Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Экономика және бизнес» факультеті

«Қаржы» кафедрасы

Диплом жұмысы

Тақырыбы:

Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістері

Орындаған : Дүйсенова Бибінұр

4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Керiмбекова Н. Н.,

Аға оқытушы

Норма бақылаушы Садыханова. Д. А.

Аға оқытушы

«Қаржы» кафедрасының Арзаева М. Ж.

меңгерушісі э. ғ. к., доцент

Алматы, 2010 ж.

Автореферат

  1. Кіріспе

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады.

Диплом жұмысының өзектілігі - қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады.

Диплом жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - қазіргі дағдарыс кезінде банктердің тәуекелін зерттеу, басқару, бағалау өте маңызды. Диплом жұмысында жасалған нәтижелер Қазақстанның банк секторында банк тәуекелдерін басқару жағдайы мен оларды бағалау әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді.

  1. Негізгі бөлім

Банктік бизнестің кірістілігі төмендеуінің байқалған үрдісі банктердің несиелік портфелінің сапасы нашарлағандықтан несиелік белсенділіктің айтарлықтай төмендеуімен қатар банктердің залалдығына ауысты. Жоғары несиелік тәуекелдер банктердің капиталына қысым жасайтын және экономиканы несиелеудің тепе-тең қарқынын қалпына келтіруге кедергі келтіретін банк жүйесінің негізгі әлсіз жағы болып табылады.

3. Қорытынды

Қазақстанның банк жүйесінің дағдарыстық құбылыстарға жоғары сезімталдығы 1) экономиканы қаржыландырудың әртараптандырылмаған көздері, 2) қор нарығының дамымауы, 3) экономиканың сегменттелген нақты секторы, 4) экономиканы және банк жүйесін долларландыру жоғары деңгейі, 5) несиелік тәуекелді салалық шоғырландырудың жоғары деңгейі, сондай-ақ 6) банктік экспансиялық агрессиялық қарқындарына байланысты тәуекелдерді басқарудың тиімді емес жүйелері сияқты құрылымдық проблемалардың болуына себепші болды.

Тәуекелді реттеудің мына шараларын атап айтуға болады: 1) банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшерін ұлғайту, 2) реттеу капиталын есептеу тетіктерін өзгерту, 3) капитал жеткіліктілігі нормативтерін өзгерту, 4) резидент еместер алдындағы міндеттемелер деңгейін шектейтін коэффициенттерді өзгерту, 5) өтімділік коэффициенттерін өзгерту, 6) кредиттердің жекелеген түрлері бойынша провизиялар құру жөніндегі талаптарды қатаңдату, 7) ЕДБ-дің орнықтылық деңгейінің төмендеуін анықтау үшін ҚҚА пайдаланатын факторларды қайта қарау, 8) проблемалы банктердің жұмыс істеуін реттеу.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

Қаржы мамандығы

Диплом жұмысын орындауға арналған

ТАПСЫРМА

студентіне

жұмыс тақырыбы

«___» № бұйрығымен бекітілді

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі «___»

Жұмыстың бастапқы мәліметтері

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:

a)

б)

в)

Диплом жұмысын дайындау

ГРАФИГІ

Реттік №
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі
Ескертулер
Реттік №: 1.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиеттерді таңдау, оларды зерттеу мен өңдеу. Негізгі көздер бойынша библиография жасау
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 2.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 3.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бірінші бөлімді жазу және оны тексеруге ұсыну
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 4.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Практикалық материалдарды және т. б. жинақтау, жүйелеу және талдау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 5.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 6.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу (толықтыру) . Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 7.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлермен танысу
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 8.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлерді ескере отырып, қорғауға дайындықты аяқтау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:

Тапсырманың берілген күні

Кафедра меңгерушісі аты-жөні

(қолы)

Жұмыс жетекшісі

(қолы)

Тапсырманы орындауға алған студент

(қолы)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Экономика және бизнес» факультеті «Қаржы» кафедрасының күндізгі оқу бөлімінің

4-курс студенті Дүйсенова Бибінұрдың «Банк тәуекелдерін басқару және

оларды бағалау әдістері»тақырыбына жазылған диплом жұмысына

Сын-пікір

Бүгінгі таңда банктердің қызмет көрсету нарығындағы қатаң бәсекелестік жағдайында дәстүрлі банк қызметін көрсетіп, оның ішінде банктің пассивті операция құрылымындағы банк ресурстарын өз денгейінде дұрыс қалыптастырмауы кез-келген банкті дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Сол тұрғыдан алғанда студенттің диплом жұмысына таңдап алған тақырыбы өзекті болып табылады.

Студент диплом жұмысында тақырыпқа қатысты теориялық мәселелерді жете талғап, тәжірибеде «БТА БАНК» Акционерлік Қоғамының мәліметтері негізінде банктің меншікті қаражаттары мен тартылған қаражаттар құрылымы бойынша терең талдау жасаған.

Жалпы, қорыта келгенде Бибінұр алға қойған мақсатына жету үшін міндеттерін орындай отырып, мәліметтерді кесте, диаграмалар арқылы өрнектеп, жазған диплом жұмысын өз деңгейінде аша білгендіктен студенттің «Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері» тақырыбына жазылған диплом жұмысы «өте жақсы »деген бағалауға лайық.

Сын-пікір беруші:

Каспий банк Аймақтық корпаративтік

қаржылық басқарма сарапшысы Мейрхан. М

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Экономика және бизнес» факультеті «Қаржы» кафедрасының күндізгі оқу бөлімінің

4-курс студенті Дүйсенова Бибінұрдың «Банк тәуекелдерін басқару және

оларды бағалау әдістері» тақырыбына жазылған диплом жұмысына

П і к і р

Студенттің диплом жұмысына таңдап алған тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені бүгінгі таңда Қазақстан республикасындағы екінші денгейлі банктері өзінің табысын арттыру мақсатында және рентабельдігін қамтамасыз ету үшін қызметтер мен операциялардың көптеген түрлерін көрсетеді.

Жалпы жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші тарау:« »деп аталады, мұнда коммерциялық банктердің қарастырылған.

Екінші тарау:«»деп аталады, мұнда қаражаттарына талдау жүргізілген

Үшінші тарау:«

Сонымен қатар диплом жұмысында бірқатар қателіктер де жоқ емес

Жалпы диплом жұмысы кафедраның қойылған талаптарына сай келеді деген пікірмен Мемлекеттік Біліктілік Комиссиясы алдында қорғауға жіберіледі.

Ғылыми жетекшісі :

Аға оқытушы Керiмбекова Н. Н.

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

Тарау-1 Екінші денгейлі банктердің тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістерінің теориялық негіздері

  1. Банктік тәуекел жіктемесі және оны басқарудың экономикалық мәні . . . . . . 10

1. 2 Несиелік тәуекел және оны басқару әдістері . . . 17

1. 3 Пайыздық тәуекел және оны басқару әдістері . . . 30

1. 4 Валюталық тәуекел және оны басқару әдістері . . . 37

1. 5 Өтімділік тәуекел және оны басқару әдістері . . . 44

Тарау-2 Екінші деңгейлі банктер мәліметтері негізінде банк тәуекелдеріне талдау жүргізу

  1. Екінші деңгейлі банктердің бүгінгі таңдағы қаржылық жағдайы . . . 52
  2. Қ. Р банк секторының тәуекелдеріне талдау . . . 60
  3. «БТА Банк» АҚ-ның заңды тұлға «Көктем» ЖШС-не несие беру тәжірибесі негізінде банк тәуекеліне талдау жүргізу . . . 70

Тарау-3 Қаржы Дағдарысы жағдайында банк тәуекелдерін басқару проблемалары және оларды шешу жолдары . . . 77

Қорытынды . . . 86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 88

Кіріспе

Банктер өз қызметін жүргізу процесінде пайда болған жері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы, оларды талдау тәсілі және оларды сипаттау әдістері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін әр түрлі тәуекелдердің жиынтығымен бетпе-бет келеді.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Олардың ауқымы әр түрлі. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады. Қоғамның дамуы барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.

Диплом жұмысының өзектілігі - қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады.

Диплом жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.

Диплом жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:

  • екінші денгейлі банктердің тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістерінің теориялық негіздері қарастыру;
  • екінші деңгейлі банктер мәліметтері негізінде банк тәуекелдеріне талдау жүргізуді көрсету;
  • қаржы дағдарысы жағдайында банк тәуекелдерін басқару проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау;

Диплом жұмысының зерттеу пәні - нарықтық қатынастардың кез-келген операцияларында орын алып отыратын - банктік тәуекелдер, олардың түрлері.

Диплом жұмысын зерттеу объектісі екінші деңгейлі банктердің ерекшелігіне байланысты - банк тәуекелдер түрлері. Банк өзінің күнделікті іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түрлерімен кездеседі. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылатындықтан, оның бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекелдер түрлерінің өзгеруіне себеп болады.

Банк тәуекелділігі - бұл несие мекемелерінің жүзеге асыратын, банк операцияларының ерекшелігінен туындайтын шығын қатері, яғни, дәлірек айтсақ, банктердің өз ресурстарының, табыстарының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз. Тәуекел банктің берген несиесі төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық база жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын білдіреді.

Тәуекел мен табыстылық деңгейлері өзара пропорционал болып келеді, яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше, тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктеріөзара тығыз байланысты. Сол себепті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады.

Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп-айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т. б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол сияқты залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен, конъюнктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.

Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

Диплом жұмысын жазу барысында мынандай оқу-әдістемелік құралдар қолданылды: Ғ. С. Сейітқасымовтың, А. Б. Садвакасова мен А. Б Хожжиеваның, С. Б. Мақыштың, т. б. оқулықтары, мерзімді басылымдардағы мәліметтер, атап айтқанда, Имрамзиева М. мен Нуртазинова А. С, Есенжол К. М. мен Чинибаева Ш. Г. мақалалары, статистикалық ақпараттық әліметтер, нормативті құжаттар қолданылды.

Тарау-1 Екінші денгейлі банктердің тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістерің теориялық негіздері

1. 1. Банктік тәуекел жіктемесі және оны басқарудың экономикалық мәні

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әр түрлі банктік операцияларды жүзеге асыру барысында өз мойнына алатын қатерлерді дұрыс бағалай білудің маңызы өте зор. Әр банк өз қызметінің процесінде өз тәуекелі деңгейін жақсы біліп, тәуекелділік пен табыстылық деңгейін дұрыс сақтай білуі керек.

Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Олардың ауқымы әр түрлі. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады. Қоғамның дамуы барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.

Банк тәуекелділігі - бұл несие мекемелерінің жүзеге асыратын, банк операцияларының ерекшелігінен туындайтын шығын қатері, яғни, дәлірек айтсақ, банктердің өз ресурстарының, табыстарының бір бөлігінен айырылып қалу қаупін немесе қаржылық операцияларды жүзеге асыру барысында қосымша шығын шығару қаупін айтамыз. Тәуекел банктің берген несиесі төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық база жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайғанда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын білдіреді.

Тәуекелден құтылу мүмкін емес, сондықтан да кез келген банк тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады және бірнеше альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейін түсіретін шешімдерді таңдайды. Осыған байланысты ҚР банкирлеріне банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалауға көңіл аударуы тиіс. Банктің қызметі тәуекелдермен байланысты болып келетіндіктен, олар тәуекелдерді басқаруға көп көңіл бөледі.

Тәуекел мен табыстылық деңгейлері өзара пропорционал болып келеді, яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше, тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды. /6/

Банк үшін тәуекелді басқару - ең маңызды мәселелердің бірі. Себебі кез келген банктің қалыптасу процесінен бастап, бүкіл қызмет ету уақытысындағы іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді, яғни банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы оның тәуекелді басқаруымен байланысты. Жалпы, тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Оған мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болатындықтан, кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс - әрекеттерге жұмсауға тырысады.

Банк өзінің күнделікті іс - әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақытысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылатындықтан, оның бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осыған байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.

Тәуекелді басқару мен бағалау тиімділігі көбіне оның классификациясымен анықталады. Тәуекелдерді классификациялау деп - көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлуді айтамыз. Ғылыми негізделген классификация жалпы жүйедегі әрбір тәуекелдің орнын анықтауға және тәуекелді басқарудың керекті әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай экономикалық әдебиеттерде көрсетілгендей және тәжірибеде басқару мен талдау мақсаттарына байланысты банк тәуекелдерінің көптеген түрлері бар.

Тәуекелді классификациялау - көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белгілі бір топтарға бөлуді айтамыз.

Банктік тәуекелді жіктеу қағидалары:

  • банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы
  • банк клиенттің құрамы
  • банктік операциялар сипаттамасы
  • коммерциялық банктердің түрлері

Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер:

  1. Сыртқы
  2. Ішкі (1-суретте көрсетілген)

Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе берілген бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқадай факторлардан пайда болады.

Саяси - соғыс, жаулап, басып кіру, саяси көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушіліктер, экономикалық қызығушылық қақтығыстары, мемлекет құрылу ерешелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметінің тұрақсыздығы, Үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі(ұлтшылдану, жекешелендіру) этникалық және аймақтық мәселелер және т. б тәуекелдер.

Құқықтық - банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (экспорттық-импорттық шектеулер, шетел банктер қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу)

Экономикалық - жалпы экономикалық тәуекелдер, экономикалық құндылықтар, экономикалық саясатпен байланысты жиынтық ЖІӨ-нің өсуі, ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың -экспорттан жоғарлануы, экспорттан түсетін табыстың азаюы, әлемдік нарықтағы отандық тауарлар бәсекелестігінің төмендеуі, іскерлік белсенділіктің төмендеуі, басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы, халықтың бірыңғайлығы мен білім деңгейінің төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы және т. б.

Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясы мен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т. б. факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:

  • банк активтерімен байланысты тәуекелдер (несиелік, валюталық, нарықтық, кассалық, есеп-айырысу, факторингтік, корреспонденттік, қаржылық, инвестициялық тәуекелдер)
  • банк пассивтерімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері, диверсификация тәуекелдері)
  • банктің өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекел, өлем қабілесіздік тәуекелі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталы жеткіліксіздігі тәуекелі)
  • қаржылық қызмет жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық, жаңа енгізулер тәуекелі, стратегиялық, бухгалтерлік, қауіпсіздік тәуекелдері)

Несиелік тәуекел - негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі.

Пайыздық тәуекел - берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Несиелік тәуекелдердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету және оларды бағалау
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz