Мұсылман мектептері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Тақырыбы: Мұсылман философиялық мектептері: сопылық, қалам, мутализм, ашаризм.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Мұсылман философиялық мектертері:
III. Сопылық
IV. Қалам
V. Мутализм.
VI. Қорытынды
VII. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Араб философиясы -- орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер ("ерекшеленушілер") қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина -- оқулықтарда "араб философтары" болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда "араб философиясы" деуден гөрі "араб тіліндегі философия" деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). "Таза ағайындар" ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. "Таза ағайындар" ілімі -- оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім -- Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі -- әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда "фәлсафа" деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі -- ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы -- Ф.Бэконнон (1561 -- 1626) Спинозаға (1632 -- 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А.ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 -- 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Ясауи ілімі бүкіл түркӘдеб.: Избр. произв. мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока 9-14 вв. М., 1961; Григорян С.Н., Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока, М., 1966; Соколов В.В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории философской мысли, М., 1985.і халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Ислам Философиясы - ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде "араб тілді философия", "араб-мұсылман философиясы", "араб философиясы", "исламдық шығыс философиясы" деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі - ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құранда тұжырымдалатын "дүниені қабылдау" ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:

Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 - 15 ғасырлар);
кейінгі (15 - 19 ғасырлар)
қазіргі заман (19 ғасыр - 20 ғасырлардың 2-жартысы).
Араб мұсылман философиялық мектептері

Мұсылман мектептері: Мектептер (араб.: мактаб‎ - жазатын орын) - мұсылмандардың бастауыш конфессионалдық мектептері. 7-8 ғғ. Арабияда пайда болған. Таяу және Орта Шығыс елдерінде тараған. 9-10 ғғ. Орта Азияда, Әзербайжанда, Поволжье мен Сібірде пайда болды.

Мектептер әдетте мешіттер жанынан ашылған; көшпенді елдерде ауқатты адамдар бөлген үйлерде не киіз үйлерде болған. Мектептер мұғалімдікті медресені бітірген молла атқарған. Жекелеген сабақтарды медресенің жоғары сынып оқушылары - шәкірттер өткізген. Кейде ел кезген моллалар сабақ берген. Сабақтар қысқы айларда, жылына 5-6 ай көлемінде өткен. Оқудың жалпы курсы -5-7 жыл.

Мектептер 7-13 жас аралығындағы ұлдар ғана оқыған. Бірінші кезеңде араб әріптері мен сөздерін жазып, оларды буынға бөліп жаттап үйренген. Кейін мұғалімнің артынан қайталап Құранның кейжерлерін жаттаған, артынан Құранды тұтас жаттаған. 3 жыл ішінде оқушылар оқып үйренген. Курс соңында каллиграфияны және кей әдеби шығармаларды оқыған. Чаар-Китаб, Суфи Аллаяр т.б. мұсылмандардың касиетті кітаптарын оқыған. Бұл кітаптардың мазмұнын көбіне (араб, парсы тілд.) оқушылар ғана емес, моллалар да түсінбеген. Мектептер ел мұсылмандары қаржысына жұмыс істеген, ақылы болған. Мұсылман философиясындағы негізгі мектептер мен ағымдар. Исламдағы Захири мектебі. Ибн Халдунның Муқаддимасында орын алғаны сияқты Хиджаз халқының, әсіресе, мединеліктердің хадис ілімін игеру барысы өзге аймақтарға қарағанда көш ілгері болатын. Аббаси халифалығының күшеюімен және саяси билік пен діни жетекшілік Мухаммед пайғамбар хадистері кең таралған аймақтан алыс, күнделікті күйбең тіршілікке қажет негізгі элементтердің бастапқы кезден­ақ сәтті жүзеге асқан мәдени жетістіктер мен оның күйреуін басынан кешірген Иракқа ауысуымен бірге жаңа бір рей мектебінің дүниеге келуін қамтамасыз етті. Рей қауымы хадисті толықтай теріске шығармады, керісінше, оны салт­ дәстүрмен, күнделікті тіршілік талаптарымен немесе өмірдің жаңа шарттарына қарай үйлестіруді көздеді. Осы кезеңде шииттер арасында кең таралған (діни мәтіннің астарлық, эзотериялық мәніне көңіл бөлген) батыния басқа да есімдермен аталатын қозғалыс ретінде дүниеге келді. Аталған мектеп Мамун атты адаммен байланыстырылады, бірақ ол жайлы мәлімет қолымызда жоқ. Батынилік әрекет өз атауын оны ұстанушылар тарапынан әрбір захирдің (сыртқы бейне, сыртқы мән), әсіресе, уахимен байланысты, бір батыны (ішкі мән, аллегориялық құпия жағы) бар деген көзқарастан алынған. Грек философиясының кейбір жақтарын қабылдағандықтан, аталған әрекеттің жолын қуушылар сунниттік ғұламалар тарапынан адасқан немесе кәпір деп саналды. Мамунның халифалық құруы тұсында (198813­218833) батынилер өз күшінде болатын, шамамен жарты ғасырдан соң аталған әрекет Иракқа, Иранға, Синдке (Батыс Үндістан), Оманға (Оңтүстік ­ Шығыс Араб түбегі) және Солтүстік Африкаға таралды. Бірақ ол қуатты ықпалға ие бола алмады. Андалусняда батыни көзқарастар кейбір адамдар тарапынан қолдау тапса да, адасқан, еретикалық ілім ретінде жалпы халыққа таныстырылды. IIVIII ғасыр Алланың мәні, Құранның түсіндірмесі және халифалық сияқты исламның кейбір негізгі мәселелері бойынша ерекшеленген батыни атмосферасына куә болды. Сонымен қатар Құран мен Хазірет Мухаммед пайғамбардың сүннетімен бірдей деңгейде фиқһтың шынайы негізі ретінде еркін ойға жүгіну процесі де бар болатын. Сонымен қатар діннің барлық мәселелерінде ақылды уахиден де нақты айқындаушы құрал ретінде ұсынатын мутазила мектебі де өз тұжырымдамасын ұсынды. Аталған ағымдар Иракты пікірталас алаңы ретінде таңдағандығына байланысты Иракта әлгі әрекеттерге қарсы жаңа мектеп дүниеге келді. Бұл мектеп Алланың және оның пайғамбарының бұйрықтарында орын алған шынайы мәндерге жол көрсетуші, жетекші ретінде Құранның және Хз. Мухаммед пайғамбар хадистерінің ауызша, жазбаша (лафзи) тілімен түсіндірілуіне мән берді. Аталған мектептің құрушысы, атақты мұсылман құқықшысы Дауд Ибн Али болатын және жолын қуушылары уахиге түсініктеме жасауға емес, оның сыртқы мәніне көңіл аударғанына байланысты бұл мектеп захирия мектебі деп аталды. Дауд Ибн Алидің жанұясы Исфахан маңындағы бір қыстақ ­ Кашаннан шыққан. Оның әкесі халифа Мамун заманында Исфахан қазысы Абдуллах Ибн Халидтің хатшысы қызметін атқарған. Дауд 202817 жылы Куфада дүниеге келіп, одан соң Бағдатта өсті, онда тәлім­тәрбие алды. Өскеннен соң мұнда дауди деп аталатын захири мектебін кұрды. Дауд Ибн Али Бағдаттағы Имам Шафидің атақты жолдасы және шәкірті ­ Сәур (ө. 246860) мен басқа да мұсылман құқықшыларының дәрістеріне қатысқан. Олардан алған білімнің ықпалымен әкесінің ұстанған ханафи мектебінен бас тартып, шафи мектебінің өкіліне айналды. Себебі, ұстаздарының біршамасы, көбінесе, Әбу Ханифа шәкірттерінен құралған рей иелері мектебінен қарағанда ол шафилердің берік ұстанған хадис қауымы мектебіне бет бұрды. Дауд білім жолын Шафидің досы және шәкірті Исхақ Ибн Рауауайхпен (ө. 237851 немесе 238852) кездесу мақсатында Нишапурға жасаған іліми сапарымен аяқтады. Одан соң шығармалары дүниеге келген жер ­ Бағдат қаласына қайта оралды. Шафи мектебінің зерттеу әдісіне қанағаттанбаған Дауд Ибн Али Құран мен хадисті фиқх ілімінің бірден­бір негізі деп танитын жаңа мектеп ­ захирия мектебін құрды
Сопылық
Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف‎, taṣawwuf) -- зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы -- сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері[1]. Сопылық -- дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء‎ -- нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты[2]. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: صوفي‎, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар ﷺ Жәбірейіл хадисінде айтқан[3] ихсанды жүзеге асырушылар санайды.

Классикалық сопы ғалымдар сопылықты мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру деп анықтаған[4]. Дарқауи тариқатының (ағыл.)қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба (ағыл.)қазақ. сопылық сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым деген[5].

Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған[6]. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін[7] сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың ﷺ күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды. Сопылық терминінің екі шығу тегі бар деп тұжырымдалады. Бұл сөздің түбірі арабтың сафа (араб.: صفا‎, тазалық) сөзімен байланысты деген пікір бар. Басқалар бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы білім беру және кәсіби мамандар дайындау саласында патшалық Ресейдің отарлық саясатының салдарлары мен зардаптары
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Мұсылман ағартушылығының мәнін ашу және хіх ғасырдағы Қазақстандағы мұсылман ағартушылығының даму жағдайы мен барысы
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Оқытылатын пәндер
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Мектеп жүйесінің құрылуы
Таяу және Қиыр Шығыстағы орта ғасыр мемлекеттеріндегі білім беру мен педагогикалық ойлардың дамуы
Калам - Ислам дініндегі философиялық ілім
Бөкей ордасындағы білім беру ісі жайында
Пәндер