Калам - Ислам дініндегі философиялық ілім


Тақырыбы: Мұсылман философиялық мектептері: сопылық, калам, мутазилизм, ашаризм
.
Жоспар:
- Мұсылман философиясы.
- Сопылық.
- Калам.
- Мутазилизм.
- Ашаризм.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
I. Мұсылман философиясы. Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте нрек ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Еруопада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және енегіздеі үдерісі жүріс өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII-X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлдеенген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және тағы басқа ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниеетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығым мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылымишығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды. Осылай Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімн қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениетінің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен қатар әл-хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мне философтардың есімдерімен танысты.
II. Сопылық немесе тасаууф - зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы - сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері. Сопылық - дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқанемесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды. Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған. Дарқауи тариқатының (ағыл. ) қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба (ағыл. ) қазақ. сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген. Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды
«Сопылық» терминінің екі шығу тегі бар деп тұжырымдалады. Бұл сөздің түбірі арабтың «сафа» сөзімен байланысты деген пікір бар. Басқалар бұл сөз арабтың «суф» сөзінен шығып, ертедегі сопылардың жүннен тоқылған киім үлгілерін білдіреді деп санайды. Барлық мұсылмандар өздерін Аллаһқа баратынына сеніп, өлімнен және Қияметтенкейін жұмақта орын алуға ұмтылғанымен, сопылар Құдайдың болмысын тану және оған жақындау бұл өмірде де мүмкін деп санайды. Сопылардың басты мақсаты Аллаһтың разылығын іздеп, адамның бастапқы халін (фитра) қалпына келтіру деп саналады. Сопылық жолына түсу үшін оқушы өзіне ұстазтабу керек, себебі бұл оқушының дәрежесінің өсуіне қажетті шарт. Ұстаз оқытуға құқылы болу үшін басқа шейхтан рұқсат қағазын (Иджаза (ағыл. ) қазақ. ) алу керек. Ұстаздан шәкіртке жалғасатын бұл тізбек Силсилә (ағыл. ) қазақ. деп аталады. Бастапқыда сопылық тек қана Исламның интернализациясы ретінде қарастырылды. Бір пікір бойынша сопылық негізін Құраннан, оны оқып, терең ойланудан бастау алады. Басқалар сопылықты Мұхаммед пайғамбарға еру, сол арқылы Аллаһқа жақындаудан басталған дейді. Бұдан қарапайымырақ теорияларға сәйкес мұсылмандардың елдерді көптеп жаулап алуы христиан монахтары мен тақуаларды мұсылман қоластына әкелді. Олар көптеген ғасырлар бойы белсенді рухани өмірмен өмір сүріп, олардың әдіс-тәсілдері сопылықтың негізін қалаған тақуа мұсылмандарға әсер еткен.
III. Калам - Ислам дініндегі философиялық ілім. Негізін әл-Ашғари (873-935) қалаған. Бұл ілім VIII ғасырда пайда болып, IX ғасырда Орта Азия мен Қазақстанға кең тараған. Калам жолын ұстанушыларды мутакаллимдер дейді. Мутакаллимдер мен философтардың айырмашылығы: мутакаллимдердің ой-тұжырымдарың негізі Ислам принциптері мен осы дінге тән мәселелер болған, ал философтардың ойлары ақыл-парасаттың принциптеріне және антикалық философияның моделіне негізделген.
IV. Мутазилиттер - Ислам тарихында пайда болған ағымдар қатарында өзіндік із қалдырған, Ислам ғылымына «Калам» саласын ендірген, Ислам философиясының іргесін қадаған, әлемге әйгілі Ислам философтарын шығарған, көне грек еңбектерін араб тіліне аударуда елеулі қызмет атқарған ағым. Мутазилиттер ағымы омеялықтардың халифалық тұсында (661-750) пайда болып, аббастықтар кезеңінде Ислам әлемінің ресми мазхабы болып бекітілді. Шамамен, бір ғасырдан аса өзінің ұстанған бағыты бойынша күресті. Батыс шығыстанушыларының айтуына қарағанда, «Мутазилиттер» деп аталудың себебі, олардың тақуа, дүниеге көңіл бөлмей, өмірдің қызықтарын тәрк еткені. Шынына келгенде, олардың бәрі дерлік бұл сипаттағы адамдар емес еді. Мутазилиттер Ислам ағымдарының ішіндегі діни мәселеде ақылды көбірек қолданатындығымен ерекшеленеді. Ақылға қонымсыз аят пен хадисті логикалық тәсіл бойынша түсіндірді. Әсіресе, сенім, иман мәселелерін дәлелдеу үшін алдымен ақылды төреші етті. Олар шариғатқа құрмет көрсеткенімен әһли мәселеде еркін еді. Кез келген бір мәселені әуелі ақылға салып таразылайды, ақылға қонымды болса алады, қонымсыз болса тәрк етеді. Мутазилиттердің ақылға көбірек мән беруінің себебін ғалымдар былай деп түсіндіреді: Мутазилиттердің көне мәдениет пен өркениеттің ошағы болған Иракпен Парсы аймағынан шығуы; олардың басым көпшілігі араб ұлтынан болмауы; Мутазилиттердің яһуди, христиан, әрі философиялық, еңбектерді араб тіліне енгізуге атсалысқан мұсылман емес кісілермен тығыз байланыста болулары көне философиялық пікірлердің оларға әсер етуі ағымы умеялықтардың билік кезеңінің соңына таман шығып, үкімет жағынан ешқандай қысымға ұшырамады. Өйткені, үкіметтің билігіне араласпады, халық арасында бүлік шығармады. Дегенмен, уақыт өткен сайын ел ішінде түрлі мақсаттағы топтар шықты. Бір шетінен осы тұста араб-Ислам түсінігіне ақырындап үнді мен грек философиясы кіре бастады. Исламның алдында парсы мәдениеті грек философияның әсерінде болғандықтан, грек философиясы, мұсылмандарға парсыларарқылы келді. Сонымен қатар, суриянилер жолымен енді. Өйткені, суриянилер грек философияның мирасқорлары болатын. Мутазилиттер дәлел келтіру әдісінде осы философияның әсерінде болғандықтан, грек философиясын көбірек қолдануға кешті. Бұлай болуының мынадай себептері бар:
- а) Мутазилиттертер грек философиясынан логиканы, түсіндіру әдісін толықтыратын идеялар, пікірлер тауып, осы нәрселерді үйреніп, өзгелермен пікір сайыста қолданыл отырды.
- б) материалист философтар мен өзге де кісілер Исламның иман негіздеріне қарсы шығуы нәтижесінде Мутазилиттер оларға тойтарыс беру үшін философиялық, және логикалық тәсілдерді меңгеруді мақсат етті. Өйткені, Құдайға, Пайғамбарға сенбеген адамға діни дәлел келтіру әбестік, әрі күлкілі жәйт екенін ұқты. Сондықтан, аһли дәлел келтірумен Аллаһтың бар екендігін, Пайғамбарлық хақ екендігін айғақтады. Философтарды жеңу үшін олардан көп нәрсе үйреніп, ақыры мұсылман философтарының шығуына ұйытқы болды. Мутазилиттер Ислам ғылымына «Калам» (иман негіздерін зерттейтін, Аллаһтың барлығын, жалғыз екендігін зерттейтін сала), «Илми бәләғат» (шешендік өнер), «Жәдәл» (пікірсайыс) секілді жаңа білім саласын енгізді. Бұл ғылымдар арқылы Исламға қарсы келушілерге керекті жауапты жан-жақты етіп келтіріп отырды. Мутазилиттердің Аллаһтың бар және бір екендігін түсіндірудегі әдістері Спиноза(1632 - 77) арқылы Батыс философиясына әсер еткендігін Батыс ғалымдары мойындаған. Мутазилиттер өз арасында 18 тармаққа бөлініп кеткенімен, діни мәселені түсіндіруде ұстанған ортақ негізгі бес қағидасымен ерекшеленеді.
- а) Таухид (Аллаһты бір деу) : Аллаһ Тағала әрі зат, әрі сипат тұрғысынан жалғыз. Аллаһтың сипаттары оның затымен бірге, одан тыс болмайды. Аллаһ жаратылған ешбір нәрсеге ұқсамайды және ақыретте адамдар көре алмайды.
- ә) Адл (әділдік) : Аллаһ Тағала әділ. Пенделерге ешқашан зұлымдық етпейді. Пенде Аллаһтың өзіне берген еркіндігі мен қалау еркіндігі арқылы жақсылық пен жамандықты істейді. Пенденің әр ісіне Аллаһ араласпайды. Керісінше, Аллаһ пендеге керекті нәрсені жаратуы мәжбүр деуде. Бұл түсінік бойынша, тағдыр деген жоқ. Себебі, тағдыр болса, пендеде ерік болмайды.
- б) Аллаһтың сөзі, уәдесі: пенде иман келтіріп, дұрыс жолмен жүріп дүниеден өтсе, сауап жазылып, сый беріледі (әл-уағд/сөзі) . Керісінше, имансыз болып, яки үлкен күнә істеп, тәубе етпестен өлсе, азапқа ұшырап, мәңгілік тозақта қалуға лайық болады (уәлуағид/уәдесі) . Аллаһ Тағала үлкен күнәйі тәубе етпестен кешірмейді. Сондай-ақ, мүмін тозаққа күнәсін өтеу үшін барып, одан кейін жәннатқа барады деген нәрсе жоқ. Тозаққа бір кірген адам қайта шықпайды.
- в) Екі мекеннің арасындағы бір мекен: үлкен күнә істеген мүмін кісі иманнан шығады. Өйткені, амал иманның бір бөлігі. Бірақ, кәпір де болмайды. Алайда, иман мен күпір арасында бір жерде немесе екі мекеннің арасындағы бір мекенде, яғни өтпелі жағдайда болады. Ондай кісі өлгенге дейін мұсылман болып есептеледі. Егер істеген ісіне тәубе етсе - иманға келгені, етпесе - кәпір болып тозаққа барады деуде.
- г) Жақсылыкка шақыру, жамандықтан тыю, жақсылыққа үндеу, жамандықтан тыю әрбір мұсылманға парыз.
Мутазилиттер ақылды көбірек қолданғандықтан - Құран аяттарын сунниттерден өзгеше тафсирлейді. Сунниттер үшін Құран аятының кейбірінің ұғымын Аллаһ пен Оның Елшісі Мұхаммед (с. а. у. ) Пайғамбар ғана біледі. М. болса, Құран адамзат үшін түсірілгендіктен, онда біз түсінбейтін аят болмауы керек деп, Құранның мағынасы құпия болған аяттарына түсініктеме береді. Өйткені, «Имран» сүресінің 7-аятын былай деп түсінулерінен туындайтын еді: «Ол Аллаһ саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар кітаптың негізгі іргетасы. Екінші, ұқсас ұғымдағы аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық істеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымы Аллаһқа аян. Ғылым иелері: Біз бұған да сендік, барлығы да Тәңірден келген, - дейді». Мутазилиттер бұл аятқа былай деп мағына береді: « . . . Оның мағынасы Аллаһ пенғылым иелеріне аян. Біз бұған да сендік, барлығы да Тәңірден келген, - дейді». Аятқа осылай мағына бергендіктен, Құрандағы мағынасы құпия мұташабих аяттарды тафсирлейді. М. мұнымен шектелмей құпия муташабих аяттарды тафсирледі және Аллаһтың қасиетті Құранын «махлуқ» (жаратылған) деді. Аббастықтар тұсында халифа Мәхдиден (775 - 85) қолдау тапқандықтан, өз сенімдерін халыққа күштеп жаюға кешті. Халифа Мамун (813 - 833) Мутазилиттер болғандықтан, халифалықтың ресми мазхабы ретінде Мутазилиттерді бекітіп, тікелей өзінің араласуымен халыққа осы ағымның ұстанымдарын күштеп қабылдатты. Мамуннан кейінгі халифалар Муғтасым (833 - 42), Уасықтың (842 - 47) дәуірінде М-дің алтын дәуірі болды. Бірақ, 847 ж. таққа келген халифа Мутәуәккил халықтан келген шағымдар нәтижесінде 848 ж. Мутазилиттерді ресми мазхабтан алып, бұл ағым өкілдерін қатты қыспаққа ұшыратады да, Мутазилиттерді аз уақыт ішінде тарихтан қош айттырады. Себебі, олар билікті пайдаланып Құран махлуқ, Аллаһ ақыретте көрінбейді деген екі мәселеге халықты сендіруге зорлап, көнбегенді аяусыз жазалап өлтірді. Алайда, Мутазилиттер деген ағым тарихтан жойылғанымен, олардың идеялары мен ұстанымдары Иран, Ирак, Үндістан және Сирияшииттері тарапынан жалғасып тапты. Тарихта М-дің идеяларын жаңғыртып, соған үндеуші ғалымдар өтті. Солардан мына кісілерді атап көрсету орынды: Әбул Хусейн әл-Аллаф (850 ж. ө. ), Наззам (845 ж. ө. ), Жахыз (869 ж. ө), Башир ибн Муттамир (825 ж. ө. ), Жуббайи (916 ж. ө. ) және Қазы Абдулжаббар (1025 ж. ө. ) . Әһлі сүннет бойынша, Мутазилиттертер адасушы ағым. Себебі, тағдырға иманды қабыл етпеді, күнә істеген адам тәубе етпестен өлсе, тозактық деді, Аллаһтың сипаттарын қабыл етпеді, Құранды мақлұқ деді, муташабих аяттарды тәпсірледі, ақылға шектен тыс орын берді, өз сенімдерін мойындамағандарды күшпен мойындады. Тіпті, бұл мақсатта өлтіруге дейін барды, ақылға қонымсыз болған аяттарды қабыл етпеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz