Ақпараттық оқыту мақсатының құралдары және әдістері
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 2-4
1. Білімді ақпараттандыру – маман дайындау бағыты
... ... ... ... ... ... ... ..5-6
1.1 Педагогикалық білім берудің мазмұны және технологизациялау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
1.2 Биологияны оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-9
1.3 Жаңа информатикалық технологияны биология сабақтарында қолдану

... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-11
1.3.1 Биология пәндерін оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .11 -33
1.4 12 жылдық білім беру жүйесіндегі мұғалімнің
құзіреттілігі ... ... ... 33-37
2. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38-39
2.1 Модульдік оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39-44
2.1.1 Мектепте білімденудің интерактивті технологиясын ұтымды

... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44-50
2.2 Интерактивті технология
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 0-57
2.2.1 Деңгейлік оқыту арқылы оң нәтижеге жету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57-59
3. Оқушылардың ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59-62
3. Эксперименттік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...63
3.1 Интерактивті әдіс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63-73
3.2 Білім берудегі жаңа технологиялардың ролі ... ... ... ... ... ... ... ..73-78
3.3 Ақпараттық-компьютерлік технологиялар негізінде кәсіби мамандарды
даярлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..78-80
3.4 Биология сабағында электронды оқу құралдарын жасау және пайдалану
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..8 0-86
Қорытынды

... ... ... ... ... ... 87-88
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89-
90
Қосымша
Кіріспе
Болашақ жас маманға, мамандығы – биолог, химик, инженер, немесе
дәрігер екеніне қарамастан ақпараттық бағдарлау ісін (ақпараттық
технология) игеруіне тура келеді. Себебі, ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры
болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ақпараттандырудың
негізгі бағыты заманымызға сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті
технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелі, алдын
алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Биологияны
оқытуда ақпараттандыру бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды білім
сапасына енгізу жұмыстары болып саналады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен
педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық оқу орындары мен
мектептерінде қолданылады [4].
Дипломдық жұмысымның тақырыбы Биологияны оқытуда ақпараттандыру және
компьютерлендіру жүйесі деп аталады және зерттеу барысында компьютерлік
технологиялардың биолгияны оқытуда және дамыту ісіне берері ұшан теңіз
екендігін аңғарғандығым зерттеу жұмысымда көрсетілген.
Кезінде К.Д. Ушинский: Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді, -
деген болатын. Көрнекілік схемалар, кестелер немесе суреттермен шектеліп
қала алмайды, олар қозғалыссыз, статикалық түрде болса да, бала жанына
жақынырақ ойын түрінде де болуы мүмкін. Биологияны оқытуда ақпараттық
технологияларының оқытудың дифференциялдық және жеке адамға бағытталған
түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар [45].
Ақпараттық технологияларды бірге отырып немесе алыстан оқыту үшін де
және қала мектептерімен қатар ауыл мектептерінде де пайдалануға болады.
Олар биологияны оқытудағы әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, балаларға
біртіндеп дүние жүзілік бірыңғай ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін
береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: оқу жүйелеріне жаңа технологиялардың
көмегімен оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті: бүгінгі күннің талабына сай еліміздегі
орта кәсіптік білім беру жүйесінде биологиялық пәндерді оқытуды жаңаша
мазмұнда жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі: Арқалық қаласындағы
А.Құнанбаев атындағы № 6 профильді орта мектептің 6, 7, 8 сынып
оқушылары.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Білімді ақпараттандыру үдерісі,
пәндік салалар мен қоршайтын ортаның заңдылықтарын танудың интегралдық
беталысын қолдай отыра, оқушы тұлғасының дамуы үшін ақпараттық
технологиялардың зор мүмкіндігін пайдалануға тәсіл-амалдар жасау. Нақтылы
ақпараттық технологиялар мен білімді ақпараттандыру салаларын оқып білу
барысында ақпараттандырудың басқа да көптеген оң қырларымен танысу.
Ғылыми жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы: Қазіргі мектептің
даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға
ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпапрат көлемінің
әртүрлі тегімен танысып меңгеру. Ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу
қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістердің
қажеттілігін байланысты, ЖИТ-дың білім беру саласына енуі оқытудың
мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкінді болып
табылатынын негіздеу.
Ақпараттық технологияларды биологияны оқыту жүйесіне енгізу оқу
процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді.
Оларды таңдау кезінде технологины жеке игеру қабілеті мен нақты пәннің
(биология) ерекшеліктеріне сәйкес келуіне көңіл бөлінуі тиіс.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму
стратегиясы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге
асырылуы – халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты.
Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік
қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс-
тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
және ғаламдық Internet желісінің дамуы еліміздің халық шаруашылығының
барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін недәуір артыруға мүмкіндік беріп
отыр. Бүгінде әлемнің 200-ден астам елі электрондық үкімет қалыптастырып
отыр. Қазақстан Республикасында элекртондық үкіметтің пайда болуы ашық
құқықтық қоғамның, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы екі жақты
қатынасты талап ететін интерактивті қызметтер көрсетудің тәжірибелік
механизмі болып табылады [42].
Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
(АКТ) пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне
айналып отыр.
Әйтсе де, бүгігі таңда Қазақстанда қалыптастырып отырған ақпараттық
кеңістік біртұтастығының жоқтығымен, ақпараттың біркелкі таратылмауымен,
халықтың Internet-ке қол жеткізудегі, АКТ қолдану дағдыларын меңгерудегі
теңсіздігімен сипатталуда.
Осыны ескере отырып, елімізде ақпараттық теңсіздікті жоюға,
ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологияларды кеңінен
қолдануға, халықтың мүмкіндіктерін күшейтуге және компьютерлік сауаттылығын
арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13
қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық
теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
қабылданды. Бұл бағдарламаның мақсаты 2007-2009 жылдар аралығында
Қазақстанда халықтың және Internet желісін пайдаланушылардың 20%
компьютерлік сауаттылығына қол жеткізу болып табылады. Оған, әлел,
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтта 3, 4
кустары ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде
компьютерлік сауаттылықтың толық курсын бітіргені үшін СЕРТИФИКАТ алды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3-
бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың мәтінінде 8-кесте, 32-сурет, 14-тірек-сызба және
1-диаграммадан тұрады. Жұмыстың көлемі-96 бет, қолданылған әдебиеттер саны-
46.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру мен оған тығыз байланысты білімді
ақпараттандыру ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды жаппай
таратып жетілдірумен сипатталады. Олар қазіргі білім беру жүйесінде
ақпаратты тарату және оқытушы мен оқушының өзара әсерлесуін қамтамасыз ету
үшін кеңінен қолданылуда. Сондықтан да қазіргі педагог оның пән бойынша
мамандығының қандай екеніне байланыссыз өз пәнін оқытуда ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың бар артықшылықтары мен жетістіктерін
ұтымды пайдаланып қоймай, жастарды осы техноголияларды іс жүзінде қолдануға
деген талпынысқа баулуы тиіс.
Бұл үрдіс Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдарда
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 12-жылдық білім беруге
байланысты ақпараттандыру жағдайында одан да ары жоғары қажеттікке
айналуда.
Қоғамды және оның барлық салаларын, соның біріне жататын білімді
ақпараттандыру мәселелеріне мемлекет аса көңіл бөлуде. Қоғамды
ақпараттандыруды дамыту үдерісіне жүйелі мемлекеттік тұрғыдан келудің
қажеттігі өткен ғасырдың 90 жылдарының басында-ақ көрініс ала бастаған
болатын. Ал ақпараттандыру ұғымы компьютерлендіру ұғымын біртіндеп
ығыстыра отырып ғылыми, сол сияқты қоғамдық-саяси терминологияда кеңінен
пайдаланыла бастады.
Ақпараттандыру ұғымының біршама кейінірек анықтамасын академик А. П.
Ершов өз жариялымдарында берді. Ол, ақпараттандыру - адамзат қызметінің
барлық коғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы, жеткілікті және уақтылы білімді
толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені деп жазды.
Оның үстіне А.П. Ершов ақпарат қоғамның табысты даму қабылеттілігіне
көп жағынан алғы шарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық
ресурсы болып табылатындығын атап өтті. Сол сияқты, ЮНЕСКО-ның ұйғарымы
бойынша да, ақпараттандыру-бұл мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге
келтіріп, жаңасын қалыптастыруды, сонымен қоса, оларды қоғамды ағымдық
басқару және ары қарай жетілдіру мен дамыту үшін пайдалануды қамтамасыз
ететін ақпаратты жинақтау, сақтау мен тарату әдістері мен жолдарын кең
көлемде қолдану. Әрине, бір жағынан осы айтылған екі анықтама бір-біріне
қарма-қайшы емес, ал басқа жағынан адамзат қызметінің бір саласы болып
табылатын білім саласын апараттандыруды да анықтайды. Сонымен,
білімді ақпараттандыру ұғымын осы екі анықтаманы ынғайластыру арқылы
енгізуге болады [44].
Білімді ақпараттандыру оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласында
мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруды
қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату
технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған адамзат қызметінің
(іс-әректін: ғылыми-практикалық саласын білдіреді.
Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі негізгі бағытта-
басқарылатын және басқарылмайтын бағытта жүзеге асырылады.
Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдастырылған үдеріс сипатты
болып материалдық ресурстармен сүйемелденеді. Оның негізін көпшілікпен
мойындалып негізделген тұжырымдар мен программалар құрайды.
Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесінің қызметкерлерінің
бастамасымен төменнен жүзеге асырылып, білім қызметінің және пәндік
обылыстардың ең көкейкесті салаларын қамтиды.
Білімді ақпараттандыру, білімді ақпараттандыру құралдары деп аталатын,
арнайы, жасалынған компьютерлік аппараттық және программалық құралдарды
қолданусыз іс жүзінде мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік аппараттық және
программалық жабдықтарды, сонымен қоса, білімді ақпараттандыру мақсаттарына
жету үшін пайдалынатын олардың мазмұндық толықтырмасын айтады.
Тек қана білімді ақпарататтандыру құралдарын пайдалану ақпараттық және
телеқатынастық технологияларды білім беру саласында толығымен қолдану үшін
жеткіліксіз. Іс жүзінде мұндай құралдар білімді ақпараттандырудың
идеологиялық негізімен, сонымен қоса, ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін
қатысулары қажетті әр түрлі білімдер саласы мамандарының қызметімен
міндетті түрде толықтырылуы тиіс.
Білімді ақпараттандыру, оның іске асырылу бағытына тәуелсіз, бүкіл
білім жүйесінің қызмет етуіне, асыра айтылды демей, сонымен қоса, бүкіл
қоғам өміріне де бүтіндей әсер ететін адам қызметінің кең, көп қырлы саласы
болып табылады [35].
1. Педагогикалық білім берудің мазмұны және технологизациялау
мәселелері
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі
арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті
технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
ХХІ – ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы
болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру
әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға
ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын
оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдар білім беру
аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде
қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру процесі ақпараттық қоғам
жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беру жүесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім.
Сондықтан қазіргі мұғалімнен шығармашылық ізденіс және шеберлік талап
етіледі. Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан
мұғалім қажет. Ол бір уақытта педагог, психолог және оқу үрдісін
ұйымдастырушы технолог бола білу қажет. Сонымен қатар оқушының шектеусіз
қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға
қабілетті бола білу шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология
процесі дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу
қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық және инструменталды құралдары,
оқу процесіндегі есептеуіш техника құралдарының рөлі және орны туралы
ғылыми білімінің жүйесі және оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге
асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері. Оқушы компьютермен жұмыс
барысында мына жұмыстарға өзін бағыттай алады: компьютерлік оқу
бағдарламаларына (теориялық материалдарды оқу және есептерді шығаруда) және
бақылау жұмысына (жұмысқа қатысты түсініктеме алу, жіберілген қателерді
түзетуде әдістемелік нұсқа алу). Бұл мәселелер оқу әрекетін жекелендіру-
педагогиканың өзекті мәселесін шешуге көмектеседі. Жаңа ақпараттық
технологияларды оқу ісінде қолдану мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық
сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім
алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік
береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
еркін пайдалана білуіне және оны оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары
бойынша білімдерін көтеру қажеттілігі туындады [22].
Компьютер бағдарламасы орынды қолданған жағдайда балаларға берілген
информациялық бекітуінде маңызды рөл ойнайды. Оқыту жүйесінде компьютерді
енгізбеген оқу орындары көп ұзамай заман талабына ілесе алмайтыны сөзсіз.
Олай болса бір мәліметті есте сақтау қолданылған әдіс-тәсілге байланысты.
Компьютер арқылы түрлі графиктер, суреттер, видеокөріністер, дыбыс және
музыка тыңдатып көрсетуге болады. Технологияның дамуымен бірге теориялық
дәрісті компьютерде көрсету-ұсыну ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын
ұғымдарды компьютер көмегімен оқушыларға ұғындырады.
1-тірек-сызба
Компьютерді оқу үрдісінде пайдалану
Осы сатыда мұғалімдер алдын-ала дайындаған сурет, график, музыка және
қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асыра алады.
Компьютерлік лабороториялары компьютер сабақтарымен қатар тәрбиеге қатысты
компьютерлік бағдарламаларды үйрету мақсатында да қолданады. Жаңадан
жабдықталған компьютер сыныбында мультимедиялық мүмкіндіктер, интернет
торабымен байланыс жүзеге асырылады. Оларды қолдануды үйренген оқушылар
компьютерді жетік меңгеріп шығады.
Бұл тәсіл арқылы балалардың өзі белсенді жеке жұмыс істей алады.
Сондай-ақ мультимедия мүмкіндіктерінің жаңа бағдарламаларды жан-жақты
үйренуге әсері зор.
2. Биологияны оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны қолдану
Компьютер адам іс-әрекетінің құралы қатарында негізінде жаңа әмбебап
ақпараттық құрылғы. Компьютер барлық мүмкін формаларда (мәтін, сан, дыбыс,
графика, бейне) ақпаратты қабылдай, сақтай, өңдей және шығара алатын
қабілеттілігі арқасында адамның барлық қызмет өзінің кез келген нақты
формасында ризашылығын көрсетеді, тиімдірек орындалады. Адам өркениетті
бола бастайды, қоғамға, оның материалды және рухани жақтарына зор көңілмен
қарай бастайды. Компьютерді оқу үрдісінде пайдаланудың мынадай
жетістіктерін атауға болады:
• Оқушылардың жеке дара жұмыс жасауын ұйымдастыруда. Ол үшін
әрбір оқушының өзіне тән ерекшеліктерін (ойлауын, қабылдауын, жұмыс
жасау жылдамдығын) ескере отырып жекелеме тапсырмалар құруға болады;
• Денсаулығынан кемшілік бар балалар үшін (нашар еститін, көретін,
сөйлейтін) оқытудың тиімділігін арттыруға болады;
• Оқушыда еркіндік позициясы орын алады, яғни оқушының жұрт алдындағы
жасқаншақтық әдеті ескеріледі;
• Оқушының жауапкершілігін арттырады, себебі, компьютердегі әр
тапсырма өзін ғана арналғандығын сезінеді;
• Оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады.
Осыдан ақ баланың мектеп сатысынан-ақ жаңа ақпаратты технологияны
меңгеруіне болады. Ол үшін оның қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық
технологияның компьютерлік құралдары қолданыла бастаса, яғн күнделікті
қарым-қатынас құралы ретінде, ойын барысында, күшті еңбек кезінде,
конструктерлеу және тағы басқа өнімді шығармашылық жұмыстарында. Бұлар өз
кезегінде ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдараламаларды жасауды талап
етеді және ол баланың іс-әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі
керек [8].
Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу
ерекшелігін ескеріп отыруы мүмкін емес. Компьютерді қолданғанда бұл жағдай
толығымен шешіледі. Мұғалім оқушылардың әрқайсыларының жұмысын бақылап
отыруға, басқа оқушыға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен
жекелеме жұмыс бақылап отыруға, басқа оқушыға кедергі келтірмей үлгерімі
төмен оқушылармен жекелеме жұмыс істеуге болады.
Осы айтылғандардан оқытушы қолына оқытудың жаңа қуатты құрылымын беріп
қана қоймай, білімнің тереңіне бойлай отырып, оқытудың бүкіл мазмұнының
өзгеруіне мүмкіндік беретіндігіне көз жеткіземіз.
Бұл оқу пәнін оқытудың әдістемесі де әсер етпей қоймайды. Басқаша
айтқанда компьютерлендіру оқыту әдістемесін жетілдірудің қуатты құралы
болып табылады.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің
ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын
ақпапрат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді
жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде
компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің
барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ
мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың
компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты [6].
3. Жаңа информатикалық технологияны биология сабақтарында қолдану
мәселелері
Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік,
экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол
ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны
жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістердің қажеттілігін
алға қоюда. Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін
компьютерлендіру.
Біріншіден, көптеген жаратылыстану пәндерінде компьютерді пайдалану
мәселесі іске асырылуда, бірақ бұл мәселе биология пәнінде қазақ тілінде
кең өріс ала алмай отыр.
Екіншіден, көптеген пәндерге компьютерді пайдалану қалыптасқан
психологиялық-педагогикалық талаптарға толық сай келмейді.
Себебі, бұрынғы қалыптасқан оқыту процесінде қарым-қатынас тек мұғалім
мен оқушының арасында компьютерлік педагогика пайда болғаны мәлім.
Сондықтан да мектепте жалпы білім беретін пәндер циклында, соның ішінде
биология негізгі пәнді, компьютерлік технологияны пайдаланып, оқыту
мақсатында түбегейлі зерттеулер үздіксіз жүргізілуі қажет.
Білім беру мәселесінде компьютерлік оқыту оқушыларды информатика және
есептеуіш техникалары негіздерімен таныстырумен ұштасады. Бұл компьютерді
қолдану жағдайында комплексті зерттеу жүргізуге және оны программалық,
техникалық, сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуде үлкен
рөл атқарады. Компьютерлік оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесін жасау –
оқу тәрбие процесін жетілдірудің көкейкесті мәселелерінің бірі болып
табылады [41].
Қоғамдағы ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға
сүйенеді:
● Білім берудің сапасын арттыруға даму қарқынын күшейту және
дербестендіру есебінінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін
көтеру;
● Өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес
білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте
алатындай жағдай туғызу 2- сызба.
2-тірек-сызба
Алдымен жаңа информатикалық технологияға (ЖИТ) – оқу мен оқу-тәрбие
материалдарын үйретуге арналған есептеуіш техника мен инструменттік
құралдардың жиынтығы, сол сияқты ол есептеуіш техника құралдарының оқу
процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдетуге
оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.
Оқытудағы ЖИТ аса қажетті педагогикалық проблемалардың шешімдерін табуға,
ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. ЖИТ-
тің негізгі ерекшелігі ол мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және
бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны
педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне,
мүддесіне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектілік мүмкіншіліктерін
арттыруға көмектеседі. ЖИТ-тің білім беру саласына енуі педагогтарға
оқытудың мазмұнын, әдістері мен ұйымдық түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік
береді [4].

технологиялар
Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына
бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де
алдымызда тұр. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес
жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды,
әсіресе, жастарды тарту қажеттілігі нақты айтылған және мемлекеттік
қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті
қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген.
Осыған байланысты ХХI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу
көзделіп отыр яғни оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың
білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру. Оларға:
• компьютерлік техника
• интернет
• компьютерлік желі
• электрондық оқулықтар
Оқу үрдісінде ақпарттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі
аспектілерін дамытуға болады. Олар:
ақпаратты өңдеудің когнититивті аспектілері;
оқытудың танымдық аспектілері.
Атап көрсетілген аспектілер негізінде ақпараттық технологиялардың
оқыту үрдісіндегі ақпараттық-коммуникативтік қызметі мына 3, 4-сызбада
бейнеленген [40].
3-тірек-сызба
Ақпараттық-коммуникативтік қызмет
Ал екінші сызбада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту
үрдісін жетілдірудің млделі ұсынылған. Мәселен, Жасушаның құрылысы мен
атқаратын қызметі тарауын түсіндіргенде, компьютерлік бағдарламада барлық
тақырыптардың теориялық материалдары, өз бетімен жұмыс істеуге арналған
тапсырмалар, әр тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары
беріледі. Бұл бағдарламалардың ерекшелігі сол, сынып оқушыларының
әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүргізуге қолайлы.
Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай
нәтижелерге қол жеткізеді:
Оқу материалын терең түсінуге;
Оқу мотивациясының артуына;
Алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
Білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына, т.б.
4-тірек-сызба
Ақпараттық оқыту мақсатының құралдары және әдістері
Жануар терминінің құрылымдық моделі – жануартану пәні мазмұнын
компьютермен оқыту тұрғысынан айқындау негізі
Шындығында, қоғам дамуының жаңа деңгейіндегі мектеп жемісті жұмыс
жасау үшін білім саласындағы инновациялық процестер барынша дамытылуы тиіс.
Мәселен, пәндік мазмұнды өз бетінше дами алатын тұлға қалыптастыру
бағытында реформалау, оқытуды мүмкіндігінше ғылыми ізденіс процесіне
жақындату, жоғары мектеп алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі. Өте
күрделі және қарама-қайшылығы мол бұл мәселенің дұрыс шешілуі – болашақ
маманды нақты өмір саласындағы жаңа ахуалды қызмет жасау құралдарымен
қамтамасыз ете отырып, оның ізгілікті қарым-қатынас мәдениетінің
қалыптасуының көрінісі болар еді.
Зерттеу жұмысында келтірілген мәселедегі басты ерекшелік – оқыту
теориясына қатысты игерілетін білімді болашақ мұғалімнің тұлғалық дамуы деп
түсіну. Жануартану пәні жүргізілетін мұғалім оқу-әдістемелік жұмыстар -
ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымы, мазмұны және әдістемесі туралы
қажетті ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оқушының өз бетінше білім
алу, ғылыми-зерттеу және эксперимент жүргізу мүдделілігін қалыптастыру
мақсатын көздеу қажет.
Мен ұсынып отырған дипломдық жұмысымда, биология пәнін оқытуда
ақпараттандыру технологияларын басты назар аударып, сабақта қолдану.
Кез келген оқушы белгілі бір әлеуметтік ортадан шыққан, жануар
түсінігіне қатысты өзіндік көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға. Ол жануар
деген сөзді, ең болмағанда, интуитивті деңгейде түсінеді, өз қажетіне
пайдаланады. Алайда, жануар сөзі оның санасына теориялық термин түрінде
қалыптаспауы мүмкін. Интуитивті түрде қалыптасқан жануар ұғымын теориялық
термин түрінде ауыстыру, оның мазмұнын аша отырып, компоненттері өзара бір
мәнді байланысқан біртұтас бейнесін, біздің ойымызша, жануартану пәнін
инновациялық сипатта оқытудың міндеті болып табылады.
Белгілі психолог П.Я. Гальпериннің ұғымдар мен ақыл-ой іс-әрекетін
кезеңді қалыптастыру теориясы бойынша, кез келген қалыптастыру процесі,
қалыптастырылатын бейнені толық айқындаудан басталады. Сондықтан біз
жануар терминінің мазмұн ашып жүйелеуді, яғни оның құрылымдық моделін
жасауды қажет деп санадық.
Біз жануар терминін А, Д, Қ түріндегі үштік ретінде сипаттадық.
Мұндағы А – жануар атауы, Д – дене құрылымы, ал Қ – оның қасиеті. Мәселен,
кез келген жануардың денесі бар, ол қозғалады, көбейеді. Кез келген жануар
қасиетін сақтайтын ең элементар құрылым ретінде жасуша алынады. Жасуша
санына байланысты жануар бірінші деңгейде бір жасушалы және көп
жасушалы топтарына сұрыпталынады. Қоршаған ортаның аэро немесе
гидродинамикалық қасиетіне байланысты қозғалатын бір жасуша денесі тұрақты
қалыпта бола алмайды. Дене қалыпты өзгермелі болуы тиіс. Көп жасушалы
денелерде тұрақтылық сипаты байқала бастайды. Олай болса, жасушаларды
тұрақты және өзгермелі пішінді жиынтықтарына бөлуге болады. Көп жасуша
жануар, денесіндегі тұрақты пішінді жасушалар мөлшерінің өсу ретімен
реттеледі [20].
Жалпы білім саласында компьютерді қолдану идеясы жануартану пәнін
оқытудың қазіргі әдістемесі – оқушылар ұғымдық, ақпараттық-анықтамалық
сипаттағы мазмұнды сызықты түрде тізбектей отырып, оқушыны игертуге
негізделген. Бұл әдістеме – биология саласындағы ғылыми информациялардың
жылдам өсуі себепті, оқу материалдары көлемінің артуына байланысты
оқушылардың артық жүктелуін алып келетінін күнделікті тәжірибе көрсетіп
отыр. Сонымен бірге, бұл жағдай, биологияны оқытуда компьютерлендіру
мәселесіне де кері әсер етуде. Бағдарламалық оқыту тұжырымдамасы негізінде
пайда болып, қарапайым оқыту машиналарымен салыстырғандағы оқытуды
дараландырудың мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жаңа технологиялық құрал
ретінде қарастырылады. Ал оның оқыту әдістеріне, түрлеріне және мазмұнына
енгізген сапалық өзгерістерін сезіну кейіннен жүзеге асты.
Біріншіден, оқу информациясының көрнектілігін жоғарылату мүмкіндігі
кеңейеді, оқушылардың оқуға қызығу дәрежесі өсті. Екіншіден, компьютерді
түрлі педагогикалық және әлеумттік жағдайларды модельдеуге, түрлі
экстремальды жағдайларда қолданылатын іс-әрекеттер нұсқаларын жасауда
пайдалануға болады. Оқушыны нақты педагогикалық ахуалдар құрастыруға
қатыстырып, оның өз саласында жұмыс жасап жатқан маман рөліне енуіне жағдай
жасауға болады т.с.с. Осы кезге дейін мұндай қуатты оқыту құралы білім
жүйесінде болған жоқ еді.
Кез келген техникалық құрал сияқты, компьютер де педагогикалық
қиындықтардың барлығынан сақтандыра алмайды. Оны пайдаланудың, есте болуы
тиісті өзіндік қиындықтары бар.
Мәселен:
Программамен сұхбат бір типті болғандықтан, оқушыны тез жалықтырады;
Программа құрушылар нақты топ ерекшеліктерін толық қанағаттарндыра алмайды;
Студенттердің сөйлеу, графикалық және жазбаша мәдениетінің дамуы қамтамасыз
етілмейді;
Дәстүрлі оқытудағы сабақтар барысында жіберілетін пәнді оқып үйрену
қателіктеріне программамен жұмыс, яғни техникалық қателіктер қосылады.
Дидактикалық материалдар шартты, бір типтес түрде, өте жинақы беріледі;
Білім тексеру тестер немесе программалық сауалнама түрінде ғана
жүргізіледі;
Оқушыдан арнайы білім қажет етіледі.
Бұл қиындықтарды жеңудегі бірден бір жол – оқу процесін
технологияландыру, яғни биологияны оқытуды педагогикалық технология
негізінде іске асыру. Көптеген ғалымдар көзқарасын жалпылай келе,
педагогикалық технологияны оқытудың ең тиімді тәсілдерін зерттейтін ғылыми
сала деп те, оқытуда пайдаланатын принциптерді, әдістемелерді жүйелейтін
реттеуші деп те қабылдауға болатынын түсіну мүмкін емес. Белгілі педагог
В.П. Беспалько, педагогикалық технологияны – дидактикалық мәселе және осы
мәселені шешудің бағдарлық негізінің, дидактикалық процесс пен мұғалім
біліктілігінің өзара тығыз байланысқан тұтас бірлігі ретінде қарастырған
еді. Аталған ғалымның пайымдауы бойынша, әрбір дидактикалық мәселе, өзіне
сай технологияны пайдалану арқылы шешіледі.
Биологияны түсіндіре отырып оқыту түріндегі дидактикалық мәселені
шешудің бағдарлық негіздерінің компоненттері ретіндегі пәнінің мазмұнының
құрылымдық моделін жасау, модульдерін анықтау мәселелері болып табылады.
Биология пәнін компьютермен оқытудың технологиялық картасын жасау барысында
Қ.Қабдықайырұлының Жоғары мектепте білімді кемелдендірудің дидактикалық
негіздерін оқытудың модульдік технологиясы және көп деңгейлі оқу жүйесі
атты еңбегінде қарастырылған жаңа технология жасаудың теориялық негіздері,
технологияны іске асырудың төменде беріліп отырған негізгі идеялары
басшылыққа алынды.
Оқу процесін басқарудың үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау;
Оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және басқаруда оны үйлесімді, қолайлы
түрде күшейтуде дамудың басым, ұтымды бағыттарына сүйену;
Оқу процесін ұйымдастыру кезеңіндегі жоспарлаудың бағдарламалар, оқулықтар,
оқыту әдістемесінің түпкілікті және сапалы болмауы, соның нәтижесінде оқыту
уақытының текке мақсатсыз жұмсалуын бейтараптандыру және түпкілікті
болдырмау;
Оқытудың ең жоғарғы нәтижелеріне жету мен оған қажетті оқыту уақытының бір
бірімен өзара тығыз байланысты болуы;
Оқушыларды оқытуды күшейтіп, білімді негізгі деңгейге дейін
тереңдетуді түсіну, олардың ой өрісін кеңейту, оқыту уақытын айттырмай,
бағдарламалық мәліметтерді толық меңгерудің әдістемесін іске асыру.
Биология пәнін компьютермен оқытудың технологиялық картасы оқу
процесінің қисындық құрылымы, өзіндік жұмысқа қойылатын талаптар, тірек
нүктелер орындалатын іс-әрекеттер, деңгейлік тапсырмалар мазмұны немесе
пайдаланылатын әдебиеттер тізімі бөлімдерінен тұрады.
Технологиялық картаның Оқу процесінің қисындық құрылымында. Бұл
бөлінген тоқсанда осы пәнге 27 сағат бөлінгені көрініп тұр. Оның 9-ы
түсіндіру (Т), 12-і лабораториялық (Л), үшеуі пікірлесу (П), үшеуі бақылау
(Б) сабақтары.
Технологиялық картаның оқу процесінің қисындық құрылымы бөліміндегі
сабақтардың П.Я. Гальпериннің кезеңді қалыптасу теориясы кезеңдерінің тек
біреуіне сай келетінін, кезеңде сабақтың бір түрі ғана басымдыққа ие
болатынын көрсетеді [20].
Технологиялық картада әр модульді түсіндіруге барлығы 6-8 сағат
бөлінген түсіндіру әр лабораториялық және іс тәжірибелік сабақтардағы іс
әрекеттерге дұрыс бағдар беру мақсатымен жүргізіледі. Олардың құрылымы
төмендегідей:
Тестік тапсырмалармен программаланған бақылу алу 10 -15 мин;
Бақылау қорытындысын талдау;
Өзіндік тапсырманы орындауға арналған лабораториялық немесе практикалық
жұмыс 55-60 мин;
Бағдарлық негіздері анықтала отырып берілген үй тапсырмасы.
Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушылардың Қазақстан туралы сөздік қорларын кеңейту,
күрделендіру.
2. Дамытушылығы: өз еліміз туралы мәтінді тыңдап түсіну, сөйлеу, ойлау
қабілеттерін және өмірде қолдана білуін жетілдіру.
3. Тәрбиелігі: өз жеріміз туралы мәліметтерді жетілдіру арқылы Отанымызды
сүюге, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ.
Типі: аралас сабақ.
Әдістері: сұрақ- жауап, ойын түрі “Кім жылдам?”, кестелер қолдану,
коммуникативтік, ізденіс ұйымдастыру.
Тәсілдері: жеке- дара, жұптасу, топтастыру.
Көрнекіліктер: электронды тақта, карта, сөзжұмбақ, қоржын, асық.
Әдебиеттер: оқулық, электронды оқулық.
Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылардың табиғатта және адам
өмірінде зор маңызы бар. Біржасушалылардың көп түрлері бактериялармен
қоректеніп, суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақшаяндарға және
балықтар мен шабақтарға, т. б. су жәндіктеріне қорек болады.
Ал теңіздер мен мұхиттарда күн сайын, тіпті сағат сайын қаншама
бақалшақты біржасушалы жәндіктер өліп, су түбіндегі шөгіндіні құрайды
десеңдерші. Геологтар ондай шөгінділер бар жерлерде мұнайдың мол қоры
болатынын анықтады. Біржасушалылардың топырақ түзуде де рөлі бар.
Қарапайымдардың ішінде адам мен жануарлардың әр түрлі мүшелерінде
паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Солардың бірі –
дизентерия амебасы (1-сурет).
Дизентерия амебасы (грекше: дис – бұзу, ектерон – ішек) адам мен
жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын
зақымдайды. Осы жарадан шыққан қанды ірің нәжіске араласып, адамның ішін
жүргізіп, ыстығын көтеріп, қатты ауыртады. Бұл ауру қантышқақ деп аталады.
Ауру адамның ішегінде амеба тез көбейіп, нәжіспен араласқандары бірден
цистаға айналады. Тәулігіне нәжіспен бірге 300 млн-дай амеба цистасы сыртқа
шығады. Олар суды, түрлі көкөністерді және тағы басқа азық-түліктерді
(цисталардың қалай таралатынын еске түсіріңдер) ластайды. Дизентерия
амебасының цисталары лас суды ішкеннен, көкөністі, жеміс-жидекті жумай
жегеннен сау адамға жұғады. Дер кезінде емделмесе, бұл ауруды ажалға душар
етуі мүмкін (1-сурет) [1].
1-сурет
Дизентерия амебасы (өте үлкейтілген)
Безгек паразиті адамның қанына безгек масасының сілекейімен түседі де,
қанда бөліну жолымен көбейеді. Олардың көбеюінен қанға улы заттар бөлінеді.
Безгек ауруын қоздыратын паразитті 1880 жылы француз дәрігері А. Лаверан
ашқан. Бұл паразит негізінен қанның қызыл түйіршіктерінде тіршілік етеді.
Безгек паразиті қанның бір қызыл түйіршігінен екіншісіне ауысқан кезде ауру
ұстайды. Олар түйіршіктің ішінде болған кезде адам тәуірленіп, жұмысын одан
әрі жалғастырады. 3-4 күн ішінде паразиттер орныққан қан түйіршігін
зақымдап бүлдіреді де, оның қабығын жарып, келесі түйіршікке ауысады. Дәл
осы сәтте безгек қайта ұстайды.
1960 жылдары безгек ауруын емдейтін хинин, акрихин дәрілері жасалды.
Одан соң осы ауруды тарататын безгек масаларын құрту шаралары жүргізілді.
Олар қыстайтын жерлерге, гексахлоран сияқты улы химикаттарды шашу, масалар
тіршілік ететін батпақтарды құрғату, шағын бөгеттерде маса дернәсілдерімен
(личинка) қоректенетін гамбузия балықтарын өсіру сияқты шаралардың
арқасында елімізде безгек ауруының өріс алуына кедергі жасалуда.
Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі –
лейшмания. Бұл ауруды көбінесе құм шіркейлері таратады. Аурудың аты –
лейшманиоз.
Еліміздің шөл аймақтарында үлкен құмтышқан мекендейді. Осы тышқанның
інінде ұсақ шіркейлер көп болады. Шіркей адам терісін шаққанда ауру сол жер
арқылы тері астына түсіп, одан әрі көбейеді. Әуелі теріде бөрткен пайда
болады да, ол біртіндеп жаңғақтай боп үлкейеді. Біраздан соң жарылып,
іріңдейді. Бұл аурудан адам да көп зардап шегеді. Тері лейшманиозы деп
аталатын бұл дерт дер кезінде емделмесе асқынып кетеді.
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарларда
қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы
тазалықты сақтау керек.
А 1. Біржасушалы жәндіктердің табиғатта қандай маңызы бар? 2. Паразиттік
тіршілік ету дегенді түсіндір. Түрлі ауру тудыратын біржасушалыларды атап,
қайсысы қандай ауру тудыратынын әңгімеле. 3. Безгек ауруын тудыратын қандай
жәндік? Ол адамға қандай жәндік арқылы жұғады? 4. Лейшмания қандай
жәндіктерге жатады? Ол қандай ауру тудырады? Құм шіркейлерінің бұған қандай
қатысы бар?
В 1. Біржасушалар суды қалай тазартады? 2. Шағын бөгеттерге гамбузия
балығын өсіру қандай ауруға қарсы жүргізілетін шара?
С 1. Біржасушалылар қандай жануарларға қорек болады? Оның адам үшін
маңызы бар ма? Қандай? 2. Біржасушалы жәндіктердің мұнай қорының жасалуына
қандай қатысы бар? Топырақ түзуде ше?
Біліміңді тексер.
1. Біржасушалылардың бәріне ортақ қасиеттеріне сипаттама беріңдер.
2. Төмендегі кестені дәптерлеріңе сызып, толтырыңдар. Қарапайымдар
құрылысында бар органоидтардың тұсына бар болса +, жоқ болса – белгісін
қойыңдар 1-кесте.
1-кесте
Қарапайымдарға сипаттама беріңіз
Жасуша бөліктері Қарапайымдар
органоидтар,
тұрақсыз құрылымдар
Амеба Жасыл Кірпікшелі Домаланғы Арцелла
эвглена кебісше
Ядро
Талшық
Мембрана
Хлоропластар
Кірпікшелер
Асқорыту вакуолі
Жиырылғыш вакуоль
Цитоплазма
Жасушалық ауыз
Жасушалық жұтқыншақ
Біліміңді сына. Кім жылдам?
1. Қарапайым жәндіктер денесін түзетін бір жасушаның көпжасушалы жәндік
денесіндегі жасушадан ең негізгі ерекшелігі неде? Бір жасуша – тұтас ағза
осы сұраққа жауап бола ала ма?
2. Дене пішіні тұрақты емес қарапайым жәндіктерді атаңдар.
3. Мына органоидтардың қайсысы қай жәндікке тән: кірпікшелер, талшық,
жалғанаяқ?
4. Ішінде бір түйір, не тамшы органикалық зат жоқ суға амебаны,
кірпікшелі кебісшені және жасыл эвгленаны орналастырып, жарық жерге қойдық
делік. Осылардың қайсысы сол суда түк болмағандай, белсенді тіршілік етіп
жүре берер еді?
5. Кірпікшелі кебісшенің қоректенуі туралы әңгімелегенде оқушы: су
ағынымен келген қорек ауыз тесігі арқылы жұтқыншаққа өтеді деп, бәрін
дұрыс айтқан сияқты болды. Дегенмен, бір оқушы қол көтеріп, жауаптың біз
келтірген үзіндісінде қате бар екенін айтып, оны түзетті. Ол қандай қате?
6. Амеба мен эвглена қоректі қалай ұстап, дененің қай жерінен
цитоплазмаға енгізеді? Қорек қалай қорытылады? Қалдық заттар (ішінде
зияндылары да бар) қалай, дененің қандай бөлігі арқылы сыртқа шығарылады?
7. Кірпікшелі кебісшеде астың цитоплазмаға түсуінде қандай ерекшелік
бар? Қорытылуында ше? (қайда қорытылатынын еске түсір)
8. Кірпікшелі кебісшенің зиянды, керексіз сұйық заттарды сыртқа
шығаруында амеба мен эвгленадан қандай ерекшелігі бар?
9. Біржасушалылар қандай жолдармен көбейеді? Олардың көбеюінде жасушаның
қандай құрылымдық бөлігі жетекші рөл атқарады?
10. Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден қандай артықшылығы бар?
11. Қарапайым жәндіктер денесі құрылысының ең негізгі үш құрылымдық
бөліктерін атаңдар:
– мембрана қандай қызмет атқарады?
– цитоплазма ше?
– ядро қандай жетекші қызмет атқарады?
12. Қарапайым жәндіктердің өз тіршілігін сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан сақтап қалуға көмектесетін қандай бейімділігі бар?
13. Тітіркенгіштік деген не? Оның жәндік тіршілігінде қандай маңызы бар?
14. Біржасушалы жәндіктердің тіршілік иесі екенін дәлелдейтін негізгі
белгілерін атаңдар.
15. Паразит біржасушалы жәндіктерді атаңдар. Олардың әрқайсысы қандай
аурулар тудырады?
16. Ауру тудыратын жәндіктермен күресу шараларын атап-атап айтыңдар.
17. Біржасушалы жәндіктер қандай табиғи байлық қорының жасалуына және
тазалануына қатынасатынын сипаттаңыз [17].
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі
Жануар жасушасының негізгі түрлері және олардың қызметі
Біржасушалы ағзалардың құрылысымен, тіршілігімен танысу арқылы біз
біржасушалылар туралы өте маңызды мағлұмат алдық. Себебі көпжасушалы
жануарлардың әр жасушасы жеке-дара ағза болмағанымен, құрылысы және қызметі
жағынан қарапайым жәндіктер жасушасымен ұқсас. Оның құрылысы мен көптеген
тіршілік процестері дәл қайталанады. Дегенмен көпжасушалы ағзада жасушалар
топтасып, әр топ белгілі бір қызмет атқарады және олардың сапасы, қасиеті
сол қызметке сәйкес болады. Мысалы, сүйек жасушаларында минералды тұздар
көп болады да, олар сүйектің қаттылығын қамтамасыз етеді. Қандай қызмет
атқарса да жасушалар құрылысындағы, қызметіндегі ортақ қасиеттерді,
белгілерді еске түсіріп, тереңірек танысалық (2-сурет І-ІІ).
Әрбір жасушада сыртқы қабықша-жарғақшасы болатыны мәлім. Ол
цитоплазмадан тұрады және жасушаға келіп түсетін, одан сыртқа шығарылатын
заттарды үнемі реттеп, тіршілік процесінде үлкен қызмет атқарады.
Өсімдіктерде бұл жарғақшаны жасунықтан (клетчаткадан) түзілген тығыз, қалың
қабық қаптап тұрады.
Ядроның да төңірегіндегі цитоплазмадан бөліп, әрі онымен зат алмасуын
қамтамасыз ететін қабығы болады. Ядроның іші ядро сөліне (кариоплазмаға)
толы. Онда бір немесе бірнеше ядрошық және ата-ененің белгілері мен
қасиеттерін ұрпағына тасымалдап жеткізетін таяқша тәрізді хромосомалар
бар.
Цитоплазмада пішіні жіп, дән немесе таяқша сияқты әр түрлі болатын
митохондриялар болады. Цитоплазмаға сырттан келген күрделі органикалық
заттарды жай заттарға ыдыратып, ағзаның тіршілік процестеріне жұмсалатын
қуатты өндіретін жасушаның энергия станциясы – осы митохондриялар болып
саналады.
Пластидтер – өсімдік жасушаларында ғана болатын әр түсті бояуы бар және
бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін органоидтар. Мысалы,
хлоропластар өсімдік мүшелеріне жасыл түс береді. Фотосинтез процесін
жүргізеді. Ал жеміске, жапырақ түсінің өзгеруіне (қызыл, сары, т. б.)
хромопластар әсер етеді.
2-сурет
Жасушаның құрылысы
І. Өсімдік жасушасы. Өсімдік жасушасының жалпы көрінісі
1. Цитоплазма; 2. Вакуоль; 3. Ядро;
4. Пластидтер; 5. Қабықша.
ІІ. Жануар жасушасы
1. Сыртқы қабықша; 2. Цитоплазма; 3. Ядро; 4. Митохондриялар; 5. Ядрошық;
6. Цитоплазмадағы нәруыз, көмірсу, май тәрізді заттар.
Ұлпалардың түрлері және қызметі. Сонымен атқаратын қызметіне қарай
жасушалар топтасатын болды. Осындай өзіне тән мөлшері, пішіні бар, дененің
белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобын ұлпа
дейді. Жануар ағзасындағы ұлпаларды негізінен 4 топқа бөлуге болады. Олар
эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.
Эпителий ұлпалары дененің сыртқы жамылғысын түзіп, оны тұтас жауып
тұрады және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Сөйтіп өзінен төмен жатқан
жасушаларды тікелей зақымданудан, химиялық зиянды заттардың әсерінен,
бактериялардың енуінен, кебуден қорғайды. Асқорыту мүшелерін астарлайтын
эпителий қоректік заттар ерітіндісін сіңіріп, өткізеді. Қалдық заттарды
шығарып, әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайды. Кейбір эпителий
жасушаларында цитоплазмалық кірпікшелер болады. Мысалы, тынысалу мүшелері
бар ағзалардың тыныс жолдарындағы кірпікшелер шаң-тозаңды тұтып қалып,
өкпеге жібермейді (3-сурет).
3-сурет
Эпителий ұлпалары
а) жалпақ эпителий; ә) кірпікшелі эпителий
Даму деңгейіне қарай жануарлар денесін қаптайтын ұлпалардың күйі әр
түрлі болады. Мысалы, шаян, өрмекші, бунақденелілер сияқты жәндіктердің
денесі су, газ өтпейтін қатты жамылғы – хитинмен қапталған. Көпшілік
былқылдақденелілердің денесі бақалшақтың ішінде орналасады. Балық,
кесіртке, жылан денесі мүйізді қабыршақтармен қапталса, құстың терісі –
қауырсынды, ал сүтқоректілердің көпшілігінің терісі түкті болады.
Бездерді құрайтын эпителий ұлпалары әр түрлі заттарды бөліп шығарады.
Мысалы, гидрада – асқорыту сөлін, сүтқоректілерде – сүт және т. б. бөледі.
Дәнекер ұлпалары сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан, ұлпа
сұйықтығын түзеді.
Талшықты дәнекер ұлпалары ағзаның барлық мүшелерінде кездеседі (4а-
сурет).
Сүйек ұлпасы тірек қызметін атқарады. Ал шеміршек ұлпалары буынаралық
байланыстарға қатысып, қаңқа сүйектеріне беріктік қасиет береді (4 ә-
сурет).
Дәнекер ұлпалары 4-сурет
а) талшықты дәнекер ұлпасы; ә) шеміршек ұлпасы. 1. Шеміршек жасушалары;
2. Шеміршек ұлпаларына серпімділік беретін, оларды қоршап жататын негізгі
зат; 3. Ұлпа талшықтары; 4. Дәнекер ұлпа жасушалары.
Қан мен лимфа ұлпалары – сұйық. Олардың ішінде жасушалар еркін жүреді
және ағзаға оттегін, басқа да заттарды тасымалдап, мүшелерді өзара
байланыстырады.
Бұлшықет ұлпаларының (5-сурет) үш түрлі тобы бар. Олар: көлденең
жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеттері. Бұл ұлпалар жиырылып,
босаңсу арқылы әр түрлі мүшелерді қимыл-қозғалысқа келтіреді. Сол арқылы
бүкіл дененің қимыл-қозғалысын қамтамасыз етеді [1].
5-сурет
Бұлшықет ұлпалары
а) көлденең жолақты бұлшықет талшықтары; ә) ұзын салалы бұлшықет
талшықтары. 1. Жасуша ядросы; 2. Көлденең жолақтар.
Жүйке ұлпасы – нейрон деп аталатын жасушалардан тұрады (6-сурет). Әр
нейронның денесі ұзын және қысқа өсінділері болады. Нейронның ұзын өсіндісі
– аксон, ал қысқа өсінділері дендрит деп аталады. Нейрон денесінен қозу
аксон арқылы әр түрлі мүшелерге (бұлшықеттерге, теріге және т. б.) өтеді.
Дендрит арқылы қозу нейронның денесіне қарай өтеді. Аксонның көрші жатқан
нейрон дендридінің қабықшасымен байланысып, қозу өтетін жерін
тоғысу(синапс) дейді.
6-сурет
Нейронның құрылысы
Қорытынды: сонымен көпжасушалы өсімдік пен жануарда жасуша ағзаның
құрылымдық және қызметтік өлшем бірлігі болып табылады. Кез келген тірі
ағзаның денесі жасушалардан тұрады: ағзадағы бүкіл тіршілік процестері мен
оның тіршілік әрекеттері осы жасушалар қызметінің үйлесімділігі арқылы
қамтамасыз етіледі.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі. Біржасушалы ағзаның бүкіл тіршілік
процестері мен тіршілік әрекеттерін бір ғана жасуша атқаратынын білесіңдер.
Себебі – оның денесі бір жасушадан тұрады.
Ал көпжасушалыларда олар құрылымдық және қызметтік жағынан топтасып,
мүшелер мен мүшелер жүйесін құрады. Мысалы, жүрек және артерия, вена қан
тамырлары – қанайналым жүйесінің мүшелері. Жүрек – бұлшықет, талшықты
дәнекер және жүйке ұлпаларынан, әрбір ұлпа миллиондаған жасушадан тұрады.
Жүйедегі мүшелер бір-бірімен және басқа жүйелермен тығыз байланысты және
үйлесімді жұмыс атқарады.
Қорытынды. Көпжасушалы жануарларда мынандай мүшелер жүйелері
қалыптасқан: асқорыту жүйесі, тынысалу жүйесі, қанайналым жүйесі, тірек
қимыл жүйесі, бұлшықет-қимыл жүйесі, зәр шығару жүйесі, ішкі секреция
бездері, сезім мүшелері.
Ағза – біртұтас тіршілік иесі. Оның құрылымын, тіршілік процестері мен
әрекеттерін жасушалар – ұлпалар – мүшелер – мүшелер жүйесі тізбегімен
жекелеп оқып, зерделеу ағзаны терең түсіну үшін қажет.
Жасуша қызметі. Жануар ұлпасының ерекшелігі. Ұлпа түрлері. Эпителий,
дәнекер, бұлшықет ұлпалары. Нейрон.
А 1. Ұлпа деген не? Жануарлар ағзасындағы ұлпалардың топтарын атаңдар.
2. Эпителий ұлпаларының қандай түрлері бар? Бұл ұлпалардың негізгі қызметін
әңгімелеңдер. 3. Дәнекер және бұлшықет ұлпаларының түрлері мен қызметін
әңгімелеңдер.
В Жүйке ұлпасын түзетін жасушалардың құрылысы мен қызметін қысқаша
сипаттап, олардың өзара тәуелділігін түсіндіріңдер.
С Жасуша–ұлпа–мүше–мүшелер жүйесі тізбегінің біртұтастығын баяндаңдар.

поцесінің қисындық құрылымы, өзіндік жұмысқа қойылатын талаптар, тірек
нүктелер орындалатын іс әрекеттер, деңгейлік тапсырмалар мазмұны немесе

Сабақты өту кезеңінде мұндай құрылымын таңдауда оқушылардың оқу іс-
әрекеттерінің 45 минуттық сабақта сабақ белсенділік кезеңі артады.
Компьютер көмегімен практикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz