Шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың артықшылық берулері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Қазақстанда қАлыптасқан кәсіпкерліктің жағдайын және дамуын талдау
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
1.2 Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу мен даму проблемалары
1.3 Бизнес-инкубаторлар және технопарктар – шағын кәсіпкерлікті
қолдаушы инфрақұрлымдық ұйымдар
2 ҚР – дағы кәсіпкерліктің ҚАРЖЫЛЫҚ ДАМУЫ
2.1 ҚР – дағы кәсіпкерліктің жағдайы
2.2 Сұлтан ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)
2.3 Сұлтан ЖСШ мысалындағы дағдарысқа қарсы қаржыны басқару
3 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін
дамытудың нарықтық механизмдері
3.1 Франчайзингтің қалыптасуы және даму мүмкіндіктері
3.2 Оффшорлық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі
шарты
ҚОрытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы
бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды -
шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің
дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жағымды сыртқы экономикалық конъюктура
ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине
ең алдымен минералды - шикізаттық,ғылыми-техникалық және адами ресурстарды
толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар
құрайды.
Экономиканы жедел түрлендірудің шектеуші факторлары мыналар: өндіргіш
күштердің деиндустриализацясы, қазіргі өндірістерді дамытудағы экономиканың
шикізаттық бағытталу болып табылады. Соңғы жылдардан экономикалық
көрсеткіштер Қазақстанның технологиялық артта қалушылығын байқатуда,
стратегиялық маңызы бар ғылыми - зерттеу және тәжірибелік-меншік елдің
ұлттық байлығы ретінде тиімді қолданылмай жатыр. Мұндай жағдайға әрі қарай
келісуге болмайды. Қазақстанның егемендік алумен байланысты отандық
ғылымның миссиясы да өзгергеді.
Әлемдік экономиканың жаһандауы және қазақстандық экономиканың ашық
жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелегі тауарлар мен
капитал нарықтарындағы бәсекелік күрнске дайын еместігі анық байқалады.
Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің
тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрлымдылық жағынан қайта құрылуы,
отандық экономиканың ұдайы өндіріс үрдісін қайта құрумен оның бәсеке
қабілеттілігін арттыру үлкен маңызға ие.
Қазақстанның 2008 - 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық
даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық
индустрияға аса зор еөңіл ьөліп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі
технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік
экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің
негізгі қозғаушы күші жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз
етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өнд ріс технолониясынан
бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар
қолданылады және сол арқылы көрігіс табады, яғни технология ғылыми –
техникалық прогрестің қозғаушы күші болып табылады.
Курстық жұмысымның мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық
дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары
арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Курстық жұмысының міндеттері:
1. Кәсіпкерліктің экономикалық жүйедегі қаржылық дамытудың варианттарын
зерттеу арқылы ролін қарастыру;
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен
проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы
ҚР –дағы кәсіпкерлік субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Курстық жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық
маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл курстық жұмысымда
тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі
таңдағы кәсіпкерліктің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу
жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды
ұсынумен анықталады.
Сонымен бірге 2.2. сұрағындағы Сұлтан серіктестігінің қаржылық –
экономикалық жағдайын талдауды несиелік ресурстарды тартуға қолданудың
мүмкіндігі де осы курстық жұмысының тәжірибелік маңыздылығын анықтайды.
1. Қазақстанда қалыптасқан кәсіпкерліктің жағдайын және қаржылық дамуын
талдау
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Кәсіпкерлік туралы теориалық тұжырымда алғашқы рет 1725 – 1730 жылдары
Ричард Кантиллионның (Richard Cantillion) еңбектерінде баяндалады. Кейінгі
250 жыл шегіде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің
еңбектерінде дамытылды, олар бірте – бірте кәсіпкерлік – бұл адамның
тәуекел мен жаңашылдыққа деген бейімділігі ғана емес, сонымен қатар, жаңа
кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқы кәсіпкерлік термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз
мойнына алғанмен байланыстырады. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион
кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырады, сонымен қатар ол
капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, қорларын қолданушылар деп
қарастырып, ажыратып отырады (1-кесте). Ол кәсіпкерді өзіне - өзі жұмыс
орнын жасайтын адам ретінде қарастырады. Адамды белгілі бір төлемақы,
сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру
жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның
пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда
жұмыс істеулері.
Кейінрек ХҮШ – ғасырдың екінші жартысында Квисней (Quesney) сияқты
физиократтар кәсіпкерлік тұжрымдамасын кеңейте түсті. Олар Кантиллион
сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп саналады, бірақ ілгері жылжи
отырып, бұл анықтамағы өндіріс үрдісін енгізді, демек сонымен бірге
кәсіпкерлердің пайда табу үшін белгілі экономикалық қорларға ие болу
қажеттілігі де енгізлді. Олардың түсінігінше, кәсіпкер өнім өндірісін
ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізі және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі
қажет.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде(Nikolas Baudean,
1767) өндірушілер мен фермерлер топтарын гүлденуі, олардың жаңалықтарға,
яғни жаңартушылыққа және менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп
саналады.Н.Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның
маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырады. Ол кәсіпкер мен
меншіктеушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктеушілер
кәсіпкерді металмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы
құралдардың шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдаланып
отыр, тәуекелге барады.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай –
ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде
сипаттады.
1-Кесте Кәсіпкерлік терминіне деген әр түрлі көзқарастардың
эволюциясы.
Ғалымның фамилиасы, аты, Теорияда зертелген негізгі ережелер
жарияланған жылы
Ричард Кантиллион Кәсіпкер - өзіне - өзі жұмыс орнын жасайтынм
(Richard Cantillion) адам
(1725) К әсіпкер тұрлаусыздық және тәуелдік жағдайда
жұмыс істейді.
Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс - әрекет
Николас Бауде (Nikolas жасау керек.
Baudean) Кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері.
(1767) Меншектеуші мен кәсіпкер арасында
айырмашылықтар бар.
Кәсіпкерлерді қолдап және арнайы оқытып отыру
қажет.
Жан Батист Сэй Кәсіпкер еңбек - еңбек, жер, капитал сияқты
(Jean Baptist Say) (1810 негізгі өндіріс факторы.
) Кәсіпкер – белгілі бір моральдық және кәсіби
қасиеттерге ие болулары қажет.
Кәсіпкер тұрлаусыздық жағдайда жұмыс істейдг
және әрдайым кәсіпорынныңалдында тұрған
қиыншылдықтарды жеңіп отыруға мәбүр.
Кәсіпкер шешім қабылдауда 4 сатыны қолдауы
Карл Менджер(Carl қажет: мәлімет жинау, экономикалық есеп, тауар
Menger)(1871) таңдау және өндіріс жоспарының орындалуын
басқару.
Кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде
Альфред Маршалл айырмашылықтар бар, демек оларға әр түрлі
(Alfred Marshal) (1890) талап қойылады.
Джозеф Шумпетер (1910) Кәсіпкердің міндеті – капмтал, еңбекті іске
қосу, жоспар құру және оның орындалуын
ұйымдастыру.
Кәсіпкерләктің мәні өндіріс күштерін жаңадан
ұйымдастыру.
Кәсіпкерліктің қызмет інің бағыттары:
жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
жаңа өндіріс әдістер;
жаңа өткізу нарықтару;
жаңа жабдықтау көздері ;
жаңа ұйым түрлері;
Франк Найт (Frank Knight)Кәсіпкер-әлеуметтік-экономи калық
(1921) жаңартпашы.Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа
түрін жасайды- кәсіпкерлік табыс.
1-Кесте жалғасы.
1 2
Кәсіпкер бір мезгілде меншіктеуші де болуы
керек.
Кәсіпкердің негізгі мінднттері- ұйымдастыру
және бақылау.
Давид Макклеланд (David Кәсіпкер өз көзқарасын қорғау білу және
Mc.Clelland) (1967) қиыншылықтарды жеңе білу қажет.
Кәсіпкер болашақ нәтижелерді болжай алу,
тәуекел ете алу және жігерлік сияқты
қасиеттерге ие болу керек.
Бірінші рет пайда табуға мүмкіндік
категориясын енгізеді.
Питер Друкер (Peter F. Кәсіпкердің міндеті- ресурстарды тиімділігі
Druker) (1964) төмен саладан ,тиімділігі жоғары салаға
Харви Либеистейн (Harvey ауыстыру.
Leibenstein) (1978) Кәсіпкер әр түрлі нарықтық жағдайларда жұмыс
істеу білу қажет: тұрақты нарық жағдайында,
сондай-ақ жаңа,белгісіз нарық жағдайында.
Ол сондай - ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті
ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін
көрсетті, әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай
адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырады. Сонымен қатар, ол сол кезде –
ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын
көрсетті. Көріп отырғанымыздай, ХVIII ғасырдың ортасында Бауда біздің
уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің Халық байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме
айтылмайды.
Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтереді, ол
индустриалық төңкеріспен қатар, кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете
қалатынын айтты. Сэйдінің айтуынша, Өндіріс шеберлері келесі қасиеттер
мен дарындарға ие болуы қажет екендігін баса көрсетті.
• Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
• Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара
білу;
• Өз бойына әділеттілік, бизністі жете білушілік пен табандылық
сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру;
• Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру
әдістері мен болжамды сұранысты жеткілікті дәрежеде нақты бағалай
білу жағдайында болу.
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпарацияларға жол ашық,
ал шағын кәсіпкерлік құрлымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікір бар.
Басты дәлел – шағын фирмалардың жақсы жетілген компаниялармен бәсекелесе
алмауы. Шын мәнінде, шағын бизныс бірнеше себептерге байланысты ірілермен
бәсекелесе алады. Мысалға, ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін, орта
есеппенен, алты жыл қажет етежді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және
одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай аз
жарты жылдан 1 жылға дейін мезгілді құрайды. Одани әрі, технологиялық
жаңалықтар – бұл дәстүрлі түрде үлкен бизныс саласы деп саналатын, бірақ
стратегияға қарасақ, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түбегейлі
технологиялық жааңашылдықтарджың 95% шағын бизныс саласына келуде. Басқа
қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын
фирмалар 24 есе көп жаңалықтар мен ашылымдар жасауда.
1.2 Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен қаржылық даму
проблемалары
Нарық қатнастарға өту кезеңінде экономикалық реформаны сәтті жүзеге
асыру кәсіпкерлікті жан–жақты дамытуды ұйғарады және ол Қазақстанның 2030–
Стртегиясынан шағын әлеуметтік–экономикалық мәселерді шешуде басты рөлі
ойнайды.
Кәсіпкерлік – ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып,
тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизністің
әрі алуан түрлері мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің
икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне
байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарықтық экономиканың
икемді және нәтижелі секторына, сонымен қатар маңызды құрлымдық және
бәсекелестік нарықтық механизімнің маңызды интеграциялық элементне жатады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде ұсақ және орта сериялы
өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметтермен толтыр, жергілікті
шикізат ресустар мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамныңорта
сыныбын қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек
салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселері тез арада шешімін табады.
Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің
қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның
маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Кәсіпкерлік
қызметпен айналасатын құрлымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру
және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету
елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан
туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады. Сондықтан дамыған нарықтық
экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын, орта және ірі
бизныс сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орнына арта түсуде. Мұны
бизныстегі жеке сектордың кеңеюі де растайды, бұл елдерде ел экономикасының
анағұрлым үлкен секторын алып жатыр және оның үлесіне жалпы ішкі өнім мен
экономикалық белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі келеді. Мысалы,
дамыған елдердің экономсикасында шағын және орта деңгейдегі
шаруашылықтардың үлесі 90%-дан асады.Осы шаруашылықтар жалпы ішкі өнімнің
50%-ын өндіріп, барлық жұмысшылардың 80%-ын жұмыспен қамтып, жыл сайын
еңбек нарығында ққалыптасқан барлық жаңа жұмыс орындарын 75% - ын
қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында да тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру
және нарықты отандық тауарлар мен қызметтерге молықтыру мақсатында
кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәжірибесіндегі техникалық - өндірістік
және әлеуметтік– экономикалық әлеуетін толығырақ пайдалану үшін оның пайда
болуы мен қаржылық дамуына үлкен мән берілуде. Елде оның тәуелсіз дами
бастаған әр алуан түрлері мен түрлерінің Қазақстанның қайта қалыптасушы
экономикасының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасу үрдісін қамтамасыз ету
және нарықтық қатнастарға өту жағдайларында әлеуметтік– экономикалық қайта
құрылуларды жүзеге асыруда олардың рөлін жоғарлату үшін 20-дан астам заң
және нориативтік актілер қабылданады. Сонымен бірге инфляция деңгейін
төмендету, меншікті мемлекет иелігінен жалпы нарықтық жұмыс істеуіндегі
бесекелестік режимді күшейту бойынша жалпы экономикалық шаралар
дайындалады, олар іс жүзінде жүзеге асырлу кезінде кәсіпкерліктің пайда
болуы мен жер–жерлерге таралуына және қаржылық дамуын ынталандыруға қолайлы
мүмкіндіктер туғызды.
Дегенмен кәсіпкерліктің құрлымы заң–құқықтық, негізіне, ресми
құжаттардан тұрады, олар шағын бизныстің мәртебесі мен критерийлерін
анықтай отырып, оған заңды шаруашылық формасын береді және сәтті жұмыс
істеуіне көмек пен қолдау көтсету бойынша бірқатар шараларды ұйғарады. 1997
ж.маусым йында қабылданған Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Заңында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болуы шарттары мен олардың
шаруашылықтарының көлемі, сондай–ақ, олардың құрылтайшылары туралы ереже
анықталған. Бұл заң шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ойын және шоу–бизныс
басқа кез–келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Заңда көрсетілгендей заңды тұлға ретінде құрылмаған жеке тұлға да,
сондай–ақ, жұмысшыларының орташа саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің
жалпы құны жылына орташа есеппен 1000–ға теңм бір айлық есеп айрысу
көрсеткішінен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналасушы заңды тұлға да
шағын кәсіпкерлік субъектісі бола алады. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің құрылтайшысына жататын бір заңды тұлғаның жарғылық
капиталға салған салымы оның жалпы сомасының 25%- дан аспауы керек. Егер
бұл шек бұзылатын болса , онда заңды тұлға жеңілдіктерден айырылады. Заңды
құқықтық шарттармен қатар, шағын кесіпкерлікті дамыту үшін оның
субъектілеріне арналған әділетсіз бесекелестік пен бақылаушы органдарының
негізсіз араласуына қорғайтын бірқатар кепілдемелер де ұйғарылған.
3. Бизнес-инкубаторлар және технопарктар-шағын кәсіпкерлікті қолдаушы
инфрақұрлымдық ұйымдар
Бизнес- инкубатр сөзі біздің тұрмысымызға business, incubator
деген ағылшының екі сөзінең келген.Бізде инкубатор түсінігі дәстүрлі түрде
құс өсіру және жылы түрде балапан өсірумен байланыстырады. Жаңадан бастаушы
кәсіпорындармен үйлестірсек, бұл сөз жаңадан құрылушы кәсіпорындардың
тәжірибе алатын және одан әрі өсіру мен нарықтағы өз ұстанымдардын
нығайтуға көмек алатын орын сипаттайды.
Қаржылық дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, әдетте үш жылдан
соң, фирма бизнес- инкубатордан шығады және дербес өмір сүре бастайды. Бұл
кезде оның қолда бар айтарлықтай тәжіриебесі мен әлеуетті бірінші кезенде
өте жие орын алатын банкротқа ұшыраудан құтылуға ғана емес, сонымен бірге
әрі қарай дамуына да мүмкіндік береді. Ал оның босаған орныны бизнысты
нөлден бастайтын жаңа фирмалар келеді.
Бизнес- инкубатордың әр түрлі мағынасы бар. Біреулер бизнес-
инкубаторбың шағын кәсіпорындарға төмен бағаға жалға беретін ғимырат деп
есептеуді ұсынды. Басқалар оны шағын бизнесті дамыту мен кәсіпкерлікті
белсендетуді негізгі мақсат етіп ұсынатын құрал ретінде қарастырылады.
Біздің ойымызша, бизнес- инкубаторды ғимыраттың жай ғана бірлесе пайдалануы
деп түсінуі теріс болады. Ол кәсіпкерлерге тек алғашқы жылдары кездесетін
қиындықтарды жеңуге ғана емес, сондай- ақ кәсіпорынның әрі қарай сәтті
жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін менеджмент пен қаржы саласында жақсы
тәртіпке келтірілген қолдауларды көрсетеді.
Бизнес- инкубатор сөзі кәсіпорын құрудың икемді әдістер жүйесі
деген мағына білдіреді. Бизнес- инкубаторлар тек АҚШ-та ғана емес, сондай-
ақ Франция, Германия, Швеция, Англия, Жапония, Қытай сияқты елдерде де
кеңінен тараған. Әр түрлі елдерде бизнес- инкубаторлар инновациялық
орталық, технология және бизнес орталығы деп әр түрлі аталады.
АҚШ-тағы бизнес- инкубаторлар саны соңғы жылдаы тендесі жоқ
қарқымен көбейді: 1980 жылы 10-ан 1994 жылы 500-ге дейін, әр аптада бір
бизнес- инкубатор пайда болды.Ұттық бизнес-инкубаторлардың арқасында 82005-
ға жуық жұмыс орындары құрылған, яғни бір бизнес- инкубаторға орташа 140-қа
дейін жұмыс орны келеді екен. Бизнес- инкубаторлардың арқасында банкротқа
ұшырайтын кәсіпорындар саны азайту мүмкіндігі пайда болады. АҚШ-тың
Адвокаттық Кеңесінің мәліметтері бойынша алғанқы 4-6 жылда 55 %–дан 65% -қа
дейін кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды екен. Бұл көрсеткіш барлық әр түрлі
бизнес-инкубаторларда 20%-қа дейін төмендетіледі.
Бизнес-инкубаторлар – кәсіпкерлерді қажетті кеңес берулермен және
қолдау көрсетулермен қамтамасыз ететін бизнеске көмек көрсету бағдарламасы.
Әдетте бизнес-инкубаторлар арнайы жерлерде орналасды және оларға бірнеше
жаңадан бастаушы фирмалар орналастырылады. Олар құрал-жабдықтарды тек
бірлесе пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге бизнестің әр түрлі бағыттары
бойынша, кеңес беруді қоса алғанда бизнес-инкубатор тарапынан көрсетілген
барлық қызметтерді тең дәрежеде пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Кейбір
қызмет көрсетулердің құны жалға беру құнына қосылған; көрсетілетін
қызметтің басқа түрлерінің бағасы айтарлықтай төмен. Бизнес-инкубаторлар
келесі қызмет түрлерін көрсетеді: қаржылай көмек көрсету бойынша кеңестер
беру; менедментке көмек көрсету; жалпы сипаттағы көмек көрсетулер;
жеңілдетілген бағада жай және құррал-жабдықпен қамтамасыз ету.
Бизнес-инкубатордың негізгі қорларына мыналар жатады:
- бизнес-инкубатор қызметкерлері, оның ішінде кеңес берумен
қамтамасыз ететін қызметкерлер;
- құрал-жабдықтар, оның ішінде оргтехника(көшіуші машиналар,
факсималды аппараттар, компьютерлер және т.б.);
- бір ай мерзімге жалға берілетін жиһаздар. Қажет болған жағдайда
жалға беру шарты ұзартылады.
Бизнес-инкубаторлардың тиімді жұмыс істеу келесі адамдар тобының
қызметіне тәуелді: демеушілер, кеңес берушілер, басқару аппараты, басшы,
бизнес-инкубатор қызметкерлері және бизнес-инкубатордың тұтынушы
кәсіпорындар.
Демеушілер – бұл дербес бизнес ретінде бизнес-инкубаторына сатылған
барлық салымдарды 13 дейін құрайды. Кейбір ұйымдар немесе университеттер
қаржы салмастан бизнес-инкубаторын дамытуға қорлар тарту мақсатында
басқаларға әсер ете алады. Ондай жағдайларда бұл ұйымдар да демеушіге
жатады.
Кеңес берушілер- оларға әр түрлі бағыттарадағы сараптаушылар жатады,
соның ішінде тегін және төмен бағада кеңес берулермен қамтамасыз ететін
ғалер, банкирлер, технологтар және т.б.

Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі
өнімнің 50% - дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және
оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 30% -
дан аспайды. Мәселен, 2006 жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі кәсіпкерлік
субъектілерінің жалпы іші өнімдегі үлесі 17% болды, ал 2008 жылы бұл
пайыздық қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер осы
сектордың ұлттық экономикасындағы елеулі еместігін көрсетеді. 1.,2...
Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында
байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90% - ға жетеді.
Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың бәсекелестік
еместік қабілетімен байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың
қандай екенін көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы бес жылдағы қарқынды өсуі өзінің
бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан
және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың
нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының
түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде
инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген
тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда.
Статистика бойынша ҚР – сы агенттігінің мағлұматтары бойынша 2009
жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде шағын бизнестің 130779
субъектілері тіркелген. Олардың 71,5% әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы
осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2009 жылдың 1 қаңтарында белсенді кіші
кәсіпорындарының 42,2% саудаға, автомобильдерді жөндеуге және үй
шаруашылығы қолдамындағы өнімдерді өндіруге мамандырылған. Ал өнеркәсіптік
бағыттағы әрекет ететін белсенді шағын кәсіпорындардың үлесі 12,5% , ал осы
кәсіпорындардың 90,2% өңдеу бойынша өнеркәсіптік қызметті жүзеге асырады
3..
Жоғарыда келтіріліп кеткен статистикалық мәлеметтерден көріп
отырғанымыздай шағын бизнес субъектілері көбінесе сауда мен сервис
саласында әрекет етеді. Ол көбінесе шағын кәсіпорында ашушылардың бастапқы
қапиталдарының аздығымен байланысты. Сондай – ақ, өнеркәсіптік қызметті
жүзеге асыратын кіші бизнес субъектілерінің аз үлесі мемлекеттік реттеудің
жетілмегендігімен және құрал – жабдықтармен технологияларды импорттауға
кедендік төлемдердің ауыртпалығымен түсіндіріледі.
Одан ары біз Қазақстанда әрекет ететін шағын кәсіпорындардың салалар
бойынша ұсынысының құрылымын қарастырамыз. Олардың ұсыныстарының салалар
бойынша құрылымы келесі (№2 кесте) кестеде берілген 1.
№2 кесте. Салалар бойынша кіші бизнес субъектілерінің ұсыныс құрылымы.
(01.01.05)
Қызмет ету сферасы Үлесі, % Орташа құны
Сауда 28,9 94300
Аптекалар, формакология 2,5 90100
Ойын - сауық индустриясы 4,2 527500
Қоғамдық тағамдану 11,3 240800
Өндіріс 23,1 418300
Ауыл шаруашылығы 10,0 222100
Сервис сферасы 19,5 428050
Барлығы 100 288736
Келесі статистикалық мәліметтерде біз шағын бизнестің сфералары
бойынша инвесторлардың артықшылықтарын беруді қарастырамыз. Олар келесі
кестеде (№2кесте) берілген:
(№2 кесте.) Шағын бизнестің сфералары бойынша инвесторлардың
артықшылық берулері. (2010ж. 1 қаңтар)
Қызмет ету сферасы Үлесі, %
Сауда 17,6
Аптекалар, формакология 8,8
Ойын – сауық индустриясы 5,9
Қоғамдық тағамдандыру 17,6
Өндіріс 29,4
Ауыл шаруашылығы 10,0
Сервис сферасы 20,6
Барлығы 100
Көріп отырғанымыздай кіші бизнес субъектілерінің ұсынысындағы сауданың
алатын сапалық үлесі ең жоғары болып тұр. Екінші орында өндіріс секторы –
23,1% , ал үшінші сервис секторы - 19,5%. Төртінші орында қоғамдық
тағамдандыру 11,3% - бен алады.
Сапалар бойынша инвесторлардыуң артықшылық беруіне келетін болсақ,
инвесторлар қазіргі таңда шағын бизнес секторы бойынша өндіріске капитал
салымын жасағанды қалайды. № 2 кесте бойынша ол өндіріс секторына
инвесторлардың артықшылық беруі 29,4% - да пайыз құрады. Мұндай тендецияның
қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ақша массасының тез өсуі мен
экономикадағы сапаны инвестициялық объектілер мен жобалардың тапшылығымен
байлынысты.[1]
Сондай-ақ сауда секторы бойынша қазіргі кезде бәсекелестік өте күшті
және рентабелділік төмен, сол себепті бірінші орында болып келген сауда
секторына инвестициалау қазіргі кезде төмендеп, шағын бизнестегі инвестиция
тарту бойынша сауда 3-ші орынға түсіп қалып отыр. Инвестиция тарту бойынша
шағын бизнес секторында 2-ші орында Сервис секторы ашады. Көптеген дамыған
елдердің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп отырғандай экономика дамыған сайын,
оның басым бөлігін қызмет көрсету сапасы ала бастайды. Статистикалық
қорытындыларға сәйкес мұндай тендеция бізде де орын алып келе жатыр,
инвестициялық тартымдылығы жағынан өткен жыл бойынша 3-ші орынға сауда
секторымен қоғамдық тағамдандыру бөлісіп тұр.
2006 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша тіркелген шағын бизнес
субъектілерінің саны бойынша 1-ші орынға Алматы қаласы алады. Осы кезде
Алматы қаласында 45512 кіші кәсіпорындар тіркелген. Алматы қаласы бойынша
шағын бизнесте жұмысбастылардың саны 174435 адам болды. Бұл өткен жылмен
салыстырғанда 13%-ға көп. Егер 1998 ж. Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте
80 мың адам жұмыс басты болса, 2010ж. осы сектордағы жұмыс бастылар саны
175 мыңға жетті. Ал жаңа жұмыс орындарының саны 95 мыңды құрады. Оңтүстік
Астанада баршыға 42 мың кәсіпорындар тіркелген. Олардың 27677 нақты әрекет
етеді. 20602 жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл 2008 жылдың ұқсас периодымен
салыстырғанда 48 %-ғы көп. Жалпы Алматы қаласы бойынша кіші бизнес қазынаға
30 млрд теңге түсім түсірген. Бұл қашанда бюджет бойынша шығындарын жабады.
Сондай-ақ шағын кәсіпорындардың тіркелуінің көптігі Астанада, Оңтүстік
Қазақстан облысында, шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында
бақыланады.
Ал өткен жыл бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі батыс-
қазақстан, солтүстік – қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау
облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын
кәсіпорындар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет
дамыған аймақтарда шоғырланған. Оны біз келесі кестеден көре аламыз
(№3 кесте): Шағын бизнес кәсіпорындарының саны.16
№ Барлық тіркелген Олардан әрекет етушілердің саны
қожалықтар
барлығы
бірлік Барна % бірлік үлесі бірлік үлесі
1 Республика бойынша 132308 100,0 94696 100,00 46745 100,00
2 Ақмола облысы 4365 3,3 3523 3,7 2174 4,7
3 Ақтөбе облысы 4921 3,7 3787 4,0 1520 3,3
4 Алматы облысы 5844 4,4 4673 4,9 3181 6,8
5 Атырау облысы 3385 2,6 2911 3,1 1044 2,2
6 Шығыс Қазақстан 8971 6,8 6282 6,6 3674 7,9
7 Жамбыл облысы 4027 3,0 2817 3,0 1131 2,4
8 Батыс Қазақстан облысы2848 2,2 2389 2,5 1296 2,8
9 Қарағанды облысы 8590 6,5 6585 7,0 2849 6,1
10 Қостанай облысы 5336 4,0 4038 4,3 1981 4,2
11 Қызылорда облысы 2593 2,0 2157 2,3 1269 2,7
12 Маңғыстау облысы 3639 2,8 2922 3,1 1270 2,7
13 Павлодар облысы 6549 4,9 5009 5,3 2832 6,1
14 Сол.т Қазақстан облысы3055 2,3 2470 2,6 1238 2,6
15 Оңт.т Қазақстан облысы11971 9,0 7737 8,2 3180 6,8
16 Астана қаласы 10082 7,6 8646 9,1 4582 9,8
17 Алматы қаласы 46132 34,9 28750 30,3 13524 28,9
Статистикалық тіркегіш деректерінде республика бойынша 2010 ж. Ақпан
айының 1-ші жұлдызына дейін бизнеспен айналысытанын 132,3% мыңнан астам
шағын кәсіпорын тіркелген бұл көрсеткіш өтен жылғы осы кезеңдегі деңгейден
11,8% –ға жоғары. Тіркелген кәсіпорынның 71,6% –ға жақыны жұмыс ісьтейтін
(экономикалық жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы
кәсәпорындардың жұмыс істемейтін кәсіпрындар қатарын құрайды. Белсенді
жұмыс істейтін кәсіпорындырдың көпшілігі (42%) саудаға автомобильді,
тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына
(12,7%) және жылжымайтын мүліктер мен аперацияларға жасауға жолдау
тұтынушыларға көрсететін көрсететін сапаларға (13,2%) тиесілі.
Өткен жылдың оны кезеңмен салыстырғанда, Алматы (34, 3%), Оңтүстік
Қазақстан (22,4%), батыс Қазақстан (18,7%) және шығыс Қазақстан (16,8%)
облыстарында және Алматы (15,6%) қаласында белсенді жұмыс істемейтін
кәсіпорындар саны қарқынды өскені байқалады.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындар 2009ж. 1 ақпанға есептелген
дерек бойынша 478,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың
осы кезеңіндегі 5,8 %-ға артты. Есептелген дерек бойынша 2010 ж. қаңтар
айында өткізілген. өнімнен түскен табыс 48651,3 млн теңге болды, бұл
көрсеткіш өткен жылдың өткен жылдың осы кезеніңдегіден 10,9%-ға жоғары .
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының
өркендеуімен сипатталады. Республика юойынша 2010 ж. ақпан айының 1-ші
жұлдызына дейін 149,8 мыңнан астам шаруа (фермер) қожағылы тіркелген. Оның
81,2%- дан астамы экономикалық қызметтері белсенді түде іске асыруда. Шаруа
қожалықтарында малдары бойынша, немесе егін алқаптарын пайдаланатын болса,
онда мұндй қожалықтар жұмыс істемеейтін шаруа қожалықтар қатарына
іледі.шаруа қожалықтары туралы деректер әр облысқа жеке-жеке есептеу арқылы
беріліп отыр.
Жалпы тіркелген шаруа қожалықтары мен оларда жұмыс істемейтін
адамдардың саны келесі аймақтық кескін бойынша құрылған кестеден құруға
болады (№4 кесте):
Шаруа қожалықтары мен олардағы жұмыс бастылар.
№ Барлық тіркелген Олардан әрекет Әрекет ететін
қожалықтар етушілердің саны қожалықтарда
жұмбастылар
бірлік Барлығына бірлік үлесі Адам үлесі
% - да
1 Республика бойынша 149830 100,00 121730 100,00 371890 100,00
2 Ақмола облысы 4455 2,97 2805 2,30 10540 2,83
3 Ақтөбе облысы 4587 3,06 3273 2,69 9179 2,47
4 Алматы облысы 39195 26,16 31744 20,08 96800 26,03
5 Атырау облысы 1466 0,98 1039 0,85 2261 0,61
6 Шығыс Қазақстан 13029 8,70 12218 10,04 35338 9,50
7 Жамбыл облысы 10641 7,10 8009 6,58 26700 7,18
8 Батыс Қазақстан облысы3748 2,50 2799 2,30 9557 2,57
9 Қарағанды облысы 5540 3,70 4690 3,85 18350 4,93
10 Қостанай облысы 7887 5,26 4170 3,43 10250 2,76
11 Қызылорда облысы 1792 1,20 728 0,60 3334 0,90
12 Маңғыстау облысы 727 0,48 345 0,28 660 0,18
13 Павлодар облысы 3526 2,35 2294 1,88 7850 2,11
14 Солт Қазақстан облысы 6050 4,04 4630 3,80 13000 3,50
15 Оңт Қазақстан облысы 47115 31,45 42974 35,30 128025 34,43
16 Астана қаласы 25 0,02 3 0,00 4 0,00
17 Алматы қаласы 52 0,03 9 0,01 42 0,01
Қазақстандағы қазіргі таңда кіші және орта бизнестің жағдайы дамыған
мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және
орта бизнестің қаржылық дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер
мемлекеттің саясатымен рыноктың инфрақұрылымының жетілмегендігінен.4
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға
елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау
ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары көбінесе осы сектор бойынша,
яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда саласына және сервиспен
шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Оның себебі,
кәсіпкерліктің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі қысқалау және
бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қажаттары көп болғандықтан.
Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік секторында
инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет
айналысатын венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтың қасы. Бірақ
болашақта мемлекеттің жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау
мен модернизациялау юойынша қабылданған тұрлі бағдармалар мен жүргізіліп
жатқан саясатына байланысты мұндай кәсәпорындар көбейді деген үміт бар. Ал
мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі,
венчурлық кәсіпорындар сыртқы орталық түрлі өзгерістеріне тез бейімделеді.
Жоғарыда жасалған талдау келесі тендецияларды көрсетеді:
1. Белсене жұмыс істейтін кәсіпорындардың аз үлесі кезінде шағын
кәсіпкерлік объектілерінің тұрақты сандық өсуі;
2. Сауда мен қызмет көрсету сферасында шағын кәсіпкерлік
объектілерінің шоғырлануы;
3. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мен салық салуды,
несиелеудің шешілмеген проблемалары;
4. Үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар адамдардың осы секторға
инвестициялауды жүзеге асыра бастауы;
5. Шағын бизнеспен орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың
тиімсіздігі 5
Сұлтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1995 жылы 13-ші наурызда
Алматы облысы Сарқан қаласында құрылды. Серіктестікті құрушы құрылтайшылар
Қазақстан республикасының азаматтары – жеке тұлғалы болып табылады.
Құрылтайшылар құрамы үш жеке тұлғадан тұрады. Серіктесттік Тұлпар
ауылшаруашылық өндірістік кооперативнің қайта құрылуы негізінде пайда
болады.
1998 жылы 28-ші ақпанда Сұлтан жауапкершілігі шектеулі серіктестік
болып өзгертілді.
Сұлтан ЖШС-ның қызметінің пәні және мақсаттары .
Сұлтан ЖШС-ның негізгі мақсаты бәсекеге қабілеті жоғары сапалы,
халық тұтынуындағы қажетті өнімдер өндіру. Сондай-ақ шикізат түріндегі
ауылшаруашылығы өнімдері тиімді әрі пайдалы мүмкіндіктерін өткізу.
Бұл негізгі мақсатқа жету үшін серіктестік келесідей қызметтерге
негізделеді.
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару, өндіру;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;
- Наубайханалық өндіріс;
- Ет – сүт және май өнімдерін өндіру мен өңдеу;
- Қоғамдық тамақтану, қонақүй пунктерін ұйымдастыру және тағы да басқа
ойын және шоу бизнес қызметтеріне басқа қызметтерді жүзеге асыруға
мүмкіндігі бар.
Бұл қызметтер арқылы серіктесттік халықтың, аймақтық мекемелер мен
ұйымдардың қажеттілігі қанағаттандыру; жаңа жұмыс орындарын және әлеуметтік
мәселелерді шешуге мақсат құрып ықпал жасайды.
Жалпы өазіргі күнде Сұлтан ЖШС-ның негізгі қызметі ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруге және өткізуге негізделген. Осы негізгі қызметті
серіктесттіктің 94% табысының көзі болып табылады.
2010 жылдан бастап Сұлтан ЖШС-ның өз қызметін жетілдіруге тырысуда.
Бұған серіктесттік жанынан Туркия компаниясымен бірлесіп диірмен құруды
айтуға болады.
Жалпы серіктестіктің қызметін ұйымдастыру келесі кестеде көрсетілген
№5кесте: 2010 жылғы серіктестік қызметін ұйымдастыру
Қызмет түрлері Қызмет түсімдері (мың. т г) Үлесі %
1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан барлығы
Ауыл шаруашылығы 3660669 1434272 1091755 618696 100
өнімдерін өндіру
Барлығы:
Соның ішінде: 1496390 556089 639702 444223 62
Өсімдік шаруашылығы
Мал шаруашылығы 2164279 878183 452053 1742473 38
Құқықтық статусы Сұлтан ЖШС-гі Қ.Р-ның заңдарына сәйкес заңды тұлға
болып табылады. Серіктестік өзін-өзі қаржыландыру және шығындарын өзі өтеу
негізінде қызмет етеді. Серіктестіктің өзіндік жеке балансы несие
мемлекеттерінен есептері, дөгелек мөр. белгі, фирмалық баланс және басқа да
реквизиттре иелігінде бар. Серіктестік өз атынан келісін жасауға, мүмкіндік
және жеке мүліктік емес құқықтары және міндетті болуы, үшінші тараптар
тұлғасы ретінде сотта жауапты болуы мүмкін.
Серіктестік өзіне тиесілі мүлікпен барлық міндеттемелермен жуапты
болады. Қатысушылардың қарыщына серіктестік жауапты болмайды.
Сұлтан ЖШС-ның шаруашылық қызметі.
Сұлтан ЖШС-сы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге негізделген
серіктестік. Оның, меншігінде 841 га жер , 500 мың мал (сиыр, қой )бар.
Қазіргі куйде жерге себілген өнімдер: бидай,арпа, сұлы, қант қызылшасы,
сеннаж сияқты өнімдер жатады. Ал мал өсіруде: қой, сиыр – бұдан алынатын
өнімдерге: сүт, жүн, тері сияқты өнімдер саналады.
Серіктестіктің шаруашылық қызметін жүргізуіндегі ең негізгі қызмет
шикізатты тиімді, қымбат бағамен өткізу болып табылады.
Жерді өңдеудегі көмекші өндіріс құралдарына трактор, комбайын, машина-
техникалық саймандар құрап отырады. Оларды үнемі жөндеуден өткізу, басқа
кооперативтердің жерін жыртуға, өнімін жинауға, жалға беру сияқты
қызметтерді жүзеге асырып отырады.
Қазіргі күнде шаруашылық қызметті серіктестік жетілдіре түсуде. Бұған
бидайды өсірудегі мал жинауды, өткізуі дәлел бола алады. Оны елесі кестед№е
көре аласыз.
№6 кесте. Шаруашылық қызметін талдау.
Атауы 2009 ж 2010ж 2006 ж
өнімнің шығуы өнімнің шығуы өнімнің шығуы
Бидай өсірудің барлығы 1077 тонна 1120 тонна 1379 тонна
Оның ішінде:
Күздік бидайы 413 тонна 600 тонна 620 тонна
Яров. бидайы 529 тонна 390 тонна 591 тонна
Яров. сұлысы 135 тонна 120 тонна 168 тонна
Люцерн арпасы 306 тонна 320 тонна 382 тонна
Сенаж 820 тонна 550 тонна 558 тонна
Қант қызылшасы 1100 тонна 15000 тонна 2500 тонна
Мал шаруашылығы: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz