Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

кіріспе 3

1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы
1.1 Материалдық емес активтерді бағалау және тану 6
1.2 Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6
1.3 Материалдық емес активтерді түгендеу 14
14
2 Жанабет астана жшс-дегі материалдық емес активтер есебінің жағдайы
2.1 Жанабет Астана ЖШС-інің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы 16
2.2 Коммерциялық қызметпен байланысты материалды емес активтер
2.3 Материалдық емес активтердiң басқа да түрлерi
16
Қорытынды бөлім 25
Пайдаланылған әдебиеттер 28

32
34

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
2010 жылғы жолдауында “Экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің
қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап
көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары
жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып,
дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық
қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды
қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару,
құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге
қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне
жеткілікті шарт болуы мүмкін.
Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың
тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника
сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі құралдардың сапалық және табиғи
тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс
істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім
өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та
толық пайдаланылмайды 1.
Өндірісті дамытудың негізі – кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен
технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі
негізгі құралдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды
ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын
ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол
жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін
қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының
халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты
жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру,
сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз
ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы. Экономиканы
диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске
асыру үшін алдағы міндет – бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап,
экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған
ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс
деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек 8.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын
таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық
процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның
прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың
бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы:
нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен
қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру
қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық
ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және
тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет
көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); негізгі қорлар (өндірістік
ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат,
энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал
өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде
олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары
болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды,
яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және кәсіпорынның
байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның
техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және
жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика
экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру
тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және
технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік
топтар құруға кірісу керек, мұнсыз дүниежүзілік нарықта бізде болашақ жоқ.
Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық
талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін
қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және
тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру
қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің
меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-
жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі
өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге
жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет.
Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы
байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты – кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі
мен аудитінің жүргізілуін қарастырып, ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа
қарай зерттеу жұмысының келесідей міндеттері қойылып, шешілді:
- материалдық емес активтердің түсінігі, жіктелуі және бағалануы
нақты
көрсетілді;
- материалдық емес активтердің нормативті – құқықтық реттелуі
анықталды;
- материалдық емес активтердің пайдалану тиімділігіне талдау жасалды;
- материалдық емес активтердің ұйымдастырылуы көрсетілді;
- материалдық емес активтердің қозғалысы есебінің, амортизация
есебінің мәнін нақтылау және жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар
жасалды.
Жұмыстың зерттеу объектісі – Астана қаласында орналасқан Жанабет
Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Зерттеудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның 2011-2011 жылғы
қаржылық есептілігі, кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы
есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады.Негізгі құралдар
есебіне, аудитіне және пайдалану тиімділігін талдау мәселелеріне
Қазақстанның В.Л. Назарова, Қ.К. Кеулімжаев, А.Қ. Байдақов, А.С. Исмаилова,
Д.О. Абленов және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған,
олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып кәсіпорында негізгі
қорлардың есебі, талдауы сұрақтарын қамтитын нормативтік, заң актілері,
арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
Зерттеу жұмысының құрамы мен құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім,
қорытынды және қосымшадан құрылған.

1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы
1.1 Материалдық емес активтерді бағалау және тану

Материалдық емес активтер – бұл өндiрiсте ұзақ мерзiм бойына пайдалану
үшiн немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуға, әкiмшiлiк мақсатқа
және басқа субъектiге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәнi) жоқ
ақшалай емес активтер. Бұл активтердi анықтауға болады, олар субъектiнiң
күшiмен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық
олжа деп күтiледi.
Материалды емес активтердi анықтауға болады: егер де оларды жалға
берсе, сатса, айырбастаса: болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың
тiкелей қатысы (болады) болса. Материалдық емес активтердi субъект бақылай
алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкiндiгi ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тiкелей
байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса: болашақ экономикалық олжаны
өсiруде материалдық емес активтердiң ролi анықталса; субъектiнiң осы
активтi пайдалану қабiлеттiлiгi мен ниетi болса; бүгiнгi күнге пара-пар
қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектiге
болашақта күтiлетiн экономикалық олжалануға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер-нақты табиғи
нысаны жоқ, сезiлмейтiн құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердiң
де, материалдық емес активтердiң де құрамында кездесуi мүмкiн. Мысалға,
кәсiпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшiн, оны компьютерлiк
бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткенi онсыз құрал-жабдықтар қызмет
ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлiнбейтiн бөлiгi болып
саналады. Осыдан, компьютерлiк бағдарламамен қамтамасыз етудi ненiң
құрамында екенiн баяндап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткенi ол негiзгi
құралдың да, материалдық емес активтiң де құрамында есептелуi мүмкiн.
Кейбiр материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушiлердiң)
– дискетте, фильм лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазға
болады, бiрақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегiнде қосалқы элементтер
болып табылады және олар активтiң мәнiн анықтау үшiн негiз бола алмайды.
Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердiң де
есебiнде көптеген ұқсастықтар бар, бiрақ соңғының есебiнде теңестiру немесе
ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзiмiн бағалау (анықтау) сияқты
аспектiлер өте күрделi болып саналады.
Кейбiр материалдық емес активтер фирманың басқа да активтерiне жеке
теңестiрiлуi мүмкiн, мысалға, патент, сауда маркiсi сияқтылары, ал
басқалары болса жеке теңестiрiлмеуi мүмкiн, керiсiнше осындай материалдық
емес активтердiң құны басқа да фирманың активтерiмен тығыз байланыста
шығарылуы мүмкiн: бұндай материалдық емес активтiң қатарына гудвилл жатады,
ол клиенттердiң сенiмiне немесе қызметкерлердiң машықтық деңгейiне
негiзделедi. Мысал. Жоғары радиациондық (сәуле шашатын) зонада орналасқан
формацевтикалық “Бота” фирмасымен лицензиондық келiсiм жасасты делiк. Ол
радиациондық сәуленiң әсерiнен болатын ауруларды емдеу үшiн қажет.
Компанияның келешектегi экономикалық пайдасы (олжасы) жоғарыда
айтылған лицензиондық келiсiммен де тiкелей байланысты болады, егер де:
-сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары
болса, және онда жүргiзiлген әлеуметтiк мәселелерге, сондай-ақ өнiдiрiлетiн
препараттың келешекте үлкен экономикалық пайда әкелетiндiгiне толық сенiм
болса;
-препарат өндiру үшiн компания басшылығы келiсiмдi пайдалануға ниет
бiлдiрiп, ол оның бизнесс жоспарында көрiнiс тапса;
-кредиторлардың, жасалған келiсiм-шартқа сәйкес, қаржылық және басқа да
ресурстарды беруге ынтасы болса;
Субъект кей жағдайларда тиесiлi құжаттардың құнын рәсiмдемей-ақ осы
экономикалық олжамен басқа кәсiпорындардың шұғылдануына тыйым сала алады.
Егер де шығарылатын өнiмнiң технологиясы патенттелген болса, онда ол басқа
субъектiнiң айналысуына тыйым салады.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келiсiмдер, компьютерлiк
бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар
белгiлерi, фирма атаулары, тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстар және тағы
басқалар.
Бұл топқа “Ноу-Хау”, ЭЕМ-мен мәлiметтер базасын бағдарламалық
жабдықтау, интегралды микро-схемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары,
белгiлi бiр формуланы пайдалану технологиясы немесе өнiмнiң сыртқы бейнесi,
өнеркәсiптiк үлгiлерi, сервитуттар және тағы басқалары жатады. “Ноу-Хау”-
құжаттама өндiрiстiк озық тәжiрибесiн құжатталған түрiнде көрсетiлген нысан
және тағы басқалары түрiнде көрiнетiн техникалық бiлiмдерiн айқындау үшiн
халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында “Ноу-Хау” техникалық құжаттама түрiнде рәсiмделген,
бiрақ патенттелмеген, белгiлi бiр өндiрiстiң түрiн ұйымдастыруға қажеттi
өндiрiстiк тәжiрибесiнiң техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-
сырларын көрсететiн бiлiм жиынтығы. Лицензиялық келiсiм-шарттарда,
техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте “кiлтi қолма-қол”
тапсырылатын құрылыста және тағы басқа қызмет көрсетудiң сан-алуан
түрлерiнде кеңiнен қолданылады. Жаңалықтар патентi, тауар белгiлерi,
авторлық құқықтар мен патенттiк ақпараттар субъектiнiң меншiгi болып
табылады. Кәсiпорын “Ноу-Хаудың” құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен
табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтiң
анықтамасына жауап бере алады.
“Ноу-Хау” өзiнiң бағасы мен басты көрсеткiштерi құнды. Өзiнiң табиғаты
және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. “Ноу-Хау” сатып
алушылардан қосымша алынған есебiнен қалыптасады және ол оның иесiне
төленетiн сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрiнде күрсетiледi.
Субъект белгiлi бiр ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден “Ноу-
Хаудың” өзгешелiгi, ол әдетте субъектiнiң жарғылық капиталына құрылтайшының
қосқан материалдық үлесi ретiнде салынуы мүмкiн. “Ноу-Хаудың” субъект
балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келiсiм-
шарттарының көмегiмен анықталады.
Өндiрiстiк ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық
емес активтер қатарына белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде табыс әкелетiн,
ақыға сатып алынған өндiрiстiк ақпарат немесе субъектiнiң өнiмiн болашақ
кезеңдегi тұтынушылары туралы: шикiзатпен, материалдармен және қызметтермен
жабдықтау туралы, бәсекелестер және тағысын тағылар туралы мәлiметтер
жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бiрлескен немесе акционерлiк кәсiпорындарды
құру кезеңiнде пайдаланбаған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады.
Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып
есептелiнедi. Бұған кәсiпорын қызметiнiң бастапқы кезеңiндегi шығындар мен
кәсiпорынның әрбiр қатысушысының ұйымдастыру шығындары кiрмеуге тиiс.
Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшiлерге төленген ақы,
кәсiпорынды тiркеу, құжаттарды дайындау, банктерге шоттарды ашу т.б.
шығындары жатады.
ЭЕМ-бағдарламасымен жабдықтау-кәсiпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы
пайда әкелуге қабiлеттi бағдарламаларды пайдалануға қажеттi мәлiметтердi
талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесiнiң жиынтығы.
Материалдық емес активтер ретiнде болашақта экономикалық олжа
әкелетiн активтер ретiнде танылады (есепке тiркеледi). өз кезегiнде,
материалдық емес активтердiң құны, активтердiң белсендi нарығы бар кезде
ғана дұрыс анықталуы мүмкiн: кез келген уақытша мәмiле жасауға ынта
бiлдiрушi сатып алушымен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және
сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшiн қолайлы болады.
Бiршама материалдық емес активтердiң белсендi нарығы болмайды,
өйткенi олар өте сирек кездеседi, мысалға, тауар белгiлерi, басылым атауы,
кино мен музыкаға берiлген авторлық құқықары жәе бiр актив үшiн төленген
сомасы, осы тәрiздес басқа активтiң құнын өлшеу үшiн, негiз бола алмайды.
Сондықтан көптеген материалдық емес активтердiң құнын, әдетте, екi
жақтың келiсiмi бойынша анықтайды.
Материалдық емес активтер танылған кезеңiнен бастап бастапқы құны
бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердiң бастапқы құны олардың
алынған тәсiлiне байланысты болып келедi, сырттан түссе (сатып алынған
бағасы, ұйымдар бiрлестiгiнiң күшiмен, айырбастау арқылы немесе мемлекеттiк
субсидияның есебiнен) немесе шаруашылы жүргiзушi субъектiнiң өз күшiмен
жасалса.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде,
сол құны бойынша көрiнi табуы тиiс. Сатып алу құнына сатып алумен
байланысты барлық шығындар енгiзiледi, соның iшiнде сатып алынған бағасы,
тасымалдау шығыны және тағы басқалар.
Егер де материалдық емес активтер бартерiн (айырбас) негiзде алынса,
онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәрiздес материалдық емес
активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтiң бастапқы
құны несие есебiнен алынса, онда сол несие үшiн төленетiн пайыз бастапқы
құнына қосылмайды, ал ол кезеңдiк шығысқа жатқызылады. Егер материалдық
емес активтiң бастапқы құны мемлекеттiң есебiнен тегiн (немесе номиналды
атаулы, немесе мемлекеттiң субсидияның есебiнен) алынса, онда ол сату
немесе белсендi нарықтағы материалдық емес активтерiнiң тап осы түрiнiң
құны бойынша танылады.
Егер де үкiмет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттiлiгiн қамтамасыз
ету үшiн, мысалы, шегiрткеге қарсы күресетiн препаратқа “АВВА” кәсiпорынның
лицензиондық келiсiмiн тегiн алды делiк, бұндай жағдайда аталған
лицензиондық келiсiмнiң белсендi нарығы болмайды.
Материалдық емес активтердiң түсуi мен шығарылуы “Материалдық емес
активтердi қабылдау-беру актiсiмен” рәсiмделедi. Актiде материалдық емес
активтердiң түрi дәл аталады және кәсiпорынға берiлген күнi объектiнiң
сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажеттi
мәлiметтерi көрсетiледi.
Материалдық емес активтердi қабылдап алу жөiндегi актi әбiр объектiге
бiр данадан толтырылады. Бiрнеше бiртектес материалдық емес активтердiң
объектiсi, оларды пайдалану тәтiбi немесе кәiпорынның мүлiктiк құықтарын
растайтын құжаттармен қоса бухгалетрияға берiледi, оған бас бухгалтер қол
қояды және кәсiпорынның басшысы бекiтедi. Материалдық емес активтердi басқа
кәсiпорынға бергенде (сату, тегiн беру) акт екi дана етiп жасалынады:
берушi және алушы кәсiпорын үшiн.
Материалдық емес активтердiң нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу
2700 “Материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң шарттарында жүргiзiледi. Осы
шоттардың дебетi бойынша-материалдық емес активтердiң келiп түскен айдың
басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетiледi де, ал кредитi бойынша-
материалдық емес активтердiң есептен шығарылғандары көрсетiледi.
2700 “Материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң шоттарын талдамалық
есепке алу “Материалдық емес активтердiң мүлiктiк есеп карточкасында”
жүргiзiледi. Карточка кәсiпорынға түскен материалдық емес активтердiң
барлық түрлерiн есепке алу үшiн қолданылады. Материалдық емес активтердiң
әрбiр жеке объектiсiне бухгалтериядан мүлiктiк карточка ашылады. Карточка
“Материалдық емес активтердi алу-беру актiсiнiң”, техникалық және басқа
құжаттардың, кәсiпорынның материалдық емес активтердiң объектiсiн алғанын
растайтын құжаттардың негiзiнде толтырылады. Материалдық емес активтердi
басқа кәсiпорынға (ұйымға) берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгi
соғу үшiн негiзгi “Материалдық емес активтердi алу-беру актiсi” болып
табылады.
Материалдық емес активтердiң мүлiктiк карточкалары “Материалдық емес
активтердi есепке алудың тiзiмдемелерiнде” топтастырылады. Тiзiмдемелерде
материалдық емес активтердiң айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, бiр
айдағы қозғалысы көрсетiледi.

Материалдық емес активтердiң бастапқы құны субъектiнiң өз күшiмен де
жасалуы мүмкiн, ол кезде оның құны нақты тiкелей шығынымен де және үстеме
шығысымен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшiн, 2700 “Материалдық
емес активтер” шоттарының бөлiмшесiне, жеке “Материалдық емес активтердi
жасау шығындары” деп аталатын iшкi (субшоты) ашылуы мүмкiн. Осы аталған
субшотқа мынадай шығындар енедi:
-материалдық емес активтердi жасауға қтысқан еңбеккерлердiң еңбек ақысы;
-заң бойынша белгiленген еңбек ақыдан жасалынатын аударымдар;
-материалдық емес актитердi жасау кезiндегi тұтынатын материалдар мен
атқарылатын қызметтер;
несие үшiн төленетiн пайыздар (марапаттаулар);
-басқа да шығындар;
-үстеме шығындар.
Материалдық емес активтердi жасауға кеткен барлық шығындар өзiнiң
анықтамасы мен тұжырымдамасына сәйкес келген кезiнен бастап, 2700
“Материалдық емес активтердiң” бөлiмше шоттарының және “Материалдық емес
активтердi жасауға кеткен шығындары” субшотының дебетi бойынша есепке
алынады.
Ал сәйкес кезеңге дейiн орын алған барлық шығындарға 8021 шоты
дебеттелiп, 2700 “Материалдық емес активтерiнiң” бөлiмше шоттары және
“Материалдық емес активтерiн жасауға кеткен шығындар” субшоты кредиттеледi.
Субъектiнiң күшiмен жасалған материалдық емес активтердi өз арналымы
бойынша қолдануда қолданса, онда олардың дайындық кезеңнен бастап, жасалған
шығындары 2700 “Материалдық емес активтерiнiң” бөлiмше шоттарының,
“Материалдық емес активтерiн жасауға кеткен шығындар” субшотының кредитiнен
2700 “Материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң тиесiлi шоттарының дебетiне
шығарылады.
Материалдық емес активтердi жасау кезiнде оның құнын анықтауға мысал:
өсiмдiк қоспасынан әзiрленген дәрi-дәрмекке зерттеулердi формацевтiк зауыты
жүргiздi. 2008 жылы зауыт 300 мың теңге шығыс жасаған. Ал 2009 жылдың
басында сол көрсетiлген шығынның жұмсалғандығы дәлелдендi, сосын сол
аталған технологияны iске асыру үшiн 2009 жылы ақпанда 500 мың теңге, ал
наурызда 250 мың теңге жұмсалған.
Фармацевтiк зауытының 300 мың теңге шығарған шығыны, дайындалатын
препараттың технологиясының сәйкес келуiне дейiнгi шығысы 7210 шотының
дебетiнде және 3430, 3310, 1251 т.б. шоттарының кредитiнде есепке алынады.
Ал қалған шығыны (500+250=750) материалдық емес активтер ретiнде,
“Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыс” деп аталатын субшотының кредитiне және
“Басқа да” шотының дебетiнде есепке алынады.
Субъектiнiң өзi жасаған тауар белгiлерi материалдық емес актив
ретiнде танылмайды, өткенi олардыңнақты құнын анықтау мүмкiн бола бермейдi.
Компанияның жсаған жарнама шығындарының тауар белгiсiне анықтау мүмкiн
емес, бiрақ ол субъектiнiң атағын шығаруға қолайлы жағдай және нарықтық
жағдайында тауар қозғалысын арттырады. Сондықтан бұндай жарнамаға кеткен
шығындар есептiк кезеңнiң шығыстарына жатқызылады және материалдық емес
активтердiң алынатын құнына енгiзiлмейдi.
Демек, мына шығындар жұмсалғанымен материалдық емес активтерге
жатпайды, олар тек кезеңдiк шығыстар болып табылады:
-зерттеуге кеткен шығындар;
-өндiрiстiк немесе жаңа цехтардың ашылуына дейiнгi кеткен шығындар (егер
бұл шығындар негiзгi құралдың бастапқы құнына қосылмаса);
-кәсiпорын ашуға, заңды құжаттарын (жарлық, құрылтай келiсiм шарттарын,
мөрiн тампын т.б.) әзiрлеуге кеткен шығындар;
-жетiлдiруге, көшуге, қайта құруға кеткен шығындар;
-субъектiнiң жасаған: тауар белгiлерiне, фирма атауларына т.б. шығындар;
-белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн мемлекет берген лицензияға
кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзiмi бiр жылдан аспаса)
Алғашқыда, материалдық емес активтердi алу ретiнде танылған
шығыстары, бiршама уақыт өткеннен кейiн оның құнының бiр бөлiгi болып
саналмайды. Бiрақ бұндай шығыстарды нақты бiр материалдық емес активтерге
жатқызу қиын, әдетте, олардың экономикалық олжа әкелетiнiн анықтау оңай
емес. Материалдық емес активтердiң барлық түрлерiн алған кезде шоттардың
мынадай корреспонденциясы жасалады:

қатаШаруашылық операциялардың Сомасы, Шоттар корреспонденциясы
р № мазмұны теңге
Дебет Кредит
1. 2. 3. 4. 5.
Материалдық емес активтердi алу
1. Басқа заңды тұлғалардан
материалдық емес активтер
алынды: 100000 2730 3310,3440
-келiсiлген құнына; 16000
ҚҚС сомасына (16%)
2. Кәсiпорынның жарлық капиталына
құрылтайшылардың
(қатысушылардың) салған
материалдық емес активтерi
көрсетiлдi:
-келiсiлген құнына; 800000 2730 2140
3. Тегiн алынған материалдық емес
активтер кiрiстеледi:
-баланстың құны 60000 2730 2140
4. Кәсiпорынның барлық активiнен
асып түскен. Сатып алу құны
көрсетiлдi (көрiнiс тапты)
(“фирманың репутациялық 200000 2730 1040
iскерлiк бағасы”)
5. Активтердi дайындық жағдайын
қалпына келтiрумен байланысты
және арналымы бойынша пайдалану
шығыстары, материалдық емес 40000 2730 3310,3440
активтердiң құнына қосылды.
Материалдық емес активтердi
жасау
6. Материалдық емес активтердi 2700
жасауға кеткен шығындар “материалдық
жинақталып және оларға шолу емес активтер”
жасалды: бөлiмшесiнiң
-материалдық емес активтердi шоттары,
жасауға қатысқан еңбеккерлердiң “материалдық
еңбек ақысы бойынша шығыстар. 50000 емес активтердi3350
жасауға кеткен
шығындары”
-еңбек ақыдан аударылған 9450 2700 3140 “әлеуметтiк
шығыстар ((500000-5000) (10% “материалдық салық” субшоты
зейнеткерлiк аударымдар)Х 21%) емес активтер”
есептелген әлеуметтiк салық бөлiмшесiнiң
шоттары,
“материалдық
емес активтердi
жасауға кеткен
шығындары”
-материалдық емес активтердi 15000 2700
жасауға берiлген несие үшiн “материалдық
төленетiн пайыздар немесе емес активтер”
марапттаулар жасау мерзiмi бөлiмшесiнiң
ұзаққа созылған жағдайда шоттары,
“материалдық
емес активтердi
жасауға кеткен
шығындары”
Материалдық емес активтердi 8000 2700 1315
жасау кезiнде алынған “материалдық
материалдар емес активтер”
бөлiмшесiнiң
шоттары,
“материалдық
емес активтердi
жасауға кеткен
шығындары”
Шығын жиыны 107450
7. Субъектiнiң өзi жасаған 107450 2730 2700
материалдық емес активтерiнiң “материалдық емес
құны кiрiстеледi, 107450 теңге активтер”
(50000+9450+15000+8000) бөлiмшесiнiң
шоттары,
“материалдық емес
активтердi
жасауға кеткен
шығындары”

1.2 Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу

Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтiң
әрекет ететiн мерзiм бойына жүйелi түрде есептен шығарылып отырылуы тиiс.
Материалдық емес активтердiң есебiнде экономикалық қызмет ету мерзiмiн
белгiлеу жеткiлiктi түрде күрделi болып саналады және материалдқы емес
активтердiң амортизациялық кезеңiн анықтау барысында келесi факторларды
ескерген жөн.
-заңды, реттеушi, келiсiмдi жағдайларын ескерiп, олардың максималды
қызмет ету мерзiмiмен шектелуi мүмкiн;
-жаңарту немесе ұзарту жағдайлары келсе, онда оның топшыланған
қызмет ету мерзiмi өзгеруi мүмкiн;
-тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлары оның қызмет ету
мерзiмiн қысқартуы мүмкiн;
-келешектегi бәсекелестiктердiң және басқа да субъектiлердiң әрекетi
(iс-қимылы) материалдық емес активтердiң бүгiнгi белсендiлiк қабiлеттiлiгiн
шектеуi мүмкiн;
-материалдық емес активтердiң кейбiр түрлерiнiң қызмет ету мерзiмi
сол активтердiң құрамдас бөлшектерi болуы мүмкiн.
Материалдық емес активтердiң пайдасын қызмет ету мерзiмiн субъектiнiң
өзi дербес белгiлей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса
(патент, авторлық құқық) немесе келiсiм-шартпен (лицензиондық келiсiм).
Материалдық емес активтердiң мерзiмiн дәл анықтау мүмкiн болмаған жағдайда,
оның пайдалы пайдалану мерзiмiн 10-жыл деңгейiнде белгiлейдi, бiрақ ол
шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызмет ету мерзiмiнен аспауы керек.
Материалдық емес активтердi есептеу үшiн әртүрлi әдiстер
пайдаланылады: бiрқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және
кумулятивтiк. Әдiстi таңдау активте күтiлетiн экономикалық олжаның тұтыну
моделiне байланысты болып келедi.
Материалдық емес активтердiң арналымы бойынша пайдалануға дайындық
кезеңiнен бастап амортизациясын есептейдi.

1.3 Материалдық емес активтердi түгендеу

Материалдық емес активтердi мүлiктiк түгендеу. Материалдық емес
активтердi мүлiктiк түгендеу кезiнде кәсiпорынның меншiк құқығы бар
материалдық емес активтердiң нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс
және уақытында көрсетiлуiн, материалдық емес активтердiң тозуын есептеудiң
дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерiн тексередi. Негiзгi
құжаттарда материалдық емес активтер объектiлерiнiң егжей-тегжейлi
сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзiмi,
амортизациялау нормасы, пайдаланатын объектiнiң құрылымы және басқа
мәлiметтерi көрсетiледi. Материалдық емес активтердi мүлiктiк түгендеу
барысында объектiнiң нақты барын және кәсiпорынның оны пайдалану құқығын
растайтын құжаттары да тексерiледi. Бұл құжаттарға материалдық емес
активтердiң объектiсi немесе оны пайдалану тәртiбiн сипаттайтын және
кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалдық
активтердi сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртiбiн белгiлейтiн,
сондай-ақ кәсiпорынның мүлiктiк құқын қуаттайтын құжаттар жатады. Есеп
беруде материалдық емес активтердiң мәнiн ашу.Шаруашылық жүргiзушi
субъектiнiң қаржылық есеп беруiнде материалдық емес активтерiнiң есебi үшiн
қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: амортизацияны есептеу
үшiн пайдаланатын тәсiлi; пайдалы қызмет ету мерзiмi немесе пайдаланатын
амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептiк кезеңнiң басы мен
аяғына жинақталған амортизациясының сомасы; кәсiпорынның өзi жасаған.
Материалдық емес активтердiң баланстық құны және тағы басқалар
көрсетiледi.
Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық емес активтердiң түрi,
баланстық құны, материалдық емес активтердiң амортизацияланбай қалған
кезеңi; иелiк ету құқығы шектелген материалдық емес активтердiң құны
мiндеттемесi бойынша кепiлдiк ретiнде берiлген активтердiң жалпы баланстық
құны, материалдық емес активтер бойынша алынған мiндеттемелердiң сомасы да
ашып көрсетiледi.
Қаржылық есеп беруде есептiк кезеңдегi шығысы деп танылған шығындар
сомасы да ашылуы тиiс: бағдарламалық жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары;
компанияның жарнама шығындары; субъектiнi құру кезеңдегi жұмсалған
шығындар; материалдық емес активтердi ашумен, күшейтумен, жинақтаумен,
қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі
«1С Кәсіпорын» жүйесінде материалдық емес активтер есебін жүргізу
Материалдық емес активтердің бағалануы
Материалдық емес активтер туралы ақпарат
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі
Материалдық емес активтердің амортизациясы
Материалдық емес активтер туралы түсінік
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
Материалдық емес активтер есебі жайлы
Есеп саясаты және сапалық сипаттамасы
Пәндер