Негізгі құралдар аудитінің жүргізілуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 негізгі құралдар есебі мен аудитін ұйымдастырудың теориялық 8
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... .
1.1Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі және 8
бағалануы ... ... ... ... ... ... . ... ...
1.2Негізгі құралдар есебі мен аудитін ұйымдастырудың теориялық 15
негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..

2 Жанабет астана жшс-дегі негізгі құралдар есебінің 25
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2.1Жанабет Астана ЖШС-інің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы 25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
2.2Негізгі құралдардың қозғалысының 36
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
2.3Негізгі құралдардың амортизация 39
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

3 негізгі құралдар аудитін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... . 44
3.1Негізгі құралдар аудитінің 44
жүргізілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін 48
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3Негізгі құралдар есебі мен аудитін жетілдіру 51
жолдары ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОСЫМША А. Кәсіпорынның 2007-2009 жылдардағы бухгалтерлік
балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
ҚОСЫМША Б. Кәсіпорынның 2007-2009 жылдардағы пайда мен залал есебі 66

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы жолдауында “Экономикасы бәсекеге қабілетті
50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық
стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын
мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы
мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып,
дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық
қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды
қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару ,
құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге
қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне
жеткілікті шарт болуы мүмкін.
Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың
тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника
сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі құралдардың сапалық және табиғи
тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс
істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім
өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та
толық пайдаланылмайды 1.
Өндірісті дамытудың негізі - кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен
технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі
негізгі құралдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды
ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын
ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол
жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін
қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының
халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты
жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру,
сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз
ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы. Экономиканы
диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске
асыру үшін алдағы міндет – бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап,
экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған
ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс
деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек 8.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын
таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық
процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның
прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың
бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы:
нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен
қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру
қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық
ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және
тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет
көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); негізгі қорлар (өндірістік
ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат,
энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал
өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде
олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары
болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды,
яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және кәсіпорынның
байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның
техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және
жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика
экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру
тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және
технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік
топтар құруға кірісу керек, мұнсыз дүниежүзілік нарықта бізде болашақ жоқ.
Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық
талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін
қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және
тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру
қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің
меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-
жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі
өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге
жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет.
Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы
байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты – кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі
мен аудитінің жүргізілуін қарастырып, ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа
қарай зерттеу жұмысының келесідей міндеттері қойылып, шешілді:
- негізгі құралдардың түсінігі, жіктелуі және бағалануы нақты
көрсетілді;
- негізгі құралдар есебі мен аудитінің нормативті – құқықтық реттелуі
анықталды;
- негізгі құралдардың пайдалану тиімділігіне талдау жасалды;
- негізгі құралдардын аудитінің ұйымдастырылуы көрсетілді;
- негізгі құралдардың қозғалысы есебінің, амортизация есебінің мәнін
нақтылау және жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалды.
Жұмыстың зерттеу объектісі – Астана қаласында орналасқан Жанабет
Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Зерттеудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның 2007 - 2009 жылғы
қаржылық есептілігі, кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы
есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады.Негізгі құралдар
есебіне, аудитіне және пайдалану тиімділігін талдау мәселелеріне
Қазақстанның В.Л. Назарова, Қ.К. Кеулімжаев, А.Қ. Байдақов, А.С. Исмаилова,
Д.О. Абленов және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған,
олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып кәсіпорында негізгі
қорлардың есебі, аудиті және талдауы сұрақтарын қамтитын нормативтік, заң
актілері, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
Зерттеу жұмысының құрамы мен құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім,
қорытынды және қосымшадан құрылған. Дипломдық жұмыста 12 кесте және 2 сурет
келтірілген.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Негізгі құралдар түсінігі, жіктелуі және бағалануы

Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде
немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның
қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық
сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі,
кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра
алмайды.
Негізгі құралдар – өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан
артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып,
құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке
есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып
отыратын еңбек құралдары, яғни материалдық активтер 2.
Негізгі құралдар – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды
өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-
әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы 3.
Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар жоспарының екінші бөліміндегі
2400 Негізгі құралдар бөлімшесінің активті 2410 Негізгі құралдар
шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың
басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар
көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны
көрсетіледі.
Өндіріске қатысуына байланысты негізгі құралдар мыналарға жіктеледі:
- өндірістік – негізгі құраларға жарғылық қызметті іске асыруға
байланысты, яғни өнеркісіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылық,
сауда;
- өндірістік емес – жалпы ішкі өнімді шығармайтын, бірақ оны
тұтынатын объект, яғни тұтынушылыққа бағытталған негізгі құралдар.
Иелігіне қарай:
- меншікті – кәсіпорынға тиісті, өз иелігіндегі болған құралдар;
- жалгерлік – жал келісімі бойынша онда көрсетілген уақытқа басқа
субъектіден алыннған объект;
- уақытша кіргізілген – бұл негізгі қорлар өзгертілмеген күйінде
қайтаруға жатқызылады, табиғи тозу салдарынан өзгеруден басқа.
Пайдалануына қарай:
- пайдаланудағы – кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық
қызметте пайдаланылып жатқан негізгі құрал;
- запастағы – жұмыс істеп тұрған құралдарды жөндеу, авария немесе
жою кезінде пайда болатын запастар;
- консервациядағы – уақытша қолданылмайтын құралдар.
Заттық құрамы бойынша:
- инвентарлы - объект, заттық құрамы бар және жоюлуға және
есептіліккке алынатын негізгі құрал (ғимарат, жабдықтар, машиналар);
- инвентарлы емес - жер, орман және су алабына капитал салымы.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар
болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі қүрал-
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп түрған құрал-жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер;
ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның
ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық); күш беретін машиналар және
жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен кұрал - жабдық; көлік құралдары, құрал -сайман; өндірістік
мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп
жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын;
басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:
-жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік объекті болып
саналады;
-үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
әлеуметті құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып
табылады;
-ғимараттар — еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет,
көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік
объект болып табылады;
-өткізгіш тетіктер (қондырғылар) — электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, кабылдау подстанциялардан және подстанциялардан трансформатор жайына
дейін мүліктік объекті бола алады;
-машиналар мен жабдықтар — күш беретін машиналар және жабдықтар жұмысшы
машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен
лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің
бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті
заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті
болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан түрады;
-күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор - машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға,
яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар
мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану
двигательдері, электрлік двигательдер);
-жұмыс машиналары мен жабдықтар — еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар.
Аппараттар жәнее құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш
кесетін ағаш кесетін аралар);
-өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар — өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
-есептеу техникасы — процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және
басқа есептеу машиналары);
-басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа
кұрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт
сөндіргіш машиналар);
-көлік құралдары — адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін
көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын
қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
-құрал - сайман — қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу
үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын
еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана
мүліктік объект болып табылады;
-өндірістік мүлік және соған жататын заттар — өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды
сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар
заттарда мүліктік объекті бола алады;
-шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік
объекті бола алады;
-жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал — ат, өгіз, түйе және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара
мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар,
маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар.
Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
-көп жылдық өсімдіктер — қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс
және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза
плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршауляр, жерді қорғайтын өсімдіктер).
Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған)
өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
-жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) — ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер
қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар
(жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын
тастардан тазарту);
-басқа да негізгі құралдар — кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге
асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1) еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер
етеді және өндіріс үрдісінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде
шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының
пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең
экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде
бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік
орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам
иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар
табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып
бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік
қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды,
өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік
циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте
жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр
түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі құралдар өзінің
әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық
құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді
натуралды түрде көрінеді.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты
негізгі құралдардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы
қадағалау, пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау,
негізгі құралдардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның
есепте дұрыс айқындалуы, жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы
мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару, тиімді пайдалануды
басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да
объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен
қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану, негізгі
құралдардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару, кәіспорын басшысын
есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын
автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен
жедел қамтамасыз ету.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып
табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаруашылық
қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық
материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі құралдарды тиімді
пайдалануды көтеру. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің
арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі құралдардың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың
негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті
тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің
материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және
тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің
өсуіне, қор қайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының
төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі құралдарды тиімді пайдалануды және
жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық
бөлімшілерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген
қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және
шығуын анықтау, негізгі құралдардың техникалық жағдайын әсіресе активті
бөлігін зерттеу, негізгі құралдардың пайдалану дәрежесін және оған әсер
еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын
және комплекттігін анықтау, қор қайтарым өсімінің резервтерін шығару,
негізгі құралдардың тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы
көтеру.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып
табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық
қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Негізгі құралдардың бағалануы:
Жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтарды бастапқы мойындауда активті
жасау немесе сатып алу бойынша барлық нақты өндірістік шығындарды қосатын
нақты құнмен бағаланады. Негізгі құралдардың нақты құнына активтің
пайланануға дайын күйіне дейінгі барлық шарасыз шығындар кіреді.
Негізгі құралды сатып алған кездегі құнына кіреді:
-сатып алу бағасы;
-жеткізуге кеткен шығындар;
-қызметкерлерге төленетін өтем ақы;
-және басқа да тікелей шығындар.
Бастапқы бағалауға демонтаж, активтерді тарату және ол орналасқан
өндірістік алаңды қалпына келтіру құны енеді.
Актив ретінде танылуы мүмкін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісі бастапқы құн бойынша бағалануға тиіс 4.
Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды
бағалаудың түрлері:
1) өзіндік (бастапқы) құны;
2) жойылу құны;
3) амортизациялық (тозу) құны;
4) әділетті (сатып өткізу) құны;
5) баланстық құн;
6) өтелетін сома.
Өзіндік құн (бастапқы) - бұл төленген ақша қаражаттарының немесе
баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын салу
кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
Негізгі құралдардың жойылу (қалдық) құны – негізгі құралдың пайдалану
мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға
болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын
келешектегі (алдағы уақыттағы) алып тастау арқылы анықталады 2.
Амортизациялық құн – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның
орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны 2.
Әділетті (сатып өткізу) құн – мәмілеге дайын және жақсы хабардар
тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға
болатын сома.
Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі
құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы
құны болып табылады 3.
Өтелетін сома - сату шығыны шегерілген активтің әділ құны және оның
қолданыстағы құны, осы екі шаманың үлкені.
Актив ретінде танылуға жататын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісі алдымен өзіндік құн бойынша өлшенуге тиіс.
Өзіндік құнның компоненттері:
- жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны оның
сатып алу бағасын, оның ішінде импорттық баждарды және сатып алуға
салынатын өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану үшін активті
жұмыс күйіне келтіру жөнінде соған жатқызылатын барлық тікелей шығындарды
қамтиды;
- сауда және басқа жеңілдіктердің барлығы сатып алу бағасын анықтаған
кезде шегеріледі.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік бастапқы құны
тек мына жағдайларда ғана өзгереді:
1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе
қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы
жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т.б.) немссе ішінара бұзғанда,
жойғанда және бөлшектегенде;
2) негізгі құралдарды қайта бағалағанда;
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы
мүмкін:
1) нақты ақшаға сатылып алынады;
2) несиеге алынады;
3) кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде
(акцияларына айырбастау жолымен алынады);
4) басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы
ретіндс тегін алынады;
5) салу, құру, жасау арқылы алынады;
6) басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы Негізгі
құралдарды қабылдау - тапсыру актісін толтыру арқылы алынады.
Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп
бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында
негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік
инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Негізгі құралды қарызға алу: ХҚЕС16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған
кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен
сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ
төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың
капитализациялануы активті құру кезінде болады.
Активтермен алмасу: ХҚЕС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ
құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны
өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.
Негізгі құралдарды сый ретінде алу: ХҚЕС 20 Мемлекеттік субсидияны
есептеу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу стандартына сәйкес
мемлекеттік грантты есептеудің 2 тәсілі бар 7:
- капитал әдісі;
- табыс әдісі.
Капитал әдісі бойынша мемлекеттік грантты есепте меншікті капитал
түрінде көрсету.
Табыс әдісі бойынша грантты табыс ретінде тану жыл ішінде немесе
бірнеше есеп мерзімінде тану.
Жерді сатып алу егер жер реконструкциялау немесе ғимарат үшін сатып
алынған болса, ондағы ескі құрылыстарды бұзу бойынша шығындар жер құнына
капитализацияланады.

1.2 Негізгі құралдар есебі мен аудитін ұйымдастырудың теориялық
негіздері

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру"
туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі
принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы
заңға сәйкес жүргізуге міндетті 6.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты
негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы
қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау;
негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның
есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы
мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды
басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да
объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен
қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі
қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын
есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын
автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен
жедел қамтамасыз ету. Негізгі құралдар есебі, олардың жіктелуі және
бағалануы, құжаттық рәсімделуі және негізгі құралдардың түсуінің есебі,
негізгі құралдардың тозуы мен амортизация есебі, олардың ремонттарына
шығындардың есебі және құжаттық рәсімдеуі, негізгі құралдарды қаржыландыру
және қайта бағалау тәртібі 16 Негізгі құралдар Халықаралық Қаржылық
Есептілік Стандартына сәйкес жүргізіледі.
Осы Cтандарттың мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымның
негізгі құралдарға инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер
туралы ақпарат алуы үшін негізгі құралдар есебінің тәртібін анықтау болып
табылады. Негізгі құралдар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану,
олардың баланстық құнын және осыларға байланысты танылуға тиісті
амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған шығындарды анықтау болып
табылады.
ХҚЕС 16 басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты басқа есепке алу
тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін реттерді қоспағанда, негізгі
құралдарды есепке алу үшін қолданылады.
Басқа Стандарттар осы 16 ХҚЕС-да көзделгеннен өзгеше тәсілдеме
негізінде негізгі құралдардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі
мүмкін. Мысалы, 17 Жалдау Халықаралық стандарты ұйымнан тәуекелдер мен
пайдалардың негізгі құралдардың жалданатын объектісін тану белгісі ретінде
берілуін қолдануды талап етеді. Алайда, мұндай жағдайларда, амортизацияны
қоса, осы активтер үшін есепке алу тәртібінің қалған аспектілерінің барлығы
осы Стандарттың талаптарымен анықталады.
Осы Стандарт тану бірлігін, яғни негізгі құралдар объектісі нені
құрайтынына ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты ұйымдағы нақты
міндеттемелерді тану өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды талап етеді.
Кейбір жағдайларда жекелеген шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді,
құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп, осы өлшемдерді олардың жалпы
құнына қолдануға болады. Негізгі құралдар объектісі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып
алынуы мүмкін. Осындай негізгі құралдарды сатып алу қолда бар нақты негізгі
құралдар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың
ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді
пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін
қажет болуы мүмкін. Негізгі құралдардың осындай активтері активтер ретінде
танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы
мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық
пайдалар алуын қамтамасыз етеді 3.
Жалпы, Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңында
көрсетілгендей, аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір
білдіру мақсатымен тексеру болып табылады 10.
Негізгі құралдар аудитінің негізгі мақсаты – негізгі құралдардың
құрамының қалыптасуының, есебінің толықтылығы мен шынайылығын және олардың
құнының амортизациясының дұрыстығын тексеру.
Негізгі құралдарды сақтау, есептеу және қолдану аудитіні төмендегідей
талаптар қояды:
- негізгі құралдардың бар болуы мен сақтылығына бақылаумен
қамтамасыз ету;
- заттарды негізгі құралдарға жатқызудың, өндірістік үрдіске қатысу
сипаттамасы, меншіктілігі және сыныпталуы бойынша топтастырылуының
дұрыстығы;
- есепте негізгі құралдарды бағалаудың дұрыстығы;
- есепте негізгі құралдардың келіп түсуі мен шығуы бойынша
операциялардың рәсімделуі мен көрсетілуінің дұрыстығы;
- есепте негізгі құралдардың жөндеуден өтуі мен тозуының есептелу
және рәсімделу дұрыстығы;
- негізгі құралдарды қолданудың дұрыстығы мен тиімділігі;
- бухгалтерлік есеп пен есептілікте негізгі құралдардың қозғалысы
жөнінде мәліметтер бейнеленуінің дұрыстығы 11.
Осы талаптарды ескере отырып келесілерді тексеру қажет:
- негізгі құралдардың сақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар
атқарылғандығын;
- материалды-жауапты тұлғаларға материалдық құндылықтардың сақталуын
қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалғандығын, сақтауға арналған
жабылатын және күзетілетін орындар, шкафтар, сейфтардың болуын;
- ғимараттар өрттік-сақтану дабылымен жабдықталғандығын;
- кәсіпорын шекарасынан материалдық құндылықтарды алып шығу
жағдайында құжаттарды рәсімдеу тәртібінің ұйымдастырылғандығын;
- негізгі құралдармен жүргізілетін операциялар бойынша басшы
бұйрығымен тұрақты қызмет ететін комиссияның тағайындалғандығын;
- түгендеу, таңдамалы тексеру жүргізілгендігін және негізгі құралдар
объектілеріне түгендеу нөмірлері бекітілгендігін 12.
Негізгі құралдар аудиті кез-келген басқа аудит секілді ішкі және сыртқы
болып бөлінеді.
Сыртқы аудит тәуелсіз аудиторлық фирмалар арқылы жүзеге асады; оның
басты мақсаты қаржылық есептіліктің шынайылығын растау.
Ішкі аудитті кәсіпорынның қызметіндегі нақты нәтижелерге жету және
оларды сақтау мақсатымен қауіпсіздік шаралар жүйесі немесе ішкі бақылау
жүйесі ретінде қарастыруға болады. Ол кәсіпорын жоспарлары жиынтығынан,
оның активтерді қорғау үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдерден, табысты
жоғарылатудан, кәсіпорын басшылығының үкімдерін нақты орындауды қамтамасыз
етуден тұрады.
Ішкі аудит кәсіпорынның құрылымдық бөлімі ретінде болып, кәсіпорынның
басшылығына бағынады. Ішкі аудиттің міндеттері әртүрлі болады: бухгалтерлік
есепті жүргізу дұрыстығын тексеру; кәсіпорынның кірістері мен шығыстары
бойынша шоттардың дұрыс енгізілуін тексеру; жеке операциялардың заңға
сәйкес орындалуын тексеру, және т.б. Ішкі аудитті жүргізу үшін қажетті
әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтарды құрып алу керек. Ішкі аудит
бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Аудит жетекшісі
тексерістің ұйымдастырылуына және жүргізілуіне толық жауапкершілік артады.
Соңғы жылдары көптеген ұйымдарда ішкі аудит рөлі шешім қабылдауға негіз
болатын, басқарылатын ақпараттық жүйемен берілетін ақпараттар сапасын
бағалауды қосу арқылы және ақпаратты талдауда қолданылатын әдістемені
бағалауды қосу арқылы ұлғайды.
Ішкі аудиторлар фирманың, компанияның бақару қызметіне тәуелсіз
эксперттік бағалау жүргізеді. Олар өздерінің бас кеңселеріне тексерілетін
ұйым қызметі жөніндеақпараттар, нұсқаулықтар, кеңестер, талдау нәтижесін
ұсынады. Ішкі аудит мақсаты – жұмысшыларға өз міндеттерін мүмкіндігінше
тиімді және білікті орындауға көмектесу.
Негізгі құралдар аудитін жүргізу барысында объектілердің түсуін есепке
алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстылығы тұрғысынан тексерілуі қажет.
Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор операцияларының
қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі, салық салу
қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен операцияларын
типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде дербес анықтайды.
Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес
операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар
объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың
толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың
техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі.
Негізгі құралдарды есепке алған кезде олардың қозғалысы келесідей
стандартты құжаттар көмегімен рәсімделуі керек:
1) Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі.
Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын
комиссияның біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді
білетін мамандар енуі керек.
Бұл форма негізгі құралдар құрамына олардың эксплуатацияға енуін есепке
алу үшін жеке объектілердің енгізілуі кезінде, негізгі құралдар құрамынан
басқа кәсіпорынға берілетін объектілерді алып тастау үшін, сонымен қатар,
негізгі құралдардың ішкі қозғалысын рәсімдеуде қолданылады.
Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде
кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі толтырылғаннан
кейін, осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға
беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы немесе өкілетті
тұлға бекітеді;
2) жөндеуден, қайта жөндеуден өткізілген және жаңартылып жетілдірілген
объектілердің қабылдау-тапсыру актісі.
Негізгі құралдарды жөндеуден, күрделі қайта жөндеуден, жаңартудан
қабылдауды және сәйкесінше тапсыруды рәсімдеуге қолданылады.
Расталған актіні бухгалтерияға өткізгеннен кейін негізгі құралдар
есебінің инвентарлық карточкасында сәйкес белгі соғылады;
3) негізгі құралдарды есептеудің инвентарлық карточкасы.
Ол негізгі құралдардың барлық түрлерінің есебін жүргізуге арналған.
Карточкаларды бухгалтерияда әр объект бойынша жүргізеді; акт негізінде
немесе техникалық құжаттар негізінде бір данада толтырылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы деген бөлімде оның негізгі
сапалық және сандық көрсеткіштері жазылады;
4) негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы. Бұл
форма негізгі құралдардың аналитикалық есебі кезінде ашылатын инвнтарлық
карточкаларды тіркеуге арналған.
Жазбаларды негізгі құралдардың сыныпталған топтары бойынша жүргізеді;
5) негізгі құралдар қозғалысын есепке алу карточкасы.
Инвентарлық карточка мәліметтері негізінде жүзеге асады;
6) негізгі құралдардың инвентарлық тізімі (олардың эксплуатацияға
орналасуы бойынша). Бұл формада материалды жауапты тұлғалар бойынша негізгі
құралдардың тұрған жерінде әр объектінің есебі жүргізіледі. Аудитор
міндетіне кіріс құжаттарына барлық деректемелердің, инвентарлық
объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың нөмірі, күші), оның
толықтылығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру енеді.
Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен жағдайда
аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың дұрыстығын,
қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.
Негізгі құралдардың есебінің жағдайын тексеру барысында аналитикалық
есептің дұрыс ұйымдастырылуына көз жеткізу керек; негізгі құралдардың
барлығы материалды жауапты тұлғаға жүктелген ба; соңғы түгендеу дұрыс
жүргізілген ба, нәтижелері қандай және олар есепте көрсетілген ба; есептік
мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу керек.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі инвентарлық карточкаларда
жүргізіледі. Ол есептік жұмыстың еңбек сыйымдылығын төмендетеді, негізгі
құралдарды топтастыруға мүмкіндік береді, есетік процесті автоматтандыруға
мүмкіндік береді, және негізгі құралдардың жекелеген объектілері жөнінде
ақпараттар алуды жеңілдетеді.
Аудитор негізгі құралдардың жекелеген және топтастырылған есебінің
карточкаларының дұрыс жүргізілуін тексеруі керек. Карточкалардың барлық
реквизиттерінің дұрыс және уақытылы жасалғанына үлкен көңіл бөлу керек.
Инвентарлық карточкалардың санын тексеру керек. Жетіспеушілік байқалған
жағдайда себебін анықтап, инвентарлық карточкасы жоқ объектілердің
түгелдігіне көз жеткізіп, негізгі құралдардың әр объектісі бойынша
аналитикалық есебін қалпына келтіруді ұсыну керек.
Аналитикалық және синтетикалық есептер арасында сәйкес келмеушіліктер
байқалған жағдайда олардың себебін, кінәлі тұлғаларды анықтап, салдарын
көрсетіп, бұл кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу керек.
Инвентарлық карточкадағы мәліметтердің шынайылығына көз жеткізу керек.
Ол үшін құралдардың жекелеген түрлері бойынша таңдамалы тексеріс жүргізу
керек.
Негізгі құралдардың сақтығын қамтамасыз ететін маңызды жағдай болып
олардың сапалы түрде түгендеуден өтуі табылады. Сондықтан, бақылау кезінде
оның толықтылығы мен уақытылылығын, нәтижесінің бухгалтерлік есепте дұрыс
көрсетілгендігін тексеру керек. Бұл аудиторға аудиторлық тәуекелділікті
төмендетуге көмек береді.
Негізгі құралдар саны ондац көп болмаса аудитор жаппай тексеріс
жүргізуіне болады. Жыл соңына қарай түскен құралдарға ерекше көңіл бөлу
керек.
Түгендеудің барлық материалдарын зерттеу негізінде оған қорытынды
беріліп, есебін жетілдіру туралы ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, ҚР
Үкіметімен қарастырылған мүлікті қайта бағалау жүргізілді ма, объектілердің
баланстық құнын есептеу коэффициентінің дұрыс қолданылуын тексеру керек.
Негізгі құралдардың дұрыс бағалануын тексеру қажет. Ұйымға жаңадан
келіп түскен негізгі құралдар құрылысына, сатып алуға, жеткізуге,
монтаждауға, құруға кеткен шығындары және жобалық –сметалық құжат құны
кіретін бастапқы құны бойынша есепке алынады. Эксплуатацияда болған негізгі
құралдар сатып алу құны мен жеткізуге, құруға кеткен шығындар және тозу
сомасының қосынды сомасы арқылы кірістеледі.
Капиталдық салымдар арқылы жүзеге асқан объектілердің қосымша құрылысы
мен жабдықталуын сонымен қатар, тиісті ережелерге сай негізгі құралдардың
қайта бағалануын ескермегенде, негізгі құралдардың бастапқы сомасы
өзгертілмейді.
Негізгі құралдардың шығуы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі
жөніндегі ережеде, тозығы жеткен ғимараттар, машиналар, құрал-жабдықтар,
транспорттық құралдар және т.б. негізгі құралдарға жататындарды шығару
бойынша типтік нұсқаулықтарда анықталған.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан әртүрлі себептерге байланысты шығарылуы
мүмкін:
1) қайтарымсыз беру. Бұл жағдайда негізгі құралдарды беру екі данада
жасалатын актпен рәсімделуі керек.
Басқа кәсіпорынға қайтарымсыз тапсырылған негізгі құралдардың құны
жарғылық қор төмендеуіне есептен шығарылады: бастапқы құн – жарғылық қор
төмендеуіне, тозу сомасы – жоғарылауына;
2) кәсіпорын өз негізгі құралдарын құрып жатқан еншілес ұйымының
жарғылық капиталына салған салымдары ретінде беруі мүмкін;
3) қолданылмай тұрған негізгі құралдарды сату. Мұндай жағдайда оларды
сатудан түскен пайда өндірісті, ғылымды, техниканы дамытуға бағытталады;
4) табиғи тозығы жеткен объектілерді өткізу. Бұған төмендегі себептер
байланысты болады:
а) олардың физикалық тозуы, апаттар, табиғи апаттар, эксплуатацияның
қалыпты жағдайларының бұзылуы салдарынан іске аспай қалуы;
б) табиғи ескіруі;
в) кәсіпорынның, цехтардың құрылысымен, жөнделуімен, техникалық
жабдықталуымен байланысты.
5) жетіспеушіліктер. Негізгі құралдарды есептен шығару қажеттігі бұл
жағдайда да туындайды;
6) табиғи апаттар. Негізгі құралдар шығысы өрт, табиғи апат, т.б.
қауіпті жағдайлар салдарынан болуы мүмкін;
7) жал шарты бойынша басқаларға беру.
Аудит процесінде кәсіпорын балансынан сапалық ескірген, тозған және ары
қарай пайдалануға, қалпына келтіруге болмайтын немесе экономикалық тиімсіз
болатын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды алып тастауға аса
мұқият бақылау жүргізеді.
Негізгі құралдар объектілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру
кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы
нұсқаудың орындалуын анықтайды.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін
еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы
бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін
тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет
мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары
енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау
инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару
кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль
инспекциясы, техникалық қадағалау).
Комиссия объектіні қарап, есептен шығарудың нақты себептерін ашып,
қолданудан уақытынан бұрын шығуға кінәлі адамдарды анықтап, пайдалану
мүмкіндігін қарастырып, пайдаға жарайтын материалды құндылықтарды
бағалайды. Комиссия актіні құру кезінде паспорт, қабат жоспарларын, ақаулар
ведомостерін, машина апаттары туралы актілерді және басқа қолда бар
құжаттарды міндетті түрде пайдалануы керек. Есептен шығару негізгі
құралдарды есептен шығару актісі және автокөлік құралдарын есептен шығару
актісімен екі данада жүргізіледі.
Актіні субъект басшысы бекітеді. Объектіні талдауға (жоюға)
бекітілгеннен кейін ғана кірісу керек. Жоюдан алынған қосалқы бөлшектер,
агрегаттар, металл қалдықтары мен басқа құнды заттар ықтимал пайдалану
немесе сату бағалары бойынша тиісті шоттарға кіріске алынады.
Негізгі құралдарды жою актілері негізінде инвентарлық (мүліктік)
карточкаларға, инвентарлық карточкалар тізбелерінде және орналасқан,
пайдаланылатын жерлері бойынша негізгі құралдардың инвентарлық тізімінде
есептен шығару туралы белгі қойылады.
Егер инвентарлық объект эксплуатацияның амортизациялық мерзімінен аз
пайдаланылса, онда әр уақытынан бұрын есептен шығару жағдайы тексеріледі.
Бұл жағдайда ысырапқа жауапты адамдар және әкелінген ысыраптың орнын
толтыру бойынша басшылық қабылдаған және ары қарайғы қызметте оны болдырмау
шаралары анықталады.
Негізгі құралдар объектілерін есептен шығаруды бақылай отырып аудитор
бұзу, сонымен қатар демонтаждау бойынша операциялардың, жоюдан кейінгі
материалдарды кірістірудің шоттарда көрініс табу тәртібі сақталуын
тексереді.
Жарамсыз материалдар сатылуы мүмкін. Болжамды сатып өткізу бағасы
бойынша металл сынықтары, отын немесе қалдық шикізат ретінде кіріске
алынады.
Объект түсу кезінде жою құнын анықтауда қиыншылықтар болады. Себебі,
негізгі құралдардың осы объектісінің қандай жағдайда пайдаланылатынын
болжау аса қиын. Осы проблеманың шешілуін әр кәсіпорын өзінің есеп
саясатында анықтауы қажет.
Әдетте жою құны объектінің эксплуатацияға енгізілген күніндегі бағамен
активтен болатын күтілген пайда ретінде анықталады. Объектінің жою құнын
жекелеген бөлшек, детальдарын пайдалану нормасынан шыға отырып, оның
техникалық жағдайын көзбен көру арқылы не қабылдау комиссиясы анықтайды, не
объектінің жою құны шыға отырып анықталады. Бұл жағдайда компания
бухгалтериясына алдыңғы кезеңдердегі негізгі құралдар объектілерін есептен
шығаруды талдап, алынған қосалқы бөлшектер, қалдықтар мен сынықтардың
есептен шығарылған объектілер құнының қанша пайызы екенін анықтау қажет.
Жалға берілген негізгі құралдар объектілері жалға беруші балансында
болады, ал жалгерде жалдау шартында көрсетілген бастапқы құн бойынша
баланстан тыс шотта ескеріледі. Жалға қабылданған объектілердің талдамалық
есебінің регистрі ретінде жалға алынған объектілерді қабылдау-тапсыру
актісі тіркелген инвентарлық карточка көшірмесі пайдаланылады. Аудитор осы
тәртіптің қалай орындалатынын, сонымен қатар негізгі құралдардың бүтіндігі
мен эксплуатациясы қалай қамтамасыз етілетінін тексереді.
Актив ретінде мойындалғаннан кейін негізгі құралдар жинақталған
амортизация алынып тасталған бастапқы құн бойынша көрсетіледі. Осының
негізінде негізгі құралдар қайта бағалаудан кейін жинақталған амортизацияны
алып тастап қайта бағалау күнгі олардың әділ құны болып табылатын ағымдық
баға бойынша есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі.
Негізгі құралдардың әділ құны көп жағдайда тиісті объектілерді
шаруашылықтың пайдалану тәсілі ұзақ уақыт сақталған жағдайдағы рыноктық құн
болып табылады. Әділ құнды пайдалану үшін жағдай қажет: осы объектілердің
белсенді рыногы, тараптардың тәуелсіздігі мен ақпараттың хабардарлығы.
Рыноктық құнды кәсіби бағалаушылар анықтайды. Қандай да бір объектілердің
өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты рыноктық құны туралы ақпаратты алу
үшін мүмкін болмаған жағдайда нақты тозу ескеріле отырып, олар қалпына
келтіру құны бойынша қайта бағаланады.
Негізгі құралдарды қайта бағалауды жүргізу үшін түгендеу комиссиясына
ұқсас комиссия құрылады. Негізгі құралдар объектілерін қайта бағалауды
жүргізуді бастағанға дейін орнатылған тәртіп бойынша олар түгенденеді.
Негізгі құралдарды қайта бағалаудың алғашқы мәліметі ретінде олардың
(бастапқы) құны жүреді.
Қайта бағалауға компания меншігіндегі әрекет етушімен қатар,
резервтегі, концервациядағы, есептен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Астықты қайта өңдеуге кеткен шығынның ішкі аудиты мен талдауы
Жарғылық капитал аудитінің есебі
Негізгі құралдардың есебін аудиттеу
Қысқамерзімді активтердің аудиті
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Экологиялық аудит туралы
Аудит
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Негiзгi құралдардың бухгалтерлiк есебi
Пәндер