Қаржылық стратегияның түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

1. 1 Қаржы менеджментінің саясатының бағыттары

1. 2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

2. 1 «ФудМастер» ЖШС-ң пайыздық тәуекелділікті қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру әдісінің механизмі

2. 2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін оперативті басқарудағы кешенді саясатын талдау

2. 3 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау

3 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының мәселелері

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық процесі шаруашылығында қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асырудағы механизмінің жетілдірудегі бағытталғын шаралар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорындардың тәуекелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылыра, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Ішкі факторлар кәсіпорының өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорының тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамдағы үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс, және тағы басқалар жатады.

Қаржы стратегиясы - бұл кәсіпорынды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудегі іс-қимылдың бас жоспары. Ол нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізуде қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ететін мақсаттарды шешу, қаржының құралуының және жоспарлануының теориялық сұрақтарымен практикасын қамтиды.

Қаржы стартегиясы нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргізудің объектівті заңдылықтарын зерттейді, жаңа жағдайда қиындықтан шығудың әдістері мен түрлерін өңдейді.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мыналарды қамтиды:

  • қаржы жағдайына талдау;
  • негізгі және айналым қорларының тиімділігін арттыру;
  • табысты бөлу;
  • салық және баға саясаты;
  • бағалы қағаздар аясындағы саясат.

Қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін, ішкі және сыртқы факторлардың объективті мінездемесін барлық жағынанда қамтиды. Егер қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржы-экономикалық мүмкіндігіне жауап бермейтін болса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.

Стратегияны ісе асырғанда бас және ағымдық қаржылық стратегияны, бас стратегиялық мақсаттардың орындалу стратегиясын ажырату қолға алынған. Бас қаржылық стратегияны кәсіпорынның қызметін, бюджеттің барлық деңгейімен қарым-қатынасын, кәсіпорын табысының құрылуын және қолданылуын, қажетті қөлемі мен олардың бір жылға қаржыландыру көздерін анықтайды.

Экономикалық тұрақсыздық жағдайында қаржы ресурстарының өтімділігін, қаржының және ішкі резервтердің шығындарын бақылауда айға және кварталға қаржы стратегиясы өңделеді, ал өте қажеттілік жағдайда қысқа мерзімге жасалады.

Ағымдық қаржылық стратегияның бас жоспардан айырмашылығы барлық жалпы табысты, қаржының түсуін және барлық жалпы табысты, қаржының түсуін және барлық жалпы шығындарды, бюджет алдындағы міндеттемелерді қамтиды. Қаржының бас стратегиялық міндеті бұл кәсіпорынды қажетті және жеткілікті ақша ресурстарымен қамтамасыз ету.

Кәсіпорын капиталын тиімді пайдалануға, айналым құралдарға қажеттілігін анықтауға, табысты дұрыс бөлу және пайдалануға, німнің өзіндік құнын максималды төмендетуге, ішкі қаржыларды мобилизациялауға, ақша кірістерінің жеткіліктігіне қаржылық стратегия ерекше көңіл бөледі.

Қаржылық стратегияның маңызды бөлігі болып ішкі нормативтерді өңдеу жатады және оның көмегімен мысалы, табысты бөлу бағыты анықталады.

Қаржылық стратегия төлемсіздік тәуекелдігімен, құнсызданудың өсуімен және басқа да форсмажорлы жағдайлармен өңделді.

Қаржылық стратегия өткізуді бақылау табыстың түсуін тексеруді қамтамасыз етеді. Жақсы жолға қойылған қаржылық бақылау ішкі резервтерді анықтауға, шаруашылық рентабельділігін көрсетуге, ақша қаражаттарының қорын кеңейтуге көмектеседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «ФудМастер» ЖШС-нің ағымдағы қаржылық стратегиясын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асырудағы теориялық аспектілерін анықтау;

- қаржы менеджментінің саясатының бағыттарын зерделеу;

- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін қалыптастыру

- Қазақстан республикасындағы шаруашылық субъектілерінің стратегиясы мен тактикасын іске асыруын бағалау және талдау

- «ФудМастер» ЖШС-ң пайыздық тәуекелділікті қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру әдісінің механизмін зерттеу;

- кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін оперативті басқарудағы кешенді саясатын талдау

- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау

- қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын жетілдіру және шешу жолдарын ұсыну

Зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізін қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері нарығындағы қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.

Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Курстық жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі, қарастырылған.

Бірінші бөлімінде қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асырудағыдың теориялық жақтары, қазіргі нарықтық экономикадағы орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде «ФудМастер» ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін оперативті басқарудағы кешенді саясаты бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорын өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданады. Үшінші бөлімінде қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын жетілдіру және шешу жолдарын ұсыну қарастырылған.

1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР

1. 1 Қаржы менеджментінің саясатының бағыттары

Нарықтық экономикаға өтудің нәтижесінде кәсіпорынның мемлекеттің ықпалынан босады да ендігі кезекте кәсіпорынның қызметінің экономикалық және қаржылық нәтижелерін басқаруға байланысты жауапкершілігі артты. Соған байланысты әр бір кәсіпорын нақты жалпы стратегиясын ғана анықтап коймай, сонымен қатар қаржылық стратегиясында таңдауы қажет.

А. А. Томпсон, А. Дж. Стриклендтің көзқарасы бойынша, стратегия - ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін басқраушылық іс-шаралардың барлық жинтығын көрсетеді (1, б. 44) . Кәсіпорынның стратегиясы жоспарланған және жағдайларға байлансты біршама өзгеріп отырады.
С. Д. Ильенкова (37, б. 74) стратегияны - шешім қабылдау процессі ретінде анықталады деп қарастырады, яғни кәсіпорынның өмірлік цикілін нығайту мен бәсекеге қабілеттілгін арттыру мақсаттында іс-шаралардың кешенді байланыстағы қызметі мен қойылған мақсаттарға жетудің кешенді жан-жақты жоспарлау. О. С. Виханский (27. Б. 88) мен А. И. Ноумов (28, б. 167) стратегия - бұл кәсіпорынның даму бағытын, қызмет ету саласы мен формасын, ұйымның ішкі байланыстар жүйесін, сонымен қатар қоршаған ортадағы кәсіпорынның орнын сапалы анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарлау. Біз О. С. Виханский мен А. И. Ноумовтың берген анықтамасымен келісеміз, себебі стратегия ұғымына берген анықтамасы дәл және оның мәнін толық ашады деп санаймыз.

Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын қазіргі таңда қалыптастыру басқарудың жаңа концепциясының методологиялық принциптерінің бірі - «стратегиялық басқару» - АҚШ пен Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде бұл ұғым 70-ші жылдардың басында белсенді түрді енгізіле бастады. Стратегиялық басқару стратегиялық жоспарлаудың методологиясының дамуы негізінде қалыптасты және ол стратегиялық басқарудың негізін құрайды. Бірақ И. А. Бланктың (24, б. 21, 22) айтуы бойынша, стратегиялық жоспарлаудың басқада ұзақ мерзімді жоспарлаудан ерекшелігі ол дамудың қалыптасқан тенденциясын ғана ескермейді, сонымен қатар мүмкіндіктер жүйесі мен кәсіпорын дамуының қауіптілігін, күтпеген жағдайлардың туындауын, алдағы кезеңде қалыптасқан тенденцияны өзгерте алу болып табылады.

Стратегиялық басқарудың мақсаттары үшін кәсіпорның стратегиялық дамуының деңгейлері бойынша дифференциаланған түрлері маңызды болып табылады. Осы басқару жүйеде И. А. Бланк (24. Б. 71-85) стратегияның негізгі үш түрін көрсетеді: корпоративтік стратегия, функционалды стратегия (маркетингтік, өндірістік, қаржылық, инновациялық) және жеке шаруашылық бірлік стратегиясы (бизнес-бірлік) . И. А. Бланкқа қарағанда А. А. Томпсон, А. Дж. Стрикленд корпоративтік, іскерлік, функционалдық және оперативтік стратегиялар деп көрсетеді.

Жоғарыда аталғандарға қарасақ, қаржылық стратегия функционалдық стратегияның бір түрі болып табылады және ол кәсіпорынның қаржылық қатынастары мен қаржылық қызметтерінің дамуының негізгі бағыттарын қамтиды. Біздің ойымызша, кәсіпорынның функционалды стратегия жүйесінде қаржылық стратегия маңызды орынды алады. Бұл функционалдық стратегияның маңыздылығы кәсіпорының барлық қызметінің экономикалық көрсеткіштер жүйесі қаржы арқылы көрсетіледі, функционалдық мәселелердің балансталуы мен кәсіпорынның негізгі мақсаттарына жетуге бағынышты болуында. Бір жағынан, қаржы - бұл басқада функционалды стратегияны қалыптастырудың қайнар көзі, яғни қаржылық ресурстар кәсіпорын қызмет бағыты мен шектеуші көлемі болып табылады. И. А. Балнктың (24, б. 26, 27) ойынша қаржылық стратегия - функционалдық стратегияның негізгі түрлерінің бірі, қаржылық қызметінің негізгі дамуының барлық бағытын және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарды қалыптастыру мен оларға жетудің тиімді жолын анықтау арқылы қаржылық қарым -қатынастарды, сонымен қатар сыртқы орта жағдайларының өзгеруінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру бағыттарын өзгеру мен қолдануды қамтамасыз етеді. В. А. Слепов пен
Е. И. Громова (55, б. 50) қаржылық стратегия - әдістер жиыны болып табылады, сол арқылы кәсіпорынның қаржылық саясатты жүргізіледі және қолданылады, саясат стратегияға қарағанда бірінші деп қарастырады.
А. Н. Жилкина (64, б. 325) қаржылық стратегия - кәсіпорынды ақша қаражаттармен қамтамасыз ететін басты жоспар деп қарастырады. Бірақ біздің ойымызша, бұл анықтама ұғымның толық мәнін ашпайды, себебі кәсіпорынның тиімді дамуы үшін тек қана қаражылық ресурстар жеткіліксіз және И. А. Бланк берген анықтамаға келісеміз. О. С. Виханский (27, б39) мен А. И. Наумов (28, б. 140-141), Н. Н. Турусова (60, б. 15), В. С. Кузнецов (47, б 34) стратегияны - стратегиялық жоспарлаудың бес басқару процессінің бірі деп қарастырады. Бұл процесстер бір бірімен байланысты. Бірақ та бұл процестің кері байланысы да бар және бұл әр бір процесстің кері әсері барлық процестің жиынтығына әсер етеді (сурет 1) .

Сурет 1. Стратегиялық басқарудың құрылымы

Ортаны талдау стратегиялық мененджмент соңғы процесі болып табылады, себебі ол кәсіпорынның миссия мен мақсатын анықтау үшін да, стратегияны таңдауға да базаны қамтамасыз етеді.

И. А. Бланк (24, б. 72-78, 103-106), О. С. Виханский (27, б. 40-61) мен
А. И. Наумов (28, б. 141-149), Н. Н. Турусова (60, б. 16), И. П. Кислицына (20, б. 182-186), Е. А. Иванова (57, б. 126-138), С. Д. Ильенкова (37, б. 77, 78) ұйымның өмір сүру ортаса екіге бөлінеді: сыртқы (макроортамен негізгі қызмет ету ортасы) мен ішкі орта. Макроорта экономикаға әсерін зерттейді, құқықтық тексеру мен басқару, саяси процестер, табиғи орта мен ресурстар, әлеуметтік және қоғамның мәдени құраушысы, ғылыми-техникалық және қоғамның техникалық дамуы және т. б. Негізгі қызмет ету ортасын талдау келесі негізгі компоненттардан тұрады: сатып алушылар, жеткізушілер, бәсекелестер, еңбек нарығының күші. Ішкі ортаны талдау фирманың кадрларына, олардың квалификациясы, басқаруды ұйымдастыру, өндірістік, қаржы, маркетинг, ұйымастырушылық мәдениетіне көңіл бөлінеді.

Стратегиялық қаржылық талдаудың мақсаты - қаржылық стратегияны қалыптастыру негізі. И. А. Бланк (24, б. 47-63) келесі әдістерді анықтайды: SWOT-талдау, PEST-талдау, SNW-талдау, қоржындық талдау, салыстырмалы қаржылық талдау, қаржылық коэффициенттерін талдау, Дюпон моделінің интегралды талдау, эксперттік талдау.

Қоржындық талдау мақсатында А. Н. Петров (56, б. 96-103), А. А. Томпсон мен А. Дж. Стрикленд (59, б. 380-392), С. Д. Ильенкова (37, б. 90-91) Ботонск консультатциялық топ матрицасын қолдануды ұсынады. Альтернативалық матрица негізінде А. Н. Петров (56, б. 392-397) - «саланың қызығушылығы/бәсекелестердің позициясын» матрицасы, өмірлік цикл матрицасы, С. Д. Ильенков (37, б. 91) - «өнім/нарық» матрицасы.

Ішкі ортаны бағалау үшін, яғни оның қаржылық жағдайын факторлық әдіс арқылы З. А. Круш пен Л. В. Лущикова (46, б. 158-179) Д. Уилкокстың формуласын, Альтманның екі факторлы немесе бес факторлы моделін, коэффициенттік әдіс - У. Бивер формуласы, баланс құрылымын коэффициенттік талдау, кәсіпорынның қаржылық саясатын шығару бойынша методологиялық ұсыныстармен сәйкес интегралдық баға арқылы қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, З. А. Круш пен Л. В. Лущикова матрицалық әдісті көрсетеді және Ж. Форшон мен И. Романемен шығарылған қаржылық стратегия матрицасына көп көңіл бөлінген. Бұл матрица Е. С. Стояновамен толықтай сипатталған.

Біздің ойымызша, ешбір кәсіпорын бәсекелестік ортада тиімді жұмыс істей алмайды, егер оның нақты ориентациясы, бағыты болмаса.
Соған байланысты, басқарудың ортаны талдаудың басқа да маңызды мәселелерінің бірі ұйымның миссиясы мен мақсатын анықтау болып табылады.

С. Кузнецов (47, б. 35) бойынша миссияны анықтау кәсіпорынның қызметінің функционалдығының негізгі идеясын анықтайды, сонымен қатар кәсіпорынның бөлімшелерінің алдына нақты мақсаттарды қою.
И. П. Кислицын (20, б. 190) бойынша миссия дегеніміз - бұл кәсіпорынның болашақта қандай болу керек екенін көру дегенді білдіреді.
О. С. Виханский мен А. И. Наумов миссия дегеніміз - кең мағынада ұйымның өмір сүруі, тар мағынада ұйымның не үшін және қандай мақсатта құрылғанын, яғни миссия бұл ұйымның өмір сүру қажеттілігін көрсетеді және оның өзге ұйымдардан айырмашылығын көрсетеді деп санайды. Біз О. С. Виханский мен А. И. Наумовтың ойымен келісеміз, бұл ұғымның нақты және түсінікті мағынасын көрсетеді.

Егер миссия жалпы ориентацияны көрсетсе, ұйымның функциялық бағытын, оның өмір сүруін мәнін көрсетсе, ал нақты дәл осы мерзімде және оның соңғы көрінісі мақсат ретінде болады, ол И. П. Кислицинамен (20, б. 190) белгілі бір нәтижеге алуды анықтайды деп санайды. Біз О. С. Виханский мен А. И. Наумовтың ойымен келісеміз, ұйымның жеке сипаттамасындағы жағдайларының нақты мақсаты, оларға жету үшін қызметін бағыттайды.

О. С. Виханский мен А. И. Наумов бойынша негізгі мақсаты ұйымның даму мақсаттары болып табылады, яғни сату көлемінің темптерінің өзгеру мен толықтай саланың және ұйымның табысының арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Осы қатынасқа байланысты ұйымның даму темпі жылдам, тұрақты немесе қысқарғаны болуы мүмкін. Осы типтарға сәйкес даму темпі үшін жылдам даму мақсаты, тұрақты даму мақсаты мен қысқарту мақсатын қалыптастыруған болады. Е. А. Иванов келесідей типтерді көрсетеді: табысты мотивациялау, рационалды қызмет, максималды табыс, нарықтың белгілі үлесін алу мақсаты, ұзақ мерзімді мақсаттар, персоналды мақсаттар, әлеуметтік жауапкершілікті, даму мен диверсификация мақсаты.
И. А. Бланк келесідей мақсаттарды көрсетеді: табысты максималдау моделі, трансакциондық шығындарды минималдау, сату көлемін максималдау, кәсіпорынның нарықтық бағасын максимизациялау моделі (24, б. 122-139) .

Көп жағдайда мақсатқа жетудің жолын таңдауда оның сол мақсаттың қалайтын нәтижесіне жете алуына тәуелді болады. Мақсаттар бойынша дұрыс шешемідермен қатар мақсатқа жетуде стратегиялық дұрыс шешімдерде маңызды. Соған байланысты миссия мен мақсаттарды анықтаудан соң стратегияны таңдау мен талдау кезеңі басталады.

О. С. Виханский мен А. И. Наумов келесідей базистік немесе эталондық стратегияны көрсетеді:

1 бағытты даму стратегиясы: нарықта позицияның күшейуі, нарықта даму стратегиясы, өнімді дамыту стратегиясы;

2 интегрирленген даму стратегиясы: кері вертикалды интеграциялық стратегия, алға жылжу вертикалды интеграция стратегиясы;

диверсификацияланған даму стратегиясы: орталықтандырылған диверсификация стратегиясы, көлденең диверсификацияланған стратегия, конгломентирленген диверсификация стратегиясы; қысқарту стратегясы: «өнімді жинау» стратегиясы, ликвидация стратегисы, қысқарту стратегиясы, шығындарды қысқарту стратегиясы; комбинирленген стратегия. И. А. Бланк екінші және үшінші топтағы стратегияны қосып оны жылдамдатылған стратегия деп атайды. Сонымен қатар, И. А. Бланктың зерттеу нәтижесі бойынша келесідей қаржылық қызметтің доминантты сфераны (бағыттарды) көрсетті: кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру стратегиясы, кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы, кәсіпорынды қаржылық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету стратегиясы, кәсіпорынның қаржылық қызметін басқару стратегиясы. В. А Горемыкин келесідей стратегияларды көрсетеді: даму стратегиясы, шектелген даму стратегиясы, қысқарту стратегиясы, комбинирленген стратегия, қоржындық стратегия, диверсификация стратегиясы мен өнімнің диверсификация стратегиясы.

Барлық қаржылық стратегияны жүзеге асыру құралы дұрыс қалыптастырылған қажылық саясат болып табылады. В. А. Слепов пен
Е. И. Громов (55, б. 50) қаржылық саясат дегеніміз - бұл жалпы қаржылық идеология, яғни кәсіпорынның жалпы экономикалық мақсатқа жету үшін кәсіпорынның ұстанатын таңдалған шаралар. В. А. Слепов (54, б. 56) қаржылық саясат ұғымына бірнеше модифицирленген және нақтыланған анықтама береді, қаржылық саясат дегеніміз - мақсатты қойылымдар мен мақсатқа жету үшін кәсіпорынның қаржылық дамуының мүмкіндіктері болып табылады.
И. А. Бланк (24, б. 151) бойынша қаржылық саясат қаржылық филисофияның жүзеге асу формасы мен қаржылық қызметтің маңызды аспектілерінде кәсіпорынның басты қаржылық стратегиясын көрсетеді. Біз З. А. Круш пен
Л. В. Лущикова берген анықтамасымен келісеміз, қаржылық саясат дегеніміз- кәсіпорынмен таңдалған стратегиялар мен тактикалық мақсаттар мен мәселелер, сонымен қатар әдістер мен оларға жетудің тәсілдерімен байланысты жиынтық.

Қаржылық менеджменттің жоғарғы деңгейі сапалы бағалық және дивиденттік саясаттың, табысқа қатысты саясат, айналым қаражаттарын басқару саясаты мен оларды қаржыландру көздері, инвестиция мен оларды қаржыландыру көздері, амортизация, несие мен инновациялық саясат, сонымен қатар капитал мен ақша ағымын басқару саясатын қалыптастыру жағдайымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Біздің ойымызша, әр бір кәсіпорын қаржылық саясаттың бір бөлігі ретінде бағалық саясатты қалыптастыру маңызды орын алады, себебі бағаны қалыптастыру стратегиясын дұрыс таңдалуы кәсіпорынның коммерциялық қызметінің перспективасының тиімділігі көрсетеді. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынасы өнімді нарықтық бағамен сату кезінде ғана пайда болады. Нарықтың максималды үлесін алу, жоспарланған табыс көлемін алу мен стратегиялық және тактикалық мәселелерді ұтымды шешу үшін өнімге сәйкесінше баға қою және нарықтық жағдайларға байланысты бағалармен үйлестіру ету керек.

Өнімді сатқан соң табысты анықтауға болады, соған байланысты
З. А. Круш пен Л. С. Шохина келесідей стратегиялық мақсаттарды көрсетеді: табысты максимизациялау, қажетті табысты алу және табыс басты мақсат болып табылмайтын кәсіпорындар үшін де. Бұл стратегияның түрлері қызметтің түрі мен сипаттамасын таңдауда, өнімді өткізу жолдары, сатып алушылар мен жеткізушілер, жұмысшылар мен қызметкерлер, күтпеген жағдайлардан сақтау көлемі мен әдісі, өнімнің өзіндік құнды қалыптастыру, бағаны болжау және т. б. факторлардың анықтаушысы болып табылады.

Теорияда және практикада стратегиялық жоспарлау мен басқаруды қалыптастыру мен әр түрлі стратегиялық моделдер қолданылады, яғни қойылған мақсатқа жету үшін нұсқалардың бірін таңдау. Ең белгілі моделдер келесілер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның қаржылық стратегиясының мәні мен мазмұны
Кәсiпорын стратегиясының мәнi мен түрлерi
Менеджменттің мақсаты, принциптері және құрымы
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы
Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
ЖШС Bestam corporation дебиторлық берешек сальдосы
Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Бизнес стратегияларының негізі
«DreamPro» компаниясының даму стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz