ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Жоспар:
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ (РЕЦИДИВІ)
1. 1 ҚР қылмыстық кодексі бойынша қылмыстардың қайталануының түсінігі және түрлері . . . 8
1. 2 ҚР қылмыстық кодексі бойынша қылмыстардың қайталануының белгілері . . . 18
ІІ ТАРАУ. ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
2. 1. ҚР қылмыстық кодексі бойынша қылмыстардың жиынтығының түсінігі және түрлері . . . 23
2. 2. ҚР қылмыстық кодексі бойынша қылмыстардың жиынтығы үшін тағайындалатын қылмыстық жаза . . . 32
ІІІ ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65
КІРІСПЕ
Қылмыстық құқық дегеніміз - құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтық нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері: әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау, қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Қылмыстық құқықта қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың жиынтығы деген түсініктер ереше орын алады. Кейбiр жағдайларда бiр адам бiрнеше қылмысты iстеуi мүмкiн, мұндай жағдайда олардың iс-әрекетiн дұрыс саралау үшiн қылмыстардың көптiгiнiң түсiнiгiн дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзiмi ескiрмеген немесе сотталғандықтан арылмаған немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бiр адамның екi немесе одан да көп қылмыстарды iстеуiн қылмыстардың көптiгi деп айтамыз. Адамның бір емес, бірнеше қылмыс істеуі әдетте, оның өзінің ғана емес, істеген қылмысының қоғамдық қауіпті екенін білдіреді. Сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын зерделеу кезінде бірнеше қылмыс істеген адамның қоғамға жат пиғылдағы көзқарастарының едәуір тұрақты сипатқа ие болатынын байқауға болады. Мұндай жағдайда кінәлі адам қоғамдық қатынастардың түрлі тобына қол сұға отырып, дәл осындай жағдайда істелген бір қылмысқа қарағанда көбірек зардаптар әкеледі. Қылмыстың көптілігінің қоғамдық қауіптілігі жоғары екендігін осы қылмыстарды саралайтын және сол үшін жаза тағайындауды қарастыратын ережелерден көруге болады.
Қылмыстың қайталануы мәселелері ғалым заңгерлердің назарын көптен бері аударуда. Алайда ол ұзақ уақыт бойы жаза тағайындау аясында ғана қарастырылып келді. Қылмыстың қайталануы жекелеген институтгары (бірнеше мәрте істелуі, қайталануы және басқалары) не нақты бір қылмыс құрамының белгілері, не саралаушы белгілері ретінде қарастырылып, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін қалыптастыру кезінде нақтыланып зерттелді.
Өз алдына бөлек тарау ретінде «Қылмыстың қайталануы» 1974 жылғы кеңестік қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі оқулықтардың бірінде көріне бастады. 1974 жылға дейін қылмыстың қайталануы оқулықтардың түрлі тарауларында қарастырылды. Мәселен, 1968 жылы Ленинград университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық кафедрасы дайындаған Кеңестік қылмыстық құқық баянында қылмыстың қайталануы қылмыс субъектісі туралы бөлімде орналасқан.
Одан әрі қылмыстық құқықтың дербес институты ретіндегі көптілік ұғымына ғылыми және оқулық әдебиеттерінде көп көңіл аударылды.
Алғаш рет «Қылмыстың көптілігі» Үлгі кодексте (12-тарау) пайда болып және бірнеше мәрте істелуді, жиынтықты, қайталануды, қауіпті қайталануды және аса қауіпті қайталануды анықтайтын баптар қосылды.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы көптеген елдердегі сияқты Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы да қылмыстың қайталануы дербес беліммен ерекшелемейді, ал қылмыстың көптілігінің қылмыстың бірнеше мәрте істелуі, қылмыстардың жиынтығы және қылмыстың қайталануы қылмыс бөлімінде қарастырылады. Тек қана Грузияның, Беларусь Республикасының, Өзбекстан Республикасы мен Украинаның Қылмыстық кодекстерінде қылмыстың көптілігі жеке тараулардан және қылмыстың бірнеше мәрте істелуі, жиынтығы, қайталануы ұғымдарын анықтайтын баптардан орын алған. Қылмыстың көптілігі ұғымы қылмыстық құқық ғылымымен зерттеліп, адамның екі және одан да көп қасақана қылмыс істеген жағдайын қарастаруды міндет етеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы әрекеттің істелу сипатына қарай қылмыстың көптілігінің мынадай үш түрін (нысанын) қарастырады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстың қайталануы;
3) қылмыстардың жиынтығы.
Қылмыстың қайталануы бірқатар заңи мынадай зардаптарға ие болады:
1. Заңмен қарастырылатын біртектес және әртектес қылмыстарды істеу
кейбір жағдайда ауырлатушы мән-жайларда (мысалы, ҚР ҚК 175, 176-
баптары бірнеше рет ұрлық істеуді және бірнеше рет сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуді қарасатырады) немесе аса ауырлатушы мән-жайларда қылмыс құрамының белгісі болып табылады (мысалы, ҚР ҚК 175-бабының 3-бөлігі қорқытып алушылық үшін бұдан бұрын екі немесе одан да көп рет сотталғандарды қарастырады; ҚР ҚК 177-бабының 3-бөлігі осы белгілермен істелген алаяқтыкты қарастырады) .
2. Мән-жайлар ретінде ауыр жауаптылықтар көрінеді.
Ол бірнеше бағытта аңғарылады:
а) мәселен, ҚР ҚК 54-бабының 1-бөлігі «а» тармағына сәйкес, қылмыстарды әлденеше рет істеу, қылмыстардың қайталануы жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады;
ә) ҚР ҚК 58-бабы негізінде қылмыстардың жиынтығы үшін жаза тағайындау кезінде жазаларды толық немесе ішінара сіңіру кағидасы қолданылуы мүмкін.
3. Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау кезінде түзеу
мекемесінің түріне әсер етеді. Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеп келгендерге ҚР ҚК 48-бабының 5-бөлігі «а» тармағына сәйкес, қатаң
режимдегі түзеу колониясына, қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде ҚР ҚК 48-бабының 5-бөлігі «г» тармағына сәйкес, ерекше режимдегі түзеу колонияларда жаза өтеу режимі тағайындалады. Аса ауыр қылмыс істегені үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін (ҚР ҚК 48-бап 6-бөлімі) .
4. Жекелеген қылмыстар, мысалы ҚР ҚК 358-бабында қарастырылған бас
бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу
бұрынғы қандай да бір қылмыс істегендей істелуі мүмкін.
Сонымен қатар, қылмыстар көптігіне келесі белгілер тән: адам кемінде екі бір-біріне қатысы жоқ дербес қылмыстар істеген болуы керек; әрекеттердің әрқайсысы соттың үкімімен белгіленген болуы тиіс; әрбір қылмыс аяқталған немесе аяқталмаған болуы тиіс; қылмыстардың әрқайсысы белгілі бір қылмыстық-құқықтық зардапқа әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 12-бабының 1-бөлігіне сәйкес ҚР ҚК түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді істеу қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Қылмыстардың жиынтығы қылмыстық құқық теориясында дәстүрлі түрде шынайы (айқын) және идеальды болып бөлінеді. Жиынтықты бұлайша бөлу қазақстандық қылмыстық құқық ғылымымен қатар, жақын және алыс шет елдердің қылмыстық құқық ғылымында да қарастырылады.
Атап өту керек, қылмыстардың жиынтығы институтының сипаттамасы ҚР ҚК Жалпы бөлімімен қарастырылған, ал нақты бір қылмыстарды саралауға қатысты мәселе кезінде қылмыстардың жиынтығы Ерекше бөліммен қарастырылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2003 жылғы 11-шілдедегі «Ұрлық туралы істер бойынша соттардың тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысында былайша түсінік берілген, кінәлімен ҚР ҚК 175, 176, 177, 178, 179, 180-баптарының әр түрлі бөліктерімен көзделген жауаптылық қарастырылатын бөтеннің меншігін иеленуге бағытталған бірдей бірнеше қылмыс істеу кезінде, әрекетті ҚР ҚК 12-бабының 2-бөлігіне сәйкес, саралайтын барлық белгілерді көрсете отырып, Қылмыстық кодекстің неғұрлым қатаң жаза қарастыратын бабының бір бөлігімен саралау керек.
Қылмыстың жиынтығы болу үшiн адам iстеген iс-әрекеттiң бiреуi үшiн де сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық кодекстiң 65, 66, 67, 68, 69, 73, 76-баптарында көрсетiлген шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босап, қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; ескiру мерзiмi өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi бойынша жазаны өтеуден босату, айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi бойынша жазаны өтеуден босату, рахымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату сияқты фактiлер қылмыс жиынтығында орын алмауы керек.
Қылмыстардың жиынтығын шынайы (айқын) және идеальды деп бөлуін теориялық ғана емес, тәжірибелік те маңызды мәні бар.
Біріншіден, жиынтықтың айқын болуы, әдетте, қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіптілігінің жоғары екенін көрсетеді, ал бұл шынайы жиынтық кезінде бірінші қылмысты істеу екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы мән-жайлар болып танылуы мүмкін болғандықтан, соттың неғұрлым қатаң жазалау шарасын қолдануға әкеп соқтыруы мүмкін (ҚР ҚК 54-бап, 1-бөлімі, «а» тармағы) .
Екіншіден, мұратты және айқын жиынтық кезінде қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі әр түрлі жолмен саналады.
Үшіншіден, шынайы жиынтық заңмен қарастырылған жағдайда қылмыстың бірнеше рет істелуін саралайтын белгілерін қалыптастырады (ҚР ҚК 175-бап 3-ескертуін қараңыз) . Идеальды жиынтықта мұндай болмайды.
"Қылмыстардың жиынтығы" ұғымы жалпы алғанда екі ұшты мағынада қолданылады. Бір жағынан ол іс-әрекеттердің көптігінің ерекше жағдайының сапалық ерекшеліктерін білдірсе, екінші жағынан жаза тағайындау кезінде анықталған қағида ретінде қолданылады. Біріншісі екіншісін анықтайды, сондықтан да қылмыстардың жиынтығының сапалық мазмұнын неғұрлым толық ашумен осындай үлгідегі көпшілік жағдайлар бойынша жаза тағайындаудың қағидалары мен ережелері туралы мәселенің нақтылы маңызы барынша байланысты болып келеді.
Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы - қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтың қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі, әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың кең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық - құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады. Қылмыстардың жиынтығы қоғамға аса қауіп төндіретін қылмыстардың көптігінің бір түрі болып келеді және оны анықтау қылмыстық құқық тәжірибесінде біршама қиындықтар туғызады - осы айтылғандар таңдалған тақырыптың актуалдығын, өзектілігін көрсетеді.
І ТАРАУ. ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ (РЕЦИДИВІ)
- ҚР қылмыстық кодексі бойынша қылмыстардың қайталануының түсінігі және түрлері
Адамның бір емес, бірнеше қылмыс істеуі әдетте, оның өзінің ғана емес, істеген қылмысының қоғамдық қауіпті екенін білдіреді. Сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын зерделеу кезінде бірнеше қылмыс істеген адамның қоғамға жат пиғылдағы көзқарастарының едәуір тұрақты сипатқа ие болатынын байқауға болады. Мұндай жағдайда кінәлі адам қоғамдық қатынастардың түрлі тобына қол сұға отырып, дәл осындай жағдайда істелген бір қылмысқа қарағанда көбірек зардаптар әкеледі. Қылмыстың көптілігінің қоғамдық қауіптілігі жоғары екендігін осы қылмыстарды саралайтын және сол үшін жаза тағайындауды қарастыратын ережелерден көруге болады. Мұндай жағдайда, әдетте істеген бір қылмысқа қарағанда неғұрлым қатаң жаза қолданылады. [2. 21]
Қылмыстың қайталануы мәселелері ғалым заңгерлердің назарын көптен бері аударуда. Алайда ол ұзақ уақыт бойы жаза тағайындау аясында ғана қарастырылып келді. Қылмыстың қайталануы жекелеген институтгары (бірнеше мәрте істелуі, қайталануы және басқалары) не нақты бір қылмыс құрамының белгілері, не саралаушы белгілері ретінде қарастырылып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін қалыптастыру кезінде нақтыланып зерттелді.
Өз алдына бөлек тарау ретінде «Қылмыстың қайталануы» 1974 жылғы кеңестік қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі оқулықтардың бірінде көріне бастады. 1974 жылға дейін қылмыстың қайталануы оқулықтардың түрлі тарауларында қарастырылды. Мәселен, 1968 жылы Ленинград университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық кафедрасы дайындаған Кеңестік қылмыстық құқық баянында қылмыстың қайталануы қылмыс субъектісі туралы бөлімде орналасқан.
Қайталану - қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының бір түрі болып табылады. ҚК-тің 13-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмыс жасауы ретінде түсіндіріледі. ҚК-тің осы бабының төртінші бөлігінде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескермейді делінген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі бұл - оған алғашқы қылмысы үшін қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс. [1. 203]
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы «Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмысты істерді қарастыру тәжіребесі туралы» №1 қаулысында бұрын болған соттылық, бұған дейін тағайындалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері туралы мәліметтер жан-жақты және мұқият тексерілуі керектігі, сонымен қатар, сотталушымен жеке басы туралы басқа да деректерді анықтап, білу керектігі атап көрсетілді.
Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану - жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы қайталану - бұрын соттылығы бар тұлғаның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшін сотталған тұлға бұзақылық жасауы мүмкін. [3. 54]
Жалпы қайталанудың заңдылық тұрғысынан маңыздылығы - оның қылмыстардың саралануына әсерін тигізбестен, жеке жауаптылықты анықтау мен жаза тағайындау кезінде ескерілетіндігі (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы бойынша жалпы қайталану жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай болып табылады) . Егер де қылмыстың қайталануы бұрынға жасалған қылмыс үшін жазаны өтеу кезінде орын алса, жаза ҚК-тің 60-бабымен үкімдердің жиынтығы үшін бекітілген ережелер бойынша тағайындалады. Егер бұрын жасалған қылмыс үшін сотталушы бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қайта жасаған қылмыс үшін бас бостандғынан айыру қатаң режимдегі түзеу колониясына тағайындалады.
Соттылығы бар тұлғаның ұқсас немесе біртекті жаңадан қылмыс жасауы арнайы қайталану болып танылады.
Арнайы қайталанудың заңды тұрғыдан алғандағы мәні мынада: біріншіден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тің 170-бабының екінші бөлігі, 175-бабының үшінші бөлігі т. б. ) . Екіншіден, жалпы қайталану сияқты, арнай қайталануды да егер де ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде саралаушы белгі ретінде көрсетілмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескереді. Және де, үшіншіден, егер де арнайы қайталан сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшін субъект бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкеліп соқтырады. [2. 79]
Қоғамдық қауіптілігінің деңгейі бойынша қайталану қарапайым, қауіпті және өте қауіпті болып бөлінеді.
Қарапайым қайталану - бұл қауіпті және өте қауіпті қайталанудың белгілеріне сәйкес келмейтін қайталану.
ҚК-тің 13-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануы төмендегідей жағдайларда қауіпті қайталану деп танылады:
а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.
Қылмыстың қайталануы ҚК-тің 13-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мынадай жағдайларда өте қауіпті қайталану деп танылады:
а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі ретбас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.
Қылмыстың қайталануының қарапайым, қауіпті және өте қауіпті болып бөлінуінің заң тұрғысынан алғандағы мағынасы - ҚК-тің 59-бабының екінші бөлігіне сәйкес, қайталанудың қандай да бір түрі орын алғанда, соттың жазаның мерзімі мен мөлшерін осы жасалған қылмыс үшін заң жүзінде көзделген ең қатаң жаза түрінің еі жоғарғы мерзімі мен мөлшерінің шегінен төмен тағайындай алмайтындығында. [3. 41]
Одан әрі қылмыстық құқықтың дербес институты ретіндегі көптілік ұғымына ғылыми және оқулық әдебиеттерінде көп көңіл аударылды.
Алғаш рет «Қылмыстың қайталануы» Үлгі кодексте пайда болып және бірнеше мәрте істелуді, жиынтықты, қайталануды, қауіпті қайталануды және аса қауіпті қайталануды анықтайтын баптар қосылды.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы көптеген елдердегі сияқты Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы да қылмыстың қайталануы дербес беліммен ерекшелемейді, ал қылмыстың қайталануы қылмыстың бірнеше мәрте істелуі, қылмыстардың жиынтығы және қылмыстың қайталануы қылмыс бөлімінде қарастырылады. Тек қана Грузияның, Беларусь Республикасының, Өзбекстан Республикасы мен Украинаның Қылмыстық кодекстерінде қылмыстың көптілігі жеке тараулардан және қылмыстың бірнеше мәрте істелуі, жиынтығы, қайталануы ұғымдарын анықтайтын баптардан орын алған. Қылмыстың қайталануы ұғымы қылмыстық құқық ғылымымен зерттеліп, адамның екі және одан да көп қасақана қылмыс істеген жағдайын қарастаруды міндет етеді.
Қылмыстық құқық ғылымында әзірше қылмыстың көптілігі ұғымын біртұтас көзқараспен түсіндіретін анықтама жоқтың қасы. Мәселен, А. М. Яковлевтің пікірінше, «қылмыстық әрекеттің көптілігі ұғымы қылмыстың бірнеше мәрте істелуі, жиынтығы, қайталануы ұғымдарынан нақты орын алады». Дегенмен, атап өту керек, бұл айтылғандарда қылмыстың көптілігі құбылысының сандық белгілері ғана ашылып, оның елеулі сапалы белгілері, мазмұны мен келемі ашылмайды. [4. 62]
Г. Ф. Поленов қылмыстың көптілігі ұғымын «адамның екі және одан да көп дербес қылмысты құрайтын бірнеше әрекет істеуі», деп анықтайды.
Г. Т. Ткешелидзе, П. С. Дагель және Г. Г. Криволапов қылмыстың көптілігін бір адамның «екі және одан көп» не «бірнеше қылмыс» істеу оқиғасы ретінде сипаттайды. Белгілі бір адамның ғана екі және одан да көп немесе бірнеше қылмыс істеуі деп көрсету қылмыстық әрекеттің көптілігінің елеулі белгісі ретін дұрыс та және қажетті де болып табылады, өйткені қылмыстың көптілігі осынысымен көрініп, білінеді.
Дегенмен, бұл жерде егер тек қана көрсетілген белгілермен шектеліп қалатын болсақ, онда қарастырып отырған ұғымның анықтамасы дәл және толық емес болып қалар еді. Әңгіме мынада, адамның іс жүзінде істеген екі және одан да көп қылмыстық әрекеттері қылмыстың көптілігі қылмыстық-құқықтық ұғыммен қамтыла бермейді. Әсіресе, мұндай ұғыммен шын өкінуіне (ҚР ҚК 65-бабы), жәбірленушімен татуласуына (ҚР ҚК 67-бабы), бұрын істеген қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуьның ескіруіне (ҚР ҚК 69-бабы) байланысты, рақымшылық немесе кешірім істеу актісі негізінде (ҚР ҚК 76-бабы) қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам жаңадан қылмыс істеген жағдайда, сондай-ақ бір немесе бірнеше әрекет бойынша қылмыстық іс қозғауды болдырмайтын процессуалдық жағдайлар болғанда (жеке айыптау жөніндегі іске байланысты жәбірленушінің арыз-шағымы болмағанда - ҚР ҚІЖК 37-бап 1-бөл. ) қылмыстың көптілігі қамтылмайды және басқаша айтканда, егер істеген қылмыстың біреуінде қылмыстық ізге түсу үшін негіз немесе өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптар болғанда қылмыстың қайталануы болмайды. [5. 252]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz