Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Жоспар:
Кіріспе
1 Өндірістегі кәсіпкерліктің дамуы мен оның әлеуметтік-экономикалық
жағдайға ықпалын бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздері
1. Кәсіпкерлік және кәсіпорын туралы түсінік
1.2 Кәсіпорынның өндірістік қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
2 кәсіпорынның өндірістік қызметінің ерекшеліктері мен даму жағдайы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынның өндірістік қызметінің қызмет
ету белсенділігі
2.2 Өндірістік кәсіпорын дамуының аймақтағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайға ықпалы
3 Кәсіпорынның өндірістік қызметінің болашақта дамуын Болжамдаудың тиімді
әдістері мен әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалын арттырудың ұтымды
бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпкерлікті қолдап, кәсіпорынның
өндірістік қызметін дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің
қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық
мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың экономикада
жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы
бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды –
шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан
дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы
қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары
технологиялардың дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.
Сондықтан, Президент Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқының әл-
ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Жолдауында
Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде
кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе
кәсіпорынның өндірістік қызметінің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін
атап өтті.
Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан
реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын
кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп
халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы
қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті
шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын
кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік
міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп
қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны
болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.
Өндірістік кәсіпорын төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның
экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика агенттігінің
мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің
өндірісі мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс
саласының даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы
әлемдік ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму
тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Сондықтан,
индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта
кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық
дамудың маңызды факторына айналуда.
Өндіріс саласын көтермей әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты
қалыптастыру қиын. Ал өндірістегі кәсіпкерлік өзінің көлеміне қарамастан
ірі және шағын кәсіпорындардың арасында толық, бір тұтас, өзара байланысты
көптеген құбылыстарды сипаттайды. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің
өндірістік саланы дамытудағы мәселелерінің ғылыми және тәжірибелік тұрғыда
шешуді қажетсінуі курстық тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлемдік тәжірибеде шағын кәсіпкерліктің
теориялары мен тәжірбиелік мәселелерін Ж. Веттонның, Л.
Коранның, П. Друкердің, И. Шумпетердің, Р. Коуздың, К. Макконелдің,
Ф. Хайектің, Р. Хизричтің еңбектерінен және соңғы он жылдықтағы ТМД
елдерінің Л. Абалкин, В. Алехин, Ю. Осипов, В. Радаев, А. Бусыгин сияқты
ғалымдарының ғылыми зерттеулерінен, ал Қазақстан Республикасында
М. Кенжегузин, А. Кошанов, Н. Мамыров, А. Сатыбалдин, А. Есентүгелов,
Р. Каренов, О. Қалдыбаев, О. Сабденов, Ж. Карібжанов, К. Бердалиев,
А.Утаров, А. Көшербаева, А. Тоқсанова, А. Кантарбаева, Б. Исабеков,
Т. Нұрымбетов, М. Касеновтың және Р. Ниязбекованың еңбектерінен
көре аламыз.
Бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы теориялық сипатта
жазылған. Сонымен қатар, кәсіпорынның өндірістік қызметінің аймақтық
сипаттағы өндірістік, әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған ғылыми
зерттеулері жеткілікті дәрежеде емес.
Шағын, орта және ірі кәсіпорындардың қызмет ету мәселелері жан-жақты
зерттелген шет елдерде осы кәсіпорындардың үйлесімді қызметін қолдаудың
бірқатар тиімді құрылымдары бар. Алайда шет елдік тәжрибені қазақстандық
болмысқа дәлме-дәл тікелей көшіру мүмкін емес және ол шет елдегідей тез оң
нәтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға
бейімдеу үшін шағын өндірістік кәсіпкерліктің айрықша секторын жан-жақты
зерттеу қажеттілігі туындайды.
Сонымен бірге өндіріс саласындағы кәсіпорынның өндірістік қызметінің
дамуындағы көптеген факторлары жеткіліксіз зерттеліп, терең талдауды қажет
етеді. Бұл мәселелердің, әсіресе, аймақтық тұрғыдан нашар зерттелуі
тақырыпты таңдап алуға, зерттеу пәнін, нысанын және мақсатын анықтауға
себеп болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан
облысындағы кәсіпорынның өндірістік қызметінің қалыптасуының басым
бағыттарын анықтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына олардың
ықпалын бағалаудың әдістемелік нұсқауларын дайындау және нақты экономикалық
тұрғыда негізделген тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындарды дамыту
бағыттарын зерттеу;
- кәсіпорынның өндірістік қызметінің шет елдерде даму жағдайының
ерекшеліктері мен артықшылықтарын зерттеу және талдау;
- кәсіпорынның өндірістік қызметінің дамуына кедергі келтіріп отырған
факторларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну;
- ОҚО нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметінің
басым бағыттарын анықтау;
- кәсіпорынның өндірістік қызметін мемлекеттік қолдаудың іс-шараларын
ғылыми негіздеу бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау;
- өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуының аймақтық
әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерін анықтау қағидаларын дайындау;
- кәсіпорынның өндірістік қызметінің дамуын ұтымды экономика-
математикалық әдістермен болжау.
Зерттеудің пәні болып Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістің
дамуына және аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жоғарылауына
мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері таңдалды.
Зерттеудің нысанына жоғары технологиялы өндірістің негізгі буыны
ретінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта және шағын кәсіпорындар алынды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Кәсіпорынның
өндірістік қызметінің дамуының терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан
Қазақстанның экономист - ғалымдарының, ТМД елдері мен шетелдік ғалымдардың
еңбектері. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
Жолдаулары, Парламенттің және Министрлер кабинетінің басқа да нормативтік
құжаттары әдістемелік негіз болды.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі Агенттігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика
басқармасының, “Оңтүстіктүстіметалл” ААҚ-ның және Оңтүстік Қазақстан
облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау Департаменті мен ОҚО
жұмысбастылықты бақылау және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің
деректері, интернет ресурстары, сондай-ақ отандық және шет елдік ғылыми
әдебиеттер мен мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдары зерттеу
жұмысының негізгі ақпараттық көзіне айналды.
Курстық жұмыста зерттеулердің абстрактілі-логикалық, экономикалық-
математикалық, есепті-сындарлы тәсілдері, сондай-ақ жүйелі және жағдайлық
талдау тәсілдері кеңінен қолданылды.
Курстық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Облыстағы кәсіпорынның өндірістік
қызметінің даму ерекшеліктерін зерттей келе, курстық жұмыстың ғылыми
жаңалығын анықтайтын келесі ғылыми әдістемелік және тәжрибелік нәтижелер
алынды:
- ғылыми зерттеулер жүргізілу негізінде кәсіпкерлік қызметтің мазмұны
жан-жақты тиянақталды;
- Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынның өндірістік қызметінің
дамуына кері әсерін тигізетін факторлар анықталды;
- кәсіпорынның өндірістік қызметінің әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылатын адам әлуетінің даму
индексіне, жұмыссыздық денгейіне және кедейшілік деңгейіне әсері анықталды;
- өндірістік кәсіпорындардың әлеуетіне сандық және сапалық денгейден
экономикалық бағалар беріліп, өндірістік шағын және орта кәсіпорындарды
дамытудағы іс-шаралар жүйесі ғылыми негізделді;
- өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың жаңашыл қызметін,
техникалық мүмкіншіліктерін дамытудың негізгі факторы ретінде технобақтар
мен бизнес инкубаторларды пайдаланудың тетіктері ұсынылды;
- кәсіпорынның өндірістік қызметінің дамуы мен қызметінің экономикалық
тиімділігін болжау үлгілері жасалынды;

Кәсіпкерлік ерекше қызмет түрі. Ол белгілі бір тарихи әлеуметтік
ортада пайда болып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер жүйесінде дамиды.
Сондықтан, шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық
болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай
табысқа жету қиын.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның
бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем
мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы
басымдықтардың бірі деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, кәсіпорынның
өндірістік қызметін дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен
мән беріліп отыр.
Кәсіпкерлік мәнінің шетелдік анықтамасына шолу жасайтын болсақ, шет
елдік теория мен тәжірибеде кәсіпкерлік дегеніміз жаңа кәсіпорынды құруда
жауапкершілік пен тәуекелділікті мойнына алуды тудыратын және тәуелсіз
құрылымдарды анықтауды қажет ететін қызмет деп түсініктеме береді.
Кәсіпкерлік қағиданы ғылыми негіздеуде экономист, Й.Шумпетердің (1883
- 1950) еңбектері өте маңызды. Ол “Экономикалық сараптаудың тарихы” атты
еңбегінде жаңа шаруашылық тәсілдердің орындалуын кәсіпкерлік, ал оларды
жүргізуші адамдарды кәсіпкер деп атаймыз деп жазды.
Француз ғалымы Жан Батист Сэй кәсіпкерліктің ролі мен маңызын негізгі
өндіріс факторларына дейін көтерді. Сэй “Ағылшын кәсіпкерлерінің дарыны“
Англия өндірісінің табысты дамуының басты факторларының бірі деді.
Ағылшын экономисті “Саяси экономияның қағидалары“ деген белгілі
еңбектің авторы Д. Миль (1806-1873) кәсіпкерлік терминді одан ары танымал
етті.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және
қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында кәсіпкер азаматтардың өз
меншігіне немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген және
заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін мойнына алып, табыс
табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі
деген анықтама берілген.
Республикамыздағы шағын бизнестің мәнін тереңірек түсінуге Қазақ КСР-
ындағы шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы заңның
қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік
қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық,
әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді. 1990 жылдың тамыз
айында Кеңес Одағы министрлер Кеңесінің жарлығымен шағын кәсіпорындарды
құру және дамыту шаралары туралы қабылданған Заңның негізінде Қазақ КСР
Министрлер Кеңесінің N 432 жарлығын қабылдау арқылы шағын кәсіпорындарды
жіктемелеу әдістемесінде жұмыс істейтіндердің саны алынған. Қазақстан
Республикасының 1997 жылдың 8 сәуіріндегі N 499 жарғысына сәйкес келесідей:
- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 50-ге дейін;
- ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында жұмыскерлер саны 20 адамға
дейін;
- көлік пен байланыс салаларында жұмыс істейтіндердің саны 25 адамға
дейін;
- бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 30 адамға дейін, ал
активтерінің жалпы құны 60 мың АЕК жоғары емес кәсіпорындар шағын деп
есептелініп отыр. Орта кәсіпкерлікте – жұмысшылар саны 250-ге дейін, жылдық
активтері 352 мың АЕК дейін, ірі кәсіпкерлікте жұмысшылар саны 250 және
одан жоғары, жылдық активтері 325 мың АЕК болатын кәсіпкерлік нысандары
жатады.
Осыған байланысты, кәсіпорынның өндірістік қызметін дамыту мен
қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламада кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нысандары үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін
және өндіріп жатқан тауарлары мен қызметтерінің маңыздылығын ескере отырып,
әртүрлі жеңілдіктерді қолдану және жалпы құқықтық шарттарды қалыптастыру
керектігіне мән берілуде.
Кесте 1 - Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік белсенділіктің
қалыптасуының негізгі себептері
№ Өз ісін бастаудың себептері %
Барлығы: 100
1 Жұмыссыз қалғандықтан кәсіпкерлікпен айналысуға 34
мәжбүр болу
2 Алатын жалақымен қолайлы өмір сүру деңгейін 22
қамтамасыз ететін мүмкіншіліктің болмауы
3 Ағымдағы жағдайдың ретсіздігін пайдаланып, тез 18
баюға ұмтылу
4 Мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік қызметкерлерге 12
тәуелді болудан құтылып іс-әрекет бостандығын алып,
еркін өмір сүруді, қызықтыратын іспен ешкімге
тәуелді болмай айналысуды қалау
5 Мемлекеттік, бюрократтық ережелер мен 10
процедуралардың әсерінен жүзеге асыруға мүмкін
болмаған әлеуетті, идеяларды жүзеге асыруға ұмтылу
6 Қоршаған адамдар арасында беделінді, әлеуметтік 3
статусынды жоғарылатуға ұмтылу
7 Өзінді төзімділікке тексеру 1
Кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуының негізгі себептеріне жұмыссыз
қалғандар (34%), жалақының қолайлы өмір сүруге жеткіліксіздігі (22%) мен
тез баюға ұмтылғандар (18%) құрап, ал ешкімге тәуелді болмай еркін өмір
сүруді қалағандар (12%) мен өз идеяларын жүзеге асырғысы келген адамдардың
(10%) үлесі аз деңгейді иеленіп отыр.
1.2 Өндірістік кәсіпорын қызметін анықтайтын негізгі көрсеткіштер
Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау
мақсаттарына байланысты болады:
• Стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен
бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған
орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай бір
элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
• Тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір
бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің жұмыс істеу
тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
• Жоспарлау міндеті. Түрлі ресурстардың немесе осы ресурстардың
түрліше ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
• Басшылыңтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу
жөнінде келіссөздер жүргізу.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және коммерциялық қызметі
қасиетінің әр түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің көптеген
түрлеріне ықпал етеді.
Сонымен, оларды пайдалану проблемасы мынадан тұрады: олардың
бірде-бірі әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада, бизнесте
қол жеткен табыстар немесе сәтсіздік туралы пікір алысу
мүмкіндігі туады. Сондықтан да, практикада әр уақытта бір-бірімен
байланысты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын
қызметінің түрлі жақтарын көрсетеді.[1]
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
Принциптері Принциптің мазмұны
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге
негізделеді, оның қорытындысын
нақтылы сандық тұрғыда пайд.
Жиынтылығы Процесті объективті бағалау
мақсатында оны жан жақты зерделеу.
Жүйелілігі Бір-біріне өзара байланысты
экономикалық құбылыстарды зерделеу,
бірақ оқшаулау емес.
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті, алдын ала
белгілі аралық уақыт арқылы жүргізу
керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін
емес.
Объективтілігі Экономикалық құбылыстарды
тәжірибелі және әділ зерделеу,
объективтік қорытындылар жасау.
Пәрменділігі Практикалық мақсатқа пайдалану,
өндіріс қызметінің жаңа
нәтижелілігі үшін талдау
қорытындысының жарамдылығы.
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты
шығындар, оны
жүргізу нәтижесінде алынған сол
экономикалық тиімділіктен елеулі
түрде аз болуы керек.
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау
қорытындылары бір-бірімен, жеңіл
салыстырымды болуы керек, ал
аналитикалық процедураларды
(тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде
қорытындылардың сабақтастығы
сақталуы қажет.
Ғылымдылығы Талдауды жүргізу барысында ғылыми
негізделген әдістер мен
процедурадарды басшылыққа алу керек.
Көрсеткіштер жеке, топтың және жалпы болып бөлінеді Талдау мақсатына
байланысты көрсеткіштер: абсолюттік, салыстырмалық және орта мөлшерлік
нысаны түрінде білдіруі мүмкін. Әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық
анықтықта (кеңістік, уақыты және мөлшері) болады.
Нарықтық қатынастарға
өтуде экономикалық, қаржылық және статистикалық көрсеткіштер жүйесі олардың
есеп айырысу бөлігі және есеп жүргізуі қалай болса, шешімдерді негіздеу
рөлі солай төтеп береді және түрлі өзгерістерге ұшырайды. Мысалы,
шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе жағдайында кәсіпорын қызметін
бағалағанда мынадай көрсеткіштер маңызды рөл атқарады: жоспарлы орындау,
тауарлы өнімнің мөлшері, жалпы өнім мөлшері, ал нарықтық жағдайда: бірінші
кезекте сату мөлшері, пайда, пайдалылығы және толып жатқан оңтайландырулар.
Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді мына төмендегілерге бөлуге
болады:
• бағалылық, қол жеткен немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі немесе не ол,
не бұл қызмет нәтижесін сипаттайды;
• жұмсалмалық қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты
жұмсалатын шығындар деңгейі.
Мұндай болу өте шартты. Ол жүргізілетін талдаудың мақсатына байланысты
болады.
Практика жүзінде кеңінен қолданылып жүрген ең маңызды бағалық
көрсеткіштерге мыналар жатады:
• кәсіпорынның сатудағы жалпы мөлшері;
• жалпы табыс;
• шартты таза пайда;
• шартты таза өнім;
• процент төленгеннен кейінгі пайда;
• салық төленгеннен кейінгі пайда;
• барлық ңосымша төлемдерден кейінгі пайда;
• өндірістің дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі өтімділігі;
• дивиденд төленгеннен кейінгі өтімділік.[2]

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынның өндірістік қызметінің
қызмет ету белсенділігі
Нарықтық шаруашылықтың дамуының жоғарғы икемділікпен өзгеруінің
негізгі факторы, нарықтың міндетті құрамдас бөлігі кәсіпкерлік екенін
бірнеше жыл ішінде жүргізілген қайта құрулардың нәтижесі көрсетіп отыр.
Қоғамның тепе-теңдікте дамуы барлық аймақтардың үйлесімді дамуымен
байланысты. Бүгінгі таңда ірі мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге
асырылуында аймақтардың рөлі артқанын байқаймыз. Сол себепті Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының,
облыстарының дамуын басқарумен сипатталады.
Қазіргі кезеңде аймақтардағы кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуына
әсер етуші басты фактор жұмыссыздық. Бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейінің
өсуі ең күрделі мәселелердің бірі. Ресми мәліметтер бойынша облыстағы
экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты есептегенде оның деңгейі 7 пайыз
шамасында болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының статистика
департаментінің есептеуі бойынша 2007 жылдың соңында 71,7 мың жұмыссыз бар
екені анықталды, бұл ресми тіркелгендердің санынан үш есе артық. Шағын
қалалар мен ауылды жерлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Осыған
байланысты, облыстағы кәсіпкерлік белсенділіктің даму барысы басқа
аймақтармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Облыста заңды тұлға ретінде 2007 жылдың 1 қаңтарына 1527 кәсіпорын
құрылып, 3840 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік кәсіпорын секторының
экономикалық салалар бойынша орналасу құрамына талдау жасайтын болсақ:
аграрлық секторға 49,5%, сауда саласына - 37,1% , автокөліктер және жеке
тұтыну бұйымдарын жөндеуге, құрылысқа 11,6%, өнеркәсіп өндірісіне 1,5%
келеді. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кейінгі жылдары бұл ара
салмақ сақталуда. Төмендегі кестеде облыстағы кәсіпорынның өндірістік
қызметінің қызмет ету белсенділігі көрсетілген.
Кесте 2 - Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынның өндірістік қызметінің
қызмет ету белсенділігі
N Көрсеткіштер2001 2002 2003
Екінші деңгейдегі банктер (11 ай22012,5 21958,0 36523,1 202
қорытындысы бойынша)
Микрокредиттік ұйымдар 342,3 793,8 1366,4 390
Шағын кәсіпкерлікті дамыту 240,8 491,0 804,6 330
қоры АҚ
Ауылдық несие серіктестіктері, 1576,0 2205,1 2352,1 150
кредиттік серіктестіктер
Қазақстандық кредиттеу қоры 1138,7 1721,3 3186,8 280
Шымкенттегі филиалы
Оңтүстік Қазақстан облысының 25,6 57,1 92,7 360
феремерлер мен кәсіпкерлерді
қолдау қоры ҚҚ
Барлығы: 25333,9 27226,3 52361,3 200
Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек
процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір
жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді
жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен,
өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек.
Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер,
кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен
жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп
шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
• өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
• кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және
олардың өзара үйлесуі
• өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
• өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу
дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа
жол;
• өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім
мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін
орындау.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және
жаппай өндіріс болып табылады.
Жеке дара өндіріс — шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол
сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек
өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Сериялы өндіріс — жеткілікті көп мөлшөрде шығарылатын өнімдердің
түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді
шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы, орта
сериялы және ірі сериялы өндіріс болып бөлінеді.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі
номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі
мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден
байқалады:
• мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік
процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды
қолдану;
• жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге
байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
• өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін
оның сапасын арттыру;
• өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің
өзіндік құнын елеулі кеміту.
Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік
қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың
бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы
тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының Іс-әрекетке
қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек
құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп
есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының
өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт
аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген
қорытындыға келісуге болмайды.
Сонымен, өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді
шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері — машиналар және
жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын
қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек
құралдарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz