Қазақстандағы діни туризм объектілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТУРИЗМ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Діни туризм
Алматы - 2012
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. ТУРИЗМНЫҢ ДАМУЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ ДІНИ
ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ
- “Туризм” түсінігі және оның даму тарихы
- Діни туризмнің дамуының теориялық аспектілері
- ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДІНИ ТУРИЗМ САЛАСЫ. Христиан дінінің туристтік ресурстары.
Діни туризмнің православиялық, католицизм және протестантизм
тармақтары
- Ислам дінінің туристтік ресурстары
2. 3 Діни туризмдегі буддизм мен индуизмнің саласы
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ ТУРИЗМ САЛАСЫ.
3. 1 Қазақстандағы діни туризм объектілері
3. 2 Түркістан - түркі халықтарының рухани астанасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Туризм қарқынды дамып келе жатқан халық шаруашылығының бір саласы. Қазіргі уақытта әлемдік еңбек нарығында 13-ші жұмыс орны тікелей немесе жанама туристік қызметтерімен байланысты. Бүкіл әлем бойынша туристік қызметтермен тікелей айналасу- 80 млн. -дай жұмыс орындарын құрайды. Туризм саласына қызмет көрсететін қосымша секторларын алсақ (сақтандыру, көлік жалдау қызметтері, фитнес, сән салондары, т. б. ) осы сан 200 млн. жұмыс орынына дейін өседі. Аналитиктердің болжамы бойынша, туризм саласындағы жұмыс орындарының саны болашақта өсе береді: 2010 жылға қарай бұл экономиканың саласында еңбек нарығының сыйымдылығы 1, 5 есеге дейін көбейеді. /3/
Әлемдік экспортта туризм саласынан келетін табыс мұнай, мұнай өнімде-рінен және көлік экспорттарынан кейінгі үшінші орын алады. Әлемдік экспорттың 6 % туризм саласы алып жатыр. Дүниежүзілік ІЖӨ / ВВП/ 10-11%-і туристік индустрия құрайды. /5/ Туризмнің глобализация процессінің пайда болуы, халықаралық туристік байланыстардың кеңейуі әлемдегі халықтардың арасындағы географиялық, мәдениет қарым-қатынастарына әсер етеді. Қазіргі уақытта әлемдегі халқының 10%-ы өз елдерінен басқа елдерге саяхаттар әртүрлі туристік мақсаттармен байланысты. Туризм адамның табиғаттық, тарихи-мәдениеттік және әлеуметтік құндылықтарымен мүмкіншіліктер ашады.
Бұл туризмнің әлеуметтік мәдени негізін құрайды және ол экономикалық фактордан кем емес.
Діни немесе мінажаттық туризм халықарылық қарым- қатынастарды арттыруда, елдер арасындағы ынтымақтастықты, мәдени қарым- қатынастарды кеңейтеді. Бұл өте ертеден келе жатқан туризм түрі. Тарихи терең мәнге ие. Ол тек қана киелі женлерге барумен шектеліп қоймай, адамдардың рухани байлығын арттырады. Діни туризм қазіргі заманда динамикалық қарқынды даму жағдайында. ДТҰ мәліметтері бойынша әлемдік туристік ағымдардың бағыты мақсатты түрде бару, шамамен жылына 7 млн. адамарды құрайды. Бұл аталған көрсеткіш арта бермек, егер бүл категорияға басқа елдерде демалып жатқан туристер экскурсиялық бағытта сол елдің діни экскурсиялық нысандары мешіттер мен соборларға баратын болса бұл сан көбейеді. ДТҰ мамандарының бағалауы бойынша діни туризм әлемдік туризм нарығының 20 пайызын алуы мүмкін. Туристтер киелі жерлерге бару да, ол жерлердегі соғыс, т. б жағымсыз факторларға қарамастан және бағаның қымбат болуына да қарамайды. /3/
Туризм сферасы қоршаған ортаның әртүрлі факторларына табиғи зілзалалар, апаттар, экономиканың құлдырауы, арандатушылық әрекеттерге, экологиялық факторларға байланысты. Туризм адам өмірінің қалыптасуына да тікелей қатысты. Әлемдегі глобальды және соғыс жағдайларында діни түсінбеушіліктерге байланысты, адамдардың дінге деген көзқарасы арта бермек. Діни мен мінажаттық туризмнің мәдени танымық білімділігін арттыруға басқа діндерді танып білуде үлкен ролін атқарады. Осы туризм түрі арқылы әлем халықтарына, адамдарға деген, бір біріне деген шыдамдылықты, қайырымдылықты тәрбиелейді. Соған байланысты осы дипломдық жұмыстың көкейтестіілігі анықталып төмендегі мақсат қойылды.
Мақсаты- діни туризмнің пайда болу мен дамуның теориялық маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- «діни туризм» ұғымын зерттеу және анықтау;
- әлемдегі негізгі діни бағыттарына, діни орталықтарына анализ беру;
- Қазақстан бойынша діни туризм объектілеріне сипаттама беру.
Зерттеу әдістері : діни туризмнің даму болашағымен танысу, архивпен жұмыс істеу, әңгімелесу, анализ әдісін пайдалану.
Практикалық маңыздылығы- дипломдық жұмысындағы берілген материалдар туристік фирмалардың экскурсиялық практика жұмысында пайдалануы мүмкін. Түркістан қаласы бойынша берілген мәліметтер одан бұрынғы берілген материалдарды толықтыра алады.
Диплом жұмысы кіріспе, 3 тараудан, пайдаланған әдебиеттерден, қортындыдан, қосымшалардан түрады.
1. ТУРИЗМНЫҢ ДАМУЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ ДІНИ ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ
1. 1 “Туризм” түсінігі және оның даму тарихы
Туризм тарихы дегеніміз - саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың) ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихын зерттеу пәніне туристтік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу, қалыптасу және даму заңдылықтары жатады.
«Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде 19 ғасырда ғана тұрақтала бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. қазіргі туризмтануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды.
Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм Кеңестік кезеңде әлеуметтік туризм ретінде дамып, шығындарына қоғамдық қаржы төленді. Сол кзде туризм теориялық тұрғыда нақты адамдардың туристтік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зерттеді де, туризмнің қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырды.
Туризм тарихын зертттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған фактілерде ғана баяндады. Олар адамзат таризының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметтік- экономикалық себептермен байланыстырмады. В. Б. Сапрунованың асқалардан басты ерекшелігі туризм тарихын 4 кезеңге бөлді.
- 1-кезең(көне замандардан 19 ғасырдың басына дейін) немесе оны «туризм тарихының алды» деп атайды.
- 2-кезең(19ғасыр-20ғасырдың басы) - элитарлық туризм кезеңі, яғни туристтік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы.
- 3-кезең-(20ғасырдың басы- 2-ші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейін) бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы.
- 4-кезең(1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) - бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристтік индустрияның туризм үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы. /11/
Халықаралық туризмтануда туризмда әлеуметтік феномен деп атайды. Әлеуметтік дегеніміз қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен ұғымының екі мағынасы бар. 1) философиялық түсінігі құбылыс сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе. 2)
Ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт адам.
«Туризм» сөзінің түбірі -француз тілінің «тур» яғни, серуен, сапар шегу деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристтік саяхат деген мағынаны береді. /12/
«Туризм» сөзі қазіргі энциклопедиялық ұғымда бос уақытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдық, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағыналар береді. Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез-келген мақсаттта уақытша, еріті тұрғын орнын ауыстырушы адамдардың барлығын туристке санау әдеті қалыптасқан.
1974 жылдан бастап БҰҰ елдің тұрғын орнын және жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлығын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады.
Ал қазіргі әлемдік туристттік ұйым мамандары «туризм» деген ұғымға өзі тұратын жерден өзге жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл салып демалу, іскерлік және т. б мақсаттарда болуын және саяхаттауын жатқызады.
Туризмнің ең басты әлеуметтік мақсаты- адам өмірін ұзарту және өмір сүруді жақсарту.
Туризмнің ең басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көңілді қарым-қатынас, кездесулер орнату.
Туристтік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында саяхаттауын айтады. Ал, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келіп, кетуін айтамыз. . /11/
Халықаралық туристтер өз елінен асқа елдерге саяхаттайтын, бүкіләлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркелеген азаматтарды атайды. Мәселен, 1994 жылы әлемде 528. 4 млн., 2000жылы 697. 6млн адам, халықаралық турист болған. 2010жылы олардың саны шамамен 937 млн адамға жетпек. Мамандардың айтуы бойынша туристтік саяхаттарлдың танымдық. әлеуметтік, қарым- қатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоцияналдық, психологиляқ, денсаулықтық, шығармашылық, қажылық секілді жағымды әлеуметтік түрлері бар.
Танымдық қызметі. зерттеуші Г. П. Долженконың пікірінше туризмның танымдық жағына «адамның өз таным дүниесін тарих, экономика, табиғат, ғылым жөніндегі білімдерін байытуға тарихи, этнографиядық, табиғи және революциялық ескерткіштер, әскери еңбек дәстүрлері жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын жатқызады. »
Денсаулықтық қызметі . Туризмнің негізгі мәні- қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтық өызметтің белсенді түрлері яғни туристтердің белгілі бір бағыттар бойынша өз күштерімен қимыл - қозғалыс жасауына, ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай шарттарға кез-келген адамның шамаса келеді. ең бастысы әрбір туристке сәйкес физикалық және техникалық дұрыс жүктеме бере білу керек.
Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Туризмнің әлеуметтік қарым-қатынас қызметі дегеніміз- саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда өндірістік ара-қатынаста сақтамай-ақ әлеуметтік мәртебесін, жасын, ұлтын, азаматтығын, және т. б. адамдарды бір-бірімен ерекшелейтін белгілерді есепке алмай -ақ байланысу қатынасу мүмкіндігі.
Спорттық қызметі. Спорттық туризмнің ұйымдастырылу қарапайым және кез-келеген жастағы адамдардың онымен шұғылдануға мүмкіншілігі болады. Спорттық туризм адамдардың бойына ұжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді қасиеттерді дарытады.
Қажылық қызметі . қазақстанда 8миллиондай мұсылмман бар . Ал әлемдегі мұсылмандардың саны 1 млрд 126 млн астам . Қажылық деп діннің қасиетті орындарына (христиандар үшін-Иерусалим және Рим, Мұсылманда үшін -Мекке мен Мәдине) сапар шегуді атайды. Христиандадың әдет- ғұрпы бойынша қажылық сапардың белгісі - Палестинадан пальма бұтағын әкелу.
Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақсаты бар алғашқы саяхатшылар қажылыққа баратындар мен саудагерлер. Әсіресе қажылыққа барушыларды классикалық туризмнің көшбасшыларына балайды. Олар мақсат- мұраттарына жеткенше саяхат барысында алыс қашықтықтарды игеріп, ас-ауқат, киім- кешектері аз болса да, қиындықтарды жеңуге тырысқан.
Әлемдік ұйымдасқан саяхаттың ең көне қызметі бола тұра қажылық әлі күнге дейін өзінің позициясын жоғалтқан жоқ. Қайта қажылық қазіргі халықаралық туризмде қарқындап дамуда. 20-ғасырдың соңында әлемдегі мемлекетердің ұйымдастыруына байланысты негізгі әлемдік діндерге сенушілер мен қажылыққа барушылрдың саны күннен күнге, жылдан- жылға арта түсуде. Мұсылмандардың қажылыққа баруының саны өскені соншама, Мекке, Мәдине секілді қасиетті қалалары бар Сауд Арабиясы мемелекетінің үкіметі әлемнің әрбәр елінен қажлықққа келушілерге арналған жылдық квота тағайындауға мәжбүр болып отыр.
Халықаралық туризм жекелеген елдердің экономакасында басқа да қызметтер атқарады. Мәселен:
1) Елге валюта жинаудың көзі және халықты жұмысаен қамтамасыз етудің құралы.
2) Төлемдік балансқа салымды кеңейтудің құралы.
3) Туризм аясына қызмет етудің саласын құрайды. Яғни, экономиканы диверсификациялаудың құралы.
4) Ұлттық дәулеттің көтерілуі мен кіріс өсімінің, жұмыс орынын көбейтудің құралы.
Адамдардың саяхатқа деген қажеттілігінің көлемі жағынан артуы және туризм индустиясы өнеркәсіп, мекеме және ұйымдардың жиынтығы ретінде туристтер үшін қызмет көрсету мен тауар өндірудің өндірісін қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан да адам өміріндегі туризмнің әлеуметтік- экономикалық рөлі өте қарқынды жылдамдықпен артып келеді. /11/
1. 2 Діни туризмнің дамуының теориялық аспектілері
Қазіргі таңда әлемдегі әр түрлі мемлекеттердің құқықтық жүйесінде «туризм» түсінігі барынша кең таралған. 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмді статистикалау мақсатында (туризм статистикасын анықтау және жіктеу концепциялары) бүкіләлемдік туристтік ұйымның туризм статистикасы бойынша тағылымдамада қисындалған. Аталған құжаттың мәліметтеріне сәйкес, туризм бұл демалу, іскерлік және басқа мақсаттарда қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында өзі бейімделген ортаның шегінен тысқары орналасқан жерлерде іссапарда немесе саяхатта болатын тұлғалардың қызметтер жиынтығын құрайды.
Осыған орай, туризм - бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың өздерінің тұрғылықты жерлерінен емделуге, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және басқа да мақсаттарда уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін қызмет көрсетусіз уақытша сапарлары (саяхаттары) .
2001 жылғы 13 маусымдағы №211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР 2002 жылғы 22 ақпандағы №296-ІІ және 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №503-ІІ Заңдарымен енгізілген толықтырулармен) сәйкес, туризм - жеке тұлғалардың жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі немесе жиырма төрт сағаттан аз мерзімге, сондай-ақ қона отырып уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін қызмет көрсетусіз уақытша саяхаттар. /1/
Адамның тұрақты баратын орындары, егер олар оның тұрғылықты орындарынан салыстырмалы түрде алыс болса да оның әдеттегі ортасының элементтері болып табылады. Бұған адамның тұрғылықты орнына жақын орналасқан нысандарды (мәселен, белгілі бір мұражай немесе қалада орналасқан ғибадатхана) жатқызуға болады. Әдетте олар күнделікті элементтер ретінде қабылданады. Діни туризмде белгілі бір алыстау қалаға немесе әлдебір киелі жерге ниет етіп бару, мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысу, сондай-ақ мұражайларға, көрмелерге барудың өзі әдеттегі ортаның шегінен шығу болып есептеледі. Өмір сүрудің әдеттегі ортасының тұжырымдамасы бойынша адам турист болып есептелуі үшін әлдебір орындарға қанша рет баруы керек немесе қаншалықты ұзақ жүруі керек деген мәселе мамандар арасында келіспеушіліктер туындатады. Әдетте орта түсінігі елдер бойынша өзгешеленеді және адамдардың әр түрлі мобильдігіне сондай-ақ мүліктік жағдайына, дүниетануына және сапардың себептеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін.
Сонымен біз турист деп діни мақсаттарда саяхаттайтын, әдеттегі ортасының шегінен бір жылдан аспайтын мерзімге қасиетті жерлерге және діни орталықтарға баратын адамды айтамыз. Діни туризм түсінігі бұл адамдардың әдеттегі өмір сүру ортасынан тыс жерлерде орналасқан қасиетті жерлер мен діни орталықтарға баратын туристтердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынумен байланысты қызмет екендігі деп түсіну керек.
Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Оның басқа да түрлері сияқты мінәжат ету туризмі және экскурсияға бағытталған діни туризм атты түрлері бар.
Діни туризмнің формалары ұйымның ерекшеліктеріне, қатысушылардың санына, сапардың ұзақтығына, көлік құралдарына байланысты ерекшеленетін түрлерге бөлінеді. Діни туризм түрі мен санаттары бойынша аумақтық, елдік ерекшеліктерге байланысты түрленеді. Бұл туризмнің ішкі, кіретін және шығатын санаттары. /1/
Біздің зерттеуіміздегі діни туризмге қонақ үйлердің және басқа да орналасу құралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану нысандарының, әр түрлі діни нысандарының, сондай-ақ экскурсиялық және гидаудармашы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың жиынтығын жатқызуға болады. Діни туризм индустриясы туризм индустриясының біртұтас құрамды бөлігі болып табылады. Діни туризм индустриясында келесідей төрт секторды атап өтуге болады.
«Орналасу» секторы. Бұл қонақ үйлердің, кемпингтердің, жатақханалардың және тағы басқалардың орналасу құралдарының жиынтығы.
«Тамақтану» секторы - мейрамханалар, асханалар, кафе, көліктегі тамақтану кәсіпорындары т. б.
«Көлік» секторы - көлік кәсіпорыны және көліктің әр түрлі қызметтерін ұсыну.
«Діни нысандар» секторы. Бұл секторға төмендегілер жатқызылады:
діни имараттар - монастырлер, ғибадатханалар, шіркеулер және шіркеулік кешендер, капеллалар, кіші шіркеулер;
табиғи нысандар - қасиетті бұлақтар, құдықтар, таулар, суаттар (өзендер, тоғандар), тоғайлар;
кішігірім діни нысандар - жол бойындағы кресттер, жол шетіндегі құдайлардың мехраптары т. б.
Бұл нысандар бірге орналасу мүмкін екендігін есепке алу қажет. Мысалы, қасиетті бұлақ православ шіркеуінде немесе бөлек орналасуы мүмкін. Синтоизмнің көптеген ғибадатханалары діни ғимараттарды және табиғи нысандарды (судың қасындағы қасиетті тоғайда орналасқан шіркеу) құрайды. Оқу құралында діндердің қасиетті орындары мен діни орталықтары туралы мәселе қарастырылады. Бұл түсініктер бір-бірімен үндеседі. Қасиетті орын деп - белгілі бір діни конфессияның өкілдеріне үлкен маңызға ие діни немесе басқа да іс-шараларға көптеген мінәжат етушілердің жиналатын орны деп айтуымызға болады. Мұндай орындарда ғажап иконы бар храм, мәселен, белгілі әулие, діни мұғалім (гуру) * аскет немесе тарихи діни жағдайлар орын алған. Діни орталық түсінігі «қасиетті орын» түсінігіне қарағанда кең таралған. Бұған аса құрметті білім беру мекемелері және діни ұйымдардың әкімшілік органдары кіреді. /1/
Қасиетті орындарға және діни орталықтарға сапар шегетін туристтер қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызметтерін қолданады. Ол мыналар болуы мүмкін:
1. Мейрамханалар, кафе, кішігірім асханалар тағы сол сияқтылар. Діни орталықтарда қасиетті орындарда қажылыққа барғандар мен экскурсанттар аталған мекемелердің қызметтерін қолдана алады және қандай да бір тағамды таңдау мүмкіншілігіне ие болады.
2. Шіркеулік, ашрамдық және басқа да асханаларда қонақтар үшін тағам дайындалады. Бұл жердегі тағамның түрі басқа мейманханалар мен кафедегілерден ерекшеленеді. Атап айтатын болсақ, кейбір тағамның түрлері көбінесе жай тағам, православ оразасында жеңіл, индиялық ашрамда вегетариандық (өткір немесе өткір емес) тағамдар болып бөлінеді. Мінәжат етуге келгендерге тағам көбінесе белгілі бір уақытта, тағамды таңдау мүмкіншілігінсіз беріледі.
Мінәжат етуге немесе саяхаттық сапарға аттанатын туристер орналасу (пунктеріне) пунктіне жету үшін әр түрлі көлік құралдарын қолдану қажет. Қолданылатын көліктерге 1) авиация, 2) темір жол, 3) автомобиль (автобустық), 4) су (өзендік, теңіздік) көліктері, 5) оның басқа да түрлері.
Діни туризмде бір пунктен келесіге дейін белгілі бір бағыттың бөлігін жаяу жүріп өту тәжірибесі қолданылады. Бұл бір жағынан өзіне түсетін қиындықтарды өз еркімен мойнына алуға, ал келесі жағынан көптеген нысандарға (қасиетті таудың шыңдары, үңгірлер) олардың көпшілігі қол жеткізе бермейді.
Бағыттар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.
Жыл бойы - жыл барысында белгілі бір діни мінәжат жасау нысанына баратын көптеген саяхаттық және қажылық мақсаттар. Мысалы, бұл Сергиев үштігіне, Мәскеу маңындағы лаврға немесе Түркістандағы және Қазақстандағы басқа да аумақтардағы мешіттерге бару.
Мезгілдік - табиғаттың немесе басқа да факторлары әсер ететін жерлерге саяхаттау және қажылыққа бару. Мысалы, Тибет пен Гималайда қасиетті жерлерге жылына бірнеше айларда қажылыққа баратындарға және саяхаттаушыларға арналған қажылық мезгілі. Исламның қасиеттері жерлеріне мұсылман күнтізбесі бойынша саяхаттау және қажылыққа бару.
Бір реттік (жағдайлық) - белгілі бір шіркеулік мерекені, жергілікті жерде қасиетті саналатын әулиені ұлықтау күнін тойлауға арналған мерекелерге мінәжат ету сапарлары. Бұл Ватикандағы рим папасының ғибадаттарына қатысу үшін мінәжат етушілердің көбеюінен көрінеді. Бұған жылына бір рет 2 миллионға жуық адамдардың қажылыққа баратын орны Меккені жатқызуға болады. Сондай-ақ саяхаттау мен қажылыққа бару сапарлары карнавалдарға, рәсімдеулерге және бірқатар мерекелерге қатысу үшін жүзеге асырылады. Мәселен, тамыз айында Кандиге, Шри-Ланкадағы Эсала Пе-рахера мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу үшін сапарлау. /1/
Туроператорлар - турөнім құру жөніндегі қызметпен айналысатын туристік кәсіпорындар. Олардың басты қызметі - сапарларды тәжірибелік ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтің негіздері туралы» Заңында туроператорылық қызметтің анықтамасы берілген.
Туроператорлық қызмет - бұл осындай қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Туристік өнімді тұтынушыға жеткізумен турагент айналысады. Заңға сәйкес, турагенттік қызмет ретінде жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын және туристік өнімді өткізу мен оның айналымына бағытталған қызмет түсініледі. /9/
Турагенттік қызметі мыналарды құрайды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz