Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МИП – 29.1. жеделдетілген орта тобының білімгері Оқушылардың ой -
өрісін дамытудағы музыканың ықпалы тақырыбына жазған диплом
жұмысына
Түйін
Жалпы білім беретін мектептердің музыка сабағында, сыныптан тыс
музыка тәрбиесінде оқушылардың ой - өрісін дамытуда музыканың
ықпалдық мәнін аша түскеніне көз жеткізу.
Зерттеудің пәні: Жалпы білім беретін орта мектептердің
сыныптарындағы және сыныптан тыс музыкалық тәрбие.
Зерттеудің мақсаты: Мектептің музыка сабағы және сыныптан тыс
музыкалық тәрбие арқылы оқушылардың ой - өрісін дамытуға музыканың
тәрбиелік ықпалын көтеру мүмкіндіктерін анықтау.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Аннотация.
На дипломную работу студент заочно – педагогического факультета
МИП– 29.1. ускроенный средний, Мамыровой Асель Кундыковной
выполненную на тему Влияние музыка на развитии мышления школьника
через музыки в работе рассматривается оптимальные методы влияние
музыка на развитии мышления школьника через музыки на уроках и
внеклоссной музыкальной воспитаний учащихся.

Предмет исследования: предмет музыки и внекассная работа в
общеобразовательной средней школы.
Цель исследования – определить возможности влияние музыка на развитии
мышления школьника через музыки и поднять качество урока музыки и
внеклассная работа общеобразовательной средней школы.

Annotation
On the thesis the student in absentia - pedagogical faculty MIP - 29.1.
average, executed on a theme Influence music on development of thinking of
the schoolboy through music in work is considered by Mamyrova Asel
Kundykovnoj optimum methods influence music on development of thinking of
the schoolboy through music at lessons and musical pupils.
Object of research: a subject of music and work in general educational
high school.
Research objective - to define possibilities influence music on development
of thinking of the schoolboy through music and to lift quality of a lesson
of music and out-of-class work of general educational high school.

Оқушылардың ой - өрісінің дамуына музыканың ықпалы

Жұмыс мазмұны
Кіріспе____________________________ ____________________________ 3

I. Музыка – ой - өрісін қалыптастыратын құрал

1.1. Музыка өнері және көне грекиядағы адамның үйлесімді тәрбиесінің
теориясы мен практикасы.

1.2.Ойлау туралы жалпы ұғым.

1.3. Ақыл – ой тәрбиесі

II. Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары.

2.1._____________?

2.2. ___ 34

Қорытынды ___________________________________ ________________ 47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ._______________________________ 50

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі:
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің
мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, дағдылар
мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған
мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше
дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру керек екендігі атап көрсетілген.
Жаңа ғасырда жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі, білім
беру саласындағы жаңа талаптар айтарлықтай өзгерістер жасау
тенденциясының үдеуіне қажеттілік туғызып отыр. Бұл міндетті жүзеге
асыру мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға
себептігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін әдістері
мен нысандарын іздестіру, сайып келгенде ақыл – ой әрекетін
қалыптастыруға өзекті сипат береді.
Былғы оқу жылындағы Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты атты Қазақставн Республикасының президенті –
ұлт басшысы Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында
(30.01.2012ж) білім беру жүйесі туралы былай деген еді:
Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс –
шараларды іске асырудың маңызы зор.
Біріншіден, оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.
Педагогикалық білім берудің үлгі қалыптарын, мектептер мен жобалар
оқытушылардың біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр
өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған
орталықтар жұмыс ісиеуі тиіс.
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Төртіншіден, аз қамтамсыз етілген отбасылардан шыққан жастардың
өмір сүруін субсидиялау арқылы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз
ету.
Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, оларды
әлеуметтік бейімделу үрдісінде пайдалана білуге де үйренуі тиіс.
Алтыншыдан, оқу үрдісінің тәрбиелік құрамдасын қүшейту қажет.
Олар – патриотизм, мораль, парасаттылық. Тәннің де, жанның да дамуы,
заңды мойынұсынушылық.[1]
Міне, осылайша оқушының ой - өрісінің, білім алумен қатар
дамып қалыптасуына тәрбиенің де зор орны бар екендігін, ол білім
алудың негізгі құрамдас бөлігі екендігін мемлекет тарапындағы
саясаттан да алшақтамайтындығының бір дәлелі. Егер тәрбие тұғыры,
соның ішінде музыканың тәрбиелеу күші, мектеп оқушысы үшін қазіргі
заманның ғана құндылығы емес, сондай ақ музыка өнерінің ежелден
ақ тәрбие көзі, өмір сүрудің рухани құндылығы екендігін білеміз.
Ал ұлтымыздың музыка өнеріндегі орны бір бөлек.

Әр ұлтың музыкалық өнері ұлттық өнер шеңберінде өзіндік және
этикалық өзгешелігінің айқындығымен, аумақтық және жергілікті стильдік
үлгілерінің молдылығымен ерекшеленеді. Қалың көпшіліктің көзқарасын, ой -
өрісін этностардың әлеуметтік - эстетикалық арман-мұраттары мен
моральдарының идеялық мазмұнының ұқсастығын білдіре отырып, жалпы
музыка халықтардың эстетикалық мәдениеттерін қалыптастырушы маңызды
құралы, сондай ақ халықтық педагогиканың принциптері – рухани құндылықтарды
сақтау мен насихаттауда айрықша орын алып, адамдарды мінез құлық
мәдениеті мен адамгершілікке, саналы – ойлы өмір салтына
тәрбиелейді.
Сан ғасыр бойы ұрпақтар жасаған рухани құндылықтар мәдени мұраның
мол қорының негізін құрайтын дәстүрлі ұлттық шығармашылық та ерекше
орын алады.
Халық шығармашылының ұлттың мәдениетінің діңгегі, қоғамның рухани
баюының таусылмас бастауы қызметін атқарады. Ұлттық шығармашылық ұлттың
ұлттық рухани мәдениеттің деңгейі, аралық қатынастар құралы ретінде
тәрбиенің негізі, оны жасаушы мен тыңдаушының өзіндік ойын, ой - өрісін
ынталандыру болып табылады.
Халықтық шығармашылықтың тәрбиелік маңызын жүзеге асыруда музыкалық –
халықтық дәстүрлер ерекше роль атқарады. Ол мәдени мұра - халықтың
салт-дәстүрлері, этнопедагогика, дәстүрлі халық музыкасымен тығыз
байланысты. Ол мәдени мұра, тарихи - рухани құндылық, халықтың салт -
дәстүрлер, этнопедагогика, фольклор, дәстүрлі халық музыкасы және тағы
басқа түсініктермен тығыз байланысты болып келеді.
Музыкалық өнердің рухани мұрасын зерттеуде Әбу Насыр әл- Фараби,
Махмут Қашқари, Юсуф Хос Хожиб, Әбу райхан әл - Беруни, Әбу Әли Ибн -
Сина, Кейқауыс, Әбдрахман Жәми, Дербеш Әли, Әубәкір Досаев, Шоқан
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Әлкей Марғұлан және
тағы басқа классик ғалымдардың еңбектері ұлан теңіз.
Халық шығармашылығының сан алуан құбылыстары С.К.Анна-Мұратова,
А.А.Қалыбекова, М.Х.Балтабаев, Х.Нұрматов, С.А.Ұзақбаева секілді
ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелді. В.Алимасов, М.Бекмұратов,
Н.К.Камалова, Л.И.Шұлұнова, З.Д.Яшвилидің еңбектерінде музыкалық өнерлер
мен дәстүрлерді мәдени ағарту ісіне, жастардың ой - өрісін
молайтуға қолданудың теориялық проблемалары көтеріліп, оны халықтың түрлі
әлеуметтік топтарына: мұғалімдер, білімгерлер, оқушылар т.б. әсері
қарастырылды. [1]
Еліміз бен Орталық Азия республикаларындағы тарихи құндылықтарды
қайта жаңғырту мен дамуының жалпы деңгейі артып, қазіргі ұлттық
тәуелсіздік жағдайында жыл өткен сайын маңызды бола түсіп, оның
дамуы мен жас ұрпақты ата фольклорымен, барлық өнер түрлері,
сонымен бірге өнердің барлық салалары арқылы жастардың ой - өрісін
тәрбиелеудің көкжиегі байқалады.
Демек, мәдениет, этнопедагогика, музыкатану теориясы мен тарихы,
бүгінде музыкалық өнерлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық зерттеу
мен осы проблеманы шешудің тиімді шарттарын іздестіруді талап
етеді.
Сондықтан да осы мәселені негізге ала отырып Оқушылардың ой - өрісінің
дамуына музыканың ықпалы деген тақырыппен ашпақ болдық.
Зерттеудің обьектісі : жалпы білім беретін, өнер, музыка
мектептерінің музыка сабақтары және мектеп оқушыларын тәрбиелеулегі
музыка тәрбиесінің үрдісі.
Зерттеу пәні : музыка сабағында және оқушыны сыныптан тыс
тәрбиелдер арқылы өте бағалы тәрбие жолдарын сараптап, оның рухани
мәдениетін қалыптастыруға қазіргі ұлттық мектептердің тәрбиесінде
қолданылғанын дәріптеу;
Зерттеудің мақсаты: сан ғасырлар бойы ата – бабалар мұрасына
үлкен құрметпен қарап, айрықша тағзым етумен өткен Орталық Азия
республикалары тәуелсіздік алғаннан соң ұлттық салт – дәстүрлерді
қайта жаңғыртып, оны дамыту бағытында ауқымды жүмыс басталған
шағында мектеп оқушыларының талғамын қанағаттандыра отырып, музыка
мәдениетінің ірге тасын қалауға, музыканы сүюге, әсіресе халқының
музыкалық мұрасын, сол арқылы музыкалық мәдениетін қалыптастырып,
жас буын оқушының ой - өрісін қалыптастыруға деген талғамын
өсіруге, ұлттың музыкалық мәдениетімен тығыз байланыстыра болып,
музыканы ой - өрісін дамытуға қолдану. Осы бағдарламаны терең талдай
отырып, оның музыка тәрбиесі – тәрбие негіздерінің бірі екендігін
уағыздап, ұлттық мектептерде музыка өнері арқылы баланың ой
өрісінің тәрбиелеуге қолдануға болатындағын сендіру.
Зерттеудің болжамы: мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін
қалыптастыруға негізделген оқушылардың дүние танымын дамытудың тиімді
жолдары мен олардың оқу барысындағы оә - өрісі даму қабілетін әрі
жетілдіруге ықпалын тигізер еді, егерде :
- мектеп оқушыларының жалпы музыка өнері арқылы өнегелі, саналы –
ойлы өміріне деген қөзқарастарын қалыптастыруда тиімді тәрбие
жолдарын тапса;
- музыка сабақтары және музыкалық іс – шаралар кезінде оқушыны
жүйелі түрде оқыта отырып, тәрбие көздерін тауып, қазіргі күн
талабындағы талаптарға жауап бере алса;
- қоғамның әлеуметтік өзгерістеріне байланысты дәстүрлі өнері
өркендеп, тәрбиелік – жаңартушылық мүмкіндіктері сақталып тұрса;
- жалпы білім беретін өнер, музыка қазақ мектептерінің музыка
тәрбиесінде және сыныптан тыс тәрбиелерін, баланың ой - өрісін
дамыту, танымдық және шығармашылық қажеттіліктеріне дарыса артар
еді.
Зерттеудің міндеттері :
- музыка зерттеушілер мен жинақтаушылардың еңбектері арқылы жас
жеткіншектердің ой өрісін дамытуға ең құнды да маңызды тәрбие
жолдарын таңдап алу;
- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыту жүйесін талдап, музыка
өнеріне деген, ішінде тәрбиеші музыкасының негізгі бір саласы-
сыныптан тыс жолдары уағыздап, оның құнды тәрбиелік мәнін
ашу секілді мұғалімге қойылатын талаптарды өсіру;
- музыка және оның ішінде баланың ой өрісінің музыкалық тәрбие
жұмыстары арқылы мектеп оқушыларына тәрбие берудің ғылыми-
теориялық негіздерін анықтау;
- дүние жүзіндегі музыкалық тәрбие және халықтық ой- сана датыу
тәжірибелерін уағыздап, оларды сұрыптап, оған нақты ғылыми-
тәжірибелік анықтама беру;
- зерттеу жұмыстарының қортынды нәтижесін шығарып, мектеп қабырғасындағы
тәрбие тұғыры үлгілеріндегі ерекше танымдық – сапалық,
тәрбиелік маңызын аша отырып, ғылыми- әдістемелік ұсыныстар
беру.
- Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : жалпы ғылым,
философия, музыкатану, музыкалы- психологиялық концепциялар,
музыкалық фольклор, музыкалық тәрбие, соның ішінде өнер мен
мәдениеттің адамның ой - өрісін қалыптастырудағы тиімдә
әрекеттерді уағыздап, біртұтас жүйелі ұйымдастыру қағидаларын
қарастыру;
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша философиялық, музыкалы-
педагогикалық, музыкалық фольклорлық әдебиеттерге, тәрбие
бағдарламаларына адами өмір тәжірибелеріне музыкалық тәрбие, үгіт –
нгасихаттарына ұстанымдарына талдау жасау, мектептің оқу- тәрбие
бағыттарын байқау, оларды сараптау, эксперимент жұмыстарының
нәтижелерін бағалау, оларға өзіндік көз қарас пен тұжырымдама жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы :
- музыка тәрбиесіне жасалған әдістер, жалпы әлемдегі ұлттық мәдени
ұстаным, музыкалық фольклор, ұлттық тәрбие тұрғысын талдау арқылы
ой өрісін қалыптастыру жағдайында ғылыми- педагогикалық ұстанымдар
анықталады;
- республика, әлемдегі ұлттық тәрбие, музыкалық тәрбие арқылы
жастарды адамгершілікке тәрбиелеу ұстанымы негізге алынады;
- Қазақстанда осы ұлттық, музыкалық тәрбие көздерін уағыздай
отырып, жаңаша ұлттық мектептерге тәрбие жұмыстары жасалғаны
анықталады.
- жалпы әлемдегі, мемлекеттердегі жалпы халықтық тәрбие негіздері,
оны қолданудың тәсіл- амалдар түрі беріледі;
- Қазақтың музыкалық салт - дәстүрлері және оның заманауи
жағдайлардағы ой өрісін кеңейтуге болатын іс - әрекеттері сөзге
тиек болады.
Зерттеудің практикалық маңызы:
- бұл жұмыстың зерттеу нәтижелерін тұжырымдай отырып, жалпы білім
беретін мектептердің музыкалық тәрбие жұмыстары нәтижелеріне сараптама
беруге болады;
- заман талабына сай музыкалық тәрбие бағдарламасын жас жеткіншектердің
ой өрісін дамытуға септігін тигізеді;
- ұлттық құндылықтарды сақтап, уағыздауды оқытудың әдіс- тәсілдерін
үнемі жетілдіре отырып, инновациялық педагогикалық технологияны
меңгеруге болады;
- мектеп оқушыларын жаңа тұрғыда қазақ музыкалық мәдениетімен жас
ұрпақты ұлтжанды жан етіп тәрбиелеуге және жаңаша оқытудың
теориялық тұжырымдары мен әдістемелер түрлерін мұғалімдердің білімін
жетілдіру курстарына енгізуге тиімді.
Зерттеу базасы : Тәжірибелік- эксперимент жұмыстары Жамбыл
облысы, Жамбыл ауданы, Аса аудан орталығындағы Б.Момышұлы атындығы
мектебінде практикалық тәжірибе кезінде жүргізілді.
Зерттеу кезеңдері :
1 кезеңде 2011, қыркүйек- желтоқсан айлары зерттеу мәселесі бойынша
педагогикалық , музыкалық, тарихи- анықтамалық, әдістемелік әдебиеттер мен
материалдарға шолу, талдау жасалды, мектептегі мемлекеттік педагогикалық
тәжірибе кезеңінде эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілді.
2 кезең 2012 қаңтар- мамыр айлары зерттеу тақырыбына байланысты
материалдар қайта өңделіп, жұмыстың негізгі бөлімі, кіріспе, қортынды
дайындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы :
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, үш тараудан,
эксперименттік жұмыс нәтижелерінен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден
тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмыстарының көкейтестілігі, обьектісі,
пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық
маңызы, практикалық маңызы, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылады.
Негізгі бөлімнің бірінші тарауында музыка өнері және
өткен ғасырлардағы жалпы музыканың өрбу бағыттары, ойлау туралы
жалпы ұғым, ойлау тәсілдері, форма, түсіну, ойлау саласындағы дара
айырмашылықтар, ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы және
оқушылардың ақыл, ой өрісін - дамыту тәрбиесі туралы теориялық
анықтамалар берілді.
Бөлімнің екінші тарауында мектеп оқушыларымен ойын сабақ –
тәсілдері арқылы оқушылардың түлғалық ерекшеліктерін ашу, мектептің
сыныптан тыс ұжымдық тәрбие арқылы оқушының ой - өрісін қалыптастыру
жолдарын өнер және қазақ мектептерінде қолдану жайлы анықталған.
Қорытындысында дипломдағы музыка өнері жайлы, оның жас ұрпақты
тәрбиелеуге өзіндік ықпалы , оқушылардың ой – санасының дамып,
қалыптасуына қоршаған ортаның, мектеп тәрбиесінің дұрыс жоспарлануы,
оқыту мен тәрбие барысында музыка өнері арқылы ақыл – ой мен
эмоция, түйсіну, сезіну қасиеттерін қалыптастырып, музыкамен
тәрбиелеу тәжірибелерін жинақтай келе, әр түрлі тәрбие ұстанымдардын
қазіргі өнер және жалпы білім беретін қазақ мектептертің оқыту –
тәрбие беру талаптарына, ұлттық мәдениет, дәстүрлер арқылы
қарастырады.

1.МУЗЫКА ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТҰҒЫРЛАРЫ
1.1. Музыка және қазақ халқы, өзге де халықтардың адам

тәрбиесі үйлесімділігінің теориясы мен практикасы.

Қазақтың данышпан ақыны Абай өзінің бір шығармасында ән немесе
өлең, өмірде бос жүрмей өнер үйреніп, ойлы да саналы адами өмір
сүру керектігін, ойласаңшы! деп ой тастау жайында былай деп
жырға қосқан екен:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең!

Музыка адамның сезімдеріне жол ашады, қоршаған адамдарды
түсінуге, адамның жер бетінде не үшін өмір сүретіндігін, өмірінің
мәнін бағамдауға итермелейді, ол - табиғаттың сұлулығына, адамның жан
дүниесіне көңіл аудара білуге көмектеседі, кеудеңдегі ауыртпалықтан
арылтады, қандай да болмасын жан жарасын жазады. Адамның қиялына
қанат бітіп, бақыт сезіміне бөлейді, адамның жан дүниесін
сауықтырады, рухани әлемін байытады,
Музыка адам баласының көңіл күйін қалыпқа келтіретін, өзінің
ішкі жан дүниесін тазартуға сенімді серігі еткендігі бәрімізге мәлім.
Сондықтан да халықтың ертеден ән, өлең, күй өнерін ежелден құрметтеп,
жадына жақын ұстаған. Көңілінде жүрген көңіл таразысын ән-күйіне жүктеп,
баласына деген аналардың жылы лебізді әндерінен бесік жырлары, ғашығына
арнаған ән - күйлерінен бақыт лебізді сұлу туындылар туған. Отанына арнаған
ән-өлеңдерден шабытты шаттық, жігерлі, тек алға шақыратын шадыманды
шығармалар келді.
Ертеректе ән салып, күй тартпаған қазақ баласы болмаған. Қазақ даласы
қаншалықты кең болса, қазақ баласының да әншілік диапазоны мол болған
деседі бабаларымыз. Ертедегі Европа халықтары секілді музыкалық
сауатқа оқымаса да Біржан Сал, Жаяу Мұса, Мұхит сынды өнері асқан ата-
бабаларымыздың асқақтата салған ән туындылыры мен күйлерінің өзі осы
ойымызды айқындай түседі. Сондай – ақ ұлы ғұламалар музыка өнерін ұғына
келе оның адам баласына тигізер әсерін ерекше бағалап, оған өзіндік баға
берген. Ұлы Абай Ән, өлең - өмірімнің мәңгі серігі десе, орыс халқының
ұлы компазиторы М.И.Глинка Музыка-менің жан дүнием деген, ал немістің
атақты компазиторы Р.Шуман Музыка-сезімнің стенографиясы, Л.В.Бетховен
Жүректен-жүрекке деген екен. [2]
Жас ұрпақ тәрбиесі ерте заманның өзінде ел зиялыларын
ойландырған. Олар тәрбие мәселесіне арнап көптеген құнды материалдарды
кейінгші ұрпаққа өсиет етіп қалдырды. Мәселен, көне грек математигі,
философы Пифагор Музыкасыз адам эстетикалық ләззәт ала алмайды,
музыкасыз өмір т олық мағналы болмайды деген. Сондай ақ адам баласының
даму процесін жан- жақты зерттеп жан мен тән мәселесіне өз дәрежесінде
шешуге ұмтылған Сокарт, Платон Аристотельдер Жаман қылықтарды адам баласы
көбінесе білместіктен жасайды, себебі адам дүниеге келген мезетте өте
момақан болып т уылады деген ойды айтып, адам міндетті түрде білім
алып, жетілу қажеттігін пайымдайды. Әбу Насыр Әл Фарабидің Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие беру керек, өйткені тәрбиесіз берілген білім
адамзаттыңқас дауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі деп
ескертуі әбден орынды. [3]
Тарихта тұңыш рет көне Гректер гармониялық және жан жақты тәрбие
принципіе құрылған тәрбие теориясын жасаған. Бұл принциптер Платон мен
Аристотельсаяси этикалық трактатында дамыды. Афина білім беру жүйесіндегі
мектептердің мақсаты жастардың жаны мен тән күштерінің гармониялық дамуына
бағытталды. Адамды жан- жақты және гармониялық даму көнегек өнерлерінің
негізгі тақырыбы. Әзіл ысқақ атасы Аристофан, мемлекеттің таңдамалы
азаматтарын ерекшелендіре отырып, халық басында музыкалық білімді
мусические музыка, хормен және палестрах тәрбиеленген адам ғана
болуы тиіс деген. Ал музыкалық білімді дегеніміз не? мусикемуза
өнері деген сөз нені түсіндіреді? Ол - әдебиет, ғылым, өнер салаларын
музаға жатқызған. Гректер мусикалық білімге ерекше көңіл бөлгені
батырлардың ерліктерін паш етіп, ұлы адамдардың ақыл-кеңестерімен этикалық
қасиеттерін дарытқамен ғана емес, сондай ақ музыкалық ырғақ мен гармония:
қимылының икемділігі, ой,түйсігінің түзулігі, әрекеттеріндегі белсенді
эмоциясы.
Платон музыкалық аспаптарды ойнау орталарын да үлкен талғампаздық пен
қараған: қалада лира мен кифара, ал ауылды жерлерде сыбызғы. Оларды
қолданудың дұрыс бағытына ерекше көңіл бөлуі -музыкадағы әуен, ырғақ
ригоризмінің себептері, олардың жоғары рухани және кері әсер ету
қасеттерін анықтаған. Гректер әрқашан сөз бен музыканың өзара қатынасына
көңіл аударған. Платон екі музды қарама қарсы қояды: осылардың
біреуі музыкамен тәрбиеленген адамдарды жақсартады, ал енді біреуі
бұзады.
Ал Аристотель де музыканы тәрбие құралы деп таниды, ал
Аристотельдің өзіндік ой түйіні бойынша ол адамның психикасы,
этикасы, моральдық қасиеттеріне де әсері бар екендігін айтқан. Платон
секілді , Аристотель де музыкалық аспаптар мен ладтарға да қатал
таңдаулар жасаған. Ол ладтарды этикалық (адамның моральдық қасиеттеріне
әсері), практикалық (әрекеттерге ерік беруші), және энтузиастық (
шаттандыратын) деп бөлген. Осылайша қай ғасырда болмасын музыкалық
тәрбие теориясы мен практикасы адамның өмір сүру барысында дамып,
жетілді.[4]
Сәби дүниеге келгеннен бастап, музыка өнерінің қоршауында болып дами
бастайды.Музыка арқылы баланың эмоциялық ерекше сезімі, ішкі рухани
көркемдік әлемі қалыптасады. Музыкалық тәрбие мақсаты, жүйелі түрде адамның
музыкалық мәдениетін, дағдыларын, музыканың терең мәнін, мазмұнын
түсініп қабылдай алатын тәжірибені жаңа қоғам ұрпағына жеткізетін,
адамзат дамуындағы ерекше тәрбиеге жатады. Музыкалық білім беру –
оқушыларға арнайы музыкалық жүйелі білім, дағдыларды, музыкалық іс-
әрекеттерді қалыптастыратын күрделі үрдіс. Музыкалық тәрбие жалпы білім
беретін мектептерде ән айту, музыкалық шығарма тыңдату, хор айту,
музыкалық сауат ашу, балалар музыкалық аспаптарында ойнау т.б. іс -
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңде музыка өнеріне деген сұраныс өте жоғары әсіресе
жас буынның осы өнер түрін ерекше қабылдайтынын жүргізілген зерттеу
нәтижелері дәлелдеп отыр. Бірақ олардың қандай музыка тыңдайтынына
назар аударуымыз қажет. Әрине әр тыңдаушының өзінің қалайтын музыкасы
бар, негізінен жалпыға түсінікті музыканы немесе поп –музыканы тыңдайды.
Ал классикалық, халық музыкасын тыңдау, оның ерекшеліктерін терең игере
білу жаңа заман оқушысының назарыныан тыс қалып бара жатыр. Жалпы білім
беретін музыка сабағының және музыкалық тәрбие беру үрдісінің
негізгі міндеті – оқушыға кешегі, бүгінгі және ертеңгі туған түрлі
жанрлардағы музыканы дұрыс қабылдап, үйреніп, өзін - өзі, немесе
ұстаздың тәрбие көздерін таңдап, бағыт беру болып табылады.

1.2.Ойлау туралы жалпы ұғым.
5. Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы,Білім, 1993
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек
ойлау арқылы ғана біле аламыз. Түйсік, қабылдау процестерінде
сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар
жасалады. Олар қатынастар мен байланыстарын толығымен ашып бере
алмайды. Ал адамның ой - өрісі әсіресе түрлі мәселелерді бір –
біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз
арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен
қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір
ойлау деген болмайды. Ойлау - сезім мүшелері арқылы алынған
мәліметтерді өңдейді. Елестерде таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда
төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Адамдар бір –
біріне дауыстап сөйлеп пікірін білдіреді. Ал ой толық сөз кезінде
ғана айқындалып, дәлелдене түседі. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің
ең жоғарғы формасы, ал сөз – ойды басқа ададмдарға жеткізетін
құрал.
Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқылы адамдар өздерінен бұрын өмір
сүрген ата – бабаларымыздың жинаған тәжірибе мен білмді сақтап қала
алды және ойды өмір сүру барысында одан әрі жақсатрту
мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрып ақ ойлай алады. Сәби айналасындағы
дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі.
Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа
түскендн ғана оның ойлау шеңбері кеңейе түседі.
Сөз бен ойлаудың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында
үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана бірінің білмегенін
екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түсті.
Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын ерте
кездің өзінде ақ байқаған. Оған қазақ халқының Ішімдегінің бәрі
тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде деген мақалы адамның басындағы
ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психикасын
байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Осылайша, ойдың
дамуы аадмның нақтылы іс - әрекетіне байланысты болуымен қатар, оның
сөйлей білу мәдениетін меңгеруімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек
адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады.
Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі
мазмұны, қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Неғұрлым қоғам
ілгері дамып ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда
болып, қалыптасады, ал бұрынғылар ескіріп отырады. Мысалы, бұрын
атом бөлінбейді деп келсе, енді қазіргі ғ,ыыылым атом ядросын
сансыз бөлшектерге бөліп отыр.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын,
оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен
байланысқан сан – салалы түрері пайда болды. Адамдар өз ойлауларының
ақиқаттығын, шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын
практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Осылайша ойлау амалдары мен
логикалық операциялар, оларды орындаудың ережелері мен жүйесінің
пайда болуы – адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының
нәтижесі болып табылады.
Ойлаудың заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталау мен
тәжірибеде оның бірнеше тексерілулерінң нәтижесінде адам санасында
бекіп, зор шындыққа айналып отыр.
Ойлау – адамның сыртқы дүниемен қарым – қатынас жасау
нәтижесінде туындап отыр. Адам ойлауының мазмұнын билейтін –
обьективтік шындық, ол адамның алдына мақсат қойып, оны шешуге
ұмтылдыратын - оның қажеттілігі.
Соған қарамастан, ойлау - өзіндік ішкі қарама – қарсы
қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асыруының
қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа,
белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Белгісіз,
түсініксіз нәрсені білуге деген ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап
іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді, ал ойлау болса
– сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, огның мән – мағнасын
түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, Сырдария арал теңізіне
құяды деген сөйлемде ой туғызатындай түрткі жоқ. Бұл жерде
біреулерден естіген, немесе көріп келген мағлұматтарды жәй ғана
қайталау болып тұр. Ал құбылысты немесе заттарды тұспалдап айтатын
жұмбақтардан, айтыс өнерінен – ой өрісінің небір керемет көріністерін
байқауға болады.
Адам әрқашан алдына мақсат – міндеттер қоя білуі қажет. Өмір
тәжірибесі мен білімі жеткілікті адам алда тұрған міндеттерді тез
байқайды да, оған мәселе қоя біледі, ой өрісінің бағытын байқайды.
Осыдан барып қойған мәселені шешу, ойлаудың негізгі кезеңі
басталады. Бұл адам психолгиясында ерекше әсер ететін өзекті, аса
маңызды кезең болып табылады. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын
кездері де болады. Бұл адамдарды шындықтағы құбылыстар жөнінде
қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық
тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар
біртіндеп, түзетіліп отырлады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда
ойлауда қателесу жағдайы болады. Дегенімен, ойлау құбылыстарынынң
мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірден қарастырып, тереңірек
біліп отыратындықтапн, қабылдау мен елестетуге қарағанда әлде қайда
жоғары болады. Сөйтіп, ойлау – сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең
жоғарғы формасы болып табылады.
Заман келе – келе ғылыми – техникалық прогресс ойлайтын
машиналарды дүниеге келтірді. Қазіргі заманымыздағы есептегіш
машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те ататйды) өз жұмысының
нәтижесін бағалай алады, жоспарлаған жұмыстарды үйрене де, оны
жақсартуға да шамасы келеді. Қазір машиналар тексті бір тілден
екінші тілге де аудара алады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне,
яғни кодқа айналдырады. Ондай машиналар дойбы, шахмат та
ойнайды. Олар адамды ұтым кетуі де жаңалық емес, дегенімен оқып
үйрену қабілеті жөнінен адамнан машина аса алмайды. Машинаға
қарағанда адамның оқып, үйренуі әлдеқайда жеңіл және жылдам.
Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған жоспар беретін – адам. Ол
үшін адамға мол білім қажет. Машинадан ақыл үйренуге болмайды.
Машинаның құндылығы – адамның оны дұрыс пайдалана білуінде. Ол үшін:
1. Адам өзінің ойлауын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс;
2. Машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне септігін
тигізеді;
3. Адамның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды;
4. Адам – машинаға тәуелді болып қалмау.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Бұл жерде логика мен
психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс –
тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология
мынаны қарастырады:
• түрлі жас мөлшеріндегілердің адам ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолдары;
• жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырады.
Ал логика болса:
• бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын

айқындайды;
• адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын: - ұғым, пікір,

дәлел, - ой формаларының табиғатын зерттейді.
Осылайша бұл екеуі бірін – бірі толықтырып, ой мәдениетінің
арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және
екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі.
Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік – синтездік
қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша нерв
байланыстары жетекші роль атқарады. Бірінші сигнал жүйесіндегі
реакциялар нақты құбылыстарға байланысты туса, онда екінші сигнал
жүйесі оларды жалпылай жайғап отырады.

Ойлау тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерімен байланысты.
Ойлау түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтез жаңа мазмұнға ие
болған түрі. Анализ дегеніміз – ой арқылы түрлі заттар мен
құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлектерге бөлу .Синтезде – ой
арқылы құбылыстың барлық элементтербіріктіріледі. Анализ бен синтез
бір – бірімен тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс.
Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл – анализ (талдау)
болады да, ал оны тәртіппен құрастырсақ, - синтез (топтастыру)
болады. Осы анализ бен синтез негізінде салыстыру деп аталатын ой
операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық және
айырмашылық қасиеттері айқындалады. Ойлау операциясының күрделі түрі
– абстракция мен жалпылау.
Абстракция дегеніміз – шындықтағы заттар мен құбылыстарды
жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерімен ойша
бөліп алуды атаймыз. Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың
ортақ қасиеті ретінде ақшыл деген сөзді алсақ, бұл абстракциялық
ұғымға жатады.
Абстракциялға қарама – қарсы процесті нақтылау деп ататймыз. Ал,
нақтылау – жеке ұғымсдарм ен түсіндіру, жеке заттар мен нәрселер
туралы ой.Нақтылау абстракцияға қарағанда ұғымды көрнекті етіп
түсіндіруге мүмкіндік береді. Жеке мысалдар, көрнекті құрал –
нақтылаудың формалары.
Жалпылау дегеніміз – бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ
қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние
заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді. Мысалы,
алма, өрік, алмұрт, мейіз т.б. ұқсас белгілері жиналып, жеміс
деген ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі
принцип бойынша орналастыруды – жүйелеу (систематизация), ал
жүйелеудің жоғары түрі – классификация. Мәселен, жануарлар – типке,
типтен – класқа, кластан – отрядқа, отрядтан – отбасыға, отбасыдан –
текке, тектен – түрге т.б. болып жүйеленеді.
Ойлау формалары
Ойлау - ой операциясымен қатар, ой формаларынан да тұрады.
Ойдың бастапқы формасы болып – ұғым тұрады.
Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар
арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Адамның
ұғымы мәңгі қозғалып түрады. Бірі екіншісіне құйылып отырады,
мұнсыз олар нағыз өмірді көрсетпейді. Ұғым дара және жалпы болып
бөлінеді. Мәселен, Тараз, А.Әшімов дара ұғым болса, ал адам,
жұлдыз жалпы ұғым. Ұғым болу үшін ойлау тәсілін меңгере білу
керек. Ұғым заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың
бір – бірімен байланыстары мен қарым – қатынастары бейнеленіп отырады.
Мәселен, жоғары – төмен, жақын – алыс секілді нақтылы заттардың өзара
байланысын оқушы қиналмай ұғады.
Пікір – бір зат туралы мақұлдау немесе оны бекерге
шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мысалы, Асан бүгін неге
сабаққа келмей қалды ? деп мұғалім кезекшіден сұрайтын болса, ,
ауырып қалды деп біреуі жауап береді. Ал енді біреулері жорамал
пікір айтуға тырысады. Бірақ олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды
мақсат етпейді. Төртінші сыныптан бастап өз пікірлерін жан – жақты
дәлелдей алады.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындылары.
Ой қорытындылары дегеніміз – бірнреше пікірлерден жаңа бір пікір
шығару тәсілі. Қорытынды пікір шығару үшін оны белгілі тәртіпке
бір – бірімен байланыстыруымыз керек. Қатар тұрған кездейсоқ
пікірлерден қорытынды шықпайды.
Ой қорытындысы үшке бөлінеді:
1. Дедукциялық;
2. Индукциялық;
3. Аналогиялық болып.
Дедукциялық дегеніміз – жалпыдан жекеге қарай жұретін ой
қорытындысы. Мәселен, біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде
тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, онда,
балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындығы
келеміз.
Индукция – жалпыдан жекеге қарай жасалатын ой қорытындысы. Оған
мысал, оттегі болмаған ауада өсімдік, жануарлар, адамдар да
тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылама – оттегі
жоқ ауада барлық тірі организмдер тіршілік етет алмайды! деген
қорытындыға келеміз.
Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой
қорытындысының осы түріне сүйенді.
Түсіну – ойлаудың негізгі белгісі
Түсіну арқылы ғана біз айналамыздағы заттардың себеп – салдарлы
байланыстарын, бір – біріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын
ажыратамыз. Түсінудің басы – заттар мен құбылыстарды көріп, білуден
басталады және күрделі ой жұмысын қажет етеді. Бұл не нәрсе?
деп сұрау, түсінудің қарапайым формасы.
Ал түсіну сөз арқылы берілетіндіктен, түрлі формаларда
тұжырымдалады. Оның түрлі болып келуі аадамның алдына қойған
мақсатына, жеке психологиялық ерекшеліктеріне, солд адамның сөзі мен
ісіне байланысты. Бір нәрсені дұрыс түсінгендіктің көрінісі – сол
материалды өз сөзімен түсіндіріп айтып, іс жүзінде орындапе көрсету
болып атбылады.
Түсінк екіге бөлінеді:
1. Тікелей түсіну;
2. Жанама түсіну.
Тікелей түсіну – ол қабылдау, яғни өзімізге жақсы таныс сөз,
сөйлемдер, құбылыстар, адамдардың қылықтары т.б.
Жанама түсіну – ой операциясын қажет ететін белгісіз нәрсені анық,
айқын етіп бейнелеуде бірнеше ой түйіндерін талап ететін процесс.
Жанама түсіну - жаңак затты, құбылысты белгілі ұғымға жанастыра
барып түсіну деген сөз.
Ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне
білу деген сөз. Түсіну үшін оны алдымен жан – жағынан жақсылап
қабылдап алу қажет. Бір нәрсенің мәнін түсіну үшін жәй тану
жеткіліксіз, оған қосма, оның себебін, яғнинеліктен осылай болып
тұрғанын білу керек.
Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
Ойлауына тән адам жалпы заңдылықтар болганымен, әр жеке
адамның ойлауда ерекшеліктері дара болады. Әрбір адам бір – бірінен
саналарымен ажыратылады:
• ойының кеңдігі немесе тарлығы;
• орамдылығы немесе ұшқырлығы;
• дербестігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы.
Ой өрісінің кеңдігіне – еркін ойлайды, мәселені түрлі әдістермен
шешеді. Мақала Ой ойласаң тең ойла, тең ойласаң кең ойла
Ой өрісі тарлығы - мәселе шешеуге шорқақ, ойға шабан, батылсыз,
ой әрекетін іске асыра алмайтын енжар адам.
Ойдың ұшқырлығы – ойы сергек және белсенді, асып, саспайды және
жағдаймен санасады.
Ойдың асығыстық түрі – ауырдың үстімен, жекілдің астымен, дайын
тұжырымға жармасқыш, мәселені үстірт шешуге бейім.
Ойсыз өмір кешетіндерге Абай былай деген:
Басында ми жоқ, өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды,
Әдеті надан адамның. [5]
Ақылды адам - қателеспейтін адам емес, ондай адам болмайды,
болуы да мүмкін емес, ол адам пәлендей мәнді емес қателер
жіберіп, ол қателерді оңай, тез түзете білетін адамды айтамыз, -
деген екен В.И.Ленин. [6]
Ойлаудың дамуы мен оны қалыптастыру
Ойлау баланың сыртқы ортамен белсенді қарым – қатынас жасауының
нәтижесінде, өмір тәжірибесімен қосақталып дамып отырады. Тілдің
шығуы бала ойлауының елеулі кезеңі болып табылады. Мектепке дейін
ойлау бейнелі болып келеді. Мектептегі оқу процесі баланың ойлауын
шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамытуға мұғалім тиісті жұмыс
жүргізіп отыруы тиіс:
1. Балалардың белгілі ережелер жәнінде өз бетінше қортынды жасай
алуға үйрету үшін мұғалім сабақта эвристикалық (гр –
табамын)әдісті жиі пайдаланып отыруы тиіс. Оқу материалдарының
жас ерекшеліктеріне, оқу қабілетіне сай келсе.
2. Сөйлеу қабілетін дамыту – баланың ойлануына әсері тиеді;
3. Ойлау – қабылдау мен елесетердің негізінде жасалады.
4. Ойланып оқуға оқушыны бағыттап отыру.
5. Оқушыларды өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс –
бұрыстығын тексеріп, оны түрлі жолдармен шешуге бағыттап оытру
(есептер шығару, мысалдар құрастыру, шығармалар жаздыру);
6. Ойлауды тәрбиелеу – бала психологиясын жан – жақты дамытумен
тығыз ұштастыру. Білуге құмарлығын, тануға қызығулары,
көзқарас, сенімін тәрбиелеу.

Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы

Адамның өз өмір – тіршілігі мен күнделікті іс - әрекетінде әр
алуан мәселелердішешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен
күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған
ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған
нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр –
сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының
құпиясын тереңірек білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз.
Міне, осындай мақсат – мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс
- әрекетінде заттар мен құбылыстардың белгісіз қасиеттерін,
ерекшеліктерін кездестіріп отырады, өзінің бұрынғы тәжірибесі мен
білімінің, шама – шарқының жеткіліксіздігін ааңғарады, өйткені әлем
сексіз, соған орай дүниені танып білу де шексіз. Адамның ойы сол
шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын білуге бағытталады.
Әрбір адам ойланып, толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын
ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу материалының мәнін
түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық ашқандай
болып көрінеді.
Сонымен, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен
тығыз байланысты психикалық прогресс, сол арқылы болмыстың,
дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену
адам ойының талдау мен біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір
сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама
жолымен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның
өмір тәжірибесі мен практиикалық іс - әрекеттері нәтижесінде пайда
болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Ойлау процесінің психологиялық және логикалық астарлары
Адамның дүниетанымы қоғамдық – тарихи даму нәтижесінде
өрістейді. Ол табиғатқа әсер етіп, қоғамды өзінің белсенді
әрекетімен байытады. Сөйтіп, адамзаттың ғылыми білімі дамып, белгілі
бір жүйеге түседі. Басқаша айтқанда, танып білу процесінде тіл
арқылы жинақталып қорытылған білімі мен оның нәтижелері жүйеленіп,
ғылым салаларына бөліеді. Мысалы: физика, химия, биология, тарих,
социология, психология т.б. Танымдық процестердің осы тарихи дамуы
және олардың ғылым жүйелеріне жіктеліп бөлінуі дүниетану теориясын
немесе гносеологияны құрайды. Гносеология – философия мен логиканың
дүниетану теориясын құрайтын құрамдас бөлігі, танып білудің
теориялық негізі.
Таным теориясы – гносеология – философиялық пән. Ол дүниетанудың
жалпы заңдылықтарын зерттейді. Адамзат тарихының дамуында қалыптасқан
болмыс, материя, сана, сан, тартылыс тәрізді басқа да
үғымы кең категорияларды қарастырады. Осындай таным теолриясы мен
философиялық принциптерге негізделетін ойлау процесі өзара байланысты
және бір – бірін толықтырып оытратын жеке ғылыми пәндер – формальдық
логика мен психология арқылы да зерттеледі.
Логика ғылымы – ойлаудың фолрмаларының, ұғымдар мен пікірлерді,
ой қорытындыларын және ойлау заңдарын зерттейді.
Ұғым – болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәнді және
өзіндік белгі – қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. Мысалы, адам
деген ұғымның мәні оның өндіріс құралдарын жасап шығаратын
қабілеті бар, дыбысты тіл арқылы сөйлейтін ақыл иесі екендігін
білдіреді. Ал емтижан деген ұғымның мәнісі – білімгерлердің білім
деңгейін анықтап, олардың дәрежесін тиісті белгілермен анықтайтын
оқу процесі. Ұғымдардың мазмұны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда
нәрсе мен оның қасиет – белгілері арасындағы байланыстар ашып
көрсетіледі. Мысалы, металдарды қыздырса, олардың көлемі ұлғаяды.
Біз пікірдің формуласын – S дегеніміз P, не S дегеніміз P емес
деп жазып көрсетеміз. Пікірлер сапаларына қарай:
а) қостаушы;
ә) терістеуші - болады.
Мәселен, Жер Күнді айналады - S дегеніміз P; Су металл емес -
S дегеніміз P емес. Пікірлер:
а) ақиқат;
ә) жалған - болып келеді.
Астана – Қазақстанның астанасы (S дегеніміз P). Пікірлер сан
жөнінен жалпы, ішінара, дара болып келеді. Сапа мен сан жағынан
біріктіріп, оларды мынадай таңбалармен белгілейміз: А, Е, І
О.Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады:
а) Тікелей қабылдау арқылы құралатын пікірлер. Мысалы, Мына бала
сабақты нашар даярлады.
ә) Жанама жолмен ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалған
пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге
сүйене отырып, түрлі – түрлі болып келеді.
Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен
пікірлер байланысынан жаңа пікірлер аламыз не ой ой қортындысын
шығарамыз. Мәселен, үлкен алғы шарт: Барлық металлдар электр тоғын
өткізеді; кіші алғы шарт: ой қорытындыларының мынадай үш түрін
ажыратамыз:
1. Дедукциялық ой қорытындысы. Оған металдардың электр тоғын
өткізетіні туралы жоғарыдағы мысаладр келтіруге болады.
Дедукция - латын сөзі, оның қазақша мағынасы – шығару. Ой
қорытындысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан
жеке, дара жағдайға қарай өрбиді.
2. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытындысының жекеден жалпыға
қарай дамып отыратын түрі.
Мысалы, Астанада өткен жетіде:
а) Дүйсенбі күні ауаның теппературасы 20.С – тан асқан жоқ;
ә) Сенбі, сәрсенбі күндері де солай болды;
б) Жұма, сенбі күндері 18 – 19. С ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Ислам діні және Қазақстан мәдениеті
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Құзыреттілік теориясы
ИСЛАМНЫҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДИНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ
Қазақ халқының ислам дініне дейінгі діни сенім - нанымдарының зерттелу тарихы
Қарым - қатынас мәдениеті арқылы оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру
Қазақ жеріндегі исламның таралуы. туралы ақпарат
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Үйірме жұмыстарына гипстен музыкалық аспаптар жасау әдістемесі
Пәндер