Негізгі құралдардың қозғалысының есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 3
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: 1
: негізгі құралдар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .
8
МАЗМҰНЫ: 1. 1
: Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі және бағалануы . . .
8
МАЗМҰНЫ: 1. 2
: Негізгі құралдар есебі мен аудитін ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .
15
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: 2
: «Жанабет астана» жшс-дегі негізгі құралдар есебінің жағдайы . . .
25
МАЗМҰНЫ: 2. 1
: «Жанабет Астана» ЖШС-інің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы . . .
25
МАЗМҰНЫ: 2. 2
: Негізгі құралдардың қозғалысының есебі . . .
36
МАЗМҰНЫ: 2. 3
: Негізгі құралдардың амортизация есебі . . .
39
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 54
МАЗМҰНЫ:
:
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 58
МАЗМҰНЫ:
:

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы жолдауында “Экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.

Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі құралдардың сапалық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды /1/.

Өндірісті дамытудың негізі - кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі құралдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы. Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет - бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек /8/.

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы) ; еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі) ; негізгі қорлар (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т. б. ), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және кәсіпорынның байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек, мұнсыз дүниежүзілік нарықта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты - кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі мен аудитінің жүргізілуін қарастырып, ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай зерттеу жұмысының келесідей міндеттері қойылып, шешілді:

  • негізгі құралдардың түсінігі, жіктелуі және бағалануы нақты

көрсетілді;

  • негізгі құралдар есебінің нормативті - құқықтық реттелуі анықталды;
  • негізгі құралдардың пайдалану тиімділігіне талдау жасалды;
  • негізгі құралдардың қозғалысы есебінің, амортизация есебінің мәнін

нақтылау және жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалды.

Жұмыстың зерттеу объектісі - Астана қаласында орналасқан «Жанабет Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Зерттеудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның 2007 - 2009 жылғы қаржылық есептілігі, кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады. Негізгі құралдар есебіне, пайдалану тиімділігін талдау мәселелеріне Қазақстанның В. Л. Назарова, Қ. К. Кеулімжаев, А. Қ. Байдақов, А. С. Исмаилова, Д. О. Абленов және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және талдауы сұрақтарын қамтитын нормативтік, заң актілері, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

Зерттеу жұмысының құрамы мен құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құрылған.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі және бағалануы

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

Негізгі құралдар - өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдары, яғни материалдық активтер /2/.

Негізгі құралдар - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы /3/.

Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар жоспарының екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.

Өндіріске қатысуына байланысты негізгі құралдар мыналарға жіктеледі:

  • өндірістік - негізгі құраларға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өнеркісіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда;
  • өндірістік емес - жалпы ішкі өнімді шығармайтын, бірақ оны тұтынатын объект, яғни тұтынушылыққа бағытталған негізгі құралдар.

Иелігіне қарай:

  • меншікті - кәсіпорынға тиісті, өз иелігіндегі болған құралдар;
  • жалгерлік - жал келісімі бойынша онда көрсетілген уақытқа басқа

субъектіден алыннған объект;

  • уақытша кіргізілген - бұл негізгі қорлар өзгертілмеген күйінде

қайтаруға жатқызылады, табиғи тозу салдарынан өзгеруден басқа.

Пайдалануына қарай:

  • пайдаланудағы - кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық

қызметте пайдаланылып жатқан негізгі құрал;

  • запастағы - жұмыс істеп тұрған құралдарды жөндеу, авария немесе

жою кезінде пайда болатын запастар;

  • консервациядағы - уақытша қолданылмайтын құралдар.

Заттық құрамы бойынша:

  • инвентарлы - объект, заттық құрамы бар және жоюлуға және

есептіліккке алынатын негізгі құрал (ғимарат, жабдықтар, машиналар) ;

  • инвентарлы емес - жер, орман және су алабына капитал салымы.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі қүрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп түрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен кұрал - жабдық; көлік құралдары, құрал -сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:

-жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объекті болып саналады;

-үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

-ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

-өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, кабылдау подстанциялардан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

-машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан түрады;

-күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор - машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) ;

-жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар. Аппараттар жәнее құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін ағаш кесетін аралар) ;

-өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;

-есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;

-басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа кұрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;

-көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

-құрал - сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

-өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

-шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;

-жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

-көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршауляр, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

-жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;

-басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1) еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;

2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. ) .

Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісінде еңбек өнімін шығарады.

Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.

Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.

Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі құралдар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі құралдардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау, пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау, негізгі құралдардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы, жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару, тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану, негізгі құралдардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару, кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету.

Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі құралдарды тиімді пайдалануды көтеру. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі құралдардың жағдайы және оларды пайдалану - талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы - ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі құралдарды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі құралдардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі құралдардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қор қайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі құралдардың тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Негізгі құралдардың бағалануы:

Жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтарды бастапқы мойындауда активті жасау немесе сатып алу бойынша барлық нақты өндірістік шығындарды қосатын нақты құнмен бағаланады. Негізгі құралдардың нақты құнына активтің пайланануға дайын күйіне дейінгі барлық шарасыз шығындар кіреді.

Негізгі құралды сатып алған кездегі құнына кіреді:

-сатып алу бағасы;

-жеткізуге кеткен шығындар;

-қызметкерлерге төленетін өтем ақы;

-және басқа да тікелей шығындар.

Бастапқы бағалауға демонтаж, активтерді тарату және ол орналасқан өндірістік алаңды қалпына келтіру құны енеді.

Актив ретінде танылуы мүмкін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі бастапқы құн бойынша бағалануға тиіс /4/.

Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың түрлері:

1) өзіндік (бастапқы) құны;

2) жойылу құны;

3) амортизациялық (тозу) құны;

4) әділетті (сатып өткізу) құны;

5) баланстық құн;

6) өтелетін сома.

Өзіндік құн (бастапқы) - бұл төленген ақша қаражаттарының немесе баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын салу кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет
Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі
Негізгі құралдар объектілері шаруашылық
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті туралы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері
ҚУАНЫШ ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіпорынның қызметі
Ұзақ мерзімді актив есебі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz