Банктің сыйақы құру саясатының принциптері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 4
І. Теориялық бөлім . . . 8
БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1. Банктiк сыйақы (мүдде) және оны қолдану механизмi . . 8
1. 2. Несие бағасын анықтайтын және оған әсер ететiн факторлар…. 13
1. 3. Банктік сыйақы мөлшерлемелері: жәй және күрделi 18
ІІ. Негізгі бөлім
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНДЕ СЫЙАҚЫ ЕСЕПТЕУІН ТАЛДАУ
2. 1. Банктердің сырттан тартқан қаражаттары бойынша сыйақы құру саясатының барысын талдау . 21
2. 2. Несиелік операциялары бойынша сыйақы құру саясатының барысын талдау . . 33
2. 3. «Казкоммерцбанк» АҚ банктік сыйыақы құру саясатын талдау. 43
ІІІ. Талдау бөлімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫ ҚҰРУ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1. Банктік сыйақы құру саясатын жетілдіруде атқарылатын іс - шаралар. 53
3. 2. Банктік сыйақы құру сасатын жетілдіруде ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру жолдары . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 74
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізігі мақсаттарының бірі - бұл экономиканың нақты секторының жоғары бәсекелестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы проблеманы шешуде үлкен рөлді экономиканың қаржылық секторы атқарады, әсіресе банктік секторы.
Банктік сектор тауарлар мен қызметтердерді ұсынатын жоғары технологиялық және жоғарыбәсекелестік өндірістерді қажетті ақшалай ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымында экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мен банктер әр түрлі бағыттағы, ал кей кезде бір біріне қарама- қарсы мүдделерді ұстайды.
Өздерінің экономикалық мүдделерін сақтай отырып өндірістік қатынастарға түсуші жақтар бір бәрімен қарым- қатынастарға түсіп қарсыласқа түседі, бірақ оның нәтижесінде бір біріне жетістіктерге жету үшін объективті жағдайларын жасайды.
Бірақ қоғамда кәсіпорындар мен банктер жеке- дара экономикалық мүдделеріне ұмтылады, сондықтан олардың екі жақты қанағаттандыратын келісімге келуі қиындыққа соғады. Сонымен қатар, екі жақтың бір бағытта жұмыс істеуіне көптеген сыртқы факторлары кедергі болып келеді.
Коммерциялық банктер коммерциялық құрылым бола отырып әр қашанда жоғары пайданы алуға ұмтылады, ол үшін олар өзінің негізгі қызметін- қаржылық делдалдық- атқарып өзінің капиталына сыйақылар қосып жетіп отырады.
Бұл нәтижеге жету үшін коммерциялық банктер тиімді сыйақы құру саясатын қалыптастырыу тиіс.
Банк саясатын қалыптастырудағы негізгі кезең мақсаттарды анықтап, оны жүзеге асыру мақсатында тиісті құралдарды дұрыс таңдай білу болып табылады. Әрбір банк үшін өзінің мақсаттары айқын болуы маңызды.
Макроэкономикалық деңгейдегі коммерциялық банктердің Ұлттық Банкпен біріге отырып қол жеткізуге тиіс мақсатына банк жүйесі мен экономиканың қалыпты дамуын қолдау болып табылады.
Коммерциялық банктің жалпы мақсаты, оның саясатының табыстылылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекел деңгейінің төмендігі, депозиттік және несиелік портфельдің оңтайлылығына қол жеткізуден көрінеді.
Коммерциялық банктерінің қызмет етуінің басты сипаттарының бірі ол тиімді сыйақы мөлшерлемесін құру болып табылады. Банктік сыйақыны құру принциптерін білу кез келген кәсіпкер үшін несиені оңтайлы пайыздарымен алуға немесе уақытша бос ақшалай қаражаттарын тиімді орналастыруға мүмкіндік береді.
Базалық ставка (prime rate) құрылымына:
- банктің ақшалай қаражаттарының максималдық құны ( әдетте, халықтың депозиттік сертификаттары бойынша ставкалары) ;
- банктің операциондық шағындары;
- пайда нормасы кіреді.
Банктің сыйақы құру саясатын (немесе пайыздық) оның жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, біз банктік сыйақы құру саясаттың мақсаттарының банктің стратегиялық мақсаттарына қарағанда шектеулі байланыста болып, банк саясатының мақсаттарымен үйлестіріліп жасалынатынына көз жеткіземіз. Банктің стратегиялық мақсаттары сияқты, сыйақы құру саясаты да салымшылардың қаржыларын тарту немесе несиеге орналастыру арқылы табыс табуды көздейді. Осыдан, банктік сыйақы құру саясаттың мақсаты сырттан тартатын қаржыларды өз пайдасына шоғырландыру және тиімді активтік операциялары арқылы банктің өтімділікке деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге бағытталады.
Сонымен, банктің алдына қойған мақсаттары сан алуан болуы мүмкін, бірақ оларды қызметтің стратегиялық бағыттары мен жалпы аяққы мақсаттардан бөлек қарастыру қажет. Банктің дамуындағы жеке мақсаттарға сүйене отырып, оның жалпы мақсатын анықтауға болады. Бұл аяққы мақсат белгілі бір өлшемдер арқылы өлшеніп отыруы тиіс. Ол - нақты, қарапайым, өлшемді болуы тиіс. Егер, қойылған мақсатты сандық өлшеммен өлшеуге болмайтын болса, онда ол уақыт өлшемімен өлшенуі тиіс.
Нақты бір коммерциялық банктің деңгейінде оның саясаты банктің рентабельділігі, өтімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк операцияларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру шараларынан көрінеді.
Банктің стратегиясын оны жүзеге асырудың мақсаты мен әдістері деп анықтап, ал тактикасын мақсаттарға жетудегі нақты бір әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деп белгілеуге болады. Стратегия мен тактика бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тактика стратегияны іс жүзінде жүзеге асырудың нақты құралы болып табылады. Сондықтан, банктің стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттердің үйлесуі коммерциялық банктерге өз қызметіндегі келеңсіз жағдайлардың болмауының алдын алуға мүмкіндік береді.
Банктік сыйақы құру саясаттың рөлі банктің ресурстарды шоғырландырып, оларды инвестициялау, депозиттік процессті дамыту мен оның тиімділігін арттыру барысында банк қызметінің басым бағыттарын одан әрі жетілдіру жолдарынан көрініс табады.
Жұмыстың мақсаттары . Жұмыстың мақсаты болып банктік сыйақының экономикалық мазмұнын анықтау және қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда әлемдік тәжірибені оқып біліп банктік сыйақының құру саясатын жетілдіру бағыттарын белгілеу.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
-Банктік сыйақы қалыптасуының саясатының теориялық сұрақтарын оқып білу, оның құрылымын анықтау, «банктік сыйақы» түсініктін экономикалық мазмұнын нақтылау және оған толық анықтама беру;
-Ел экономикасында банктердің сыйақы құру саясатының барысына талдау жасап, оған әсер ететін факторларды анықтау;
-Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін банктік сыйақыны құру саясатын жетілдірудегі практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі . Жұмыстың пәні ретінде банктік сыйақыны саясатын қалыптасытыру құралдары, қолдану механизмі және әдістерімен байланысты теорилық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің сыйақысын құру саясаты болып табылады.
Жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі келтірілген.
І. Теориялық бөлім
БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Банктiк сыйақы (мүдде) және оны қолдану механизмi
Ссудалық сыйақы (мүдде), төлем мөлшерiн өлшеу үшін қолданылатын өлшем бiрлiгi. Теориялық тұрғыдан алғанда оны төлеудiң көзi, қарыз алушының несиенi пайдалану нәтижесiнде алынған таза табысы болып табылады.
Әлемдiк банк тәжiрибесiнде ссудалық сыйақының (мүдденiң) бiрнеше түрлерi қалыптасқан, оларды төмендегiдей бiрқатар белгiлерi бойынша жiктеуге болады.
Кесте 1. Ссудалық сыйақы (мүдде) түрлерiнiң жiктелуi
- коммерциялық сыйақы,
- банктiк сыйақы,
- тұтынушылық сыйақы,
- лизингтiк келiсiм сыйақысы, мемлекеттiк несие сыйақысы
- орталық банктiң есептiк сыйақысы, банктiк сыйақы,
- ломбардтық сыйақы
- Айналым қаржыларына несие берудiң сыйақысы,
- негiзгi қорларды инвестициялаудың сыйақысы,
- бағалы қағаздарды инвестиция-лаудың сыйақысы
- қысқа мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы,
- ұзақ мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы,
- орта мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы
- депозиттiк сыйақы,
- ссудалық сыйақы,
- банкаралық несие бойынша сыйақы т. б.
Банктiк сыйақы (мүдде) несие қатынастарының субъектiлерiнiң бiрi банк болғанда пайда болады. Банктiк сыйақыны қарастырған кезде несие мекемелерi ссудаға негiзiнен өз меншiгiндегi қаржыларды емес, сырттан тартылған қаржыларды беретiнiн ескерген жөн. Банктың алатын табысы уақытша бос қаржыларды қайта бөлу кезiндегi делдалдық қызмет көрсеткенi үшін өтемақы болып табылады.
Мұндағы ескерте кететiн бiр жағдай, Қазақстан Республикасындағы банк жұйесiнiң заңнамаларында болып жатқан өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес 1997 жылдың орта шенiнен бастап ''процент'' терминiн ''сыйақы (мүдде) '' терминiне алмастырған.
Сыйақы нормасын есептеу кезiнде әрбiр нақты келiсiмде коммерциялық банктер келесi жағдайларды ескередi:
- негiзгi сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейi. Ол қамтамасыз етiлген несиелер бойынша несиелiк қабiлетi өте жоғары клиенттерге белгiлi бiр кезеңде белгiленедi;
- әрбiр жеке келiсiмдегi жағдайды ескере отырып, тәуекелдiлiкке орнатылатын үстеме.
Негiзгi сыйақы мөлшерлемесi несиелiк салымдардың шамамен алынған өзiндiк құнына және ссудалық операциялардың алдағы кезеңдегi табыстылығының деңгейiне байланысты келесi формула бойынша есептеледi:
Негiзгi сыйақы ставкасы=О 1 + О 2 + Т ж
Мұндағы:
О 1 - жоспарланған кезеңдегi барлық несие ресурстарының орташа нақты бағасы
О 2 - банк қызметiнiң қалыпты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты жоспарланған шығындардың алдағы кезеңде қаржыларды тиiмдi жайғастырудан күтiлетiн шығындар көлемiне қатынасы
Т ж - банктiң ссудалық операцияларының табыстылығының жоспарланған деңгейi
Несие ресурстарының орташа нақты бағасы ресурстардың жеке түрлерiнiң бағасы мен оның банктiң шоғырландыратын ресурстарының жалпы сомасындағы үлес салмағымен анықталады.
Өз кезегiнде, банктiң тартатын жеке ресурстарының орташа нақты бағасы келесi формула бойынша анықталады:
Д С
С Д = х 100%
1 - мiндеттi резерв нормасы
Мұндағы:
С Д - банктiң тартатын мерзiмдi депозиттерiнiң орташа нақты бағасы
Д С - депозиттiк сыйақының орташа рыноктық деңгейi.
Осылайша талап еткенге дейiнгi салымдар мен басқа да ресурстардың орташа нақты бағасын да анықтауға болады.
Тәуекелдiлiкке қойылатын үстеме келесi белгiлерге байланысты ажыратылады:
- қарыз алушының несиелiк қабiлетi;
- ссуданың қайтарымын қамтамасыз ету;
- берiлетiн несие мерзiмi;
- сыйақыны белгiлеу әдiстерi;
- несиелеу мерзiмдерiн қарыз алушының сақтауы;
- банк пен клиенттiң өзара қарым-қатынасының берiктiгi.
Банктiк сыйақыны (мүдденi) қолданудың қазiргi кездегi механизмi төмендегi жағдайлармен сипатталады:
- Сыйақы (мүдде) деңгейi несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстың үлесiмдiлiгiн ескере отырып несиелiк келiсiмге қатысушылар арасындағы келiсiм шартпен анықталады.
- Ссудалар бойынша сыйақыны (мүденi) коммерциялық банктер несиелiк келiсiмнiң нақты жағдайларын ескере отырып белгiлейдi: ссуда көлемi мен оны өтеу мерзiмi, ссуданың кепiлмен қамтамасыз етiлуi, қаржыларды тартумен байланысты шығындар, несиенi мақсатты бағытта қолдануын бақылаумен және несиенi рәсiмдеумен байланысты шығындар, банктiң қалыпты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты шығындар, қарыз алушының несиелiк қабiлетi т. б.
- Банктiң пассивтi операциялары бойынша сыйақының мәнi салымдарға уақытша бос ақшаларды тартуды ынталандыратын құрал ретiнде арта түсуде.
4. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу және алу тәртiбi несиелiк келiсiмге қатысушы екi жақтың өзара келiсiмi бойынша анықталады. әдетте сыйақыны ай сайын белгiлеу тәртiбiн пайдаланады. Банк тәжiрибесiнде көбiне жәй сыйақыларды ссуданың шамамен алынған күндерi бойынша белгiлеудi қолданады.
- Сыйақыны төлеудiң көзi қазiргi жағдайда несиелiк салымдардың бағытына қарай әртүрлi болып келедi. Қысқа мерзiмдi ссудалар бойынша көлемдер өнiмнiң өзiндiк құнына кiрсе, ұзақ мерзiмдi ссудалар мен мерзiмi өтiп кеткен ссудалар бойынша шығындар кәсiпорынның жаңа табысына салық төленiп болған соң жатқызылады.
- Сыйақыны қазiргi кезде пайдаланудың механизмiнiң
ерекшелiгi, сыйақымен байланысты банктiң кiрiстерi мен шығыстары оның материалдық мүдделерiмен тiкелей байланысты болып келедi.
Қазiргi жағдайда, экономикадағы нарықтық қатынастардың даму процесi, соның iшiнде несиелiк қатынастар саласында, ссуда бойынша сыйақы рөлiнiң артып отырғандығын дәлелдеп отыр.
Сыйақыны қолдану саясаты ақша-несиелiк реттеу құралдарының маңызды құрамды бөлiгi болуымен қатар, несиелiк қатынастарды басқарудың экономикалық тәсiлi ретiнде де рөлi арта түсуде.
Банктiк сыйақыны (мүдденi) қолдану механизмi дегенiмiз банктiң сыйақыны қолдану саясатын жұзеге асыруға мүмкiндiк беретiн элементтердiң жиынтығы болып табылады. Бұл механизмнiң жеке элементтерi төмендегiдей:
- сыйақы деңгейiнiң қалыптасу әдiстерi;
- сыйақы ставкаларын жеке ыңғайда келу белгiлерi;
- орталық банк тарапынан сыйақы нормасын реттеу әдiстерi;
- сыйақы бойынша төлемдердi белгiлеу және алу тәртiбi;
- сыйақыны төлеу көздерi;
- несие мекемесiнiң кiрiстерi мен шығыстарын қалыптастырудағы сыйақының алатын орны.
Ссудалық сыйақыны қолдану механизмi, бiр жағынан алғанда, тауарлы өндiрiстiң экономикалық категориясы ретiндегi сыйақының мәнiмен анықталса, екiншi жағынан банктiң жүргiзетiн сыйақылық саясатына байланысты болып келедi. Бiздiң елiмiзде банктiк сыйақыны қолдану тәжiрибесi жалпы қалыптасқан шаруашылық механизмiне байланысты құрылып, мемлекеттiң сыйақы көлемiн белгiлеу саясатының мазмұнына қарай бейiмделiп келген болатын. Соңғыларының бағыт-бағдары өзгерген жағдайда банктiк сыйақыны қолдану механизмiне де өзгерiстер енгiзiлiп отырды.
1. 2. Несие бағасын анықтайтын және оған әсер ететiн факторлар
Макроэкономикалық деңгейiнде нарықтық қатынастардың дамуы мен несиеге деген төлемдердiң еркiн ауытқуы жағдайында сыйақы табыстың орташа нормасына қарай талпынуы тиiс.
Табыстың орташа нормасынан төменге не жоғарыға ауытқуға әсер ететiн факторларды:
- жалпы;
- жеке деп екiге бөледi.
Жалпы факторларға:
- сырттан алған қаржылардың сұранысы мен ұсынысының ара қатынасы;
- Қазақстан Республикасының Орталық Банкi саясатының реттеушiлiк бағыты;
- ақшаның инфляциялық құнсыздануы деңгейiн жатқызатын болсақ, жеке факторлар коммерциялық банктiң қызмет ету жағдайымен және қарыз алушымен жасалған келiсiм шарттың жағдайларымен анықталады.
Сонымен бiрге, жеке факторлар ссудалық сыйақының жеке формаларымен ерекшеленедi.
Мысалы, депозиттiк сыйақы деңгейi, жоғарыда қарастырылған жалпы факторлармен қатар:
- банктiң активтi операциялары бойынша сыйақы деңгейiне
- тартылатын депозиттiң көлемi мен мерзiмiне
- банк тұрақтылығына байланысты болып келедi.
Банктiң активтi операциялары бойынша сыйақы деңгейiне әсер ететiн жеке факторларға мыналар жатады:
- ссуда көлемi мен оны өтеу мерзiмi;
- несиенi қайтарудың қамтамасыздығы мен оның сипаты;
- қарыз алушының несиелiк қабiлетi мен оның банкпен қарым-қатынасының берiк болуы.
Банктiң ссудалық капиталының өзiндiк құны мына формула бойынша анықталады:
Ссудалық капиталдың Банк шығындары
өзiндiк құны =
жұмыс iстеп тұрған
активтер
Банк шығындары негiзгi екi элементтерден құралады:
- ресурстарды қалыптастырумен байланысты шығындар;
- банктiң қалыпты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты шығындар.
Шығындардың бiрiншi тобына, әдетте, тартылатын депозиттер бойынша төлем жасау, Қазақстан Республикасының Орталық банкiнiң ресурстарына жасалынатын төлемдер, банкаралық ссудалар төлемдерi т. б. жатады.
Шығындардың екiншi тобына банктiң басқа да ағымдағы (яғни, төленген сыйақыларды шегерiп тастағандағы) және әкiмшiлдiк-басқарушылық шығындары кiредi, соның iшiнде:
- банк құжаттары мен құндылықтарын тасымалдау үшін автокөлiк құралдарын жалға алумен байланысты шығындар;
- бланктiк материал және тағы басқа да материалдарды дайындау, сатып алу және жеткiзумен байланысты шығындар;
- есептеу орталықтарының қызметiне төлем жасаумен байланысты шығындар;
- пошта және телеграф шығындары;
- амортизациялық аударымдар;
- несие мекемелерiнiң қызметкерлерiне еңбек ақы төлеумен байланысты шығындар;
- банк ғимаратын жөндеу және ұстаумен байланысты шығындар және т. б.
Жоғарыда қарастырылған шығындар банктiң уақытша бос ақшаларды шоғырландыратын делдалдық қызметiмен байланысты болғандықтан, несиелiк ресурстар құнының қымбаттауына жатқызылуы тиiс.
lс жұзiнде ссудалық капиталдың өзiндiк құны банктiң активтi операциялары бойынша сыйақы деңгейiн анықтау барысында өте маңызды жағдай болып табылады.
Ссудалық сыйақының жоғарғы деңгейi нарықтық жағдайларға байланысты болса, төменгi деңгейi банктiң қаржыларды тартумен және оның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге кеткен шығындарға байланысты анықталады. Ол несиелеу ресурстарының сапалық құрамына байланысты болып келедi.
Кез келген коммерциялық банктің негізгі қызметі- активтік және пассивтік операцияларының пайыздық мөлшерлемелерінің арасындағы айырмашылық негізінде қаржылық делдалдық болып табылады. Коммерциялық банк әр қашанда пайыздық маржаны асыруға ұмтылады.
Сурет 1. Коммерциялық банктік сыйақы құру саясатының негізгі принципі.
Қазіргі кезде экономиканы қаржыландыруда үлкен рөлді коммерциялық банктер атқарады. Банктер бұл қызметті өздеріне оңтайлы шарттар негізінде жасайды, яғни әр қашанда өзінің капиталына пайыздық ставкаларын қосады және олардың негізіне өздерінің таза табыстарын қалыптасып отырады.
Нарықтық экономика жағдайында кез келген коммерциялық банктің іс- әрекеті тәуекелдікке негізделеді, соның ішінде банктік сыйақы мөлшерлемесін анықтауда пайыздық тәуекелдіктер ұшырасады.
Пайыздық тәуекел пайыз ставкаларының өзгерiсi жағдайында туындайды. Пайыздық қаржы талдау үшiн пайыздық ставкалардың өздерiне қандай активтер мен мiндеттемелер еезiмтал келетiндiгiн анықтау қажет. Пайыздық қаржы бағалау үшiн банк өзiнiң портфелi бойынша талдаудың етандартты әдістемесiн қолдануы қажет. Пайыздық көрсеткiштердiң iшiнде:
- Абсолюттiк пайыздық маржа (М) - активтiк операциялар бойынша банктiң жиынтық табысы (ПТ) және пассивтiк операциялар бойынша пайыздық табыстың айырмасы.
- Пайыз спредi (салыстырмалы проценттiк маржа) -активтер бойынша орташа пайыздық ставканың мәнi (Еа) және банкке қажеттi шығындар, пассивтер бойынша пайыздық ставка (Еп ) .
Е=Еа-Еп
Пайыздық тәуекелдердi басқару екi негiзгi мiндеттерден тұрады- банктiң активтiк және пассивтiк операцияларын басқару. Активтiк операцияларды басқару банктiң өтiмдiлiк деңгейiмен және нарықтың ағымды конъюнктурасына, бәсекелестiк деңгейiне тiкелей байланысты. Пассивтiк операцияларды басқару банк клиенттерiнiң сандық тәуекелi. Пайыздық тәуекелдердi басқарудың бiрнеше көзқарастары бар (кесте 1) .
Кесте 1. Пайыздық тәекелдердi басқару әдістерi
1. Тiркелген ставка бойынша қарыз қаражаттардың мерзiмiн арттыру.
2. Тiркелген пайыздық ставкалардағы несиелердi қысқарту.
3. Инвестиция мерзiмдерiн қысқарту.
4. Бағалы қағаздар түрiндегi инвестициялардың бөлiгiн сату.
5. Қаржылiгi жоғары несие желiлерiн жабу.
1. Қарыз қаражаттарының мерзiмдерiн қысқарту.
2. Инвестициялық мерзiмдердiң уақытын ұзарту.
3. Тiркелген пайыздық ставканы несиелердiң үлесiн арттыруға дайындық.
4. Бағалы қағаздар инвеетициясының үлесiн арттыруға дайындық.
5. Тiркелген ставкалы қарыздарды уақытынан бұрын қайтару мүмкiндiгiн қарау.
1. Қарыз қаражатының мерзiмiн қысқарту.
2. Тiркеген ставкалы несиелер үлесiн арттыру.
3. Инвестициялық портфель мөлшерi мен мерзiмiн арттыру.
1. Қарыз қаражаты мерзiмдерiн ұзартуды бастау.
2. Инвестициялар мерзiмiн қысқартуды бастау.
3. Өзгермелi ставкадағы несиелердiң үлес салмағын арттыру.
4. Бағалы қағаздар түрiндегi инвестицияны қысқарту: тiркемелi ставкадағы акцияларды iрiктеп сату.
1. 3 Банктік сыйақы мөлшерлемелері: жәй және күрделi
Сыйақы мөлшерлемесi - белгiлi бiр кезең iшiнде, әдетте бiр жылда, қарызға алған капиталға төленетiн сыйақылық төлемдердiң салыстырмалы мөлшерi болып табылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң екi түрін ажыратады:
- тiркелген (кесiмделген) сыйақы мөлшерлемесi;
- еркiн сыйақы мөлшерлемесi.
Тiркелген немесе кесімделген сыйақы мөлшерлемесi - қарызға алған қаржыларды пайдаланудың барлық кезеңiнде, қайта қарастыру құқығынсыз белгiленетiн мөлшерлемелер.
Еркiн сыйақы мөлшерлемесi - орта және ұзақ мерзiмдi несиелер бойынша орнатылатын мөлшерлеме. Ол белгiлi бiр кезеңдерде қайта қарастырылып отырады.
Банк тәжiрибесiнде сыйақы мөлшерлемесiн белгiлеудiң әртүрлi әдiстерi мен тәсiлдерi қалыптасқан. Мысалы, банк тәжiрибесiнде жәй және күрделi мөлшерлемелер қолданылады.
Жәй сыйақы мөлшерлемелерi ең алдымен, қысқа мерзiмдi несиелеуде қолданылады. Мұнда әр тоқсанда бiр рет немесе басқа уақыт аралығында сыйақы мөлшерлемесi белгiленiп, оны несие берушiге төлейдi. Қазiргi кездерi, әдетте, көп жағдайларда айтылған тәсiл қолданылады. Бұл жағдайда, қарыз алушының төлемдерiнiң жалпы сомасы қарыздың негiзгi сомасын ескергенде келесi формула бойынша есептеледi:
S=P(1+ni) (1)
Мұндағы:
S - бастапқы қарыз сомасын қосқандағы несие бойынша
төленетiн төлем сомасы
Р - бастапқы қарыз
i - сыйақы (мүдде) мөлшерлемесi
n - ссуданың жылдармен есептегендегi ұзақтығы немесе
360/365 күнде ссуданың пайдалану кезеңiнiң қатынасы
Банк тәжiрибесiнде сыйақыны белгiлеудiң iс-жосығына керi операцияны жұзеге асыру өте жиi кездеседi. Ол, мысалы, дисконттық вексельдер айналымы жағдайында орын алады. Бұл жағдайда бастапқы қарызды анықтау кезiнде келесi формула қолданылады:
S
P = (2)
1+ni
Мысалы, банк келесi шартпен вексель шығарды делiк:
Номинал бойынша вексельдiң сомасы 1000 т., 3 айға 120 жылдық сыйақымен шығарылды.
Төлем сомасы вексельдi жайғастырғанда келесiдей болады:
1000
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz