Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту


Жоспар:
КІРІСПЕ
1 ТУРИЗМНІҢ ЕЛДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫҚПАЛЫ
1. 1 Қазақстан экономикасындағы туризмнің орны мен рөлі
1. 2 Туризм саласында көрсетілетін қызмет сапасының экономикалық әсері
1. 3 Туризмді дамытудағы туристік аудандардың құрылуының алғы шарттары
2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА ТУРИЗМНІҢ ӘСЕРІ
2. 1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғат жағдайының туризмге әсері
2. 2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы археологиялық туризмді дамыту
2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік нысандар
2. 4 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің экономикалық ерекшелігі
3 ОҚО -да ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту бағыттары, экономикалық маңызы
3. 2 Аймақтық туризм - қаржының негізгі көзі ретінде
3. 3 Аймақтың экономикасын туризм саласы арқылы көтеру жөніндегі ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қосымша 1
Қосымша 2
4
7
7
16
22
28
28
38
50
54
60
60
66
69
74
76
78
83
Бұл ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмді дамыту жолдары, оның аймақ экономикасына әсері қарастырылған.
Жалпы туризм дегеніміз - ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі.
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада маңызды салалардың бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мағлұматы бойынша туризм әлемнің Жалпы Ұлттық Өнімнің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 астам пайызын, және әлемдегі өндірістің әр бір тоғызыншы орнын қамтамасыз етеді.
Қазіргі туризм индустриясы ірі жоғарғы табысты және динамикалы түрде дамып отырған халықаралық қызмет саудасының сегменті болып отыр. Туризімнен түскен табыс тұрақты түрде мұнайды экспорттау, мұнай өнімдер және автокөлік табысынан кейін 3-ші орында тұр. Ол экономикалық құбылыс ретінде индустриялды нышанға айналып, ұлттық экономиканың даму катализаторы болып табылады. Туризм арқасында жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі, жергілікті инфрақұрылымның дамуы, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруы байқалады. Туризм индустриясы тиімділігінің жоғары деңгейімен және оған салынған инвестицияның тез қайтарымымен сипатталады. Басқаша айтқанда, туризм енді дамып келе жатқан елдердің экономикасына оң әсер етеді.
Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір не болмаса 15 тонна мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен пара-пар. Бірақ көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық ахуалдардың нашарлануына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар негізінде жұмыс жасайды.
Tәуелсіз алғанға дейін Қазақстанда туризм, экономиканың басқа салалары сияқты бір орталықпен қатаң түрде реттелді. Қазақстанның тарихи маңызы бар архитектуралық, археологиялық, мәдени ескерткіштер және табиғи көркем жерлер дұрыс жарнамаланбай және қажетсіз болып қалатын.
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу үстінде.
Соған байланысты, елімізде бір қатар қаулылар мен заң жобалары қабылданды. Оның ішіндегі ең маңыздысы болып, туристік саланы дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы.
Бағдарламаның басты мақсаты - қазақстандық және шетелдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік деңгейдегі шараларды іске асыру.
Бұл бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі Қазақстанның мәдени-тарихи және рекрияцылық аймақтарын дамыту және сақтау. Ол үшін мынандай шараларды іске асыру қажеттілігі қарастырылған:
- мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
- халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
- Ұлы Жібек жолы бойындағы археологиялық, архитектуралық, құрылыстық обьектілерді зерттеу және т. б.
Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін дамыту үлкен маңызы бар. Соған байланысты ел басы "Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризм инфрақұрлымын дамыту жөніндегі жобасын Қазақстан Республикасында іске асыру туралы" Жарлығына, "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрлымын жасау" мемлекеттік бағдарламасына қол қойылды.
Дипломдық жұмысымыздың негізігі мақсаты - елімізде оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында өте маңызды тарихи есерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени туризмді дамыту, туризмнің экономикаға әсерін зерттеу.
Дипломдық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде туризмнің теориялық аспектілері қарастырылған. Яғни туризмнің анықтамасы, қызметтері, оның әлемде дамуының қазіргі жағдайы, экономикаға әсері және туристік ресурстарды пайдалану, оның инфрақұрлымын дамыту мәселелері көрсетілген.
Екінші бөлімде Оңтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени туризм түрін дамыту, аймақтың туристік мүмкіндіктеріне, туристік обьетілеріне, туризмнің қазіргі жағдайына талдау жасалынған. Оңтүстік Қазақстан облысы ЮНЕСКО-ның қайта өркендету бағдарламасына енген Ұлы Жібек жолының мемориялдық трассасында орналасқан. Облыс шкарасында 837 - , 155 - құрылыс және архитектуралар, 5 - тарихи, 7 - монументалдық қол өнерлер анықталып есепке алынған. Аймақта тарихи орталықтарды қайта өркендету және туризм инфрақұрлымын дамыту, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді кешендік шешуге мүмкіндік береді. Облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштердің кейбіреулері әлемдік тарихта жоғары бағаланып, ЮНЕСКО-ның құрамына енген. Облыс біздің мемелекетіміздің қалалық мәдениетінің бесігі болып есептеледі. Нақ осы жерде қазақ тарихындағы ең маңызды қалалар орналасқан. Бұл дегеніміз елімізде ішкі және сыртқы туризмді дамытуға үлкен тірек болады және бағдарламамыз туризмді дамыту мақсатын жүзеге асыруды, халықаралық стандартқа сай туристік қызмет өндірісі бойынша өзімздің дамыған туристік индустриямызды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстан Облысындағы туризмді дамыту жолдары қарастырылған. Яғни облыстағы ұлттық жетістіктерді қалай сақтау және зерттеу сияқты Қазақстан халықтарының рухани мұрасын дамыту мәселесі, Ұлы Жібек жолындағы тарихи қалаларды және басқа этномәдени орталықтарды қайта өркендету, олардың салттық құрылысын және туризм инфрақұрлымын ұйымдастыруда пайдалану сұрақтары қамтамасыз етілген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік - X. Криппендорф, Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы өте жоғары.
Туристік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша экономикалық мәселелерді шешуде ТМД ғалымдары: Г. Л. Азоев, А. П. Градов, И. Н. Герчикова, Н. Н. Дуданов, Р. А. Фатхутдинов, А. Ю. Юданов, Р. М. Петухов және т. б. ғалымдардың қосқан үлестері зор.
Қазақстаннның қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының кейбір мәселелері қазақстандық ғалымдар: А. А Алимбаев, Р. А. Алшанов, С. Б. Ахметжанова, У. Б. Баймуратова, А. Есентүгелова, Б. Мырзалиев Ә. Ә. Сатыбалдин, С. Д. Тәжібаев, С. Қ. Сураганова, Б. Н. Исабеков және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Сонымен қатар, осы тақырып төңірегіндегі көптеген мәселелер аз зерттелген және ғылыми талданбаған. Туристік қызметтер төңірегінде бәсекелік мүмкіншіліктерді бағалаудың теориялық тұстары аз зерттелген. Қызметтер нарығындағы туристік фирмалардың тұрақтылығын дұрыс бағалау үшін, бәсекелік мүмкіншілігін анықтай алатын бағалау әдістемесі әлі күнге жоқ. Сол себепті, туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандық экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметтерді реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да Президенттің, Қазақстан республикасы Үкіметінің ресми құжаттары дипломдық жұмыстың нормативтік-құқықтық негізі болып табылады.
1 ТУРИЗМНІҢ ЕЛДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫҚПАЛЫ
1. 1 Қазақстан экономикасындағы туризмнің орны мен рөлі
Туризм - француз тілінен аударғанда серуендеу, қыдыру яғни адамның бос уақытындағы демалыстың қандай да түріндегі әрекеті.
Туризм адамдардың қарым-қатынасын байланыстырады, әлеуметтік шындықты ойлау қабілетін арттырып қоршаған ортаны өркендеуіне, мәдениет және өнердің дамуына жол береді.
Президент Н. Назарбаевтың 1998 жылы 27 ақпандағы "Жібек жолы" тарихи-орталықтардың жаңғырту, түркі тілдес мемлекеттерді мәдени мұрасын сақтау мен өркендету, туризмнің инфрақұрылымын құру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлыққа қол қоюы айтылудың бір айғағы.
Мұражайларға қызығушылықтың артуы мен туризмнің иен-құлаш жайып өркендеуінің арасында өзіндік шарты мен өзара байланысы бар. Мұражайландырылған ескерткіштер туристік материалдар базасы болып туристік-саяхатқа қатысушылар қатарын көбейтуге ықпал етеді. Тарихи-мәдени ескерткіштерге байланысты көптеген туристік бағыттар пайда болды. Солардың ішінде ең белгілісі "Ұлы Жібек жолы" бағыты, оған көптеген мұражайлар, ескерткіштер, орта ғасырдың сәулет өнері Түркістан мен Шымкент кіреді. Оңтүстік Қазақстан өлкесінің өткені қызықты, әрі бай. Оған куә көптеген тарих, археология, монументальды өнер, архитектура ескерткіштері.
Осы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының туризмнің, Қазақстандық және шетелдік қызметке сұранысын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерін көрсету, ал басқа жағынан, облыстың туристік-рекреациялық ресурстарын дамыту, мәдени және табиғи мұраларды тиімді пайдалану арқылы. Ұстанған мақсаттың мұраты болуы мынадай мәселелердің шешілуін танытады:
а) Негізгі бағыттарда туризм инфрақұрылым дамыту
б) Табиғи және тарихи-мәдени қорларын байланысуын зерттеу.
в) Туризм және демалыс қорларының байланысын зерттейді.
г) Ғылыми ізденісті және қайта қалпына келтіретін жұмыстарды қажет ететін тарихи-мәдени және табиғи мұраларды апаттық жағдайдан
шығару.
Туристік іс әрекет көңіл көтеру, таным мен кәсіптік мүддені, демалудың белсенді түрлерін, емделуді қамтамасыз етумен қатар транспорттық қызметті, тамақтану, орналастырудағы қажеттілікті қанағаттандыруды талап ететін тұтынушылық сұраныстың жаңа түрін өмірге енгізуде.
Қазіргі кездегі туризм толық жіктеу үшін туризмнің түрін сипаттайтын ең маңызды белгілерді атап өтуге болады: яғни туризмнің ұлттық мәнділігі: қанағаттандырылуы туристік саяхатқа байланыстырылған негізгі қажеттілік: саяхатқа пайдаланылатын негізгі қозғалыс құралдары: саяхаттың ұзақтығы: топ құрамы: ұйымдастыру түрлері, туристік өнім бағасының қалыптасуының негізгі принциптері және т. б. Туризм келесі түрлерге бөлінеді:
- Рекреациялық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде адамныңкүш-қуатын қалпына келтіру қажеттілігі жатыр.
- Діни туризм. Туризмнің бұл түрі әр түрлі діндегі адамдардың діниқажеттілігіне негізделген. Діни туризм екіге бөлінеді:
а) діни мерекелерде мешіттерге, шіркеулерге бару:
б) әулие жерлерге бару:
- Транзитті туризм. Бұл туризмнің негізінде басқа елге барумақсатында келесі елдің аймағын басып өту қажеттілігі жатыр.
- Конгресті туризм. Ол түрлі шараларға, оның , симпозиумдарға, съездерге, конгрестерге жәнет. б. қатысу мақсатындағы туристік сапарлар қатысуға .
Конгреске қатысушының шығыны әрине қарапайым туристің шығынына қарағанда жоғары болады, осыған сәйкес тиімді ұйымдастыру қажеттілігі туады.
- Өткенді аңсау мақсатындағы туризм. Тарихи өмір сүру аясында осыорындарға бару қажеттілігіне негізделген.
- Өз бетінше ұйымдастырушыға туризм. Саяхаттың бұл түрі шаңғы, тау, атқа міну, су туризмімен және т. б. айналысатың активті демалуды сүйетіндерді біріктіреді. Туризмнің бұл түрінің айырықша ерекшелігі оған қатысушылардың өз бетінше ұйымдастырылуын қажет ететіндігінде. Турларды ұйымдастырумен фирмалар емес, туристердің өздері туристік-спорт клубтарымен және бірлестіктермен біріге отырып ұйымдастырады.
- Іскерлік мақсаттағы туризм. Туризмнің бұл саласына әр түрлі серіктестіктермен іскерлік қатынастарды бекіту немесе қалыптастыру мақсатындағы сапарлар жатады.
8. Танымдық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізін әр түрлі бағыттарда
білімді арттыруға деген қажеттілікті қанағаттандыру құрайды.
9. Спорттық туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде екі түрлі
қажеттілік жатыр, осыған байланысты:
- активті және пассивті түрге бөлінеді. Активті спорт туризміне спорттың белгілі түрімен айналысу қажетілігі, ал пассивті туризмге белгілі бір спорт түріне қызығушылық, яғни сайыстар мен спорт ойындарын көру мақсатында саяхатқа шығу жатады. Қозғалыс құрамдарына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді.
1. Жаяу туризм. Туризмнің бұл түрін ішкі туризмде кеңінен тараған.
Тәжірбие жүзінде бір туристік саяхатта транспорттың бірнеше түрін
пайдалану да ұшырасады, мысалыға, ұшақ-автобус, темір жол-автобус және т. б. түрлерін айтуға болады. Мұндай түрлері аралас түр деп аталады.
- Автобус туризмі. Туризмнің бұл түрінде саяхат автобусты қозғалыс құралы ретінде пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Автобустық турлар туристік-экскурсиялық (транспорт туры, ұсынатын қызметтің барлық түрін, яғни тамақтану, экскурсиялық қызметті ұсынумен) және "денсаулық автобусы" деп аталатын - серуендік туры болуы мүмкін (бір күндік автобус) .
- Велосипед туризмі. Туризмнің бұл түрін туристердің ғана пайдалана алады.
- Автокөлік туризмі. Туризмнің бұл түрі XX ғасырдың екіншіжартысынан бастап дамыды. Қазіргі кезде ол кеңінен таралуда.
- Әуежолы туризмі. Туризмнің осы түрінің болашағы зор, өйткені туристердің баратын жерлеріне тасымалдау уақытын үнемдейді. Мысалы 1960 жылдан 1980 жылға дейіннің өзінде туризмде қоданылатын үлес салмағы үш есе өскен. Әуе жолдары турлары ұшақтағы жолаушылар орнының белгілі бөлігін пайдаланылатын топтық турларға және арнайы туристік тасымалдауға арналған әуе сапарларына бөлінеді.
- Теплоход (су) туризмі. Туризмнің бұл түрінде бағыттар өзен және теңіз теплоходтарында ұйымдастырылады. Теңіз бойынша бағыттар круизді (ұзақтығы бір тәуліктен аса жалға алынған кемедегі саяхат) болады. Олар порттарға тоқтамауы да мүмкін.
Өзен бағыттары-өзен параходтары кемесін пайдалану арқылы ұйымдастырылады. Оларға: бір тәуліктен ұзаққа өзен су қайығын жалға алып саяхаттау мен үзақтығы бір тәуліктен аспайтын, тарихи орындармен танысу мақсатындағы экскурциялық серуендер жатады.
Круизді және туристік-экскурсиялық сапарларды ұйымдастыру үшін негізінен барлық жағдайы жасалған теплоходтар қолданылады.
Барлық жағдайы жасалған теплоходтағы су туризмнің артықшылығы туристердің орналастыру құралдарымен, тамақпен, спортпен, көңіл көтерумен қамтамасыз етілуінде.
7. Теміржол туризмі. Туризмнің бұл түрі XІX ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап дамыды. Теміржол билеттерінің салыстырмалы арзан болуы оны тұрғындардың аз қамтамасыз етілген бөлгіне қолайлы болады. Қазіргі кезде теміржол мен транспорттың басқа түрлері арасында бәсекелестікте болып тұрады.
Туризм сонымен қатар саяхаттау уақытына байланысты маусымдық және маусымдық емес болып бөлінеді.
Саяхаттың ұзақтығына байланысты туризм: ұзақ және қысқа мерзімді болады.
Топ құрамы бойынша:
- Жаппай туризм.
- Жеке туризм (туризмнің бұл түрі көбінесе іскерлік, ғылыми жәнесауықтандыру туризмі шеңберінде жүргізіледі) .
- Жанұялық туризм.
- Жастар туризмі.
Балалар туризм (жастар және балалар туризмі елдің ішіндегі және әр түрлі елдер арасында туристік айырбас есебінен кеңінен таралуда) .
Туристік өнім бағасын құрау принципін анықтауға байланысты коммерциялық және әлеуметтік туризм болып бөлінеді. Әлеуметтік туризм мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық құрылымдарға жеткілікті ақшалай қаражаты жоқ тұрғындардың әр түрлі деңгейіне демалуға мүмкіндік беру мақсатында белгілі жеңілдіктерді ұсынады. Мысалы: зейнеткерлер, студенттер, төмендегі деңгейдегі жалақы алатындар және т. б.
Әйгілі американ социологы Т. Бертон бос уақытты өткізу сипатына, яғни туристік демалыс моделіне, әсер ететін фасторлардың үш тобын бөледі:
- технологиялық (жаппай коммуникация құралдары) ;
- институттық (заңдылық) ;
- әлеуметтік-экономикалық (демография, кіріс шамасы, мамандық) .
Өз кезегінде бос уақытты өткізу сипаты туризмді дамытуға әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Статикалық табиғи-географиялық фасгорлар жиынтығы жатады. Өйткені ол тұрақты мәнге ие, себебі адам туристік қажеттілікке тек бейімделіп қана қоймай оны пайдалануға ыңғайланады. Табиғи-климаттық және географиялық факторлар өз мазмұнын әдемі, бай табиғаттан, климаттан, жергілікті рельефтен, жер асты байлығынан да статикалық факторларға жатады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-динамикалық, материалды-техникалық және саяси факторлар жатады. Олардың мәні уақыт және кеңістікте өзгеретін әр түрлі шамада болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған бөлулерден басқа туризмге әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Сыртқы факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Факторлардың бұл тобы құрамына: тұрғындардың жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұяның кірісінің өзгеруі, жалғыз басты адамдар пропорциясының өсуі, некеге кеш тұру және жанұя құру тенденциясы, тұрғындар құрамындағы баласыз жұптар санының өсуі, иммиграция шегінің қысқаруы жатады. Ақылы іс сапарлар, жұмыс уақыты кестесінің икемділігі демалыс кезеңін көбейтеді, іскерлік туризмнің сипатын өзгертеді. Бұл турлардың ұзақтылығына, кезеңділігіне әкеледі.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер туризмнің дамуының объективті әлеуметтік-демографиялық жағдайын жасайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан да туризмді дамыту бағдарламасын жасағанда тұрғындардың уақыт қоры мен бос бюджеті құрылымын анықтау керек болады.
Тұрғындардың бос уақыт құрылымы:
а) қоғамдық өндірістегі еңбек
б) физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты
в) үй шаруашылығындағы еңбек
г) білім алуға келетін уақыт шығыны
д) еркін уақыт
Туризмге әсер ететін сыртқы факторларға: экономикалық және қаржы жағдайлары (төмендеуі) : жекелей кірістің көбеюі (азаюы), демалуға бөлінген кіріс бөлігіне байланысты жоғары туристік белсенділік: туризм мен саяхат шығындарын жабуға бөлінген қоғамдық қаражат үлесінің өсуі жатады.
Туризмнің дамуына әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен қатар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық қажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі тұрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.
Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогендік) факторлар - бұл туризмге тікелей әсер ететін факторлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т. б. дамуымен байланысты.
Ішкі факторға туристік нарықтың төмендегі факторлары жатады.
а) ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықтық қатынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың тұрақты сұранысқа айналуын, сонымен қатар жеке туризмнің өсуін айтуға болады) .
б) Нарықты сегменттеу ролінің өсуі ( аймақ ішінде жаңа туристік
сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің қашықтығының
ұлғаюы, демалысты әр түрлілігі және т. б. ) .
в) Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің өсуі
(көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және кіші фирмалармен серіктік қатынастарының өсуі: туристік одақтарды құра отырып тікелей интеграциялау және т. б. )
г) Туризмдегі кадрлар ролінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі,
маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және т. б. )
д) Жеке туристік кәсіпкерліктің ролінің артуы.
Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді.
Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына енгізілетін материалды ресурстар көлемінің өсуі, туризмнің жаңа объектілерін салу.
Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінт пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және т. б.
Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау: тұтыну заттарына бағаның өсуі: жұмыссыздық: ақшаның түрақсыздығы, жеке тұтыну көлемінің қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротқа ұшырауы және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz