Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ(ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизенс факультеті
Экономикалық теория кафедрасы
Димплом жұмысы
Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
Орындаған ( курс студенті ____________________________ Туктубаев
А.С.
Ғылыми жетекші ____________________________
Арзаева М.Ж.
э.ғ.к. доцент
Норма бақылаушы ____________________________
Арзаева М.Ж.
э.ғ.к. доцент
Кафедра меңгерушісінің
міндетін атқарушы ____________________________ Арзаева М.Ж.
рұқсатымен қорғауға жіберілді
э.ғ.к. доцент
Алматы, (((9
Реферат
Банктік жүйе ( нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құралдарының
бірі болып табылады. Банктердің дамуы және тауар өндірісі немесе айналысы
тарихи жағдаймен алғанда қатар жүріп отырады, бір(бірімен тығыз байланыста
болады.
Мемлекеттің несие жүйесінде комерциялық банктердің алатын орны өте зор.
Олар қарыз капиталы нарығының әр(түрлі саласында жан(жақты әрекет етеді.
Лизингтік операцияларды жүргізу қазіргі несиелеу жүйесінің құрылымдық
элементінің бірі болып табылады. Лизингтік саясат банктің несиелік
қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін,
сондай(ақ лизингтік процесті ұйымдастыру қағидаларын және тәртібін
белгілейді. Лизингтік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы
стратегияларына сай ұйымдастыру негізін және лизинг процесін қалыптастыруға
қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. Лизингтік саясат, банк
қызметкеінің бүгінгі таңда лизингтеуге болатын экономика секторын дұрыс
шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен лизинг
алушылардың төлем қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне
негізделеді. Лизингтік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды
соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкке лизингтік
саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады. Біздің мемлекетімізде
банктің лизингтік саясаты дами бара экономикалық қатынастарды, дәлірек
айтсақ банкпен немесе еншілес компаниясымен клиент арасындағы қатынасты
дамытып келе жатыр. Лизингтік саясат банк қызметінде тәуекелді басқарудың
негізі болып келеді.
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” деген
мағынаны береді.Лизинг экономика өмірінің ең қиын кезеңдеріне қатысады,
сатып алу және сату қатынастарын және аренда мен займдарды қарастырады.
Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:а) машина –
техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;б) материалдық – техникалық
өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы
ұйымдастырады:а) банк қызметінің жаңа формасы ретінде көрінеді;б) лизинг –
лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:а) ұлттық
экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру б) мемлекеттің сыртқы
қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Глоссарий
Лизинг беруші - бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен
лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік
келісімшарт негізінде лизингке алушыға беретін келісімнің қатысушысы.
Лизингке беруші бір мезгілде басқа лизингтік келісімге қатысушы ретінде
көрінуге құқығы жоқ. Нақты айтқанда, бұл тұлға лизинг мүлкін иемденуші
(заңды иесі).
Лизинг алушы – лизингтік келісімшарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін
лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы заңды
немесе жеке тұлға. Яғни, лизинг мүлкін шарт бойынша қабылдап және оны
пайдаланушы тұлға (экономикалық жеке меншік иесі).
Сатушы (мүлік жеткізуші) – бұл алып-сату шарты бойынша келісілген
уақытында өзінің шығарған мүлкін лизинг берушіге сататын және оған немесе
тікелей лизинг алушыға лизинг мүлкін тапсырушы жеке немесе заңды тұлға.
Ескертетін жағдай, біздің заңнама бойынша мүлік шығарушы лизинг беруші
тұлға бола алмайды. Бірақ бұл халықаралық тәжірибемен сәйкес емес,
сондықтан біздің ойымызша бұл заңнама өзгертілгені дұрыс.
Инвестор (несие беруші) – бұл лизинг мүлкін алуға қаржы инвестициясын
(несие түрінде) беруші тұлға.
Кепілдік беруші – бұл лизинг беруші немесе лизинг алушының
міндеттемелеріне кепілдік беруші тұлға.
Делдал – бұл лизинг берушінің шартпен бекітілген тапсырмасы бойынша
керекті құрал-жабдықты жасаушыны тауып, онымен сатып алу (жеткізу) шартын
дайындаушы тұлға.
Сақтандырушы – бұл сақтандыру ұйымы, лизинг алушының болашақ
кәсіпкерлік тәуекелділігін лизинг мүлкінің бұзылуынан, жоғалуынан,
жетіспеуінен сақтандырушы.
Қаржылық лизинг ( лизингберуші сатушыдан алынған мүлкін және лизингтік
келісімшартына сәйкес кәсіпкерлік мақсаттарға лизингалушыға белгілі бір
төлем және белгілі бір шарттарға сәйкес кемінде үш жыл көлемінде уақытша
иеленуге және қолдануға берілетін инвестициялық қызметтің түрі
Лизинг келісімшарты ( лизингберуші мен лизингалушы арасындағы келісіп
жасалынған, олардың құқығы мен міндеттерін айқындайтын келісімшарт.
Бағалаушы ( кепілдікке берілетін немесе лизингке алынатын мүлікті
бағалаушы маман.
Маркетолог ( лизингалушылардың сұраныстарын пайдаланатын, болашақ
мәлімдеушілерді, мүлік сатушыларды тарту мақсатында жұмыс атқаратын
компания маманы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 5
I Тарау. Лизинг: мәні, ұғымы және лизингтік операциялардың сыныпталу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 7
1.1 Лизингтің экономикалық мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... .
7
1.2 Лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері ... ... ... ...
11
II Тарау. Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі және оның қазіргі
кездегі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 22
2.1 Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі ... ... ... ... ... ... ..
22
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің лизингтік
операцияларының қазіргі жағдайына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 28
III Тарау. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 67
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
82
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс тақырыбы
-Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары. Лизинг экономика
өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын
және аренда мен займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты
белгілі бір анықтамада болмайды.
Бүгінгі таңда банк қызметтерін толығымен жетілдіру, банк жүйесінің даму
жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты
назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның
жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан,
коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып
әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық
теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктерді
қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі
сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің және инфляция
мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің
төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-
жабдықтардың табиғи және моралдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының
жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын
төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.
Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды жаңартудың тиімді
әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және инвестицияның
ерекше формасы лизинг болып табылады.
Бірінші бөлімде, лизингтің қалай пайда болғаны, оның экономикалық мәні
және мазмұны мен түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей –
қаржылық лизингі және лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктеріне
олардың атқаратын қызметтері туралы, Қазақстан Республикасына лизинг келген
жылдары мен нарығымздағы компаниялар, Үкіметтің лизингтік операцияларды
дамытуға бағытталған нормативті(құқықтық актілердің қабылдау мен Салық
кодексіне жеңілтпе ретіндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеніне
жеке – жеке тоқталамыз.
Екінші бөлімде, лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі оның
ішінде лизингтік операциялардың сипаттамасы, кемшіліктері мен бір(бірінен
айырмашылықтарына жеке тоқталамыз. Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейлі банктердің лизингтік операцияларының қазіргі жағдайына талдауы
қарастырылады. Яғни лизинг беруші мен алушы, жабдықтаушы мен жалға беруші
және банк пен кәсіпорындар арасындағы келісімшартты білдіреді.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, лизингтік
қатынастар механизмін жетілдіру жолдары, яғни лизингтік келісімдердегі
тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелері
мен Қазакстан экономикасында лизингтің алатын орны, оны дамыту жолдары және
сыртқы елдермен байланысты мәселелері мен лизинг келешегі қарастырылады.

ерекшеліктері
1. Лизингтің экономикалық мәні және мазмұны
Лизинг экономикалық құбылыс ретінде және ғылыми зерттеулердің
объектісі ретінде көптен бері экономист ғалымдар мен мамандардың назарында
жүр. Лизингтің негізін, формасын, түрлерін және функцияларын зерттеу
қажеттілігі оның кәсіпкерліктің тиімділігін арттырудағы маңыздылығы. Бұл
мәселелерді анықтау әсіресе лизингтік операцияларды жүргізу кезеңдерінде
лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін дұрыс пайдалану үшін қажет.
Ағылшын термині jeasing, jessor және jesse (лизинг шартының
қатысушылары) көп жағдайда жал,жалгерлік деп аударылады. Дегенмен әлі
күнге дейін Лизинг термининің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ. Соған
байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді
несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде лизинг
деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік
қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады.
Лизинг сөзі to lease ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру”
беруді білдіреді. Оған екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал
лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-
жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-
саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін
қарастыратын жалға беру шарты.
Сонымен лизинг дегеніміз – бұл құрал-жабдықтарды, машиналарды,
өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу кезінде пайда
болатын қаржы-экономикалық және құқықтық қатынастар. Яғни бір заңды немесе
жеке тұлға (болашақ лизинг алушы, мүлікті пайдаланушы) екінші бір тұлғаға
(лизингтік компания) қажетті құрал-жабдықты алуға және оны ақылы
пайдалануға ұсыныс жасайды. Лизинг өнеркәсіптік компаниялардың жай сатып
алу кезінде сөзсіз жұмсалатын ақшалай қаражатты бір жолы едәуір жұмсамай-ақ
қажетті құрал-жабдық алуына мүмкіндік береді. Лизинг банктің дәстүрлі
несиелендіруіне балама болып табылады. Банктердің лизингтік операциялары
несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір
айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі
аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала
беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз
алушының берген кепілдігі қалады.
Өмірдегі пайда болатын көп құбылыстар сияқты лизингтің де өзіне тән
шығу тарихы бар. Тарих көрсеткендей лизингтік операциялар ежелден белгілі.
Бірақ бұл мәселеде әлі күнге дейін қалыптасқан нақты тұжырым жоқ. Бір топ
ғалымдардың пікірі бойынша лизинг - шумер халқының экономикалық
қатынастарынан бастау алатын қаржыландырудың ең көне түрі болып есептеледі.
Бұдан басқа да шет ел ғалымдарының жұмыстарында ерте ғасыр ғалымы
Аристотельдің (б.з.д. 383-322ж.ж.) Риторика атты еңбегінде байлықтың
өрісі мүлікті өз меншігіңде ұстағанда емес, оны пайдаланғанда деп атап
көрсетеді. Яғни, лизингтің басты мағынасы мынада: пайда табу үшін мүлік
немесе құрал тек өз меншігіңде болу міндетті емес, оны пайдалану құқығына
ие болсаң да жеткілікті.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл
Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін тілге тиек етеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп. атты
алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған.
Европада 1962 жылы Дойче лизинг ГМ6Х деген бірінші лизингтік компания
Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропада лизинг
нарығы дамып келеді.
Сонымен бірге лизингтік қатынастар бұдан басқа да өркениеттерде (ерте
грек, египет, рим) болғаны мәлім болып отыр.
Осы келтірілген мәліметтерге қарамастан кейбір ғалымдар лизинг жаңа жас
құбылыс, оның шығу тарихы АҚШ-нан басталады деп көрсетеді. Бұл тұжырымдарын
1877ж. Белл атты Американ телефон компаниясының өз құрал-жабдықтарын
уақытша пайдалануға бергендігімен негіздейді.
XXғасырдың 60 жылдары қаржы лизингісінің концепциясы әлемнің көптеген
индустриалды дамыған елдерінде кеңінен дами бастады және осы жылдардан
бастап лизингтік қатынастар халықаралық негізде жүре бастады. Бірақ 70-ші
жылдардың басына дейін халықаралық лизингтік қатынастар әлі де болса жақсы
даму қарқынында болмады. Оның басты себептері мыналар болды: лизингкке
байланысты халықаралық заң, салық, кеден және ақша қатынастарының бір
жүйеде болмауы. Тек, 70-ші жылдардың ортасынан бастап Юнидура ұйымы осы
кедергілерді шеше бастағаннан кейін лизингтік қатынастар халықаралық сипат
ала бастады. Оған қабылданған Халықаралық қаржылық лизинг туралы
Конвенциясы өзінің септігін тигізді. Осы Конвенцияның арқасында лизингтік
қатынастар дүние жүзінде бір қалыпқа келіп жүргізіле бастады.
Қазіргі кезде лизингтің даму барысы көптеген елдерде жоғарғы қарқын
үстінде. Соңғы отыз жылдықта лизингкке деген қызығушылық және оны пайдалану
барысы үлкен деңгейге көтеріліп, дүние жүзінде инвестиция тартудың негізгі
құралына айналып, оның көмегімен жабдықтардың 30-35% қаржыландырады.
Лизингтің кең түрде даму нәтижесі және оған деген қызығушылық 90-шы
жылдардың басында лизингтің Қазақстанға да келуіне әсер етті. Алғашқы
уақытта лизингтік істер банк жүйесінен басталды. Көптеген банктер өзіне
жаңа салада лизинг алушы ретінде қалыптасты. Банктердің лизингтік істермен
айналысуына байланысты мемлекеттік құжаттар да дайындала басталды.
Лизинг бойынша күрделі жұмыстар 1997 жылдың аяғында басталды. Бірақ
лизинг туралы үкіметтің шешімдері мен қаулыларының қаржы саласының
Қазақстандағы жаңа түрі болғандықтан жиі өзгеріп отырғаны лизингтік
компанияларға көп қиындық әкелді және бұл саланың қарқынды дамуына тежеу
жасап отырды.
Осы да басқа да қиындықтарға қарамастан лизингтік қатынастар Қазақстанда
өзінің өміршең екендігін танытты. Қазіргі уақытта Қазақстанда лизинг
берушілердің келесі түрлері қалыптасқан:
1. лизингтік жұмыспен айналысатын коммерциялық банктер және ірі
банктердің құрамына кіретін лизингтік компаниялар. Бұлар үлкен көлемде
тұрақты лизингтік қызмет көрсетеді. Олардың қатарына жататын лизингтік
компаниялар: АҚ Альянс лизинг (АҚ Альянс Банк), АҚ АТФ -Лизинг (АҚ
АТФБанк), АҚ БТА-Лизинг (АҚ Банк Туран Алем), АҚ Валют-Транзит Банк,
Нур-Инвест Лизингктік компаниясы ЖШС (Нур Банк), Таиб Казахский Банк
ЖАҚ, АҚ Темир-лизинг (АҚ Темир Банк), Центр-Лизинг ЖШС (АҚ Банк
Центр Кредит), АҚ Цесна Банк, АҚ Халық- Лизинг (АҚ Халық Банк);
2. салалық және өндірістік ретінде құрылған лизингтік компаниялар. Олар
әр-түрлі саладағы өндірістік кәсіпорындарды қамтамасыз етеді. Мысалы, ауыл
шаруашылығы, құрылыс, ауыр машина жасау, көлік және т. б. Бұл лизингтік
компанияларға жататындар: АҚ Астана Финанс, АҚ Казагрофинанс,
Каспийский Лизинг ЖШС (Бұрынғы Агромаш Лизинг);
3. бюджет арқылы толық немесе жартылай қаржыландыратын мемлекеттің
қатысуымен құрылған жартылай коммерциялық лизингтік компаниялар. Сонымен
қатар, бюджеттен көмек алушы аймақтық ұйымдар. Бұлар негізінен шағын
кәсіпкерлікті қолдау үшін ұйымдастырылған лизингтік құрылымдар. Мысалы, АҚ
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры:
4. сауда компаниялардың құрған лизингтік компаниялары. Бұлардың қызметі:
сауда құрал-жабдықтары, ұйым техникалары, көлік және т. б. Мысалы, Вираж-
Лизинг ЖШС.
Лизингтің Қазақстандағы аз уақыт ішіндегі даму тарихын төрт
кезеңге бөлуге болады:
1. 1989 - 1992 жж. - лизингтің басталу кезеңі, 120 банк және 20
лизингтік компания;
2. 1993 - 1994 жж. - экономикалық құлдырау кезеңіне байланысты
лизингтік бизнестің қолдау таппау кезеңі;
3. 1995 - 2000 жж. – инновацияның бір түрі ретінде лизингтің көтерілу
кезеңі;
4. 2001 - осы уақытқа дейін – лизингкке мемлекеттік қолдау және
ынталандыру жүргізу кезеңі, лизинг туралы нормативтік - құқықтық
шешімдер мен қаулылар қабылдау.
Дегенмен Қазақстандағы лизингтік сектордың даму барысы оның әлеуетіне
сәйкес болмады. Лизингке деген қаржылық ресурстардың шектеулі болуы,
лизингке беру уақытының қысқа мерзімділігі, лизинг тетігі арқылы шағын
және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер, салық және
амортизациялық жеңілдіктерінің болмауы, лизингтің дамуына үлкен кедергі
болды.
Бұл кемшіліктер мен қателіктер әрине лизинг идеясына үлкен нұқсан
келтірді. Сондықтан 1999-2001жж. Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасы
іске алынды. Бұл бағдарлама екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде
(1999ж.) лизингке байланысты заңдарды реттеу қолға алынды, бірақ
құжаттардың уақыт талабына сәйкес болмауы алға қойған мақсаттарды орындауға
жеткізген жоқ. Екінші кезеңде (2000-2001жж.) 5.06.2000ж. 26 баптан тұратын
Қаржылық лизинг туралы ҚР Заңы қабылданды. Кейіннен лизингтік
қатынастардың тұрақты қалыптасуына үлкен түрткі болған осы Заң болып
есептеледі. Сонымен қатар, Салық салу мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір
заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды.
Оның шеңберінде лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.
Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан Инвестициялар
туралы Заң мен салық кодексінің 138-140 баптарына сәйкес лизинг алушының
корпоративті табыс салығы және мүлікке деген салық бойынша инвестициялық
салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталды. Жоғарда айтылған Қаржылық
лизинг туралы ҚР Заңына қажетті түзетулер енгізілді.
Осылайша Республикада лизинг бойынша заңдылық нақты жұмыс жасай
бастады. Негізінде лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап Қазақстан
экономикасында өзінің тұрақты орнын алды.
1.2 Лизингтік операциялардың сыныпталу ерекшеліктері
Лизингті экономикалық құбылыс ретінде терең түсіну және оның Отандық
кәсіпкерлікті дамытудағы маңызын жан-жақты талдау лизингтің тиімді дамуына
үлкен әсерін тигізеді. Соның ішінде лизингтің нысандарын және түрлерін
зерттеу және талдау лизингті Отандық практикада тиімді қолдануда өте
қажет.
Қазақстандық заңнамалықта лизингтің екі нысаны бар: ішкі және сыртқы
лизинг.
Ішкі лизингті жүргізу жағдайында лизингі беруші, лизингті алушы және
сатушы (мүлік жеткізуші) ҚР-ның резиденттері болып саналады. Ішкі лизинг
Қазақстан заңдарымен реттеледі.
Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге келісімшарт арқылы
берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға
бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде анықталады. Лизингтік
келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке
берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады. Лизингтік мәміленің
басқа қатысушыларына жататындар: инвестор (несие беруші), кепілдік беруші,
делдал, сақтандырушы.
Сыртқы лизингті жүргізгенде лизингті беруші немесе лизингті алушы
Қазақстан Республикасының резиденті болып саналмайды.
Егер лизингті беруші ҚР-ның резиденті болса, яғни лизинг мүлкі ҚР-ның
резидентінің меншігінде болса, онда халықаралық лизингтік келісімшарт
Қазақстан заңдарымен реттеледі.
Ал лизингті беруші ҚР-ның резиденті болмаса, яғни лизинг мүлкі ҚР-ның
резиденті емес кәсіпкердің меншігінде болса,онда халықаралық лизингтік шарт
сыртқы экономикалық қатынастар заңдарымен реттеледі.
Қазір дамыған елдердің шаруашылық практикасында лизингтің әр-түрі
қолданылады. Лизингтік мүлікті пайдалану уақытына және осыған байланысты
амортизация жағдайы бойынша келесілерге айырады:
тұтас құнын төлеу арқылы лизинг алу, яғни мүліктің толық амортизациалануы
негізінде. Бұл жағдайда, шарт бойынша белгіленген уақыт мүліктің нормативі
бойынша жұмыс істеу мезгілімен сәйкес, яғни осы уақыт аралығында мүліктің
толық құны өтеледі;
бөлінбелі лизинг, яғни мүліктің толық емес амортизацияланбауы негізінде.
Бұл жағдайда, шартта көрсетілгенген уақыт мүліктің нормативі бойынша жұмыс
істеу мезгілінен аз, ал сол уақыт ішінде лизингтік мүліктің тек қалған
бөлігі ғана өтеледі.
Шаруашылық тәжірибесінде лизингтің келесі түрлерін айырады: толық
лизинг; жедел (оперативті-сервистік) лизинг; қаржы лизингі; қайтарылма
лизинг; үлестік лизинг (үшінші тұлғаның қатысуымен); тікелей лизинг;
сублизинг және сатуға көмек көрсету лизингі. ҚР-ның Қаржы лизингі Заңы
лизингтің үш негізгі түрін реттейді: жедел, қаржы және қайтарылма (бұл
негізінде қаржы лизингінің бір түрі).
Жалға беруші
Өндіруші (Лизингтік компания)
Жалгер
1-жабдыққа өтініш; 2-жабдыққа төлем; 3 - жабдық; 4 -жалгерлік ақы;
5-келісімшарт уақыты біткен соң жабдықтың қайтарылуы.
Сурет 1 – Жедел (оперативті-сервистік) лизинг сызбанұсқасы
Жедел (оперативті-сервистік) лизинг – бұл көлік құралдарын, құрылыс
техникасын, приборларды, апаратураны және басқа да техникалық құралдарды
қысқа мерзімге (бір жылға дейін) келісімшарт арқылы жалға беру. Лизингтік
шарт бойынша белгіленген уақыт мүліктің амортизациялық мерзімінен аз.
Сондықтан жалгерлік төлем көрсетілген уақытта мүліктің толық құнын өтей
алмайды, яғни лизингті бірнеше рет жалғастыруға мәжбүр болады. Аталған
құралдардың пайдаланылғаннан кейін иесіне – лизингтік фирмаға (жалға
беретін кәсіпорынға) қайтарылатыны жедел лизингтің ерекшелігі болып
табылады.
Бұндай келісімшарттарда жалға берілетін мүлікке әр(түрлі техникалық
қызметтер көрсету қарастырылған, сондықтан жайшылықта сервистік лизинг деп
те аталады. Көрсетілетін қызметтердің құны жалгерлік төлемге немесе жеке
төлемге қосылады.
Жедел лизингтің, әсіресе жалгерге тиімді екені сөзсіз. Мысалы, қаржы
қиыншылығы туғанда жалгер шартты ерте бұзып жалға алған мүлікті иесіне
қайтарып береді. Шартты ерте бұзу құқығы ескі құрал-жабдықтан құтылуға және
оларды жаңасына айырбастауға мүмкіндік береді.
Жедел лизингтің кемшіліктері: лизингтің басқа түрлеріне қарағанда
жалгерлік төлемнің көптігі; аванс және алдын ала төлем жасау талабы;
келісілген уақытты бұзғаны үшін айып төлеу; мүлік иесінің тәуекелдігіне
байланысты жасалатын компенсациялық төлемдер.
Қаржы лизингі – бұл лизингтің кәдуілгі, ең көп қолданылатын нысаны;
шарттардың орта мерзімділігімен сипатталады, бұл шарттарды іске асыру
барысында мүліктің құны толық немесе оның көп бөлігі өтеледі. Лизингтің осы
түрінде жалға алынған құрал-жабдықтардың толық амортизациясы жалға алушының
енгізген төлемімен жабылады. Шарт бойынша жалдық қатынасты күні бұрын
бұзуға болмайды, белгіленген уақытында келісілген төлемді өтеп отыру қажет,
мүлікті орналыстыру және оны пайдалану үшін жасалатын қызметтерді жалға
алушының өзі жасайды. Көп жағдайда шарт бойынша жалдық уақыт біткенде,
жалгер пайдаланған мүлікті қалдық құны немесе жеңілдік бағамен өзіне
иемденуіне болады.
Қаржы лизингтің жедел түрінен айырмашылығы, ол мүлік иесінің
тәуекелдігін төмендетеді. Қаржы шарты көп жағдайда ұзақ мерзімді банк
несиесіне ұқсас болып келеді, өйткені мүліктің толық құны өтеледі; төлем
ақысы мүліктің құны мен пайдаланушының табысын қоса әр уақытта беріліп
отырады; жасалған шарт өрескел бұзылғанда жалгерді банкрот деп жариялау
құқығы және т.б.
Сурет 2 – Қаржы лизингі сызбанұсқасы (1)
Қаржы лизингі объектісіне жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат), сонымен
қатар ұзақ мерзімді пайдалануға жататын өндіріс құралдары жатады. Қаржы
лизингі басқа ұзақ мерзімді жалдың екі түрінің құрылу базасы болып
есептеледі – қайтарылма және үлестік (үшінші жақтың қатысуымен).
Таза лизинг – мүлікке қызмет көрсету жұмыстарын лизингті алушы өз
міндетіне алады, сондықтан мүлікке қызмет көрсету шығындары лизингтік
төлемдер құрамына кірмейді. Таза лизингпен айналысатындар: банктер,
сақтандыру компаниялары және басқа да лизингтік бизнеспен айналысатын қаржы
ұйымдары.
Сурет3 – Қайтарылма лизинг сызбанұсқасы
Қайтарылма лизинг - екі келісімшарттан тұратын қаржы лизингінің бір
түрі. Дайындалушы (иеленуші) мен жалға беруші бір адам болып табылатын
лизинг нысаны. Оның мәні мынада. Машинаның немесе жабдықтың иесі оларды
лизингтік фирмаға сатады, бұл фирма кейіннен оларды тікелей бұрынғы иесіне
қайта жалға береді. Сатып алушы ретінде көбіне коммерциялық банктер,
инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар есептеледі. Осы
операцияны жүргізу барысында тек мүлік иесі ғана ауысады, ал оны
пайдаланушы бұрынғы орнында қалады, ол сонымен қатар қосымша қаржыға ие
болады. Бұндай операциялар кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру
және экономикалық тоқырау кезеңдерінде жиі пайдаланылады.
Сурет 4 – Тікелей лизинг сызбанұсқасы
Тікелей лизинг – бұл лизингте жалгер лизингтік фирмамен қажетті
құралдарды сатып алуға және оған жалға өткізуге келісім жасайды. Көбіне
жалдық келісім тікелей өндіруші фирмамен лизингтік шарт арқылы жасалады.
Олар көбіне ірі фирмалар. Мысалы, автомобиль нарығындағы Даймлер-Крайслер
және ВМW концерндері машиналарды дүниежүзінің көптеген елдеріне сатушы
лизингтік компаниялардың құрылтайшылары.
Сатуға көмек көрсету лизингі – мүлік беруші (сатушы) және лизингтік
компания арасында лизинг негізінде жасалған бөлек келісім бойынша мүлікті
сату. Бұл келісімдердің әр( түрі бар. Көптеген жағдайда мүлікті лизингке
өткізу мәселелерін лизингтік компания шешеді. Бірақ кейде лизингтік
компанияның атынан лизингтік келісімді мүлікті сатушының өзі де жасай
береді.
Сурет 5 – Толық лизинг сызбанұсқасы
Толық лизинг – бұл мәмілеге кіретін қызметтер: жан-жақты техникалық
қызмет көрсету жүйесі, жөндеу, сақтандыру, сонымен қатар жұмыскерлерді
дайындау, маркетинг қызметі және реклама. Лизинг беруші мүлікке иегерлігін
сақтай отырып мәміле біткенше мүлік салығын өтеп отырады. Лизинг беруші
лизинг алушымен қашанда болмасын жұмыс істеуге мүдделі болғанымен бүкіл
шарт уақатында мүліктің дұрыс пайдалануын қадағалап отырады. Лизингтің бұл
түрінің басқалардан артықшылығы, оның лизинг берушінің мүлікті өткізгеннен
кейін де жан-жақты қызмет көрсетуінде (мүмкін мүлікті өдірушінің
қатысуымен).
Үлестік лизинг (үшінші жақтың қатысуымен) – қаржы лизингінің тағы бір
түрі. Бұл мәміле үшінші жақтың – инвестордың (банк, сақтандыру немесе
инвестициялық компания) қатысуымен жасалады. Бұл жағдайда лизингтік
компания алдын(ала жасалған ұзақ мерзімді жалға алу келісімшарты бойынша
мүліктің бір бөлігін қарызға алған ақша арқылы өтеп, оны өз меншігіне
алады. Қарыздың кепілділігі ретінде жаңа алынған мүлік қойылады, ал жалдың
қалған болашақ ақысы тікелей инвесторға төленеді. Бұл жерде құралдың
амортизациясы мен борышты өтеу жағдайына байланысты лизингтік компанияға
жеңілдік жасалады. Мұндай коммерциялық мәміле өте қымбат активтерді (табиғи
ресурстар, кен орындары, осы салада қалданылатын машиналар мен құрал-
жабдықтар) пайдалану барысында жасалады.
Сублизинг – бұл лизингтік қатынастардың ерекше түрі, лизингтік мүлікті
пайдалану құқығы үшінші тұлғаға сублизингтік шарт жасау арқылы берілуі.
Оның мәні–сублизинг жасаушы мүлікті лизинг берушіден лизинг шарты бойынша
алады да оны сублизинг шарты мен лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.
ҚР Қаржы лизингі Заңы бойынша лизингтік ақы міндеттемелерін үшінші
тұлғаға төлеуге болмайды. Лизинг мүлкін сублизингке бергенде лизингті
берушінің жазбаша түрде рұқсаты керек.
Халықаралық сублизинг – халықаралық лизингтің бір түрі. Бұл лизингтің
ерекшелігі, лизинг мүлкінің ҚР-ның кеденінен ішке және сыртқа өту жағдайы
сублизингтік шартта көрсетілген уақытқа байланысты.
Сублизингте жалгерлік ақыны алуда негізгі жалгердің құқығы жоғары
болады. Қабылданған шарт бойынша үшінші тұлға банкрот болса, онда жалгерлік
ақыны негізгі жалгер алады.
Осы көрсетілген келісімдердің барлығы лизингтің негізгі екі формасының
түрлері болып саналады: жедел және қаржы лизингтерінің.
Жылбысқы лизинг – бұл лизинг түрінде мүлікке техникалық қызмет
көрсету, жөндеу, сақтандыру және басқа да операцияларды жасауға лизинг
беруші (мүлікті жасап шығарушы) өз міндетіне алады. Қаржы ұйымдары және
банктер қарамағында техникалық жөндеу орталығы болмағандықтан лизингтің бұл
түрімен айналыспайды.
Мәміленің көлемі бойынша шаруашылық тәжірибесінде лизинг шағын, орта
және ірі лизинг болып бөлінеді.
Шағын лизинг (400-800 мың теңге) көп елдерде жақсы дамыған. Бұл
мәмілелер бойынша өндіріс процесіне кірмейтін мүліктер жатады:
компьютерлер, оргтехникалар, телефон станциялары, сақтандыру жүйелері және
т.б. ҚР-да шағын лизингтік мәмілелер әзірше өзінің қарқынды дамуын таппай
отыр. Лизингтік компаниялар ұйымдастыру жұмыстарының көлемі орта
лизингтерімен бірдей болғасын және түсетін пайданың аздығына байланысты
шағын мәмілелермен айналыспайды. Керісінше дамыған елдерде шағын мәмілелер
лизинг саласының үлкен көлемін құрайды. Бұның мәнісі мынада, шағын
мәмілелерде бизнеске келетін қауіп төмен және пайда нормасы жоғары
деңгейде.
Орта лизинг (1,0 – 10,0 млн. теңге) көлеміндегі мүліктерді қамтиды:
мини-заудтар, технологиялық жабдықтар және т.б. Лизингтің бұл түрінде
лизингтік компаниялар лизинг алушыларды көп жағдайда өз банктерінің
филиалдары арқылы таңдап алып жұмыс жүргізеді.
Ірі лизингілік мәмілелер (10,0 млн. тенгеден жоғары) бағасы
қымбат мүліктермен байланысты: ұшақтар, кемелер, энергетика жабдықтары және
т. б. Лизингтің бұл түрі Қазақстанда өз дамуын таппай отыр, себебі үлкен
қаражатты және келісімдердің ұзақ уақытқа созылуына байланысты тиімсіз деп
саналуында. Сондықтан қазіргі кезде орта лизингтің дамуы басқаларға
қарағанда жоғары болып тұр.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының
мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-
өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің Отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын
мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен
байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден
болып келуін сипаттайды.
Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып
келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта
көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал
несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі
қалады.
Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің
түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі
шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын
болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші(жалға беруші);
- лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады.
Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық
қызметтің бір түрі; онда:
- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты
бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға,
белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және
кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде
лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын
мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;
- лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді
кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың
мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін,
егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-
жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг
бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты
және олар әрқилы болып бөлінеді:
- қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды
кері қайтарып ала(алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;
- банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк
атқарады;
- толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы
жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын
атқарады;
- таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу
және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін.
Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан
Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг
берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг
келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан
Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай
міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды,
келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және
сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті
алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен
мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг
нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін
суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг
берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың
біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін
орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары;
тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-
шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік
тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті
түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг
алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер
де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға
берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг
берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен
қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.
Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не
өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған
пайыздық мөлшерлемесін.
Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар
онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

кездегі жағдайын талдау
2.1 Лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі
АТФ(Лизинг АҚ(ң мүлікті лизингке беру процедуралары Қазақстан
Республикасының заңнамаларына сәйкес құрастырылған, Лизингтік компанияның
жұмысын ішкі құжаттар мен АТФ(Лизинг АҚ(ң жарғысымен ұйымдастырылады.
Қаржылық лизинг жүрзілу процесіне тартылған, лизинг алушыларды тарту
және ішінен іріктеу, АТФ Лизинг АҚ-ң маркетологтарымен және несиелік
эксперттері арқылы жүзеге асырылады
Лизинг алушылар келесі шарттар бойынша таңдап алынады:
- Лизинг алушышың ағымдағы шаруашылығы болуы қажет, лизинг алуға
неиетін білдірер алдында кемінде үзіліссіз 3 ай істеп тұрған;
- Өзінің шарушылығы жоқ болған жағдайда өзіндік капиталы проектті
жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы қажет (аванстық төлемдерді
төлеу, айнымалы капиталды қаржыландыру және басқа да щығыстарды
жабу);
- Шаруашылықтың жаңа тармағын қаржыландырған жағдайда, жобаны
орындау үшін өзіндік капиталын тексеруге арнагған мәлімдеме
берер алдында кемінде үзіліссіз 3 ай істеп тұрған ағымдағы
шаруашылық қажет (аванстық төлемдерді төлеу, айнымалы капиталды
қаржыландыру және басқа да щығыстарды жабу);
- Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес тіркелген болу қажет.
Бірінші кездесуде Лизингтік копманияның несиелік эксперті мәлімдеушіге
қаржылық лизинг түрінде қаржыландыру шарттары мен сұраным беру және
қарастыру процедураларын түсіндіреді. Несиелік эксперт Мәлімдеушінің
қаржылық жағдайын және жобаны қардыландырудың пайдасын талдайды. Егер де
болашақ лизинг алушын Лизингтік компанияның шарттарына сәйкес болған
жағдайда, несиелік эксперт қаржылық лизинг өткізу үшін сұраным формасы
береді және құжаттарды талап етеді (қосымша № (((). Құжаттар тізімі лизинг
компанияның көзқарасынша толықтырылып немесе өзгертіле алады.
Лизингілік бизнеске қатысушылардың өз-ара іс қимылдары және қатынастарының
нақты мазмұны олардың жеке мүдделеріне байланысты.
Лизинг берушінің мүддесі:
• лизингілік маржа және тәуекелділікке байланысты сыйақы түріндегі таза
табыс алу;
• лизинг алушының төлемдік қабілетсіздігіне байланысты тәуекелділікті
төмендету;
• лизингі операциясының қорғалу жағдайын көтеру;
• өзінің бәсекелестік қабілеттілігін көтеру;
• қызмет көрсету салаларын ұлғайту;
• несие қаржысының деңгейін көтеру;
• сырттан тартылатын ресурстық базаны кеңейту;
• банк арқылы өтетін қосымша ақша ағымдарынжинақтау.
Лизинг алушының мүддесі:
• лизинг саласына жаңа мүлік объектілерін келтіру;
• өндіріске қажетті құрал-жабдықтарды, мүліктерді және қазіргі заман
технологияларын бөліктеп төлеу арқылы алып және оларды тездетіп
пайдалану;
• лизинг бойынша берілетін салық жеңілдіктеріне байланысты қаражат
жыйынтықтарын үнемдеу;
• лизингтік төлемдер механизмінің икемділігін қамтамасыз ету;
• өндірісті техникалық жарақтандыру үшін керек бастапқы капиталдың
қажеттілігін төмендету;
• пайдадан алынатын салықты және салық шығындарын төмендету;
• әкімшілік шығындарын азайту;
• негізгі құрал-жабдықтардың моральдық және табиғи тозу қаупін лизинг
берушіге аудару;
• еңбек өнімділігін арттыру;
• өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту;
• лизинг шартын жасау тәртібін ықшамдау;
• ақша ағымдарын жоспарлауды оңтайландыру;
• ағымдағы капитал айналымын қысқарту және өндірісті кеңейтуге арналған
капитал айналымын молайту;
• экономикалық еркіндікті кеңейту.
Тасымалдаушының мүддесі:
• өнімді пайдаланушылардың қатарын кеңейту және осыған сәйкес табысты
молайту;
• шығарылған өнімнің кемшіліктерін жедел табу;
• шығарылатын өнім үлгілерін тездетіп ауыстыру және оның бәсекеге
қабілеттігін арттыру;
• төлем-төлемеу қаупін дер кезінде шешу;
• лизинг алушылармен көп жылдық қарым-қатынаста болу.
Инвестордың мүддесі: несие және лизинг затының мақсатқа сай
пайдалануын қатаң қадағалауда ұстап отырып пайыздық табыс табу;
Кепіл берушінің мүддесі:
• кепіл бергені үшін сыйақы алу;
• кепілдікке байланысты тәуекелдікті азайту.
Делдал мүддесі: агенттік функцияны жасағаны үшін сыйақы алу;
Сақтандырушының мүддесі: сақтандыру тәуекелдігін неғұрлым азайту
нәтижесінде сақтандыру сыйақысын алу.
Лизинг операциясына қатысушылардығ жалпы мүддесі:
• өздерінің бәсекеге жарамдылық дәрежелерін жоғарылату;
• бизнес және капиталды пайдалану пайдалану салаларын ұлғайту;
• лизингтік бизнесте кездесетін қауып-қатерлерді неғұрлым азайту.
Сурет 8- Лизингілік операцияға қатысушылардың өз-ара іс қимылы
С ы з б а н ұ с қ а н ы ң о п е р а ц и я л ы қ м а з м ұ н ы
1. Лизинг мүлкін жеткізуге өтініш.
2. Өтініш жасаушыға берілген кепілдік шарты.
3. Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты.
4. Лизинг берушінің инвесторға беретін кепілі.
5. Лизинг затын жеткізу туралы лизинг берушімен келісім шарттың
коммерциялық дайындауын жасауды делдалға тапсырған шарт.
6. Лизинг берушінің несиелендіру (қаржыландыру) шарты.
7. Мүлікті сақтандыру шарты және лизинг берушінің лизинг алушыға деген
азаматтық жауапкершілігі.
8. Жеткізуші және лизинг беруші арасындағы лизинг заты бойынша сатып алу-
сату шарты.
9. Жеткізуші, лизинг алушы және лизинг беруші қол қойған мүлікті
пайдалануға алу-тапсыру Акті.
10. Лизинг затына пайдалану кезеңінде көрсететін сервистік
қызмет жөніндегі шарт.
Сонымен лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы
ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал болып
табылады.
Әрине, лизингтік келісімнің өзіне тән кемшіліктері де бар. Жоғарыда
айтылғандай, лизинг беруші үшін мүліктердің моральдық жағынан тез тозу және
лизингтік төлемдерді уақытында алмау тәуелділіктері бар. Ал, лизинг алушы
үшін лизинг құны сол мүлікті сатып алу бағасынан жоғары болуы мүмкін.
Бірақ, барлық елдерде салықтық және амортизациялық жеңілдіктердің енгізілуі
лизингтік бизнестің тез қарқынымен өсуіне әкеледі. Міне осындай жағдайлар
лизингтік қатынастардың кемшілік жақтарын жауып кетеді.
Жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуге сұраным беру тәртібі
1. Несиелік сараптамашы жобаның қаржылық сараптамасының екі жақты қол
қоюын қамтамасыз етеді. Жобаның қаржылық сараптамасы үшін комиссияны
азайтуға немесе мүлдем болдырмауға президенттің құқығы бар.
2. Мәлімдеуші берілген тізімге сүйене отырып, қаржылық лизинг өткізу үшін
керекті құжаттардың барлығын тапсырады. Құжаттардың түпнұсқасы
алып(жіберу актісі бойынша несиелік сарапшымен алынады.
3. Жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуге сұраным қаржы(несиелік бөлімді
қадағалайтын Президент неменсе Вице(президент атынан жіберіледі,
лизингтік компанияның несиелік сарапшыны жауапты болып анықтайтын
қаржы(несиелік бөлімнің басшысына келеді.
4. Болашақ лизинг алушының қаржылық лизинг өткізуге сұранымы электрондық
өтініштер журналында тіркеледі, оның ішінде сұраным бойынша негізгі
ақпарат сақталады: сұраным түскен күні, жауапты несиелік сарапшы,
мәлімдеушінің атауы, лизингтік келісімнің қаржыландыру сомасы, лизинг
затының атауы мен құны, жоба бойынша шешім.
5. Өтінушінің жобаны қарастыруға қажетті құжаттарды тапсыратын күні
несиелік маман өтініш негізінде құжаттарды қаржылық лизинг өткізу үшін
жібереді:
– Лизинг компаниясының заң бөліміне (құрылтайшы құжаттардың заңды
сараптамасын өткізу үшін, өтінушінің кепіл затына қосымша құқығын
айқындайтын құжаттар қажет). Қажетті құжаттарды заң бажетті құжаттарды
заң бөлімі айқындайды;
– Лизинг затының техникалық және бағамдық сараптамасын өткізу үшін
компания логистигіне;
– Белгіленген тізім бойынша қауіпсіздік маманына.
6. Заң бөлімінің мамыны несиелік маманнан құжаттарды алғаннан кейін, бір
жұмыс күні ішінде оған жетіспейтін құжаттар немесе ескертулер туралы
ақпарат беру тиіс.
7. Несиелік маман Өтінуші⁄Кепіл берушімен жетіспейтін құжаттар жөнінде
хабарласып, оның заң бөліміне түсуін қамтамасыз етеді.
Мәлімдеушінің қаржылық жағдайы мен жоба талдауының реті
1. Мәлімдеушінің қаржылық жағдайы мен жоба талдауының реті сараптама
өткізу үшін комиссия төленгеннен кейін және толық құжаттарды
тапсырғаннан кейін басталады.
2. Несиелік маман мәлімдеушінің жұмыс орнына немесе шаруашылық иесінің
нақты тұратын жеріне барып, жоба мен қаржылық жағдайына талдау жасайды.
Несиелік маман аймақтық өтініштерді қарастыру барысында шаруашылқ
иесінің жұмыс орнына бармаған жағдайда, өтінушінің жоба және қаржылық
жағдайын бар құжаттар негізінде сонымен қатар телефон және электрондық
байланыс арқылы жасайды.
3. Мәлімдеуші шаруашылығы мен тәуелділікті бағалау үшін несиелік маман
керекті және расталған ақпараттар үшін жауапты.
4. Лизинг компаниясының несиелік маманы жоба сараптамасын келесі
талаптарға сай жүргізеді:
– Мәлімдеушінің несиелік тарихы;
– Еншілес компаниялармен байланысф және олардың қаржылық жағдайын
бағалау;
– Мәлімдеушінің қаржылық жағдайы;
– Жоба болашағы;
– Жоба бойынша тәуелділікті бағалау;
– Жобаның және мәлімдеуші мен еншілес компаниялардың қаржылық
жағдайына бақылау жасау мүмкіндігі
5( Несиелік маман несиелік комитетке жобаға байланысты барлық
қорытындыларды жинақтайды.
6. Жоба сараптамасы жүргізілу барысында алынған қорытындылар негізінде
несие комитетінің мүшелеріне ұсыныс құрастырылады (қосымша №(),
орындаушының қолы қойылып, қаржы(несиелік бөлім бастығымен және осы
бөлімді қадағалаушы вице(президентпен келісіліп, компания президентіне
танысу үшін жіберіледі.
7. Мәлімдеушінің шаруашылық орнына барғаннан кейін және барлық қажетті
құжаттарды тапсырғаннан кейін ұсынысты рәсімдеу мерзімі 7 жұмыс күнін
құрайды.
8. Мәлімдеуші өз еркімен қаржылық лизингті рәсімдеуден бас тартқан
жағдайда, несиелік маман қаржылық лизинг өткізу өтінішінен басқа
барлық тапсырылған құжаттарын қайтарады. Несиелік маманның өзі
құрастырған және жинақтаған ақпараттары өтінушіге берілмейді.
9. Егер де несиелік маман мәлімдеушінің қаржылық жағдайымен жоба
сараптамасының нәтижелеріне сүйене отырып, қаржылық лизинг беруден бас
тартқан жағдайда, несиелік маман жоба негізінде бас тартудың себептерін
көрсетіп меморандум құрастырады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz