Франчайзингтік келісім - шарт


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ФРАНЧАЙЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІК

1. 1 Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы

1. 2 Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары

  1. ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫЛАРЫ

2. 1 Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері

2. 2Мәмілеге қатысушыларға қойылатын талаптар

2. 2. 1 Франчайзорға қойылатын талаптар

2. 2. 2 Франчайзиге қойылатын талаптар

2. 3 Франчайзингтік келісім-шарт

2. 3. 1 Франчайзингтік келісім-шарттың негізгі элементтері

2. 3. 2 Үш фаза

2. 4 Қатынастардың даму фазалары

3 ФРАНЧАЙЗИНГТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР

3. 1 Идеалды франчайзор

3. 2 Идеалды франчайзи

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5

7

13

13

19

19

21

21

22

22

24

26

26

26

28

30

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Осы тұжырымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Жолдауында да өзінің ары қарай дамытылуымен сипатталады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі - өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны - франчайзинг.

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі - франчайзинг болып табылады.

Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге - табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - франчайзингтің теориялық және практикалық аспектілерін кешенді талдау арқылы оның Қазақстан Республикасының қызмет көрсету саласындағы дамуы жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер анықталды және шешімін тапты:

  • франчайзингтің теориялық негіздерін, нарықтық тұжырымдамасын жан-жақты зерттеу және жүйелендіру; франчайзингтің қалыптасуы және дамуының Қазақстан экономикасындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін жалпылау; Қазақстандағы франчайзингтің дамуына әсер ететін факторларды талдау; франчайзинг түрлерінің салалық аспектілердегі ерекшеліктерін шетелдік тәжірибе тұрғысынан айқындау; франчайзингтің дамуының құқықтық тұрғыларын зерделеу.

Зерттеу пәні. Қазақстандағы франчайзинг жүйесінің қалыптасуы және даму үрдісінде пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы курстық жұмыстың зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласының франчайзингтік кәсіпорындары алынды.

Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде экономикалық теория, франчайзингке, маркетингке байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары және франчайзингтік қатынастар мәселелеріне жөніндегі нормативтік құжаттар қарастырылды.

Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, Алматы қаласы Статистика басқармасының ресми мәліметтері, сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындар мен Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері және жүргізілген маркетингтік зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ФРАНЧАЙЗИНГ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІК

1. 1 Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені - АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donald , s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы - Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.

Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:

  • бизнесті жүргізудің ерекше әдісі; ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы; кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі; жеңілдікті кәсіпкерлік.

Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».

Франчайзинг - көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес. Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары тұрғысынан қарастырамыз (1-сурет) .

1-сурет - Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы

Ескертпе - автор құрастырған.

1-суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары болатындар:

Франчайзер - франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді. Франчайзи - франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға, компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде - франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи үшін франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді. Франчайзинг компоненттерінің бірі - франшиза - белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық. Франшиза - франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама. Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:

Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна - франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері; Роялти - франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти) ; Жарнамалық қорға төленетін төлемдер - бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді.

1. 2 Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары

Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады:

1) Франчайзинг тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тараптарды анықтау және олардың міндеттерін тағайындау;

2) Франчайзингтік келісімді әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тұлғаларды белгілеп, ережелер мен шарттар жасау;

3) Франчайзинг жөнінде әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу;

4) Франчайзинг бағдарламасын әзірлеу кезеңінде жүйені кеңейту жоспарын жасау;

5) Бағдарламаны жүзеге асыру және бақылау.

Франчайзингті жіктеудің тәсілдемелері тәжірибе жүзінде толық зерттелмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, оны белгілеріне сәйкес жіктеудің авторлық үлгісін ұсынамыз (2-сурет) .

2 - сурет- Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары

Ескертпе - автор құрастырған.

Әрине, франчайзингтік үлгінің жалпы жіктелімі мұнымен шектелмейді, ұсынылған жіктеме франчайзингтік қызметтің жалпы құрамын сипаттап, франчайзингте жүретін барлық үрдістерді зерттеуге жеткілікті негіз болуы мүмкін.

Өзінің бизнесіне құқықты сату франчайзорға не үшін қажет? Франчайзиді тарту үшін, өз бизнесінің белгілі бір дәрежеде билігін жоғалту франчайзиге не үшін қажет? Неліктен франчайзор өз бизнесі туралы еш хабары жоқ адамдарды ынтымақтастыққа шақырады? Қандай мақсатпен франчайзор франчайзингті дамытқысы келетіндігі туралы дау - дамай сұрақтар өте көп. Франчайзингтік өнеркәсіпке инвестициялау аясында франчайзиде де біраз сұрақтар туындайды. Мұның бәріне жауап бір, ол - пайда.

Франчайзор ол - жұмыс істеуші бизнесті дүниеге алып келген адам. Бұл бизнес оған жақсы табыс әкеледі. Бизнес моделінің бұл түрі тиімді қайталану үрдісіне оңай берілуі тиіс. Яғни, бизнес моделі франчайзордікіндей құрылатын, басқа да кәсіпорындар ашу тиімді болуы әбден мүмкін. Франчайзор бизнесі уқытпен дәлелденген тұтынушылар нарығына және бағалы репутацияға әрдайым ие. Бизнесінің табыстылығымен өміршеңдігін дәлелдегенінен кейін, франчайзор өз ісінің кеңейгендігін қалайды. Бұл орайда екі жол бар: табысты инвистициялау арқылы бизнесті дамыту немесе франчайзинг жүйесін қолдану. Франчайзинг жүйесін пайдалану мен қолдануда, бизнес өкілдері бес позиңияны ұстанады:

Бизнесты кеңейтуде франчайзинг қосымша табыс әкеледі. Егер компания аумақтық, ұлттық немесе халықаралық деңгейде дамуды көздесе, даму бағдарламасына қосымша қаражат керек. Ал бұл қорды франчайзи көмегімен толықтыруға болады. Алғашқы қаржы салымын жүзеге асырып, франчайзи франчайзингтік пакет сатып алады. Франчайзимен бірнеше келісім-шартқа қол қойып, франчайзор консалтинг пен маркетингте ерекше қолдау сияқты басқа да басқару қызметі көмектерін сата алады. Барлық мәмілелер (франшиза және арнайы қызметтерді сату) франчайзордың қосымша қаражат көздері болып табылады.

2. Франчайзи франчайзор беретін қолдау қызметтеріне қосымша ақша төлейді. Барлық жұмыс істеуші франчайзилер ай сайын қосымша қызметтер үшін төлем төлейді. Бұл ақшаның бір бөлігі ғана қосымша қызмет көрсету (қызметкерлерді оқыту, консалтинг т. б. ) шығынына кіреді.

3. Франчайзинг жаңа нарықта тез арада кеңеюге, ал қызмет етуші нарықта өз репутациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Франчайзиден түсетін қомақты төлемдердің көбеюі, франчайзордың нарықта тез әрі жан-жақты дамуына жол ашады. Франшиза атауын жаңа нарыққа франчайзи алып келетіндігін есте сақтау қажет. Франчайзи жаңа нарықта тез кеңейіп, жаңа қалалардағы бизнесті инвестициялағандықтан кең бизнес жүйесі пайда болады, соның арқасында, мұндай бизнес жүйесін жалғыз жүзеге асыруға ешқашан ақшасы жетпейтін франчайзор, үлкен ұтымға ие болады.

4. Франчайзинг тұтынушыларға өнім немесе қызмет түрі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорын ашылғаннан кейін, тұтынушылар өнім туралы көбірек ақпаратқа ие болады. Бұл өте маңызды, себебі жаңа франшиза нарықта танымал бола бастайды. Көптеген ерекше нарықтағы франчайзингтік кәсіпорындар БАҚтағы үнемді жарнамаға жол ашады. Нәтижесінде өнім немесе қызмет тұтынушылар арасында тез танымал болады.

5. Жаңа бизнес концепциясын қолданудағы франчайзингтік жүйенің пайдалылығы. Франчайзингтік компанияның табысы тәжірибемен тексерілген және табысты бизнес концепцияға тәуелді. Яғни франчайзор жаңа бизнес концепциясын бірнеше франчайзидің біреуінде тексеріп, ұтымды болған жағдайда, басқа объектілерде қолдануына болады.

Жеке франчайзиге берілетін қолдаулар материалдарды франчайзор франшизаны күшейту мен дамыту үшін береді. Нақты артықшылықтарды атап айтсақ: материалдар, оқыту мен консалтинг. Бірақ кеңірек қарасақ, ең басты франчайзи үшін маңызды - франчайзор мен франчайзи арасындағы қарым-қатынас.

Франчайзинг - сізде жеке бизнес бар, бірақ мәселелерді шешу мен тәуекелдермен бірге-бір емессіз деген сөз. Франчайзи франчайзингтік кәсіпорынға ақша салуға келіссе де, тәуелсіз бизнес иесі болвп қалады. Бұл тәуелсіздік франчайзидің ешқашан жұмысынан қуылмайтындығының кепілі. Франчайзи франчайзордан маман қолдауын алады. Бұл қолдаулар франчайзиге басқа кәсіпкерлер шалдыққан қателіктерге ұшырамауына мүмкіндік береді.

Франчайзинг - бұл бизнесті тез әрі қарқынды ашу. Франчайзингтік жүйе франчайзиге бизнес ашуға лайықты жер табуға, дизайн жасауға және бизнесінің тура жолда екендігін тексеруге қажетті ақпарат береді. Франчайзи өзінің бизнес бастамасына уайымдамауы тиіс, себебі онда франчайзордың тәжірибесі бар.

Франчайзор франчайзиге бизнес ашылмауынан бұрын қолдау көрсетеді. Франчайзи берілген салада жылдар бойы оқып немесе жұмыс істемей-ақ, ісінің шебері бола алады. Білім, тәжірибе және басқару жүйесін дамыту операцияларын дұрыстау амалдары франчайзор оқытатын арнайы бағдарламалар арқылы келеді. Бұл бағдарламаларды франчайзор франчайзиге және басты қызметкерлерге береді. Бизнес басталмас бұрын, франчайзор мен франчайзи бір-бірімен біраз уақыт жұмыс істеуі қажет. Мақсаты - берілген кәсіп саласында франчайзи білімін тереңдету.

Франчайзинг - әрдайым қолдау. Франчайзи франчайзингтік бизнесін ашқаннан кейін де франчайзордан күнделікті бизнес жүргізу мен маркетингтік көмектер қабылдап отырады. Франчайзиде ерекше мәселелер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда франчайзорға телефон шалып, оның тәжірибесіне сүйене отырып, мәселені тез арада шеше алады. Тәуелсіз кәсіпкер жаңа бизнес ашқан кезде мұндай мәселелерді өз бетімен шешуі тиіс болады.

Франчайзинг франчайзордың тауар маркасы мен беделін қолдануға мүмкіндік береді. Франчайзингтік келісім-шарт орындалғанда, франчайзи франчайзордың тауар маркасын қолдану құқығына ие болады. Тек қана берілген франшиза жүйесінде қызмет етуші франчайзи франчайзор тауар белгісін қолдану ерекше құқығына ие бола алады. Сондықтан егер сіз McDonald-s франшизасының иесі болсаңыз, сізді халықаралық деңгейде танымал тауар маркасы өкілі ретінде біледі. Ресторан ашылмай жатып, тұтынушылар қызметтің өте жоғары деңгейде болатындығына сенімді. Ал сізге қарағанда бастаушы кәсіпкер алғашқы күндерден бастап өнімінің сатылуын ғана емес, ешкім естімеген тауар белгісінің беделі мен танымалдығын ойлай бастайды. Франчайзи франшизамен бірге репутаңия сатып алады. Жеке кәсіпкер тауар белгісінің әлемге танылуы екі талай, ал франчайзи франчайзордың дүниежүзі мойындаған брэндін қолдануда.

Франчайзинг бизнес жүргізудің нақты территориясын белгілейді. Франчайзор франчайзиге нақты бизнес жүргізу аумағын анықтайды. Бұл аумақ франчайзингтік келісім-шартта анықталған. Территорияны алғаннан кейін, франчайзи бизнесін анықталған жерде өз бизнесін жүргізеді. Бұл басқа осы франшиза иелерінің бәсекесінен қауіпсіздендіреді. Бірақ басқа жеке кәсіпкерлерге нарық ашық болады.

Бизнес концепция ретінде франчайзинг франчайзи мен франчайзерге көп артықшылықтар ұсынады. Бірақ кемшіліктер де бар. Франчайзингке келгенде, оның артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерін де қарастырған жөн. Мәмілеге қатысушы екі жақ төмендегідей негізгі кемшіліктерге назар аударуы тиіс.

Жүйе ережелерін ұстанбайтын ұстанбайтын франчайзимен қарым-қатынасты өз еркімен доғара алмайтындығы. Франчайзингтік келісім-шарт екі жақ қарым-қатынасының табиғатын анықтайды. Ол келісім-шартта франчайзи мүддесін қорғайтын бірнеше баптар бар. Осы баптардың бірінде франчайзор франчайзимен өз еркімен қарым-қатынасты тоқтата алмайтындвғв жазылады. Сондықтан франчайзингтік келісім-шарт франчайзордың бизнес ережелерін орындамайтын франчайзиді жүйеден шығаруын қиындата түседі.

Франчайзи франчайзордың жұмысшысы емес. Франчайзи тәуелсіз бизнес иесі болып табылады. Франчайзингтік келісім-шарт бар болса да, франчайзидің бизнесіндегі мәмілелерін қадағалау өте қиын.

Сапасыз өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін франчайзи кәсіпорындарының кері әсері. Тұтынушылардың басым бөлігі франчайзилік кәсіпорынды бір тауар белгісіндегі жалпы жүйенің бөлімшесі ретінде қарастырады. Сондықтан, егер бір франчайзи сапасыз жұмыс істейтін болса, ол барлық жүйеге негативті ой тудыруы әбден ықтимал.

Франчайзидің төлем ақыларын кешіктіріп немесе толық бермеу. Франчайзи кәсіпорындарының өнім сату көлемінің пайыз мөлшерлемесі негізінде, франчайзор қолдау сервисі үшін ақы алады. Франчайзи, сервистік ақы алу үшін, франчайзорға сату көлемі бойынша есеп беруі тиіс. Сондықтан франчайзи, сервистік төлемді азайту мақсатында, есбін толық емес беруі мүмкін.

Коммерциялық құпияның сақталуының қиындығы. Кез келген франчайзингтік жүйенің жұмысы франчайзордың интеллектуалдық меншігі болатын белгілі бір қағидаттар мен стандарттарға сүйенеді. Бұл қағидаттар мен стандарттар франчайзордың интеллектуалдық меншігі болып табылады және бизнестің оңды болуының негізгі себепкері болып табылады. Франчайзор бағдарламасы бойынша оқығанында, франчайзи коммерциялық құпияны біліп алады. Франчайзингтік келісім-шарт құпияның таралуына тиым салса да, тәжірибеде мұндай жағдай жиі кездеседі. Франчайзорға мұнымен күресу қиынға түседі, сондықтан оған құпияның таралуына жол бермес үшін тиімді әдістер қолдану керек. Әйтпесе франчайзингтік жүйе кері кетуі мүмкін.

Жақсы жқмыс істейтін франчайзилердің франчайзингтік жүйеден шығып кетуі. Франчайзи франчайзингтік жүйенің шектеулері өте жоғары деп, бұл бизнеске мүддесі жоғалуы мүмкін. Франчайзорлық келісіп шартты жабып, франчайзорға тікелей бәсекелес болатын кәсіпорын ашуы әбден мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері
Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде
Франчайзинг жүйесі
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Франчайзингтік қарым - қатынастардың жүйесі
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Мұнай компанияларында франчайзингтік жүйенің дамуы
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz