Шағын және орта бизнесті дамытудың, несиелендірудің тиімділігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық негіздері ... ... ... ...
7
1.1 Шағын және орта бизнестің мәні мен тиімділігі және атқаратын
қызметінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .. 7
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудың, несиелендірудің тиімділігі ... .
18
1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері және оны
мемлекет тарапынан қолдаудың алғы шарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
.
2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелен-
дірудің 2005-2007 жылдардағы жағдайына талдау (Цеснабанк АҚ мысалы
ретінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... . 30
2.1 Цеснабанк АҚ дамуы, атқаратын қызметтеріне қысқаша сипаттама және
оған талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 30
2.2 Цеснабанк АҚ банкінің шағын және орта бизнесті несиелендіруді
ұйымдыстыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 40
2.3 Цеснабанк АҚ 2005-2007 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті
несиелендірудегі жетістіктері, оған талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
.
3 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендірудің
жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелен-
дірудің проблемалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 57
3.2 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіруді
шешудің жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 62

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 67

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 70

Кіріспе

Ел экономикасының бүгінгі басты бағыттарының бірі кәсіпкерлікті кеңінен
дамытуға барлық мүмкіндіктерді туғызу. Осыған байланысты алға қойылған
мақсат-мүдделер, экономикамызды әрі қарай индустриялық жағынан дамыту.
Елбасымыз өзінің халыққа жолдауында ел алдына қойылған міндеттерді,
монополияның төңірегінде жүрген бизнестің бәрін кәсіпкерлікке беру,
қабылданған бағдарламалардың бәрін орындау әрі оларды аяғына дейін жеткізу
деп атап көрсетті. 8
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тауардың мейлінше тапшы, гиперинфляция
мен халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген кезеңінің өзінде – ақ
отандық кәсіпкерліктің негізін қалау жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдерге
толы мезгіл еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Нарық
қатынастарын дамыту үшін заңдық база мүлде болған жоқ. Кеңес дәуірінен
қалған қолданыстағы заңдар жеке меншік пен кәсіпкерлік қызмет үшін кері
әсер етерлік сипатқа ие тұғын.
Бүгінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі.
Елдің ЖІӨ - дегі шағын және орта бизнестің үлесі шамамен 25 пайызын
құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылғандар халықтың 60
пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының халыққа жолдауы негізінде шағын және
орта кәсіперлікті 2005-2007 жылға дейін дамыту жөніндегі жеделдетілген
шаралардың жаңа ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде
бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды.
Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие бола
бастады..
Жеке бизнесті, ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік
саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол Қазақстан 2030 стратегиясы,
2010 – стратегиялық жоспары және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі
индустириялық – инновациялық даму стратегиясында негізгі құжаттармен
бекітілген. Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Қазақстан
халқына арналған таяудағы жолдауда да айрықша көңіл бөлінген.
Біздің басты міндетіміз – ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар
негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда жеке бизнеске біз жетекші рөл
береміз -, деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев - бірлесе отырып, бізге
экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға қол жеткізу қажет.
Болашақта экспорттық әлеуетті ұлғайтатын басты көз де дәл солар болуға
тиіс. 9
Елбасымыз ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталғанына кеңінен
тоқталды. Яғни, арнайы құрылған даму институттары – Қазақстанның
инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты
сақтандыру жөніндегі корпорация, Инжиниринг және технологиялар трансфертті
орталығы осы жылды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы
жинақтауға жағдай туғызып отыр. Осы қысқа мерзім ішінде даму институттары
жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760-тан астам жобаларды
қарады. Сондай-ақ, қазіргі сомасы 60 миллиард теңгеден асатын 90-ға тарта
жоба қаржыландырылуда. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры жұмыс
істейді, ол шағын және орта бизнеске атаулы көмектер көрсетуде. Қорға
республикалық бюджеттен тағы да қосымша 10 миллиард теңге бөлінбекші.
Ол қаржыдан ең бірінші, микрокредиттік ұйымдарды құру мен олардың
ресурстарын ұлғайтуға - 3 миллиард теңге, екіншіден, шағын бизнес
субьектілері үшін банк кредиттері бойынша кепілдіктер беруге - 4 миллиард
теңге, үшіншіден, қаржы лизингін, франчайзингті несиелеуді, халықаралық
стандарттарды енгізуді қоса алғанда, жобалық несиелеуге 3 миллиард теңге
көлемінде бөлінеді деп жоспарланған. Осындай ізгі шаралардың нәтижесінде
шағын бизнесті несиелеу мүмкіндігі 25 миллиард теңгеге дейін артатын
болады. Осындай мемлекеттік бағдарламаларды ортаға сала келіп, Мемлекет
біздің экономикамыздың негізі ретінде кәсіпкерліктен үлкен үміт күтеді, -
деп тағы да атап көрсетті Президент.
Одан соң Президент ұлттық экономиканың отандық кәсіпкерлердің білімдері
мен тәжірибелерін барынша қажет ететін шешуші мәселелеріне тоқталды.
Бірінші – ол отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігін
арттыру.
Себебі қазіргі уақытта қазақстандық бірқатар кәсіпорындардағы өнімділік
деңгейі қанағаттанарлық дәрежеде емес. Мәселен ЖІӨ-нің 1 долларына тиесілі
электр энергиясы шығынының деңгейі, сондай-ақ экономиканың өңдеуші
салаларындағы еңбек өнімділігі жөнінен Қазақстан бірқатар индустриялы
дамыған елдерден 7-10 есеге дейін кейінде қалып келеді! Соған қарамастан
халықаралық сапа сертификаттарына ие кәсіпорындар саны өткен жыл ішінде 258-
ге жетіп, екі еседен астам өсті. Кезекте тағы да 110-нан астам
кәсіпорындарды ілгерілеу күтіп тұр. Бірақ ол да ұлттық экономика үшін әлі
де болса бұрынғысынша аз.
Олай болса, бизнес күресе жүріп шыңдалуы тиіс.
Сондықтан да әрбір кәсіпкер өзінің бәсекелестік артықшылықтарының
әлеуетін өз бетінше бағалауға, өзінің күшті жақтарын да, әлсіз тұстарын да
көре білуге, рынокта бекем орын алу үшін бәсекелестікке қабілеттілігін
ұдайы ұштай түсуге міндетті. Өз тарапынан мемлекет Шағын кәсіпкерлікті
қолдау қорының бағдарламалары арқылы жеке кәсіпорындардың халықаралық сапа
стандарттарына көшуіне септесетін және бұл жолда оларды енгізу үшін
жұмсаған шығындарының 50 пайызын өтеп беретін болады. Еңбек өнімділігі
жоғары және экспорттық әлеуетті кәсіпкерлер мен өндіріс орындарының беделін
барынша биіктете беру керек. Бұл да Президент тұжырымы.
Сондай-ақ, Елбасымыз биылғы жылдың соңына дейін бизнесті дамытуға
әкімшілік кедергілерді оңтайландыру; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейту; кәсіпкерлік субъектілеріне
әкімшілік шаралардың жазалаушылық сипатын жою жөніндегі заңнамалық
шараларды қабылдауды тапсырып отыр және де Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлік
бұл іске белсенді түрде қатысады деп үміттенеді.
Иә, Қазақстан үшін кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту
мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі өркениетті
елдердің қай – қайсысында да өздерінің экономикалық - әлеуметтік
мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді. Мұның сыры
шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп,
халықтың әл – ауқатын, әлеуметтік статусын жоғарылатумен қатар нарықтағы
қажеттіліктің қанағаттануына, іріктелген тауардың көбейіп толығуында –
жергілікті шикізат қорын пайдалануға оң ықпалын тигізеді.
Кәсіпкерлік қызметтің динамикасын зерттеу, оны болжау – қоғамның қалыпты
дамуы үшін өте маңызды. Осы мәселелердің маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі
тиімділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды. Дипломдық
жұмыстың мақсаты, Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
несиелендіру, сондай- ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара
әрекетін танып білуде қаржы-несие мекемелерінің несие саясаттарының ғылыми
негізін анықтау.
Дипломдық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады, олар:
- ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру.
- Цесна банкі АҚ несиелік қызмет операцияларының қазіргі жағдайы (2005-
2007 ж).
- Қ.Р. шағын және орта бизнесті несиелендіруді жетілдіру жолдары.
Сонымен бірге, бұл дипломдық жұмыс: кіріспе, қорытынды және қолданылған
әдебиеттер тізімінен де тұрады.
Бірінші бөлімде: ҚР шағын және орта бизнесті несиелендірудің теориялық
негізі қарастырылған, яғни несиелік операциялардың қоғамда пайда болуы,
дамуы және оның экономикалық маңызы талқыланып, қазіргі жағдайда банктерде
жүзеге асырылатын құқықтық нысандарды, соның ішінде пруденциалдық
нормативті заң актілерін талқыланды.
Екінші бөлімде: Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің
дамуы, шағын бизнес субъектілерін несиелендіру. Сонымен қатар, Ценабанк
АҚ-ы мысалында қалай іске асатындығы, оның мәні мен жетістіктері
дәйектелді.
Үшінші бөлімде: Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
несиелендірудің жетілдіру жолдары қарастырылады.
Несиелiк операциялары жөнiнде баспасөз беттерiнде жарық көрген белгiлi
экономист ғалымдарымыз: Көшенова Б.А., Сейiтқасымов Ғ.С., Кемел Н., Мақыш
С., Көшербаевтардың коммерциялық банк қызметтерiнен жазған еңбектерiне арқа
сүйей отырып, өзімнің ғылыми-сараптамалық тұжырымдамамды ұсынып отырмын.
Дипломдық жұмысты орындау кезiнде құқықтық-нормативтiк актiлер, әдiстемелiк
сiлтемелер мен нұсқаулықтар, жоғарыда аталған отандық және шетел
экономистерiнiң ғылыми еңбектерi де пайдаланылды.

1 Шағын және орта бизнестің дамуының теориялық негіздері

1.1 Шағын және орта бизнестің мәні мен тиімділігі және атқаратын
қызметінің ерекшеліктері

Қоғам дамуының әрбір кезеңіне белгілі бір өндірістік қатынастар, сонымен
бірге экономикалық ұғымдар мен категориялардың белгілі бір типтері тән.
Ақшадан кейiнгi несиенi ойлап шығару – адамзаттың өмiр қажеттiлiгiндегi
данышпандық табысы. Себебi несиенi пайдаланудың нәтижесiнде шаруашылық
қажетiн және жеке қажеттiлiктi өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы
кәсiпорынның несие алу арқылы өз өндiрiсiн кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз
iсiн ұлғайтуға, не болмаса қажеттi заттарды болашақта емес қазiр алуға
мүмкiндiгi туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүлiктiк жiктелiп ыдырауы
нәтижесiнде бiр қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлiнiп,
бiреуiнде артық қалған өнiмнен оны кейiн қайтарып беруге келiсiп, екiншiсi
өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейiнiрек өсiмқорлық несие деп
аталды.
Соңғысы сол немесе басқа құбылыстың мәнін білдіреді және өндірістік
қатынастар жүйесінде елеулі орын алады. Экономикалық категориялар қоғамның
экономикалық құрылымының көлеңкесі бола отырып өзара байланысты болып
келеді. Олардың анализі шындығында бар себеп-салдарлық байланыстар және
басқа да өзара байланыстардың ашылуына әкеледі. Қоғамның экономикалық
құрылымының өзгеруімен бірге барлық құрылымдық элементтер, ұғымдар және
категориялар да өзгереді, жаңа қасиеттер, байланыстар, функциялар пайда
болады. Категориялар сонымен бірге, нарықтың өзі сияқты динамикалық және
өзгеру үстінде болады. Меншік түрінің, тауар-ақша қарым-қатынасы өсіп-өнуі
механизмі жалпы негізінің радикалды өзгеруі барысында өндірістік қатынастар
сипатына байланысты бір категориялар көлеңкеге ығысып басқалары авансценаға
шығып, үшіншілері жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнға ие болады.
Өсiмқорлық несиеге тән белгiлер: несие берушiлер – көпестер, саудагерлер,
салық жинаушылар, шiркеу иелерi мен үлкен дiни ордалар, ал қарыздар – ұсақ
өнiм өндiрушiлер, құл иеленушiлер мен феодалдарға берілген. Шаруалар мен
кәсiпкерлер несиенi ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеушi
топтар қанаушылық, жауыздық iс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшiн өсiм
ақының деңгейiнiң өте жоғарлылығы ұсақ өнiм өндiрушiлер мен кәсiпкерлердi
өз шаруашылығын жабуға мәжбүр еттi. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның
әр түрлi қалаларында өсiмқорлық несие үшiн төленетiн ақының деңгейiн 21
пайыздан 43 пайызға дейiн көтеруге, ал кейбiр жағдайларда 100-200%-ға
жеткiзуге рұқсат етiлдi. Дегенмен, өсiмқорлық несие капиталистiк өндiрiс
әдiсiнiң пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни өндiрiс әдiстерiн
ыдыратып, жаңа әдiстiң пайда болуына негiз дайындады. Сөйтiп несиенiң
нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезiнде пайда болып,
капиталистiк тауарлы өндiрiс тұсында дамуының жоғары сатысына жеттi.
Ал капиталистiк несие капиталистiк өндiрiс әдiсiнен туындап, қарыз
капиталының қозғалысын көрсетедi. Сондықтан капиталистiк несиенiң
өсiмқорлық несиеден елеулi ерекшелiктерi бар:
Бiрiншiден, қарыздар бойынша. Өсiмқорлық несие алушылар – ұсақ өнiм
өндiрушiлер, құл иеленушiлер мен феодалдар, ал капиталистiк несиенi,
негiзiнен, өнеркәсiп және сауда капиталистерi алады.
Екiншiден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдiсi бойынша. Өсiмқорлық
несие бойынша қарызға берген ақша несие берушiге ғана капитал ретiнде өсiм
ақы түсiредi, капиталистiк несиенi, керiсiнше, несие берушi де, қарыздар да
капитал ретiнде қосымша құн алу үшiн жұмсайды.
Үшiншiден, экономикалық маңызы бойынша. Өсiмқорлық несие өндiрiстiң
құлдырауынан тiресе, капиталистiк несие бiр жағынан өндiрiстiң өсуiне, ал
екiншi жағынан капиталистiк нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленiсуiне
жағдай жасады.
Төртiншiден, өсiм ақының шығу көзiне байланысты. Капиталистiк несие үшiн
өсiмақының көзi – жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсiмқорлық
несие үшiн өсiм ақының көзi – құралдардың, шаруалардың және ұсақ өнiм
өндiрушiлердiң қосымша еңбегi.
Бесiншiден, өсiм ақының деңгейi бойынша. Өсiмқорлық несие үшiн өсiм ақыны
өтеуге барлық қосымша өнiм, тiптi қажеттi өнiмнiң де бiр бөлiгi жұмсалды,
капиталистiк несие үшiн өсiм ақы төлеуге орташа пайданың тек бiр бөлiгi
кетедi.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист-меншiк иесiнiң жұмыс iстеушi
капиталының қайталама айналымына қарызға және жалдамалы еңбектi қанау
негiзiнде өсiм ақы түсiретiн ақшалы капитал. Өсiмқорлық капитал
капитализмге дейiнгi өндiрiстiк қатынастарды бiлдiрсе, қарыз капиталы –
капиталистiк өндiрiстiк қатынастардың көрiнiсi. Ол өнеркәсiп капиталының
қайталама айналымының негiзiнде пайда болды.1
Кәсіпкерліктің ролі туралы А.Смит былай деді: “... ол тек өз
қызығушылығын ойлап, өз пайдасын ғана көздейді, осылайша ол өзі ойламаған
мақсатқа көрінбейтін қолмен бағытталады. Өз қызығушылығын ғана ойлай
отырып, ол көбінесе қоғамға қызмет етеді.
ТМД елдері үшін кәсіпкерлік – бұл “жаңа” категория, санаулы жылдар ішінде
қалыптасқан және теория сипатындағы көптеген сұрақтар әлі күнге талас
тудырып келеді және әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Осыған орай бірнеше
кәсіпкерлік анықтамаларына тоқталайық.
1725 жыл. Р.Контильон: Кәсіпкер – тәуекел жағдайында әрекет етуші адам.
1797 жыл. А.Боуо: Кәсіпкер – қолға алған ісіне жауапты тұлға;
кәсіпорынды жоспарлаушы, ұйымдастырушы және басқарушы.
1876 жыл. Ф.Уокер: Капитал бөліп және одан проценттер алушы мен өзінің
ұйымдастырушылық мүмкіндіктері арқасында пайда табушыны ажырата білген
жөн.
1985 жыл. Р.Кизрич: Кәсіпкерлік – құны бар жаңа нәрсені құру процесі, ал
кәсіпкер – бұл осыған қажетті уақыт пен күш шығындап, өзіне барлық
қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді жүктеп, нәтижесінде
ақшаға ие болушы адам.
Ғылымда әлі күнге дейін бұл мәселені қарастыруда әртүрлі көзқарастар бар,
бұл сұрақтар жөнінде әртүрлі, кейде қарама-қайшы ойлар айтылады. Бұл
қарастырылып отырған категория сол немесе басқа даму этапында ылғи
қозғалыста бола отырып, күрделі бола түскендіктен нақтылы – тарихи сипатта
болуымен байланысты.
Сондықтан, жоғарыда көрсетілген анықтамалардың ешқайсысын жоққа шығаруға
болмайды, бірақ зерттеу барысында біржақтылықтан аулақ болу керек.
Сонымен, кәсіпкерлікті жай ғана термин емес, жалпы экономиканың сұранымын
түсіндіруге бағытталатын мазмұнды ұғым дей келе мынандай анықтама береді:
“кәсіпкерлік – бұл элементтері: пайда табу, жаңалық, тәуекел болып келетін
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық әрекетінің типі”.
Осыншама анықтамалардың болуына қарамастан, әлі күнге келіспеушіліктер
көп, мысалы, кәсіпкерлік және оның түрлерінің экономикалық мазмұнын
түсінуде. Әлі күнге кәсіпкерлік пен бизнес жөніндегі сұрақтар толығымен
шешілмеген, бұлар бір ұғым ба, әлде әртүрлі мағынада ма?
90 жылдардың басында шағын бизнестің ресми анықтамасы болған жоқ және
әртүрлі құрылымдар әртүрлі анықтамалар қолданды. Көптеген эксперттер мен
экономистердің ойынша шағын бизнес – бұл жеке сектордың синонимі және
ауыспалы мағынада кәсіпкерлік нарықтық экономика бизнес әлемі ретінде
сипатталады 2.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Шағын кәсіпкерліктің дамуын
мемлекеттің қолдауын күшейту жөніндегі шаралары туралы” жарлығы
қабылданғанға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық статусы
анықталмаған еді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шағын
кәсіпорындар статусын анықтайтын 1997 ж. 8 сәуірде №499 қаулы қабылданды.
Шағын кәсіпкерлік ретінде экономиканың барлық саласында кәсіпкер ретінде
тіркелген жеке тұлғалардың, сонымен бірге тұрақты сапалық және сандық
көрсеткіштерімен анықталатын кез-келген ұйымдастырушылық – құқықтық
түрдегі (кәсіпорындардың жеке тұлғалармен атқарылатын) әрекет түрі.
Кәсіпкерлік әрекет тәуекелге және кәсіпкердің заттық жауапкершілігіне өз
атынан жүргізіледі.
Шағын бизнес субъектілері жұмыскерлерінің орташа жылдық саны барлық
жұмыскерлердің, оның ішінде контракт және келісімшарт бойынша берілген
заңды тұлғаның барлық филиалдары мен бөлімдерінде істейтін жұмыскерлердің
барлығын есепке алумен анықталады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерiнiң орташа жылдық
саны 50 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы құны орта есеппен бiр жыл
iшiнде алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк
қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып
табылады 3.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiн жүзеге
асырады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-
құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
- толық серiктестiк;
- коммандиттiк серiктестiк;
- жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
- қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
- өндiрiстiк кооператив - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болуы мүмкiн.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны
барлық қызметкерлердi, оның iшiнде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса
атқару бойынша жұмыс iстейтiндерiн, осы субъект филиалдарының,
Өкiлдiктерiнiң және басқа оқшауланған бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн ескере
отырып анықталады.
Қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
ондайларға жылдық айналым көлемiнде үлесi ең көп қызмет түрiнiң өлшемдерi
бойынша жатқызылады.
Егер бiр немесе бiрнеше заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң
өлшемiне сай келетiн шаруашылық серiктестiгiн құрған жағдайда құрылатын
субъектiнiң жарғылық қорындағы олардың үлесi 25 %-бен аспауға тиiс.
      Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғаларды және:
есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен
байланысты қызметтi;
акцизделетiн өнiмдер өндiрудi және (немесе) көтере сатуды (алтыннан,
платинадан, күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдар өндiруден басқа);
ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi;
стандарттау, метрология, сертификаттау, акцептеу және сапаны басқару
саласындағы қызметтi;
банктiк қызметтi және сақтандыру нарығындағы (сақтандыру агентiнiң
қызметiнен басқа) қызметтi;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды
тұлғаларды шағын кәсiпкерлiк субъектілерi деп тануға болмайды.
Шағын кәсiпкерлiктіктің мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары болады.
Толық серіктестік. Серіктестіктің әрбір қатысушысы, олар екеуден кем
болмауы тиіс, серіктестік атынан кәсіпкерлік қызметті атқаруға құқылы, яғни
мұндай серіктестіктің қызметі толық серіктестіктің өз қызметі деп аталады.
Толық серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің қарыздары бойынша толық
жауапкершілікті. Бұл, егер мүлік жетіспеген кезде немесе қарызды өтеген
кезде несиегерлер серіктестіктің кез-келген мүшесінен талап етуге құқылы
екенін білдіреді. Серіктестер өзінің жеке мүлігінің көлемінде ғана жауап
береді.
Осындай жауапкершілік толық серіктестікті несиегерлер үшін тартымды
етеді. Серіктестер арасындағы қарым-қатынас сенімділікпен құрылады.
Толық серіктестік қызметін басқару үшін барлық қатысушылардың келісімі
қажет. Толық серіктестіктің қатысушысы оның құрамынан тек қана осы
серіктестіктің басқа да қатысушыларының шешімінің негізінде, соттың шешімі
бойынша шығарылуы мүмкін.
Толық серіктестік кұрылтайшылық келісім шарт негізінде құрылады және
қызмет етеді, оған барлық қатысушылар қол қояды.
Командиттік серіктестік. Толық серіктестіктің бір түрі болып табылады,
бірақ онда бөтен тұлғалар есебінен қосымша капиталды тартуға болады
(салымшы-қатысушылар немесе командинттер). Бұл тұлғалар серіктестіктің
қызметіне тек қана салымдарды жарғылық капиталға салу жолымен және
өздерімен салынған салымдар шегінде шығындар тәуекелін атқарады.
Командиттік серіктестіктің құқықтық құжаты тек қана толық қатысушыларымен
қол қойылған құрылтайшылық келісім шарт болып табылады 3.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам. Жарғылық капиталы қоғамның қарыздары
бойынша жауап бермейтін қатысушылар үлесіне бөлінген ұйымды жауапкершілігі
шектеулі қоғам деп атайды. Толық салым салмаған қоғамның қатысушылары,
әрбір қатысушының төленбеген салым үлесінің құны көлемінде
жауапкершіліктеріне жауапты. Қоғамның мемлекеттік тіркелуі кезінде оның
жарғылық капиталының кем дегенде 50% төленуі керек.
Құрылтайшылық келісім шартқа қол қойылғаннан кейінгі бекітілген жарғы
жауапкершілігі шектеулі қоғамның құрылтайшылық құжаты болып табылады. Егер
қоғам тек бір адаммен құрылған болса, жалғыз құрылтайшылық құжат болып
жарғы табылады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Бұл жауапкершілігі шектеулі
қоғамның бір түрі, онда қатысушылар өздерінің жарғылық капиталындағы
салымының құнына барлығына бірдей көлемде жауапкершіліктер бойынша қосымша
жауапты болады. Сонымен қоса қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қоғам
және серіктестік арасындағы орынды алады.
Өндірістік кооперативтер. Бұл коммерциалық ұйымдардың бір түрі болып
табылады, ол жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ кооператив қызметіне
өзінің жеке еңбегімен қатысатын жеке тұлғалардың ерікті бірігуі негізінде
құрылады.
Өндірістік кооперативтердің әр мүшесі өзінің мүліктік салымының көлеміне
байланыссыз оның жұмысын басқаруда бір дауысы бар және алынған табыс
мүліктік салым емес еңбектік салымның есебінен бөлінеді.
Кооперативтер мүшесі болып оның қызметіне қатыспайтын, бірақ мүліктік
салымдарды салатын және оларға табыс алатын заңды және жеке тұлғалар бола
алады.
Кооперативтер мүшесі оның қарызы бойынша жауапты, бірақ өзінің барлық
мүлігімен емес, алдын ала жарғыда бекітілген көлемінде.
Жалғыз құрылымдық құжат – кооперативтердің барлық мүшелерінің жиналысында
бекітілетін және қабылданатын жарғы болып табылады
Шағын бизнес іріге қарағанда икемді болып келетінін ұмытпаған жөн.
Әсіресе, бұл жұмыстың маусымдық сипатта болуында айқын көрінеді. Сонымен
бірге, ол тұтынушылар сұранымының өзгерісіне шұғыл икемделе алады, бәсекелі
нарықтық қатынастардың қалыптасуына активті әсер ете алады, экономиканың
құрылымдық қайта құрылуына мүмкіндік жасайды, барлық деңгейдегі бюджеттерді
толықтыратын жаңа жұмыс орындарын құруы және активті меншік иелері мен
кәсіпкерлер қатарын қалыптастырады, тенденцияларды шұғыл меңгеріп,
инновацияны дамытады 4.
Шағын бизнестің ірі өнеркәсіппен салыстыра келгенде бірқатар
басымдылықтарға ие болатындығына қарамастан экономиканың ерекше секторы
ретінде біршама қиындықтарды да өткеруде. Оларға келесілер жатады:
- капиталдың жеткіліксіздігі. Бұл өзінің қаржысының жетіспеуінен және
капиталға қол жеткізудегі ірілермен күресте әлсіз болуынан туындайды;
- экспорттық операцияларды жүргізудегі проблемалар. Олар өздері шетел
нарық ерекшеліктерін зерттеу мен тәуелсіз экспорттық саясатты
жүргізуге байланысты шығындарды көтере алмайды;
- басқару процесінің ерекшеліктері. Шағын фирма иеленушісінде
өндірістік, инженерлік, бухгалтерлік, менеджерлік және администратор
тәжірибесі болуы керек, ал көбінесе оларда ешқандай да тәжірибе
болмайды;
- квалификациялы жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Көптеген жоғарғы және
орта оқу орындарының түлектері өзінің еңбек әрекетін шағын
кәсіпорындарда бастағандарына қарамастан, олардың көбісі бұл этаптан
тез өтіп және одан гөрі перспективті ірі компаниядан жұмыс табуға
тырысады;
- сыртқы экономикалық орта жағдайына ерекше сезгіш келеді. Ірі
кәсіпорындарға қарағанда тұрақсыз келетін шағын фирмалар өз өнімдерін
тез өткізу мүмкіндігіне байланысты болады;
- әрекетті жоспарлаудың күрделілігі. Шағын фирмалардың тек бір бөлігі
ғана өндірістік жоспар құрады және одан да аз бөлігі – стратегиялық
жоспар жасайды, ал фирма нарықтағы өз орнын тек осының көмегімен таба
алады.
Кәсіпкерліктің өзіне тән немесе сапалық ерекшеліктеріне мыналарды
жатқызуға болады:
Бірінші, кәсіпкерлік өзінің шығу тегі жөнінен тауарлы шаруашылық құбылыс.
Екінші, ерекше материалдық қызығушылықтың болуы, оны іске асыру
шаруашылық субъектісіне толық шаруашылық ерік бергенде ғана мүмкін.
Үшінші, кәсіпкерліктің имминенттік қасиеті – шаруашылық субъектілерінің
заттық жауапкершілігіндегі экономиканың бәсекелесті – күресті жұмыс істеу
режимі. Шағын кәсіпкерлік бәсекелестіктің жоғарғы, шекті даму дәрежесінде
көрінеді.
Төртінші, шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық анықтамасы
келесі жағдайлармен толығады. Ол мыналарға негізделеді: а) иеленушінің және
оның жанұя мүшелерінің еңбегіне; б) иеленушінің өндірістік-басқарушылық
әрекетінің жалдамалы жұмыспен қатар жүруі.
Бесінші, ұйымдастыру мен басқарудың жалпы қарапайымдылығы. Шағын
кәсіпкерлік үшін басқару субъектісі мен меншік субъектісінің сәйкестігі
тән.
Алтыншы, нарыққа өте-мөте бейім келуі және еркін сауда. Нарық
субъектілерінің әрекеттерінің өзгеріп отыруына байланысты белгісіздік.
Тұрақсыздық, нарықта тұрақты ештеңе жоқ, ешқандай тенденция ұзақ уақыт
жалғаспайды, басқамен ауысады. Жетінші, тәуекел – кәсіпкерлік тәуекелсіз
болмайды. Осылайша, тәуекелден бас тарту (ол мүмкін емес), ал оны басқара
білу және шығындарды минимальды деңгейге жеткізу. “Тәуекелді” жағдай
көбінесе мұндай компаниялар үшін банкротқа ұшыраудың жалғыз алтьтернативасы
болады.
Сегізінші, негізінен қаржыландырудың орталықтандырылмаған көздерін
қолдану: шағын бинестегі кәсіпкерлер өз жинақтарын, достарының ақшаларын,
банктердің шектеулі несиелерін қолданады, ал ірі масштабтағы кәсіпкерлер
негізінен банктер мен қорлық биржалар арқылы қаржыланады.
Тоғызыншы, шағын кәсіпкерліктің мемлекеттің реттеу әдістері мен
түрлеріне, экономиканы реттеу бағытына үлкен бағынышты болуы. Шағын
кәсіпкерлік экономикалық конъюнктураның өзгерісіне, саяси жағдайға,
заңдылықтардың өзгерісіне, салықтық және кедендік саясатың қолданатын
нормаларына, мемлекеттік қолдаудың жалпы жүйесіне өте сезімтал келуі.
Оныншы, шағын құрылымдардың жоғарғы ұйымдастырушылық – функционалдық
икемділігі және мобильділігі. Шағын бизнес кәсіпорындары ірі кәсіпорындарға
қарағанда тұтынушы сұранымын қанағаттандыратындай нарықтағы тауар мен
қызметтердің, технологиялық процестердің өзгеру темпіне динамикалы және аз
шығынмен бейімделуі. Сонымен қатар оларға шығаратын өнімдердің
номенклатурасының шектелгендігі, өткізу жүйесінің қарапайымдылығы,
ресурстық және көтерме нарықтың локальдылығы тән 4.
Елдегі әрбір үшінші шағын кәсіпорынның жойылып кетуінің себептерін аша
отырып, қазақстандық зерттеуші Қажымұрат К.К. ешбір экономикалық жүйе
өзінің мықты да берік іргетасын қалап алмай дұрыс жұмыс істеп, тиімді
қызмет етпейді. Қарым-қатынастардың барлық түрлерінің даму мүмкіндігінің
іргетасы болып материалдық өндіріс табылады. Қазақстандағы шағын
кәсіпорындардың қызметі, негізінен коммерция, саудадағы ақша айналымы,
делдалдыққа негізделген. Ал, мұндай кәсіпорындардың 40%-ы 5 жылдан аса
қызмет ете алмаған.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу адамның
белсенділігі және іскерлігі. Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси,
әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, айуандық т.б. болып бөлінеді.
“Кәсіпкерлік” деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады.
Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы
тап болады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі
жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына
икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға өндіріске өндірістік
және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін
тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады,
тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады,
экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді
пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорындар дүние жүзінде маңызды
орын алады. Олар тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек
салалар мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп
негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын
кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол
қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай
кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға
жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат (лицензия) керек
етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар:
өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады.

1.2 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің тиімділігі

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму
мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық
экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық
экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі
көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте
маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”. Бәрімізге мәлім, өндірістің
негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады.
Нарықтық экономика кезінде осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне
әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін
белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та, өздерінің экономикалық
және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі
кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының
ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да
экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды
мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың
ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы
сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты
болады 5.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы
келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді
қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай
бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет
көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты
табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және
өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы
әрекет етеді.
Қазақстанда өркениетті нарық жолындағы әрі қарай қозғалысы кәсіпкерлік
рөлінің күшеюіне байланысты.
90 жылдардың аяғында Қазақстан Республикасында тіркелген кәсіпкерлер
экономикалық активті халықтың бар-жоғы 3-5 пайызын құрады және де бұл үлес
аймақтар бойынша әртүрлі болды. Көптеген адамдар кәсіпкерлік әрекетті
патентсіз, лицензиясыз, салық төлемей және тағы басқалай айналысты. Біздің
республикада сұрау жүргізілген азаматтардың біршама бөлігі өз ісін ашуға
дайын (агрокешенде, саудада, қызмет көрсету сферасында, ғылым мен техникада
және сирек өнеркәсіпте); 40 пайызы өздерінің экономикалық мәселелерін
субсидияға арқа сүйемей өздері шешуге ниет етуде, шамамен 70 пайызы
кәсіпкерлерді, ең алдымен, еңбек адамы, іскер бизнесмен, иегер деп санайды.
Шағын кәсіпкерліктің ірі жаппай дамуы 1996-1997 жылдары басталды,
әсіресе, фермерлік шаруашылық негізінде. Қазір республикада олардың саны
100 мыңнан асады.
Кәсіпкер ел экономикасында негізгі фигура. Ол салық төлейді, жұмыс
орындарын ашады, мамандар оқытуға қатысады, ғылыми-техникалық прогресті
жылжытады, инновация енгізуде жұмыс жасайды.
Дегенмен, кәсіпкерліктің дамуы әлі қолайлы жағдайда емес. Бұл кәсіпкерлік
дамуының заңдылық базасының жеткіліксіздігі және қарама-қарсылығы, шағын
және орта бизнесті қолдау облысындағы мақсатты, өнеркәсіптік және әрекетті
шаралар жүйесінің жоқтығы, шаруашылық түрі көптүрлілігінің қалыптасу
процесінің сақталмағандығы, әрекет етуші кәсіпкерлік құрылымдарды қолдау
үшін қажетті материалдық және қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі.
Сонымен бірге, бүгінгі күннің объективті қиыншылықтар жағдайында
кәсіпкерлік және кәсіпкерлер, барлық жұмсалып жатқан күштерге қарамай, әлі
ұлттық экономиканың негізгі катализаторы болмай отыр. Мамандарды дайындау
және қайта оқытудың теориясы мен практикасы нарықтық міндеттемелерден артта
қалуда. Кәсіпкерлік мамандарын дайындаудың біріккен мемлекеттік жүйесін
құруда екіжақты – мемлекет пен кәсіпкерлік құрылымның келісілген жұмысын
қажет етеді 5.
Қазақстанда 90 жылдардың басында кооперативті ұйымдардың көптеген бөлігі
құрылыста, яғни 31,4 пайызы әрекет етті. 12 пайыздан көбі халық тұтынатын
тауарлар өндірісі сферасында жұмыс істеді, 10,6 пайызы ауыл шаруашылығында.
Тауарлар мен қызметтердің 25,5 пайызынан көбін кооперативтер өндірді.
1990-1993 жылдар арасында мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау саясатының арқасында мұндай кәсіпорындардың қарқынды өсуі байқалады.
Осының нәтижесінде 1994 жылдың басында республикада 11,5 мың шағын
кәсіпорын жұмыс істеді. Оларда 142,2 мың адам жұмыс істеді. Олардың әрекет
ету диапазоны кең болды: жалпы санының 40 пайызы коммерциялық іспен
айналысты, 17 пайызы – құрылыста, 10 пайызы халық тұтынатын тауарлар
өндірісінде, 5 пайызы өндірістік-техикалық бағыттағы өнім шығару
салаларында. Әсіресе, шағын кәсіпорындардың сауда және тұрмыстық қызмет
көрсету сферасындағы ролі артты. Осылайша, 1994 жылы алдындағы жылмен
салыстырғанда осы категориядағы кәсіпорындардың бөлшектік тауар айналымы 6
есе өсіп, 12,9 млрд-қа жетті. Ақылы қызметтер көлемі осы кезеңде 11 есеге
өсіп, оның үштен бірі қызмет етудің үлесіне тиді.
Орналасу географиясына келетін болсақ, шағын кәсіпорындардың республика
аймақтары бойынша біркелкі таралмағандығын көруге болады. Шағын
кәсіпорындардың көптеген саны Павлодар облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы
облыстарында және Алматы қаласында. Бұл жалпы нарықтық инфрақұрылымның
дамығандығымен, бұл айматардағы индустриалды орталықтың болуымен
түсіндіріледі. Ал, шағын кәсіпорындар санының аздығы байқалатын аграрлы
облыстар Қызылорда, Батыс Қазақстан.
Соңғы уақыттарда Жезқазғанда, Солтүстік Қазақстан облысында және Ленинск
қаласынан басқа республиканың барлық облыстарында шағын кәсіпорындар
санының азайғандығы байқалады. Әсіресе, халықтық тұтыну тауарларын
шығаратын және құрылыс сферасындағы шағын кәсіпорындар үлкен дәрежеде
азайды. Бұрынғыша олардың үштен бірі дел-далдық және коммерциялық іспен
айналысатындар. Салық төлеу жүйесінде экономиканың мемлекеттік емес
секторында шағын кәсіпорындар орнына жеке меншік кәсіпорындары келе
бастады. Олардың санының өсуі республиканың барлық облыстарында байқала
бастады: Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Оңтүстік
Қазақстан облыстарында. Жалпы 1992- 1995 жылдар аралығында жеке меншік
кәсіпорындары 3 есе өсіп 22 мыңды құрады, оларда 178,9 мың адам жұмыс
істеді. 1998 жылдың басында жеке меншік кәсіпорындардың бестен бір бөлігі
Алматы қаласында, оннан бірі – Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарына
келді. Жеке меншік кәсіпорындардың көптеген бөлігі коммерциялық бағытта.
Жалпы санының 11,6 пайызы құрылыста, ал халық тұтынатын тауарлар
өндірісінде 5,6 пайызы жұмыс істеді.
Бүгін де тікелей инвестиция перспективті болып келеді. Ал оларды тартудың
негізгі формасы біріккен кәсіпорын, яғни, ірі, орта және шағын бизнесті
біріктіру. Олар 1990 жылдардың басында пайда бола бастады, ол кезде олардың
саны 15 болды және де олардың жартысы Алматыда шоғырланды. Одан кейінгі
кезеңде олардың саны өсе бастады. 1998 жылдың басында елде алыс және жақын
шет ел инвесторларының қатысуымен құрылған 2 мыңнан аса біріккен
кәсіпорындар пайда болды. Олардың көбісі азиялық елдердің фирмаларымен –
183, европалық – 166, американдық – 51.
Біріккен кәсіпорындарда диверсификация деңгейі жоғары: олардың әрбіреуі
орташа төрт салада жұмыс істеуге ниет етті. Практиканың көрсетуі бойынша
біріккен кәсіпорындар озық технология мен өндірісті ұйымдастырудың
прогрессивті әдістерін енгізуде, бәсекелесті өнім өндіру және т.б. пайдалы.
Сондықтан, біріккен кәсіпорындарды барлық салаларда, әсіресе өңдеуші
өнеркәсіпте құру қажет. Көптеген біріккен кәсіпорындар сауда – дел-далдық
әрекетпен айналысады 6.
Батыстың ең дамыған елдерінде біріккен кәсіпорындарды қолдау ішкі
экономикалық саясатта үлкен орын алады. Оларға ақысыз немесе символикалық
арендалық төлем арқылы бос жерлер ғимараттар беріледі.
Кәсіпкерліктің тез дамуына қажетті жағдай, әсіресе, шағын
кәсіпорындардың, әрекет етуші субъектілерге қызмет етуші және өндірістік
өнімді өткізуді жеңілдетіп нарықтық инфрақұрылымның элементтерінің
қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Оған әсіресе өтпелі кезеңде
мемлекеттің үлкен ұйымдастырушылық әсері қажет.
Нарықтық инфрақұрылым объектілерінің даму анализі, экспорттық өнім
шығаратын ірі мемлекеттік кәсіпорындар шоғырланған жерде дамығандығын
көрсетеді.
Мысалы, 1998 жылы Жезқазған қаласында 81 коммерциялық банк және 7 сауда
үйі болғанмен жеке кәсіпорындар мен кооперативтердің саны бойынша қала
республикада ақырғы орындардың бірінде болған. Бұл мұндағы нарықтық
инфрақұрылым объектілері, негізінен, ірі мемлекеттік кәсіпорындармен және
оларға қызмет ету үшін құрылды (“Жезқазған түсті металл АҚ, “Балхашмыс”,
Жәйрем КБК және т.б.). Осындай жағдай Маңғыстауда да байқалды. Онда
нарықтық инфрақұрылым объектілері мұнайгаз саласының кәсіпорындар
қажеттіліктеріне бағытталған.
Кәсіпкерлік секторының қалыптасуын республикадағы дағдарысты процестер
ұстап тұр. Ол құрылған шағын және орта кәсіпорындардың жабылуына әкеледі
7.
Біздің республикада шағын экономиканың дамуын ұстап тұрған себептердің
ішінде мыналарды көрсетуге болады: өндірістік күштердің облыс пен аудандар
бойынша әркелкі таралуы, шикізатқа маманданған салалардың басым болуы,
әлеуметтік артта қалған және экологиялық ахуалы төмен аудандардың болуы,
жұмыс күшінің біліктілік деңгейінің төмендігі, кәсіпкерлікті қолдаудың және
ынталандырудың экономикалық механизмдерінің жоқтығы.
Елімізде 90 жылдардың басында болып өткен жекешелендіру процестері шағын
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына негіз болды.
Республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуы экономиканы табысты
реформалаудың индикаторларының бір болып табылады. Кәсіпкерлік класс нарық
дамуының ажырамас бөлігі, экономикалық қарым-қатынастардың ерікті
субъектісі болып табылады.
Экономикалық активтіліктің негізгі факторы ретіндегі шағын кәсіпкерліктің
ролі көптеген дамыған мемлекеттер экономикасындағы маңызды орнымен
айқындалады: шағын бизнестің үлесіне жұмысбастылардың 50-60 пайызға
дейінгісі, жаңа жұмыс орындарының 70-80 пайызы келеді, ал өнім өндіру мен
қызмет көрсетулері ЖҰӨ-нің дерліктей жартысын құрайды.
Шағын кәсіпкерліктің басым тұстары капитал салымдарының тез қайтымдылығы,
өндірушілердің негізінен аймақтық нарыққа бағытталуы, сұраным өзгерісіне
икемділігі, жұмысбастылықтың өсуі. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттың
негізгі бағыттарының бірі шағын бизнесті дамыту.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 7 мамырындағы №597
Жарлығымен “Қазақстан Республикасындағы 2001-2002 жылдарда шағын
кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты - шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету,
оның экономиканың басым секторындағы үлесінің артуы, жұмыс орындарын құру,
бәсекелесті орта және қоғамның орта класын қалыптастыру.
2006 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның барлық тіркелген шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің құрылымында шағын бизнес субъектілерінің үлесі
91,4%, құрады, соның ішінде шағын бизнес кәсіпорындары – 19,5%, шаруа
қожалықтарын қоса алғанда, жеке кәсіпкерлер – 71,9%.
Жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер құрылымында
2006 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша шағын бизнес субъектілерінің
үлесі 90,7%, шағын бизнес кәсіпорындарының үлесі – 18,3%, шаруа
қожалықтарын қоса алғанда, жеке кәсіпкерлер үлесі – 72,4% құрады.
Шағын кәсіпкерліктің республикадағы экономикалық кешеннің дамуындағы
үлесі жылдан жылға артуда.
Қазіргі уақытта шағын бизнес кәсіпорындары республиканың жалпы ішкі
өнімнің (ЖІӨ) шамамен 25%-ын қалыптастырады. (Салыстыру үшін: 2005 жылы
орта бизнес кәсіпорындарының үлесі 6,7% құрады). Бұл арада 2000-2005 жылдар
ішінде бұл үлес 10 пайыздық пункттен астам мөлшерге өсті.
ҚР-ның Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 2001 жылдан
2007 жылға дейінгі кезеңде елде тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің
санының 221-ден 846 мың бірлікке дейін төрт еседей дерлік өсуі байқалып
отыр. Бірақ бұл кезеңдегі әрекет етуші шағын және орта кәсіпкерліктің
санының үлесі іс жүзінде өзгеріссіз - 76-77% деңгейінде қалды. Жұмыс
істеуші шағын және орта кәсіпкерлік саны 4 есе дерлік ұлғайып, 639 мың
бірлікке жетіп, елдегі барлық шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 91%-
дан астамын құрайды.
Шағын бизнестің әрекет етуші кәсіпорындар саны ылғи да өсуде.
Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлін көрсететін бір қырын мынандай
мысалмен көрсетуге болады. Мәселен, Италияда жұмыс істейтін адамдардың
жалпы санының 80 пайызы, Ұлыбританияда – 76, Жапонияда – 73, Францияда –
69, Германияда – 64, АҚШ-та – 53, Ресейде – 10, Белоруссияда – 6,
Қырғызстанда - 3 пайызындай шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады.
Республикада қызмет істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны
2001 жылы – 221549, 2002 жылы – 289496, 2003 жылы – 366434, 2004 жылы –
431503, 2005 жылы – 497871, 2006 жылы – 569127, 2007 жылы – 846123.
Шағын бизнес кәсіпорындары еліміздің шаруашылық кешенінің барлық
аймақтары мен салаларында құрылған және әрекет етуде. Олардың көбі
өнеркәсіпті дамыған және халық тығыз орналасқан аймақтарда шоғырланған.
Олардың қатарына Алматы және Астана қалалары, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан және Қарағанды облыстары кіреді.
Шағын бизнес кәсіпорындарының негізгі бөлігі сауда, автомобиль және үй
заттарын жөндеуге маманданған.
Шағын коммерциялық кәсіпорындар үшін саудада айналысу үлкен капитал
салымдарын, айналым қаражатын қажет етпейтіндіктен және ақша айналымы тез
жүретіндіктен қол жетерлік болып табылады.
Әрбір сегізінші кәсіпорын өнеркәсіпте жұмыс жасайды. Шағын кәсіпорындар
әзір өнеркәсіпке маңызды әсер ете алмайды. Экономиканың бұл бөлігіндегі
олардың өндіріс көлемі жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі олардың көлемінің
шамамен 2 пайызын құрайды. Сонымен қоса, соңғы уақыттарда шағын өнеркәсіп
кәсіпорындарының, оның ішінде, өңдеуші өнеркәсіптегі санының өсу
тенденциясы байқалады.
Ел экономикасының негізгі маманданған саласының бірі ауыл шаруашылығы.
Бірақ, инвестициялаудың жеткіліксіздігі, ауыл халқының ақша төлеу
мүмкіндігінің төмендігі шағын кәсіпкерліктің бұл сферадағы дамуын тежеуде
7.
Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі халықты жұмыспен
қамтамасыз ету.
Жұмысбастылар санының көбі сауда, автомобиль және үй заттарын жөндеуге,
қозғалмайтын мүлік, аренда және қызмет ету операциялары бойынша
кәсіпорындарына, өңдеуші өнеркәсіпке және құрылыс салаларында басым.
Негізінен, шағын бизнес еліміздің бес облысында айтарлықтай дамыған.
Шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны (мың.адам) бойынша
кәсіпкерлік  белсенділік тобы, Алматыда (128200), Астанада (50300), сондай-
ақ Оңтүстік Қазақстанда (51600), Шығыс Қазақстанда (43500), Қарағандыда
(37200) біршама өсуде. 11

1.3 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері және оны
мемлекет тарапынан қолдаудың алғышарттары

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің саяси – экономикалық
көптеген жұмыстар, түбегейлі өзгерістер, іс – қимылдар атқарылды. Егемендік
бізге жаңа өмірмен қатар көптеген шешімі жоқ мәселелерді де ала келді.
Мысалы, алғашқы кезде біздің дайын өнім өндіретін өндіріс орындарымыздың
өте аз болғаны мәлім. Сондықтан мемлекет тарапынан экономикамымызды дамыту
және халықтың әлеуметтік деңгейін көтеру үшін аса маңызды шешімдер
қабылданды. 14
Шағын және орта бизнес ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосады және
өркениетті құқықтық мемлекет құруда маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің
кең көлемде дамуы мемлекеттік, аумақтық, жергілікті деңгейде әр жақты және
нақты қолдау көрсетуді талап етеді. Бұл, әсіресе Қазақстан үшін өте қажет.
Жалпы экономикалық құлдырау жағдайында әйелдер мен жасұрпақ арасында
жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне
байланысты, кең көлемді маркетингтік зерттеу жүргізу, персоналдық мамандық
деңгейін көтеру, ішкі көшірмелеу және мамандануды қолдану өте маңызды
мәселелер болып табылады. Кәсіпкерлік ғылыми негізге қойылғанда, осы
бағытта кең көлемде жұмыс жүргізілгенде, бұл жағдайдан көпшаралы және
икемді мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана шығуға болады.
Шетелдерде өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде
шағын бизнеске арқа сүйейді. Себебі шағын бизнес халықтың әл – ауқатын
арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді.
Шағын бизнеске қатысушылардың жалпы жұмыспен қамтылғандар санындағы әр
елдегі үлесі: Италияда – 80%, Ұлыбританияда – 76%, Жапонияда – 73%,
Бельгияда – 72%, Францияда – 69%, Германияда – 64%, АҚШ-ында - 53%,
Румынияда – 27%, Венгрияда – 24%, Словакияда – 23%, Польшада – 23%, Ресейде
– 10%, Белоруссияда – 6%, Хорватияда – 22%.
Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктің өзгеруіне өте сезімтал.
Сонымен қатар экономикадағы бәсекелестік сипатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
«ЦентрКредитБанкі» АҚ ұйымдық экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Қазақстандағы шағын және орта бизнес
Қазақстана шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау
Пәндер