Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
ӘОЖ: 364(574)+35.087.431.3 Қолжазба
құқығында
ӘБИЕВА ЗӘБИРА НҰРҒАЛИҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесін жаңғырту және инвестициялық
процесті ұйымдастыру: мәселелері мен басымдықтары
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару саласы бойынша
(салалары мен қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация
автореферат
Қазақстан Республикасы
Алматы , 2007
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университеті Шымкент
институтында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: ҚР Ұ.И.А. академигі
э.ғ.д.
О. Сәбден
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының
докторы,
профессор
Берешев С.Х.
экономика
ғылымдарының
кандидаты
Тұрсынбаева Д.
Жетекші ұйым: М.О. Әуезов атындағы
Оңтүстік
Қазақстан
мемлекеттік университеті
Қорғау 2007 жылдың маусымында сағат Қазақстан Республикасы
білім және ғылым Министрлігінің Экономика институтында экономика
ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі
Д53.37.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 050010,
Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29 үй, отырыс залы.
Диссертациялық жұмыспен Қазақстан Республикасы білім және ғылым
Министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2007 жылдың мамырында таратылды.
Диссертациялық
кеңестің ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының
кандидаты, доцент
Н.Ж. Брімбетова
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикамыздың "Қазақстан-
2030" бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн
жақсарту, гүлдену, даму стратегиясында Президентiмiз Н.Назарбаев атап
өткендей, елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың
материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды
зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының
әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. ЖЗЖ
тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын
жылдамдатуға ықпал етедi .
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды
дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет
етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу, оның тереңдеуi,
нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және
оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және
шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi
бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi.
Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты
өмiр сүрудi қамтамасыз етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес
сапасының жеткiлiксiздiгi, гендерлiк мәселелердiң шешiмiн таппауы, өмiр
сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер
мен ерлер арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк
мүгедектiк мәселелерi және т.б. Қазақстан экономикасының даму
ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын
жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету
жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды.
Қажетті нәтиже алу үшін,экономиканы жеделдету мақсатында инвестициялар
жасау қажет.Ол үшін ішкі жинақ қорларды шоғырландыру-басты шарттардың бірі
болып табылады. Экономикалық өсу және дамытудың құпиясы өте қарапайым: тек
қана ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет. Алайда, бүгінгі
күні инвестицияны және қорларды көбейту жылдам дамудың қажетті, бірақ
жеткіліксіз шарты болып отыр. Бұл тұрғыда, инвестициялық институттар тиімді
инвестициялау процесін жүзеге асырады. Ал, ЖЗҚ төлемдердің басталуы мен
жарналар түсімдерінің аяқталуы арасындағы бірнеше жылды құрайтын уақыт
аралықтары ЖЗҚ ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің
портфелін құруға мүмкіндік береді. ЖЗҚ әрекет етуі ұзақ мерзімді
инвестициялық процесті білдіреді. Алайда, қорлар кәсіпорындардың бағалы
қағаздарына инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруды және қаржы
құралдарын банк депозиттеріне орналастыру арқылы, коммерциялық банктердің
ресурстық базасын толықтыруды әзірше қаржылар тиімді орналастырылды деп
айтуға болмайды. Зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттерінің
нәтижесі, олардың әрекет етуінің бастапқы кезеңінде, инвестициялық
мүмкіндіктерді жеткіліксіз пайдаланғанын көрсетеді.Біздің ойымызша, оның
басты себептері: қаржы құралдарының қайтарылуына мемлекеттік кепілдіктердің
болмауы, қаржы нарығындағы тұрақсыз жағдай. Сондықтан, зейнетақы активтерін
экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы
саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану
керек деп есептейміз.
Сондықтан, ҚР ЖЗҚ инвестициялық процесіне талдау жүргізу және
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту мен әрі қарай
дамытудың басымдықтарын зерттеу маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады.
Аталған мәселелерді шешу үшін, оған қатысты отандық және шетелдік
мамандар мен ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, зейнетақы
қорларының қызметтерін жаңғыртуды және олардың экономиканы
қаржыландыруға қатысу мүмкіндіктерін дұрыс арнаға қоюдың
жетілдірілген әдістемелік жолдарын ұсынуды және негіздеуді қажет етеді.
Мәселенiң зерттелу деңгейi. Түрлi бағыттағы экономикалық мектептер
ғалымдарының жұмыстарында қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерiнің жағдайында
барлық уақытта едәуiр орын берiлiп отырған. Бұл мәселенiң зерттелуіне
А.Смит, У. Ростоу, Г. Мюрдаль, Д. Рикардо, Д. Кейнс, А. Маршал және тағы
басқа шетелдік ғалымдармен қатар, қоғамдық қорлар арқылы тұрғындарды
зейнетақымен қамтамасыз ету саласына зерттеу жүргiзген М. Герасимов,
Б.Ракитский, Ю.Шаршов және тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету
мәселесiмен арнайы айналысқан Ветрова, А. Егоров, Л. Соловьева, Е.
Астрахан, В. Агаркан, А. Зайкин сияқты бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының
еңбектері арналған. Ал, тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң қазiргi
таңдағы тенденциясы мен ондағы мәселелерi А.Аникеева, С. Афанасьева, Л.
Зубченко, Лебедева, Е. Четыркин, А.Алибаев және тағы басқалардың
жұмыстарында жарық көрсе, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң әрекет етуi
барысында Қазақстандық нарықтың ерекшелiктермен байланысты тақырыптың даму
барысындағы түрлi аспектiлер Н.К. Мамыров, Т.М. Рогачева, Мұхтарова К.С,
Кравцов А., Н.Н. Хамитов, В.Д. Лидiң және тағы басқа ғалымдар
еңбектерiнде көрiнiс тапқан.
Республикада соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан мәселелердің
бірі әлеуметтік саясат, оның ішінде, зейнетақы реформасына қатысты
сұрақтар Баймуратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Қошанов А.К, Искаков У.М.,
Нурланова Н.К., Зейнельгабдина А.Б., Ильясов К.К., Мельников В.Д.,
Есентугелов А.Е., Тимошенко Л.С., Шалгимбаева Г.Н., Карагусова Г.К., Н.А.
Коржова, Берешев С.Х., К.М. Тулепбаев, А.Х. Нұрсейтов және т.б. отандық
ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Алайда, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың инвестициялық
бағыттары мен іс-әрекеттеріне қатысты сұрақтардың жеткіліксіз
зерттелгендігі, ҚР ЖЗЖ жетілдіру мен дамытудың инвестициялық бағыттарына
қатысты басымдықтар мен ұсыныстарды өңдеу мәселесінің өзектілігі
зерттеу тақырыбын және оның құрылымын, логикасы мен мазмұнын анықтауға
негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiндегі
инвестициялық процестерді ұйымдастыру мен оның басымдықтарын анықтау
барысында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды теориялық
негіздеу болып табылады.
Диссертациялық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей
зерттеу жұмысының мiндеттерi алға қойылды:
- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн
анықтай отырып, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен
қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;
- нарықтық экономикасы дамыған елдердегi азаматтарды зейнетақымен
қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның ерекшеліктеріне байланысты
қолдануына талдау жүргізу;
- бiрыңғай зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы түрiне өтудi анықтаушы
факторларды ғылыми түрде жүйелеп, жинақтаушы зейнетақы қорларының
қызметтерiн жетiлдiру және олардың инвестициялық мүмкiндiктерiн күшейтуге
байланысты сұрақтарды қарастыру;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерiн талдау
негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу және
Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк емес секторларының даму тенденцияларын анықтау;
- ЖЗҚ қызметтерін мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайын және олардың
инвестициялық ресурстарының қалыптасуына әсерін зерттеу;
- келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн
жаңғыртудағы мемлекеттік реттеуді жетiлдiруге байланысты ұсыныстар
әзiрлеу;
- Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту
ерекшеліктерін ашып көрсету.
Зерттеу пәнi ретінде ҚР тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудіњ
инвестициялыќ процесін ұйымдастыру барысы және экономикалық-ұйымдық қарым-
қатынастар қарастырылды.
Зерттеу нысаны ретiнде ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесі алынған.
Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзiн қоғам мүшелерiн
зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерiне арналған шетелдiк және отандық
ғалым экономистердiң еңбектері және зерттеулері жатады. Құқықтық негiзiн
тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету қатынастарын реттеушi ҚР Заң
актiлерi мен нормативтiк құжаттары құрайды және жұмыста абстрактылы-
логикалық, монографиялық, статистикалық-экономикалық және қаржылық-
экономикалық сараптама әдiстерiн пайдалана отырып, орташа шамалар және
салыстыру әдiстерi қолданылған.
Зерттеудің ақпараттық базасын ҚР бағалы қағаздар бойынша Ұлттық
комиссиясы, Қазақстанның зейнетақы қорларының қызметтерiн реттеушi Комитет,
мемлекеттiк қаржылық статистикасының есептiк мәлiметтерi, статистикалық
материалдары және анықтамалықтары құрайды.
Қорғауға шығарылған диссертацияның негізгі ұсынылымдары:
1.Инвестицияны ұйымдастыру процесінің жалпы теориялық көзқарастарына
зерттеулер жүргізу барысында қаржы жүйесіндегі нақтыланған қаржы
инвестицияларын ұйымдастыру қағидалары негізделді.
2. Автормен экономиканы жаңғыртуды жеделдету қажеттілігін туындатқан
факторлар негізінде зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту
шарттары ұсынылды.
3. Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың жағымды және жағымсыз жақтары
көрсетілді;
4. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының ел экономикасын қаржыландыруға
қатысу мүмкіндігі үлгісі жасалды.
5. Биржа айналымындағы зейнетақы нарығы субьектілерінің үлесін реттеу
негізінде зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелерін шешу жолдары бойынша
ұсыныстар берілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары келесiлерден көрiнедi:
-ҚР инвестициялық ресурстардың құрылуына және жинақтаушы зейнетақы
қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысу мүмкіндігінің үлгісі
ұсынылды;
-зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік, материалдық базасын құруда
және адам капиталын дамытуда зейнетақы салымдарының артықшылықтары
негізделді;
-жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша
бірқатар ұсыныстар берілді;
-Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі ерекшеліктерін меңгеру нәтижесінде,
зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртудың кейбір бағыттары анықталды;
- тұрғындары зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік емес зейнетақы
қорларының әрекет етуіндегі артықшылықтары нақтыланып, автормен
зейнетақы жүйелерінің жағымды және жағымсыз жақтары бөлініп көрсетілді;
- биржа айналымындағы зейнетақы активтерінің өсу тенденциясына талдау
жүргізу нәтижесінде зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселелері мен оларды
шешу жолдары жасалды және ұсынылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Жұмыстың
қорытындылары мен ұсыныстары зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін
шешуде негіз бола алады. Зерттеудің нәтижелері ЖЗҚ-ның қызметтерін
реттеуші және басқару ұйымдарына ұсыныла алады. Диссертацияның
жекелеген кейбір бөлімдері экономикалық теория, макроэкономика
курстарын зерттеуде және дәріс беруде, зейнетақымен қамтамасыз ету
мәселелері бойынша оқу әдістемелік материалдарды дайындауда қолданыла
алады.
Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы және сынақтан өткізілуі.
Диссертацияның негізгі қорытындылары мен нәтижелері халықаралық және
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талқыланған. Зерттеу
нәтижелері мемлекеттік ЖЗҚ және ҚР әрекет ететін бірқатар ЖЗҚ
тәжірибелік қызметтерінде және жұмыс жоспарын құру барысында қолданыла
алады. Жұмыстың кейбір бөлімдері “ГНПФ” ЖЗҚ АҚ ОҚО өкілеттілігінің
бағдарламасына (Акт №1444) енгізіліп, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ-нің оқу
процесінде қолданылғаны туралы Акт №1254 алынды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы
көлемі 5 б.т. құрайтын 9 мақала жарық көрді, соның ішінде ҚР БҒМ БҒС ҚАК-
і жариялауға кеңес берген басылымдарда 4 мақаласы жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады. Жалпы
көлемі компьютерде терілген 138 бет, 29 кесте, 8 сурет бар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 83 әдебиеттен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудың теориялық
аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті ұйымдастыру
Жаңғырту процесін Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының
маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастыра отырып, соңғы 10 жылдықтағы
жаңғырту теориясының эволюциясын сипаттау және оны қысқаша қарастыру
біздің республикамыз үшін теориялық және практикалық қызығушылық танытады.
Өйткені, онда нарықтық экономикасы дамыған және әлде қайда қалып қойған
елдер арасында алшақтықты жою мәселелері зерттеледі. Әрине, қажетті
нәтиже алу және экономикалық өсуді жеделдету мақсатында қажетті
инвестициялар жасау үшін ішкі және шетелдік жинақ қорларды шоғырландыру
қажет. Зерттеу барысында жалпы ұлттық өнімнің 15-тен 20 пайызға дейін
сақтай алатын елдер салыстырмалы жинақтау нормасы төмен елдерге
қарағанда әлде қайда жылдамырақ дами алатындығы белгілі болды, сонымен
қатар, мұндай даму әлде қайда тұрақты болып келеді. Бұдан келіп
шығатыны, экономикалық өсу және дамудың құпиясы өте қарапайым: тек қана
ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет, өйткені дамудың
басты тежеуіші –көптеген елдер үшін жинақ қорларының төмендігі.
Мұндай "қор тапшылығы" шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестициялармен
толықтырылуы мүмкін немесе бұл тапсырмалардың орындалуын оптималды
инвестициялау процесін жүзеге асырушы қазіргі таңдағы инвестициялық
институттар атқара алады.
Сонымен қатар, "инвестиция" түсінігі өте ауқымдылығына байланысты
оған нақты анықтама беруге болмайтындығын байқаймыз. Экономика
ғылымдарының түрлі бөлімдерінде оның мазмұны түрлі ерекшеліктерге ие
болады. Әлемнің түрлі елдеріндегі танымал еңбектерде инвестицияға
макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрғыда, қаржылық, экономикалық
әдебиеттерде берілген анықтамалардың бір-бірінен өзгешелігі кемде кем. Олар
инвестицияның экономикалық мазмұнын толық ашып көрсетпейді және оның
мәні жөнінде түрлі авторларда нақты көзқарастың қалыптаспағандығын байқауға
болады.
Біздің ойымызша, "инвестиция" анықтамасында макроэкономикалық және
микроэкономикалық көзқарастарды біріктіру қажет, сонда ғана
инвестициялық нарықтың ролі артады.
Сонымен, зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерінің негізгі көзі
болып табылатын инвестициялық табысты құруға қажетті инвестициялық
бағдарламаларды орындайтындығын ескере отырып, біздің көзқарасымыз
бойынша, нарықтық экономиканың субъектісі болып табылатын зейнетақы
қорлары қызметінің экономикалық мазмұнын анықтауға болады.
Осылайша, экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір түрі
болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы
роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін өнеркәсіп
компаниялары мен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын
қамтамасыз ету.
Қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз
ету жүйесін жаңғыртуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары келесідей
ерекшеліктермен сипатталады:
• олар әлеуметтік бағыты бар институттар болып табылады;
• бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне
байланысты зейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді
жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;
• жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар
түсімдерінің аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт
лагтары пайда болады. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының
ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің
портфелін құруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
қаржы нарықтарына тікелей және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы да қатыса
алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрекет етуі 3 кезеңнен тұратын
ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді:
- бірінші кезеңде жарна түрінде жинақтаушы зейнетақы қорларына
салымдар жасалады;
- екінші кезеңде жинақталған қаржы ресурстарын инвестициялау
жүзеге асады;
- үшінші кезеңде мерзімді зейнетақы төлеу жүзеге асады.
Инвестициялық саясатты белсенді түрде жүргізу зейнетақы жүйесін
жаңғыртуда маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ал оларды жасау
қордың мақсаттарын, инвестициялаушы құралдардың көлемін және басқада
маңызды міндеттердің шешілуін анықтауды талап етеді. Осы жағдайда
жинақтаушы зейнетақы қорлары оларға сенімді инвестициялық қорғау қызметін
ұсына алатын капиталданған ұйымға бағытталады. Бұл ЖЗҚ арасында қаржы
ресурстарын орналастыруда бәсекенің өсуіне алып келеді және қабылданған
инвестициялық саясатқа сәйкес жүзеге асырылатын инвестициялық
қызметтердің түрлі құралдарын өте ұқыпты талдауға итермелейді.
Зейнетақы қорлары институционалды инвесторлар ретінде әрекет ете
отырып, және салымшылардың қаржы құралдарын шоғырландыра отырып оларды
мынадай түрлі активтерге инвестициялайды: бағалы қағаздарға , банк
депозиттеріне, мүліктерге және т.б.
Инвестицияға қатысты жалпы теориялық көзқарастар инвестицияны басқару
процесінің мәнін сипаттайды. Қазіргі сарапшылардың зерттеулері капиталды
сапалы түрде басқарғанда ғана жетістікке жетеді деп көрсетеді. Қаржы
жүйесіндегі қаржы инвестицияларын ұйымдастыру, басқару, өмірді сақтандыру
жүйесінің әрекет етуінің жалпы қағидаларына сәйкес жүзеге асады, онда
зейнетақы қызметтерінің ерекшеліктері көрсетіледі, атап айтатын болсақ:
- зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерінің уақытша
диференцияциялау қағидасы;
- қаржы инвестициясын басқаруды кезең –кезеңімен ұйымдастыру қағидасы
бірінші ережемен тығыз байланысты және қаржы инвестицияларын басқарудың
арнайы саясатын өңдеуді қажет етеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық әрекет ету процесі барысында зейнетақы қорларының
қызметтерімен байланысты ақпараттар үлкен рөл атқарады. Мұнда ақпараттар
келесі талаптарға сәйкес келу қажет:
- мәліметтер нақты болуы және алынған деректердің пайдалылығы бұрынғы
байланыстарға зиян тигізбеуі қажет;
- жоғарыда аталған қағидалармен байланысты тәуекелдерді бөлу және
жауапкершілікті жоспарлау қағидасы. Кейбір іс-шараларды орындау нақты
инвестициялық тәуекелге барумен қатар жүреді.
Зейнетақы бизнесіндегі қаржы инвестицияларының ерекшеліктерін
сипаттайтын жоғарыда аталған қағидалар нарықты экономика жағдайындағы
ұдайы өндіріс жүйесінің инвестициялық процесін құруда әдістемелік
негіздемелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай көзқарас
белгілі бір деңгейде экономикалық дамуды сипаттайды және елдегі
инвестициялық процестің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жүйесінің инвестициялық белсенділігін арттыру Қазақстан
үшін экономикалық жаңғыртудың негізгі шарттарының бірі болып
табылатындықтан үкіметтің алдында отандық өндірісті дамыту үшін қаржы
ресурстарын шоғырландыру және жинақтау мәселесі тұр. Яғни,
мемлекетпен жүргізілген әлеуметтік саясат жаңғырту идеясымен сабақтас
болуы керек, яғни зейнетақыны және жалақыны уақытында төлеу, кейбір
әлеуметтік жеңілдіктерді алып тастау, атаулы әлеуметтік қорғау сияқты
мемлекеттік міндеттемелерді сақтау қажет.
Қазақстан үшін зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі бірқатар қолайсыз
факторлардың туындауына байланысты Батыс және Шығыс Еуропа
елдеріндегідей маңыздылыққа ие болып отыр:
• дамыған елдердегі сияқты тұрғындардың жылдам қартаюы;
• дамушы елдерге тән жан басына шаққандағы табыстың төмендігі;
• үлестіруші зейнетақы жүйесі тұрғындардың барлығына жуығын қамтиды
және зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты міндеттемелердің
мөлшері қолда бар нақты ресурстармен сәйкес келмейді.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту миграциялық процестер, туудың
төмендеуі және тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының өсуінің нәтижесінде
қарт адамдардың көбеюімен сипатталатын елдегі демографиялық
жағдайдан туындады. Ол ең алдымен еңбекке қабілетті тұрғындарды
жылыстауымен сипатталады.
Әрекет етіп отырған жүйелердің көбісі қарттардың әл-ауқатын қажетті
деңгейде қамтамасыз ете алмайды, өйткені төлемдер әрдайым
индексацияланбайды. Сонымен қатар, олар қайта бөлуді жиі өршітеді,
мысалы ауқатты зейнеткерлер есебінен әл-ауқаты аз қамтамасыз
етілген отбасылар қаржыландырылады. Бұл жүйелер ескіруіне байланысты
экономикалық өсуді тежейді.
Қазақстанның қаржы нарығындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларының
пайда болуы мен дамуы, әлеуметтік әсер алудың қажеттілігі болып табылатын
және олардың инвестициялық саясатын негіздеу келесідей ұйғарымдар
жасауға мүкіндік береді:
• стратегиялық мақсаттардағы таңдау, (яғни инвестиция бағыттарын);
• инвестициялық артықшылықтарды қалыптастыру (инвестициялау
обьектілерін);
• инвестициялық шектеулерді белгілеу (белгілі бір актив түрінің
сандық мәнінің шегі).
Егер белгіленген шектеулер мемлекеттік немесе оның атынан
мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметтерін бақылайтын
мемлекеттік ұйымдардың қызметі болып табылса, ал инвестициялық
мақсаттарды анықтау зейнетақы қоры және оның активтерін басқарушы
компанияның қызметі болып табылады.
Жүргізілген талдау, зейнетақы қорларының экономиканы қаржылдандыруға
қатысу мүмкіндігін келесі түрде кескіндеуге мүмкіндік береді (сурет 1
бойынша ).
Ескерту-сурет автордың жүргізген зерттеулері нәтижесінде
жасалды.
Сурет 1- Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы
қаржыландыруға қатысуы
Сонымен, талдау көрсеткендей жалпы инвестициялық қорлардың
құрылымы әрекет етуші талаптарға сәйкес келеді.
Нақты жағдайда, зейнетақы қорларының активтерін осылайша пайдалану
ел экономикасында қажетті роль атқармайды. Қазіргі кездегі, қаржы
құралдарының белгілі-бір үлесін мемлекеттік бағалы қағаздарға
міндетті инвестициялау, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру
емес, мемлекеттік қағаздарды жабу болып отыр.
Мемлекеттік қазыналық облигациялар нарығындағы табыстылықтың
төмендеуі ЖЗҚ инспекциясымен Үкіметтің бағалы қағаздарына салым
жасаудан бас тартудың себепшісі ретінде қабылданбайды. Сәйкесінше,
әрекет етуші нормативтік талаптар бойынша, зейнетақы қорлары өз
активтерінің белгілі бір бөлігін, тіпті олар қордың инвестициялық
мақсаттарына сай келмесе де мемлекеттік міндеттемелерді инвестициялауға
міндетті .
Бүгінгі таңда қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына
инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруда деп айтуға болмайды.
Өйткені, экономикалық және саяси жағдайлардың тұрақсыздығы, қаржы
нарығындағы үлкен ауытқулар, сонымен қатар, көбіне алып сатарлық
бағыттағы эмитенттердің сенімсіздігіне байланысты олар қысқа мерзімді
сипатқа ие болып отыр.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесінің жаңғырту қажеттілігінің шарттары ретінде келесілерді
қарастырамыз:
1. қарттарды кедейшіліктен қорғау;
2. зейнеткерлікке шыққаннан кейін кепілдендірілген табыспен
қамтамасыз ету (яғни оның мөлшері зейнеткерлікке шығар алдындағы
жалақы сомасына пропорционалды белгілі бір соманы құрайды) ;
3. инфляция немесе басқада факторлардың нәтижесінде нақты өмір сүру
деңгейінің төмендеуінен тағайындалған табысты қорғау (қор басшылары
немесе билік өкілдерінің түрлі қаржы махинациялары және т.б.).
4. демографиялық факторлардан, елдің экономикасындағы саяси және
экономикалық жағдайлардан салыстырмалы түрде еріктілігін қамтамасыз ету;
5. инвестициялық фактор-зейнетақы жүйесін дамыту және бәсекеге
қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер әмбебап көзқарасынан бас
тартып ішінара түріне өткенде бұл мәселелер шешімін табуы мүмкін.
Өтпелі экономика негізінде әлеуметтік әділдік қағидасын сақтау басты
мәнге ие болады, ал оған көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру арқылы
ғана қол жеткізуге болады. Оны құру үшін, нарықты экономикадағы
елдердің жаңғырту тәжірибелерін әсіресе, өзіміздің экономикалық жүйенің
ерекшеліктерін ескеру қажет.
2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу мен олардың даму
тенденциялары
Қазақстандағы ЖЗҚ қызметтерін әрі қарай дамыту, зейнетақы жүйесіне
жаңғырту жүргізу жетістікке жетуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселелерді
шешуді талап етеді. Ең алдымен зейнетақы жүйесінің сенімді институционалды
инфрақұрылымын құру қажет. Бұл міндеттің орындалуы, міндетті жинақтау
қағидаларына негізделген екінші деңгейдің жаңадан құрылуымен және үш
деңгейлі зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты қажетті болып табылады:
1. ЖЗҚ табысты қызметі олардың потенциалды салымшылары болып табылатын
тұрғындар мен кәсіпорындардың сенім артуына байланысты. Олардың
сенім артуы ЖЗҚ операцияларын бақылаумен және реттеумен тығыз
байланысты.
2. Зейнетақы жүйесін жаңғырту міндеттерін ескере отырып, міндетті
жинақтаушы жүйені қолданушы, екінші деңгейдегі мемлекеттік емес
зейнетақы қорларының құрылуы жолдарын анықтау қажет. Бұл мәселе, жаңа
қорларды құру және әрекет етуші ЖЗҚ біразын екінші деңгейдегі
қор ретінде қайта құрылу мүмкіндігін қамтиды.
3. ЖЗҚ тиімді жұмыс істеуі активтерді басқарудың ашық және сатылы
саясатынсыз мүмкін емес. Ол активтерді басқарумен айналысатын
арнайы компаниялармен және қаржы институттарымен жүзеге асырыла
алады. Активтерді басқару, ЖЗҚ зейнетақы активтерімен қатар
өздерінің жеке меншік құралдарын инвестициялай алады ма деген
сұрақтарға жауап іздейді.
4. ЖЗҚ активтерін салуға болатын сенімді қаржы құралдарын нақты
анықтау қажет. Қорлардың инвестициялық тәуекелділігін анықтауға
мүмкіндік беретін критериилерді, нақты құралдарға мүмкін болатын
салымдар лимиттері өңделіп шығарылуы керек.
Нәтижесінде ЖЗҚ ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға, бағалы
қағаздар сатып алуға ұтымды салым жасай алады.
Бірақ Қазақстанда, экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде тиімді
және сенімді ұзақ мерзімді иивестициялау мүмкіндіктері шектеулі.
Сондықтан, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржы потенциялын
тиімді орналастыру айтарлықтай күрделі мәселе.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үлкен кемшіліктерінің бірі-
ақпараттық қамсыздандырудың жеткіліксіздігі. Жинақтаушы зейнетақы
қорларының қызметтерін сипаттайтын арнайы сандық көрсеткіштердің
тапшылығы жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларының сенімсіздігін
тудырады.
Инвестициялық портфель жағдайы әлде де қатер туғызуы мүмкін, өйткені
ЖЗҚ портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 95,8 % құрайды және
азаюға деген төмен тенденцияға ие. Шет ел және отандық зейнетақы
жүйесін жаңғырту нәтижесінде өзіне тән жағымды және жағымсыз жақтарын
келесі сурет түрінде көрсетуге болады (кесте 1).
Жүйенің жағымды жақтары келесіден көрінеді:
• қордың ашықтығы (қорды таңдау, бақылау және алмастыру мүмкіндігі);
• қосымша инвестициялық капитал алу мүмкіндігі;
• жоғары білікті мамандарды ұстап тұру құралы ретінде;
• қажетті жұмыс жағдайын жасау құралы ретінде көрінеді;
Теріс жақтары:
• зейнетақымен қамтамасыз етудің сенімсіздігі;
• мемлекеттік бақылаудың ашықтығы механизмдерінің болмауы;
• мемлекеттік кепілдіктердің болмауы;
• заң базасының жетілмегендігі.
Ұсынылып отырған зейнетақы жүйесінде жаңа экономикалық жағдайлардың
әрекет ету жағдайындағы мемлекеттік орталықтандырылған зейнетақы қорына
басты мән беріледі және оның әрекет ету аясындағы барлық адамдарға
қартайғанда жеткілікті өмір сүрумен қамтамасыз ете алады.
Кесте 1- Зейнетақы жүйесінің жағымды және жағымсыз жақтары
ЗЖ Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
1 2 3
Барлық жағын қамтиды 1 қымбат бағалы
МЗЖ 2 аз басқарылатындығы
3 тиімділігі
жеткіліксіз
Мемле1.Жоғары табыстылық 1.Барлық тұрғындарды
кетті2.Экономикалық өсімді және жинақ ақша әлеуметтік қорғауға
к мөлшерін көтереді толық кепілдік бермейді
емес 3.Инвестициялық ресурстардың пайдалануын2.Әлеуметтік
зейнежәне үлестірілуін жақсартады. міндеттемелер әрекет
тақы 4.Салымшылар алдындағы қаржылық есеп етуші қаржы базасына
жүйес5.Жинақталған қаржыны мұра ретінде беру сәйкес келмейді
і 6.Капитал қорын еркін таңдау 3.Заңның аяқталмағандығы
(МЕЗЖ 4.Табыстың ең төменегі
) деңгейіне кепілдік
бермейді
5.Төмен табыс алатын
адамдар үшін
тартымсыздығы
6.Жеке институттарға
деген сенімсіздік
Маман1)МЗҚ түсетін ауырлықты азайтады Коллектив аумағында
данға(зейнетақының бір бөлігін қаржыландыру әрекет етеді
н және жұмысбастылықты ынталандыру)
кәсіб2.Саланың мамандар құрамы жөнінде
и мәліметтік база жасайды
зейне3.МЖЗ- қатысушыларының зейнетақы мөлшерін
тақы көбейтеді
жүйес4.Жұмыскердің денсаулығын жоғалтып алу
і қауіпіне бара-бар компенсациямен
қамтамасыз етеді.
5.Жұмыскерлерге оларға зейнетақы төлеуге
негіз болып табылатын (соның ішінде
мүгедектігі бойынша) тізімді көбейтудің
есебінен, оларды кеңейтілген
сақтандырумен қамтамасыз ету
6.Зейнетақы төлемін әрбір жұмысшының
сіңірген еңбегіне қарай есептеуді
қамтамасыз етеді, яғни еңбек ету кезеңі
ішінде еңбек ақы деңгейіне, төлемдердің
мөлшеріне, жұмыс жағдайына, еңбек және
сақтандыру стажына пропорционалды.
Ескерту-кесте автордың жүргізген зерттеулері нәтижесінде жасалды.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, зейнетақы жүйесін жаңғыртудың
нақты кезеңінде, ең алдымен қажет болып табылады:
1.Өтпелі кезең аясында зейнетақы жүйесінің әрекет етуінің заң
механизмдерін жетілдіру;
2.Зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуінің экономикалық механизмін
жасап шығару;
3.Мемлекеттік зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекетіне қатаң
бақылау жасайтын механизм орнату;
4.Зейнетақы төлемдеріне мемлекеттік кепілдіктер орнату;
5.Жинақтау қағидасына сәйкес жасалған, МЗҚ еңбек етуіне байланысты
немесе әлеуметтік зейнетақының ең төменгі деңгейімен қамтамасыз ету.
Бүгінгі күні республикадағы зейнетақының қызмет көрсету нарығын
14 ЖЗҚ құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 151
филиалы мен өкілеттіктері бар. Олардың әрекет ету мерзімі ішінде,
оларда зейнетақы қорларының 648,580 млрд. тенге жинақталған.
Қазіргі уақытта зейнетақы нарығы 8 зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асырушы ұйым және 14 ЖЗҚ –ның ішінен МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ
және “Қазақстан Халық Банкі” ЖЗҚ АҚ зейнетақы активтерін өздері
басқарады. 2,3 суреттеріне сәйкес зейнетақымен қамтамасыз ету нарығында
салымшылар мен зейнетақы активтерінің нарықтық үлесінің жыл сайын
өсіп отырғандығын көрсетеді. МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ зейнетақы активтері
бойынша нарықтық үлесі 01.01.2006 жылы 24,22% құрады, ал
салымшылар үлесі бойынша 37,34%, сәйкесінше Қазақстан Халық Банкі
ЖЗҚ АҚ зейнетақы активтері бойынша нарықтық үлесі 01.01. 2006 жылға
24,22% құрады, ал салымшылар үлесі бойынша 17,33% құрады (сурет
2 бойынша).
“Қазақстан Халық Банкі” ЖЗҚ АҚ 01.01.2006 жылғы мәліметтері бойынша
ЖЗЖ жиынтық түсімдері 512,4 млрд. тенгені көрсетеді. ЖЗҚ ішінде
міндетті зейнетақы жарналарының жалпы мөлшерін келесі түрде көрсете
аламыз: міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасынан Халық Банк
және МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ қорларына 24,22%, Ұлар-Үміт ЖЗҚ АҚ 17,31 % .
2006 жылдың бірінші жарты жылдығында МЖЗҚ ЖЗҚ аудырылған түсімдердің
деңгейінің артқандығын атап өту керек, ал міндетті зейнетақы
жарналары 648,6 млрд. тенгені құраған. Егер, түсімдерді аймақтық
аспектіде қарастыратын болсақ, онда зейнетақы жарналары түсімдерінің
жалпы сомасының негізгі үлесі Алматы қаласында - 20.97% -ға
жинақталғандығын көреміз.
Бүгінгі күні салымшылар саны 7649 мың адамға жетті. Жалпы
салымшалар ішінде 37,34% МЖЗҚ ЖЗҚ АҚ салымшылары болып келеді
және оған өз жинақ қорларын құруға, инвестициялық табыс алу
мақсатында басқаруға сенім артады. Салымшылардың үлес салмағында
“Қазақстан Халық Банкі” ЖЗҚ АҚ 17,33% және “Ұлар Үміт” ЖЗҚ АҚ
-14,74% едәуір үлкен орын алады.
%-бен
қорлар атауы
- 2005ж.
- 2006ж.
Ескерту- сурет ҚР статистикалық жылнамалар негізінде автормен жасаған.
Сурет 2 - ҚР ЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нарықтағы
үлесі
%-бен
қорлар атауы
-2005ж.
-2006ж.

Сурет 3 - ҚР ЖЗҚ салымшылар бойынша нарықтағы үлесі
2005 жылдың соңында ЖЗЖ салымшылар саны 7,2 млн. адам,
зейнетақы активтері 648,5 млрд. тенге, оның ішінде инвестициялық
кіріс –12,4 млрд. тенге және 20,8 млрд. тенгеге зейнетақы төленген.
Тенгенің долларға қатысты нығаюы, республиканың зейнетақы қорларының
инвестициялық портфелдеріне құрылымдық өзгертулер жасау қажеттілігін
тудырады, өйткені, зейнетақы активтерінің 70% -ға жуығы валюталық
қаржылық құралдарға инвестицияланды.
Зейнетақы жарналары құнының өсу қарқыны ең жоғарғы шарықтауына
1998 жылы жетті, 2000-2002 жылдары 30% деңгейге тұрақтанды, ал
2004 жылы 14% төмендеді, ол 2006 жылдың бірінші тоқсанында
теріс мәнге ие болды, орташа –1% құрады. Көптеген ЖЗҚ зейнетақы
жарналары құнының өсмі, аталған мерзім ішінде инфляциядан жоғары
болған, ол зейнетақы қорларының біршама тұрақты екендігін
көрсетеді.
Қаржы институттары жүйесінде, МЕЖЗҚ алатын орны бойынша талдау
жүргізу барысында анықталғандай, зейнетақы қорлары қаржы нарығынан
әрекет ету барысын белсенді түрде қолдады және ұдайы өндіріс
процесінде бірқатар микро және макроэкономикалық функцияларды атқарады.
Қол жеткізген нәтижелермен қатар, жаңа зейнетақымен қамтамасыз
етуге байланысты негізгі үш мәселені бөліп қарастыруымызға болады:
• Біздің елдегі зейнетақы мөлшері халықаралық стандарттар бойынша
ғана емес, кейбір ТМД елдерімен салыстырғанда едәуір төмен
болып табылады, мысалыға Ресейден.
• Алатын зейнетақы мөлшері зейнеткерлердің ең төменгі өмір сүру
деңгейін қолдау үшін жеткіліксіз болып табылады, нәтижесінде
қосымша кіріс көздері қажет болады.
• Зейнетақы қорларының тиімділігінің төмендігі, ол өндірістердің
құлдырауынан, көлеңкелі және бейресми экономика үлесінің көптігімен
түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында ЖЗҚ инвестициялық қызметтерінің
дамуы 1999 ж басымен сәйкес келеді. Егер зейнетақы активтерін нақты
экономикаға несиелік салымдардың көзі ретінде қарастыратын болсақ,
онда зейнетақы активтерінің ЖІӨ қатынасы неғұрлым сыйымдылығы жоғары
көрсеткіш болып табылады. Егер 1999 жылы Қазақстанның ЖІӨ зейнетақы
активтеріндегі үлесі 1,4 пайыз болса (немесе 23,5 млрд тенге), ол
2005 ж ЖІӨ бұл үлес 9,5 пайызды құрады (немесе 368,6 млрд тенге).
Нәтижесінде Қазақстанның ЖІӨ зейнетақы активтерінің үлесін біртіндеп
өсіп отырғандығын байқауға болады.
ЖЗҚ инвестициялық белсенділігін сипаттайтын көрсеткіш инвестициялық
кіріс болып табылады. Аталған көрсеткіштің ең үлкен өсу қарқыны 2000
жылмен сәйкес келеді де, алдыңғы жылмен салыстырғанда 73,6 пайыз
өсімді көрсетеді. Келесі жылдарда өсу қарқыны үнемі төмендеп отырған
және 2005 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық кіріс өсімшесі 34,2
пайызды құраған. Инвестициялық кірістің Қазақстанның ЖІӨ қатынасы
1999 жылы 0,1 пайыздан 2005 ж 2,7 пайыз өсті. Зейнетақы активтеріне
қатысты алғандағы инвестициялық кірістің үлесі 6,8 % -дан 28,6 %-
ға өскен, бұл зейнетақы жинақтары түріндегі капитал салымдарының
өскендігін көрсетеді.
Айта кететін жай, жекеменшік ЖЗҚ өз белсенділіктерін
арттыруда. Яғни, 1999 жылы жеке меншік ЖЗҚ зейнетақы активтеріндегі
үлесі 23,8 % құраса, ал 2005 жылдың қорытындысы бойынша бұл үлес
80,1 % өскен. Егер, зейнетақы активтеріне нақты экономикаға несие
салымдары ретінде қарайтын болсақ, онда зейнетақы активтерінің ЖІӨ
қатынасы неғұрлым сыйымдылығы жоғары көрсеткіш болып табылады.
2001 жылы ҚР ЖІӨ-дегі зейнетақы активтерінің үлесі 5,6 %
(немесе 182383 млн тенге) болса, 2006 ж қорытындысы бойынша бұл
үлес 12,0 пайызды құрады. Жалпы, ҚР ЖІӨ-дегі зейнетақы активтерінің
үлесінің біртіндеп өсуін байқай аламыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz