Тұлғаның өзін өзі бағалау мотивациясын жетілдіру жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Өзіндік бағаның оқу үлгеріміне ықпалын анықтау
Алматы - 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Тұлғаның өзін-өзі бағалау мәселесінің теориялық мазмұны.
1. 2 Мотивация психологиялық категория ретінде
1. 3 Өзін-өзі бағалау мотивациясын анықтаудың психологиялық маңыздылығы
2. ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МОТИВАЦИЯСЫН АНЫҚТАУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛУІ.
2. 1 Тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясын анықтау.
2. 2. Тұлғаның өзін өзі бағалау мотивациясын жетілдіру жолдары.
2. 2. Зерттеу нәтижесін жинақтау.
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Тұлғаны қалыптастыру, қоғамдық қатынастар жүйесінде мақсатты бірлескен іс-әрекеттер жолымен жүргізіледі. Мұны дәлеледейтін оқыту мен тәрбие берудің өзара үйлесімді байланысын реттейтін психологиялық жүйелеу әдісі. Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда дамуы, ұлттық құныдықтарымызды жаңғырту, жақсы қасиеттерімізді үйрену, оны түгелдей қайталау, керісінше, оны қоғам мен уақыт сипатына қарай анықтау болып табылады. Мұндай көзқарасты жүзеге асыру педагог-психологтардың негізігі кәсіби міндеті. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім беруде - оқушы тұлғаларының білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген тұлғаны тєрбиелеу мен қалыптастырудан бастағанның маңызы өте зор. Ал тұлға көбінесене ұжымда (сыныпта), еңбекте, іс-әрекет барысында ашылады.
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері мен іс - әрекетінің бағалануы. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу сезімдері болады. Бұл “ Мен - концепциясы” негізінде орындалады. Өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі. Тұлғаның өзін - өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасуы негізінде болады. Өзін - өзі бағалау - адамның өзінің психологиялық сапалары мен қылықтарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалауы.
Тұлғаны зерделей отырып, оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығын, мінездегі басты ерекшелігі - табындылығын, темпераментін, қабілетін, танымдық іс-әрекетінің дамуын анықтап алу керек.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі.
Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін - өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай, сондай - ақ өзін де танып білуді талап етеді.
Өзін-өзі бағалау - тұлғаның адамдар арасындағы орны, өзіндік мүмкіндігі және қарым - қатынас сапасы . Өзіндік баға тұлға қалыптасуының барлық этаптарына және іс - әрекетінің нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Сондықтан адамның өзінің өзіне қатынасы оның тұлғалық дамуындағы ең маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады.
Адам өмір сүруі мен қимыл-қозғалысы арқылы өзінің әрекетін бағалауға үйренеді, адамгершілік нормаларын меңгереді. Өзіндік баға тек адамның тұлғалық даму ерекшеліктерінің деңгейін анықтап ғана болып қоймай, оның барлық іс-әрекеті мен білім сапасының нәтижесін бағалаушы. Тұлғаның өзіндік бағалауы мектеп психологының жеке балалардың және ұжымның психологиялық жас ерекшелігі мене білім деңгейінің сәйкес даму өрісінің құнды көрсеткіші. Осыған қоса, өзіндік бағалау ұжымның психологиялық ахуалын, оқушылардың қарым - қатынасын және жеке оқушылардың психологиялық мәселелерін анықтауға көмектеседі.
Қазіргі таңда тұлғаның өзіндік бағалауы оның болашақ жемісті іс - әрекетінің нәтижесі.
Зерттеу мақсаты - тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясының психологиялық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, оның даму деңгейін тәжірибе арқылы анықтау және жетілдіру.
Зерттеу нысаны - тұлғаның өзіндік бағасының оқу үлгеріміне ықпалының ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясын дамыту процесі.
Зерттеу болжамы - егер тұлғаның құндылықтары, мінез-құлық ерекшелігі, іс - әрекеті мен қабілеті бағаланса, қолданылатын әдістемелер оның қызығушылығына әсер етсе, онда тұлғаның өзіндік бағасының психологиялық ерекшелігін анықтап, жетілдіру жолдары арқылы :
Зерттеу міндеттері -
- Тұлғаның дамуында өзін-өзі бағалау мотивациясына сипаттама жасау және іс-әрекеттік ықпал ету тиімділігін қарастыру.
- Тұлғаның өзін - өзі бағалау деңгейін анықтау мен жетілдіру жолдарын тәжірибеде зерттеу.
- Эксперименттік зерттеу нәтижелерін сараптау мен ұсыныстар беру.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі - тұлғаның өзін-өзі бағалауы туралы И. В. Дубровина, Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, Г. У. Оллпорт, Л. С. Выготский, А. А. Бодалев, С. М. Жақыпов зерттеулеріндегі тәжірибелік еңбектері мен тұжырымдамалары.
Зерттеу әдістері - зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау, саралау, психокоррекциялық жаттығулар, сауалнама, тест.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - Өзін-өзі бағалау мәселесіне жан-жақты теориялық талдау жасалынып, оны анықтау мотивациясының психологиялық ерекшеліктері көрсетілді. Бұл мәліметтер тұлғаның өзін-өзі бағалауын көтеруге ықпалы жайлы ақпаратты қамтиды және психологиялық сауаттылықты жетілдіруге мүмкіндік береді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы - Зерттеу нәтижелері тұлғаның өзін-өзі бағалау мотивациясын жетілдіруге үлес қосады. Зерттеуде қолданылған әдіс - тәсілдер тұлғаның өзін-өзі бағалау деігейін анықтаудың психологиялық маңыздылығын нақтылайды.
Зерттеу базасы - Алматы қаласы . . . колледжі.
Зерттеу кезеңдері -
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейі анықталынып, түзету - дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытындысы берілді. Тұлғаның өзіндік бағалау деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы - Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытынды және қосымшалардан тұрады.
1 ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МОТИВАЦИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Тұлғаның өзін-өзі бағалау мәселесінің теориялық мазмұны.
Адамды тұлғалық даму деңгейінде сипаттаудың өзі де өз тілектері мен мүмкіндіктері, қылықтарын танып - білу деп түсінбеу қажет. Бұл - айналадағы адамдарды, жақын туыстарының да тілектерін, мүліктерін, қылықтарын танып - білу деп түсінбеу қажет. Бұл - айналадағы адамдарды жақын туыстарының да тілектерін аңғару, өзінің қызығулары мен мүдделерін, талғамы мен көңіл - күйі, әдеті мен дүние танымын, қарым - қатынас ерекшеліктерін ескере білу.
Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жасаған жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, еліміздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қадам басуы жолындағы негізігі міндеттерінің бірі жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру» - деді [1] . Нарық экономикасының талабына сай, өркениет қоғамның ерікті, өз бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез құлқы қалыптасқан, жаңаша ойлау қабілеті дамыған, нарық еңбегімен белгілі, бәсекелік қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты ғасыр тұлғасынан тәрбиелеу тәуелсіздігіне ие болған Қазақстан Республикасының дәуірлік міндеті.
Өзіндік баға тұлғалық білім беру мен оның өзіндік дамуының күрделі негізі. Мұнда адамның басқалардан өзі туралы біледі, өзінің әрекетін белсенділігінің неге бағытталғанын және жеке тұлғалық сапаларын ұғынады. Бірақ, осыған қарамастан тұлғаның дамуында өзіндік бағалау ерекше орын алады.
Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік ұғыну арқылы өзін - өзі таниды. Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып қоймай, сондай - ақ сол арқылы әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін - өзі, өзінің мұрат - мүдделерін, адамгершілік бет - бейнелерін де саналы түрде түсінуге шақырады.
Өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Тұлғаның тұрақты өзін - өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасу негізінде жатыр. Өзін - өзі бағалау адамның мінез - құлқы ғана емес, оның тұлғалық сипатына да әсер етеді. Тұлғаның жас өспірім шақтағы қалыптасуы тек ол өскен орта ғана емес оқушының өз талаптарына жауап бере алуына да байланысты [2] .
Неміс психологы К. Левиннің және оның шәкірттерінің еңбектерінде тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейі зерттелген. Зерттеу нәтижесінде алынған деректер бойынша өзіне баға беру тұлғаның берілген тапсырманы орындау жетістіктері немесе кемшіліктеріне, топтағы мәртебесіне тәуелді екендігі көрсетіледі. Тұлғаның қалыптасуы мен өзіне баға берудің маңыздылығы американ психологы К. Роджерс еңбектерінде айтылған. Ол тұлға құрылымында өзін өзі тану мен өзін бағалау маңызды екенін зерттеген. Өзіндік бағалау Роджерс пікірінше, қоршаған әлеуметтік ортада бейімделуге, оның ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайларының үйлесіміне әсер етеді және өзіне баға беруге икемділік бұрынғы құндылықтарды жаңадан бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ Роджерс тұлғаның қоршаған ортаны, өзара қатынастарымен қатты байланыстырып жіберген, осы қатынастарды нақты «мен» және идеалды «Мен» арасындағы қатынастық жалғыз факторы ретінде көрсеткен.
Әлуметтік-психологиялық құзіреттіліктің «Мен тұжырымдама» теориясына тікелей қатысы бар. «Меннің»психофизиологиялық психикалық, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық түрлері бар. Әлуметтік-психологиялық « Меннің» кең тараған теорияларына әлеуметтік салыстыруды, өзін қабылдаудыбілдіретін айналық «Мен» теориясы жатады. Әлуметтік бағалардың қайтарымынан ( басқа адамдар пікірінен) жиналған әлеуметтік-психологиялық «Мен» тұлғаның мінез-құлқын және іс-әрекетін реттейді. Басқаша айтқанда «сыртқы ішкі арқылы сынады» деген белгілі схема сыртқы әсер нәтижесінде тұлғаның когнитивті сферасының қлыптасуын білдіреді, содан соң оның мінез-құлық пен іс-әрекетін реттеудегі ролін көрсетеді. Сыртқы әсерлерден қалыптасқан когнитивті сфера өзіндік мәнге ие болады және реттеуіш ретінде көрінеді. Ішкі бейне тек дүниенің ғылыми сұлбасына ғана емес, сондай-ақ «Меннің» әлеуметтену процесіндегі шығынына, психикалық жарақаттануына да тәуелді [3] .
Өзін бағалау мен өзін сыйлау - «Меннің» ең маңызды регулятивті функциялары. Демек, адамның өзін-өзі қалай қарастыруының, өзі туралы басқалардың не ойлайтындығының қайтарымы болуы тиіс, бірақ та олардың дәл осылай ойлануы тіпті міндетті емес.
Әлеуметтік-психологиялық құзіреттілік «Меннің» деформациялануының алдын алады да, сол себепті тұлғаның өзін бағалауына, кәсіби қызметінің реттелуіне, дүние сұлбасының жоғары болған сайын «Меннің» деформацялану ықтималдығы жоғары болады. Мысалы, ішкі істер органдары қызметкерлерінің, азаматтардың тәртіп бұзушыларға қатысты қоғамдық пікіріне, екіншіден, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамды, қылмыс әлемін және кәсіби ортаны сезінуіне байланысты болады.
Кәсіби «Мен-тұжырымдама» тұлғаның көзқарасынан тұрады. Оны үйрену және өзара байланыс процесін ұйымдастырады, яғни субьектінің әлеуметтік-психологиялық құзіреттілігіне әсер етеді [4] .
Баланың бойында қоғамнан аластатылған, ешкімге керек емеспін, еш нәрсемен ісім жоқ деген ойлар болады. Куперсмит «Өзін өзі бағалау шарттары» деген кітабында өзін - өзі бағалаудың психологиялық сипатын көрсетті. Куперсмиттің ойынша өзіне баға беру - жеке тұлғаның өз бағаасын білу сезімінде, ал өзгелерге тұлғаның кейбір әрекеттерінен білінеді. Адамның бойында қолдау тапқан өзін өзі бағалау тек сол тұлғаға ғана тең және сол адамның дара психологиялық жағдайы, ішкі дүниесі. Осындан оның пікірінше, өзін - өзі бағалауды зерттеп білуге, оқып -тануға болады, себебі адамның іс -әрекетінен өзіне берген бағасы көрініп тұрады.
Көптеген ғалымдар баланың өзіне баға беруін үш түрлі фактор әсер ететіндігін анықтап берді. Олар: жазалау, қадағалау және психологиялық қолдау. Олардың ойынша, өзін - өзі бағалау көбіне әкесіне қарағанда, анасының іс - әрекетіне қатысты. Ата - аналардың мінез - құлқы қыз балаға қарағанда ұл балаға қатты ықпал ететіндігінде. Бұл зерттеуге ана баланың өзіне баға беруі арасында байланыс бар екендігі тіркелген. Ана балаға қамқор болып, қолдау көрсетіп отырса және кінасы үшін қатаң жазаламаса, баланың бойында өзіне - өзі бағалауға жағдай жасалады. Егер бала анасының қамқорлығын сезінсе, ол өзіне де сондай баға береді [5] .
Осы орайда К. Хорнидің пікірінше, тұлғаның бойындағы қиын ішкі дағдарыстар өзіне артық баға беруден, өзімшілдіктен туындайды. «Мен» деген өзімшілдіктен нақты «Мен» қақтығысы болатындығын тұжырымдаған. Г. Салливен өзіне баға беру адамның мінезіне бақылау жасайды деп көрсетеді. Өзіне баға берудің атқаратын қызметі адамды ішкі толғаныстардан сақтау. Өзін бағалау қоршаған ортаға ыңғайлану, қоршаған ортамен қатынасқа түсу арқылы біржақты баға беріледі.
Сонымен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерінен өзін өзі бағалау қоршаған ортаның қатынастарынан, оның әлеуметтік ортаға бейімделуі, оның сыртқы талаптарының сыртқы жағдаймен үйлесуі екендігін көреміз.
Кеңестік кезеңдегі зерттеулер (Б. Г. Божович, Л. И. Ананьев, С. Л. Рубинштейн) өзіндік бағалауды тұлғаның өзін тануының, оның қалыптасуының өмірдегі іс -әрекетінің нәтижесі деп түсіндірді. Өзіне баға берудің қоғамдық сипаты бар және әлеуметтік құбылыстардың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Өзін өзі бағалау еңбектің, қарым - қатынастың қиын өнімі, мінезді үйлестіру және қоршаған ортаға қатынас әрекетінен туындайды.
Л. И. Божовичтің өзгені тану өзіңді танудан бұрын қалыптасады және оның негізі мен тіреуі болып табылады, Өзіңді басқалармен салыстыру, теңеу өзіне баға берудің алғы шарты екендігін тұжырымдаған. Адам өз әрекетінде өзін өзгелермен салыстырып, басқалардан байқаған қылықтарды өз бойынан іздеп, кемшілігін түзетуге ұмтылыады. Тұлғаға тән кейбір қасиеттерді қайталап, өзіне алуға тырысады [5] .
Б. Г. Ананьев адамның өзі туралы пікір қалыптасуға ұжымдық өмір, жағдайлар мен әрекеттерге дұрыс баға беру шешімі маңызды орын алатындығын айтқан [6] .
Ал, В. С. Мерлин: « . . . өз әрекетіңді бағалауда ұжымның Берген бағасы, әлеуметтік бағалау маңызды қызметке ие болады» - деген. Әлеуметтік баға толық және Жан - жақты болған сайын, бала оны терең таниды және бұл тұлға қалыптасуына үлкен әсерін береді [7] .
А. А. Бодалев адамды адамның тану ерекшеліктерін, жасқа және жеке дара ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті, танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады [8] . Адамның өзіндік сипат белгілері - оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы тәжірибе алмасатындығы .
Қазіргі кезде психологтар жеке тұлға бірнеше Мен-концепциясын иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі -жақсы, екіншілері-нашар, үшіншілері-жеке тұлғаның қазіргі шағы, төртіншілері-болашақ мүмкін болатын мен-концепциясы.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н. Назарбаев: « . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында үлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік - адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атап көрсетті [9] . Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда.
Әлеуметтендірудің сыншылдық тұжырымдасының басты теоретиктері өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович. ) Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. Қазіргі қоғамда бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағалауын әлеуметтік тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі эрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағасын анықтауға арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Қ. Жарықбаев, Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, А. Н Леонтьев, А. Ф. Лурия, М. Н. Скатин, Д. Б. Эльконин) еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мэнін анықтайтын бағалау әрекетінің құрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс, әрі іс-әрекет, әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы және қызмет ету аясы ретінде қызмет көрсетеді. Мектептің келешекке жылысуы үшін одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері, іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Іс - әрекеттің белсенді болуы жағдайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі - австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екенін дәлелдеді. А. Кординер, Е. Фромм. К. Хорни т. б. көзқарастары адамның дамуындағы іс-әрекетке жан - жақты сипаттады.
Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері мен іс - әрекетінің бағалануы. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу нсезімдері болады. Бұл “ Мен - концепциясы” негізінде орындалады. Өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі. Тұлғаның өзін - өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасуы негізінде болады. Өзін - өзі бағалау - адамның өзінің психологиялық сапалары мен қылықтарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалауы [10] .
Өзіндік бағалау - тұлғаның адамдар арасындағы орны, өзіндік мүмкіндігі және қарым - қатынас сапасы. Өзіндік баға тұлға қалыптасуының барлық кезеңдеріне және іс - әрекетінің нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Сондықтан адамның өзіне деген қатынасы оның тұлғалық дамуындағы ең маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. К. Левин тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейінің өзіне баға беруі оның топтағы мәртебесіне тәуелді екендігін көрсетсе, әлеуметтік орта тұлғаның бейімделуіне, ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайлары үйлесімінің ықпалының өзіне баға берудегі маңыздылығын американ психологы К. Роджерс еңбектерінде айтылған. Ал, К. Хорни тұлға бойындағы қиын ішкі дағдарыстардың өзінің «Мен» қасиеттеріне ықпал болатындығын тұжырымдаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz