Неоплатонизм ілімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей

СӨЖ

Тақырыбы: Неоплатонизм философиясы

2018-2019 о. ж.

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Неоплатонизм дегніміз не?
  3. Платон - идея - неоплатонизм
  4. Неоплатонизм ілімі, неоплатониктер
  5. Қорытынды
  6. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Көне Грекия философиясы - ежелгі пәлсапаның ірі екі тармақтарының бірі, Ежелгі Грекияда б. з. б. VI ғасырда пайда бола бастады. Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б. д. д. 7-6 ғ. ғ. ) . Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. Классикалық кезең (б. д. д. 4ғ. ) . Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

Римдік-эллиндік кезең (б. д. д 3ғ. соңы мен б. д. 3ғ. басы) . Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең. Осындағы классикалық кезеңде бірнеше мектептер пайда бола бастады. Солардың бірі неоплатонизм мектебі.

  1. Неоплатонизм дегеніміз не?

Неоплатонизм - Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салушы Плотин , ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан - көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан - бiртұтас. Платон (б. з. д. 428-347 жж) . Ежелгі Грецияның ұлы ойшылы. Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi.

Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, “сезiмдiк заттар” дүниесi дегенiмiз - идеялардың көмескi бейнелерi. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана болады.

Платон философиясында таза ақыл ойдың пайдасы үшін сезімді жоққа шығару бар, алғашқысы тек парасатта қамтылады. Дүниенің бастауы - идея немесе эйдостар, олар заттардың бейнесі болып келеді. Платонның кезінде «идея» сөзі күнделікті тілде «сыртқы кейіпі, көрініс, сапа, бейне, түр» дегенді білдірді.

2. "Платон - идея - неоплатонизм"

Платон идеялары шын мәнісінде адамның басынан бөлініп шыққан және идеялар дүниесінде дербес өмір сүретін объективтендірілген ұғымдар. Әрбір заттың өзіндік нұсқасы (эталоны) бар, ол соған сәйкестелініп жасалады. Мысалы, үстел идеясы нақты үстелді тудырады. Бірақ затпенен оның бейнесі арасында принципті айырмашылығы бар. Нақты зат шектелген, ол идея (эйдос) - мәңгі бұзылмайды. Осындай нұсқа (эталон) ретінде этикалық принциптер-игілік, жақсылық, сұлулық және әділеттік болып саналады.

Сұлулық идеясы барлық заттарға сұлулықты береді, басқаша айтқанда ол ңұсқа (эталон) немесе гректер көп қолданатын парадигма.

Идея қай жерде орналасқан? Осыған байланысты үш негізгі жауаптың болуы мүмкін:

- идея физикалық заттарда бар;

- идея адам ақылының туындысы, яғни ол адам санасында орналасқан;

- идея заттарда да, адам ақылында да емес, үшінші бір дүниеде орналасқан деп, ол оны Гиперуранций (тура мағынасында аспанның арғы жағында) деп атайды.

Платонның ұлылығы: ол өз ілімін өткендегі философияның барлық материалына сүйеніп жасады. Платон осы дүниеде «бәрі ағады және өзгереді» деп, Гераклитпен келіседі, бірақ идея дүниесі өзгермейді. Платон өз әрекетін Сократтың: «адамды жақсы ететін - игілік» - деген сеніміне негіздеп отырды. Жеке адам игілігі ме, жоқ әлде ұлт, тап немесе идея ретіндегі игілік жоғарғы ма? Сократтың жалпы адамзаттық мәніндегі игілік туралы түсінігінен шығып, Платон игілік идеясы ең жоғарғы дәрежеде тұратын «идеялар әлемін» жасады. Осы тұрғыда Платон шын мәнісінде Сократ ілімін жалғастырушысы болды.

Гераклит пен Сократтан басқа, Демокриттің: «барлық зат ең кіші бөлінбейтін бөлшек - атомнан тұрады» - деген көзқарасын (Демокрит атомды «идея» сөзімен белгілеген), Пифагордың барлық зат негізінде сан жатыр деген, Анаксагордың гомеометрия «заттардың ұрықтары») туралы ілімдерін пайдаланып, ежелгі Грек философиясын терең әрі жан-жақты талдап біріктірді.

Платон Демокриттің өлшемі, тек ауырлығы бар және ақылда ғана берілетін идея-атом түсінігінің қайшылығын жойды. Ол идеяны сезімдік қасиеттерден арылтты, ал сезімдік дүниені, мәңгі қалыптасу жолында болғандықтан, шынайы болмысы жоқ деп мойындады.

3. Неоплатонизм ілімі, неоплатониктер

Неоплатонизм, неоплатондық - III - IV ғасырларда туындап, Платон және Аристотель ілімдерінің ортақ жүйесін ұштастыра дамытқан, болмыс бірлігі теориясымен белгілі ілім.

Неоплатонизмнің метафизика түсінігі болмыс бастауының бір екендігін, сол бір мен барды танудың апафатик. ілімін негіздеді. Неоплатонизм ілімі Аммоний Саккастан (III ғасыр) бастау алғанымен, тарихи дамуында оның бірнеше кезеңдері мен мектептерін атауға болады. Плотин негіздеген Рим мектебі (III ғасыр) Неоплатонизмнің теория жүйесін құрды. Кіші Азиялық Неоплатонизм (IV ғасыр) теор. құрылымдардан бас тартпағанымен, негізінен мистик. тәжірибеге сүйенді (Ямвлих, Феодор Асинский, Саллюстий, т. б. ) . Неоплатонизмнің жүйелеуші кезеңі (V - VI ғасырлар) афиналық, александриялық мектеп өкілдерімен (Плутарх, Сирион, Прокл, т. б. ) тығыз байланысты. Неоплатонизм іліміндегі идеялар мен мұсылман және христиан монотеистік теологиясындағы өзара үндестік қазіргі дінтанушылардың да назарын аударуда.

Ақыл уақыттан тыс өмiр сүредi. Ол өзiн өзi таниды, ой мазмұны - идеяларды жасайды. Бұл процесс жалпы идеялардан басталады (болмыс, қозғалыс және тыныштық, сәйкестiк және айырмашылық), бұлардан басқалар пайда болады. Ақыл барлық заттардың алғашқы бейнесi. Ақылдың эманациясы (өтуi) өз кезегiнде әлемдiк жанның пайда болуына алып келедi. Ол барлық Рухтанған iзгiлiктiң бейнесi, қозғалыстағы ғарышты жасайды. Материя болмыстың ең төменгi сатысы - ол өмiрсiз және әрекетсiз, бiрақ ол барлық идеалдықтың түрi мен мәнiн “қабылдайды”. Адамның мiндетi - болмыс иерархиясындағы өзiнiң орнын ұғыну, жоғары шығуға әрекет жасап көру. Жан-Ақыл-Бiртұтастық алыстағы шама, кейiннен олар сезiм-ой-экстазға (желiгу, шабыттануға) сәйкес болады.

Плотин философиясында болмыс құрылымы емес, әдiстемелiк идеалары жемiстi болды. Неоплатонизм идеялары христиандық философияға әсерінің нәтижесiнде ұзақ өмiр сүрiп келдi. Бұл философия осылайша антикалық философияның аяғы және еуропалық орта ғасырдағы дiннiң бастамасы болды.

Осы кезде пайда болған жаңа ілімі - неоплатонизм плато-низмнің іліміне жаңа тыныс беріп, «идеялар әлемі» мен «жердегі әлемді», «Эманация» ұғымы арқылы қосты (emanation - лат. Сөзі- тасу, ағу, тарау) . Ілімнің негізін қалаған - Плотин. Сатылы болмыс-тың ең биігінде Бір игілік ұғымы жатыр, оны ақыл-ой елегінен өткізуге болмайлды, оған тек құдіретті экстаз жолымен ғана жетуге болады (extasis - грек сөзі, ерекше буырқану сатысына жетіп ақыл-ой елегінен тыс тікелей аңғару) .

Бір игілік соншалықты жетілгендігінен арнасынан шығып, шалқып-тасып, эманациялайды (ағады) . Сол себептен Дүниеге таза болмыс - ақыл (нус) әлемі келеді Ол да шеңберінен шығып, жан-дүние (псюхе) әлемін тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эллинизм философиясы
Ежелгі Грекияның мектебі, ғылыми білімі мен діні
Антик философиясының кезеңдері
Антикалық дәуірдің философиялық ізденістеріндегі ғылыми білімнің жүйеленуі
Гуманизмнің бастаулары бруно
Араб-мұсылман философиясы
Антикалық философия тарихы
Феодализм дәуіріндегі психологиялық ойлар
Философия пәні мен оның қызметі
Ислам философиясы мен грек философиясының арақатынасы тақырыбына арқау болатын негіз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz