Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Табиғаттану» пәнінен

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

«Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері»

Орындаған: Қаражанова А. Е.

Тексерген: Калмурзина Р. С.

Орал, 2016ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Балаларды табиғатпен таныстыру

2. Балалардың жас ерекшеліктерін және бағдарламалық материалдардың мазмұнын тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне тәуелділігін іріктеу

3. Балалардың табиғатта іс-әрекет арқылы және тікелей танысуын қамтамасыз ету әдістері олардың маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:

- педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

- балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

- әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді . . . Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.

Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.

Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.

1. Балаларды табиғатпен таныстыру

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Шығыстың екінші ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы біріншіден адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге баулу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады.

Ұлы Абай да өзінің қарасөздерінде табиғат туралы философиялық ой-пікірлер мен табиғат заңдылықтарын терең пайымдап, табиғаттың бар байлығын адам баласының аузына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келе, «Кім өзіне махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», - деп өскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.

Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған жөн. Аристотель «Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама . . . табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады», - деп табиғат құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит « . . . табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды»- дейді, ал неміс философы Л. Фейербах болса «адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды», - деп ой түйіндейді. Философтардың зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден, табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.

Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:

- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;

- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;

- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.

2. Балалардың жас ерекшеліктерін және бағдарламалық материалдардың мазмұнын тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне тәуелділігін іріктеу

. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады.

Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді. Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.

К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Табиғатты тәрбие құралы деп қараған К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, Е. Н. Водовозова, Е. И. Тихеева, Л. К. Шлегердің еңбектерінің орны ерекше. Балаларға өздерін қоршаған дүние туралы білім беру оқу үрдісінде қойылатын негізгі талаптардың бірі. Осы мәселе жайында құнды пікірлер білдірген, ой толғап, нақты ұсыныстар берген ағартушы демократ қаламгерлер С. Көбеев, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыровтардың еңбегі зор.

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі жөне өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиын, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.

К. Д. Ушинский - баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп көрсетеді [1, 6, 15] .

Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.

Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т. б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді. Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян « . . . осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін» деген. Дер кезінде тәрбие мен үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.

Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.

3. Балалардың табиғатта іс-әрекет арқылы және тікелей танысуын қамтамасыз ету әдістері олардың маңызы

Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты болмақ. Дидактикалық ойы н, көрнекіліктерді, ойыншықтарды көрсету -балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.

Естиярлар топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияда, серуендерде, ойында және баулу жолымен жүргізіледі.

Тәрбиешінің табиғаттың түрлі құбылыстары және заттар жайындағы әңгімесі балалардың білімін едәуір молайтады.

Тәрбиеші балалардың бақылағандарын толықтырып отырулары керек және қабылдауға болмайтын объектілермен құбылыстармен таныстыруы жөн. Кейде бақылағандарды әңгімемен толықтыру қажеттігі туады. Мысалы: балалар серуен кезінде құмырсқалардың илеуін көрді. «Олар не істеп жатыр?»-деп сұрады балалар. «Кәнеки, байқап көрелік»-деп тәрбиеші, бақылау процесінде құмырсқаның қайда жорғалап бара жатқанын түсіндірді. Құмырсқаларды аз уақыт бақылағаннан соң, тәрбиеші құмырсқалардың тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруі тиіс.

Балалар балабақшадағы тірі табиғат мүйісі- мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат пен көрнекі және әрекетті түрде таныстырудың ең қажетті жағдайларының бірі. Балалардың табиғат туралы нақтылы білім молаяды. Тірі объектімен танысқан кезде олардың бақылағыштығы, табиғатқа деген қызығушылығы арта түседі. Табиғат мүйісін күтіп баптаған кезде еңбекке бейімденудің және еңбексүйгіштік, тірі затқа аялай қарау көзқарасы, тапсырылған іске деген жауапкершілік сияқты бала бойында бағалы қасиеттер қалыптасады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қоршаған табиғаттың сұлулығына, байлығына тамсану, қызығу, оған мейірімділікпен қарауға, сақтауға, қорғауға тәрбиелеуге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында тұрған міндеттер зор. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Табиғаттағы, ауа-райындағы, жануарлар мен өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға талпындыру арқылы эстетикалық талғам қалыптастырамыз.

Балабақшада тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар топтарындағы табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балабақшада «Табиғатты аялай біл», «Табиғат және біз», «Күзгі орманға саяхат», «Тірі объектілермен танысу», «Бөлмеде өсірілетін өсімдіктермен танысу» ашық сабақтары мен семинарлар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар жинақталған «Табиғат әлемі» мұражайын ұйымдастырып, «Қысқы бақ» жасақталатын болса, балаларға зор қуаныш болары анық.

Күнделікті ауа - райын бақылап, оны табиғат күнтізбесінеи белгіленіп отыруда балаларды ойландыру үшін бірнеше сұрақтар қоюға болады. Бүгін аспан қандай? Ауа - райы туралы не айтуға болады? Егер де аспанды бұлт шалса, ауа - райы бұлтты; егер аспан ашық болса - күн шуақты, ашық, ал егер жел соқса - деп суреттер салу арқылы ауа - райын белгілейміз.

Кейде жаз, күз айларында балабақша бағындағы ақ қайыңды бақылауға болады. Ақ қайың биік, түзу, жапырақтары ұсақ, қабығы ақ, қара жолақтары бар. Ақ қайыңның бүршіктері емге пайдалы. Көктемге ол басқа ағаштардан ерекше сұлуланып гүлдейді, шашақты гүл шоғыры пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлар әлемімен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру әдістертері
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Табиғат әдістемесі
Балаларды табиғатпен таныстырудағы тәрбиешінің рөлі
Балаларды табиғатпен таныстыру формалары, әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz