Төлем көзінен салық салынатын кірістерге жеке табыс салығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 Салықтық түсімдер
1 Салықтық түсімдер: 1. 1. Корпорациялық табыс салығы
1 Салықтық түсімдер: 2. 1. 1. Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы (белгіленген тізбе бойынша)
1 Салықтық түсімдер:

2. 1. 2. Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін корпорациялық табыс салығы

1 Салықтық түсімдер: 1. 2. Жеке табыс салығы
1 Салықтық түсімдер:

2. 2. 1. Төлем көзінен салық салынатын кірістерге жеке табыс салығы

1 Салықтық түсімдер:

2. 2. 2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға салынатын жеке табыс салығы

1 Салықтық түсімдер:

2. 2. 3. Қызметін бір жолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығы

1 Салықтық түсімдер: 1. 3. Әлеуметтік салық
1 Салықтық түсімдер: 1. 4. Мүлік салығы
1 Салықтық түсімдер:

2. 4. 1. Заңды тұлғалардың және жеке кәсiпкерлердiң мүлкiне салынатын салық

1 Салықтық түсімдер: 2. 4. 2. Жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы
1 Салықтық түсімдер: 1. 5. Жер салығы
1 Салықтық түсімдер: 1. 6. Көлік құралдарына салынатын салық
1 Салықтық түсімдер: 1. 7. Бірыңғай жер салығы
1 Салықтық түсімдер: 1. 8. Қосылған құн салығы
1 Салықтық түсімдер:

2. 8. 1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларған, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы

1 Салықтық түсімдер:

2. 8. 2. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы

1 Салықтық түсімдер: 1. 9. Акциздер
1 Салықтық түсімдер:

2. 9. 1. Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға акциздер

1 Салықтық түсімдер:

2. 9. 2. Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға акциздер

1 Салықтық түсімдер: 1. 10. Басқа төлемдер
1 Салықтық түсімдер: 1. 11. Үстеме пайдаға салынатын салық

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасуы

2. 2 Салықтық түсімдер - мемлекеттік бюджет кірістерінің көзі

2. 3 Салық қызметі органдарының бақылау - экономикалық қызметіне талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәселелері

3. 2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыс Қазақстанға, оның салық жүйесіне, қалыптасқан салықтық ахуал мен салық жүйесінің кейбір мәселелері мен қиындықтарына, негізгі салықтық көрсеткіштерге және салықтық түсімдердің елдегі экономикалық ықпалына арналады.

Елімізде нарықтық қатынастар салтанат құрғандықтан, дамыған елдердің тәжірибесіне көз жүгірту керек. Әсіресе, қаражат саласына назар аударғанымыз жөн. Осы жерде маңызды орынды салық жүйесі алады. Себебі, ол мемлекеттік экономикалық саясаттың ең басты құралы және нарықтық қатынастардың реттеушісі болып табылады.

Салық салу кез келген мемлекеттің қалыптасуының, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы бірден-бір негіздемесі. Салық - қоғамның класстарға бөлінуіне және мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты.

Қоғам дамуының тарихында көз салар болсақ, ешқандай мемлекет салықсыз өмір сүрмеген, себебі, ұжымдық сұранысты қанағаттандыру үшін белгілі ақшалай сома қажет. Ал, бұл сома - салықтың көмегімен жиналады.

Салық жүйесі - реформаланып жатқан экономиканың ең жанды жері десе де болады. Ол Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлшегі. Бүгінде салық қоғам алдында тұрған кейбір міндеттерді шешуге бағытталған кешенді жүйелікреформалардың ажырамас бөлігі болуы керек. Салық саяастының негізін жасақтай отырып, республика үкіметі төтенше күрделі мәселені шешу қажеттілігіне кезікті. Оның негізі сол, бірденнен көптеген жағдайлар мен факторларды ескеру қажет: салық саясаты мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің табыс бөлігін кепілді қамтамасыз етуі керек; экономика дамуын ынталандыру үшін аударылатын қаржылры ставкалары барынша төмен болуы, ал салық салу тетігі барынша қарапайым болуы керек.

2010 жылдың салықтық түсімдерінде корпорациялық табыс салығы (50, 3%) мен қосылған құн салығы (34%) бойынша түсімдердің едәуір үлесі бар.

Корпорациялық табыс салығының едәуір сомасын кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, қаржы қызметі, көлік және байланыс кәсіпорындары төлейді. 2011 жылға корпорациялық табыс салығы түсімдерінің болжамдалған көлемі 966 млрд. 697 млн. 700 мың теңгені, 2012 жылға 1 трлн. 057 млрд. 394, 0 млн. теңгені құрайды деп болжанған.

Қосылған құн салығы бойынша 2010 жылға арналған болжам 559 млрд. 607 млн. 826 мың теңге сомасында есептелген. Бұл ЖІӨ-нің 3, 2 пайызын немесе 2009 жылғы бағалауға 108, 0 пайызды құрайды. 2011 жылға арналған болжам 688 млрд. 669 млн. 468 мың теңгені, 2012 жылға 729 млрд. 158 млн. 300 мың теңгені құрайтыны болжанып отыр.

Мұнайға қатысты емес сектордың жер қойнауын пайдаланушылар бойынша түсімдер 2010 жылға 88 млрд. 389 млн. 391 мың теңге сомасында болжанады. Оның ішінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы 62 млрд. 654 млн. 675 мың теңге, бонустар 10, 0 млрд. теңге көлемінде болмақ. Сондай-ақ үстеме пайдаға салынатын салық 14 млрд. 404 млн. 900 мың теңге, көмір экспортына рента салығы 1 млрд. 329 млн. 816 мың теңге шамасында болатыны болжанған.

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін 2011 жылға арналған болжам, тұтастай алғанда 101 млрд. 497 млн. 604 мың теңге сомасында белгіленді, ал 2012 жылғы түсім 104 млд. 360 млн. 623 мың теңге көлемінде болмақ.

Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтерді жүргізу алымдары бойынша 2010 жылға арналған болжам тұтыну бағалары деңгейінің 8, 5 пайызға өсуін ескере отырып, 2009 жылғы бағаға қарағанда 8, 5 пайызға өсуімен 1 млрд. 621 млн. 721 мың теңге сомада белгіленді. Ал 2011 жылға 1 млрд. 759 млн. 567 мың теңге, 2012 жылға 1 млрд. 900 млн. 332 мың теңге сомасында белгіленді. Бүгінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі мен салықтары ұдайы және айтарлықтай реформалану үстінде. Бұл процестердің өтпелі кезең талаптары мен өмір тынысына, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделері мен қажеттіліктеріне, республикалық бюджет пен жергілікті бюжеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру принциптерін жаңалауға, салықтар жүйесін өзгертуге, салық салу базаларын таңдау және қалыптастыру әдістемелеріне орай жүзеге асырылып жатқаны белгілі.

Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни салық жүйесін жетілдіру және салық салу операцияларды меңгеру міндеті пайда болғаны айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететің күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан салық қызметі бойынша жоғары білімді мамандар дайындау - уақыт талабы.

Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы салық түсімдерінің жағдайын білу.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегілерді қарастырамыз:

  • салық жүйесінің мәні мен түрлерін анықтау, Қазақстандағы салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.
  • салық жүйесінің болашағы мен мәселелерін зерттеу.

1. Салықтық түсімдер

1. 1. Заңды тұлғаларға салынатын корпорациялық табыс салығы

1. 1. 1. Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы (белгіленген тізбе бойынша) болжамы бірнеше есеп нұсқасымен айқындалады.

Бірінші нұсқа бойынша есепті кезеңдегі салық декларацияларының жиынтық деректері пайдаланылады.

Салық декларацияларының деректерінен, ең алдымен, болжанатын кезеңге арналған салық салынатын кірісті айқындап алу керек. Бұл ретте жекелеген ірі салық төлеушілердің салық декларацияларынан алынған шегерімдердің құрылымын талдай отырып есептік кезең бойынша салық салынатын кірісті ағымдағы жылдың және болжанып отырған кезеңнің инфляция деңгейі мен болжанып отырған салық жылына арналған болжамды шегерімдердің мөлшеріне түзету керек. Алынған деректер базасында алдағы жылға арналған салықтың оңтайлы мөлшері болжансын ( 1 қосымша) .

Бірінші нұсқа бойынша корпорациялық табыс салығының болжамды сомасы:

Рп=(( Дотч*Іц. тек/100 %*Іц. п. /100 %) В *Sср формуласымен айқындалады.

Рп - корпорациялық табыс салығының болжамы;

Дотч - есепті кезеңдегі салық салынатын кіріс

Іц. тек - ағымдағы жылға арналған тұтыну бағаларының өсімі;

Іц. п. - болжамды жылға арналған тұтыну бағаларының өсімі;

В - салық салынатын кірістен шегерімдер;

Sср - есепті кезеңдегі салық алымдарының орташа ставкасы.

Екінші нұсқа бойынша ( 2 қосымша) ірі салық төлеушілер бөлінісінде есептелген және төленген корпорациялық табыс салығының сомасы туралы ақпарат, салық декларациялары бойынша жылдық қайта есептеулердің нәтижелері, бересі сомаларының өзгеуі пайдаланылады. Бұл есепте салықтың күтілетін түсімнен тұрақты сипаты жоқ, өндірістік қызметке тәуелсіз бір жолғы төлемдерді, атап айтқанда, уақытша факторлар (бағаның ауытқуы, құрылымдық өзгерістер) есебінен алынған жылдық қайта есептеулердің ірі мөлшерлерін алып тастау керек. Бұдан әрі күтілетін салық сомасы тұтыну бағаларының жоспарланатын индексіне түзетіледі. Түсімдердің болжамды сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

Р р = Р О *Іц/100%*Ір/100% , мұнда

Р р - корпорациялық табыс салығының болжамды сомасы;

Р О - салықтың ағымдағы жылы күтілетін түсімі;

Іц - тұтыну бағаларының жоспарланып отырған жылғы өсімі;

Ір - өндірістің жоспарланып отырған жылғы өсімі.

Дивидендтерден, сыйақылардан (мүдделерден), бейрезиденттің қазақстандық көзден қызмет көрсетуінен алынған кірістерден түсетін салық түсімін болжау бірнеше түсімдердің жыл ішіндегі серпініне және экономиканы дамытудың болжамды кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің өзгерістеріне негізделіп жоспарланады.

Үшінші нұсқа әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджет параметрлеріне сәйкес болжанған жалпы ішкі өнім көлеміне, корпорациялық табыс салығы алуларының орташа пайызына негізделген және мынадай формула бойынша айқындалады:

Рр=Wр*S/100%

S=Ресеп/Wесеп*100%, мұнда

Рр - болжамды кезеңге арналған корпорациялық табыс салығының сомасы;

Wр - болжамды кезеңге арналған ЖІӨ көлемі;

S - алулардың орташа пайызы;

Ресеп - есепті кезеңдегі корпорациялық табыс салығының сомасы;

Wесеп - есепті кезеңдегі ЖІӨ көлемі.

Төртінші нұсқа. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпорациялық табыс салығын қоспағанда заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы түсімдерінің көлемдері мен макроэкономикалық көрсеткіштердің арасында корреляциялық талдау жүргізген кеезде мынадай тәуелділік белгіленді.

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпорациялық табыс салығын

қоспағанда корпорациялық табыс салығы түсімдерінің көлемдеріне әсер ететін экономикалық көрсеткіштер тізбесі

Көрсеткіш
Корреляция коэффициенті
Айқындылық коэффициенті
Көрсеткіш: Жұмыссыздық деңгейі, %-бен
Корреляция коэффициенті: -0, 990
Айқындылық коэффициенті: 0, 980
Көрсеткіш: Соңғы тұтынуға арналған шығыстар, млрд. теңге
Корреляция коэффициенті: 0, 988
Айқындылық коэффициенті: 0, 977
Көрсеткіш: ЖІӨ (шикі мұнай өндіру бойынша қосылған ұүнда есептемегенде), млрд. теңге
Корреляция коэффициенті: 0, 965
Айқындылық коэффициенті: 0, 930
Көрсеткіш: Өнеркәсіп көлемі (шикі мұнай өндіруді қоспағанда), млн. теңге
Корреляция коэффициенті: 0, 970
Айқындылық коэффициенті: 0, 942
Көрсеткіш: Өнеркәсіптегі, саудадағы, көліктегі, байланыстағы, мейрамхана-қонқүй қызметіндегі, жылжымайтын мүлікпен операциялардағы қоыслағн құн салығы, млн. теңге
Корреляция коэффициенті: 0, 949
Айқындылық коэффициенті: 0, 900
Көрсеткіш: Алдыңғы кезеңдегі негізгі капиталға жалпы жинақтар, млн. теңге
Корреляция коэффициенті: 0, 880
Айқындылық коэффициенті: 0, 774

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпорациялық табыс салығын қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығының есептелген көлемі мен соңғы тұтынуға жұмсалатын шығыстардың арасындағы күшті корреляциялық байланыс анықталды.

Кері теңдеуді жасау кезінде осы кестедегі мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпорациялық табыс салығын қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығының түсімдері көрсеткіштерімен аса жоғары корреляция деңгейі бар көрсеткіштерді ескере отырып, төмендегі кестеде келтірілген түсімдердің Ү=а0+а1Х1+а2Х2 теңдеуінің коэффициенттерін аламыз.

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін корпорациялық табыс салығын

қоспағанда корпорациялық табыс салығы

түсімдерінің кері теңдеуі

Ауыспалы
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш
Ауыспалы кезіндегі коэффициент
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні
Корреляция коэффициенті
Ауыспалы: Ү
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: Шикізаттық емес сектордан алынатын корпорациялық салық бойынша түсімдер, мың теңге
Ауыспалы кезіндегі коэффициент:
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні:
Корреляция коэффициенті:
Ауыспалы: Х1
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: Соңғы тұтынуға арналған шығыстар, млрд. теңге
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: а1
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: 2, 627
Корреляция коэффициенті: 1, 000
Ауыспалы: Х2
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: Жұмыссыздық деңгейі, %-бен
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: а2
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: -0, 240
Корреляция коэффициенті: -0, 975
Ауыспалы:
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш:
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: ао
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: -1, 380
Корреляция коэффициенті:

мұнда Ү - түсімдердің көлемі (тәуелді ауыспалы) ;

а0 - Х-тің тұрақты мәні кезінде қалыптасатын түсімдердің деңгейі;

а1, . . . , аn - бұрыштық коэффициеттер (тәуелсіз ауыспалы көрсеткіштер бірлікке өзгерген жағдайда түсімдер мәнінің қаншалықты өзгеретінін көрсетеді) ;

Х1, . . . , Хn - тәуелсіз өзгерістер.

Бұл кері теңдеудің айқындылық коэффициенті, сондай-ақ 1-ге тең. Бұл берілген мәліметтер қатарларының теңдеу арқылы алынған мәліметтермен жүз пайыз дәл келетінін білдіреді.

1. 1. 2. Мұнай секторы ұйыымдарынан түсетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін корпорациялық табыс салығының болжамы.

Бірінші нұсқа.

Бірінші нұсқа бойынша корпорациялық табыс салығының есебі өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасасылған өнімдерді бөлу туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен бекітілген («Теңізшевройл» ЖШС) келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда көрсетілген құжаттарда айтылған салық режимі сақталатын барлық жер қойнауын пайдаланушылар бойынша жүргізіледі.

Салықты (Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды 101105) есептеу болжамды кезеңге арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерімен айқындалған мұнай мен газ конденсатын өндіру, оның ішінде оларды жеткізу, салық ставкалары, көлемдерін, мұнайға әлемдік бағаны (Brent маркасы), АҚШ долларына теңгенің бағамын ескере отырып жүзеге асырылады.

Корпорациялық табыс салығының болжанатын есебі салық салынатын табысқа ставка қолдану арқылы жүргізіледі, оны айқындаған кезде салық заңнамасында көзделген шегерімдер сомасын алып тастау қажет. Болжанатын кезеңдегі шегерімдер үлесі оның есепті жылы қалыптасқан мөлшерлері мен ағымдағы және болжанатын кезеңдердегі болуы мүмкін өзгерістері ескеріле отырып айқындалады.

Салық ставкасы Салық кодексімен бекітіледі.

Іске асырудың болжамды орташа бағасы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша шикі мұнай, газ конденсатын өндіруші кәсіпорындарда есепті кезеңде қалыптасқан және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштеріне сәйкес мұнайға болжамды әлемдік баға мен доллар бағамының өсуіне түзетілген нақты орташа баға ескеріле отырып айқындалады.

Корпорациялық табыс салығының болжамды көлемін айқындаған кезде бір реттік (жүйелі емес) сипаттағы төлемер сомасын қоспағанда өткен жылдардағы түсімдер серпіні мен ағымдағы жылы күтілетін түсімдер ескерілуі қажет.

Екінші нұсқа.

Корпорацуиялық табыс салығы болжамының есебі ағымдағы жылғы баға бойынша қалыптасқан орташа пайызы есепке алынып айқындалатын өткізілген өнімнің көлеміне алып қоюдың орташа пайызын қолдану арқылы «Теңізшевройл» ЖШС мен ӨБК ұйымдарын (ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды 101105) ескере отырып жүргізіледі және бекітілген ставканың өзгеруіне орай түзетіледі. Алып қоюдың орташа пайызын айқындаған кезде жүйесіз сипаттағы төлемдер сомасын алып тастау қажет.

Іске асырудың болжамды бағасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінде айқындалған әлемдік баға деңгейінде қабылданады.

Төлем көздерінен ұсталатын заңды тұлғалар - резиденттер мен резидент еместерден корпорациялық табыс салығы болжамының есебі (ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтары 101106, 101107) бірнеше жылдардағы салық түсімдері серпінін талдау, ағымдағы жылғы түсімдерді бағалау, болжамды бір реттік төлемдер және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады.

( 2а қосымша)

«Теңізшевройл» ЖШС мен ӨБК (ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды 101105) бойынша корпорациялық табыс салығының есебі есепті жылғы түсімдер көлеміне орай немесе макроэкономикалық параметрлердің болжанатын өзгерістеріне түзетілген және түсімдер серпінін ескере келе ағымдағы жылғы баға бойынша жеке жүргізіледі.

( 2б қосымша)

1. 2. Жеке табыс салығы

1. 2. 1. Төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы алынатын кіріс сомасына, қолданыстағы заңнамағы сәйкес ұсынылатын жеңілдіктер мен шегерімдерге және бекітілген салық салу ставкаларына тәуелді.

Бірінші нұсқа. Төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығының болжамын есептеу негізіне болжанатын жылға арналған салық салынатын кіріс мөлшері мен ставка алынады.

Салық салынатын табыс мөлшері табыстың болжамды сомасынан барлық қызметкерлерге есептелген ең аз еңбекақы мөлшерін, сонымен бірге міндетті зейнетақы жарналары мен салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың жеңілдіктер сомасын шегеру жолымен айқындалады.

Салық салынатын болжамды кіріс мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

Odox = D - Popv - (MZP*CHrad) - L , мұнда

Odox - салық салынатын болжамды кіріс мөлшері

D - кірістің болжамды сомасы

Popv - міндетті зейнетақы жарналары

MZP - ең аз еңбекақы

CHrad - жұмыс істейтіндер саны, адам

L - жеке тұлғалар жеңілдіктері

Бұдан әрі жеке табыс салығының болжамы мынадай формула бойынша айқындалады:

Р ІР =O DOX *Fipn/100% , мұнда

Pip - жеке табыс салығының болжамды сомасы

Odox - салық салынатын болжамды кіріс мөлшері

Fipn - жеке табыс салығының тіркелген сомасы

Екінші нұсқа. Корреляциялық талдау есептелген жеке табыс салығы түсімдері көлемдерінің мынадай тәуелділігін көрсетті.

Жеке табыс салығы түсімдерінің көлемдеріне

әсер ететін экономикалық көрсеткіштер тізбесі

Көрсеткіш
Корреляция коэффициенті
Айқындылық коэффициенті
Көрсеткіш: Орташа салық ставкасы
Корреляция коэффициенті: 0, 807
Айқындылық коэффициенті: 0, 641
Көрсеткіш: АЕК
Корреляция коэффициенті: 0, 951
Айқындылық коэффициенті: 0, 915
Көрсеткіш: Орташа айлық еңбекақы, теңге
Корреляция коэффициенті: 0, 977
Айқындылық коэффициенті: 0, 954
Көрсеткіш: ЖІӨ, млрд. теңге
Корреляция коэффициенті: 0, 987
Айқындылық коэффициенті: 0, 974
Көрсеткіш: Жұмыссыздық деңгейі, %
Корреляция коэффициенті: -0, 921
Айқындылық коэффициенті: 0, 848

Кері талдау нәтижесінде мынадай теңдеу алынды:

Ү = а0 + а1Х1 + . . . + аkХk, бұл теңдеудің коффиценттері мынадай.

Жеке табыс салығы

түсімдерінің кері теңдеуі

Ауыспалы
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш
Ауыспалы кезіндегі коэффициент
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні
Корреляция коэффициенті
Ауыспалы: Ү
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: Жеке табыс салығы түсімдері, мың теңге
Ауыспалы кезіндегі коэффициент:
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні:
Корреляция коэффициенті:
Ауыспалы: Х1
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: Орташа салық ставкасы
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: а1
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: 0, 274
Корреляция коэффициенті: 0, 841
Ауыспалы: Х2
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: Орташа айлық еңбекақы, теңге
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: а2
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: 2, 015
Корреляция коэффициенті: 0, 982
Ауыспалы: Х3
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: Жұмыссыздық деңгейі, %
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: а3
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: -0, 191
Корреляция коэффициенті: -0, 873
Ауыспалы: Х4
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш: АЕК
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: а4
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: -3, 233
Корреляция коэффициенті: 0, 955
Ауыспалы:
Ауыспалыға сәйкес көрсеткіш:
Ауыспалы кезіндегі коэффициент: а0
Ауыспалы кезіндегі коэффициенттің мәні: 19, 550
Корреляция коэффициенті:

мұнда Ү - түсімдердің көлемі (тәуелді ауыспалы) ;

а0 - Х-тің тұрақты мәні кезінде қалыптасатын түсімдердің деңгейі;

а1, . . . , аn - бұрыштық коэффициеттер (тәуелсіз ауыспалы көрсеткіштер бірлікке өзгерген жағдайда түсімдер мәнінің қаншалықты өзгеретінін көрсетеді) ;

Х1, . . . , Хn - тәуелсіз өзгерістер.

Алынған кері теңдеудің айқындылық коэффициенті 0, 902-ге тең.

Есептелген жеке табыс салығы көлемдерінің АЕК-ке корреляциялық тәуелділігінің оң сипаты бар екенін айта кеткен жөн, ал кері теңдеуде ол теріс болап таылады. Бұл, бір жағынан, АЕК көлемінің орташа салық ставкасына белгілі бір түрде әсер ететінімен байланысты. Жеке табыс салығын салудың нақ сол шәкілінде өзге ұрақты көрстекіштердегі АЕК ұлғаюы орташа ставканың төмендеуіне алып келеді. Алайда орташа айлық еңбекақыны жыл сайын өсірген кезде нақ сол шәкілдегі орташа салық ставкасының ұлғаю үрдісі бар, бұл халықтың кірістерін неғұрлым төмен салық салынатын топтан жоғарырақ салық салынатын топтарға ауыстыру құрылымына байланысты, мұны болжау кезінде ескеру қажет.

Үшінші нұсқа. Төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығының болжамын есептеу кезінде салық төлеушілердің салық органдарына беретін салық декларацияларының деректерін пайдаланған дұрыс. Салық салынатын кірістің есептелген сомасы мен жеке табыс салығының мөлшеріне байланысты өткен жылдарда және ағымдағы жылдың есепті кезеңінде салықты алып қоюдың орташа мөлшері мынадай формула бойынша айқындалсын:

S= Р 1/ / O d * 100%, мұнда

S - орташа салық ставкасы

Р І - төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыс салығының болжамды сомасы;

O D - есепті кезеңдегі салық салынатын кірістің есесптелген сомасы;

Бұдан соң, күтілетін кіріс сомасы мен алып қоюдың орташа пайызына байланысты ағымдағы жылғы салық түсімдерінің күтілетін сомасы айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
Жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметттегі арнаулы салық режимін қолдану
Салық механизмі
Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы туралы
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы
Салық міндеттемесінің есебі туралы ақпарат
Жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу ставкалары
Қазақстанның салық жүйесі
Салық міндеттемесінің есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz