БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары
Алматы - 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Ойлау процесінің түрлері мен қызметіне сипаттама
І.2 Бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытудың психологиялық
маңыздылығы
II БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ПРОЦЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
ЖОЛДАРЫ
2.1 Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау әдістері
2.2 Бастауыш сынып оқушыларында ойлауды дамыту мен қалыптастыру жұмыстары
2.3 Зерттеу нәтижелерін жинақтау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі
Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқу
үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері
түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті жаңа
технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу яғни іздену үстінде. Кез
келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай
мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі,
берілген білімді қабылдау, ойлауды дамыту, қиялына әсер ету сияқты
факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім мен мектеп
психологының бірлескен қызметтеріндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне
байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті
өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-
күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы
психологиялық ахуал жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі
өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқындап
дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Бастауыш сынып
оқушыларының ақыл-ойын дамыту мәселесі қазіргі таңдағы педагогика мен
психологияның ортақ мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде
оқушының қоршаған болмыспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін барлық
психикалық процестердің қарқынды даму кезеңі. Қоршаған болмыс
құбылыстарының ең бастысын, маңыздысын ажырата білуге үйренеді, құбылыстың
себептерін тауып, салыстырып, талдау жасай білуге және қарапайым қорытынды
қалыптастыруға жаттығады. Заттармен жұмыс істеудің көптеген тәсілдерін
меңгереді, өзін-өзі басқара бастайды, әрекет жасау ережелерін игереді.
Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойының дамуын болжайды.
Ғалымдар қазіргі ақпараттың үздіксіз көтерілуі шарттарында ақыл-ой
дамуының ерекше мәнге ие екендігін көрсетеді. Бұл білімнің белгілі бір
бөлігін меңгеру ғана емес, солардың ішінен ең маңыздысын таңдау, оларды
әртүрлі мәселелерді шешуде қолдана білу, онда материалды логикалық өңдей
білу, онда белгілі бір мәндік байланыстар мен қатынастарды орнатудың
маңызды екендігін аңғартады.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тулғасын қалыптастыру, оның рухани
әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, ақыл ойын дамыту - бүгінгі
таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың
дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті
дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен
жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін
арттыру, олардың шығармашылық ойлауын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-
материалын терең ұғына білуге баулу - мүғалімнің психологиялық шеберлігіне
де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай
болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті
өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні
жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық ойлау
дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы
құлшынысын ұдайы дамытып әрбір сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың
озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының
ойлау процесі дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның
ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту
үрдісінің іс-әрекеттері арқылы оқушыда ойлау процесі дами түседі.
Осындай кездерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана оқушылардың
сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра
білуі керек.
Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған
сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін
тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың
жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде Ой таласын
жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология
түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.
Жоғарыда аталған мәселелер арнайы ұйымдастырылған оқыту процесі ойлау
іс-әрекетінің қайнар көзі екенін айта келіп, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары деп
таңдап алдық.
Зерттеудің мақсаты –ойлау процесін теориялық талдау және даму
деңгейін эксперимент арқылы зерттеу.
Зерттеу нысаны – бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесінің даму
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамыту процесі.
Зерттеу болжамы - егер ойлау мәселесін арнайы теориялық зерттеулер
негізінде қарастырып, оны дамыту жолдары анықтау мен жетілдіруге
бағытталған жұмыс жолдары нақтыланса, онда бастауыш сынып оқушыларының
ойлау процесінің дамуына тиімді ықпал етуге болады.
Зерттеу міндеттері
- ойлаудың түрлері және ойлау процесінің ерекшеліктерін қарастыру;
- процесінің даму деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін
айқындау;
- эксперименттік зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - ойлаудың ғылыми ұғымдарының мәнін аша
отырып, оның дамуы мен қалыптасуы сипатталынды. Бастауыш сынып оқушыларының
ойлау процесін дамытудың психологиялық ерекшеліктері, зерттеу мәселесіне
байланысты жас ерекшелігі психологиясының мәні мен мазмұнын ашады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - зерттеуден алынған нәтижелерді
ойлау процестерін дамыту мақсатында қолдануға болады. Алынған нәтижелерді
психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану тұлға қабілетін дамыту
мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады.
Зерттеу әдістері – теориялық талдау, диагностикалық және
психокоррекциялық әдістер.
1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Ойлау процесінің түрлері мен қызметіне сипаттама
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге
асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық
құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, ойлаудың мәнін және
жемісті болуының себебін ашып көрсету, әрбір адамның өзіндік ойлау
ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау
дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты
психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және
жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру
әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама
жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір
тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей
сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың
елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ
арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым
айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше.
Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын
қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен
формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым,
пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін
таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей
байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.
Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1. Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3. Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1. Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту практикалық іс-әрекеттік,
көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық.
2. Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру анализ, синтез, салыстыру,
жалпылау, классификациялау т.б.
3. Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4. Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды
байланыстарын табу.
5. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6. Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7. Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8. Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9. Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға
негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10. Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және
диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен
біліктіліктерін жетілдіру.
Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде
ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және
жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір
облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың
ойлауын дамытамыз. Ойлауды дамыту критерийлері ретінде оқушылардың ойлауын
дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті
түсіндіреді. Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің
өлшемі.
Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар
ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:
- ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
- операцияларды меңгеру дәрежесі анализ, синтез, салыстыру, жалпылау,
нақтылау, классификациялау және т.б. оларды барлық танымдық процестерде
қолдана білу оқу, оқудан тыс
- операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа
нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.
- ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.
- білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін
білу дәрежесі.
- мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі тереңдігі, икемділігі,
тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б.
- іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға
бейімделе білу.
- оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде
қолдана білу дәрежесі
Оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап
көрсетті. Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге
болады:
1. Ойлаудың икемділігі.
2. Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3. Ойлаудың сынилығы.
4. Ойлаудың мақсаттылығы.
5. Ойлаудың жалпылығы.
6. Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7. Анықтылығы, дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге,
олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі [1].
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке
тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке
тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында
қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі
ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге
мүмкіндік алады.
Ақыл-ой еңбегі мәдениеті - ойлау мәдениеті- сыншыл ойлау мәдениеті.
Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-
ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан
келуді талап етеді.
Ойлау мәдениеті түсінігін ойлау қабілеті дамуының белгілі бір
дәрежесі ретінде түсіндіреді, яғни тар мағынасында ол Ойлаудың қағидалық
әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері. Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты
қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс
қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу
[2].
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Ойлау туралы зерттеулермен
бірнеше ғылымдар айналысады. Соның ішінде логика мен психологияның орны
ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік
айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының
пайда болуы, дамуы, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау
ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бұл адамзатқа ортақ ой
әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі
болып табылатын ұғым, пікір, дәлел ой формаларының табиғатын зерттейді.
Кей жағдайда бұл екеуі бірін -бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта
түсінуге көп пайдасын тигізеді.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, бұл үшін ерекше ақыл
қасиеттерін орындайды. Бұл нақты қызметтер өзара байланысқан, бір-біріне
ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілері:
талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау.
Талдау – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет
не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау-әрқандай затты
практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы, балаларды
қандай да өсімдікпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден байқаймыз (тамыры,
сабағы, жапырағы). Және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау
жоғарыда айтылған ой операцияларына ұштаспаса онда ол қате, механистік
сипат алады.
Біріктіру – бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет қимылдарды тұтас
бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әрекетіне қарама-қарсы.
Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа
қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Талдау мен
бітіктіру ажырамас бірлікте жүріп жатады. Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа
ие болған зат қана талдауы мүмкін. Біріктіру де талдауға негізделеді.
Қандай да бөліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін осы
бөліктердің өзін және олардың белгілерін талдаудан танимыз.
Ойлау барысында талдау мен біріктіру бірін-бірі ауыстырып, кезекпен
алғы шепке шығып тұрады.
Салыстыру – бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері
арасында ұқсастықтармен айырмашылықтарды білуге бағытталған ой әрекеті.
Кеңестікті өлшеу мен салмақты таразылау осы салыстырудың көрінісі.
Салыстыру түрлері: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша, толық болмаған); 2)
көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт және тереңдей;
4) тікелей және жанама. Іс-әрекетті терең әрі дәл тану үшін аса қажет ойлау
қасиеті – бұл ұсақ әртүрлі заттардың айырмашылығын, өзара бөлек заттардың –
ортақ, ұсақ тараптарын сезіне білу.
Дерексіздендіру – бұл зерттеліп жатқан нысанның қандайда бір белгісін
бөліп алып, қалғандарын елемеу. Мысалы, біз көзге жағымды әсер еткен жасыл
түсті ғана назарға ала отырып, ол түстес заттардың өзіне мән бере береміз.
Дерексіздендіру арқылы ұзындық, ендік, сандық, тендік және құндылық т.б
түсініктер қалыптасқан. Дерексіздендіру – танылуға қажет нәрсенің
ерекшелігі және оны зерттеуде қойылған мақсатқа тәуелді күрделі процесс.
Нақтылау – ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған
зат пен деректі мысалға ауысуы. Адам әрдайым нақтылауда айтылған пікір
басқаларға түсініксіз болса, жалпыланған қасиет, белгілі бір нәрсенің
мысалында дәлелдеу қажеттігі туындағанда пайдаланады.
Қорыту – заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда
біріктіру. Мысалы, алма, алмұрт, өрік және т.б ұқсастықтан олардың бәрін де
бір жеміс деген түсінікпен арнайы категорияға қосамыз. Қарапайым
қорытындылау нысанының жеке-дара, кездейсоқ белгілеріне негізделеді.
Объектілердің әртүрлі талаптары бойынша жан-жақты қорытындылануы біраз
күрделірек. Ең күрделі қортынды тек және түр белгілерінің нақты ажыратылып,
заттың белгілі бір түсініктер жүйесіне келтірілуімен байланысты.
Ойлаудың теориялық және тәжірибелік түрлерінің арасындағы айырмашылық
тек олардың тәжірибемен түрліше байланысты болуында... Тәжірибелік ойлау
жұмысы, негізінен, жеке нақты міндеттерді шешуге бағытталған..., ал
теориялық ойлау жұмысы, негізінен, жалпы заңдылықтарды табуға бағытталған
[3].
Ойлау әрекеттері материалдық әрекеттердің түрлі деңгейдегі тақырыптық
психологиялық құрылымдармен (қабылдау, елестету, ұғыну) әрекет жасауға
ауысуы арқылы қалыптасады. Мұндай әрекет жасау, алдымен, дыбысталатын
сыртқы тілдің, кейін ішкі тілдің құралдары арқылы жүзеге асырылады. Соңғы
деңгей – таза ойлаудың, мінсіз әрекеттің ең жоғары нысаны [4].
Операциялардың (әрекет ету нысанасы болып табылатын заттай немесе
психологиялық тақырыптық құрылымдар: материалдық заттар, бейнелер, ұғымдар,
нышандар, тұжырымдар, құрылымдар) өзгеруі ойлау операцияларының
сипаттамаларының өзгеруіне әкеледі.
Ойлау операцияларының қайтарымдылығы ойлау процесінің аса маңызды
сипаттамасы болып табылады. Ойлау процесс ретінде ақпараттар тілдік
нышандардан (көбіне, сөздер) тілдік бейнелерге үздіксіз қайтарымды аударып
отыруды білдіреді.
Осы жерде ойды сөзге айналдыру мәселесі пайда болады. Ойлау процесс
ретінде бір нәрсе жөнінде ішкі толғаныс, бұлдыр елес болып табылады. Ойлау
осы процесстің нәтижесі ретінде аталған бұлдыр елестерді енді айқын
бейнелей алатын сөз - сөздер болып табылады. Біріншісінен екіншісіне жетем
дегенше, ойдың кемуі орын алады: процессуалды түрде пайда болған ой әркезде
сөзден көрініс таба бермейді. Сондықтан болар, Айтылған ой жалған болады,
- деп жазған. Айтылған ой іштей сезілгенге ешқашан толықтай сәйкес
келмейді. Әйтсе Ой сөзде туылмайды, бірақ сөзде жетіледі, - деп санаған.
Сол себепті, ойдың сөзге барабар айналуы үшін, бұл механизмдерді толық
танып, сезініп, шыңдау қажет. Ойлардың сөзге дұрыс айналуын тап сол ойлау
нәтижелерін, оның сыртқы жақтарын зерттейтін логика басқарады [5].
Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше
бағытта шешімін табуда.
Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері – дискуссивтік: өз
кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі
қақынды, кезеңді нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі.
Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау
шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы болады).
Шығармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға бағытталған. Бұл арада іске
асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1) жалпы болмыс
заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объектив жаңалық. 2)
нақты тұлға ой-өрісінен бастау алған субъективті жаңалық.
Шығармашыл ойдың дамуына кедергі болатын факторлар: 1) шектен тыс
сыншылдық; 2) шешім іздеуге асығыстық; 3) ішкі шек қоюшылық (цензура); 4)
регидшілдік (ескі білімдерді қолдануға әуесқойлық); 5) конформизм (сырт
көзге мазақ болу қаупінен туындаған тар-шыншақтық). Қайта жаңғыртушы ой-
әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы – дайын білімдерден ептіліктерді
қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу.
Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой-әрекетті теориялық және
тәжірибелік болып бөлінеді. Теориялық ақыл-ой әрекеттері іске асырылуы тиіс
практикалық іс-әрекеттерді босату, негізгі деп түсіндіріледі. Әрқандай
теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі туа
біткен деп сипатталады. Тәжірбиелік ойлау – бұл сәби ойының бастау
формуласы емес, ересек адамның пісіп жетілген ойлау қаблеті.
Ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған
бағыттардың бірі шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан
ойлау: бір заттың әрекеттік; екі көрнекі – бейнелік; үш сөзді –логикалы
болып түрленеді.
Затты-әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды жаңалай
өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей нақты әрекетпен бірге жүреді.
Көрнекі-бейнелік ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес
олардың есте қалған елес, тұрыптарын пайымдармен орындалады.
Сөзді-логикалық ойлау қызыметі тілдік құралдырға сүйеніп, ойлау процесі
өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған.
Сөзді-логикалық ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық
құрылымдарды пайдаланады (мысалы, күн, адалдық, мақтаныш, т.б.). Осы
ойлаудың арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін
алдын-ала болжап сан алуан көрнекі материалдарды жалпыланған қорытынды
күйіне келтіреді.
Шығармашылық ойлау өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:
- өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың
ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;
- семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан
көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе
жүзінде кеңейту қабілетімен;
- бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның
жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;
- семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз
жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда
өндіру қабілетімен.
Шығармашылық ойлау өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге:
конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі,
ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар
тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен
ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға;
жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін [6].
Шығармашылық ойлауды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:
- шығармашылық ойлау процесін зерттеу;
- шығармашылық өнімдерін зерттеу;
- креативтілікті қабілет ретінде зерттеу;
- шығармашылық тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеу
- Шығармашылық ойлау қиял мен ойлаудың бірігуінде пайда болады.
Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек
ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым
ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық
әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой
әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы
дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі,
оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің
білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп
қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар
өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.
Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы мұғалімі
тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды
машиналар жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі
басқару және өзін - өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға
оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке
қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оның меңгерген өзіндік
жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет.
Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты
болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік
қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді
тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау. Оқушыларды керекті
себептендіруді мотивация тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін
саналандыруға рационализация қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы
неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер
көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің
ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға
қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы
шарттардың бірі болып табылады.
Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады,
бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын
жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек
болары сөзсіз.
Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір
тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік
жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог -
психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды
дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді, егер соңғы нәтижесінде
оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі
айырма жоқ.
Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына
әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір
жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті
болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.
Соңғы кездердегі психологиялық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің
мақсатты түрде дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар
аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне
ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық - психологиялық
тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды
енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар
беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсетуі үшін
ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының
бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой интеллектуалдық дағдыларының орталық
тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.
Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық,
қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін
құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.
Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық
тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі
бір сапалары қажет: оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа,
өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап
табуға үйрету керек екендігін айтылды [7].
Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық
ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын
мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз
ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.
Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың
күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде
тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау
сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол
ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне, деректеріне қайшы келсе,
оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.
Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі
мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге
әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы
олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым
түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке
тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған
білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі
оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша
өзекті мәселеге айналдырды.
Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының
кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын
айқындайтын негізгі факторлар: оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері
және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты
жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және
сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын,
өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады.
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы
дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған заттың ішкі, мағыналық
тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы
мен қасиеттерін жобалапр таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс
өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте
шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі.
Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама
бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала
отырып, ойлау тікелей сезімдік білімдер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен
білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы біліп,
танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі. Мысалы, айна сыртында ілулі
тұрған термометрге қарап, күннің суықтығын байқаймыз.
Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу – ойлаудың басты
міндеті, осыдан-ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше
сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен
бірге қасиеттер мен мәнді де белгілейді, бірақ қатынастар тек ойлаудан ғана
көрініп қоймайды. Шынында да, біздің қабылдаудағы танитынымыз дербес
элементтердің жай қосындысы емес, осы деңгейдің өзінде де болмыс қасиеттері
мен заттары өзара қатынасты бірлікте болып, ойлаудың дүниетанымдық
қызметіне арқау болады.
Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан
кездейсоқтарын бөлумен ойлау жалқыдан жалпыға өтеді. Кеңістік пен уақыт
аймағында шектелген, жеке-дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған
байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мән кездейсоқ
жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие болады, ойлаудың
қызметі осы мәнді байланыстарды ашумен, оларды қорытындылап, жалпыластыру;
ойлау, осыдан жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды
тану жолындағы психикалық әрекет желісі туындайды.. Сондықтан да ойлау
жанама байланыстар мен қатынсатарға негізделген обьектив шындықтың
қорытындысы. Осыдан ойлау әрекетпен немесе әрекет ойлаумен жай қосарлана
жүрмейді, әрекет ойлаудың ең бастапқы формасы, яғни әрекет, қимыл болмаған
жерде ойлау процесі де жоқ. Іс-тәжірибе, қимыл-әрекет ойлау дұрыстығы мен
дәлділігінің негізі де. Ақырғы нәтижесі де жалпы іс-тәжірибеге тәуелділігін
сақтаумен, теориялық ойлау өзінің алғашқы әрі жеке, кездейсоқ практикалық
жағдайларға бағыныштылығынан құтылады. Ойлауға байланысты адам практикаға
жол көрсететін, әрекетке жетекші болған теорияға қол жеткізеді, объектив
шындықты танытатын диалектика жолын ашады. Әрекет негізінде дамып, ойлау,
ақырында, іс-әрекетті ұйымдастыруға және оған басшылық етуге себін тигізді.
Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі.
Ойдың ерекшеліктері оны қабылдаумен салыстырғанда айқын көрінеді. Ойлау -
адам соның арақасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі
белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде, сондай-ақ арасында
болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс. Ойлауды
абстракциялау мен жалпылау және сезімдік тану ретінде (түйсік, қабылдау)
салыстыра келе тағы бір айырмашылығын атауға болады. Қабылдай отырып, адам
өзінің сезім мүшелеріне қазіргі сәтте әсер етіп тұрған затты ғана танып
біледі. Ойлау адамаға елес болып сақталған заттарды немесе келешекте
болатын оқиғаларды зерттеуге мүмкіндік береді. Ойдың бұл дара, нақты
жағдайлардан оларды теориялық жағынан түсіндіруге, ұғындыруға, үздіксіз
жылжуы, одан кейін сол фактілерге, шындық құрылыстарына қайта оралуы
(оларды өзгерту, қайта өңдеу, танылған заңдылықтарды практикада пайдалану
үшін) диалектикалық ойлаудың жоғарғы түрінің негізін қалайды. Ой қызметі
адамды жүз рет кесіп-пішу қажеттілігінен, қайта-қайта қателесуден сақтайды.
Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. Ұғым
дегеніміз – зат немесе құбылыстың жалпы, сондай-ақ мәнді қасиеттерін
бейнелейтін ой. Ұғым- заттың бейнесі елестен ерекше. Мысалы, өзіміз тұратын
үй жөніндегі түсінігімізде біз нақ сол үйді барлық ерекшеліктерімен (жаңа,
қызыл кірпіштен, бес қабат) ойға келтіреміз. Ал: Үй адамның баспанасы деп
ойлайтын болсақ, біз белгілі бір үйді айтпай, кез келген үй, баспана
жөнінде қорытылған ұғымды пайдаланамыз.
Пікір дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсеге не мақұлданады, не
теріске шығарылады. Пікірде көбінесе ұғымның мазмұны ашылады. Бір немесе
бірнеше пікір негізінде нақты бір қорытынды жасалады. Бір немесе бірнеше
пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы-ой қорытындылар деп аталады. Ой
қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой
қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытында жасау. Жалпы пікір айту.
Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз- жалпы ережеден жеке қорытынды
жасау. Ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі
логиккалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым
логика деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі-қорытындылардың
қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен
құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ой
әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл
қызметтерін орындайды. Бұлардың негізгілері: талдау, біріктіру, салыстыру,
дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау [8].
Ойлаумен қабылдауды жіктеу немесе оның қырларын, әрекет немесе қарым
қатынас бірліктерін бөліп алуды айтамыз. Қарапайым формадағы талдаудың-
әрқандай заттық практикалық қажеттіліктеріне орай әртүрлі құрама бөлімдерге
ажырату болып табылады. Мысалы, балаларды қандайда өсімдікпен таныстыруда
оның құрылымын көрсетуден байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Ойлау
тәжірибелік бағыттағы (ойлау-сөйлеу, есте сақтау процесінде жүріп отырады)
және теориялық талдау болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой
операцияларына ұштаспаса онда ол қате, механистік сипаттамаларды иеленеді.
Осындай талдаудың элементтері балаларда көптеп кездеседі. Мысалы бала
ойыншығын тез бұзуға ғана шебер, оны құрастыру, бөлшектерін салыстырып,
қандайда бір қорытынды шығару - балалардың ой ұғымына сәйкес келмейді.
Топтастыру - бұл әрқилы бөлшектер, қсиеттер мен әрекет-қимылдарды тұтас
бірлікке топтастыру. Топтастыру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы
процесс болып табылады. Осындай жұмыс бағытында жеке заттар мен құбыылыстар
күрделі бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшектер, элементтер тобы ретінде
қарастырылады. Әрдайым топтастыру бөліктердің үрдісін жиынтығын не
қосындысын аңдатпайды.
Көрнекі - бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес,
олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Қарапайым
формада көрнекі - бейнелі ойлау 4-7 жастағы балаларға тән. Бұл кезеңде
таным тікелей әрекетпен емес, нысанда қабылдап, көрнекі-бейнесін еске, көз
алдына келтірумен байланысты. Баланың дәлелдеулері тікелей заттың өзіне
негізделген қандайда ой жүргізуден бұрын сол заттың бейнесін есіне
түсіреді, орындайтын ісі мен оның нәтижесін суреттеп, болжайды.
Сөздік - логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау
процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда
болған. Сөздік - логикалық ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді,
логикалық құрылымдарды пайдаланады. Ойлауды таным сатысы мен процесі
ретінде түсінушілік адамның ақыл-ой қызметі туралы толық мағлұмат бере
алмайды. Өйткені ойланатын ойдың өзі емес, белгілі мөлшерде дәл, мағыналы
және өзгермелі білім қоры бар, нақты мәселелерді шешу үшін қажетті белгілі
тәсілдерді, іскерлікті, әдісті, игерген тірі де нақты адам ғой. Ойланатын
бағытынан, талабынан, ізденісінен көрініс беретін алуан түрлі сезімге,
тілекке, мүддеге ие жеке адам. Әр адам бірқатар мамандық, темперамент,
мінез, жас ерекшеліктеріне ие. Жеке адамдық ерекшелік адамның барлық
танымдық әрекетінен, соның ішінде оның ойлауынан айқын көрінеді. Ойлаудың
субьективті факторы адамның зейінін қандай мәселенің өзіне аударатындығын,
олардың әрқайсысын ол қалай шешетіндігінен, мәселені шешкенде қандай
сезімде болатындығынан, шешімді қалай және бағытты іздейтіндігінен,
сәттілік пен сәтсіздікке деген реакциясының қандай екендігінен көрініс
береді [9].
Ойлаудың физиологиялық негіздері бірінші және екінші сигнал жүйесі
жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау-ми қабығының күрделі
формадағы анализдік –синтездік қызыметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал
жүйесінің уақытша нарв байланыстары жетекші рөл атқарады. Екінші сигнал
жүиесінде нерв қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды.
Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары
мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға
байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
Ойлау әр қашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау түйсік
пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.
Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді
жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық
элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бірі мен бірі ешқашан
ажырамайтын ой процесінің негізгі компанентерінің бірі. Кез - келген
сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу анализ бен
синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге
ажыратсақ, бұл анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі
тәртіппен құрастырсақ, синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу,
есептеу т.б дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ бен синтездің дәрежесі
түрлі жағдайлаға байланысты (жас, білім, тәжірбие т.б) әр қилы көрініп
отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де. Бірақ бірінен
екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде
практикалық амал ретінде көрінісі.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы
пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері
айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін
көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып
көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне құрлысына атқаратын
қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының күрделі түрі –
абстракция мен жалпылау.
Шындықты заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі
қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен,
квадрат, трапецияү параллелограмма деген сөздерді төрт бұрыш деген сөзбен
белгілесек, соңғы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді
заттардың ортақ қасиеті ретінде ақшыл деген сөзді алсақ, бұл
абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау
–абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни
жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды
құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы жылқының
жеке тұрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда
ұғымды, көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысал, көрнекі
құрал-нақтылаудың түрлі формалары.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип
бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғарғы
тұрі-классификация деп аталады. Мәселен, жануарлар - типке, типтен-класқа,
кластан-отрядқа, отрядтан-отбасыға, отбасынан-текке, тектен-түрге т.б.
жүйеленеді. Жүйалау арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді
белгілі классификацияға келтіруге болады. Осы айтылған ой тәсілі мал
шаруашылығының қыры мен сырын жақсы білетін қазақтарда ерекше дамыған.
Мәселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т.б.) , түщы (қияқ, боз т.б.),
құрғақ, сулы деп бірнешеге болінеді. Шөптерді қай малдың жейтініне қарай да
топтастыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т.б, қой
жейтіндері: жоңашқа, қына десек, жылқы отына-боз, қияқ, беде, ебелек,
бидайық тағы басқаны жатқызамыз. Малды сондай ақ жасына, жынысына қарай
құнан, тай, дөнен, бесті, байтал дейтін болсақ, сиыр малын бұзау, баспақ,
жынысына қарай тайөгіз (еркегі), қашар (ұрғашышын) т.б.деп бөлуге болады.
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдаң бастапқы
формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы
ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен,
мектеп, оқушы, мұғалім т.б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы танымның ұзақ
процесінің нәтижесі қорытылады. Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта
мәңгі қозғалып тұрады, бірі екіншісіне құылып отырады, мұнсыз олар нағыз
өмірді көрсетпейтін болады .
Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мәселен, Шымкент қаласы, дара
ұғым болса, кітап, адам жұлдыз т.б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы
ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, жиналыс (студенттер жиналысы) т.б. Бала
мектепке келген соң ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білімі,
дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізіг меңгере білу қолайлы жағдай
туғызады. Әр бір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден
меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білуі қажет.
Ойлау және сезімдер адамның сезімдері оның ойлау процесіне үш түрлі
формада араласады. Біріншіден, ол адамдарды қиындығы мол ақыл-ой жұмысына
жұмылдыратын түрткі, мотивтер. Риясыз таным ықыласы осындай мотив бола
алады. Ақыл-ой және арнаулы ой қызметінің мотиві кейбір қиын мәселе шешуге
мәжбүрлік (мысалы емтиханға дайындалу кезінде) болуы мүмкін. Кей жағдайда
адамды ақыл-ой қызметіне жарыс, өзімшілдік, жоғары баға алу, мансапқа ие
болу, сыйлық алу сияқты және басқа мотивтер де итермелейді. Мотив сипаты
бүкіл ой процесінің өтуіне әсерін тигізеді. Сезім ролі, екіншіден, ашылған
жаңалыққа табылған шешімге немесе кездескен сәтсіздікке ренжу-қуану
(реакция) формасынан көрінеді. Көп жағдайда, табылған шешім үлкен қуаныш,
мақтаныш сезімін әкеледі. Ең соңында сезімдердің ой әрекетіне араласуы
адамның мәселесінің өзінің мазмұнына деген қатынасынан көрініп отырады.
Сендерге қазір барып тұрған бұзық, қылмыскер, кісі өлтіргіштің суреті
көрсетіледі деп арнайы ескертілген адамдардың көрсетілген ер кісінің
фотографиясынан ызғар, кектік көзқарас, суық күлкі, ызалана ақсиған тіс
сияқты жағымсыз қасиеттерге ғана тән ұсқынды көретіндіктерін анықтады [10].
Біріншіден, нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс жайындағы практикалық
іспен ұштасқан. Екіншіден, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда
қарқынды дамып, олардың заттарды ұстап-тұтынуы нәтижесінде қалыптасады.
Үшінші, абстрактілі ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруі
нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.
Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып-білуінің сапалық сипаттары
мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай
салаларға өз бетінше ойлау. Оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы
сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет- дара
адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратып, олардан жаңа
қорытындылар жасай білуі. Ойлау әрекетіндегі адамның мұндай сапалық қасиеті-
нәрселердің мән-жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен өзара
байланысын ашып беруге қабілетті болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін
жетілдіріп, адамның ақыл-ойын өрістетеді. Адам ойлауының дамуына ықпал
етудегі бір мақсат-ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп,
адам ойының мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.
Ойлау және сөйлеу. Ойлаудың таным сатысы ретіндегі айрықша
ерекшелігінің бірі- оның сөзге деген қатысы болып табылады. Бұл қатысты
түрлі психологиялық мектептер мен ағымдарлың өкілдері түрліше қарастырып
келді және әлі де солай қарастыруда. Идеалистік ағым өкілдері ойлау
сөйлеуге тәуелсіз, ал сөз ойлауға бағынышсыз деп есептейді. Олар бұл
қағидаларының дұрыстығын адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе және
дәл сол мезгілде басқа бір нәрселер туралы ойлай алады деп дәлелдейді. Ой
алуан тілде айтылады т.б. Демек, ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола
беретін тәрізді. Маркстік-лениндік ілім ойлау мен сөйлеу бірлікте деген
қағиданы қуаттайды. Ойлау мен сөйлеу процестері бір-біріне ұқсас емес,
сондай-ақ олар бір-бірінен бөлек те болмайды. Марксистік-лениндік философия
тілсіз ойлау мүмкін емес, өйткені ой арқылы көрініс береді дейді. Мазмұнның
формадан көрінетіні тәрізді ойлау сөзбен көрінеді. Бұл өзара қарым-
қатынастарда ойдың табиғаты мен процесін толығырақ қарастырғанда айқын
көзге түседі.
Сөздің де бізге тікелей әсер ететін сигналдар (жарық, түс, дыбыс)
тәрізді шартты тітіркендіргіш екенін көрсетіп берді. Бірақ сөзді бірінші
жүйе сигналдарымен, яғни тікелей әсер ететін тітіркендіргіштермен сапалық
және сандық жағынан еш салыстыруға болмайды. Сөз жалпылайды. Сондықтан адам
тіпті жаңа тітіркендіргіштердің өзіне де, егер ол таныс сөзбен аталса да,
өте әсерлі жауап қайыра алады. Сөз арқылы алынатын тітіркенуді екінші
сигнал жүйесінің сигналдары деп атады. Олар адам сөзі мен ойының
физиологиялық негізі болып есептеледі.
Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып,
адам бір нәрсені білгісі, сырын ашып, түсінгісі келеді, солай ету қажет
болады. Мұндай қажеттілік көбінесе адам бір жаңа заттармен, түсініксіз
жайттармен кездескенде туады. Ойлаудың мәселе шешуге оған проблемалық,
ізденгіштік сипат береді. Бұл, ой процесінің ең елеулі белгісі. Егер адам
одан сұрайтын нәрсені білетін болса, онда ол ойланбайды. Ол есінде
сақталған, бұрыннан бар білімін пайдаланады. Ойлау проблемалар, міндеттер
бар болғандықтан туады да белгісіздіктен, түсініксіздіктен белгілікке,
түсініктілікке қарай қозғалу болып есептеледі [11].
Ойлау сөйлеуден көрінетіндіктен ол жалпыламалық сипатқа ие болады.
Әрбір қабылданатын зат, оның белгісі немесе қозғалысы, күйі немесе
қатынастарын сөзбен атай отырып, адам оларды (жекеден жалпыға шығара)
жалпылай бенелейді. Шешілуі ойлауды талап ететін нақты мәселелер де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz