Жұмыспен қамту деңгейі


А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік Университеті
Тараз институты
ОӘЖ 331. 6(574. 52) Қолжазба құқығында
КАЙРАНБЕКОВ БАУРЖАН ОКТАШЕВИЧ
Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары
(Жамбыл облысы материалдары бойынша)
08. 00. 05- Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар және қызмет сфералары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
С. Д. Тәжібаев,
экономика ғылымының
докторы, профессор
Қазақстан Республикасы
Тараз, 2009
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1 Еңбек нарығын реттеудің теориялық -әдістемелік негіздері . . . 8
1. 1 Еңбек нарығын реттеудің теориялық негіздері . . . 8
1. 2 Жетілген бәсеке жағдайындағы еңбек нарығының қызмет ету тетіктері . . . 23
1. 3 Еңбек нарығын реттеудің шетел тәжірибесі … . . . …… . . . … . . . 31
2 Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы . . . 42
2. 1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен
қамтудың жалпы сипаттамасы . . . 42
2. 2 Жамбыл облысының еңбек нарығының ахуалын және өзгеру динамикасын
зерттеу . . . … . . . 49
2. 3 Облыстың еңбек нарығын экономикалық бағалау . . . 65
3 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру
жолдары . . . . . . 86
3. 1 Еңбек нарығын реттеудің тиімді экономикалық тетіктері . . . 86
3. 2 Экономика-математикалық әдістердің негізінде халықты жұмыспен
қамту бойынша басым бағыттарды жасау жолдары . . . 98
3. 3 Жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдары . . . 106
Қорытынды . . . 116
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . …… . . . …… . . . 118
Тіркемелер . . . 123
ҚЫСҚАРТУЛАР
ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
АҚШ Америка Құрама Штаттары
ХЕҰ Халықаралық еңбек ұйымы
ӘҰЖ Әлеуметтік ұлттық жүйе
ЖҰӨ Жалпы ұлттық өнім
ІЖӨ Ішкі жалпы өнім
БСҰ Бүкіл әлемдік сауда ұйымына
ЖЕК Жылдық есептік көрсеткіш
КТМ Кәсіптік-техникалық мектеп
ЕО Еуропа одағы
ҒТ Ғылыми техникалық
АӨК Ауыл шаруашылық кешені
ЖОО Жоғарғы оқу орны
КРСМ Көптік регрессиялық сызықтық моделі
КРКСҮ Көптік регрессияның классикалық сызықтық үлгісі
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы халыққа «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты жолдауында бізде еңбек рыногын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар, оларды ойлап табу керек емес екендігін және нақ осыған қосымша 140 млрд теңге бөлініп отрығанын айтты. Бұлар келесі жұмыстарға арналған: Біріншіден, бұл коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру және жаңғырту; екіншіден, жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңарту. Үшіншіден, әрбір нақты елді мекендегі жергілікті мәндегі нысандар. Төртіншіден, бұл әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру.
Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заң бюджет қаражатын осы мақсатқа пайдалануға мүмкіндік береді. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкіндіктерін іске асырды.
2009 жылы осы мақсатқа қосымша 8, 6 миллиард теңге бөлініп 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. К. Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д. Ж. Кейнс пен М. Фридман еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Ү. С. Байжомартов, С. Х. Берешев, Б. А. Жүнісов, Қ. М. Жұмақанова, М. Б. Кенжеғозин, Ж. Ш. Кенжалина, Р. С. Каренов, Ш. К. Көпешов, Ж. К. Қорғасбаев, А. К. Қошанов, А. Қатарбаева, Н. К. Мамыров, М. К. Мельдаханова, А. Қ. Мейірбеков, А. Б. Молдашев, Т. Ж. Нұрымбетов, Н. А. Омаров, А. К. Отаров, Ж. Ж. Сүлейменов, Ә. А. Сатыбалдин, С. Д. Тәжібаев, М. Э. Тілеужанова, Ө. Қ. Шеденов және т. б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.
Жамбыл облысында еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономикалық және т. б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Еңбек нарығы туралы теориялық-әдістемелік және жинақталған тәжірибелік материалдар өзіндік ғылыми зерттеу жұмысын іске асыруға ықпал етті.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Жамбыл облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Диссертациялық зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;
-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
-облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
-Жамбыл облысындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.
Зерттеу пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.
Зерттеу нысаны. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынастар.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жамбыл облысы статистикалық басқармасының және Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Облыстың еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер келесідей:
-еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық негіздері қарастырылып, авторлық анықтамасы нақтыланды;
- еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың қызмет ету тетіктері және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды;
-Жамбыл облысындағы еңбек нарығын реттеудің қазіргі жағдайына талдау жасалып, еңбек нарығына әсер ететін факторлары айқындалды;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламасын жасауға ұсыныстар негізделді;
- Экономикалық-математикалық үлгі жасау арқылы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныстар жасалды.
Қорғауға шығарылған диссертацияның ғылыми тұстары:
-Жамбыл облысы бойынша еңбек нарығын ретеу және халықты жұмыспен қамтудың ұйымдық-экономикалық механизмдерін жетілдірудің бағыттары анықталды;
- еңбек нарығы көрсеткіштерін болжаудың экономика-математикалық үлгісі құрастырылып облыстағы халықты жұмыспен қамтуды жетілдіруге ұсыныс ретінде болжам жасалынды;
-облыстағы халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасының қажеттілігі мен мазмұны ашылып, жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдары ұсынылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдар мен ұсыныстар еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыпен қамту мәселелерін шешуде теориялық жүзінде қолдануға және экономика ғылымының дамуына өз үлесін қосады.
Зерттеу материалдарын облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларында, жоғарғы оқу орындарының оқу үрдісінде: «Экономикалық теория», «Кәсіпорын экономикасы» және «Еңбек нарығы экономикасы» пәндері бағдарламалық шеңберінде нұсқаулық тұжырымдар қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелері сынақтан өткізу. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесідей халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы: сараптама, басымдықтар және бағыттар» (Тараз, 2006) ; «Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі» ( Алматы, 2007) ; «Білім беру саласындағы және жаратылыстану - техникалық ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы инновациялық технологиялар» (Тараз, 2007) . Сонымен қатар автордың ғылыми зерттеу нәтижелері Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінде және Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялымдығы. Диссертация жұмысының тақырыбы бойынша 8 ғылыми еңбек, оның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің ұсынған баспаларында 3 мақала, халықаралық және республикалық конференцияларда 5 мақала баспаға шықты. Жалпы көлемі- 3, 2 баспа табақ.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Диссертациялық жұмыста сандық материалдар 22 кестеде, 12 суретте келтірілген.
1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Еңбек нарығын реттеудің теориялық негіздері
Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т. с. с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір - бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады [2] .
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар) ;
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар) .
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек дегеніміз қажеттіліктерді өтеу үшін игіліктерді (материалдық және рухани) өндіруге бағытталған адамдардың мақсатты және саналы іс-әрекеті. Адамдар әрқашан өздеріне мақсат белгілеп алып, соған жету үшін саналы іс-әрекет жасайды. Маркстік әдебиеттерде адамның еңбегі мен жануарлардың инстинктивті тіршілігін салыстырып, адамдардың жануарлардан айырмашылығы- мақсаттарын терең ойластырып алып, сол мақсаттарын жүзеге асырудың тәсілдері мен құралдарын жасап, саналы іс-әрекет жасайды деп дәлелдеуге тырысады. Бұл пікірдің негізі ретінде К. Маркстың «ең жаман сәулетшінің ең жақсы бал арадан айырмашылығы, балауыздан ұя жасамас бұрын, адам оны алдымен өзінің басында құрып алады», -деп айтқанына жүгінеді [3, 189 б. ] .
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады:
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Еңбек нарығы өзінің интегралдық бірлігінде көптеген тұйықталған еңбек нарықтарынан, сегменттерден, секторлардан тұрады. Бұлар облыстық, салалық ерекшеліктерімен, маманданған топтардың ролімен, біліктілік топтармен, жыныстық, жастық, ұлттық және т. б. айырмашылықтарымен сипатталады.
Еңбек нарығында жұмысшы күші жаппай жылжып, оның сандық және сапалық құрылымы ылғи өзгеріп отырады, өйткені өндірістің кеңеюі, оның жаңартылуы, құрылымдық өзгерістері жұмыскерлердің ерекше жоғары дәрежеде дайындалуын талап етеді, олардың жаңа, осы замандық мамандықты жете игеруін қалайды [4, 131 б. ] .
Ғылымда, техникада, өндірісте революция өрістеуі қоғам өмірінің күллі аяларына неғұрлым ықпалы күшейіп отырғанын көрсетеді. Ғылым екі жақты сипат алып отыр, демек, әрбір ғылыми жаңалық өз бойында жағымды да, жағымсыз да қуатты күштер ұстайды. Сондықтан белгілі бір ғылыми жаңалықтар нәтижесі адамның, қоғамның өзіне де тәуелді.
Ғылыми -техникалық революцияның негізгі әлеуметтік салдарлары мынадай.
Біріншіден, ғылым-техника-өндіріс-экономикалық өсудің негізгі үш тұтқасы.
Екіншіден, ғылымның қоғамдық дамудың жетекші аясына айналуымен байлансты жаңа қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. Адам барған сайын материалдық өндіріс аясынан босай береді. Бір жағынан, адам дамуы үшін қолайлы бағыт қалыптасады: адам ауыртпалықты механикалық еңбектен босайды. Екінші жағынан, өндіріс процесінде тікелей қатысушы адамдарға деген қажеттіліктің төмендеуі жұмыссыздық деңгейі артуына, жұмыс орындарының шектен тыс тұрақсыздануына кетіреді, бұқараның қайыршылануы туындайды.
Үшіншіден, өндіргіш күштердің бүкіл элементтері: еңбек заты, өндіріс құралы, қызметшінің өзі сапалық тұрғыдан қайта құрылады.
Еңбектің интенсивтендірілуі, оның материалдық күрделі еңбекті қамтуы арта түседі. Ғылыми -техникалық жұмыстардың өз шығынын ақтауы артады, ғылыми-техникалық жұмыс табыстарын өнеркәсіпке енгізуінің мерзімі қысқарады. Өндіріс пен қоғам дамуының серпінділігі ұлғаяды. Бірақ ғылыми-техникалық өзгерістердің ілгерілемелі қарқындары күрделі әлеуметтік проблема туғызады: меңгерілген мамандық пен өндірістің жаңа талаптары арасындағы алшақтық өседі.
Төртіншіден, еңбектің сипаты мен мазмұнындағы өзгеріс ондағы творчестволық элементтердің рөлінің артуына, жалпы орта және арнаулы білімнің, жоғары білімнің деңгейінің өсуі адамның жалпы мәдениетінің дамуын тудырады.
Бесіншіден, ғылыми -техникалық революция өндіріс пен қоғам дамуын ғылыми ұйымдастыруды, бақылау мен басқаруды қамтамасыз етудің құралы ретінде ақпараттық қызметтің жаңа мүмкіндіктерін ашады да әлеуметтік-экономикалық маңызын көтереді, бұқаралық коммуникация (қатынас-байланыс) құралдары дамуын ынталандырады. Алайда, жетістіктер адамға зиян келтіруге де - жеке басты өмірлік қызметіне, оның санасына жаппай тұтқиыл бақылау орнататын, айлалы әрекет атқаратын жүйе жасау үшін пайдалануы мүмкін-дейді Ә. Х. Тұрғынбаев өз еңбегінде [5, 101 б. ] .
Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың күрделі элементі. Жұмыс берушінің қызығушылықтары жұмысшыны жалдау мен жұмыстан шығару, экономиканың циклдік өзгеру жағдайы, тұрғындардың еңбек табысының көлемі, еңбек сферасындағы пайда болған дәстүрдің және басқа факторлар еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстардың көлеміне маңызды ықпалын көрсетеді. Сондықтанда еңбек нарығында айырықша ұлттық ерекшеліктің көрінісі - деп айтады М. Н. Чепурин. «Еңбек нарығын меншік иелерімен әлеуметтік - экономикалық жүйенің арақатынасындағы жұмысшы күші ретінде, жалдауда мұқтаж болумен, өндіріс құралдарының иелерімен, жалдама жұмысшы күшке сұраныс көрсеткендермен, қоғамдық өндіріске жұмысшы күш қатыстырумен, ұдайы өндіріс жөнінде оның жұмыс жасауымен, сонымен қатар таратулар және қайта бөлумен анықтауға болады»[6, 131 б. ] .
Еңбек нарығы тұтыну, өндіріс құрал-жабдық, инвестиция, қаржы-несие нарықтары секілді нарықтық тетіктерінің құрамдас бөлігі болып табылады және оның дамуы нарықтық экономиканың қызмет етуіне байланысты. Бүгінгі қалыптасқан жағдай еңбек нарығын терең зерттеуді кажет етеді.
Экономикамыздың әкімшілдік-әміршілдік жүйеден нарықтық тәсілге көшуі жұмыс күшін босату процесін жеделдеттірді. Нарық жағдайында нақты жұмыс орны енді ешкімге кепілденбейді және еңбекті жалдаудың осы түрінің күшіне енуі шын мәнге ие болып, көптеген адамдардың мүдделеріне әсер етеді.
Жұмыспен қамтудағы қазіргі үрдістер меншікті мемлекет иелігінен алумен және кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты. Елдің экономикасының көп жақты болуы меншік нысандары бойынша халықты жұмыспен қамту құрылымын өзгертіп, еңбек ұсынысының жаңа аясын дамытуға ықпал етеді- дейді И. Заславский [7, 83 б. ] .
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мемлекеттік меншік үлесінің қысқарып, жеке меншіктің қалыптасуына және оның дамуына, сондай-ақ кәсіпкерлік іс-әрекеттің басым болуына әкелді, жеке еңбек пен жалдамалы еңбек те қоғам тарапынан мойындалып, мәртебеге ие болды деп жазады өзінің ғылыми еңбегінде Б. А. Райзберг [8, 142 б. ] .
Долан Э. Дж. және Буланова А. С. ғылыми еңбектерінде “еңбек нарығы”, мен “жұмыс күшінің нарығы”, деген ұғымның синонимі ретінде “еңбек ресурсының нарығы” деген ұғымды қолданылып жүр. Бұл ұғымдарды анықтап алу үшін, еңбек нарығын нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарау керек. Нарық экономикалық және географикалық кеңістік ретінде көрінуі мүмкін, онда тауар айналымы үрдісі жүргізіледі, яғни, тауар ауыстыру және қызмет көрсетуді ақшаға айырбастау үрдісі, соған сәйкес ақшаны тауарға және қызмет көрсетуге айырбастау. Кез-келген нарықты зерттеудің бастапқысы, оның ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Сонымен нарықты тауар сату мен қызмет көрсетуде сатып алушылармен сатушыларды біріктіру механизмі деп түсінуге болады [9, 20 б. ; 10, 15 б. ] .
Еңбек нарығы туралы оқудың теориялық негізін алғашқы және зерттеу обьектісінің кеңірек көлемі, еңбек ресурсы нарығы өзіне, экономикалық ғылымның классикалық мектебінің өкілдері марксистік әдебиетте “жұмыс күшінің нарығы” термині қолданылады, ал жұмыс күші деп адамдардың еңбекке қабілеттілігін айтады. Басқа өндіріс факторларына карағанда еңбектің негізгі ерекшелігі бар. Ең бастысы еңбек адамнан, жұмыс күшінен бөлінбейді. Маркстік тұжырым бойынша, еңбек болашақ күннің кайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Оның пікірінше, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни, жұмысшы мен онын жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді, еңбекақы түрінде барлық өнім еңбегіне емес, тек бір бөлігіне ғана, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне керекті құн үлесі ғана төленеді. Еңбек өнімінің басқа бөлігін капиталист иеленеді [11, 180 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz