Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 338. 1:334. 722. 1. 8 (574) Қолжазба құқығында

МАУЛЕНКУЛОВА ГУЛЬБАНА ЕРЖИГИТОВНА

Өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері

(Оңтүстік Қазақстан облысы материалдары негізінде)

08. 00. 05. - экономика және халық шаруашылығын басқару

(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркiстан, 2008

Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде орындалды

Ғылыми жетекшiлері: экономика ғылымдарының докторы,

А. К. Утаров

экономика ғылымдарының кандидаты,

Қ. М. Қалықұлов

Ресми оппоненттері: экономика ғылымдарының докторы,

Р. С. Каренов

экономика ғылымдарының кандидаты,

Д. О. Аташева

Жетекшi ұйым: ҚР БҒМ Экономика институты

Қорғау 2008 жылы 1 желтоқсанда сағат 14. 00-де Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiндегі докторлық диссертациялар қорғау құқығына ие Д 14. 61. 15 диссертациялық Кеңесiнде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркiстан қаласы, университет қалашығы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің кiтапханасында танысуға болады.

Автореферат «31» қазан 2008 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестiң

Ғалым хатшысы э. ғ. д. Ж. С. Райымбеков

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өркениетті елдердің барлығы да өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлік нысандарына арқа сүйейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың экономикада жүргізіп отырған саясатының арқасында соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды - шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономика үшін болып жатқан дағдарыстарға төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі өсім сапасы қанағаттанарлық дәрежеде емес. Сапалы өсімнің жүзеге асырылмауы жоғары технологиялардың дұрыс пайдаланылмауынан болып отыр.

Сондықтан, Президент Н. Ә. Назарбаев 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттігін атап өтті.

Себебі, қазіргі экономиканың даму сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген. Шағын кәсіпкерлік нысандары тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік деңгейін жоғарылатумен қатар, нарықтағы қажеттіліктің қанағаттануына, тауар түрлерінің көбейіп толуына, жергілікті шикізат ресурстарының дұрыс пайдаланылуына өз ықпалын тигізеді. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық және әлеуметтік қызметтерін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы дамытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға болады. Кәсіпкерлік қызметтің өсу қарқынын зерттеу және оны болжау қоғамның қалыпты дамуы үшін өте маңызды.

Шағын және орта кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтерілуі оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдейді. Статистика агенттігінің мәліметтерінде республиканың біраз аймақтарында ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі мен сауда саласындағы кәсіпкерліктің дамуы байқалғанымен, өндіріс саласының даму қарқыны төмен екені көрініп отыр. Сонымен қатар, сыртқы әлемдік ортадағы қаржылық дағдарыстың жүруі Қазақстан экономикасы үшін даму тұрақтылығын сақтаудағы іс-шараларды іске асыруды қажет етеді. Сондықтан, индустриалды-инновациялық саясаттың аясында өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуы аймақтарда өмір сүрудің және әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.

Өндіріс саласын көтермей әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын. Ал өндірістегі кәсіпкерлік өзінің көлеміне қарамастан ірі және шағын кәсіпорындардың арасында толық, бір тұтас, өзара байланысты көптеген құбылыстарды сипаттайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік саланы дамытудағы мәселелерінің ғылыми және тәжірибелік тұрғыда шешуді қажетсінуі диссертациялық тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлемдік тәжірибеде шағын кәсіпкерліктің теориялары мен тәжірбиелік мәселелерін Ж. Веттонның, Л. Коранның, П. Друкердің, И. Шумпетердің, Р. Коуздың, К. Макконелдің, Ф. Хайектің, Р. Хизричтің еңбектерінен және соңғы он жылдықтағы ТМД елдерінің Л. Абалкин, В. Алехин, Ю. Осипов, В. Радаев, А. Бусыгин сияқты ғалымдарының ғылыми зерттеулерінен, ал Қазақстан Республикасында М. Кенжегузин, А. Кошанов, Н. Мамыров, А. Сатыбалдин, А. Есентүгелов, Р. Каренов, О. Қалдыбаев, О. Сабденов, Ж. Карібжанов, К. Бердалиев, А. Утаров, А. Көшербаева, А. Тоқсанова, А. Кантарбаева, Б. Исабеков, Т. Нұрымбетов, М. Касеновтың және Р. Ниязбекованың еңбектерінен көре аламыз.

Бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы теориялық сипатта жазылған. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерліктің аймақтық сипаттағы өндірістік, әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған ғылыми зерттеулері жеткілікті дәрежеде емес.

Шағын, орта және ірі кәсіпорындардың қызмет ету мәселелері жан-жақты зерттелген шет елдерде осы кәсіпорындардың үйлесімді қызметін қолдаудың бірқатар тиімді құрылымдары бар. Алайда шет елдік тәжрибені қазақстандық болмысқа дәлме-дәл тікелей көшіру мүмкін емес және ол шет елдегідей тез оң нәтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін шағын өндірістік кәсіпкерліктің айрықша секторын жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды.

Сонымен бірге өндіріс саласындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуындағы көптеген факторлары жеткіліксіз зерттеліп, терең талдауды қажет етеді. Бұл мәселелердің, әсіресе, аймақтық тұрғыдан нашар зерттелуі тақырыпты таңдап алуға, зерттеу пәнін, нысанын және мақсатын анықтауға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуының басым бағыттарын анықтап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына олардың ықпалын бағалаудың әдістемелік нұсқауларын дайындау және нақты экономикалық тұрғыда негізделген тәжірибелік ұсыныстар беру.

Зерттеу мақсатына жету үшін диссертациялық жұмыста мынадай міндеттер қойылды:

- нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпорындарды дамыту бағыттарын зерттеу;

- өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің шет елдерде даму жағдайының ерекшеліктері мен артықшылықтарын зерттеу және талдау;

- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған факторларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну;

- ОҚО нарықтық экономика жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің басым бағыттарын анықтау;

- шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың іс-шараларын ғылыми негіздеу бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау;

- өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың дамуының аймақтық әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерін анықтау қағидаларын дайындау;

- өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ұтымды экономика-математикалық әдістермен болжау.

Зерттеудің пәні болып Оңтүстік Қазақстан облысындағы өндірістің дамуына және аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жоғарылауына мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері таңдалды.

Зерттеудің нысанына жоғары технологиялы өндірістің негізгі буыны ретінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы орта және шағын кәсіпорындар алынды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының терең зерттелуіне үлкен үлес қосқан Қазақстанның экономист - ғалымдарының, ТМД елдері мен шетелдік ғалымдардың еңбектері. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Парламенттің және Министрлер кабинетінің басқа да нормативтік құжаттары әдістемелік негіз болды.

Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының, “Оңтүстіктүстіметалл” ААҚ-ның және Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп және кәсіпкерлікті қолдау Департаменті мен ОҚО жұмысбастылықты бақылау және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің деректері, интернет ресурстары, сондай-ақ отандық және шет елдік ғылыми әдебиеттер мен мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық көзіне айналды.

Диссертацияда зерттеулердің абстрактілі-логикалық, экономикалық-математикалық, есепті-сындарлы тәсілдері, сондай-ақ жүйелі және жағдайлық талдау тәсілдері кеңінен қолданылды.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін зерттей келе, диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайтын келесі ғылыми әдістемелік және тәжрибелік нәтижелер алынды:

- ғылыми зерттеулер жүргізілу негізінде кәсіпкерлік қызметтің мазмұны жан-жақты тиянақталды;

- Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетін факторлар анықталды;

- шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылатын адам әлуетінің даму индексіне, жұмыссыздық денгейіне және кедейшілік деңгейіне әсері анықталды;

- өндірістік кәсіпорындардың әлеуетіне сандық және сапалық денгейден экономикалық бағалар беріліп, өндірістік шағын және орта кәсіпорындарды дамытудағы іс-шаралар жүйесі ғылыми негізделді;

- өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың жаңашыл қызметін, техникалық мүмкіншіліктерін дамытудың негізгі факторы ретінде технобақтар мен бизнес инкубаторларды пайдаланудың тетіктері ұсынылды;

- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен қызметінің экономикалық тиімділігін болжау үлгілері жасалынды;

Диссертациялық жұмыстың қорғалуға шығарылатын негізгі тұстары:

- шағын және орта кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мазмұнын анықтаудың әдістемелік негіздері;

- шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық-статистикалық талдаудың әдістемесі;

- өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың жүйе құраушы ірі кәсіпорындармен өзара әрекеттестікте дамуының экономикалық тетіктері;

- “Рельстерді ауыстыру тетігін жөндеу” өндірісі көрсеткіштерінің негізінде, өндірістік шағын және орта кәсіпорындарды құрудың аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік ахуалына ықпалын талдаудың әдістемесі;

- өндірістік шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру үшін отандық және шетелдік инвесторлардың өндірістік, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін бірлесіп қолдануға мүмкіндік беретін технобақтарды құрдың экономикалық тетіктері;

- шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды болжаудың ұтымды экономикалық-математикалық үлгісі.

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні. Жұмыстағы негізгі әдістемелік қағидалар мен қорытындыларды шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыруда қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелері шағын және орта кәсіпкерлікті аймақтарда дамытудың теориялық тұстарын жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерді дайындауда және шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына мамандар дайындайтын кәсіпкерлікті оқыту орталықтарының оқу процесінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауының ғылыми негізгі факторы ретінде автордың “Оңтүстіктүстіметалл” ААҚ-ын дамыту жобасына қатысуындағы дайындалған экономикалық талдау әдістемесін өмірлік тәжірибеде пайдалануға болады.

Жүйені құрастырушы компаниялар, ірі кәсіпорындардағы бизнес инкубаторлар, аутсорсингтік қатынастар, технобақ жүйесін дамыту жөніндегі дайындалған ұсыныстар тиімді өндірістік, импорт алмастырушы шағын және орта кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік беріп, аймақтың әлеуметтік бағыттылығын күшейтеді.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Б-ЭФ-01-06/5 (2006 ж. ) “Нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік факторлар жүйелерін қалыптастыру” ғылыми-зерттеу бағдарламаласына сәйкес орындалды.

Зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізілуі.

Диссертацияның негізгі қорытындылары халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда: “Әуезов оқулары-3” (Шымкент, 2001), “ХХI ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері” (Шымкент, 2006) баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, “Қайнар” университеті сияқты бірқатар жоғарғы оқу орындарының хабаршысында басылып шықты. .

Жарияланған ғылыми жұмыстар. Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары 8 ғылыми еңбектерде оның ішінде 1 монографиялық еңбекте,

7 ғылыми мақалаларда баяндалып, мақалалардың 3-і ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау Комитеті ұсынған басылымдарда шығарылған.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Диссертациялық жұмыс құрылымы жағынан 3 тараудан, кіріспеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 36 кесте, 20 сурет пен бірнеше қосымшалар келтірілген.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Бірінші “Өндірістегі кәсіпкерліктің дамуы мен оның әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалын бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздері” тарауында әлеуметтік-экономикалық дамудағы кәсіпкерлік қызметтің ықпалы мен орны анықталып, өндірістегі шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер және осы қызмет түрін реттеудің әдістемелік негіздері зерттелді.

Кәсіпкерлік ерекше қызмет түрі. Ол белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада пайда болып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер жүйесінде дамиды. Сондықтан, шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай табысқа жету қиын.

Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі » деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр.

Кәсіпкерлік мәнінің шетелдік анықтамасына шолу жасайтын болсақ, шет елдік теория мен тәжірибеде кәсіпкерлік дегеніміз жаңа кәсіпорынды құруда жауапкершілік пен тәуекелділікті мойнына алуды тудыратын және тәуелсіз құрылымдарды анықтауды қажет ететін қызмет деп түсініктеме береді.

Кәсіпкерлік қағиданы ғылыми негіздеуде экономист, Й. Шумпетердің (1883 - 1950) еңбектері өте маңызды. Ол “Экономикалық сараптаудың тарихы” атты еңбегінде жаңа шаруашылық тәсілдердің орындалуын кәсіпкерлік, ал оларды жүргізуші адамдарды кәсіпкер деп атаймыз деп жазды.

Француз ғалымы Жан Батист Сэй кәсіпкерліктің ролі мен маңызын негізгі өндіріс факторларына дейін көтерді. Сэй “Ағылшын кәсіпкерлерінің дарыны“ Англия өндірісінің табысты дамуының басты факторларының бірі деді.

Ағылшын экономисті “Саяси экономияның қағидалары“ деген белгілі еңбектің авторы Д. Миль (1806-1873) кәсіпкерлік терминді одан ары танымал етті.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында кәсіпкер азаматтардың өз меншігіне немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген және заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген.

Республикамыздағы шағын бизнестің мәнін тереңірек түсінуге Қазақ КСР-ындағы шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді. 1990 жылдың тамыз айында Кеңес Одағы министрлер Кеңесінің жарлығымен шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы қабылданған Заңның негізінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің N 432 жарлығын қабылдау арқылы шағын кәсіпорындарды жіктемелеу әдістемесінде жұмыс істейтіндердің саны алынған. Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 8 сәуіріндегі N 499 жарғысына сәйкес келесідей:

- өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 50-ге дейін;

- ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында жұмыскерлер саны 20 адамға дейін;

- көлік пен байланыс салаларында жұмыс істейтіндердің саны 25 адамға дейін;

- бөлшек саудада жұмыс істейтіндер саны 30 адамға дейін, ал активтерінің жалпы құны 60 мың АЕК жоғары емес кәсіпорындар шағын деп есептелініп отыр. Орта кәсіпкерлікте - жұмысшылар саны 250-ге дейін, жылдық активтері 352 мың АЕК дейін, ірі кәсіпкерлікте жұмысшылар саны 250 және одан жоғары, жылдық активтері 325 мың АЕК болатын кәсіпкерлік нысандары жатады.

Осыған байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламада шағын және орта кәсіпкерліктің нысандары үшін олардың қызмет көрсету саласының ерекшеліктерін және өндіріп жатқан тауарлары мен қызметтерінің маңыздылығын ескере отырып, әртүрлі жеңілдіктерді қолдану және жалпы құқықтық шарттарды қалыптастыру керектігіне мән берілуде.

Кесте 1 - Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуының негізгі себептері

№:
Өз ісін бастаудың себептері: Өз ісін бастаудың себептері
%: %
№:
Өз ісін бастаудың себептері: Барлығы:
%: 100
№: 1
Өз ісін бастаудың себептері: Жұмыссыз қалғандықтан кәсіпкерлікпен айналысуға мәжбүр болу
%: 34
№: 2
Өз ісін бастаудың себептері: Алатын жалақымен қолайлы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін мүмкіншіліктің болмауы
%: 22
№: 3
Өз ісін бастаудың себептері: Ағымдағы жағдайдың ретсіздігін пайдаланып, тез баюға ұмтылу
%: 18
№: 4
Өз ісін бастаудың себептері: Мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік қызметкерлерге тәуелді болудан құтылып іс-әрекет бостандығын алып, еркін өмір сүруді, қызықтыратын іспен ешкімге тәуелді болмай айналысуды қалау
%: 12
№: 5
Өз ісін бастаудың себептері: Мемлекеттік, бюрократтық ережелер мен процедуралардың әсерінен жүзеге асыруға мүмкін болмаған әлеуетті, идеяларды жүзеге асыруға ұмтылу
%: 10
№: 6
Өз ісін бастаудың себептері: Қоршаған адамдар арасында беделінді, әлеуметтік статусынды жоғарылатуға ұмтылу
%: 3
№: 7
Өз ісін бастаудың себептері: Өзінді төзімділікке тексеру
%: 1
№: Ескерту: Жүргізген сауалнама материалдары негiзiнде автор құрастырған.

Кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуының негізгі себептеріне жұмыссыз қалғандар (34%), жалақының қолайлы өмір сүруге жеткіліксіздігі (22%) мен тез баюға ұмтылғандар (18%) құрап, ал ешкімге тәуелді болмай еркін өмір сүруді қалағандар (12%) мен өз идеяларын жүзеге асырғысы келген адамдардың (10%) үлесі аз деңгейді иеленіп отыр.

Екінші “Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшеліктері мен даму жағдайы” тарауында шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайына талдау жасалынып, оны дамытудағы негізгі бағыттарға сипаттама берілді.

Нарықтық шаруашылықтың дамуының жоғарғы икемділікпен өзгеруінің негізгі факторы, нарықтың міндетті құрамдас бөлігі кәсіпкерлік екенін бірнеше жыл ішінде жүргізілген қайта құрулардың нәтижесі көрсетіп отыр. Қоғамның тепе-теңдікте дамуы барлық аймақтардың үйлесімді дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда ірі мемлекеттік бағдарламалардың ойдағыдай жүзеге асырылуында аймақтардың рөлі артқанын байқаймыз. Сол себепті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе оның аймақтарының, облыстарының дамуын басқарумен сипатталады.

Қазіргі кезеңде аймақтардағы кәсіпкерлік белсенділіктің қалыптасуына әсер етуші басты фактор жұмыссыздық. Бүгінгі таңда жұмыссыздық деңгейінің өсуі ең күрделі мәселелердің бірі. Ресми мәліметтер бойынша облыстағы экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты есептегенде оның деңгейі 7 пайыз шамасында болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің есептеуі бойынша 2007 жылдың соңында 71, 7 мың жұмыссыз бар екені анықталды, бұл ресми тіркелгендердің санынан үш есе артық. Шағын қалалар мен ауылды жерлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Осыған байланысты, облыстағы кәсіпкерлік белсенділіктің даму барысы басқа аймақтармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Облыста заңды тұлға ретінде 2007 жылдың 1 қаңтарына 1527 кәсіпорын құрылып, 3840 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын және орта кәсіпкерлік секторының экономикалық салалар бойынша орналасу құрамына талдау жасайтын болсақ: аграрлық секторға 49, 5%, сауда саласына - 37, 1%, автокөліктер және жеке тұтыну бұйымдарын жөндеуге, құрылысқа 11, 6%, өнеркәсіп өндірісіне 1, 5% келеді. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша кейінгі жылдары бұл ара салмақ сақталуда. Төмендегі кестеде облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет ету белсенділігі көрсетілген.

Кесте 2 - Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет ету белсенділігі

N
Көрсеткіштер
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2001-2007 жж. өсім, %
N: 1
Көрсеткіштер:

Қызмет етуші нысандардың саны

(бірлік)

2001: 75045
2002: 96397
2003: 105491
2004: 114800
2005: 115402
2006: 125684
2007: 128742
2001-2007 жж. өсім, %: 172
N: 2
Көрсеткіштер: Жұмыс істейтіндердің саны. (мың. адам)
2001: 272, 2
2002: 293
2003: 296, 5
2004: 312, 2
2005: 313, 4
2006: 330, 0
2007: 335, 2
2001-2007 жж. өсім, %: 123
N: 3
Көрсеткіштер: Өнім көлемі (млн. тенге)
2001: 49, 4
2002: 68, 5
2003: 101, 3
2004: 117, 5
2005: 118, 9
2006: 122, 9
2007: 124, 1
2001-2007 жж. өсім, %: 251
N: 4
Көрсеткіштер: Бюджетке түсімі (млн. тенге)
2001: 2298, 6
2002: 4273, 6
2003: 5154, 6
2004: 6719, 9
2005: 6921, 6
2006: 7845, 4
2007: 8311, 8
2001-2007 жж. өсім, %: 362
N: Ескерту: Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын және орта кәсіпорындардың 86, 6 %-ы ауыл шаруашылығы мен сауда саласында шоғырландырылып, шағын кәсіпкерліктің бір жақты дамып отырғаны айқындалып, өнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Мұны келесі сызбадан байқауға болады.

Ескерту: Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Сурет 1- Шағын және орта кәсіпкерліктің салалық құрылымы, % (2007 жыл)

2007 жылдың басынан шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 123, 2 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндірген, бұл облыс көлемінде өндірілген өнімнің 36% құрайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 пайызға өскен (сурет 2 ) .

Ескерту: Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық мәліметтері негізінде автор құрастырған.

Сурет 2 - Кәсіпкерлік құрылымдары өндірген өнім көлемінің өсу динамикасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Мобилді құрылғыларға арналған балалар әдебиетінің анимациялық сюжеттерін жобалаудың теориялық негіздерін зерттеу
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Диссертацияның құрылымы
А. Г. Серебренников мұрағаты, патшалық Ресейдің Түркістан өлкесін отарлау саясатының тарихи дерек көзі (1840-1870 жж. )
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Жұмыстың практикалық бағыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz