Қазақстандағы христиан тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Христиан діні
Жоспар:

I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Христиан дінінің шығу тарихы
2) Православие, Католицизм, Протестанттық
3) Қазақстандағы христиан тарихы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) -- Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін. Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді. Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:
1. Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);
2. Апостолдардың арнаулы хаттары;
3. Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
4. Ақыр заман туралы өсиет.
Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі. Сиқырға, Митраға, Исида, Осириске, т.б. сенім күшейді. Осы кезде дүниеге келген Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдындағы тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятты. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, Христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланды. Олар жергілікті билік өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болды. Жер асты шіркеулері салынды. Дегенмен, көп ұзамай Христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі, соның ішінде билік иелері де тартыла бастады. Христиан діні догматикасы 4 -- 6 ғасырларда қалыптасты. Оның қалыптасуында каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330 -- 390), Григорий Нисский (335 -- 394), Василий Кессарийский (330 -- 397) маңызды рөл атқарды. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмады. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келді. 5 ғасырдың ортасында ортодоксалдық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктелді. Орта ғасырлардан бастап Рим шіркеуі христиандарды өзіне бағындыруға тырысты. Бұған шығыстағы Византия қарсы болды. Нәтижесінде 9 -- 11 ғасырларда Христиан діні

"Батыс шіркеуі" (католиктер) және "Шығыс шіркеуі" (православтар) болып екіге бөлінді. 16 ғасырда католик шіркеуінен протестант шіркеуі бөлініп шықты. Сөйтіп, даму барысында Христиан діні негізгі үш тармаққа (православие, католик, протестантизм) бөлінді және олардың әрқайсысының өз ішінде әр түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Бұдан басқа несториандық, монофизиттік сияқты шағын тармақтар да кездеседі. Бұл ағымдар догматтардың әр түрлі түсіндіріліп, киелі кітапқа, діни ғұрыптарға әр алуан көзқарастары негізінде қалыптасқан.[8]
Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б.д.д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мүнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық қүдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді. Бүл үрдістің дамуына орай рим билеушілері христиандарды қуғын-сүргінге үшыратудан енді бүл дінге қолдау көрсетуге көшті, тіпті IV ғ. христиандықты Рим империясының мемлекеттік дініне айналдыруға дейін барды. Идеялық, ғибадат, институңионалды түрғьща христиандық жоқ жерден пайда болған жоқ. Рим политеизмі, египеттік Осирис және Исида ғибадаты, иран митраизмі, грекгік Кибена және Аттис ғибадаты және т.б., христиандар ой елегінен өткізбеуі мүмкін емес діни-мәдени орта қалыптастырды. Алайда, христиаңдықгың қалыптасуында иудаизм, өзінің монотеизм, мессиандық, эсхатология және т.б. идеяларымен ерекше рөл атқарды. Ол иудеохристиандық секта ретінде пайда болды. Мүның бәрі христиандық осыған дейін бар діни-мәдени мәліметгерді тек пайдаланып қойды деген сөз емес, ол керісінше, жаңа діни кешен қалыптастырды.

Христиан дінінің шығу тарихы
Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-ІІ ғғ Вавилон, парсы, македон басқыншылығынан және жателдік Птолемей мен Селекви әулеттерінің билігін бастан кешірген палестиналық яхудилер (еврейлер) аз уақытқа саяси тәуелсіздікке қол жеткізген болатын. Б.д.д. 140 жылдан бастап, тәуелсіз Иудеяны маккавей (хасмоней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел аумағын ұлғайтумен қатар, тұрғындарға яхудей дінін қабылдатуға белсенді атсалысады. Ал б.д.д. 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны жаулап алғанда, Палестина да Рим империясының бір бөлігіне айналады. Иудея мен Самария өзін өзі басқарудың соңғы белгілерінен айрылады. Енді билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына шоғырланады. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес - Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтеді. Саяси тәуелсіздіктен айрылуды Палестина тұрғындарының бір бөлігі қасірет ретінде қабылдайды. Халық арасында әкелер өсиетін, діни рәсімдер мен тыйым салуларды бұзғаны үшін құдай қаһарына ұшырағандық туралы пікірлер кең таралады. Бұл яхудилердің діни-ұлттық топтары - хасидейлер (ізгі яхудилер) мен фарисейлер (жіктелгендер) ұстанымдарының нығаюына көп ықпал етеді. Фарисейлер иудаизмнің тазалығы үшін жат-жерліктердің ықпалына қарсы күресіп, дәстүрлі тіршілік нормаларын сақтауға шақырады. Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) "құдай белгісі бардың" келетінін және оның яхуди халқын құтқарып, "яхуди патшасы" болатындығын уағыздаушылар қаптап кетеді. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмайды, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермейді. Міне, дәл осы тұста тарих сахнасына христиан діні шығады.
Христиан діні жан біткеннің барлығының Құдай алдында тең екендігін айтып, адамдардың көкейінде әділетсіздік пен қанаушылықтан құтылудың үмітін оятады. Құдай алдында барлық адамдар тең деген идея жергілікті билеушілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болып, христиан дінін қабылдаушылар жаппай қудаланады. Олар жергілікті би өкілдерінен қашып жүруге мәжбүр болады. Дегенмен, көп ұзамай христиан дінін уағыздаушылар көбейіп оның қатарына тұрғындардың көп бөлігі , соның ішінде билік иелері де тартыла бастайды. Христиан діні догматикасы IV-VI ғасырларда қалыптасса, онда каппадокиялық діни ғұламалар Григорий Назианзин (330-360), Григорий Нисский (335-394), Василий Кессарийский (330-397) маңызды рөл атқарады. Христиан догматтары үлкен тартыс-таластар арқылы жүйеленеді. Бірақ діни таластар догматтардың канондығын анықтағасын да тоқталмайды. Ақырында бұл таластар христиан шіркеуінің әр түрлі ағымдарға бөлінуіне алып келеді. Vғасырдың ортасында ортодокстық Христиан дінімен келіспейтін Армян, Копт, Малабар, Эфиоп, Иаковит, Абиссин шіркеулері жіктеледі.
Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынады. Сойтип, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып , әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналады. Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырады. Осының бірң жаңа дінді байыты, нығайтса оның ұлттық - этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени - интелектуалдық күшке, бұқаралық козғалысқа айналдырады. Христианшылдықтың бұрынғы діни - мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді. Бастапқыда негізінен қоғамның төменгі - таптар, құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және т.б тұрған дін II-III ғдың соңына қарай қолөнершілерді, саудамен айналысушыларды, жер иелері мен шонжарларды, сенаторлар және әскери атағы бар адамдарды да өзіне тарта білді. Христиандық қозғалысқа ақсүйектер мен білімді адамдардың тартылуы оның әлеуметтік мазмұнын өзгертті. Жоғары тап өкілдері қауымда жетекші орындарға ие болды,мүлік жұмсау мендіни рәсімдерді атқаруға басшылық етті. Сол себепті олар теңсіздікті жою, қалыптасқан тәртіпке қарсы шығу идеяларын христиандықтан ығыстыруға тырысты. Ол заманда Римде императорға адалдық культі кең таралған еді. Император мүсінінің алдында құрбандық шалудан бас тарту саяси күмәнділіктің белгісі саналған. Христиандар бұл рәсімді ұстаудан бас тартқандықтан, императорлар Трян (53-117), Марк Аврелий (121-180), Семтимия Север (146-221), Валериан (193-260 жж шамасы), Диоклетиан (245-316) және т.б кезінде христиандар қатты қуғынға ұшырады. Ал азап шеккендердің культі христиандықтың таралуына және христиандардың одан сайын бірігуіне ықпал етті. Қуғыннан жапа шеккен көптеген христиандар шөл далаларға қашып, христиан монахтығының пайда болуына негіз қалады. Қанша қуғындалса да христиан дінін ұстанушылардың бірте- бірте әлеуметтік құрамының өзгеруі олардың әлеуметтік эволюциясын да анықтады. Осылайша шіркеу мен қауым басшылары императорлық билікпен жақындасуға ұмтылды, ал императорлық билік өз тарапынан империяны бір дін аясында топтастыруға мүдделі болатын.
Христос сөзі грек тілінен аударғанда мессия, құтқарушы дегенді білдіреді. Көне өсиеттен жеткен мәлімет бойынша Иисус Христос сүндеттеліп, Тауратты оқып, Шаббат шарттарын сақтап синагогаға барып, иудизмнің діни мерекелерін қабылдаған. Алайда оның жарық дүние есігін ашуы да Жаратушының дегенімен болған. Жаңа өмиет айтқандай, Мәриам қыз құдіреттің күшімен жүкті болып, ИИсус туар алдында аспанда оның дүниеге келетінін хабар беретін Вифлеем жұлдызы п.б. Жұлдызды көрген ғұламалар оны бетке алып жүріп отырып, Ирод патшаға жетеді. Иродқа келіп дүниеге жаңа құтқарушының келгенән айтқанда, қорыққан патша 2 жыл бойына Вифлеемде және оның маңында жаңа туған сәбилерді өлтіруге бұйрық береді. Бірақ, Ирод күнәсіз сәбилердің қанын босқа төгеді, себебі Иисус Христостың қасиетті отбасы ол кезде Египетке қашып үлгерген болатын. Осылайша олар Египетте Ирод олгенше бой тасалайды. 30 жасына дейін, жоғарыда айтылғандай, яхуди (иудей) дінін ұстанған пайғамбар 30-ында уағызға шығады. 3 жыл Құдайдың барлығына куәлік етіп , көне өсиетте жазылған жәйттерді түсіндіріп, ақиқат дін турасында уағыз айтып, жұртшылықты, өлген адамды тірілтіп, ауруларды жазып, соқырлардың көзін ашып, екі нан бес балықпен 5 мыңнан астам халықты тойдыру арқылы срңынан ерген 12 хауариаларымен бірге 3 жыл бойына пайғамбар екенін танытады. Інжілде Иса пайғамбардың соңғы күндері жайындағы тәмсіл оның Иарусалимге кірген уақытынан басталады. Аптаның алғашқы күні (Інжіл бойынша ол жексенбі ) Иерусалим қақпасынан есегімен өткен Иисус Христостың ғажайып істерінен хабардар болған халық оны Осанна, яғни яхуди тілінен тікелей аударғанда Құтқарушы деп ұрандап қарсы алады. Ол қала кірген соң Иерусалим храмдарынан саудагерлер қуылады. Бұл - барлық ізгілікті істердің басынан таза емес адамдарды қуғандағыдай әсер етеді. Ал аптаның бесінші күні (бейсенбіде) пайғамбардың өз шәкірттерімен Жаңа өсиет бша хауариаларымен қоштасатын кешкі асы өтеді. Осы дастарқан басынан бір хауари искариоттық Иуда ерте кетіп қалып, жауларға пайғамбарды сатады. Иса пайғамбардың құтқарушы екенін алғашқы рет осылайша мойындаған кезде Рим империясының яхудилар жеріндегі басқағы Понтий Пилат оны креске керу жайында үкім шығарады. Христос шегемен қағылып өлтірілгенімен, 3 күннен соң қайта тіріліп, біраз күннен кейін көкке ұшып кетеді. Христиан дінінің өзінен бұрынғы ілімдерге қарағанда халықты тарта білуінің негізін ғалымдар бірнеше ерекшеліктердің тұңғыш рет осы дінде пайда болуымен түсіндіреді. Оның алғашқысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
Христиан дінінің шығу тарихы
Қазақстандағы христиан діні
Пресвитерандық шіркеуі
Қазақстандағы православие тарихы
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы діни жағдай
Христиан діні
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Діни қызмет және діни бірлестіктер
Пәндер