Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының дамуына сараптама жасау
ӘОЖ 339.924 (574)
Қолжазба құқығында
ТАСТАНДИЕВА НУРЖАМАЛ БУРИБАЕВНА
ҚАЗАҚСТАН ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР АЙМАҒЫНДА: ТЕОРИЯ, ПРОБЛЕМАЛАР, ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ
08.00.01 – Экономикалық теория
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыстың
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Диссертациялық жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінде орындалды
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының
докторы
А.Б.
Темірбекова
Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының
докторы
Н.А.Урузбаева
экономика
ғылымдарының кандидаты
С.С.Ыдырыс
Жетекші ұйым: Тұран университеті
Қорғау 2010 жылдың 27 қыркүйек күні сағат 14.00-де Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін іздену үшін құрылған Д14.63.07 диссертациялық кеңестің
мәжілісінде өтеді.
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 28, мәжіліс залы
31.
Диссертациялық жұмыспен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 26 тамызда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
э.ғ.д., профессор
Ә.Н.Дәуренбекова
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздегі кең ауқымды саяси-
экономикалық реформалардың жүргізілуі әлемдік экономиканың ғаламдану
үдерісімен тоқайласты. Жалпы алғанда, ғаламдану үдерісінің шынайылығын
мойындай отырып, оның әлем елдерінің сыртқы саясатының нысандары мен
әдістеріне айтарлықтай әсер ететінін ескермеске болмайды. Жаңа жағдайдағы
ұлттық экономика бұрынғыдан ашық бола бастады, сондықтан мемлекет өзінің
саясатында еліміздің ішінде де, сонымен бірге сыртқы салада да болып
жатқан үдерістердің тығыз байланысты екенін ескеруге тиіс.
Мәселенің өзектілігі, ең алдымен Қазақстанның әр түрлі халықаралық
экономикалық ұйымдарға қатысу қажеттілігіне байланысты болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жаңа онжылдық –жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауында
Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін
атап көрсетеді. Оның бір айғағына 2010 жылғы 1- қаңтардан бастап күшіне
енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуын атауға болады. Ал
үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1-қаңтардан бастап Біртұтас
экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болмақ. Бұл капитал мен жұмыс
күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары
деңгейі. Қазақстан ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау
білдіре отырып, Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс.
Интеграция жағдайында әрбір мемлекет ғаламданудың теориялық және
әдіснамалық аспектілерін, яғни интеграциялық үдерістердің қағидалары мен
нысандары және алғышарттарын экономикалық интеграцияның кезеңдерін,
қойылатын талаптары мен факторларын жан-жақты ойластыруы тиіс.
Қазақстанның интеграциялық қатынастар саласындағы мәселесін
қарастырудың объективті қажеттілігі мен айрықшылықты өзектілігі
төмендегілермен шарттасылған:
– туындаған қаржы дағдарысына байланысты мемлекетаралық байланыстардың
күрделенуі;
– ел ішіндегі халық шаруашылығының ұтымды үйлесімділігін қолдаудың
қажет болуы;
– нарықтық экономиканың, әсіресе, ұдайы өндірістік циклдардың дағдарысы
кезеңдеріндегі өзін-өзі реттеуге қабілетсіздігі;
– интеграциялық үдерістердің дамуының макро- және мезодеңгейдегі
аспектілерінің аз зерттелуі себеп болып отыр.
Осы жоғарыда аталған жедел қарастыруды қажет ететін проблемалар
диссертацияның зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Елдер мен өркениеттердің
арасындағы экономикалық және технологиялық алшақтықты жою, алтын миллиард
деп аталатын аз санымен ерекшелінетін бай елдер мен өзінің халқын лайықты
өмір сүру деңгейімен қамтамасыз ететін қажетті ресурсы жоқ көп кедей елдер
арасындағы орасан зор айырмашылықты жою проблемалары және шешу жолдары
экономикалық басылымдарда жеткілікті көрсетілмеген. Кереғарлықты әлемдік
құрылымды өзара тиімді әріптестікке негіздеп орналастыру; орын алған
жүйелік дағдарыс пен болуы ықтимал экономикалық қиындықтарды еңсеретін
құрал ретіндегі түбегейлі экономикалық жаңарту - осының барлығы көптеген
отандық және шетелдік ғалымдар мен әр түрлі мектептер және бағыттармен
зерттелді.
Аталған еңбектердің арасынан А.Смиттің, Д.Рикардоның, Э.Хекшердің,
И.Канттың, Б.Олиннің, М.Турэннің, Дж.Нейсбиттің, Р.Алленнің, М.Пеброның,
М.П.Тодароның, Я.Тинбергеннің, Р.Пребиштің, Г.Зингердің, В.Томастың және
т.б. батыс ғалымдарының сыртқы экономикалық қатынастардың іргелі
мәселелері жөніндегі еңбектерін келтіруге болады. Сонымен бірге нарықтық
экономикаға тән үдерістердің даму шамасына орай, сыртқы экономикалық
қатынастар теориясының дамуына елеулі үлес қосқан О.В.Черковец,
М.Г.Делягин, Е.Ф.Авдокушин, В.И.Фамичев, И.И.Дюмулен, М.Н.Осьмова,
В.П.Колесов, А.А.Киреев, Э.П.Бабин, А.В.Данильцев, М.В.Авдевич, С.И.Долгов
және т.б. ресейлік ғалымдардың еңбегін атап кетпей болмайды.
Сыртқы сауда саясатын ырықтандырылуына орай және Қазақстанның
халықаралық қатынастар жүйесіне тартылуы кеңейген сайын экономикалық
ғылымда қазақстандық зерттеушілер интеграция мәселесіне назар аудара
бастады. Осы тақырыпқа еңбектерін арнаған ғалымдардың арасынан Р.А.
Алшановтың, Ә.Ә.Әбішевтің, Ж.Я. Әубәкірованың, А.Е. Есентугеловтің,
Н.Қ.Исинғаринның, Б.К.Қазбековтың, А.А.Қошановтың, Г.И. Оразбаковтың,
С.Пірімбетовтың, С.С.Сатубалдиннің, Б.Б.Темірбековтың, Қ. Тоқаевтың,
А.Д.Челекбайдың және т.б. еңбектері көпшілікке белгілі.
Сөйтсе де, сыртқы экономикалық қатынастарды макроэкономикалық
қатынастар жүйесіндегі мемлекеттердің интеграциялық үдерісінде алатын орнын
анықтаумен байланысты бірқатар мәселелер әлі де болса тиісінше
зерттелмеген. Ең алдымен, бұл интеграцияны іске асырудың механизмдерін
нақтылау, Қазақстан жағдайында сыртқы экономикалық байланысының іс жүзінде
қалыптасқан тәжірибесі мен оның ғаламдану үдерісімен байланысты сыртқы
саудасының келешегін жинақтап қорытындылау, теориялық жағынан тұжырымдау
мәселелеріне қатысты айтылып отыр. Осы проблемаға қатысты көп дау
тудыратын, осы күнге дейін шешімін таппаған мәселелер бар, оларды
объективті ғылыми тұрғыдан қарастыру диссертациялық зерттеудің тақырыбын,
мақсаты мен одан туындайтын міндеттерін анықтады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты -
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануын нығайту негізіндегі
интеграциялық үдерістер саласындағы экономикалық қатынастарын кешенді
зерттеу арқылы теориялық, практикалық, әдістемелік және оны жетілдіру
бағыттарына ұсыныстар жасауды көздейді. Қойылған мақсатқа жету үшін
төмендегідей міндеттерді шешу талабы қойылды:
– ғаламдану үдерісін экономиканың дамуының шынайы заңдылығы ретінде
зерттеу;
– интеграциялық үдерістердің генезисіне, қағидалары мен формаларына
талдау жасау және олардың алғы шарттары, кезеңдері мен формаларын саралау;
– интеграциялық үдерістер дамуының макро- және мезодеңгейдегі
аспектілерін анықтау;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық қатынастарының
дамуына сараптама жасау;
– интеграциялық үдерістерді басқару және алшақ экономикалық жүйе
жағдайында капиталдың қалыптасуының экономико-математикалық үлгісін
әзірлеуге ұсыныстар жасау;
– ұлттық экономикалық мүдделерді ескере отырып интеграциялық
үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін және Қазақстан Республикасының
ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен өзара сауда
байланыстарын бағалау.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның ғаламдану жағдайындағы
интеграциялық үдерістері зерттеледі.
Зерттеу пәні ретінде мемлекеттердің арасында, сондай-ақ ғаламдану
жағдайында сыртқы сауданы реттеудің ықпалымен қалыптасатын әр түрлі
нысандағы экономикалық қатынастар болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі ретінде
классиктердің экономикалық теория мен сыртқы экономикалық қатынастар
жөніндегі еңбектері, отандық және батыс экономистерінің, ғалымдарының
ғылыми және практикалық еңбектері, сонымен бірге Қазақстан Республикасының
заңнама актілері мен нормативтік құқықтық құжаттары болып табылады.
Әдістемелік зерттеу негізі жүйелі және кешенді дамудың жалпы ғылыми
қағидалары, абстрактілік-теориялық талдаудың тарихи-генетикалық талдаумен
үйлесуі, талдау мен синтез, қадағалау, зерттеу және ұқсастыру әдістері,
салыстырып талдау мен логикалық көзқарас әдісі жан-жағынан қарастыру
болып табылады. Пайдаланылатын әдістемелік қағидалар зерттелетін объектіні
әр түрлі жағынан қарап, ұсынылатын тұжырымдар мен ұсыныстарды жеткілікті
деңгейде дәлелдеу мақсатында негізгі тұжырымдарды қарастыруға мүмкіндік
берді.
Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстан Республикасының Статистика
Агенттігінің материалдары мен статистикалық жинақтары, ДСҰ, ЮНКТАД, ҚР
Индустрия және сауда министрлігінің анықтама материалдары, шетел шолулары
мен анықтамалық ақпараттық дереккөздер, кезеңді баспасөз материалдарынан
алынған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде халықаралық интеграция қатынастары,
Қазақстанның интеграциялық үдерісте алатын орны мен рөлін ескере отырып,
кешенді тәсілдеме әзірлеу болып табылады. Зерттеу барысында тұжырымдар мен
ұсыныстар қалыптастырылды, олардың ғылыми жаңалығы төмендегідей болып
табылады:
– ғаламданудың теориялық аспектілері ғылыми-териялық,
әдіснамалық негізі жан-жақты зерттеліп қаралды, атап
айтқанда, меншікті ғаламдандыру ғаламдану үдерісінің
маңызды құрылымдық құрамдасы екені дәлелденіп, экономикалық
интеграцияға авторлық сипаттама берілді;
– интеграциялық үдерістердің теориялық генезисі айқындалды, оның
мазмұны соңғы шетелдік және отандық ғылыми жаңалықтар негізінде
толықтырылды, ерекше мән беретін қағидаларға талдау жасалынды және
интеграциялық стратегияның нұсқаларын талдаудың негізінде интеграцияның әр
түрлі нәтижелері анықталып, пайдалы нәтижеге жету үшін қажетті іс-шаралар
кешені ұсынылды;

аспектілерінің динамикасын бағалаудың көрсеткіштері
анықталып олардың өзара байланыстарының авторлық әзірлемесі
берілді;
– Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграциялық үдерістерінің
даму кезеңдеріне, даму серпініне, сыртқы сауданың негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштеріне, терең экономикалық
дағдарыс кезеңінде қалай жүзеге асыру жағдайына сараптама
жасалынды;
– алшақ экономикалық жүйе жағдайында капиталдың қалыптасуының
экономико-математикалық үлгісі жасалынды;
– ұлттық экономикалық мүдделер ескеріліп, интеграциялық
үдерістердің нәтижелері мен ерекшеліктері сипатталынды және
Қазақстан Республикасының ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка
елдерімен өзара сауда байланыстары бағаланып, ғылыми жүйеленді.
Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:
– меншіктің ғаламдануының теориялық аспектілері;
– интеграцияның нәтижелері мен интеграциялық стратегиялардың
нұсқаларын талдау негізінде пайдалы нәтижеге жету үшін қажетті іс-
шаралар кешені;
– интеграциялық үдерістер және олардың макро-, мезо-,
микродеңгейлік өлшемдеріндегі өзара байланыстары;
– макроэкономикалық жүйе мен алшақ экономикалық жүйе жағдайында
капиталдың қалыптасуының математикалық модельдері;
– интеграциялық үдерістердің ерекшеліктері мен нәтижелерін ұлттық
экономикалық мүдделерді ескере отырып бағалау.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызын интеграциялық үдерісті дамыту
жөнінде нақты ұсыныстар құрайды. Диссертациялық зерттеудің ғылыми
тұжырымдамалары мен ұсыныстары Қазақстандағы интеграциялық үдерістерді одан
әрі жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіруді өрістетуі мүмкін. Зерттеудің
нәтижелерін мемлекеттік сыртқы сауда саясатын әзірлеуде, сондай-ақ
еліміздің ДСҰ-ға кіру стратегиясын әзірлеу кезінде пайдалануға болады.
Жұмыста қалыптастырылған ережелердің практикалық маңызы бар және оларды
ҚР сыртқы саудасының қызметінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін одан әрі
зерттеу, сонымен бірге оны жетілдірудің жолдарын іздестіру базасы ретінде
пайдалануға болады.
Диссертацияның ғылыми нәтижелерінің жекеленген нұсқалары Экономикалық
теория, Микроэкономика, Макроэкономика, Ұлттық экономика, Әлемдік
экономика, Халықаралық экономикалық қатынастар пәндерін оқыту барысында,
осы салада әлі де ғылыми зерттеулер жүргізгенде пайдалануға болады.
Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және жүзеге асыру.
Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен ережелері төменде көрсетілген
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды: Ашық нарықтық
экономиканың дамуы атты халық пен ұлттық тарихтың бірлігі жылына арналған
ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы,1999ж.); Қазақстанның жоғары
экономикалық білімінің ғасырлар тоғысындағы жәй-күйі мен келешегі атты
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы.1999 ж.); Қазақстан
экономистерінің жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің дамуы туралы
ғылыми еңбектерінде (Астана, 2003ж.); Т.Рысқұловтың 110 жылдығына арналған
халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияда (Алматы. 2005ж.); 1-Рысқұлов
оқулары - халықаралық ғылыми -зерттеу канференциясында (Алматы. 2006 ж.);
Белгілі ғалым, э.ғ.д., профессор Д.Қ. Қабдиевтің 80 жылдығына арналған
Қазақстанда экономикалық ғылымның дамуы атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияда (Алматы. 2006ж.); III-Рысқұлов оқулары: Бизнес,
ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары. Халықаралық ғылыми–тәжірибелік
конференцияда (Алматы. 2008ж.); Көлік-коммуникация кешені дамуының қаржы-
экономикалық механизмін жетілдіру М. Тынышпаев атындағы ҚазККА-да өткен
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы. 2008ж. ); IV–Рысқұлов
оқулары: Ғаламдық экономикалық дағдарыс: себептері, мәні және еңсеру
жолдары атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияда (Алматы.
2009ж.); V–Рысқұлов оқулары – Ryskulov reading. Халықаралық ғылыми –
тәжірибелік конференция. (Алматы. 2010ж.);
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Зерттеулердің негізгі нәтижелері
Қазақстанның ашық ғылыми әдебиетінде жалпы көлемі 6,68 б.т. тұратын 16
мақалада, соның ішінде ҚР БҒМ Білім беру және ғылым саласындағы бақылау
комитеті ұсынған 3 басылымдарда жарияланды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден,
терминдердің қысқартылған шартты белгілеулерінің тізімінен, үш тараудан,
тұжырымдардан, пайдаланылған дереккөздің тізімінен тұрады, онда
диссертацияның тақырыбын ашуға арналған 15 кесте, 8 сурет бар.
Негізгі бөлім
Ғаламдану әлемдік экономиканың барлық үдерістеріне, соның ішінде
бәсекелестік саласына, онда да бәсекелестіктің тек тауарлар мен қызметтер
нарығында ғана емес, қаражат ресурстарының таралу бағыттарына да қатысы
бар. Ғаламдану үдерісіне бар әлемдегі өтіп жатқан меншікті ғаламдық қайта
бөлісу де қосылады. Осының нәтижесінде алпауыт фирмалар мен
корпорациялардың қуаты ең алдымен ұлттық шекаралардан тысқары орналасқан
активтердің есебінен одан сайын молайып, меншіктің ғаламдануы деп
аталатын құбылыс пайда болады. Осыған байланысты, біздің ойымызша,
меншіктің ғаламдануы деген ұғымды кеңейту қажет.
Меншіктің ғаламдануы дегеніміз, біріккен кәсіпорындар (ірі фирмалар,
корпорациялар) иелігіндегі меншік, әрі олардың қаржылық және өндірістік
қуаттарының ары қарай өсімі ұлттық шекарадан тыс орналасқан активтері
арқылы жүреді.
Алайда меншік қатынастарының дамуын зерттеу үдерісі тек
макроэкономикалық талдаудан тұрмауға тиіс. Меншік қатынастарын ең алдымен
адам жасайды. Демек, аталмыш талдау микроэкономикалық деңгейде де жүзеге
асырылуы тиіс және де нақты адамның психологиялық-экономикалық ахуалын,
оның жеке мүдделерін де қамтуы керек, қоғамдық немесе өңірлік шаруашылықтың
жүйесін ғана емес, сонымен бірге жеке үй шаруашылықтарын, тіпті нақты
азаматтың жеке уәждері мен оның мінез-құлқын ынталандыратын ортаны да
қамтуы тиіс.
Ғаламдану жөніндегі теориялық зерттеулер мен ғылыми дереккөздерге
шолулар жасай келе ғаламдануды әлемдік кеңістіктегі капиталдар, қызметтер
кедергісіз қозғалатын, идеялар еркін таралатын және осы идеялардың иелері
де таралатын, қазіргі кезеңдегі институттардың дамуына ықпал ететін, әрі
олардың өзара ықпалдасуын нығайтатын біртұтас аймақ деп түсінуге болады.
Ғаламдану – халықаралық құқықтық және мәдени-ақпараттық кеңістіктің,
сонымен бірге өңіраралық және ақпараттық, айырбас жасалатын
инфрақұрылымның пайда болуы.
Барлық интеграция тұжырымдамалары әр түрлі интеграция эффектілерін
зерттейді және пайдалы нәтижеге жету үшін керекті экономикалық-саяси
шаралардың кешенін негіздейді. Бұл мағынада экономикалық интеграция
теориясы аталып өткен үш интеграция стратегияларының әлеуетін анықтауға
тырысады: ортақ нарықтағы бәсекелестік арқылы; ұлттық экономикалық
саясаттарды үйлестіру негізінде және қатысушы мемлекеттердің жалпы саясаты
арқылы. Осыған орай статикалық және динамикалық интеграция теориясы
айрықшаланады. Статикалық эффектілер белгіленген техникалық дамумен және
тіркелген сұраныс кезінде тұрақты өндіріс ресурстарын бөлудегі өзгерістер
нәтижесіндегі өндірістегі және табыстағы өзгерістерді анықтайды.
Динамикалық эффекті дегеніміз нарықтың ұлғаю салдарынан өсу
әлуетіндегі өзгерістер, бұл нәтижеге байланысты бастапқы алғы шарттар
бойынша техникалық дамудың және сұраныс серпінінің болуынан өндірістік
ресурстардың көбеюі. Келтірілген эффектілердің артықшылығы мен кемшілік
жақтарын біздің көзқарасымызша, толық емес деген тұжырыммен айқындауға
болады және эффектілердің ерекше жақтарын келесідегідей толықтырулар
жасаған жөн деп санаймыз:
1 -Кесте Эффектілерге сипаттама
ЭффектілерАртықшылық жақтары Кемшілік жақтары
түрлері
Статика- Жылдам өсу эффектісі Келісім жасау эффектісі
лық
Тұтыну эффектісі
Сыртқы сауда шарттарының Сыртқы сауда шарттарының
жақсаруы нашарлауы
Динамика- Бәсекелестік эффектісі.
лық Инновация (өндірісті өндірістік
және технико-технологиялық
жарақтандыру)
Инвестицияны ұлғайту Инвестицияны тұқырту
Масштаб эффектісі, яғни өндірісАуыстырып қосылу эффектісі
масштабының өсуіне негізделген үшінші әлем елдерінің
үнемділікті алу біріктірілген қоғамдастыққа
импортының елеулі үлесінің
өсуі (бірақ, шарттың күшін
жою салдарынан нарық
қысқаруына байланысты тікелей
жағымсыз динамикалық
эффектілер болуы мүмкін)
Ескерту: Автор зерттеушілер еңбектерін жинақтап қорыту негізінде
әзірлеген
Кестеде көрсетілгендей, барлық интеграция тұжырымдамалары әр түрлі
интеграция эффектілерін зерттейді және пайдалы нәтижеге жету үшін керекті
іс-шаралардың кешенін былай деп негіздеуге болады:
• Жылдам өсу эффектісі бойынша - өнімдердің сапасын жақсарту қажеттігі;
еңбек өнімділігін арттыру; жаңа әлемдік даму IT –технологиясына
сүйенуді болжайды, осыған орай өндірістік техникаға қатысты иновацияны
жетілдіруге жағдай жасау керек.
• Сыртқы сауда шарттарының жақсаруы эффектісі бойынша кәзіргі
Қазақстандағы бизнеске жол беру керек, әр кәсіпкер өз өнімінің сапасын
көтеру керек.
• Масштаб эффектісі бойынша - бұл нарық ауқымын кеңейту; бір өнімнің
өндірістік шығынын тұрақты түрде азайту немесе инновацияны үдетумен,
өндіріс ауқымын кеңейтумен шарттасылған масштаб экономиясын алу.
• Бәсекелестік эффектісі бойынша - отандық өндірушілер қарым-
қатынасындағы бәйгелестік бастаудың дамуын ынталандыру.
• Инвестицияны ұлғайту эффектісі бойынша мультипликациялық эффектілік
бере отырып өндірістің көлемін, таза ішкі өнім мөлшерін арттыру, бұдан
барып тұрғындардың әл-ауқаттылығы артады.
Көпсипаттағы ағынды ингеграциялық үдерістерді әртүрлі деңгейде,
мәселен, халықаралық, макро- мезо және микродеңгейлерде қарастыруға болады.
Экономикалық интеграцияның мұндай деңгейлерге бөліну көрінісі шартты
болып саналады және бұл есепке әртүрлі зерттеушілердің ұсынылған (мейлінше
тар немесе кең әдістемелер) өзіндік айтылулары бар. Зерттеу нәтижесі
бойынша оларға келесідегідей түрде толықтырулар енгізе отырып көрсетуге
болады (1-сурет). Алайда қанша деңгейге бөлінсе де олар белгілі себептермен
өзара тығыз байланыста, өзара сіңісу сипатын иеленеді, және әрбір төменгі
сатыда тұратындар жоғарғы сатының құрамына кіреді.
Интеграциялық үрдістердің халықаралық (мемлекетаралық) деңгейге
тасқынды таралуы жаңа кезендегі әлемдік экономиканың дамуының ерекшелік
сипаты болып табылады, сонымен бірге халықаралық экономикалық интеграция,
аймақтық экономикалық интеграция, макроэкономикалық интеграция деген
түсініктер қолданылады.
Соның ішінде біздің зерттеуіміздің нысаны болып отырған
макроэкономикалық интеграцияда елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының
нақты, саны белгілі нысандағы мақсаттарын мемлекетаралық деңгейде келісу
қарастырылады. Осы орайда қойылған мақсаттардың неғұрлым толық іске
асырылуын қамтамасыз ететін келісілген құрылымдық, ғылыми-техникалық,
инвестициялық, әлеуметтік және сыртқы экономикалық саясат қалыптастырылуы
тиіс.
Макроэкономикалық деңгейде ғаламдану мемлекеттер мен интеграциялық
бірігулердің өз шекараларынан тыс сауданы ырықтандыру, саудалық және
инвестициялық тосқауылдарды алу, еркін сауда аймағын құру есебінен
экономикалық белсенділікке ұмтылуларынан білінеді. Мезодеңгейде
интеграциялық үдерістер ішкі нарық деңгейінде болады, оған нәтижесі
әлемдік нарыққа шығу болып табылатын еңбек, қаржы мен валюта нарығында
болып жатқан үдерістер кіреді. Микроэкономикалық деңгейде ғаламдану
компаниялардың ішкі нарықтан тысқары іс-әрекеттерінің кеңеюінен байқалады.
Көптеген ірі трансұлттық корпорацияларға ғаламдану ауқымында әрекет жасауға
тура келеді: жоғарғы деңгейдегі тұтынуы бар кез-келген аудан олардың нарығы
болып келеді, олар шекара мен ұлтына байланыссыз, барлық жерде тұтынушылар
сұранысын қанағаттандыруға қабілетті болулары керек. Компаниялар сатып
алушыларды, технологияларды, шығындарды, жеткізілімді, стратегиялық
альянстар мен бәсекелестікті ғаламдану санатында ойлайды.
Интеграциялық үдерістің осы деңгейлері арасында қажетті бірлікті
қамтамасыз ету керек. Интеграцияны мемлекеттің ұлттық деңгейдегі және
мемлекетаралық институттар деңгейіндегі реттеуші рөлін түбегейлі көтерген
жағдайда ғана қамтамасыз етуге болады. Сонымен бірге мемлекеттік және
мемлекетаралық институттардың әзірленген макроэкономикалық интеграция
бағыттарының негізінде микродеңгейдегі интеграциялық үдерістердің
қарқындауын қамтамасыз ететін интеграциялық механизмдерді қалыптастыру
қажет. Барлық аталған деңгейлер ГАТТДСҰ, ЕО және өзге одаққа кіруші және
кіруге ұмтылатын мемлекеттер мүддесінің балансын сақтау үшін ғаламдану
мақсаты есебінде әлемдік нарық жағдайын анықтауы керек.
Жаңа кезеңдегі ғаламданудағы автоматантандыру, бұл – Интернет
мүмкіндіктерін пайдалана отырып интеграциялық үрдістердің жылдамдығын
арттыру, яғни Интернет арқылы сауда жасау, кез-келген келісу құжаттармен
алмасу және басқа шараларды іске асыру. Халықаралық ынтымақтастық және
интеграция елдің экономикалық прогресінде негізгі рөл атқарады, оның
себебінде халыққа қажетті тауарлар мен қызметтерді өңдіруге тиімді
жағдайлар қамтамасыз етіледі, соның арқасында ынтымақтастықтағы
серіктестермен айырбас түрінде жетіспеген тауарлар мен қызметтерді сатып
алу мүмкіндігі беріледі.
1-сурет. Интеграциялық үдерістер деңгейі мен олардың
өзара байланыстары
Ескерту: Автор құрастырған
Қазақстан өзінің ішкі саясатын халықаралық ынтымақтастықтың дамуымен
тығыз байланыстырылады. Осыған орай оған тек гуманитарлық көмек пен
жетіспеген қаржылық құралдарды тарту желісімен қатар басқа да
ынтымақтастықтарды бағдарлау керек. Қазақстан Республикасына барлық
ресурстар мен технологиялардың келесі қозғалысын тудыратын толыққанды
сыртқы байланыс кешені қажет. Дегенмен де, мұнда XXI ғасырда қандай
елдермен ынтымақтстықта болуымыз керек деген туралы сұрақ туады. Бұл үшін
интеграциялық үдерістер туралы әдебиеттердің дереккөздеріне сүйене отырып,
әлемдік кеңістікті әрқайсысы бірнеше ел тобынан тұратын 5 ынтымақтас
шеңберге бөлуге болады (2-сурет).
2-сурет. Ынтымақтастықтың құрылымы
Шеңбердің бірінші сегменті – бұл өнеркәсіпті –дамыған елдер. Мұнда
өнеркәсібі неғұрлым әлуеті қуатты экономикалық екі топ ерекшеленеді -
интеграциялық үдерістің негізгі кезеңдерінің барлығынан өткен Еуропалық
экономикалық кеңістік (Еуропалық одақтың 15 елі) және Солтүстік Америкалық
еркін сауда аймағы (негізгі мүшелері НАФТА, АҚШ, және Канада).
Шеңбердің екінші сегменті - бұны экономикасының серпінді дамуымен және
үлкен әлуетімен ерекшеленген, белсенді даму іс-әрекеті 90-шы жылдардың
екінші жартысында ерекше көрінген Азиялық-Тынық мұхиттық амақтарының елдері
мен Қытай (АТЭО, 21 ел) құрайды.
Шеңбердің үшінші сегменті – бұл Таяу Шығыс елдері. Бұл аймақ
энергоресурстар мен әлемдік экономикаға капитал тартудың дәстүрлі маңызды
ірі көзі ғана емес, сонымен қатар, бізге этномәдениет және дін жағынан
неғұрлым жақын болуымен ерекшеленетін елдер.
Шеңбердің төртінші сегменті – бұл Латын Америка және Африка елдері
құрайды. Бұл ынтымақтастық негізінде неғұрлым аз зерттелген бағыт, бірақ ол
тереңірек назар аударуды лайық етеді. Бұдан басымдықтардың айқын
иерархиясын анықтап, таңдап алынған бағыттың тізбектілігі мен халықаралық
ынтымақтастықтың тиімділігін қамтамсыз етуге болады.
Шеңбердің соңғы бесінші сегментің басымды рөл атқаратын Ресей мен
бұрынғы кеңес республикалары мен Орта Азиялық республикалар құрайды.
Бұл елдердің тобымен тығыз ынтымақтастықты дамыта отырып, біздің
мемлекет келесідей мақсаттарға ұмтылады: біріншіден, республика
экономикасына инвесторлардың кең тартылуы; екіншіден, біздің шаруашылық
объектілерді басқаруға тікелей қатысу жолымен елді реформалауды жүзеге
асыру үшін нақты салымдарды әкеледі; үшіншіден, бұл батыстың озат
технологиясының көмегімен әлемдік стандартты еңбекті ұйымдастыруды
қамтамасыз ету әрекеті; төртіншіден, бұл тек экономикалық салада ғана емес,
сонымен қатар, қоғамдық-саяси деңгейде де әлемдік қолдауға ие болу.
Басқа Орта Азиялық республикалармен қатар Қазақстан транзиттік
экономиканы білдіреді, осы орайда ол екі топты бір тұйықталған жүйеге
біріктіретін алшақ жүйеге айналып отыр. Басқарушы ықпал жасау үшін тек
кіріс ақпаратын (ауытқу) пайдаланылатын жүйені алшақ басқару жүйесі деп
атайды. Алшақ жүйе бойынша басқаруда жүйенің осы жағдайдан (оның
параметрлерінің) ауытқуына ықпал етуі мүмкін сыртқы ортаның белгілі мінез-
құлқына байланысты басқарушының ықпалды таңдауы қарастырылады. Осы басқару
реттелетін параметрге ортаның ауытқып ықпал етуін өтеу идеясына
негізделеді, яғни басқаруда жүйеге ықпал ету жөніндегі мәлімет
пайдаланылады. Мұндай жүйе қарапайым буын емес, күрделі құрылым түрінде
көрсетілуі керек (3-сурет).
3-сурет. Алшақ жүйе үлгісі
3-суретте бұл жүйелер блоктардың өзара байланысы берілген, мұндағы:
А және В елдердің топтарын шартты түрде көрсетеді; Р - өндірістік сала;
F – қаржылық сала; R – басқару жүйесі нарығы; Z – дағдарыс құбылыстарын
деңгейлестіруге валюталық активтер мен ресурстар; М –табиғи ресурстар
(мұнай, басқа да минералды ресуртар рудасы).
А мен В арасында экономикалық жүйе құрылған. Ол Р өндірістік
экономикалық блок түрінде R нарықпен қосылады, F кескін арқылы негізгі
капиталды түпнұсқа ретінде валютаға айналдыра кері өндіріске қайта
құйылатын, әрі транзитпен А-дан В-ға және керісінше өтетін жүйе.
Өндіріс үшін мұнай, басқа да минералдық ресурстар рудасынан құралатын М
деп аталатын қосымша сыйымдылық сипат алады. Ықтимал дағдарыстық ауытқуды
валюталық активтер мен ресурстары сияқты Z сыйымдылықтар тегістейді. Бүкіл
қор жүйесінің тұрақтылығы осы ресурстарға байланысты.
Сонымен бірге осы ресурстардың жаңғыртылмайтынын, сол себептен
экономикалық жүйе алшақ болатынын атап өту қажет және нәтижесінде
экономиканың дамуы үшін ресурстардың таусылу дәрежесін төмендету үшін А
және В салаларында қосымша көздер болуы тиіс. Мұндай жүйелер А және В
әлемдік жүйелерімен жасайтын байланысына, әрі олардың арасындағы сауда мен
транзитке тәуелді болатын байланысқа өте сезімтал келеді. Ал оның саяси
жүйесі елдердің қоршаған көп қырлы саясатына бейімделіп, осындай жеке елде
социалистік үлгіге ұқсас экономиканың дамуының нақты мүмкіндігін береді.
Қазіргі кезеңде экономиканың интеграциясы барлық елдердің басты үрдісіне
айналған транзиттік елдер мен мемлекеттерді, халықтар мен ұлттарды
біріктіретін негізге айналып отыр және ол халықаралық сауданы, ғылыми және
мәдени алмасуды дамытуда айтарлықтай рөл атқарады.
Ұлттық экономиканың негізгі құрамдастары – ұлттық шаруашылық,
экономикалық саясат дамушы елдерді, соның ішінде Қазақстан Республикасын
көтеретін маңызды фактор әрі жаңартатын тұтқаға айналды. Ұлттық
экономикалық мүдде объективтік және басымды фактор ретінде әлі де қойылым
сатысында және жеткілікті деңгейде ескерілмейді.
Ұлттық экономикалық мүдденің маңызы еш жерде және ешқашан жеке адамның
мүддесі ретінде қарастырылмайды деген пікір орынды айтылған. Ұлттық
экономикалық мүдде жеке адамның және жеке кәсіпкерліктің мүддесінің
экономиканың ілгері дамуы және оның белгіленген стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге жетуі жолындағы іс-қимылын біріктіріп, нығайтатын және
бағыттайтын негіз болып табылады. ЕурАзЭҚ пен ОАҚ-ң басқа елдерімен
салыстырғанда Қазақстан мен Ресейде экономикалық өсудің біршама
салыстырмалы серпіні, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың ойдағыдай
іске асырылуы осы елдердің интеграцияға біршама даяр екенін көрсетеді.
Егемендік алған жылдары әрбір ұлттық мемлекет дербес дамыды, орын алған
өзгерістер заңдарда нақты даму жағдайына орай бекітілді.
Қоғамдық пікірді білдірушілер бұрынғы кеңес кеңістігіндегі
интгерацияны бұртұтас үдеріс емес, айқын интеграциялық идеялармен
біріктірілмеген және анық бағыты жоқ әр түрлі бағыттағы көп үдеріс ретінде
түсінеді. Бұрынғы кеңес кеңістігіндегі мемлекеттердің ағымдағы кезеңдегі
интеграциялық күш-жігері ұйымдастырылмаған апатты сипатта, яғни
өндірістік емес, мәселенің шешімін табу жолын іздестіру сипатында болды деп
қорытындылауға болады. Барлық мемлекеттер үшін интеграцияның стратегиялық
маңызын мағлұмдаса да олар стратегиялықтан гөрі жағдаятты іс-әрекет
жасайды. Интеграциялық үдеріс құрылымында мынадай құрамдастарды жеке
бөлуге болады: саяси; әлеуметтік; өндірістік; экономикалық; қаржылық;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету; мәдени; ғылыми және білім беру.
Интеграциялық үдерістер жөніндегі деректеме көздерін және Беларустің,
Қазақстанның, Ресей мен Украинаның қоғамдық пікір көшбасшылары
сарапшыларының пікірін талдай келе әр түрлі параметрлерге мынадай:
интеграциялық үдерісті бағалау; интеграциялық үдерістің тиімділігін
бағалау; интеграциялық үдерістің айқындылығы мен жариялылығын бағалау;
бұрынғы кеңес мемлекеттерінің интеграциялық үдеріске қатысуын бағалау;
интеграциялық үдерісті ұйымдастыру нысандарын бағалау: көп тараптық немесе
екі тараптық тұрғыда баға беруге болады.
Сарапшылардың кейбірі көп тараптық қатынастардың орнына енді екі
тараптық қатынастар жасалады деп санайды, ал басқалары көп тараптық
келісімдер белгіленген кезеңде өзінің міндеттерін орындаса да, олар әлі
қолданылатын болады деп пайымдайды. Екі тараптық келісімдердің саны
көбейген сайын оларды ерте немесе кеш пе оңтайландырып, сәйкестендіру
қажет, осының нәтижесі көп тараптық келісімдерге дем берді және
қолданыстағы көп тараптық келісімдердің одан әрі дами беретін болады.
Қазақстанның ЕО, ТМД, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерімен
2003 жылғы және 2009 жылдың 1-тоқсан аралығындағы кезеңдегі ынтымақтастық
жасасуы мен сыртқы саудасын талдаудан өңірдің экономикалық дамуының сапасы
жақсарғаны байқалады. Сапаның жақсаруы ең алдымен ҒТР дәуірінде әлемдік
өндірістегі құрылымдық өзгерістермен байланысты.
Орын алған өзгерістерді жан-жақты сипаттау үшін ЕО, ТМД, Азия, Латын
Америкасы мен Африка елдерінің, сонымен бірге Қазақстан мен әрбір жұп ел
арасында берілген деңгейде осындай өзгерістер болғандықтан, олардың
арасындағы өзара тауар ағындарының қарқындылығын зерттеу қажет. Осы
көрсеткіштерге қызығушылық, сондай-ақ сауда қатынастарын аймақтың
біртұтастығын қалыптастыратын фактор ретінде қарастырылатын болғандықтан
қажет болады. Сапа өзгерістерін көрнекі түрде көрсету үшін осыған керекті
деректер Қазақстанның ТМД елдерімен және де басқа елдермен жасайтын
экспорттық-импорттық операцияларын төмендегі кестеде көрсетуге болады.
2-Кесте. Қазақстанның ТМД елдерімен және басқа елдермен жасайтын
экспорттық-импорттық операциялары (млн. доллар)
Жылдар 2003 2005 2007 2008
1 2 3 4 5 6
Жалпы экспорт Әлемдік 9220000 10159000 13950000 1607000
көлемі
Елдің жалпы Казахстан 12926,7 27849 47755,30 71183,60
экспорты
Елдің жалпы 3462000 4893000 5573230 6255730
импорты ЕО елдері
Экспорт 1980,5 10 999,4019 456,0030 554,40
Импорт 2061,3 4 287,80 8 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz