Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Аграрлық өндіріс пен агробизнестің табиғи ерекшеліктері мен экономикалық мазмұны
1. 2 Қазақстандағы аграрлық сектор және аграрлық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
1. 3 Аграрлық сектордың дамуындағы әлемдік тәжірибелер
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ («Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесі мысалында)
2. 1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайын талдау және мемлекеттік реттеу
2. 2 «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесінде ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктер өндіруді талдау және болжау
2. 3 «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесінде ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРОБИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ
3. 1 Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибелері
3. 2 Қазақстандағы аграрлық бизнесті мемлекеттік қолдау және реттеу жүйесін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
4
8
8
13
24
28
28
47
55
59
59
61
72
76
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елбасы ауыл шаруашылығын дамытудың басты бағыттарын анықтап берді. Жолдауда аграрлық секторды негізгі үш бағытта жүргізу керектігін айтқан болатын: біріншісі, еңбек өнімділігін арттыру, екіншісі азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті жүзеге асыру [1] .
Кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік өмірінде ауыл шаруашылығын дамыту маңызды орынды алады. Сондықтан да аграрлық секторды мемлекеттік реттеу - біздің мемлекетіміздің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр. Бұл тапсырма нарықты экономика жағдайында аграрлық саясаттың қажетті құралы ретінде қарастырылады.
Агроөнеркәсіп кешені экономиканы тұрақтандыру мен сауықтандырудың негізгі бағыты ретінде анықталған [2] . Бұл анықтау келесі жағдайларды негізге ала отырып жасалған: біріншіден, ауыл шаруашылығы жұмыспен қамтылғандардың 30 пайызын құрайды, сондықтан да ауыл шаруашылығын дамыту жұмыспен қамтылу деңгейін көтеруге маңызды әсер етеді; екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс қолайсыз экономикалық құбылыстарға жоғары дәрежеде тәуелді емес; үшіншіден, ауыл шаруашылығы кешені елдің азық-түлік қауіпсіздігі тапсырмасын шешеді.
Сондықтан аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің басты тапсырмасы болып Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту, ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары арасындағы экономикалық паритетті ұстап тұру, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп жұмысшылары кірістерінің деңгейін жақындату, ауыл шаруашылығы өндіріс саласындағы отандық тауар өндірушілерді қорғау болып табылады [3. 156-161] .
Тәуелсіздік алған соңғы жылдары Қазақстан елдің ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында бірқатар ірі шараларды жүзеге асырып отыр.
Ауылдың экономикасын көтеру мақсатында ауыл шаруашылығы кешенін дамыту мен қолдау мақсатында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қабылдады [4] .
ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің Аграрлық секторда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
2011 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5, 1%-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өндіргіштігі 2005 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде жылына 9, 3% орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға 304, 2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылды жерлерде шамамен 7, 48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқының 45%-ы тұрды.
Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан әрі - КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.
Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты векторы» атты 2012 жылғы
27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.
Ғылыми зерттелу дәрежесі. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу аспектілерін әзірлеуге әртүрлі мектептердің өкілдері саналатын Ф. Котлер, П. Друкер, К. Ланкастер, Т. Левитт, И. Ансофф, Б. Берман, Д. Эванс, А. Дайан, Л. Роджерс, С. Блэк, Ж. Ж. Ламбен және т. б көптеген шетелдік ғалымдар өз еңбектерін арнады. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және аграрлық салада маркетингті қолданудың ілімдік және әдістемелік мәселелерін зерттеуге өзіндік үлесін қосқан отандық ғалымдар А. К. Қошанов, Р. С. Каренов, Ш. К. Көпешов, С. Н. Нысанбаев, С. С. Сатубалдин, Т. И. Есполов, К. А. Сағадиев, О. К. Ескараев, А. Ш. Нурсеитов, Р. А. Камшыбаев, А. А. Сатыбалдин, Ж. М. Шаекина, Т. Ж. Нұрымбетов, С. Р. Есімжанова және т. б ғалымдардың қосқан үлесі жоғары.
Сонымен қатар, агромаркетинг саласында Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің дамуына үлесін қосқан ресей ғалымдары В. Г. Гусаков, А. В. Клюкач, Г. П. Абрамова, Г. В. Астратова, П. П. Сорокин, В. П. Неганова, Ю. А. Цыпкин еңбектері ерекше назар аудартады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдіру және оның инфрақұрылымы бойынша теориялық-әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады. Бұл қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- нарықтық қатынастардың даму жағдайын есепке ала отырып, аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;
- аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін еліміздің аграрлық сферасында пайдалану мүмкіндіктерін талдау;
- аграрлық секторды мемлекеттік реттеу жағдайына талдау жүргізу және аграрлық секторды мемлекеттік реттеу қызметінің қазіргі ұйымдастырылу барысы мен даму тенденцияларын сараптау;
- Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдірудің стратегиялық бағыттарын айқындау;
- аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдірудің әдістемелік тәсілдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындау.
Дипломдық жұмыстың пәні болып аграрлық өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтері таңдалды.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін құраушы кәсіпорындар мен ұйымдар зерттеу нысаны болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ілімдік және әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің ілімдік және әдістемелік негізі ретінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеу қызметін ұйымдастырудың жалпы теориялары мен заңдылықтары құрады. Аграрлық қызмет саласындағы отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың осы зерттеу пәні бойынша ілімдік-әдістемелік көз-қарастары мен тұжырымдары зерттелді. Зерттеу міндеттерін шешу барысында Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, ел басының Қазақстан халқына жолдаулары, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да ақпарат көздерінің мәліметтері қолданылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Республиканың статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері, Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика жөніндегі басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы «Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесінің мәліметтері, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлардың материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.
Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайтын келесі ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік нәтижелер алынды :
- ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың тереңдеуі жағдайында мемлекеттік реттеудің ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздері зерттелді;
- шет елдердегі аграрлық салада маркетингті ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесін және оны отандық аграрлық сектор ерекшеліктерін ескере отырып елдің аграрлық-өнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындарында пайдалану мүмкіндіктері анықталды;
- тұтастай аграрлық-өнеркәсіп кешенінде мемлекеттік қолдау ерекшеліктері мен оның дамуына әсер ететін факторлар негізделді;
- аймақтың аграрлық секторындағы мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайын нарықтық зерттеу негізінде аграрлық салада мемлекеттік қолдаудың даму мүмкіндіктері айқындалды;
- аграрлық секторында мемлекеттік қолдауды жетілдірудің стратегиялық бағыттары анықталып, басқарудың негізі инвестициялық талдау болып табылатындықтан, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің инвестициядан тәуелділігін көрсету болжамы жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда - Аграрлық сектор және оның құрылымы, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу, ауыл шаруашылығын басқару механизмдері туралы түсінік берілген.
Екінші тарауда - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының жағдайы және Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық секторына талдау жасалынған.
Үшінші тарауда - Аграрлық секторді дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары туралы айтылған.
1 АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Аграрлық өндіріс пен агробизнестің табиғи ерекшеліктері мен экономикалық мазмұны
Аграрлық өнеркәсіптік өндірістің қазіргі және болашақтағы дамуы тек ауыл шаруашылығының тікелей даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге оған қызмет көрсететін ауыл шаруашылығының даму дәрежесімен де айқындалады, яғни ауыл шаруашылығының инфроқұрылымынада байланысты.
Аграрлық секторының инфроқұрылымы дегеніміз - салалар, өндіңрістер, тікелей негізгі өндіріске де, өндірістен тыс (әлеуметтік) салаларға да қызмет ететін қызметтер және қызмет түрлері формасындағы өндіргіш күштер элементтерінің жиынтығы.
Аграрлық сектор инфроқұрылымы: өндірістік, әлеуметтік және рыноктық инфроқұрылымдардан құралады.
Өндірістік инфроқұрылымдағы материалдармен жабдықтау, техникаларды жөндеу, аграрлық өнімдерін тасу, өңдеу, сақтау, сату, сол сияқты электр қуаты, жол жүйесі байланыс, т. б жатады. әлеуметтік инфроқұрылымдағы үй-жай, камуналдық шаруашылық, мәдениет мекемелері, денсаулық сақтау жүйесі, халыққа қызмет көрсету, тұрмыс қажеттерін өтеу мекемелері, білім, балаларға тәрбие беру мекемелері т. б кіреді. Аймақтағы агроөнеркәсіп инфроқұрылымының дамуы мен қалыптасу нақтылы аймақтардың табиғи-экономикалық жағдайына тікелей байланыста. Әрбір аймақтақтың өзіне тән табиғи және экономикалық өзгешіліктері бар, сондықтан инфроқұрылымдар осы нақтылы аймақ бойынша негізгісалалардың дамуына олардың өнімдерінің көбеюіне, сапасының жақсаруына, сол сияқты әлеуметтік салалардың жетілуіне әсерін тигізеді.
Өндірістік инфроқұрылым құрамына кіретін ауыл шаруашылығына тікелей қызмет ететін агрохимиялық, мал дәрігерлік, техниканы жөндеу, оларды күту, өсімдік қорғау т. б салаларды айтпағанда нарық жағдайында халықтың әлеуметтік - тұрмыс халін жаңартуды ауыл шаруашылығының негізгі салаларына қызмет атқаратын электротехникалық сала мен жол құрылыс, сол сияқты көлік (транспорт) қатынастарының да орны ерекше. Әлеуметтік инфроқұрылымдар өндірістік инфроқұрылымдар сияқты тікелей өнім өндірмесе де негізгі өндірістік салалардың бір қалыпты және үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Әлеуметтік салалар өндірістің өркендеуіне халықтың тұрмыс жағдайын денсаулығын, білімін, мәдениетін, мамандық деңгейін көтеру арқылы әсер етеді.
Экономикалық аграрлық секторының рыноктық инфроқұрылымның қалыптасуы мен дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Олардың қатарында: өңірдің табиғи-климат жағдайы, шаруашылық субъектілері мен өндірістік объектілердің орналасуы, бұлардың энергия қуаттары, су көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесі, жол және көлік қатынастарының жағдайы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясы, кәсіпкерлердің белгілі бір кәсіпке жете бейімделуі, бұдан басқа, саланың өзіне тән мына ерекшеліктер: табиғаттың құбылмалы көріністеріне тәуелділігі, қаражат айналымының ұзақтылығы, жұмсалған шығындар мен олардың қайтарылым көздерінің тұспа-тұс келмейтіндігі мұқият ескерілуі тиіс. Осы және басқа да объективтік факторларды жан-жақты қарастыру инфрақұрылымның рыноктық қатынастар жағдайындағы даму бағытын, оның жалпы құрамымен бөлімдерінің көлемін айқындауға мүмкіндік береді. Нарықтық инфрақұрылымды жіктеу оның салаларымен жекелеген элементерінің жалпы экономикалық өсудегі маңызы мен рөлдерін анықтау, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды зерделеу, осының арасында негізгі өндіріс пен оны қамтамасыз ететін субъектердің оңтайлы ара қатынасын қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.
Агроөнеркәсіптің рыноктық инфроқұрылымы тиісті бөлімдерден тұрады. Оның негізгі экономикалық айналымға қатысушылар рыногінің белгілі бір жүйелері, тауарлар мен қызметтер рыногі, ресурстар мен қаржы рыногі құрайды.
Рынок инфроқұрылымның жалпы жүйесіндегі ең маңыздысы-тауар рыногы инфроқұрылымының қалыптасуы. Рыноктық экономиканы игеру жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдері өткізудің инфроқұрылымдық жүйелі бірқатар өзгерістерге ұшырады, бұрынан қалыптасқан үзілді. Нәтижесінде өндірілген, тұтынуға дайын сапалы өнімдерді ойдағыдай өткізу проблемалық мәселеге айналды. Тауардың өтімділік дәрежесінің төмендеу беталысы аграрлық экономиканың даму барысынан, халықтың әлеуметтік тұрмыс - тіршілік дәрежесінен айқын сезіле бастады. Өнімнің тауарлық деңгейінің төмендеуі, піскен өнімдердің орынсыз ысырапқа ұшырап, тасымалдау жұмыстарындағы, шығысының азайып кетуін тудырады.
Ауыл шаруашылығы тауар өнімділігіне кері әсерін тигізіп отырған келесі жәйт - бұл өткізу жүйесі инфроқұрылымының жұпынылығы, ресурстардың тапшылығы, өндірістік қорлардың жылдар бойы жаңартылып жаңғыртылмағандығы.
Ауыл шаруашылығының өндірісінің еркін рыноктың қызмет ету механизіміне бейімделуінің объективті күрделілігі, агралық сапаның ерекше статусы туралы мәселе көтереді. Агралық саясат халқаралық көлемде кең талқылануы түрлі мемлекеттік доктриналар мен аграрлық дамудың бірнеше стратегияларын ұстанатын мемлекеттік экономикалық қарама-қарсы бағыттарын көрсетеді. Осыдан екі концепцияның қайшылығы шығады. Бірі либералдық модель және екіншісі көптеген дамыған елдер ұстанатын аграрлық протенционизм моделі.
Рынок типтері бойынша саланың рыноктық инфроқұрылымы былайша жіктеледі.
Агроөнеркәсіптің рынок инфроқұрылымының рынок типтері бойынша жіктелу(Сызба1)
Ауыл шаруашылық және оған қызмет ететін салалардың теңбе-тең пропорционалды дамуы, түпкі жоғарғы нәтижеге жету үшін халық шаруашылығының барлық бөлімдерін басқаруды жетілдіру азық түлік нарығын толықтырудың маңызды шаралары. Табиғи жағдайларына қаншалықты тәуелді болғанымен, ауыл шаруашылық өндірісініңдеңгейі мен мамандануы табиғат фокторларына ғана емес, көбіне әлеуметтік -экономикалық фокторларға (өнеркәсіптің, көліктің даму сипатына, тарихи қалыптасуына салт-дәстүріне т. б ) байланысты болып келеді.
Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық капиталдық ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.
Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе өндіріс құралдарын (шикізат өңдейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.
Азық және ауыл шаруашылық шикізаттарынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағыда экономикалық ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық - өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталады. АӨК - нің құрылымын құратындар - біріншілік және түпкі өнім өндіретін сфера (өсімдік өсірушілік, мал өсірушілік және ослардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салалары) ;
- АӨК-тің өндірістік инфроқұрылымы;
- Тауар және ақша айналымы және информациялық қамту жүйесі;
АӨК жабық өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйе болып қызмет етеді.
Өндіріс тиімділігі - экономикалық категория. Ол - өндіргіш күштер мен өндірістік қарым-қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі.
Тиімділіктің басты мәселесі - нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі.
Тиімділік - ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық - құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай - ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми - техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады. Бәсекенің салыстырмалы еркін іс - әрекет жасаған кезінде өндірісті тиімді жүргізудін басты міндеттерін бір уақытта шешуге жол ашатын нарықтық тетік « механизм », біріншіден, тауар өндірудің дәл сол мезгілде қоғамдық сұранымға сәйкестігін бағаласа «сандық және сапалық жағынан», екіншіден, қойылған міндеттерді тиімді жолмен шешу үшін өндіріске жаңа тәсілдерді енгізуді ынталандырумен бірге, бағаның өзгеруі мен ауытқуы, пайда, тағы басқадай құнды категориялар арқылы халық шаруашылығында өндірістік ресурстар мен тауарларды ағымды нарықтың сұранымына сәйкес бөлуге, экономиканың оңтайлы дамуына оң ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттырады.
Баға нарықтық экономика жағдайында әртүрлі тауарлар нарығының дамуына, солар арқылы жалпы қоғам көлемінде өндірістік ресурстар мен тауарларды бөлу арқылы қоғамдық өндірісті реттеуші рөлін атқарады. Мұндай жағдайда әрбір өндірістік ресурстың өзіне тән бағасы болады және ол тауарлық баға сияқты белгіленген ресурстың сұранымы мен ұсынымының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Осы бағаның құрылымы белгілі болғандықтан, мейлінше аз шығын жұмсай отырып, көп өнім өндіру үшін, соған лайықты өндірістік үдерісті таңдау мүмкіндігі туады.
Жұмыс күшіне жоғары ақы төленген жағдайда өндіріс үдерісін техникалық жарақтандыру шаруашылықты оңтайлы жүргізуге ынталандырып, төмен болған жағдайда өндіріс үдерісінің еңбек сыйымдылығын уақытша тоқтатып қоюға ықпал ететіндіктен, өндірістік ресурстар бағасы тауар өндірушілерді арзан ресурстарды өндірістік үдеріске кеңінен қолдануға, ал қымбат ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Бұл жағдайда тауардың бағасы қоғамда өндірістік ресурстарды бөлуге қалай әсер еткенін еске алады. Яғни бағаның калыптасуының нарықтық тетігі келешекте өндіріс тиімділігін арттырудың негізі болып табылмақ. Нарықтық бағаның қалыптасуы тетік көмегі арқылы өте тиімді шаруашылық шешімдерін жүзеге асыруға кең жол ашпақ .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz