Негізгі құралдардың амортизация есебі


Жоспар:
кіріспе
1 негізгі құралдар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі және бағалануы
1. 2 Негізгі құралдар есебі мен аудитін ұйымдастырудың теориялық негіздері
2 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы
2. 1 Материалдық емес активтерді бағалау және тану
2. 2 Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу
2. 3 Материалдық емес активтерді түгендеу
3 «Жанабет астана» жшс-дегі негізгі құралдар есебінің жағдайы
3. 1 «Жанабет Астана» ЖШС-інің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
3. 2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
3. 3 Негізгі құралдардың амортизация есебі
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
3
6
6
11
14
14
22
22
24
24
33
37
38
40
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы жолдауында “Экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.
Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі құралдардың сапалық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды /1/.
Өндірісті дамытудың негізі - кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі құралдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы. Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет - бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек /8/.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы) ; еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі) ; негізгі қорлар (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т. б. ), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және кәсіпорынның байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек, мұнсыз дүниежүзілік нарықта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты - кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі мен аудитінің жүргізілуін қарастырып, ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай зерттеу жұмысының келесідей міндеттері қойылып, шешілді:
- негізгі құралдардың түсінігі, жіктелуі және бағалануы нақты
көрсетілді;
- негізгі құралдар есебінің нормативті - құқықтық реттелуі
анықталды;
- негізгі құралдардың пайдалану тиімділігіне талдау жасалды;
- негізгі құралдардын аудитінің ұйымдастырылуы көрсетілді;
- негізгі құралдардың қозғалысы есебінің, амортизация есебінің мәнін нақтылау және жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалды.
Жұмыстың зерттеу объектісі - Астана қаласында орналасқан «Жанабет Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Зерттеудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның 2011-2011 жылғы қаржылық есептілігі, кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады. Негізгі құралдар есебіне, аудитіне және пайдалану тиімділігін талдау мәселелеріне Қазақстанның В. Л. Назарова, Қ. К. Кеулімжаев, А. Қ. Байдақов, А. С. Исмаилова, Д. О. Абленов және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі, талдауы сұрақтарын қамтитын нормативтік, заң актілері, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
Зерттеу жұмысының құрамы мен құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды және қосымшадан құрылған.
1 негізгі құралдар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі және бағалануы
Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі құралдар - өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдары, яғни материалдық активтер /2/.
Негізгі құралдар - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы /3/.
Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар жоспарының екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.
Өндіріске қатысуына байланысты негізгі құралдар мыналарға жіктеледі:
- өндірістік - негізгі құраларға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өнеркісіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда;
- өндірістік емес - жалпы ішкі өнімді шығармайтын, бірақ оны тұтынатын объект, яғни тұтынушылыққа бағытталған негізгі құралдар.
Иелігіне қарай:
- меншікті - кәсіпорынға тиісті, өз иелігіндегі болған құралдар;
- жалгерлік - жал келісімі бойынша онда көрсетілген уақытқа басқа
субъектіден алыннған объект;
- уақытша кіргізілген - бұл негізгі қорлар өзгертілмеген күйінде
қайтаруға жатқызылады, табиғи тозу салдарынан өзгеруден басқа.
Пайдалануына қарай:
- пайдаланудағы - кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық
қызметте пайдаланылып жатқан негізгі құрал;
- запастағы - жұмыс істеп тұрған құралдарды жөндеу, авария немесе
жою кезінде пайда болатын запастар;
- консервациядағы - уақытша қолданылмайтын құралдар.
Заттық құрамы бойынша:
- инвентарлы - объект, заттық құрамы бар және жоюлуға және
есептіліккке алынатын негізгі құрал (ғимарат, жабдықтар, машиналар) ;
- инвентарлы емес - жер, орман және су алабына капитал салымы.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі қүрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп түрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1) еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. ) .
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі құралдар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі құралдардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау, пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау, негізгі құралдардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы, жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару, тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану, негізгі құралдардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару, кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі құралдарды тиімді пайдалануды көтеру. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі құралдардың жағдайы және оларды пайдалану - талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы - ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі құралдарды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі құралдардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі құралдардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қор қайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі құралдардың тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Негізгі құралдардың бағалануы:
Жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтарды бастапқы мойындауда активті жасау немесе сатып алу бойынша барлық нақты өндірістік шығындарды қосатын нақты құнмен бағаланады. Негізгі құралдардың нақты құнына активтің пайланануға дайын күйіне дейінгі барлық шарасыз шығындар кіреді.
Негізгі құралды сатып алған кездегі құнына кіреді:
-сатып алу бағасы;
-жеткізуге кеткен шығындар;
-қызметкерлерге төленетін өтем ақы;
-және басқа да тікелей шығындар.
Бастапқы бағалауға демонтаж, активтерді тарату және ол орналасқан өндірістік алаңды қалпына келтіру құны енеді.
Актив ретінде танылуы мүмкін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануға тиіс /4/.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың түрлері:
1) өзіндік (бастапқы) құны;
2) жойылу құны;
3) амортизациялық (тозу) құны;
4) әділетті (сатып өткізу) құны;
5) баланстық құн;
6) өтелетін сома.
Өзіндік құн (бастапқы) - бұл төленген ақша қаражаттарының немесе баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын салу кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
Негізгі құралдардың жойылу (қалдық) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) алып тастау арқылы анықталады /2/.
Амортизациялық құн - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны /2/.
Әділетті (сатып өткізу) құн - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады /3/.
Өтелетін сома - сату шығыны шегерілген активтің әділ құны және оның қолданыстағы құны, осы екі шаманың үлкені.
Актив ретінде танылуға жататын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі алдымен өзіндік құн бойынша өлшенуге тиіс.
Өзіндік құнның компоненттері:
- жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны оның сатып алу бағасын, оның ішінде импорттық баждарды және сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану үшін активті жұмыс күйіне келтіру жөнінде соған жатқызылатын барлық тікелей шығындарды қамтиды;
- сауда және басқа жеңілдіктердің барлығы сатып алу бағасын анықтаған кезде шегеріледі.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана өзгереді:
1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т. б. ) немссе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
2) негізгі құралдарды қайта бағалағанда;
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы мүмкін:
1) нақты ақшаға сатылып алынады;
2) несиеге алынады;
3) кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен алынады) ;
4) басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретіндс тегін алынады;
5) салу, құру, жасау арқылы алынады;
6) басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ - 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Негізгі құралды қарызға алу: ХҚЕС16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті құру кезінде болады.
Активтермен алмасу: ХҚЕС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.
Негізгі құралдарды сый ретінде алу: ХҚЕС 20 «Мемлекеттік субсидияны есептеу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» стандартына сәйкес мемлекеттік грантты есептеудің 2 тәсілі бар /7/:
- капитал әдісі;
- табыс әдісі.
Капитал әдісі бойынша мемлекеттік грантты есепте меншікті капитал түрінде көрсету.
Табыс әдісі бойынша грантты табыс ретінде тану жыл ішінде немесе бірнеше есеп мерзімінде тану.
Жерді сатып алу егер жер реконструкциялау немесе ғимарат үшін сатып алынған болса, ондағы ескі құрылыстарды бұзу бойынша шығындар жер құнына капитализацияланады.
1. 2 Негізгі құралдар есебі мен аудитін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті /6/.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету. Негізгі құралдар есебі, олардың жіктелуі және бағалануы, құжаттық рәсімделуі және негізгі құралдардың түсуінің есебі, негізгі құралдардың тозуы мен амортизация есебі, олардың ремонттарына шығындардың есебі және құжаттық рәсімдеуі, негізгі құралдарды қаржыландыру және қайта бағалау тәртібі 16 «Негізгі құралдар» Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандартына сәйкес жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz