Батыс Еуропадағы дін мәселесі


Тақырыбы: Орта ғасырдағы дін және ғылым мәселесі
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімБатыс Еуропадағы дін мәселесіХристиан діні және ғылым
- Қорытынды
- Әдебиеттер
Кіріспе
Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның пікірі бойынша дін қырық-елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері - сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден Ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі.
Негізгі бөлім
Батыс Еуропадағы дін мәселесі
Батыс Еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиандықты қабылдай бастады. Жаңа дін пұтқа табынушылықты ығыстырып христиандық дүниетанымдық көзқарасты Батыс Еуропада қалыптастырды. Бұл өз барысында мәдениеттің де, саясаттың да, ғылымның да діннің ықпалында болуына себеп болды. Христиан діні мен христиан шіркеуі қоғамда ерекше рол атқарды. Христиандық шіркеулер билікті қолға алып саяси институт болуымен қатар қоғамдық санаға да зор ықпал етті. Қоршаған орта, әлем, Жаратушы және адам жайлы жүйелі көзқарастар ұсынды. Орта ғасырлық христиандық тәлімнің ерекшелігі - сенімге негізделуінде. Олар: Иисус Христостың тірілуі, о дүние, үштік сенім, т. б. болып табылады. Адам жайлы көзқарастарында адамның жаратылысынан -ақ әлсіз екенін және оның шіркеу арқылы құтқарылатынына сенген. Бұл дәуірде дін философияға, саяси доктринаға, құқықтық жүйеге және моральдық ілімге айналған еді. Христиан діні Император Константин кезінде 285-337ж. мемлекеттік дінге айналды. Византия императоры шіркеулік өмірде басты рол атқарды. Олар шіркеу соборларын шақырып дін мәселесімен байланысты қаулыларды қабылдауды қолға алды. 1054ж. Рим Батыс және Шығыс болып екі тәуелсіз шіркеуге бөлінді. Олардың бөлінуіне себеп болған нәрсе, қасиетті Рухтың әке Құдайдан ба, әлде әке Құдай және ұл Құдайдан ба шыққан деген даулары еді. Орта ғасырлық кезеңнің басынан -ақ ересьтік қозғалыстар жандана бастады. Бұл қозғалыстан Иисус пен Марияны Құдайлық емес адамдық табиғаты бар деген догматты ұсынды. Ересьтік ағымдарға жол бермеу мақсатындадін басшылары инквизицияны қолданды. Инквизицияға ұшырағандар ересьтермен қатар балгер, емші, көріпкелдерге де қолданды. Ересьтер дін бұзарлар деп отқа өртенді, бұл жазалар Батыс Еуропада кең етек алды. Испанияда шамамен 30 мың адам инквизиция отында өртенді.
Папа мәртебесі ХІІ-ХІІІ ғ. барған сайын асып түсті. Оның қолын тек император ғана сүйе алатын болды. Қалғандары оның аяқкиіміндегі айқышты сүюмен ғана қанағаттанды. олар мемлекеттің даулы мәселелерін шешуге араласты. Экономиялық, коммерциялық қызмет арқылы дүниежүзінің ең ірі қаржы орталығына айналды. Олар тіпті жасалған күналардың кешірілуіне байланысты грамоталар (индульгенция) сатуға кірісті. Осы дәуірде христиан идеологиясының адамгершілік бағыты - «сенім, үміт махаббат» үштігінің бірлігінде болды.
Христиан діні және ғылым
Білім, оқу саласы шіркеу қарамағында болып, грамматика, риторика, арифметика, Астрономия, және музыка оқытылды. Орта ғасыр Еуропада ашылған мектептер: ХІ ғ. Италияда - Балон университеті 1038 ж. Англияда - Оксфорд университеті 1167ж., Кембридж университеті 1209 ж. Францияда - Париж университеті 1160 ж. бұлар ортағасырда білім ордаларына айналды. Сабақтар латын тілінде жүрді. Университет саны 15-ші ғасырда 65-ке жетті. Университетте діни ілімдерден басқа, медицина, өнер, құқық, алхимия, әдебиет, поэзия, театр т. б. оқытылды.
Схоластика. Шіркеу Рим империясының барлық нәрсесін өзіне мирас етіп алып үлкен күшке айналды. Орта ғасыр философиясы антика философиясының ықпалында қалды. Орта ғасыр христинадық сенімі дүниеден бастартқан, салғырт бір сипатта көрініс тапты. Ал Антика дәуіріндегі философия христиандыыққа қарағанда өте белсенді, пргрессивті болған. Бұл екі дәуір арасында қалыптасқан философия арасындағы айырмашылық олардың сенімдеріне негізделген. Антика дәуірінің политеизмінде Тәңір көбінесе адамдар тәрізді қызметке сәйкестенеді. Өзі секілді мәңгі болған заттарға бейне береді.
Христиандық сенімде құтылу жолы жоғарғы күш арқылы мүмкін, сондықтан да христиандар рухани өмірге баса назар аударып, руғани тұрғыдан өркендеуге, ал материалдық жақты басып тастауға тырысқан. Христиандық сенім бойынша дүние күнәлі болуға тағайындалған, адам да бұл дүниеде қалған сайын, жамандықтардан құтылмайды. Сондықтан да адам осы дүниеден тезарада көшіп ахыреттік өмірге ұласуы қажет. Осындай көзқараста болған бір қоғамда ғылымға мән беріп оның дамуына атсалысу өте қиын.
Христиан догмасының негізін қалағандардың бірі Августин болып табылады (354-430ж) . ол сын көзге, күмәнға қарсы шығып өзінің философиясын бастаған. Оның пайымы бойынша бір шындыққа, оған жетуге сенбей адам бақытқа қол жеткізбейді. Бұл христиандық философиялық бағыт схоластика деп аталды. Оның сыртында құтылу жолы жоқ, одан басқа білім жоқ. Ақиқат оның айтқан догматтарында ғана бар, одан басқа жерде ақиқат іздеу қажет емес, ондай ғылыми ізденістерді адасушылық амал (бидғат) қатарына жатқызды. Ал философияның қызметі догманы болжау, анықтау болып табылады.
Схоластика ХІV ғ. бастап реалистер мен номиналистер арасындағы дағдарыстан шығалмай құлдырау кезеңін бастан кешірді. Гегельдің анықтауы бойынша схоластика мынадай сипатта: философия мен діннің мазмұны бір, мақсаттары бір, мүдделері де бір болды. Дінді анықтау арқылы философия өзін анықтауда және өзін анықтау арқылы дінді де анықтауда еді.
Номиналистер мен Реалистердін арасындағы пікір таластар - жалпылық пен жекелік мәселесі еді. Реалистер универсальдықты яғни, жалпы ұғым әмбебаптар адам санасынан тілінен тыс өмір сүретін шындықтар деп түсіндірді. Ал оларға қарсы номиналистер әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл текқана заттарды қарату арқылы пайда болған жалпылық ұғым деген көзқарасты ұстанды.
Дін және ғылымның айырмашылығы
Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға, теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz