жолдарын ұсыну.
Талдау объектісі ретінде Хималайя Драг компаниясы алынды.Оның
негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын
жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен
айналысу болып табылады.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау,талдау теориясы
1.1 Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы
Қаржыны жоспарлау – бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған
қаржы жоспарының жасалу және олардың белгілі мерзімдерде орындалуын
ұйымдастыру үдерісі.
Қаржыны жоспарлаудың нақты міндеті қаржы саясатымен анықталады. Бұл
қаржылық тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақша құралдары мен көздерінің
көлемін анықтау; кіріс резервтерінің өсуі, шығындардығы үнемділік,
орталықтандырылған және орталықтындырылмаған қорлар арасында қаражаттарды
тиімді бөлу және т.б.
Жоспарлау мына арқылы сипатталады:
1. Экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың
шеңберін кеңінен қамтиды)
2. Интенсивтілігімен (озық техника мен әдістерді қолдануды білдіреді)
3. Тиімділігімен (нәтижесінде қаржылық басқару қоятын мақсаттарға жету
қажеттігін білдіреді)
Қызмет салаларына қарай:
- өндірісті жоспарлау;
- кадрларды жоспарлау;
- қаржыны жоспарлау;
- ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
- дайындау мен өткізуді жоспарлау, т.б.
Қаржылық жоспарлауда мынадай жолдар қолданылады:
a. Автоматтық (өткен жылдардың мәліметтері келесі жылға ауысады.
Инфляция кезінде мәліметтер инфляция коэфициентіне көбейеді). Бұл әдіс ең
қарапайым әдіс болып табылады және уақыт жеткіліксіз кезде қолданылады;
b. Статистикалық (өткен жылдардың шығындардың шығындары қосылып, өткен
жылдардың санына бөлінеді);
c. Нөлдік база (барлық позициялар қайта есептелу керек. Бұл әдіс нақты
қажеттіліктер мүмкіндіктерімен байланыстырылады.)
Практикада жоспарлаудың келесі әдістері қолданылады:
• Экстрополяция: қаржылық көрсеткіштерде оладың динамикасын шығару
негізінде анықтаудан тұрады; есепті кезеңдегі көрсеткіштер салыстырмалы
тұрақты өсу қарқынына түзете отырып есептеледі; көрсеткіштер динамикасы
болашаққа экстрополяцияланады.
• Нормативтік (белгілі нормалары бойынша);
• Математикалық модельдеу: үдеріс моделін құру және оны қаржылық салаға
ауыстыру;
• Баланстық: қаржылық ресурстарды олардың құрылу көздері мен пайдалану
бағыттарын реттеу үшін қолданылады;
• Сараптамалық бағалардың негізінде.
Қаржы жоспары – субъектінің қаржылық ортада қызмет ету шараларының жүйелік
жиынтығы. Ол 1 жылдан 5 жылға дейін құрылады. Нысаны бойынша қаржы жоспары
жоспарланатын кезеңге ұйымдастырылатын ұсыныстар мен сандар, мақсаттардың
мазмұнын білдіреді. Кәсіпорында жоспарлау құн заңына негізделеді және бұл
жағдайда жоспарлау экономикалық категория ретінде қатысады.
Қаржы жоспарының жүйесі қамтитын қатынастарының ауқымына, демек
ресурстардың түсуге және пайдалануға жоспарланып отырған көлеміне
байланысты әртүрлі жоспарлардан тұрады. Бұл нышаны бойынша олар бастапқы
және жиынтық қаржылық жоспарлар деп бөлінеді.
Бастапқы қаржы жоспарына материалдық өндіріс саласындағы ШЖС-дің қаржы
жоспарлары, өндірістік емес саладағы коммерциялық және коммерциялық емес
ұйымдардың жоспарлары, шығындары толығымен немесе негізгі бөлігі бюджет
есебінен қаржылынатын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің сметалары
жатады.
Жиынтық қаржы жоспарына жалпы мемлекеттік, салалық және аумақтық жоспарлар
жатады. Жалпы мемлекеттікке мемлекеттің жиынтық қаржы жоспары, мемлекеттік
бюджет және бюджеттен тыс қорлар жатады.
Қаржы көрсеткіштері – ШЖС-де және жалпы ұлттық шаруашылықта ақша
қаражаттарын құру, пайдалану және жинақтаумен байланысты қызметті
сипаттайтын жоспарлық, есеитік немесе есеп-қисаптық мәліметтер. Қаржы
көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы мөлшерде беріледі.
Абсолютті қаржы көрсеткіштерге:
• өнім өткізуден түскен табыс
• өткізілген өнімнің өзіндік құны
• жалпы табыс
• кезең шығындары
• незізгі қызметтен табыс
• қосымша қызметтен табыс
• табыс салығының сомасы
• таза табыс
Салыстырмалы қаржы көрсеткіштеріне:
• табыс деңгейі
• акциялар бойынша табыстылық
• негізгі және айналым капиталын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері
• өтімділік коэффициенттері
Корпарациялық қаржысын тиімді басқару тек шаруашылық субьектісін барлық
қаржы ресурстарын олардың қалыптастыру көздерін жоспарлау рақылы мүмкін
қаржыландыру жүйесі корпорацияның дамуын қажетті , қаржы ресурстармен
қамтамасыз ету және болашақтағы оның қаржылық қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша жоспарлау жүйелерін және жоспарлы көрсеткіштер жасау
процесі болып табылады.
Қаржылық жоспарлау келесідей кезеңдерден тұрады:
1. Құрастыру
2. Қарау
3. Бекіту
4. Жүзеге асыру
5. Талдау
Қаржылық жоспарлау міндеттері:
1. Өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметі қажетті ресурстармен
қамтамасыз ету,
2. Капитал салымының тиімді жолдар анықтау және оның ұтымды пайдалану
деңгейін анықтау,
3. Ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалану есебінен табысты жоғарлатудың
ішкі шаруашылық резервтерін айқындау,
4. Бюджетпен,банктермен ұтымды қаржы қатынастарын белгілеу,
5. Корпорацияның қаржы жағдайын, төлем қабілеттілігін, несие
қабілеттілігін бағалау, бақылау.
Қаржылық жоспарлау бірнеше сатылардан тұратын күрделі процесті қамтиды:
1. Өткен кезеңдегі қаржылық көрсеткіш бағаланады, бұл ретте корпорацияның
негізгі қаржылық құжаттары бухгалтерлік баланс,табыс мен шығыс туралы
есеп беру;
2. Бухгалтерлік баланс табыстар мен шығыс туралы есеп беру, ақша қаражат
қозғалыс туралы есеп беру,негізгі құжаттар дайындалады, олар өз
кезегінде перспективалық қаржылық жоспарға жатады және корпорациялық
ғылыми негізделген жоспарларды қамтылады;
3. Ағымдық қаржы жоспарын жасау арқылы қаржылық құжаттардың болжамды
көрсеткіштері нақтыланады;
4. Оперативті қаржылық жоспарлау жүзеге асады.
Қаржылық жоспарлау процесі жоспарлардың тәжірибесі негізделуі және олардың
орындалуына бақылау жасау арқылы аяқталады.
Бизнес-жоспар ол коммерциялық істің техникалық, экономикалық негзгі
болып табылады. Оның негізгі құралы сметалық жоспарлау.
Смета – ол жоспарлы есеп формасы,олалдағы уақытта кәсіпорынның
жүргізілетін нақты бағдарламаларын анықтайды.
Бизнес-жоспар бірінші (титулды) беттен басталады,онда мыналар
көрсетіледі: кәсіпорынның,жоба инициаторының аты, жобаның және оның
авторының аты, берілген құжаттың дайындалу мерзімі мен орны.
Бизнес-жоспардың негізгі тараулары:
1. Кіріспе бөлім (фирманың мүмкіндігі,резюме – атқарушылық
түйіні).Жобаның мәнін сипаттайды және ол қысқа түрде беріледі.Онда
басымдылық негізде қызметтің барлық бағыттары,олар бойынша мақсатты
рыноктар,осы рыноктардағы фирманың орны,стратегияялық мақсаттар және
оларға жету жолдары анықтайды.
2. Саладығы және тауарды өткізу рыногындағы жағдайға талдаутарауында екі
үлкен міндет шешіледі:
- инвестиция нысаны ретіндегі саланың жағдайы және даму тенденциясын
қарастыру;
- өндіріс көлемін болжау үшін бастапқы ақпарат алу, бәсекелестікті есепке
ала отырып кәсіпорын өнімін өндіру және өткізу көлемін анықтау,қызметін
іске асыру.
3. Маңызды тарауы маркетинг жоспары болып табылады,ол сауда және қызмет
көрсету,баға,жарнама салаларының бизнестің барлық кезеңдеріндегі - өнімнің
пайда болуынан сатуға дейінгі және сатқаннан кейінгі стратегиясын
анықтайды.
4. Өндірістік жоспартарауында келесі мәселелер тиянақты баяндалады:
1. өндіріс бағдарламасы және кәсіпорынның өндірістік қуаты.
2. өндіріс үдерісінің сипттамасы.
3. шикізат пен материал жеткізушілер және олармен байланыс.
4. өндірістік шығыны.
5.Ұйымдастыру жоспары және менеждмент тарауы бизнес-жоспардың негізгі
бөлімі болып есептеледі,ол мыналардан тұрады:
- фирманың ұйымдық құрылымы;
- басқару жүйесі;
- еңбек ресурстарын басқару.
6.Қаржылық жоспар және қаржы стратегиясы таруаы фирманы қаржымен
қамтамасыз ету және жоспарланған мерзімде ақша ресурстарын тиімді пайдалану
туралы мәселеллерді қарастырады.
7.Қауіп-қатер және сақтандырудың мөлшерін бағалау тарауында бизнес-жоспар
жүзеге асырылған кезде болуы мүмкін қауіп-қатер және олардан қорғану
әдістері көрсетіледі.Қауіп-қатердің түрлері өте көп: табиғи апаттар(жер
сілкіну,өрт,т.б.), экономикалық (дағдарыстар,валютаның өзгеруі)және саяси
өзгерістер және т.б.
8. Заңдылық аспектілері бөлімінде кәсіпорынның құрылуы мен құқықтық
қамтамасыз етілуі туралы барлық ақпарат беріледі.
9. Жоспардың орындалуын бақылау және бағалау бөлімінде бизнес-жоспардың
орындалуын бақылау жүйесі беріледі:
- қорды бақылау. Қор деңгейін бақылау арқылы фирма өзін ғана
емес,тұтынушының да қамын ойлайды,өйткені шикізаттан дайындалған
материалдар жұмаслған ақша неғұрлым тезірек өтелсе,соғұрлым фирма тауар мен
қызметті өз тұтынушыларына көбірек ұсына алады;
- өндірістік бақылау. Бұл – бақылаудың жоспарда көрсетілген есеп беру
сандары бойынша шағын деңгейін салыстыруды болжайтын түрі,мұнда мынадай
көрсеткіштерге назар аудару қажет: станоктар мен құралдардың толық
пайдаоанылуы,жұмыспен өтелген адам-сағаттың саны;
- сапаны бақылау.Сапа бақылауы көп жағдайда өнекәсіптің тұрпатына
байланысты болады,бірақ оның мақсаты біреу ғана үздіксіз тауар шығаруды
қамтамасыз ету;
- сатуды бақылау- сату көлемі туралы ақпарат,ол сатып алынған заттың орташа
құны,несиеге сатылған тауар саны және басқа да көрсеткіштер арқылы фирма
жұмысының деңгейін айқындайды.
- шығынды бақылау. Бұл әрбір жаңа кәсіпорын үшін өте маңызды жай,қанша ақша
және қандай мақсатпен жұмсалғанын анықтауға мүмкіндік береді.
1.2 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және
де басқа конрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, қаржылық жай-күй дегеніміз не, соңы анықтап алған жөн.
Профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты
өндірістік,коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті
ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату
және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субьектілерімен қаржылық
қарым-қатынаста боолу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.
С.А. Стуков өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы
мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар.Бірқатар түрлі әдістермен
есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі,қор
қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс,тиімділік) қаржылық жағдай түрлі
көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін
әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Кәсіпорынның қаржы жағдайы
әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын
және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксізді-
гін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды
ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қар-
жылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен
өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та ар-
найы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты
"өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде
үздіксізді-гін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге
(негізгі қорлар, материал-дық емес активтер, айналым қаражаттары)
жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және
кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында
қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп
жазады.
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесі-
нің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және
жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ре-сурстық
жағдайын сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-
трагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар,
акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-
дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық
жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ
қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-
лық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін,
тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы
көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз об-
лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-
кен уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне
де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз
несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және
толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез
кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз
еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер
осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен
жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі
негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не
төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен
отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және
оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-
ғалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең
жақсы тәсілі, бұл-талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның ша-
руашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай
жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік
кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді, кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уа-қытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, се-
бебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шы-
ғындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
•қаржылық жағдайға баға беру
және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тара-
тудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-
мелермен арақатынасын анықтау;
•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-
гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдау-дың
қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік
және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның
осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен
құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының
жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақ-
тауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-
налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық,
өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара
тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-
дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-
рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-
кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапа-
сының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қа-
ражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу
қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы
материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-
шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-
жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар
шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-
тылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының
көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-
бады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және
оған мыналар жатады:
• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
• кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің
құрамдық және құрылымдық ди-намикасын талдау;
• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-
жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-
тық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру.Сонымен қатар көбіне,есепте субъектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-
зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-
рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын
шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы,
сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығары-лып,
өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған,
басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның
өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісі-нің,
шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында жә-не
негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік
үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым
қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны
түсінікті.Бұрынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу,бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарды.
Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық
көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік си-
патты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп оты-
ратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұм-
тылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен так-
тикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммер-
циялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кә-
сіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады.Қаржылық жағдайды
ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін
бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы
пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де
қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-
мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің
түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-
рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қоры-тынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік бере-ді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондық-
тан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есеп-
теуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын
бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің
дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш
негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы
көрсет-кіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек тарал-ған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас
ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке бапта-
рының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның
қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табы-
лады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыс-
тарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық
қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылы-ғы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдау-дың
ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және
сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономика-лық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана
фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі
өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады.
Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі олар-
дың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табыл-
майды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдер-
ді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді,
жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз бо-
луы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі
және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің ше-
телдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз,
себе-бі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар
аударылмай-ды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы
берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды
талдау ба-рысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі
ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте
ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады:
өтімділік, қаржы-лық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирма-
лардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есе-
бінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген
фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы
шаруашылық аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-
меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды
көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке
элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез)
болуы мүмкін.
Жоғарыда керсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда эко-
номикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ эконо-
микалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстыр-малы
шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы
басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегін-
де жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның
қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің
қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсы-
ныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Жалпы редакциясын В.И.Стражева басқарған, Беларусь Республикасының
Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін тал-
даудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қар-
жылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және
оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы (ерекше) әдістемесін
А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кә-
сіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz