Шағын бизнестің клеткасы - шағын кәсіпорындар
Қазақстан РеспубликАсы Білім және ғылым министрлігі
РМҚК Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
Сырттай оқу факультеті
Экономика және құқық кафедрасы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Қазақстан республикасындағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен маңызы
050115 – Құқық және экономика негіздері
Орындаған: V-курс студенті
Құлмағанбетов А.Д.
Ғылыми жетекшісі: оқытушы
Оразбекова Р.С.
Арқалық, 2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 3
1.Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті
ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.1. Бизнес түсінігі және оны ұйымдастырудың қажеттілігі ... ... ...
5
1.2. Шағын бизнестің экономикадағы ролі мен
орыны ... ... ... ... ... 12
1.3. Мемлекет тарапынан шағын бизнестің құқықтық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікке қамқорлық жасау
оны қолдау мен дамыту
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік
қолдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 28
2.2. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолы – салықты
реттеу және арнайы салық режимі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
2.3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құру көздері және
олардың бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.44
3. Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік ауқымдағы қолдау
3.1. Шағын және орта кәсіпкерлікті өндірістік және
инновациялық

... ... ... ... ... 48
3.2.Қазақстан Республикасындағы шағын орта кәсіпкерліктің
ролі.

... ... ... .. ... . .. 51
3.3.Қазақстан Республикасындағы экономикасын дамытудағы шағын орта
кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен негізгі
проблемалары ... ... ... ... ... ... . 56
3.4. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаумен дамыту жолдары ... ... ... 69
Қорытынды

... ... ... ... ... ... .77
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес
кәсіпкерлік қоғам өмірінің неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және
саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы
факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі
ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.Шағын бизнесті дамытудың
негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы
үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді
анықтау болып табылады.
Осындай сәт ретінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктін
негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Арнайы зерттеулер жүргізген
ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік
құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын
сәйкесінше элита мен кедейлер ал ортаңғы саны көп бөлігін – ортаңғы класс
құрайды”. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелуі кезең
ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы:
Шағын бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта
аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға кенцептуалдық көзқарас
қалыптасқан кейіннен соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып,
қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық –
құқықтық механизмдер қалыптасқан.Қолданылған шаралар нәтижесінде 1992-1993
жылдары күш жинай бастаған шағын кәсіпкерлікті белсендіру процессі 1994
жылы бәсеңдеп кейінгі екі жылда мүлдем тоқтады. Ол жалпы экономикалық
жағдайдын нашарлауына, қолайсыз криминогендік жағдайдын болуына, сондай-ақ
қабылданған заң және бағдарламалы құжаттардың нақты орындалмауына
байланысты болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату
болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық – инновациялық
даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып
шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.
Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық
экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін,
нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз
тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай
туғызуы қажет. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті
ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәнін ашу.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Негізінен алға қойған міндеттерді жүзеге асыру
үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытудың жедел шараларын қабылдауда.Қазақстан Республикасы Агенттігінің
мәліметтері бойынша республикада шағын кәсіпкерліктің 145,1 мың субъектісі
тіркелген, ал 2005 жылмен салыстырғанда 10,9 % көп. Шағын кәсіпкерліктің
істегі субъектілері тіркелгендер санының 71,2% құрайды. 2008 жылдың бірінші
қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны жалпы заңды тұлғалар
санының небәрі 61% құрайды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Осы уақытқа дейін Қазақстанда
шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық
преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру
болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда
жүргізіледі.Сондай-ақ, келешекте шағын және орта бизнесті мемлекеттік
тұрғыдан қолдау және дамыту болып саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық базасы және әдіснамасы:
Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы
негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен
жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып,
жүйелі бастамаларда жүргізіледі.Сондай-ақ, келешекте шағын және орта
бизнесті мемлекеттік тұрғыдан қолдау және дамыту болып саналады.Осы уақытқа
дейін қолданылған қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қолдаудың формаларымен
әдістері жеткілікті дәрежеде тиімді емес және қайта қарауды талап етеді. Ең
біріншіден ол үкімет қабылдаған шараларға қарамастан шағын бизнес үшін
тартымды сфера болып сауда, және қызмет көрсету қалып отырғандығына, ол
өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс көп жағдайда ірі
бизнеске тән болғандығына байланысты болып отыр. Қазақстандағы
кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасаушы, жалпыға мәлім салық-салу,
несиелендіру, бақылау-қадағалау қызметтерін атқарушы органдармен арақатынас
мәселелері кейінгі бірқатар жылдар ішінде өзгерместен қалып отыр.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс Кіріспе, үш тараудан және Қорытынды бөлімнен тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауында, бизнес түсінігі және оны ұйымдастырудың
қажеттілігі, шағын бизнестің экономикадағы ролі мен орыны туралы айтылған.
Екінші тарауында шағын және орта кәсіпкерлікке қамқорлық жасау оны қолдау
мен дамыту. Үшінші тарауында шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік
ауқымдағы қолдау қарастырылған және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1. Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың
қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.1 Бизнес түсінігі және оны ұйымдастырудың қажеттілігі
Экономикалық әдебиеттерде пайда түрінде табыс әкелетін кез-келген
қызмет түрі ретінде бизнес (ағылшынша business) түсінігінің трактовкасы
кеңінен таралды. Бірақ басқа да пікірлер бар. Мысалы, бірқатар зерттеушілер
бизнес сөзі (busy - бос емес деген формадан) уақыт өте келе
мағынасы әртүрлі болған: кәсіп, іс, кәсіпкерлік, іскерлік орта,
компаниялар, еңбекақы көзі сияқты американдықтарың сөзінен шыққан деп
санайды. Көріп отырғанымыздай, әңгіме күрделі және санқырлы категория
туралы болып отыр, сондықтан оны талқылау белгілі бір шектеулерді талап
етеді.
Ал бизнес ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті
Ричард Контильон (1680-1734ж.ж.) енгізген. Ол кәсіпкер деп нарық
жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер бизнес терминнің эволюциясының қалай қалыптасқан қарастыратын
болсақ; 1723ж. Парижде басылып шыққан Коммерцияның жалпылай сөздігінде ең
алғаш кәсіпкер ұғымы, яғни объектіні өндіру немесе құруда өзіне
міндеттеме алатын адам пайда болған 2.
Жыл Автор Түсінік
1725ж. Р. Кантильон: кәсіпкер –ол нарық жағдайында тәуекел етуімен
байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге
асыратын адам
1776ж. А Смит бизнес - кәсіпорының меншік иесі
1797ж К. Бодо кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын
іске жауапкершілігі бар адам
1803ж. Ж.Б. Сэй бизнес- екі өндіріс факторлары еңбек пен
капиталдық тәуекел жағдайындағы шағармашылық
үйлесуі;
1876ж. Ф. Уокер кәсіпкер – ол өзінің ұйымдастырушылық
қабілеттілігімен пайда табатын адам
1934ж. И. Шумпетер кәсіпкер- инновациялардың көзі және дамудың
қозғаушы күші, новаторлар
1964ж П.Друкер кәсіпкер- белгілі бір мүмкіндіктерден
мейілінше көп пайда түсіретін адам
1975ж. А. Шапиро кәсіпкер–ол әлеуметтік –экономикалық
механизмдерді ұйымдастырушы
Кең мағынада категорилық талдау (грекше kategoria - айту, белгі) –
бұл нақты шындықты тану тәсілі, атап айтқанда, зерттелетін объектілердің
әртүрлі жақтарын туындататын нақты-ғылыми категориялар түріндегі
элементтері бар бизнестің экономикалық қызметін тану тәсілі.
Қазіргі түсінікте бизнес іскер адамдардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың табиғи игіліктерді шығару, өнімдер өндіру мен сату, қызметтер
көрсету жөніндегі коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтқанда, бизнес
– бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің пайда табу немесе қандай-да бір
материалдық пайда алу мақсатындағы ісі және басқа қызмет түрі.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін әрекет немесе басқа да
қызмет хобби, мейірімділік қызметтер, көмек көрсету, материалдық және
ақшалай қаржыларды сыйға тарту және беру, жай уақыт өткізу ретінде
қабылдануы мүмкін.
Бизнес ұғымымен кәсіпкерлік түсінігі тығыз байланысты. Көп
жағдайда оларды синонимдер ретінде қолданады, бірақ ол дұрыс емес, өйткені
бұл ұғымдардың мазмұнының көптеген айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік жаңа
өнім түрлерін, жұмыстар мен қызметтерді жасау және игеру үшін мүмкіндіктер
іздеу мен жүзеге асыруға, тәуекелге байланысты жаңашыл, творчестволық және
ынталы шаруашылық қызмет деп түсіндіріледі. Барлық жаңаны іздейтін,
басқалар жасамаған немесе басқаша жасайтын іскер адамдар кәсіпкерлер болып
саналады.
Творчество, іздену және қызметтің жаңа тиімді бағыттарын жүзеге асыру
- міне осы негізгі белгілер кәсіпкерліктің бизнестен айырмашылығы. Ал
бизнес термині болса, жалғыз мақсаты табыс табу немесе материалдық пайда
алу болып табылатын кез-келген үздіксіз немесе кәдімгі қызметті анықтау
үшін қолданылады 3. Дегенмен, бұл жағдайлар кәсіпкерлік негізінде іске
асырылатын бизнес тәрізді жеткілікті түрде кеңінен таралған жағдайды
шектемейді, керісінше, көздеген мақсаттарға тез жету, ірі жетістіктер мен
жоғары табысты көздейді.
Категориялық талдау бизнес түсінігі кәсіпкерлік түсінігінен тек
мазмұны жағынан ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың құрамы бойынша да кең
екендігін көрсетеді. Өйткені ол нарықтық экономиканың барлық
қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және бизнесмендердің ғана
емес, сол сияқты тұтынушылардың да, серіктестердің де, жалдамалы
жұмысшылардың да, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және басқа да
құрылымдардың да әрекетін қамтиды. Бизнесті категориялық талдаудың негізгі
мақсаты қоршаған ортаны жан-жақты зерттеу, экономикалық әлеуетті бағалау
және оның барлық қатысушыларының қызметінің тиімділгін арттыру
мүмкіндіктерін көрсету блоып табылады. Мұнда бизнесті танып-білудің
капитал, жер, өндіріс құралдары, табыс, шығындар, қуаттылық,өнімділік,
тиімділік, модель, фактор, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекел, инвестициялар,
қаржылар, пайыз, ставка, девередж, опцион, дисконт және т.б маңызды
категориялар қолданылады 4.
Өз ісін әр түрлі ұйымдық нысандарда, жеке және кіші кәсіпорындардан
бастап трансұлттық корпорациялар, компаниялар мен қауымдастықтар түрінде
кез-келген адам, топ, ұжым және басқа да адамдардың бірлестіктері бастай
алады. Олардың жалпы ұмтылысы – бұл бизнестің барлық қатысушыларының
лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететіндей табыстар, материалдық
игіліктер мен басқа да пайдалар алу.
Бизнестің мақсаты оның сипатына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Категориялық талдау олардың ішіндегі ең маңыздыларын бөліп көрсетуге
мүмкіндік береді, атап айтқанда:
• тұрақты табыстар мен материалдық игіліктер алу;
• бизнесті дамыту үшін капитал жинау;
• бизнеске қатысушылардың жеке мүдделерін ескере отырып, қоғамның
қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырудың резервтерін
іздестіру;
• ықпал ету өрісін кеңейту және нарықтағы озық позицияларды
иелену;
• өнімдерді өндіру мен сатудың, жұмыстар мен қызметтердің оңтайлы
жағдайларын жасау;
• бизнеске қатысушылардың мүдделерін сақтау және қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
• бизнеске қатысушылардың қабілеттерін көрсетуге ықпал ету;
• әлеуметтік-экономикалық қызметтің әр түрлі сфераларында табысқа
жету;
• бизнес проблемаларын шешуде творчестволық тәсілдерді дамыту;
• тұрақты түрде пайда, табыс және материалдық игіліктер алуға
деген үмітті арттыру
Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене отырып, оның міндеттері қойылады
және оның жағдайын кешенді талдау мен экономикалық бақылау әдістері
анықталады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы түбегейлі оң өзгерістерге
ұшырағанын да ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалдық-құндық
талдаусыз және шаруашылық қызметтің барлық шығындары мен нәтижелерін
өлшемей, бәсекелестік пен конъюнктура деңгейін, сұраныс, ұсыныс және баға
арақатынасын ескере отырып нарық механизмдерін қолданусыз тиімді бизнес
туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз .
Әр түрлі бөліктер мен элементтерден тұратын экономикалық жүйе
ретіндегі бизнесті бақылауды кешенді тұрғыдан қарастырудың маңызы ерекше.
Мұнда шаруашылық субъектілері қызметінің экономикалық, құқықтық, саяси,
әлеуметтік-мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және салалық
жағдайларын қоса бизнестің макро-, мезо-, микроорталарының жағдайын арнаулы
талдауға ерекше көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі деп экономикалық қызметтің
жұмыс істеуінің жалпы тәртібіне әрқайсысы өз үлестерін қосатын, өзара
байланысты бөліктер мен элементтерден тұратын белгілі бір тұтастықты
айтамыз. Кешенді талдау мен экономикалық бақылау объектісі ретінде бизнес
шаруашылық субъектілерінің іскерлік байланыстарының күрделі желісін
білдіреді. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың әр түрлі элементтері мен
оның инфрақұрылымы, жекелеген салалар, аймақтар мен ұдайы өндіріс
процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы және шаруашылық субъектілерінің
іскерлік қарым-қатынастарының әр түрлі аспектілері кіруі мүмкін.
Сонымен бір мезгілде бизнес оның белгілі бір қатысушыларының
экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде көрінеді. Қазіргі бизнестің
қатысушыларын 4 ірілендірілген топқа бөлуге болады5:
1. Кәсіпкерлер – бұл өнімдерді өндіру мен сату, қызметтер көрсету жөніндегі
өзінің ынталы әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар. ¤зінің қызметі барысында
олар басқа шаруашылық субъектілермен іскерлік қарым-қатынасқа түседі.
Нәтижесінде үш негізгі компонент: өнім өндіру, сауда (коммерция) және
коммерциялық кәсіпкерлік кіретін кәсіпкерлік бизнес сферасы қалыптасады.
2. Кәсіпкерлер ұсынатын өнімді жеке және ұжымдық тұтынушылар. Бизнестің осы
тобының қатысушыларының мүдделері өзара пайдалылық негізінде өнімді
өндірушілермен және сатушылармен қарым-қатынастарын реттеу барысында
тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
3. Іскерлік мүдделері орындаған жұмыстарының нәтижесінде алынатын жеке
табыстары арқылы жүзеге асырылатын жалдамалы персонал мен олардың кәсіби
одақтары. Бұл топтың қатысушылары еңбек бизнесінің сферасын құрайды.
4. Іскерлік келісімдердің тікелей қатысушылары болғандағы мемлекеттік
органдар, мекемелер мен ұйымдар. Олардың мүдделері тұтас мемлекеттің,
сондай-ақ оның барлық азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында жалпымемлекеттік ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік
және басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы көрінеді. Бұл топ
мемлекеттік бизнес сферасын құрайды.
Материалдық өндіріс пен әлеуметтік сфераны қоса, адамдар өмірінің әр
түрлі жақтары бизнес объектісі болуы мүмкін. Қызмет сферасына байланысты,
ең алдымен, өндірістік, коммерциялық және қаржылық бизнес түрлерін
ажыратады. Олар бизнестің жеке түрі бола отырып, өзара байланысты болуы
және бірін-бірі толықтыруы мүмкін.
Өндірістік бизнес ел экономикасын дамытуда маңызды және анықтаушы
мәнге ие. Бұл бизнестің ең күрделі және қиын түрлерінің бірі. Нарықтық
экономикаға өтпелі кезеңде ТМД елдеріндегі көптеген кәспкерлер басым
жағдайда бизнестің коммерциялық сферасына ұмтылды. Қоғамдағы экономикалық
жағдайдың тұрақтануына қарай өндірістік бизнес кеңейе түседі және өзінінің
негізгі орынын алады.
Коммерциялық бизнес сатып алу-сату және сауда-делдалдық әрекеттерге
қатысты операцияларды жүргізгенде қалыптасатын тауар-ақша қатынастарымен
сипатталады. Мұнда бизнесменге нақты өнім, жұмыс, қызмет түрлеріне
бәсекелестік деңгейін, нарық конъюнктурасын, сұраныс, ұсыныс және баға
арақатынасын анықтау қажет. Не және қалай сатып алу керек, қашан және қайда
сату керек, қандай тауарлар мен қызметтер сұранысқа ие болады және ең
бастысы пайда әкеледі деген сұрауларға жауап табу мақсатында маркетингтік
зерттеулер жүргізу керек.
Қаржылық бизнес – сатып алу-сату объектісі ақша, бағалы қағаздар және
қарыздық міндеттемелер болып табылатын коммерциялық бизнестің ерекше түрі.
Валюта-ақша және қаржы-несие операцияларын жүргізу шығындарды жабу және
пайда алу үшін кәсіпкерлік табыс әкелуі тиіс. Қаржылық бизнес валюта нарығы
мен бағалы қағаздар нарығына жүргізілген маркетингтік зерттеулерге
негізделеді.
Бизнестің кез-келген түрінің қалыпты жұмыс істеуі үшін сәйкес
инфрақұрылым қажет. Бизнес инфрақұрылымы – бұл шаруашылық субъектілерінің
әр түрлі іскерлік қатынастарын тұтас байланыстыратын, ұйымдық-құқықтық
нысандардың жиынтығы 6.
Бизнес инфрақұрылымының маңызды элементтері:
• информациялық жүйелер, технологиялар мен басқа да коммуникация құралдары;
• қаржы-несие жүйесі, банкілер мен қор биржалары;
• инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру және трасттық
компаниялар;
• сауда-делдалдық ұйымдар, тауарлық- шикізаттық биржалар, жәрмеңкелер,
көрмелер мен аукциондар;
• салық, кеден, бақылау және бизнесті мемлекеттік реттеудің басқа да
органдары;
• аудиторлық, консалтингтік, жарнамалық және ақпараттық ұйымдар және
бұқаралық ақпарат құралдары;
• бизнеске қатысты қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар
Бизнестің көптеген функцияларының ішінде өндірістік функциясының орыны
ерекше. Өнім өндірілмесе сатылатын ештеңе болмас еді, бәсекелестік
деңгейін, нарық конъюнктурасын зерттеудің қажеті болмас еді. Нақ осы
өндіріс процесінде жекелеген элементтерді біріктіру жүргізіледі: капитал,
жалдамалы жұмысшылардың еңбегі, табиғат ресурстары, еңбек құралдары және
маңыздылығы еш кем емес төртінші фактор – кәсіпкерлердің жасаушы қызметі
мен өндірісті ұйымдастырушылар. Ең жоғары нәтижелерге жету, жоғары табыстар
мен басқа да материалдық игіліктерге ие болу мақсатында ұдайы өндіріс
процесінің барлық кезеңдері оңтайлы тәртіпте жүргізілуі тиіс.
Бизнестің қазіргі нарықтық тұжырымдамасы бұрынғысынан барынша тезірек
жоғары пайда алуға бағытталғандығымен емес, аз көлемдегі табыс жағдайындағы
ұзақ мерзімді рентабелділік пен тұрақтылыққа бағытталғандығымен
ерекшеленеді. Қолайлы бәсекелестік деңгейі мен нарық конъюнктурасын баға
маркетингі, жеке бизнесті мемлекеттік реттеу мен ынталандыру көмегімен
үйлестіру оның әлеуметтік мәртебесі мен этикалық деңгейінің өсуіне алып
келеді.
Осының барлығы экономиканың даму тенденциясын, сәйкес табыстарды,
материалдық және рухани игіліктерді алуда әділдік қағидалары мен
мүмкіндіктер теңдігінің сақталуын, бизнестің барлық қатысушыларының
тұтастығы мен демократиялық еркіндік алуын жағымды сипаттайды.
Әлемдік экономиканың даму тенденциясын және осы кезеңдегі артықшылықты
факторлардың жиынтығының әсерін айқындай отырып, ғалымдар мен маман-
тәжірибешілер өздерінің бизнеске деген көзқарастарын қайта қарайды, оның
жаңа тұжырымдамаларын жасайды. Мұнда нарықтық экономикалы индустриалдық
дамыған елдердегі бизнесті ұйымдастырудың түрлері, нысандары мен озық
тәжірибелері сыни тұрғыдан талданады. Мысалға, қазіргі уақытта АҚШ-та,
Ұлыбритания мен Германияда бос уақыттың артуы, ішкіфирмалық жоспарлау,
ғаламдану және бизнестің дамуының халықаралық аспектілері сияқты
факторларға басымдылықпен назар аударылуда.
Әр елдің экономикалық дамуының әр түрлі кезеңдерінде бизнестің
жағдайына әсерін тигізетін белгілі бір факторлардың маңызы зор. Қазіргі
уақытта жаңа технология мен өнім түрлерін жасауға, ұдайы өндіріс процесінің
тиімділігін арттыруға, фирмалардың, елдер мен аймақтардың арасындағы
шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде бизнесті ғаламдандыруға
ерекше көңіл бөлінуде.
Бизнесті кеңейту жағдайларын қарастырғанда ұдайы өндіріс процесінің
барлық кезеңдерінде ұтымды қолданылуы тиіс табиғат, еңбек және материалдық
ресурстар сияқты факторлар бірінші кезекті маңызға ие.
Нақ осы арада өндірісті ұйымдастырушылардың, бизнестің барлық
қатысушыларының: кәсіпкерлердің, жалдамалы персоналдың, қаржы-несие және
нарықтық экономиканың басқа сфералары жұмысшыларының ынталылығы мен
жетіктілігі көрінуі тиіс.
Бизнес позициясының қалыптасуы мен нығаюына мемлекеттік реттеу,
монополия мен инфляцияның әсерін төмендету, қоғам мен оның ұйымдық-
институционалдық құрылымдары тарапынан кәсіпекрлікті қолдау сияқты нарықтық
емес факторлар да өзіндік ролін атқаруы қажет. Бизнеске қатысушылар өз
ісінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін экономика мен
саясаттағы болжауға болмайтын құбылыстарға уақытында және барабар
(адекватты) жауап қайтаруды үйренуі тиіс7.
Шағын және орта кәсіпорындар – экономиканың негізі, өйткені
кәсіпкерлер нарық конъюктурасының өзгеруіне жедел жауап береді, өз
қорларын, тұрып қалған күштері мен адамдарын жұмылдырады. Сондықтан, шағын
және орта бизнесті мемлекеттік қолдау Қазақстан экономикасының қазіргі
кезеңінде тұрақтандыруға әсер етеді. Шағын және орта бизнеске мемлекеттік
көмек көрсету Қазақстан Республикасының Президенті жарлығына да және
өкіметтік құжаттарда көрсетілгендей, экономика реформасы бағытында маңызы
зор. Бәсекелестің дамуына әсер етіп, қызмет және тауармен тұтынушы нарығын
толтырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлер мен меншік иелерінің кең
топтарының дамуына әсер етті 8.
Шағын бизнес түріндегі кәсіпкерлік біздің елімізде зор болашаққа ие
болуы тиіс. Осыған байланысты, барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға
әлі де бизнес кең тыныс алу үшін және мемлекеттегі тұрақтылықтың негізі
болуы үшін көп істер атқаруы қажет болып отыр.
Қазақстанның экономикасының қор негізін нарық қатынасына өткенге
дейінгі кезеңде ірі, алып өнеркәсіпті құрады және шағын және орта бизнеске
мемлекет көңіл бөлмеді. Бірақ , жоспарлы экономиканы трансформациялау
кезеңінде шағын және орта бизнес мемлекеттің стратегиялық дамуын таратуда
негізгі аспап болып табылады. Мемлекет деңгейіндегі нарықты экономикаға
өткен елдерде шағын және орта бизнеске өту және оны дамыту жүздеген
жылдарға созылды. Қазақстанда экономиканың осы секторы санаулы жылдарда
дамыды. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бағытындағы мемлекеттік
бағдарламаның Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуы мен
құрылымдарының негізін қалады және осы қайтымсыз процесстер тенденциясын
жасады.
Біз білетіндей, бүгінде шағын және орта бизнес субъектісінің негізгі
бөлігі сауда және қызмет саласында жұмыс атқаруда. Бірақ нарық жағдайында
жаңа фазаға көшу мүмкін емес болып отыр, өйткені жоғары технолнгиялық
кәсіпорындары бар шағын бизнес салалары негізгі бәсекелестіктің факторы
болып табылады және жаңа жұмыс орындарын құрып отыр.
1.2 Шағын бизнестің экономикадағы ролі мен орыны
Жалпы шағын бизнес микродеңгейде нақты әлеуметтік-экокномикалық ортада
іске асады және осы ортамен үнемі санасады, өйткені өзі осы ортадан шыққан.
Шағын бизнес осы орта өнімі болып табылады. Шағын бизнес – бұл экономикалық
белсенділіктің ерекше түрі. Ол өзіндік бастамашылыққа, жауапкершілікке
негізделген инновациялық кәсіпкерлік идея. Экономикалық белсенділік –
қоғамдық өндіріске жеке адамның қатысу нысанын және өзінің, жанұя
мүшелерінің өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қаражат табу тәсілі. Жеке
адамның қоғамдық өндіріске қатысуының бұл нысаны функционалды міндеттеме
немесе олардың комбинациясы болады. Егер ол келесі тұлға ретінде қатысса:
• Үнемі және кепілді табыс әкелетін объектінің, жылжымайтын
мүліктің жене тағы басқа меншік иесі ретінде (жалға берілетін
үйдің немесе кәсіпорының меншік иесі).
• Еңбек күшін сататын жалдамалы жұмыскер ретінде (сварщик,
сатушы, автокөлік жуушы және т.б.).
• Жеке дара өндіруші ретінде (өз еңбектерін өткізу арқылы
табатын табысына өмір сүретін дербес суретші немесе
автокөлікті такси ретінде қолдану арқылы табысына өмір сүретін
жүргізуші жене т.б.).
• Менеджер ретінде (біреудің кәсіпорынын басқарушы).
• Қорғаныс – күзет қызметкері ретінде (қарашын, күзетші т.б.).
Шағын және орта бизнес жаңа тауарды өндіру болсын, қызметті басқа
профильге ауыстыру және жаңа кәсіпорын ашу болсын инновациалық мезеттің
болуын талап етеді. Өндірісті басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті
ұйымдастырудың жаңа тәсілін және жаңа технологияны енгізу – бұлардың
барлығы инновациялық мезет болып есептеледі.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі – кәсіпкер болып
табылады. Бірақ, кәсіпкер жалғысу субъектісі бола алмайды. Өйткені, ол
тұтынушымен үнемі қарым-қатынаста болады.Сонымен қатар бұл жерде көмекші
немесе қарсы шығушы ретінде мемлекет те қатынасқа түседі.
Тұтынушы да, мемлекет те, жалдамалы жұмысшы да(егер кәсіпкер жалғыз
жұмыс істемесе), бизнес бойынша әріптестер де кәсіпкерлік субъектілер
категориясына жатады.
Бизнесмен мен тұтынушы арасындағы қарым-қатынаста кәсіпкер белсенді
субъект категориясына жатады, ал тұтынушыға әрекетсіздік қасиет тән. Осы
қатынасты талдай келе, тұтынушы кәсіпкерлік прцестің индикаторын
атқаратындығын айта кеткен жөн. Бұл түсінікті. Өйткені, кәсіпкер қызметінің
пәнін құрайтын заттарға тұтынушы оң баға бергенде ғана бұл заттар өтімді
болады. Мұндай бағалау тұтынушы арқылы жүзеге асады және қандай да бір
тауарды сатып алуға дайын екенін білдіреді. Кәсіпкер өз қызметін
ұйымдастыруда тұтынушының көңіл-күйін, қалауын және күтуін елемей қоймайды
9.
Сонымен, кәсіпкердің мақсаты тұтынушының көңілінен шығу, өз
тұтынушылар ортасының болуына ұмтылу.
Қарастырылған мәселелерді тұжырымдай келсек: қоғамдық өндіріс
көзқарасынан бизнесмен белсенді субъект рөлін атқарса, кәсіпкелік процесс
көзқарасынан белсенді рөлді тұтынушы атқарады және кәсіпкер бұл деректі
елемей қоя алмайды.
Кәсіпкерлік процесс субъектісі ретіндегі мемлекеттің рөлі, іскерлік
белсенділік ортада пайда болатын қоғамдық жағдайларға, ахуалдарға және
мемлекеттің өз алдына қойған мақсатына байланысты әртүрлі болады.
Нақты жағдайларға байланысты мемлекет болуы мүмкін:
• Шағын және орта бизнес дамуына қолайсыз жағдай жасаса, немесе
оны шектесе, кәсіпкерлік дамуының тежеуіші;
• Мемлекет шағын және орта бизнестің дамуына тікелей қарсы іс-
әрекет жасамаса, бірақ оның дамуына мүмкіндік те жасамаса,
бөгде бақылаушы;
• Мемлекет кәсіпкерлік процеске тарту үшін жаңа агенттерді үнемі
бнелсенді іздесе, кәсіпкерлік процесті жеделдетуші бола алады.
Жалдамалы жұмысшы да кәсіпкерлік идеяны жүзеге асырушы ретінде
кәсіпкерлік процестің субъектілер тобына жатады. Кәсіпкерлік идеяның жүзеге
асу нәтижелігі және сапасы жалдамалы жұмысшыға байланысты 10.
Әрбір экономикалық субъектінің өз мүддесі болатындығы мәлім. Ал,
кәсіпкер мен жалдамалы жұмысшының жоспарларының бір бөлігі сәйкес келеді
(табыс жоғарылаған сайын, жалақы жоғарылайды), ал бір бөлігі қарама-қайшы
сипатқа ие(кәсіпкер жоғары жплақы төлеуге мүдделі емес, ал жалдамалы
жұмысшы жалақы жоғары болғанын қалайды). Мұндай жағдайда екі жақ өздерін
қанағаттандыратын келісімге келеді. Осындай келісімдер кәсіпкерлік
процестің екі субъектісінің қатынасының негізін құрайды.
Еңбек бөлінісі негізінде қазіргі заман жағдайында әрбір бизнесмен
терең мамандандырылған өндірісте қызмет атқарады.
Кез-келген кәсіпкер эффективті әріптестік байланыстарды қажет етеді:
тек осы жағдайда ғана ол тұтас өндірістік процесте нәтижелі қызмет жасайды.
Кәсіпкерлер жалпы экономикалық процестен салыстырмалы оқшауланған
әріптестік байланысты ұстанғанда жағдай идеалды болады. Талдау үшін тұтас
өндірістік процесті алсақ, ол көптеген фрагменттерден тұрады, олардың
әрқайсысы кәсіпкерлік қызметте нақты орын табады.
Нарықтық жағдайда кәсіпкер үнемі басқа кәсіпкерлермен байланыста
болып, үнемі нәтижелі әріптестік қарым-қатынас іздеу үстінде болады.
Сонымен, бизнесмен өз қызметін ұйымдастыру кезінде әріптестерін
кәсіпкерлік процесс субъектісі ретінде қарастырады. Әріптестердің қарым-
қатынастарының нысанына кәсіпкердің қызметінің нәтижелілігі тәуелді.
Шағын және орта бизнес белсенділігінің мақсаты –сұранысқа ие және
пайда әкелетін тауарды өндіру және нарықта сату немесе ұсыныс жасау. Пайда
– өндіріс және нарыққа тауар шығару барысында және кәсіпкерлік шешімді
дұрыс қабылдап, жүзеге асыру нәтижесінде түскен табыстың шығыннан кейін
қалған бөлігі 11.
Бірақ, пайда алу тек бизнеске ғана емес, сонымен қатар басқа да
іскерлік белсенділік нысандарына да тән нәрсе. Осыған байланысты
кәсіпкерлік пайда және кәсіпкерлік табыс сияқты экономикалық категорияларға
көңіл аудару керек. Инновациялық қызметтен түскен табыстар, яғни, өндірісті
ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізуден түскен табыстар кәсіпкерлік табысты
құрайды. Кәсіпкерлік табыс дегенде біз кәсіпкердің табиғи қаситіне
байланысты немесе сыртқы жағдайларға байланысты өндіріс факторларын жаңаша
комбинациялау және талдай білуі арқылы түсетін қосымша табыс, басқарудан
түскен табыс, артық табысты(излишек), түсінуіміз керек.
Шағын бизнесті ұйымдастыру нысандарының кеңейтілген сызбасы
Ұйымдастырушылық блогы
-өкілетті салалық орган;
- шағын бизнесті қолдау агенттігі
- бизнесті дамытудың қоры
- банктер
- бизнес жоспарлар
ррррррррр
Талдау блогі
-ішкі нарықтағы сұраныс
пен ұсыныстың төлем
қабілетінің балансы
-сыртқы нарықтағы
сұраныстың төлем
қабілеттілігі балансы
-тауарларға мүмкін
болатын көлемін бағалау
Мемлекеттік реттеу блогы
-салықтар, акциздер,т.б
-кеден салығы, тарифтер
-бағалар, прейскуранттар
-құқықтық актілер;
1 - сурет
Басқаша айтқанда , кәсіпкер пайдасы (егер жәй іскер адам емес нағыз
кәсіпкер туралы айтылса) екі элеметтен құрылады:
• іскер адамның әдеттегі пайдасы ;
• іскер адамның әдеттегі пайдасынан артықшылық.
Екінші элемент кәсіпкерлік табыс (пайда) ретінде қарастырылады, яғни,
инновацилық қызмет үшін және өндірістегі жаңашылдық үшін қоғамдық
мараппаттау нысандары 12.
Сонымен, әрбір кәсіпкер, іскер адам ретінде қарастырылады. Бірақ,
нағыз кәсіпкер феномені туралы сөз болса, барлық іскер адамдарды
кәсіпкерлер категориясына жатқызуға болмайды.
Бизнестің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері
бар. Оның ішінде ең негізгілерінің бірі-шаруашылық субьектілерінің
еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін
қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы -
экономикалық іс әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау
еркіндігі. Әрбір қызметкердің өз істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы
бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар
сыртқы орта мен субьектілер әрекетінің нәтежиесінен шығады. Дегенмен,
бизнес қызметтің басты шарты-барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім
қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады. Бизнеске тән тағы бір
сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел - жоспар немесе
болжауды қарастырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе
зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын
және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы жатады.
Бизнестің келесі белгісі ол толық экономикалық жауапкершілік және
бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз
міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен
қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны
ластамау; өндірістің Қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлы
гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті.
Бизнестің жүзеге асыраушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық;
шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлікте этикет әрекеттері; жеке
қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден
ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау
іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Бизнестің атқаратын қызметтеріне келетін болсақ: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және басқарушылық қызметтері бар.
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалды техникалық қамтамасыз
етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал жабдықтар және тағы
басқаларымен өзара байланыстылығын жүзеге асырады.
Коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және
кәсіпорындар мен нарықтық контрагенттер арасындағы айырбас процесін
басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар-ақша және сауда-айырбас
операциялары және сату- сатып алу бойынша келісімдер арқылы да жүзеге
асырылады.
Қаржылық қызметі келесі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы
есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың
мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау; ақша нарығы; банктер,
инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыстар қалыптастыру; сатып
алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингілік
қызметтер және тағы басқалар.
Басқарушылық қызмет кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар
немесе ақпарат құралдармен өзара қарым қатынастарын басқаруы, бизнес
идеялар, инициативалық талаптарды және басқару - менеджмент тәжірибелерін
қалыптастырып, тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару,
ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану; және
бизнес қажеттіліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарту, таңдау, жұмысқа алу.
Сонымен, кәсіпкер - қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін
келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:
- нарықты зерттеу арқылы төлем қабілетті сұранысы бар тауарлар мен
қызметтер іздеу;
- тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды
бағалау; төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
- бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру
және оларды басқару;
- маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар
мен қызметтерді сату, тарату;
- табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, резервтік қорлар,
дивиденттерді төлеу қорлары арасында т.б. тиімді бөлу;
Кез -келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтес
фазаларымен байланысты болғандықтан, бизнестің келесі түрлерін бөліп айтуға
болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық. Өндірістік бизнес негізінен
тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру мен тұтынуға; коммерциялыҚ -оларды
айырбастау мен өткізуге; қаржылық айналысқа, құндар айырбасына байланысты
жүзеге асырады. Бизнестің бұл түрлерінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне
байланысты әрқайсысының ерекшеліктері болғандықтан, олар бірін-бірі
толықтырып отырады. Ал шағын бизнес ол бизнестің бір ерекше түрі деуге
болады, ол оның формасы кез келген түрде: жекеменшік, серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі қоғам ретінде болуы мүмкін. Сондықтан да шағын
бизнестің екі экономикалық мәні анықталынады: біріншіден, оның объективті
түрде өмір сүруі және экономкалық секторы ретінде дамитындығы; екіншіден,
бизнес қызметтің ерекше түрі болып табылатындығы. Шағын бизнесті
экономиканың секторы ретінде қарастыру қоғамдық өндірістің екі -
техникалық ұйымдастыру мен әлеуметтік - экономикалық жағының бірлігін
күште, яғни, өндірістің материалдық заттық элементтер жиынтығы, жұмыс күші
мен өндірісті ұйымдастырудың түрі арқылы анықтама, екінші жағы өндірістің
қоғамдық түрін құрайтын өндірістік қатынастармен анықталып отырады. Шағын
бизнестің негізгі экономикалық белгілеріне жататындар:
- шарушылықты тәуекелділікпен жүзеге асыру(оқшалануы),
- қызметтің белгілі бір түріне мамандануы;
- өндірілген тауардың нарықта сатылуы, сатып алынуы.
Шағын бизнестің клеткасы- шағын кәсіпорындар. Осыдан шағын бизнестің
шағын кәсіпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше секторы немесе
нарық жағдайындағы өндірістің ерекше қоғамдық формасы екендігі
анықталынады.

Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының тұрақты
өсуі және онда жұмыс істейтіндердің көлемінінің артуына қарамастан шағын
бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі
көп емес. Ол осы экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі: салық
салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен өзара әрекеті және т.б.
салалардағы мәселелер. Сондықтан кәсіпкерлер алдында несиені алу кезіндегі
немесе қаржылық көмек жағдайында әртүрлі кедергілер орын алады. Сол
проблеманың ең бастылырының бірі- заң шығарушылық базаның тұрақсыздығы.
Әринә, заңдар қабылданған, мысалы: " Жеке кәсіпкерлікті дамытуға және
қолдау Заңы; " Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңы"; "Шағын
кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру
жөніндегі шаралар туралы ҚР-ның Президентінің жарлығы және бүгінгі күні де
қабылдануда. Бірақ бұл нормативтік құқықтық актілер іс-жүзінде толық жүзеге
асырылмағандықтан еліміздің кәсіпкерлері үшін біршама қиындықтар туады. Ол
нормативті-құқықтық актілердің орындалмауы, шағын кәсіпорындардың ісіне
араласу, көптеген тексеруші және қадағалаушы басқару органдарына
тексерушілік қызметтері шағын кәсіпкерлер жұмысының тоқтатылуына әсерін
тигізеді. Бұл кедергілермен қатар, кәсіпкерлік қызметті бақылайтын салық
инспекциясы, жергілікті әкімшілік бөлімдері, санитарлық-экологиялық
инспекциялар, өрттен қорғау орталықтары және тағы басқасы кәсіпкерлердің
мүдделерімен көзқарасына кеміте отырып, көп жағдайда заңдық және заң
шығаушылық пен сот органдарының функцияларымен өкілеттіліктеріне иемденіп
алды. Бұл өз кезегінде бюракратизмге ұштасады, яғни ол дегеніміз заңсыз
ақша талап етуді тиімді құралы болып табылады. Ауыр салық екі түрде
жүргізіледі: Жартылай жария және жасырын. Жартылай жарияға, жергілікті
өкілетті бастамасымен жүргізілетін кәсіпорындарға заң шеңберінен шығып
кететін шекте, ақшалай санада салық салуы. Екінші форма- жасырын ауыр
салық, нақтылы шенеуніктердің қалтасына тікелей пара түрінде түседі. ол өз
деңгейінде кәсіпкерлерге теріс ықпал етіп, олардың жұмысын жүзеге асыруға
кедергі болады.
Келесі негізгі мәселе - ол тиімді қаржылық қолдауы, яғни
кәсіпкерлердің инвестициялық несиелерді алуы болып табылады. Кәсіпкерлер
Республиканың банк жүйесінен; шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан; Еуропалық
Қайта құру мен дамыту банксінің ашық несиелік тізбегінен; шағын
кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын
бизнесті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау
механизмінің жетілдіруінің қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кезінде
кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілерге жататындар: жоғарғы пайыз
мөлшерлемесі; несиені қайтарудың қысқамерзімділігі; несие алудағы құжаттар
санының көптігі; кепілдікпен қамтамасыз ету проблемалары. Несие алудың
негізгі мәселелерін келесі факторларда да толықтырады: несие алу кезіндегі
банктерге тапсыратын құжаттарды толтыру білімінің жетілмеуі; ақпаратпен
толық қамтылмауы; бизнес -жоспарды жасаудың толықсыздығы; елдегі шағын
кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған несиелердің көздері туралы шетелдік,
отандық бағдарламалардың ақпаратпен қамтамасыз етілмеуі. Аталған барлық
факторлар кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне несие алуға кедергі келтіреді.
Ел Президенті атап көрсеткендей: Даму банкі мен Инвестициялық
қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры өзіндік бір үлкен қаржылық маркетке айналуы
тиіс.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыру көздері
2 - сурет
*ҚР-ның Статистика жөніндегі Агенттінің мәліметі бойынша
Осыған байланысты шағын бизнес субъектілерін қаржыландыру
мәселесіне келетін болсақ, бүгінгі таңда еліміздегі шағын кәсіпкерлердің
қаражат көздерінің 75%-жеке жинақтары мен туыстарының қаржы құралдарынан,
15%-сыртқы көздер, 10%-банктерден құралады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі проблемалардың ең
маңыздыларының бірі - салық саясатының жетілмеуі болып табылады. Бұл
мәселен заңдылық нормативті фактілердің жиі өзгеруі, салық салу
қойылымдарының жоғары болуы, салық түрлерінің өте көпжақтылығы және
салықтар мен төлемдерді жинаудың күрделі жүйесін жатқызуға болады. Ал шағын
және орта бизнесті дамытуда салықтың маңызы зор. Қазіргі кездегі шағын
кәсіпорындардың 40 %-і 1992-1993ж.ж- да салықтық жеңілдіктер мен
несиелендіру мүмкіндіктеріне ие болған уақытта құрылған. Салық кодексін
қабылдағаннан кейін бұл кәсіпорындардың құрылуы мен жүзеге асуы
қысқартылды. Негізгі себеп- кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша
шаралар жүйесінің жоқтығы болды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша салықтардың 11 түрі,
ал алымдардың салмалық көлемі 45-50% құрайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік
қызметтің салықтық реттелуінде, елімізде заңдардың, яғни салық туралы
заңдар жүйесінің шексіз өзгертіліп отырылуы негізгі проблемалардың бірі
болып табылады. Салық жүйесін белгілейтін негізгі заңның 24.VI.95ж
енгізілгеннен кейін, оған толықтулар мен өзгертулер 16 рет болған.
Сондықтан, бұл мәселе кәсіпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына орай
тұрақсыздық тудырады.
Кесте 2 - Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер27
Бұл мәселелердің әсерінен мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық
түсімдердегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі төмендейді. Егер
1996ж. шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтар мен төлемдер саласы 7,9%,
1997ж.-10,3%. 1998ж.-7,1% құраған болса қазіргі уақытта олардың үлесі
өсудің орнына бір деңгейде қалып отыр. Жалпы қазіргі кезде Қазақстанда
қалыптасқан салық және салық салу жүйесі шағын кәсіпкерліктің дамуына
айтарлықтай ықпал жасай қоймайды. Осы айтылған мәселелерді 2-кесте
мәліметтері айқын дәлелдейді.
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғандай, маңызды сыртқы фактор ретінде
салық салу жүйесі екендігі көрініс табады. Сондықтан жоспарланған
кезеңдерге салық салу жүйесінің қызметін ынталандыру үшін:
-әр түрлі салықтар бойынша төлеу ережелерін жеңілдету және төлеу уақыттарын
бекіту;
- қосымша құн салығын төмендету;
- салықтарды пайдалануы туралы есептін жариялым;
-салық салу жөніндегі жаңа құжаттармен салық төлеушілерді ақпаратпен
қамтамасыз ету;
-шағын бизнестің аймақтық маңызды өнім өндіретін кәсіпорындарын салықтық
жеңілдіктермен қамтамасыз ету;
- салық қойылымдарының деңгейін төмендету;
- салықтың нормативті-құқықтық құжаттардың қабылдануы мен тиімді
пайдалануын бақылау қажеттілігі;
- шағын кәсіпорындарды алғашқы 2-3ж. бойына пайдаға деген салықтан толық
босату, кейінгі 4-5ж. жеңілдікдіктер беру;
- прогрессивті салық жүйесін қалыптастыру (мысалы, АҚШ-та 25 мың дол. дейін-
15%, 25-30 мың долл. -18%, 50-75 мың долл.-30%, 75-200 мың долл.-40%
мөлшерлеме қабылданған);
Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу салықтық жүйенің
кмшіліктері көп жылдан бері Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына
кедергі мәселелердің бірі болып келеді. Бұл осы көрсетілген мәселеге
мемлекеттік құрылым жағынан жеткіліксіз көңіл аударылатыны, немесе
әлеуметтік-экономикалық жағдайды өзгерту мүмкіндіктері жоқтығынан екендігін
куаландырады.
Бірақ, 2006-2007жылдар аралығында шағын және орта кәсіпорындардың
салықты төлеуде бірнеше енгізілген өзгерістері қарастыратын салық және
басқа бюджетке төлемдер туралы бірқатар заңдар мен заңдылық актілер
қабылданды. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің шағын бизнеске салық салынуына
өзгерістерге қатысты ойын оқып зерттеуге және Қазақстандағы шағын және орта
бизнестің дамуын ұстанатын, жаңа салықтық заңдылықтарға баға беруге
мүмкіндік бар.
Шағын және орта бизнес орталығы жүргізген зерттеулері шағын және орта
бизнестің дамуына кедергі келтіретін салық салудың басты мәселелерін ғана
айқындап қоймай, сонымен қатар, басты құндылықтардың қажеттіліктеріне
динамика өзгерістерін қарастырады.
Мониторинг жүргізген уақытта алынған мәліметтерде 2006 жылы
кәсіпкерлердің салық салу сұрағы бойынша ойлары алдыңғы жылмен
салыстырғанда өзгерді.
Сонымен, 2007 жылы нормативті-заңды актілердің жиі өзгеруі сияқты
мәселе бірінші орында, ал 2006 жылғы нәтиже бойынша бұл мәселе екінші
орынға жылжыды осы жерде айта кететін жай, берілген мәселе әлі де
айқындалмай келеді. Сол уақытта “қойлымның” жоғарылауы пункті екінші орынан
үшінші орынға ауысты. Бұл жаңа салықтық кодексінде қойылған жаңа салық
негізінде, салықтық ставканың өзгеруі және қызмет етуші төлемдердің
салықтық базасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуде шектеуліктер
қарастырылғандығымен түсіндіріледі. Сондай-ақ бірнеше бірнеше салық
ставкалары төмендетілді және шағын және орта бизнес субъектлері үшін арнайы
салықтық режимді пайдалану мүкіндігі қарастырылған.
Респонденттердің көзқарастары бойынша, салықтық кодекс жобасы кеңінен
талқыланды және 2007 жыл ішінде кәсіпкерлердің көп бөлігі шағын және орта
кәсіпорын жұмысы жағдайын жақсартуды және салықтық саясатты жеңілдетуді
талап етті. Бірақ, жақсарту жағдайының нақты өзгерістері туралы бірнеше
уақыттан кейін айтуға тура келеді. Ең біріншіден бұл шағын және орта бизнес
субъектлері үшін арнайы салықтық режимді қабылдауға қатысты болып отыр.
Зерттеулердің нәтижесі бойынша, кәсіпкерлердің қызметіне кедергі
салықтық жүйе кемшіліктерінің бөлінуі, әртүрлі қызмет түрлерімен
ерекшеленетінін 3 - кесте мәліметтер куәландырады.
Яғни, өндірістік сфера үшін салықтық қызмет іс-әрекетіндегі қиындықтар
және инструкцияның екі мағыналығы сияқты мәселелер бірінші орынға ие. Шағын
және орта өндірістік кәсіпорындардың басшылары осы пайда болған жағдайдың
басты екі себебін атап айтты:
Біріншіден, жалпы бизнесмендердің салықтық заңдылықтарды білмеуінен,
яғни бұл тек тәртіп бұзуға ғана емес, кәсіпкерлердің салық заңдылықтарының
барлық талаптарын орындау мүмкін еместігі туралы ойды қалыптастырады.
Екіншіден, бір қызмет түрін реттепотыратын заңды актілердің көп
болуына қатысты, ал кейде бір-бірін толықтырып отырушылар. Респонденттердің
көзқарастары бойынша кейбір салық қызметкерлері осы жағдайды пайдаланады
және жағдайға байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz