Желіні дамыту проблемалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ЖЕЛІЛІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
:
КІРІСПЕ:
3:
: 1
КІРІСПЕ: ЖЕЛІЛІК ПЕДАГОГИКА - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ БАҒЫТЫ
3: 5
:
КІРІСПЕ:
3:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Білім жүйесінің эволюциясы және білім берудегі жаңа бағыттар
3: 7
:
КІРІСПЕ:
3:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қашықтықтан оқыту - инновациялық білім беру процесі
3: 14
:
КІРІСПЕ:
3:
: 2
КІРІСПЕ:

МЕКТЕПТЕГІ ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА ЖЕЛІЛІК ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТІН

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ПРОЦЕСІН МОДЕЛЬДЕУ

3: 17
:
КІРІСПЕ:
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Білім беру орындарында қашықтықтан оқыту үлгілерінің қалыптасуы
3: 17
:
КІРІСПЕ:
3:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Желілік ақпараттық технологиялар
3: 21
:
КІРІСПЕ:
3:
: 3
КІРІСПЕ: ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯ КӨМЕГІМЕН БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛДАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
3: 41
:
КІРІСПЕ:
3:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Білім беру порталы - білім беретін ақпараттық ортаның негізгі құраушысы
3: 41
:
КІРІСПЕ:
3:
: 3. 2
КІРІСПЕ: Білім беру порталы - мұғалімдердің инфокоммуникациялық өзара әрекеттестік ортасы
3: 51
:
КІРІСПЕ:
3:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 61
:
КІРІСПЕ:
3:
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 62

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

ХІХ ғасырдың соңындағы ХХ ғасырдың басындағы білім беру саласы оқыту сызықтық, бірізді, жалпылама, механикалық үдеріс болып табылады деген идеяға негізделген. Бұл қандай оқыту тәсілдері қолданылатынына ықпал етті. Нәтижесінде білім беру мекемелері иерархиялық, ұйымдық құрылымдарға айналды. Оқыту құрылымдар мен бөлімшелер аясында ұйымдастырылды. Білім басқарылатын бөліктер мен тәртіптерге бөлінді. Бағалау санмен өлшенетін болды.

Оқытудың әдіс-тәсілдері құны тұрарлық жалғыз білім деп есептелетін фактілер мен ақпаратты қабылдауға ықпал етті. Чапман және Аспиннің (2004) пайымдауынша: «Олардың ертеде оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандырғанына қарамастан, адамның ойлау қабілетіне қатысты осындай болжамдар, оқытудағы бұндай тәсілдер мен білім беруді ұйымдастырудың осындай модельдері экономикалық және әлеуметтік ортаның өзгеріп отырған жағдайларына, танымдық саланың ахуалына және ХХІ ғасырдың зияткерлік талаптарына дайындалып жатқан оқушылар үшін жеткіліксіз деп саналады. Бүгінгі күні оқыту сипатына жаңаша қарап, оқушылар өздерінің тану ерекшеліктеріне неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтін тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары оқытудың іргетасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған. Осы қағидаттарға егізделген оқыту тәсілдері бүгінгі күнгі танымдық және метатанымдық ғылымға сәйкес әзірленген оқыту үдерісінің және білім мен түсінік алудың қазіргі негіздемелерінің нәтижелері мен рөлін неғұрлым нақты көрсетеді».

Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. Сондай-ақ желілердің маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар да бар.

ЭЫДҰ-ның «Тұрақты икемділік» («Sustainable flexibility») атты зерттеуінде (1997: 34) ақпарат пен білімге негізделген, технологиялар мен өнім нарығының тез ауысуымен сипатталатын ХХІ ғасырдың жаңа экономикалық жағдайында жұмыс сипаты да өзгеретіні айтылған. Бұл өз кезегінде қызметкерден үтілетін тиімділікке әсер етеді. Осы өзгерістер икемділіктің дамуымен және желілердің пайда болуымен ілесіп жүреді. Олар жаңа міндеттерді орындап, функцияларын ауыстыру үшін аса жедел оқуға дайын жоғары білікті қызметкерлер мен озық компаниялар арасында өзара іс-қимылмен сипатталады. Аталған озық компаниялар жалпы оқыту, көптеген функциялары бар жұмыс орындарының санын ұлғайту, департаменттер мен ұйымдар арасында оқыту жүйесін орнату және қызметкерлерге шешім қабылдауға мүмкіндік беру арқылы икемділіктің дамуына ықпал етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: желілік педагогиканы мектептің информатика курсында қолданудың тиімділігін көрсету.

Зерттеу объектісі: Мектептің информатика курсындағы желілік педагогика және оның жүзеге асуының мүмкіндіктері.

Зерттеу әдістері: Ғылыми оқу құралдары, оқулықтар, журналдар.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. ЖЕЛІЛІК ПЕДАГОГИКА - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМНЫҢ КӨКЕЙКЕСТІ БАҒЫТЫ

Тиімді білім беру желілеріне арнайы құрылған басшылық қажет, олардың қандай да бір жеке мектепке арнап құрылуы міндетті емес. Желінің табыстылығы (әсіресе бастапқы кезеңдерде) өзіне басқарушылық рөлді алатын адамдардың ұстанымдарына, қажырлығы мен күш-жігеріне тікелей байланысты болмақ. Өйткені желілердің құрылымдары өзгеріп тұрады, әрі жұмысы да бірсарынды жүрмейді, басшылық алдында тұрған міндет оңай емес, олардан жұмысты жоспарлау, нәтижелерді өңдеу және алмасу, мақсат пен басты қызметтің айқын болуын қамтамасыз ету талап етіледі. Жауапкершілікті екі (немесе одан көп) адамдардың арасында бөлу білім беру желілері үшін өте пайдалы болмақ. Ол басшылардың арасында жұмыс жүктемесін бөліп, лауазымдардың сабақтастық жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді, бір ғана емес, бірнеше мектептерде басшылардың болуы есебінен бірлескен жұмысты барлық деңгейде жүргізудің маңызы айғақталады.

Педагогикалық білімдер - білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар педагогикалық білім құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.

Білім беру желілерінің ең маңызды нәтижелерінің бірі басшылықтың иерархиялық емес жүйе бойынша құрылуына байланысты оларға мол мүмкіндік беріледі. Мұғалімдер, әкімшілік-техникалық қызметкерлер мен оқушылар желілік жобалар бойынша өздеріне жауапкершілік алып, өздерінің мектептерінен тыс жұмыс істей алады, өйткені ондай жұмыстарды жүргізу жекелеген мектептің аясында мүмкін бола бермейді.

Тиімді білім беру желілерінде басшылыққа берілетін мүмкіндіктер дәл осылай кеңейтілген. Бұл дегеніміз желілерде жоғары басшылыққа арналған қандай да бір рөл жоқ деген сөз емес. Іс жүзінде басымдық пен мамандандыру мәселелері бойынша желіні дамыту үшін басшылықтың жұмысы өте маңызды болып келеді. Аталған мәселелерде басшылар білім беру желілерінің қызметін бағыттап отырады. Егер мектеп директорлары үдеріске белсенді қатысып, желінің қағидаттарын толығымен қолдап жатқан жағдайда, білім беру желілері оқушылардың биік жетістіктерге қол жеткізуіне оң әсер тигізетіні ең маңызды айғақ болып табылады. Жоғарыда аталғаннан басшылықтың мектептегі немесе желідегі ресми міндеттерінен басқа, басқару рөлдерін бөлу болашақ көшбасшылардың басшылық ету қабілетін арттырып, олардың өсу стратегиясы бола алады. Білім беру желісінде басталған жобалар мұғалімдерге, орта буын басшыларына, техникалық персоналға және оқушыларға белгіленген желілік қызмет аясында жұмыс істейтін шағын командалардың көшбасшылары ретінде көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бере алады. Желінің жұмысын бір-екі адам ғана ұйымдастыруға тиіс емес, желі басшылары мен мектеп директорлары үйлестіруді және жауапкершілікті желіге кіретін барлық мектептердің бірқатар адамдарына жүктеп, олар қосқан үлестерінің құнын бағалауға тиіс. Желіде ресми басшылар басқаларға тиімді басқаруға уақыт мен мүмкіндік беріп, жас көшбасшыларға ресурстарды үйлестіру кезінде қолдау көрсетуге тиіс, сондай-ақ қажет болған жағдайға оларға көмектесуге дайын болғаны жөн. Осы жаңа көшбасшылар жоғары басшылықтың жетекшілігінен сабақ алып, пайда табатын болады. Бастапқы кезеңде желінің жұмысына қатысты құлшынысты желіге кіретін мектептердің жоғары басшылығынан көруге болады. Егер білім беру желісінің қызметі адамдардың көптеген топтарына байланысты болса, онда осы бастапқы кезеңде барынша көп қызметкерлер топтарын жұмысқа қатыстыру маңызды болып табылады. Қолданылып жүрген тәжірибеге сәйкес, жұмысына көп адам тартылған желілер оқушылардың нәтижелеріне жақсы ықпал ететіндігі дәлелденген. Желіні құрудың бастапқы кезеңдерінде мониторинг жүргізіп, бағалауды қарап отыруды естен шығармаған жөн. Егер жетістіктің белгілі бір «көрсеткіштері» алдын ала келісіліп, ал басындағы «негізгі» деректер жинақталып қойылған жағдайда жұмыстың ықпалын өлшеу едәуір жеңіл болады. Іріктелген көрсеткіштер желіде оқытудың басты мақсатына және бірлесіп жұмыс істеу арқылы сіздердің нені көздегендеріңізге тікелей қатысты болуға тиіс. Бағалау стратегиясын айқындау үшін желінің көшбасшылары мектептерде жұмыс істеуге тиіс. Желі дами келе әсер етуші іс-қимылдар туралы нақты түсінік пайда болғанда, бұл оларға алдағы қызметке байланысты негізделген шешім қабылдауға көмектеседі.

Жұмыс сапасына қатысты мектеп деректері мен көрсеткіштерін талдау жұмысы жекелеген мектептердің жетістіктерінің өскенін көрсете отырып, мектептер арасындағы жетістіктер алшақтығының қысқаруын бағалауға көмектеседі. Бір мектепте сәтті қолданылған белгілі бір стратегияларды желінің сәйкестендіре алатынын ескере келе, басқалар оны қабылдап, жүзеге асыруы мүмкін. Сондай-ақ кейбір мектептер өздерінің білім беру желісіне қатысу арқылы қол жеткізуді жоспарлап отырған нақты мақсаттарын айқындай алады. Тиімді білім беру желілері жаңа білім мен түсініктемелерді өздерінің оқу орындарынан тыс жерлерден іздестіреді, одан кейін осы білімді тәжірибе алмасу және тәжірибені жақсарту үшін пайдаланады. Білім беру желілерінің басты қағидаты - «зерттеу негізіндегі тәжірибе», яғни деректерге және дәлелдерге негізделген оқыту. Желілерде ересектер «бірлескен зерттеу» арқылы білім алуға тиіс, бұл оларға қазіргі заманғы теориялар мен зерттеулер туралы біліп, мамандану саласы бойынша ақпарат жинауға көмектеседі, сөйтіп оларға жинақталған ақпаратқа талдау жүргізу арқылы болашақта тәжірибенің қай бағытын дамыту қажет екендігін анықтауға көмектеседі. Мектеп желілерінде бірлескен зерттеуді әртүрлі мектептердің қызметкерлері жүргізеді, әрі ол бүкіл желінің жұмысы болып саналады.

  1. Білім жүйесінің эволюциясы және білім берудегі жаңа бағыттар

Қоғамның дамуының көзі білім, инновациялар және оларды практикада қолдану екендігі айқындала түсті. Экономиканың дамуында білімнің негізгі позицияда болуы қоғамдық өмірдің құрылымындағы білімнің орнын радикалды өзгертіп, білім және экономиканың қатынасын анықтай түседі. Жаңа білімдерді, ақпараттарды, дағдыларды игеру, олардың жаңартылуы және дамуына ықпал жасау индустриалды экономикадағы қызметкерлердің іргелі сипаты болып қалыптасады. Заманауи ақпараттық технологиялар, қашықтықтан оқытуды жедел дамыту, ұлттық шекараларды білім беру қызметтері үшін мүлдем ашық етті. Түрлі елдердің ЖОО-дары ұлттық шекараларды шектемей барлық студенттерге бірденөз өнімдері мен қызметтерін ұсынатын әлемдік бірыңғай білім беру нарығын қалыптастырды.

Білім саласының Адамзат дамуындағы артта қалуды жеңудің маңызды факторы болып қалыптасуы.

Адамзат дамуындағы артта қалуды жеңудің маңызды факторы білім екенін қазіргі таңдағы ақпараттандыру арқылы елдің интеллектуалды потенциалының жоғарылауынан көруге болады. Факультеттің стратегиялық даму жоспары қызмет саласы бойынша миссиясын, көрінісін, мақсатын, басымдық даму бағыттарын, стратегиялық міндеттерін ашады, орташа мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу кезінде базалық құжат болып табылады, факультеттің ағымдық қызметінің шешім қабылдаудың негізгі принциптерін анықтайды. Даму стратегиясы 2020 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді білім беруді дамыту бағдарламасына, Қазақстан Республикасының білімді дамыту Тұжырымдамасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңына, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Білім" Мемлекеттік бағдарламасына, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жарғысына сай әзірленген.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «компетенс» белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б. Тұрғанбаева « . . . өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б. Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты» деп көрсетеді.

Қ. Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты қорғауға арналған резерваттар
VPN виртуалды қорғалған желі
ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ
Жылу энергетика және қоршаған орта
Желі топологиясының түрлері
Қазіргі қазақ тілді әлеуметтік желідегі сөз мәдениетін проблемалары қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері
Әлемдегі жоғары жылдамдықты және жылдам темір жол желілері
Қорғалған виртуалды канал
Нейрондық желілерге кіріспе
Биснестегі эксперттік жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz