Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
Инфляция түсінігі 5
1.2 Инфляцияның түрлері мен оған әсер ететін факторлар 18
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары 21

2 ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ: ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқынын талдау 24
2.2 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау
2.3 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысты про-блемасы 24
27
3 ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Инфляцияны реттеудің әлемдік және Қазақстан тәжірибесі 29

ҚОРЫТЫНДЫ
33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

41

43


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан
Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 4-ақпанда, 2009 жылы айтқандай:
Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде
одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, несие-ақша
саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен
қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан
экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында
нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі — ақша-
несие саясаты. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен
Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен
құралдар бар. Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының
тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын
төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін
нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор
маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды
құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын. 2010-2008
жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі
жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле
бастағанын біз сезіп отырмыз, соған қарағанда кейбір экономистердің айтып
жүрген пікірлері бекер емес: инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді,
экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан Голланд ауруының алдында
тұр. Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі
– инфляция.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының 2008-2011
жылдардағы инфляциялық үдерістерді анықтап және баға беріп, одан туатын
салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Мәселенің ғылыми-зерттелу деңгейі. Инфляция – күрделі және көп
жоспарлы әлеуметтік-экономикалық үдеріс. Оны зерттеуге бай әлемдік және
отандық экономикалық әдебиет арналған. Осы жағдайдың өзі біржақтылықтан
және қарапайымдылықтан, сонымен қатар ақшаның сандық теориясының
постулатына сүйенетін инфляцияның тым монетарлық түсініктемесінен
сақтандырады.
Берілген күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріске тән қарама-қайшы
құбылыстарды және негізгі ойды зерттеуге Д. Юм, А. Маршалл, Дж.М. Кейнс, А.
Филлипс, П. Самуэльсон, Р. Солоу, М. Фридмен, Р. Дорнбуш, С. Фишер сияқты
шетелдік экономист ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.
Өтпелі экономикалардағы және нарығы жаңадан дамып келе жатқан
мемлекеттердегі инфляцияны М.А. Афанасьев, А. Белоусов, Р.Н. Евстегнеев,
А. Илларионов, Г. Колодко, Я. Корнаи, М.Ю. Малкина, С.М. Никитин, С. Пекур,
Я. Ростовски, Дж. Сакс, В.В. Усов, В.Н. Шенаев және т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақстандағы инфляцияны қарастыратын жұмыстарға Р.А. Алшанов,
Т.А. Әшімбаев, М.Б. Кенжегузин, К.А. Сағадиев, Ғ.С. Сейітқасымов, А.Қ. Қоша-
нов, Р.А. Қамшыбаев, Н.К. Күшікова, В.Д. Мельников, Ә.Д. Челекбай, Ұ.А.
Текенов сияқты ғалымдардың зерттеулері жатады.
Инфляцияға тікелей қатысты үлкен көлемді ғылыми әдебиеттер бар: оның
мәніне, пайда болу тетіктеріне, экономиканың басқа ірі өтпелі ақшалық және
шынайы секторларымен байланысына қатысты. Бірақ, әлемдік экономиканың
жаһандану жағдайында оның эволюциясының объективті ерекшеліктерін және табу
заңдылығын ескере отырып, өтпелі жүйелердегі инфляцияның құрама және жүйелі
зерттеу табиғаты байқалмады. Әдетте инфляцияның көптеген мәселелері
экономиканы саралау және нарықтық шаруашылықтың әр түрлі буынтықтарында
қоса қарастырылады. Бүгінге дейін отандық экономикалық әдебиеттерде
инфляцияның және қаржылық тұрақтылық мәселелерін құрама монографиялық
зерттеулері жоқ. Берілген курстық зерттеу мүмкіндігінше бұл кемшілікті
толықтырады.
Жұмыстың зерттеу нысаны – жаһандану жағдайында экономиканың
тұрақсыздануына себеп болатын инфляция үдерісі, инфляцияның пайда болу және
даму заңдылықтары болып табылады.
Зерттеудің пәні – инфляцияны шетелдерде реттеп отыру және экономиканы
қаржылық тұрақтандыру мақсатында әлемдік тәжірибені Қазақстанда қолдану.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі – шетелдік және отандық
ғалымдардың инфляция теориясы саласындағы, макроэкономикалық теория мен
антиинфляциялық реттеудегі, сонымен қатар қаржылық тұрақтылық және қаржылық
менеджменттегі іргелі еңбектері, ғылыми көзқарастары және тұжырымдамалары
ретінде қызмет атқарды. Ғылыми-әдістемелік аппарат ретроспективтік, себеп-
салдарлық және ағымдағы құрама сараптаманы және синтезді, салыстыруды,
жүйелік тәсілді, болжаудың статистикалық әдісін және жағдайларды
модельдеуді қамтиды. Шетелдердің орталық банктерінің, халықаралық қаржылық
мекемелердің, шетел ғалым-экономистерінің монографияларының, батысеуропалық
мемлекеттердің мерзімді басылымдары материалдарының деректері, сонымен
қатар ҚР заңнамалық және нормативтік актілері, ҚР Агенттігінің ҚР орталық
банкі бойынша деректері, ҚР БҒМ Экономика институтының, ҚР ЭжБЖМ
Экономикалық зерттеулер институтының, Қазақстанның Даму институтының, ҚР-
ның Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің
деректері, мерзімді экономикалық және қаржылық басылымдардың материалдары
зерттеудің ақпараттық базасы болып табылады.
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Инфляция түсінігі

Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру
үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала
береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі
ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары,
ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше
түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер
жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі
байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың
инфляциялануы). Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан
жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда
болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция
қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және
керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы
деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.

Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын
мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға
көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі,
қазіргі жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан жағымды өзгерістермен
байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып
қоймай, сонымен бірге өзара байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік
шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың
ырықтандырылуында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың
ашықтығында көрініс тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда
инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық
шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік
береді, оған қатысты күрес емес, реттеу терминін қолданған орынды.
Реттеудегі басты мәселе – инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы
шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем
балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.
Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы өндірістің даму факторы немесе
осы дамудың міндетті төлемі ретінде түсіндіруге болады. Бірақ оны
бақылаусыз қалдыруға болмайды, оның реттелуі үздіксіз және тиімді болуы
тиіс.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген
елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі
бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік
қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де
едәуір болып отыр. Осының барлығы осы елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы
инфляция мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.
Аталған мәселелердің өзектілігі қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін,
түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен,
Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен,
инфляцияны реттеудің қаржылық құралдарын жетілдірумен және шетел
тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте инфляцияға қарсы саясаттың негізгі
бағыттарын көрсетумен анықталады.
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым
арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар
мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда
инфляция көтерілу, қабыну дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына
негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен
сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының
қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге
десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі
болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша
айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек
белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз
ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға
қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды.
Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын
жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды
көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл,
өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға
тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді.
Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және
нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде
бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп,
кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе
гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар
деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады,
өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары
айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға
тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. 2,
287б.
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды,
керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң
нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға
теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет
тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар бағдарламасы
жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі
тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға
баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны
қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан
қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға
деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың
монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық
жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі
мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның
кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген
себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті,
күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру,
яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты
жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі –
тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар
нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес.
Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы
экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық
себептеріне нені жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың
өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі
төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек
өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта шығын инфляциясы
деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. 2, 288б.
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға
байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып
көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан
диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің
тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни
айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл
айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы
мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған
әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл
да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ
ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне
олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер,
ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне
бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да
оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің
тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың
келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным
арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың
дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. Импортталған
инфляциямен күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық
валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда
экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, инфляцияны тосу деген жағдайда байланысты инфляциялық
процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген
экономистердің пікірінше, инфляцияны тосу психологиясын жеңу
антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. 10,110б.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе
мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта
төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар
олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі
тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір
комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция
қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі
мемлекет шығындарының өсуі, баға - еңбеқақы, инфляциялық тосу,
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы және басқалары болды. Бұрынғы
Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.

Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды
макроэкономикалық индикаторлардың бірі – инфляция. Инфляция (inflatio) –
бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі
үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен
қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің
біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы
өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін.
Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) – орташа баға деңгейінің
белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.
Макроэкономикалық үлгілерде инфляция деңгейі келесі түрде бейнеленеді:

Рдо – Рдө
π = ———— × 100 % (1.1)
Рдө

Мұндағы, π – инфляция деңгейі, %;
Рдо – ағымдағы кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %;
Рдө – базистік кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %.

Орташа баға деңгейі баға индексінің көмегімен анықталады. Кей
жағдайларда инфляция деңгейін анықтауда тұтыну бағасының индексі (СРІ)
қолданылады. Онда, инфляция деңгейі келесі түрде өрнектеледі:

СРІо – СРІө
π = —————— (1.2)
СРІө

Мұндағы, СРІо – ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %;
СРІө – базистік кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %.

Егер, инфляция деңгейі көрсеткішінің мәні теріс таңбалы (π 0) болса,
онда аталмыш кезеңде дефляциялық үрдіс жүрілгені. Яғни, дефляция – ол
елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі төмендеуі
үрдісі.
Ласпейрес индексімен (тұтыну бағасының индексімен) және Пааше
индексімен (ЖІӨ-нің дефляторымен) есептелген инфляция деңгейінің
көрсеткіштері едәуір айырмашылықта болады. Мысалы:

Кесте 1 – Ресейдегі 2001-2004 жылдардағы инфляция деңгейі, %

Инфляция деңгейі 2001 жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл
Ласпейрес индексімен 48 15 28 88
Пааше индексімен 43,9 16,6 11,4 74,9

Әртүрлі елдердегі инфляциялық үрдістің себептері де сан түрлі.
Өйткені, мұндағы инфляцияны қоздыратын факторлардың комбинациясы сол елдегі
нақты экономикалық жағдайларға байланысты болады. Енді осылардың
кейбіреулеріне тоқталар болсақ:
Біріншіден, инфляция мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту
мақсатында ақша станогын белсенді пайдаланған кезде ұлғаяды. Яғни,
мемлекеттік бюджеттің тапшылығы орталық эмиссия банкінен заемдар арқылы
қаржыландырылса, айналыста пайда болған артық ақша массасы салдарынан
инфляция қарқыны ұлғаяды;
Екіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуінің себебі, қазіргі қалыптасқан
экономикалық жүйенің ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезең нарықтық
экономикаға, яғни өндірушілері көп, тауарлары мен қызметтері сан алуан,
капитал ауысуы оңай жетілген бәсекелес нарыққа соншалықты ұқсамайды.
Қазіргі нарық әлде қайда олигополиялық нарыққа жақын келеді. Ал,
олигополист едәуір дәрежеде бағаны бақылайды. Олар бағаны өсіруді бірінші
болып бастамаса да, оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес нарықта
олигополисттер мен монополисттер тауарлар ұсынысын қысқарту арқылы,
жасанды тапшылық жасай отырып, жоғары баға деңгейіне ұмтылады;
Үшіншіден, елдің экономикасының ашық болуы, оның экономикасына
біртіндеп әлемдік шаруашылық байланыстарға тереңдеп енуі барысында
импорттық инфляция қауіпін төндіреді. Импорттық инфляциямен күресу
мүмкіндігі әркез шектеулі болады. Әрине, ел ұлттық валютасын
ревальвациялау* арқылы импортты арзандата алады. Алайда, ревальвация
отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік
нарықта елдің экономикасының бәсекеге қабілетін төмендетеді;
Төртіншіден, инфляциялық күтіліс салдарынан инфляция өзіне-өзі дем
беруші сипат алады. Яғни, баға деңгейінің көтерілуі жағдайында өмір сүріп
үйренген халық бағаның бұдан әрі өсуін күтеді. Мұндай кезде еңбекшілер
жалақының (табыстың) көтерілуін талап етеді. Табыстың өсуінің қолайлы
әсерінен және бағаның өсуінен қауіптенген халық тауарларды көптеп сатып ала
бастайды. Сұраныстың артуын пайдаланып және қосымша жалақылық шығындары
салдарынан өндірушілер өз өнімдеріне бағаларды көтереді.
Енді, шығу тегіне байланысты сұраныс және ұсыныс (шығындар)
инфляцияларына нақтырақ тоқталайық:
1 Сұраныс инфляциясы – бұл ұлттық экономиканың әлуетті деңгейіне жуық
шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне
баға деңгейінің көтерілуі. Ұлттық экономика өзінің әлуетіне жақындаған және
жеткен кезде артық жиынтық сұранысқа толық жауап қата алмайды. Өйткені,
экономикадағы барлық ресурстар қолданыста болған кезде ұлттық өндірістің
нақты көлемі одан әрі ұлғая алмайды. Мұндай жағдай, қалыптасқан артық
жиынтық сұраныстың тұрақты нақты өнім көлеміне бағаның жоғарлауы мәселесін,
яғни сұраныс инфляциясын туындатады.

Сурет 1 – Сұраныс инфляциясы

Бұл жағдай сызбалық түрде Сурет-5-те бейнеленген. Ұлттық өндіріс
өзінің әлуетіне (Ү*) жақындаған кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD1-ден AD2-
ге) өндіріс көлемінің өсуіне (Ү1-ден Ү2-ге) ықпал етуімен қатар, баға
деңгейінің де көтерілуіне (Рд1-ден Рд2-ге) алып келеді. Ал, экономикалық
әлуетке қол жеткен кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD3-тен AD4-ке) өндіріс
көлеміне (Ү*-не) ықпал ете алмағанымен, баға деңгейінің көтерілуін (Рд3-тен
Рд4-ке) болдырады.
2 Шығындар инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы – бұл орташа
шығындардың өсуі немесе жиынтық ұсыныстың азаюы салдарынан туындайтын баға
деңгейінің көтерілу үрдісі. Орташа шығындардың өсуі тұрақты жиынтық өнім
көлеміне жалпы шығындарды ұлғайтады. Орташа шығындардың өсуінің негізгі
себептері:
• атаулы еңбек ақының еңбек өнімділігінің өсуіне
теңгерімсіз өсуі;
• шикізаттарға бағалардың көтерілуі;
• Салықтың артуы және т.с.с.
Орташа шығындардың өсуі фирма пайдасын азайтады, ол өз кезегінде
фирманың өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді. Нәтижесінде, берілген
баға деңгейінде жиынтық ұсыныс азаяды. Жиынтық сұраныстың өзгеріссіз
көлемінде (Сурет-6-те АD) жиынтық ұсыныстың қысқаруы (АS1-ден АS2-ге) баға
деңгейін көтереді (Рд1-ден Рд2-ге), яғни инфляция қарқынын үдетеді.

Сурет 2 – Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы

Егер, инфляция атаулы еңбек ақының теңгерімсіз өсуі, шикізаттарға
бағалардың көтерілуі, салықтың артуы және т.б. себептермен байланысты
орташа шығындардың өсуі салдарынан туындаса, мұндай инфляцияны шығындар
инфляциясы деп атайды. Шығындар инфляциясы белгілі бір дәрежеде өзін-өзі
шектеуші сипатта болады. Нақтырақ айтсақ, орташа шығындардың өсуі
салдарынан өндіріс көлемінің қысқаруы, өндірістің қосымша шығындарының
өсуін тежейді. Өйткені, жұмыссыздықтың көбеюі кезінде атаулы еңбек ақының
мөлшері азаяды, сәйкесінше фирманың жалақылық шығындары қысқарады.
Шығындардың қысқаруы және үй шаруашылығының табыстарының азаюы инфляцияның
өсуін тежейді.
Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының үйлесуі инфляция
шиыршығын (спираль) туындатады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуі мен жиынтық
ұсыныстық қысқаруының қатар өтуі жағдайында баға деңгейінің көтерілуі,
гиперинфляцияны туындатады. Мысалы, экономиканың толық жұмысбастылыққа жуық
сатысында, ақша ұсынысының ұлғаюы нәтижесінде жиынтық сұраныстың өсуі (АD1-
ден АD2-ге) өндіріс көлемінің ұлғаюына (Ү1-ден Ү2-ге) ықпал етумен қатар,
баға деңгейінің де көтерілуін (Рд1-ден Рд2-ге) туындатады (Сурет-7).
Өндірістің ұлғаюымен байланысты ресурстарға сұраныстың артуы және
ресурстардың толық дерлік жұмысбастылығы, уақыт өте келе олардың бағаларын
өсіреді. Өндіріс шығындарының бұлай ұлғаюы жиынтық ұсынысты (AS1-ден AS2-
ге) азайта отырып баға деңгейінің Рд2-ден Рд3-ке көтереді. Нәтижесінде,
ұсыныс инфляциясы туындайды. Егер, мұндай жағдай одан әрі жалғасар болса
инфляция қарқыны үдей түседі де, инфляциялық шиыршық орын алады.
Енді, инфляцияның табыстардың бөлінуіндегі рөліне тоқталар болсақ,
мұндай әсерлер екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, тұлға біреуден бір жылға 5%-
бен 100 мың теңге қарыз алу арқылы, қандай да бір тауар сатып алды делік.
Осы жылы 10 %-дық инфляция болса жыл соңында ол 105 мың теңге етіп қарызын
қайтару тиіс. Сонымен қатар, жыл соңында қарыз алушының сатып алған
тауарының бағасы 110 теңге болады (инфляция салдарынан).

Сурет 3 – Инфляциялық шиыршық

Сонда, қарыз алушы жыл соңында 5 мың теңге ұтыс алады (110 – 105 = 5
теңге). Ал, қарыз беруші 5 мың теңге пайда тапқанымен, инфляция салдарынан
10 мың теңге зиян шегеді. Нәтижесінде, ол қаражатының 5 мың теңгесін
жоғалтады. Бұл мысалдан, инфляция кезінде бұған дейін қарыз бергендер
көбірек, ал қарыз алушылар әлде қайда аз зиян шегетінін немесе тіптен пайда
табуы да мүмкін екенін байқаймыз. Яғни, инфляция табыстардың бөлінуіне
түрлі әсер етеді екен. Ақшалай немесе атаулы табыс – бұл адамдардың еңбек
ақы, рента, пайыз немесе пайда түрінде қолына алатын ақша мөлшері. Ал,
нақты табыс атаулы табысқа сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтердің
мөлшерімен анықталады. Егер, атаулы табыс баға деңгейінің өсуіне (инфляция
қарқынына) қарағанда жоғары қарқынмен өссе, онда нақты табыс артады. Ал,
керісінше инфляция қарқыны атаулы табыстың өсу қарқынына қарағанда шапшаң
өссе нақты табыс азаяды. Бұл жағдайды жуықтап келесі түрде бейнелеуге
болады:

ΔRн = ΔRа – π (1.3)

Мұндағы, ΔRн – нақты табыстың өзгерісі, %;
ΔRн – атаулы табыстың өзгерісі, %;
π – инфляция қарқыны, %;

Мысалы, атаулы табыстың 5 %-ға көтерілуі 10%-дық инфляция кезінде
нақты табыстың 5 %-ға азаюын алып келеді. Егер, Rн Rа 1 болса, табыс
иесінің өмір сүру деңгейі артады, ал керісінше Rн Rа 1 болса
төмендейді. Мұндағы, Rн – нақты табыс, Rн – атаулы табыс.
Табыстардың бөлінуіне инфляция өзінің байқалу дәрежесіне байланысты
әртүрлі әсер етеді. Болжанған инфляция жағдайында табыс иесі инфляцияның
жағымсыз салдарының алдын-алу немесе азайту үшін шаралар қолданады. Олай
істемеген жағдайда, оның нақты табысының шамасына кері әсер болады. Яғни,
нақты табыстың шамасы инфляция шамасына қысқарады.
Ұлттық табыстың атаулы мөлшеріне инфляция салдарынан арылту үшін
түзетулер Фишер теңдігінің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Фишер теңдігі
келесі түрде бейнеленеді:

i = r + πе (1.4)

Мұндағы, r – нақты пайыздық мөлшерлеме, %;
i – атаулы пайыздық мөлшерлеме, %;
πе – күтілетін инфляция деңгейі, %;

Инфляция қарқыны 10%-дан көп болған жағдайда Фишер теңдігі келесі
түрде болады:

i – πе
r = ——— (1.5)
1 + πе

Болжанбаған инфляция атаулы табысы орташа баға деңгейінен тез өсетін
экономикалық агенттердің табысынан басқа барлық түрдегі тұрақты табыстарды
қысқартады. Болжанбаған инфляция кезінде қарыз алушы қарыз беруші есебінен
ұтымды жағдайда болады. Өйткені, қарыз алушы өз қарызын құнсызданған
ақшамен қайтарады. Мысалы, үкімет мемлекеттік қарыз көптеп жинақталып
қалған кезде қысқа мерзімдік инфляцияны белсендіру саясатын жүргізу арқылы
өз қарызын салыстырмалы түрде құнсыздандырады.
Инфляцияның экономикалық-әлеуметтік зардаптары оған шалдыққан елдердің
үкіметін инфляцияға қарсы бағытталған белгілі бір экономикалық саясат
жүргізуге мәжбүрлейді. Бірақ, жүргізілетін саясаттар әр елдің
ерекшеліктеріне байланысты болады. Инфляцияға қарсы саясаттың негізінен екі
бағыты бар. Олар:
● кейнсиандық инфляцияға қарсы саясат;
● монетаристтік инфляцияға қарсы саясат.
Бірінші бағыт бюджеттік-салықтық (фискальдық) саясатты жақтайды.
Мұндай жағдайда үкімет мемлекеттік шығыстар мен кірістерді (салықтарды)
икемді пайдалану арқылы төлем қабілетті сұранысқа ықпал жасайды. Сұраныс
инфляциясы кезінде үкімет өз шығыстарын қысқартып, салықтар шамасын
арттырады. Нәтижесінде, сұраныс қысқарады және инфляция қарқыны бәсеңдейді.
Алайда, мұнымен қатар өндіріс көлемі қысқарып, жұмыссыздық өседі,
экономикада күйзеліс белгілері байқалады. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық
құны.
Экономиканың құлдырау кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік-
салықтық саясат жүргізіледі. Егер, сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік
қаржыландыру бағдарламалары жүзеге асырыла бастайды және салықтар деңгейі
төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға
салынады, әдетте олар табыстарын жедел пайдаланады. Сөйтіп, тауарлар мен
қызметтерге сұраныс ұлғаяды. Бюджет қаржылары арқылы ынталандыру сұранысты
арттырғанымен, бюджеттің тапшылығын арттырады. Бюджет тапшылығының ұлғаюы
үкіметтің салықтар арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылта түседі.
Екінші бағыт экономикада пайда болған инфляциялық ақауларды ақша-несие
(монетарлық) саясат арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің
тікелей бақылауынан тыс, Ұлттық банкпен дербес жүргізіледі. Ол айналымдағы
ақша массасын және несие пайызының мөлшерлемесін өзгерту шаралары арқылы
жүзеге асырылады. Экономикаға қысқа мерзімдік кезеңінде ықпал жасау құралы
ретінде ақша-несие саясаты, дәлірек айтқанда артық, төлем қабілеті бар
сұранысты тежеу үшін ақша және пайыз мөлшерлемесі саяси құралдары
қолданылады.
Антиинфляциялық саясатты шартты түрде 2 типке бөлуге болады:
• инфляцияға ыңғайласу;
• инфляциямен күресу.
Инфляцияға ыңғайласу жағдайында табысты индекстеу шаралары
жүргізіледі, бірақ бұл шара өте шектеулі болады. Өйткені, өте жоғары
индекстеу (100%-ға жуық) жалақы-баға инфляциялық шиыршығын тудыруы
мүмкін.
Инфляцияға қарсы күресу шараларының ішінен естен тандыру терапиясын
ерекше атауға болады (Ресей 1992-жылы). Қымбат несиелер арқылы әлсіз
фирмалардың жұмысын тоқтату, әлеуметтік топтардың табыс айырмашылығының
күрт өсуі, өндірістің қысқаруы, жұмыссыздықтың өсу нәтижесінде инфляцияны
тоқтату.
1958-жылы ағылшын экономисті Олбан Филлипс Ұлыбританиядағы жүз жылға
жуық мерзім ішіндегі (1861-1957 жылдар аралығындағы) жұмыссыздық деңгейі
мен еңбек ақы мөлшерлемесі арасындағы өзара байланысты зерттей отырып,
еңбек ақы деңгейі тұрақты болып келетін жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейін
(5-7%) анықтайды. Ол жұмыссыздық деңгейі бұл деңгейден төмен болса, еңбек
ақының тез өсетінін, ал кері жағдайда, яғни жұмыссыздық деңгейі табиғи
деңгейден жоғары болса, еңбек ақының өсу қарқынының төмендейтінін
айқындайды. Бұл байланыс келесі түрде өрнектелді:

(wt – wt-1)
———— = const – b × U (1.6)
wt-1

Мұндағы, wt – t-інші кезеңдегі атаулы еңбек ақы, ш.а.б.;
wt-1 – (t-1)-інші кезеңдегі атаулы еңбек ақы, ш.а.б.;
b – жұмыссыздық деңгейінің өзгеруіне атаулы еңбек
ақының бейімін сипаттайтын шама;
U – жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі, %.

Кейіннен Филлипс концепциясы әрі қарай П. Самуэльсон, Р. Солоу; М.
Фридмен; Э. Фелпстердің толықтыруларымен өзгертілді. Дәлірек айтқанда,
атаулы еңбек ақының өсу қарқыны инфляция көрсеткішімен және инфляциялық
күтіліс гипотезасымен толықтырылды. Нәтижесінде, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейі арасындағы байланыс қысқа мерзімді Филлипс теңдеуімен
келесі түрде бейнеленді:

Wt+1 = πе – b × (Ut - Un) (1.7)

π = πе – b × (Ut - Un) + ε (1.8)

Мұндағы, Wt+1 – алдағы кезеңдегі нақты еңбек ақының өсімі, %;
πе – алдағы кезеңнен күтілетін баға деңгейінің (инфляцияның) өсу
қарқыны, %;
b – нақты еңбек ақы (инфляция) деңгейінің жұмыссыздықтың нақты
деңгейінің өзгеруіне бейімін сипаттайтын шама;
Ut – ағымдағы жұмыссыздық деңгейі, %;
Un – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (NAIRU – Non-Accelerating-
Inflation Rate of Unemployment), %;
π – ағымдағы инфляция деңгейі, %;
ε – жиынтық ұсыныстың талдырмасы (шогы) коэффиценті.

Инфляция мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы байланыс қысқа мерзімді
Филлипс қисығы (Phillips curve) көмегімен бейнеленеді (Сурет 4).

Сурет 4 – Қысқа мерзімді кезеңдегі Филлипс қисығы

Филлипс қисығы ҚМК-де инфляция мен жұмыссыздықтың кері тәуелділігін
көрсетеді: егер, π1 инфляция қарқыны кезінде жұмыссыздық деңгейі U1 болса,
инфляцияның π2 деңгейіне төмендеуі жұмыссыздықтың U2-ге өсуімен қатар
жүреді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі (Un) кезінде инфляция қарқыны
өзгеріссіз қалады, яғни π = 0. Ал, жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи
деңгейінен неғұрлым үлкен болған сайын (U Un), инфляция деңгейі соғұрлым
өте жоғары қарқынмен өседі.

Сурет 5 – Стагфляция

Экономикалық құлдырау кей кездерде инфляция мен жұмыссыздық арасындағы
кері байланысты, Филлипс қағидасын жоққа шығарады. Мұндай жағдайда
стагфляция деп аталады. Яғни, стагфляция – бұл инфляцияның өсуімен қатар
жұмыссыздық деңгейінің де ұлғаюы үрдісі. Стагфляция кезінде қысқа мерзімді
Филлипс қисығы оң жаққа қарай ығысу (Ph1 Ph1 Ph1) арқылы бейнеленеді
(Сурет 5).
ҚМК-де фирмаларға әлде қайда көп жұмысшылар жалдау тиімді болатындай
етіп, нақты жалақыны инфляция көмегімен төмендету арқылы жұмыссыздық
деңгейін жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен төмен түсіруге болады. Қысқа
мерзімде уақыт аралығында жұмысшылардың бағалық күтілісі инфляцияға нақты
еңбек ақыны төмендетуге мүмкіндік бере отырып, инфляцияның нақты қарқыннан
қалыс қалып отыруы әбден мүмкін. Алайда, ҰМК-де бұлай болмайды. Өйткені,
белгілі бір сәттен бастап жұмысшылар бағалардың олар күткеннен әлде қайда
жылдам қарқынмен өскенін түсінеді. Бұл кезде жұмысшылардың талап ету
нәтижесінде жалақы өседі. Тұрақты өндіріс көлеміне шығындары өскен фирмалар
жұмысшыларының санын қысқартады. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі өзінің
табиғи деңгейіне жоғары инфляциялық қарқынмен қайтып оралады (Сурет 6).
Бұдан байқағанымыздай, ұзақ мерзімді кезеңдегі инфляцияның өсу қарқыны
жұмыссыздық деңгейіне тәуелді емес, яғни ҰМК-дегі Филлипс қисығы (LrPh)
жұмыссыздықтың табиғи деңгейіндегі (Un) тік сызық болады.
Қорыта айтқанда, ҚМК-де инфляция мен жұмыссыздық қарсы бағытта өрбісе,
ҰМК-де инфляцияның өсуінен жұмыссыздықтың азаюы әркез өзінің табиғи
деңгейіне қайтып орала береді.

Сурет 6 – Ұзақ мерзімді кезеңдегі Филлипс қисығы

1.2 Инфляцияның түрлері мен оған әсер ететін факторлар

Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп
мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде
инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика
теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер
инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор
ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным)
жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл
экономикаға қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) –
экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі
қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке (Кэган
бойынша айына 50%) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде
бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе
артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша
шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға
қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және
баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі
(ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі
емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі
қарқынмен өседі. 14, 105б.
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн.
Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы
мақсатпен жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез
өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу
мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың
кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының инфляциялық тосу психологиясын
туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған
елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы
тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;
және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі
әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын
үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның
қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың
деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында
пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын Пигу әсері,
немесе нақты кассалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылысты суреттедік.
Айта кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалар мен икемді
процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен.
Біраз батыс экономистерінің пікірінше, Пигу әсері экономикада нақты
болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді. 14, 106б.
Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол
жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын
немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның
темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен
қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады.
Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта
тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр
болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне
мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені
өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды,
жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды.
Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады
және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз
кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға —
халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді
шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің
экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде
сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы анықталады. Бұл консепцияларда
инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.
Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара
тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс
инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
ХХ – ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік
нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір
елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп
отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау
жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ
ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада
стагфляция деп аталады. 2, 105б.
Мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар
жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін
ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады,
инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың
табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия,
қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық
жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп
елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу
мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы
ұзақ және қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің
ұзақ мерзімдік саясаты:
Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін
кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде
жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді
іс шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.)
нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты
тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім
қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту
арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет
тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр
жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға
мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет
тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың
экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және
өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет
болады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-
қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның
өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен
тиімділігінен болады. 16, 503б.
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл
- импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік
валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан
туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте
депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері
артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны
кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша
ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу
қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай —
монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған
мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция - бұл ақша айналысы
заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы
алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді
болып келеді:
- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық
сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік
берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар
факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды
күшейте түседі).
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық
сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы
бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ
уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың
едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік
емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді. 15, 219б.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы
инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы
қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы экономикасында инфляциялық процестерді талдау
Жұмыссыздық пен инфляцияның байланысы, Филипс қисығы
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляцияның әлеуметтің экономикалық зардаптары
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
Инфляция теориясы. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процесс
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Пәндер